Мәселелері


ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру



бет3/4
Дата08.01.2017
өлшемі0,93 Mb.
#6476
1   2   3   4

ІІ бөлім. Бастауыш сынып оқушыларының патриоттық сезімдерін педагогикалық процестер арқылы қалыптастыру.
2.1.Сынып сабақтарында бастауыш сынып оқушысының патриоттық сезімдерін тәрбиелеудегі негізгі бағыт бағдарлылық.
Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың әдістерінің түрлері сан алуан. Жалпы айтқанда, оқыту әдісі дидактиканың негізгі бір құрамды бөлігі болып табылады.

Кез келген педагогикалық оқулықты талдасақ, онда оқыту әдісі ұғымына сан алуан анықтама берген. Мәселен, Ж. Әбиев, С. Бабаев, А.Құдиярова: «Оқыту әдістері – оқытудың мақсаты – міндеттеріне сай оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушылардың қолданатын амал – тәсілдері мен құралдарының жиынтығы болып табылады» - дейді. Ал, Ресей профессоры П. И. Пидкасистый: «Оқыту әдістері - диадактикалық міндеттерді шешуге бағытталған мұғалім мен оқушының бірлескен іс-әрекеті, - деген анықтама береді. Педагог ғалымдардың оқыту әдістеріне берген анықтамаларын саралай отырып, оқыту әдістері дегеніміз оқыту процесінде мұғаліммен оқушының белгілі бір мақсатқа жетуге бағытталған бірлескен іс - әрекеті деген анықтамаға қосыламын.

Бастауыш сынып оқушыларына көркем шығарма арқылы патриоттық сезімін тәрбиелеуде осы аталған дәстүрлі оқыту әдістерінен басқа проблемалық әдіс пайдаланудың маңызы ерекше. Сонымен қоса, оқу – тәрбие үрдісінде бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқытудың формалары мен түрлерінің әсері айрықша. Көркем шығарма әдебиет үлгілерін пайдалану нәтижелі болу үшін мұғалім оқытудың формаларын (сабақ, үй тапсырмасы, сыныптан тыс жұмыстар, факультатив сабақтар т.б.) түрлендіріп алмастырып отырады.

Көркем шығарма мазмұны оқушыларға проблемалық оқыту (тақырыпқа сай оқушы алдына проблема туғызу), дәсүрлі оқыту (сыныптық – сабақтық жүйе), бағдарламалық (берілген оқу материалы бөліктерге бөлініп, оқушыларға олардың жас және дербес ерекшеліктеріне сай беріледі), дамыта оқыту (мүмкіндік деңгейдегі қиын тапсырмалар беру) арқылы меңгертіледі.

Көркем шығарма арқылы бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде оқу – тәрбие үрдісінде дамыта оқытуды жүзеге асырудың маңызы ерекше. Дамыта оқыту технологиясын қазіргі уақытта жаңа технологиялардың бірі деп келеді. Дамыта оқытудың негізін Ян Амос Коменский өзінің ХҮІІ ғасырда «Ұлы дидактикасында» айтып, талдап берген. Содан кейін орыс ғалымдары К. Д. Уминский Л. С. Выготский еңбектерінде қарастырылып, 1969 жылдары Ресей ғалымдары: Л. В. Занков, Д. Б. Эльконин, В. В. Давыдов көтерді. Д. Эльконин мен В. В. Давыдовтың зерттеулері оқушыны «субъекті» ретінде тануға бағытталады. Бастауыш сыныптарда ана – тілі сабағында дамыта оқытуды жүзеге асырудың бағыттарын С. Рахметова, Б. Қабатай, Ә.Әмірованың жіктеуін қосымшадағы № кестеден көруге болады.

Дамыта оқытуды жүзеге асырудың аталған бағыттарына жеке – жеке тоқталып, оны бастауыш сынып оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мұғалім жұмыс жүргізу барысында басшылыққа алады.

Деңгейлік тапсырмалар арқылы оқыту төрт деңгейді көздейді: міндетті деңгей, алгоритмдік деңгей, эвристикалық деңгей және шығармашылық деңгейі. Бірінші, міндетті деңгей тапсырмалары:


  • шығарманы қабылдауға, түсінуге, ұғынуға бағытталады;

  • жаттап алуға лайықты келеді.

Екінші, алгоритмдік деңгейдегі тапсырмаларға оқып отырған шығарманы реттеуге және жүйелеуге берілген сұрақтар жатады. Үшінші, эвристикалық деңгейдің тапсырмалары оқушы пәннен алған білімдерін тиісті жерде қолдана алуға бағыттайды. Төртінші деңгей, шығармашылықтың тапсырмалары оқушыны өзіндік әрекет жасауға бағыттайды. Бала шығармашылықпен айналысады. Мұнда оқушының қиялының орны ерекше. Оқушы шығармашылығының түрлеріне өлең құрастыру, әңгіме құрастыру, мысалдарды, ертегілерді сахналау жатады.

Ойын арқылы оқытуда оқу үрдісінде ойын қолданылады. Педагогикалық энциклопедияда: ойын әрекеті – баланың барлық нышандарының дамуына мүмкіндік тудыратын өзіндік ерекшелігі бар интеллектуалдық мектеп делінген. Бастауыш мектепте ойынның маңызы ерекше. Оның себебі мектепке дейінгі кезеңде баланың негізгі әркеті ойын, мектепке келгеннен кейін балаға бірден оқу әрекетіне көшу қиыл болғандықтан ойын арқылы біртіндеп оқу әрекетіне төселдіреміз. Ойын сабақтың кез келген кезеңінде тақырыпқа сай қолданылады. Көркем шығарманы пайдалануға байланысты ойынға түрлі санамақтарды, сұрамақтарды, қаламақтарды, айтыс ойындарды жатқызуға болады. Олар балалардың сөйлеу тілін жаттықтырып дамытумен қатар тәрбие мақсаттарының орындалуына да әсер етеді.

Топтық жұмыстарға бірыңғай топтық жұмыс және сараланған топтық жұмыс жатады. Бірыңғай топтық жұмыс барысында барлық топ бірдей тапсырма орындайды. Сараланған топтық жұмыстарда тапсырма топтық қабілетіне, мүмкіншілігіне, сұранысына қарай сараланады. Топтық жұмыстар көркем шығармалар кейіпкерлерін бейнелеу кезінде жүзеге асады. Топтық жұмыс барысында оқушылардың ойлау қабілетінің артуы мұғалімнің білім беру барысындағы шеберлігіне байланысты. Егер, мұғалім сабақ барысында түрлі әдіс – тәсілдерді қолданумен қатар оқушылардың оқу әрекетін түрлендіруге (оқу, жазу, әңгімелесу, сызу, тәжірибе жасау) жағдай жасай білсе, олардың ойлауы, неге бұлай? -деген сұраққа жауап іздеуіне, сол арқылы өз ойын қорытып ұғымын түйіндеуіне жағдай туады. Мысал ретінде, екінші сыныпта оқушыларға патриоттық тәрбие бағытында ұйымдастырылған сабақты қарастырып отырмыз.


  1. Cынып. Тақырыбы: Отан

Сабақтың мақсаттары: Оқушыларға Мұқағали Мақатаевтың Отан туралы өлеңін меңгерту. Осы өлең арқылы Отан ұғымын түсіндіру. Отанның әр адам үшін маңызын түсіндіру арқылы патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың ой - өрісін, сана – сезімін дамыту. Ел, өз Отанын сүю деген ұғымдардың мәнісін түсіндіру.

Сабаққа керекті құралдар: Отан туралы жазылған мақал – мәтелдер, Қазақстанның физикалық - географиялық картасы, суреттер.

Сабақ типі: аралас.

Сабақтың барысы

І. Сабақ бірден үй тапсырмасын сұраудан басталады. Себебі бұрын оқылған Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Туған жер» тақырыбын сұрау арқылы жаңа ұғым беруге көшу мүмкіндігі туады. Ассоциация құру арқылы оқушылардың туған жер туралы білетіндері анықталады.

ІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру үшін оқушылармен Отан туралы әңгімелесу. Әр оқушыдан Отан ұғымын қалай түсінетіні сұралады. Мұқағали Мақатаев туралы айтып кету М. Мақатаевтың суретін, өлеңдер жинаған оқушыларға көрсету.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. Өлеңді мәнерлеп, дауыстап оқу. Әрбір жолын оқушылармен бірлесіп талдау. Түсініксіз және жаңа сөздермен жұмыс жүргізу. Өлең мазмұнына байланысты сұрақтарға жауап беру. Өлеңді оқушыларға іштей және дауыстап оқыту.

ІҮ. Дәптермен жұмыс. Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау.

Тақтада ілінген плакаттағы «Туған жер – алтын бесік» және «туған жердің күні де ыстық, түні де ыстық» деген нақыл сөздің мағынасын түсіндіру.

Туған жер туралы оқушылардың өздері білетін мақал – мәтел айтқызып, олардың мағынасын түсіндіру. Қазақстан географиялық картасынан Қазақстаннның алатын орнын көрсету арқылы Отанымыздың кең байтақ алқабы туралы көздеріне елестетіп, мақтаныш сезімін туғызу. Қазақстан жерінің бір шетінде көктем күшіне енгенде, екінші шетінде әлі қыс жататынын айтып, алуан түрлі табиғатын оқушылардың көзіне елестету.

Ү. Үйге тапсырма беру. Өлеңді жаттап келу. М. Мақатаевтың Туған жер, Отан туралы басқа өлеңдерін тауып, дәптерге жазып келу тапсырылады. Сондай – ақ осы сыныпта өтілетін «Астана», үшінші сыныпта «Туған елім - Қазақстан», «Мен елімді сүйемін», «Отан», «Бауыржан Момышұлы» т.б. тақырыптарды атауға болады. «Дарабоз», «Абылайхан», «Ол ақын болар ме еді?» - сияқты мәтіндерде оқушылар Қабанбай батырды, Абылайханды, Қайрат Рысқұлбековтың ерлік істерін сахналауда, яғни рөлге бөліп ойнағанда образға еніп, олардың ерлік істеріне еліктеуі, мақтаныш сезімін тудыруы патриоттық тәрбиенің алғы шарты деп атауға болады.

Қорыта келгенде, бастауыш сатыда ана – тілі сабағында көркем шығарма арқылы патриоттық тәрбие беруде оқытудың жаңа технологияларын пайдаланудың маңызы зор. Оқушылардың жаңа білімді ізденіспен қабылдауына мүмкіндік туғызып, белсенді іс - әрекетке баулитын мұндай технологиялар оқушылардың санасын, ұлттық рухан көтеруге ықпал етеді.

Төртінші сынып.

Отан сүйер ұлан бол!

Сабақтың мақсаты. 1. Білімділік: Ұлы Отан соғысы жылдарындағы батырларымыз - Б. Момышұлы, Ә. Молдағұлова, М. Мәметовалардың өмірімен және ерліктерімен таныстыру. 2. Тәрбиелік: жас ұрпақтың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру; бейбітшілікті сақтау мен нығайтуға, өз Отанын қорғауға ұрпақтар өсиетіне адал болуға тәрбиелеу. 3. Дамытушылық: оқушылардың сөздік қорын байыта отырып,ауызша және жазбаша тілдерін дамыту. Мәтінді мазмұндауға дағдыландыру.

Пәнаралық байланыс: 1. ана тілі; 2. қазақ тілі; 3. ән-күй.

Көрнекілік: Бауыржан Момышұлы, Ілия Молдағұлова, Мәншүк Мәметованың суреттері, тірек – схема, магнитафон, компьютер, интерактивтік тақта диск.

Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі; 2. Сабақтың эпиграфы:

«Мен үш нәрседен қорқамын:

Біріншісі – баласына бесік жырын айта алмайтын анадан;

Екіншісі – бір – бірімен қазақша сөйлесе алмайтын қазақтан,

Үшіншісі – немересіне ертегі айтпайтын әжеден». (Б. Момышұлы).

Музыка ойнап тұрады. «Священная война». 1941 жылы 22 маусым күні таңғы сағат 4 – те фашистік Германия тұтқиылдан Кеңес Одағына соғыс ашты. Соғыстың алғашқы күндерінен – ақ бүкіл халық жан тәнімен өз Отанын қорғауға аттанады. Солардың арасында Бауыржан Момышұлы, Шыңғыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк те болды.

Бүгін біз Бауыржан Момышұлы, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сынды халық батырларымен танысамыз. Ол үшін топтастыру әдісі бойынша сыныпты үш топқа бөлеміз.


Отан



Жеңіс

Батыр

Оқушылар өз қалауы бойынша үш топқа бөлінеді.

Мұғалім (ой салу стратегиясы)


  • Балалар, мына әріпке көңіл бөліңіздерші, естеріңізге кімдер түседі? Әрине, Б. Момышұлы, М. Мәметова, Ә. Молдағұлова.

Мәтінмен жұмыс. Әр мәтінмен жұмыс істеудің алгоритмі: 1. топтан 1 оқушы мәтіннің мазмұнын дауыстап оқиды. 2. Топ оқушылары: Тыңдаған мәтін бойынша сұрақ құрастырып, сыныпты таныстырады. 3. Топ: Мәтіндегі негізгі ойды анықтап, қорытынды. Осылайша басқа мәтіндер талдауда топтар реті өзгертіліп отырады.

Шығыстың қос жұлдызы. Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүктің аз ғана өмірінде адам маңғалатындай ұқсастықтар көп екен. Атап айтсақ, екуі де анадан жетім қалған. Екеуі де соғысқа сұранып барған. Екеуі де батыр. Қазақстан жауынгер батыр қызы Ә.Молдағұлова Ақтөбе облысы, Қобда ауданында туған. Ата – анасынан ерте айырылып, Әлия туысқандарымен Ленинград қаласына көшіп келеді. Осындағы балалар үйінде тәрбиеленеді. 1914 жылы Әлия 15 жаста еді. 1942 жылы ол өз еркімен снайкер мектебіне оқуға түсіп, оны өте жақсы бітіріп шықты, сосын Әлия майданға кетті. Новосокольски қаласының түбіндегі болған шайқаста 1944 жылы 14 қаңтарда қаза тапқан халқының батыр қызы Әлияның есімін білмейтін адам жоқ.



Мәтін бойынша тапсырма. 1. Сан есімдерді тауып, олардың түрлерін ажырат. 2. Әлия мен Мәншүктің ұқсастықтарын айт.

«Батыр қыз» туралы Е. Естаевтың әңгімесі айтылды.



Мәтін бойынша тапсырма.

  1. Жау қайдан шабуылға шықты?

  2. Мәншүк жау әскерлеріне қарсы қандай батырлық істеді?

  3. Мәншүктің батырлығы қалай бағаланды?

Отан сүйер ұлан бол!

Мен немере сүйіп отырған адаммын. Балаларды өте жақсы көремін. Сол балалардың, бүлдіршін балғындардың бақытты болашағы үшін сұрапыл соғыста ер азабын мейлінше көрген адаммен.

Қырық жыл қырығында тірі қалғандардың, бірімін. Мен әскери адаммын. Біздің айбынды армиямыздың торқалы тойы мен үшін үлкен де ерекше қуаныш. Бұл армия Отан соғысында Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігін қорғап қалды.

Балаларыма, немере – шөберелеріме айтар жалғыз тілегім: Отанды сүйер ұлан болыңдар! Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер!



Мәтін бойынша тапсырма. 1. Мәтінді оқу. 2. Мәтінге сұрақ қою 3. Мәтіндегі негізгі ойды табу.

Мысалы қойылған сұрақтар. Қаһарман батырымыз сұрапыл соғыста не үшін соғысқан? Жауап: Балалардың, бүлдіршін, балғындардың бақытты болашағы үшін. Ол қандай адам болған? Жауап: Ол әскери адам болған. Балаларына, немере – шөберелеріне қандай тілек айтқан? Жауап: Отанды сүйер ұлан болыңдар!

Өз Отаныңа лайықты азамат болып өсіңдер.

Ой қорыту. Б. Момышұлы: «Отан сүйер ұлан болыңдар!», - деп болашақ ұрпаққа өсиет қалдырды. - Балалар, ой – қозғау стратегиясы бойынша Б. Момышұлы туралы не білесіңдер, есімізге түсірейік. (Оқушылар білетіндерін айтады).

Дамыту технологиясы бойынша оқушыларға Б. Момышұлы туралы қосымша материалдарды кластер арқылы түсіндіремін. Бұл жердегі мақсат: Бауыржан атамызды оқушыларға батырлығымен қатар, оның екі жыл соғыстан кейін академияда сабақ берген педагог екенін таныстыру, қаруын қаламға айырбастап, жазушы болғанын айту және оның шығармаларымен таныстыру.

«Артымызда Москва» Б. Момышұлы, «Ақиқат пен аңыз» Ә.Нұршайықов, «Ұшқан ұя» Б. Момышұлы. Ал, егер батыр, жазушы, педагог – Б. Момышұлының өмірімен танысқыларың келсе, оның келіні зейнеп болады. Оның аудармасы да бар. (Бұл – оқушылардың қызығушылығын арттырып, өз бетімен жұмыс жасауға ынталандырады).

- Құрметті оқушылар, аты аңызға айналған батырымыздың көптеген сөздері нақыл сөз, мақал – мәтелдерге айналып, халық аузында жатталып қалған.

Соның бірі: Отан үшін отқа түс, күймейсің.

Осы мақалға оқушылар морфологиялық талдау жасайды. Сөз таптарын есімізге ала отырып, сан есімге тоқтаймыз.

Сабағымызды қорытындылау үшін Венн диаграммасын және үш жақты күнделікті пайдаланамыз. Оны қосымшадан көруге болады.

Үйге тапсырма: 1. Мәтінді мазмұндау. Сан есім. 2. Отан туралы эссе жазу. 3. Басқа мемлекеттегі достарыңа біздің батырлар туралы хат жазыңдар.

Қазақ тілін оқыту процесінде тілді дұрыс үйрету, ауызша сөйлеу, сауатты жазу, мәнерлеп оқу маңызды.

Жаңа технологиялар арқылы оқыту қазақ тілін үйренудің сапасы мен маңызын арттырады.

Халқымыз ерлікті құрметтеп, батырлар есімімен мектептер, көшелер, елді – мекендерді айтарын беруде. Біздер, батырлардың бүгінгі ұрпақтары бақытты өмір сүрудеміз. Аға ұрпақтың ерліктерін дәріптейтін өлеңдерді айтумен сабақ аяқталады.

Әл –Фараби бабамыз музыканың адам психологиясына әсерлі жөнінде, - «музыка денені шынықтыратын гимнастика тәріздес, ол адамның жанын жетілдіреді. Алдымен ләззатқа бөлейді, одан соң құмарлықты оятады, қиялға жетелейді», - деп пікір айтқан. Ал ұлы ойшыл Платон «Музыка – адам жан дүниесін еріксіз еліктіріп, тұрмыс – тіршіліктің қандай да болсын мұң – заласын ұмыттыратын сыйқырлы күш», - деп, ой түйіндеген. Халқымыздың бірнеше ғасырлар көлемінде жинақталып қалыптасқан бай музыкалық фольклоры бар. Атап айтар болсақ: тарихи әуендер, эпикалық жырлар, тұрмыс – салт жырлары, лирикалық әңдер т.б. Міне, осы фольклорымызбен - ақ ұлттық болмысымызды, патриоттық сезімді қалыптастыратын тәлім – тәрбие беріп отырғаны тарихи шындық.

Еліміз егемендік алғалы бері бірқатар отандық ғалымдарымыз музыкалық фольклорымыздың тәрбиелік мүмкіндіктерін ашып көрсетіп, нақты ұсыныстар жасауда. 1994 жылы А. Райымбергенов және С. Райымбергеновалардың бастауыш мектептің бірінші сыныптарына арналған «Мұрагер» музыка сабағының бағдарламасы жасалынды. Бағдарламаның ерекшелігі – балаларға домбыра үйрету арқылы халық өнеріне ынтасын арттыру көзделген. Бұл бағдарлама авторлары, белгілі музыка зерттеушісі, А. Мұқамбетова - «баланың генетикалық мүмкіншіліктерін ұлттық дәстүр арқылы жеңіл ашуға болады. Бұл жүйе балаға төңіректегі ортаны игеруге, қабылдауға көмектеседі», - деп айтқандай, халқымыздың, рухани байлығына сүйене отырып және халық педагогикасының даму жетістіктері ескере отырып жаңа педагогикалық жүйе негізінде жасаған. 1995 жылы М. Х. Балтабаев, Д. А. Берденова, У. Ж. Серікболовалардың бастауыш мектепке арналған «Елім – ай» музыка сабағының бағдарламасы жасалған. Бастауыш мектептерге арналған Ш. Құлманова, М. Оразәлиева, Б. Сүлейменовалардың музыка сабағының бағдарламасындағы музыкалық материалдар, музыкалық фольклорымызды пайдала отырып, балаларға ұлттық тәлім- тәрбие беру негізінге құрылған. Бұл бағдарламаның негізгі мақсаты: қазақ халқының әдет – ғұрпын, салт – дәстүрлерін, өнерін қадырлейтін, оның өмірімен байланыстылығын түсінетін, эстетикалық және музыкалық танымы дамыған, рухани бай, адамгершілік қасиеті мол және шығармашылықпен жұмыс атқара алатын елжанды тұлға тәрбиелеп шығаруға бағытталған. Қай бағдарлама болса да оның мақсатын жүзеге асыру, пәнді жүргізуші маманның теориялық практикалық білім деңгейіне, шеберлігіне және сабақты жүргізуге қажетті техникалық құралдар мен музыкалық материалдардың қорына байланысты.

Отансүйгіштік тәрбие көзін ұлттық фольклорымызда жатқаны белгілі нәрсе. Фольклорымыздан нәр алып өскен бала еліміздің елдігіне, егемендігіне еңбек етіп, өркендеуіне үлес қосатын азамат болып қалыптасады. Міне, осы бағытта атқарылған шараларды іске асыру барысында жалпы білім беретін мектептердегі музыка пәнінің қосатын өзіндік үлесі бар.

Бірінші сыныптың екінші жарты жылдығында «Қобызға арналған күйлер» атты тақырып төрт сағатқа есептелген. Алғашқы екі сағаты «Қорқыт – күй атасы» деген тақырыпта бұл тақырыпта Қорқыт «Әуіппай», К. Дүйсекеев «Ана» әндерін тыңдау мен үйрену де материалдары қамтылады.



2.2. Сыныптан тыс жұмыстар арқылы бастауыш сынып оқушысының патриоттық сезімін қалыптастыру жолдары.
Мақсатты жүргізілген педагогикалық жұмыс барысында патриоттық сезімін дамытып, тәрбиелеп, олардың сенімін қалыптастыруға болады.

Патриоттық сезім қалыптастыру екі бағытта: қоғамдық және табиғаттық қоршаған орта ең маңызды тәрбиелеушілік ролге ие болады.

Қоғамдық өмірдегі құбылыстар мен оқиғаларға деген қызығушылықты тудырудың маңызы ерекше. Айналада жүріп жатқан барлық оқиғалар мен құбылыстар халық үні. Сондықтан, оның шынайы келбетін тану, оған етене араласу, онан алған әсерлерімен байсу ең бір толқынысты процестердің бірі болады.

Табиғат ортасы – адамның ең қашан есінен кетпейтін дүние туған ауылы, қаласы, еліндегі әсем таулар, аңқыған шөптер, сылдырлаған өзен, көп, бұлақтардың әсері бір мөлтек.

Патриоттық тәрбиеде патриоттық сезімді тәрбиелеу бірізділікпен жүргізіледі.

Жер сүю – туған ауылды, туған өлкені, Республикасын сүю. Табиғатын, өсімдігі мен жан – жануарын, құсы мен жәндіктерін. Яғни жер асты және үстіндегі байлығын тану мен сүю және қорғау амалдары қарастырылады.

Елді сүю – бұл халықты сүю деген сөз. Халықтың бір ошағы – отбасы. Сондықтан халқымыз «Отан – от басынан басталады» дейді. Отбасын, халқын мемлекетінде тұрып жатқан халықтарды мемлекеттік нышандарды сүю. Оның дәстүрін, тілін, тарихын, олардың атқарған кәсіптерін, өнерін мәдениеттін тану, сүю, қорғау, жетілдіру әр азаматтың парызы болмақ.

Тілді сүю – ана тілінің қыры мен сырын білу, табиғатын меңгеру, жетілдіру.

Алғашқы баланың дүниеге келген сәтінен бастап сүю сезімі тәрбиеленеді және бұл сезім ең бір қасиетті, киелі сезім болып табылады.

Қазақстан Республикасы - Еуразияның орталық бөлігінде орналасқан тәуелсіз мемлекет. Аумағы – 2724 мың шаршы км. Халық саны 15 млн адамға жуық. Қазақстанда қазақтар – 53,4%; Орыстар – 30 %; Украиндер – 3,7%; Өзбектер – 2,5 %; Немістер – 2,4%; Ұйғырлар – 1,4%; Кәрістер – 0,7% және басқа да ұлт пен ұлыстар тұрады.

Қазақстан Республикасы дайырлы, демократиялық және біртұтас мемлекет болып табылады. Діни нанымның негізгі бағыттары ислам және христиан діндері. Елордасы – Астана қаласы. Мемлекет басшысы – Президент. Заң шығаратын жоғарғы органы – Сенат және Мәжілістен тұратын Парламент. Атқарушы билігі – республика үкіметі. Ақша бірлігі – теңге.

Республика аумағы батыстан шығысқа қарай 1 мың км – ге созылып жатыр. Қазақстан батысы мен солтүстігінде Ресей Федерациясымен, оңтүстігінде Түркіменстанмен, Өзбекстан және Қырғызстан, шығысында Қытаймен шектеседі. Мемлекет шекарасының жалпы ұзындығы 15 мың км – ден астам. Қазақстан 2,7 млн шаршы км. жер көлемінен дүние жүзінде 9 – шы орында тұр.

Қазақстан мұхиттардан аулақ жатыр. Аумағының ұзындығына байланысты Қазақстанның климаты кенет континенталды және бедеулік болып табылады. Солтүстік аудандарда қыс өте суық және ұзақ болады, 40 – 45 градус аяз болады. Қар аз, бірақ боран мен бұрқасындар болып тұрады. Орталық ауданда қыс қоңыржай салқын, ал оңтүстігінде

45 градусқа дейін ыстық болады. Тауларда жауын – шашын көп болады. Қазақстанның түгелдей дерлігі аумағына қатты жел соғуы тән.

Қазақстан аумағында өзендер мен көлдер едәуір көп. Олардың ең бастылары: Ертіс, Жайық, Шу, Сырдария өзендері, ірі көлдерге Балқаш және жартылай Арал мен Каспий теңізі жатады. Қазақстанда кішкентай өзендер мен көлдер өте көп.

Қазақстанның жануарлар әлеміде алуан түрлі. Сүтқоректілердің 155 түрі мекендейді. Шөл далада киіктер мен ақбөкендер, жазықта марал мен бұғылар, тауларда қабан мен еліктер, барлық аумақтарда жыртқыштық аңдар: қасқыр, түлкі ақ тышқан кездеседі. Алтай мен Тянь – Шань тауларын қоңыр аю, барысы, тиін мекендейді. Қазақстанда құстардың 480 түрі бар. Бауырымен жорғалаушылардың 49 түрі және қос мекенділердің 11 түрі кездеседі. Әр түрлі табиғи суларда балықтардың 150 – ге жуық түрі мекендейді, соның ішінде құрт па, бекіре, шоқыр, көксерде секілді бағалы кәсіпшілік түрлері бар. Көлдер мен өзендерде шортандар мен алабұғалар көп.

Әкімшілік тұрғыдан Қазақстан Республикасы құрамында 14 облыс және республикаға тікелей бағынатын 2 қала бар. Қазақстанда қазіргі таңда 85 қала, 169 аудан, 105 кент және 2150 округ бар.

Оңтүстік Қазақстан туралы мағлұмат жасай кетсек, қазақстанның оңтүстігінде 4 облыс: Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Жамбыл және Алматы облыстары орналасқан. Ауданы 711 мың шаршы км, халқы 5 млн 128 мың адам. Оңтүстік аймаққа өңдеуші өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының дамуы тән. Қызыорда облысында тамақ және жеңіл өнеркәсіп дамыған, күріш егумен, қой шаруашылығы және балық аулаудың ірі ауданы ретінде ерекшеленеді. Жамбыл облысының жергілікті ресурстары шикізат базасында химия, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері құрылған, Қаратауда тау – кең химия комбинаты орналасқан. оңтүстік Қазақстанда тама жасау металл өңдеу, жеңіл және тамақ өнеркәсіптері дамыған. Қызылорда облысының Құмкөл жерінде мұнайдың ірі кең орындары барланған. Алматы облысында түрлі металдардың рудалары табылған. Жамбыл облысы фосфорит және мыс қорларына бай.

Батыс Қазастанда 4 облыс: Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Атырау және Маңғыстау бар. Атырау және Маңғыстау облыстары мұнай және химия өнеркәсібінің ірі орталығы болып табылады, фосфориттер кең орталығы бар. Батыс Қазақстан облысында ауыл шаруашлығы дамыған, негізінен егін шаруашылығы мен қой шаруашылығы, Ақтөбе облысында ірі тау – кең өнеркәсібі, химия, машина жасау, өнеркәсіптері дамыған, мұнай шығарылады, хром кең орны орналасқан. Батыс Қазақстанның аумағы 736 мың шаршы км, халқы шамамен 2 млн адам.

Солтүстік Қазақстан облысының аймақ көлемі – 440 мың шаршы км. Халқы 2,6 млн адам. Аймаққа Солтүстік Қазақстан, Ақмола және Қостанай облыстары кіреді. Қазақстанның Елордасы 400 мың халқы бар Астана қаласы орналасқан. Солтүстік Қазақстан бүгінде елімізді бидаймен, етпен, сүтпен қамтамасыз етуде жетекші рөл атқарады. Бұл аймақта машина жасау дамыған. Ақмола облысында алтынның, уранның, алмаздардың, темір рудаларының үлкен қорлары барланған. Қостанай облысында алюминий, Рудный қаласында темір рудасы, әк тас қазылып алынады. Көкшетау ауданы Қазақстанның сауықтыру орындары болып табылады.

Орталық Қазақстанға Қарағанды облысы жатады. Теміртау және Балқаш қалаларында қара және түсті металлургияның ірі кәсіпорындары орналасқан. Облыста көмір және магниттың үлкен қорлары шоғырланған.

Шығыс Қазақстанда өнеркәсіптік қуаты екі Павлодар және Шығыс Қазақстан ораналсқан. Ауданы 408 мың шаршы км, халқы 2 млн 240 мың адам. Павлодар облысында ірі өңдеу өнеркәсібі – Павлодар. Екібастұз торабы шоғырланған. Сондай – ақ ол Ертіс өзендегі ірі порт болып табылады. Павлодар облысында ауыл шаруашылығы сүт, ет және мал шаруашылығы мен құс шаруашылығы дамыған.

Халқымыздың рухани келбеті – Ана тілі мен ұлттық тәрбиеде екенін Бауыржан Момышұлындай ашықта анық етіп, жасқанбай батыл түрде айтқан жан жоқ! Мұның дәлелі: Сталиннің зұлмат заманы кезінде, яғни қазақ халқын түбінмен құртып жою кезінде 1944 жылы Бауыржан Момышұлы Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетіне «Қазақ тілі туралы пікір» атты хат жазды. Бұл хаттан үзінді келтіретін болса;

.... «Тілімізді айуан дейді тілі кедей елді – мәдениетсіз, аналы, надан халық деп санайды. Тіл адам баласының негізгі қасиеті болғандықтан, өнеркәсібін, мәдениетін, қоғам – құбылыстармен, салт – санасының, жауынгерлік дәстүрінің – мұрасының қай дәрежеде екінін көрсететін сөзсіз дәлелді мөлшері;

- Ана тілінен бірнеше жағдайлар себеп болып ажыраған ел – «азғын» ел атанып, кейіннен аты өшіп, ұрпақтары бұршақша бытырап, қардай еріп, құмға сінген судай дерексіз жоғалып кеткенін, тарихтан кездестіруге болады. Ондай сормаңдай ел, бұрыңғы кезде аз болмағандығына тарихта дәлелдер көп;

- Осы таңда қазақ - тілін «дөрекі, икемсіз, топас, кедей тіл. Онымен айтайын деген ойынды, пікірінді еркін айта алмайсын ....» - дұрыс бағаламай, жала жауып, теріс – зиянды жағдайлардың құлдылығында жүрген, ұғымсыз жалқау, «дүние молда дін бұзардың» кебін киіп, сәлдесін орап, тіл бұзушы азамат, азаматшалар да, жүгенсіз, арсыз топтарды, қазақ арасында молайып келе жатқанға ұқсайды (дәлелді Алматының әр көшесінен табуға болады);

- Қазақ тілінің байлығы жетпегендіктен деген дәлелсіз былжыр, өзінің ана тілінің үдесіне жете алмай, құр қалған, оған көңіл бөлмеген сормаңдайлардың, ұлт мақтаныш сезімін, ұлт намысынан ажырап, «шөре – шөре» болып арта қалған қара беттердің надандықтарынан туған сылтау ғана болу керек;

- Осы кезде асдап орысша білгеніне мәз болып, төбесі көкке жеткен ана тіліне көңіл бөлмей, оны әліне қарамай менсінбей, не орысшаны, не қазақшаны сөйлей алмай шалдыр – батпаққа бөленіп жүрген, келбетсіз тіл азғыны масқараларды. Алматының жауапты деген қазақ қызметкерлердің арасынан да кездестіруге болады ...» - деп ана тілінің сатқындарын мірдің оғымен атқан ұлы Бауыржан, біздің қазіргі заманымыздағы халқымыз бен тілімізді қорлап жүрген сыйқымызды айтып тұрғандай.

Бұл халықтың әрбір сөйлемі құнды. Сондықтан осы хатты бүгінгі ұрпағымызға қайыра басып, газет – журнал беттеріне жариялау керек. Осы хатында Бауыржан Момышұлы 9 түрлі ұсыныс жасайды. Соның біріншісі мен екіншісіне тоқталсақ:

1. «1935 – 36 жылдан бастап қазақ – тілі бұрмалана, бүлдірім, бұзыла бастағанын сөзсіз, айқын дәлелдей отырып, оған айыпкер, кінәлі, басты газет, родио, жазушы, кеңсе қызметкерлеріне тарихи қарғыс айтылып, беттеріне қара күйе жағылып айыпталғаны жөн.»

2. «Қазақстанда қазақ - тілі заң әділдігі бойынша мемлекет тілі болып саналып, өз орнына, төрге шығарылып отырғызылып, бұрынғы қалпына келтіру шаралары тездеп қолға алынып, тіл бұрмалауежелден келе жатқан ескі ауруға айналып бара жатқанын ескере отырып, іс жүзіне қатал төңкеріс түрінде асырылуы және алдымен қазақтардың өздерін, тіл жөнінен тәртіптеуден бастап, барлық үкімет, кеңсе, ғылым, оқу, өндіріс, өнеркәсіп орындарында қайтадан әділдікпен көтеріліп қолға алынуы

жөн » - дейді.

Осыдан 63 жыл бұрын айтылған Бауыржан Момышұлының сөздері, тәуелсіздік алғанына 16 жыл болса да қазақ халқының сормаңдай болып – тілінен – дінінен – ділінен – ажырасардай күй кешіп отырғанын сипаттайды. Ендігі жерде тілімізді тоздырып, ұрпағымызды аздырғанша, ертерек іске кіріскен дұрыс. Бұған көрініс, мемлекетімізді мойындағысы да келмейтіндер Қазақстан азаматтығынан шығып, өздерінің қалаған жерлеріне кеткендері жөн. Арамыздағы ана – тілімізді мойындамай жүрген шала қазақтар да мекендерін тапсын. Қазақтардың тарапынан болатын жалпақшешейлікке қарғыс айтылып, ұлттық құндылықтарды жүйелеуді ертерек жүргізу керек. Әйтпесе, ғылыми дәлелденген майя мен инктердің жер бетінен жойылып кеткеніндей күй кешпейік. Олар қол жеткізген өркениетімен өрекпіп, тіліне, салтына, ұлттық тарихына, көне мәдениеті мен халықтық тағлымдарына өгейлік көрсетіп, түбегейлі жер бетінен жойылды.

Кез – келген шала қазақтан: - «Қозы Көрпеш Баян сұлуды», «Қыз Жібекті», «Алпамыс пен Қобыландыны оқыдыңыз ба?» - деп сұрасаңыз, - «Жоқ!» - деген жауап аласыз. Олардан, Асан қайғы мен Кетбұғыны, Махамбетті сұрамай – ақ қоюға болады. Мінеки, ана – тілің жоғалмай тұрып – тақ, рухани қазынамыздан айырыла бастағанымыздың көрінісі. Ендеше, бұдан былай ана – тілін қорғапотырған Үкіметті де, Парламентті де, әр түрлі министрліктермен мекемелердегі төрелерді де, тіпті мемлекеттік тілді сыйлағысы келмейтін басқа ұлт өкілдерін де, қатаң түрде тәртіпке шақыратын мезгіл жетті. Қазақстанда өз еріктерімен құрылған республикалық Халықтар ассамблеясының жұмыс істеп жатқанына да біршама уақыт болды. Осындағы өздерінің ұлттық мәдениет ұйымдарын құрған орыстар, репрессиямен жер ауып келген – корей, неміс, шешен, күрті, ұйғыр, түрік, татар, поляк, болғар тағы басқалар ... кезінде қазақ халқы аузындағысын жырып, баспанасына дейін бергендерін айтқанда, көңіліңді толқытып, тіпті көзіңе жас алдырады. Ал егер де олардың осы айтқандары шын болса, мемлекеттік тілді және қазақ мәдениетін өркендетуге үлестерін қоссын. Негізгі жақсылыққа жақсылық пен жауап берілуі – адамдық парыз.

Жер бетіндегі тіршіліктің пайда болғанына 1 миллиард жылдай уақыт өтіпті. Бір клеткадан басталатын тіршілік мұхит астында 500 миллион жылдай жетім дамып, құрлыққа шыққаннан кейін де, дамудың екінші сатысына ауысып, тағы да 500 миллион жылдарды басып өтеді екен. Дәл осы формуланы адам баласы да, ана құрсағында бір клеткадан бастап, адам пішініне келгенше, жаңағы жер бетіндегі тіршілік сатыларын түгелдей қайталайтындығын ғылым баяғыда анықтаған. Осы филогенетикалық тылсым құпиялар мен ата – баба зердесін келешек ұрпаққа жалғастыратын жалғыз ғана кілт - әр халықтың ана – тілі екенін қарапайы жұрттың білмейтіні рас. Сондықтан да осы ғылыми деректі келешекте ақпарат құралдарында түсіндіріп, жариялап, тарату қажет. Келешек ұрпағына қиянат жасағысы келмейтін адам нәрестенің тілін тек қана ана тілінде шығаруы тиісті.

Сонымен қатар, тағы да назарда ұстайтын бір мәлімет дүниеге келер бала тілінің іргетасын ана құрсағында қалыптастыратыны ғылыми дәлелденіп отыр. Америка ғалымдарының «Құрсақтағы баланың он түрлі жұмбақ сыры» атты ғылыми еңбектерінде: «ағылшын фирмасында күні бойы қызмет ететін, екіқабат француз әйелінің баласының тілі бірден ағылшынша шыққанын» - құрсақтағы тылсымның бір эжұмбағы ретінде келтіреді. Осы деректің растығы қазіргі ерлі – зайыпты қазақ жастары үйде де, жұмыста да орысша сөйлегендіктен, қазақ балалар бақшасына, қазақ мектептеріне берген балалары далада да, көшеде де, үйде де өзара орысша сөйлеуге ауыса беретіндігінен айна қатесіз көрініп отыр.

Ағылшын ғалымы Дэвид Кристалдың «Тіл ажалы» зерттемесінде жыл сайын жер бетінен шамамен 24 тіл жойылатындығы көрсетіліпті. Мұндай кері процеске енжарлық көзқарас таныту – рухсыздық, өйткені кез келген тілдің жойылуы әлемдік ортақ мәдени байлықтың арсеналын құрайтын бүтін бір халқытың мәдениеті, тарихы мен рухани құндылықтары көз алдымызда тіршілікпен қоштасады.

Қазақстаннның халық жазушысы, әлемдік деңгейдегі белгілі ақын және қоғам қайраткері Мұхтар Шахановтың «Тілсіздендіру анатомиясы» атты поэмасының «Тамырсыздану қаупінің тұжырымдамасы» бөлімі осы замандық өркениеттің тіл мен рух төңірегіндегі аса нәзік әрі күрделі проблемасын көтеруімен ерекшеленеді. Сондықтан оның мұраларын пайдаланған да тиімді.

Қазіргі таңда жаһандану процесі бірыңғай материалдың игіліктерге бет бұрғандықтан, көптеген елдерде жастар қауымының едәуір бөлігі өз ұлтының тіліне, төл мәдениетіне ашықтан – ашық мұрын шүйіре оқып жатқан кей студенттер «Қазақстанда қазақ тілі мемлекеттік мәртебеде салтанат құрар болса, елге қайтпаймыз!» деп дауыс көтерді. Бұған Білім министрлігі саналы түрде жауап берген жоқ. «Бұл не деген масқара! Әрқайсысына жүз мың АҚШ долларына жақын, тіпті, одан да көп қаржы жұмсап, оқытып жатқан жастарымыздың туған ата – баба тіліне көзқарасы осылай болса да, рухсыз мұндай мамандардың Қазақстанға қандай қажеті бар?! Бір ғана қағида айқын: ұры неғұрлым оқыған болса, солғұрлым әкемізді танытады. Сондықтан оларды жібермес бұрын мемлекеттік тілден емтихан тапсырту қажет!» - деген ұсынысын Мұхтар Шаханов ашына айтты.

Әр ұлттың ең басты анасы – туған тілі екенін ескерсек, өз анасының тілін, рухани мәдениетін менсінбеу мен мойындамау, және оны қазіргі заман талабына сай руханиятпен ұштастыра алмау үлкен қасіретке әкелетінін М. Шахановтың «Төрт ана» поэзиясынан байқайтынымыз туған жер, тіл, салт-дәстүр, туған тарихты төрт анаға теңеп, жырлайды.

Қазақ жастарының бірнеше ұрпағы Шаханов жырларын жаттап өскенін ешкім жоққа шығара алмаса керек. Қазақтың тіліне, өзіне деген қарсылық Солтүстік мұзды мұхиттай сіресіп тұр... Осындай тілімізге үлкен қауіп төніп тұрған кезде, Мұхтар Шахановтың соңғы кездегі ұлтқа қатысты өлеңдері талай қазақтың бетін бері қаратарына, халыққа, қоғамға ой саларына күмәнім жоқ.

Итальяндық «Ренко компаниясының президенті Ренальдо Гаспарини (2005 жылдың 25 қарашасында «Айқын») былай дейді: «Мен әлемнің 141 елін аралаған жанмын. Солардың ішінде өз мемлекетінде өз тілінде өмір сүре алмай отырған бейшара халықты көрдім, ол қазақ халқы екен.» Ағылшын ғалымы Дэвид Кристал болса: «Тіл жойыларда қостілділік пайда болады. Екі тілді ерткен екі мәдениет өзара шайқасқа түседі. Ақырында жеңімпаз мәдениеттің тілінде сөйлеушілер көбейеді. Ал әлгі жеңіліс тапқан шағын мәдениеттің тілінде сөйлеуден басқа емес, өзінің жас ұрпағы ұяла бастайды. Ана тілінде сөйлеуге қысылатын сол ұрпақ та «жеңімпаз мәдениеттііііің» аяғына жығылады. Аға ұрпақ – ата – ана қанша әуреленсе де, өз балаларына ана тілін үйретуге шамалары жетпейді. Ең өкініштісі де осында.»

Осылайша ата тілімізді «қорлау» арқылы, ұрпағымызды ата – баба зердесінен айрып қана қоймай, кісілік келбетінің түп – тамырына да балта шауып жүргенімізді ашып айту керек. Өзінің ата – тілін қорлаған елдің татар азабы да мол, ұрпағына қалдырар зауалы да көп. Олай болса иісі қазаққа айтарым көрінгенге еліктеп әдейленумен, алдыңдағы шырағыңның өшкенін сезбей қалып жүрме.

Адам бойындағы үш жүйе – Тән құрылысы – Жан дүниесі – Рухы – бүгінге дейін тәрбие үндестік таба алмай отыр. Біз тек қана тән тәрбиесінен басқа Жан мен Рух тәрбиесін білмейміз. Содан да Табиғат пен Адам баласының экологиялық азуы болып отыр. Бұл туралы бабамыз Әл – Фараби баяғы заманда – ақ ескерткен: «Егер адмға ең әуелі тәрбие бермей тұрып, білім мен ғылым үйретсеңіз, ол жүрген ортасына апат әкеледі» - десе. Басқаға еліктеп, өзгеге мөңіреп үйренген біздер есітсекте ескеруге құлығымыз жоқ. Әйтсе де, бұл мәселе иісі қазақты ерекше толғандыруы тиіс. Ең бастысы, адам тәрбиесінің алтын діңгегі – Тіл екені аксиомалық шындық.

Мемлекеттік нышандар құрмет тұту, Қазақстан Республикасының азаматы болғаны үшін мақтаныш сезімін қалыптастыру білім берудің алғашқы сатысынан басталады.

Бастауыш (1-4) сынып оқушыларымен Мемлекеттік нышандар жөніндегі олардың түсініктері мен білімдерін ары қарай тереңдету мақсатында жұмыстар жүргізіледі. Мұғалім (сынып жетекшісі) мемлекеттік рәміздердің күнделікті өмірдегі орнына оқушылардың назарын аударын жәнее оның қажеттілігін нақты түсіндіруге міндетті. Олар мемлекеттік Әнұран мен Елтаңбаны түсіндіру барысында оның мәні мағынасына баса назар аудару керек. Оушылар Елтаңбаның азаматтардың төл құжаттарында, туу туралы куәлікте, орта мектепті бітіру туралы аттестатта, жоғары білім дипломында, мемлекеттік наградаларда, төл теңгемізде және пошта маркаларында мемлекеттіліктің белгісі ретінде бейнелетіндігін білулері қажет.

Бастауыш метепте Әнұранды жүйелі түрде жаттатып, тыңдаулар ұйымдастырып,әуені мен сөзін ұжымдық жаттау барысында оның шығу тарихы жөнінде мәліметтер берілуі тиіс.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын үйрету барысында алуан түрлі әдіс – тәсілдерді қолдану: интерактивті дамыту әдістемесін, тренингтер, сұрақ – жауаптар, рөлдік дамыту ойындарын, аудио және бейне материалдарды (плакаттар, суреттер, таспалар) тиімді пайдаланған дұрыс.

Бастауыш сынып оқушыларының түсінігінде рәміздер туралы ұғым қалыптастыруға төменде келтірілген тақырыптар аясында жүргізілген әңгімелер ықпалын тигізеді: «Мен және менің Отаным», «Елтаңба, Әнұран, Ту деген не?», «Қазақстан Республикасының туы туралы неге көп?» т. б. балалардың білімін тереңдетудің тиімді тәсілдерінің бірі – мемлекеттік рәміздерге байланысты. Осындай іс – шараларға ата – аналарды белсенді қатыстырған жөн.



Бастауыш сыныптардағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білім деңгейінің өлшемі:

- Қазақстан Республикасы рәміздерінің авторларын білу;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік рәміздерінің түсінің, пішінінің, элементтерінің мәнін білу;

- Қазақстан Республикасының Әнұранын мемлекеттік тілде орындай білу;

- Кез келген жағдайда Қазақстан Республикасының рәміздері жөніндегі білімдерін іс – жүзінде қолдана білу.

Оқушылардың бойында терең елжандылық сезімді, Отанға деген сүйіспеншілікті, жоғары адамгершілікті, мәдениеттілікті, өз мемлекетінің тарихына зор ілтипат пен қызығушылықты қалыптастыру мақсатында сұхбаттар, кездесулер, сынып сағаттарын өткізу кезінде атақты азаматтардың, спорт жеңімпаздарымен, белгілі тұлғалар мен әскери адамдардың өмірінен түрлі көріністер мен эпизодтар келтіріп, олардың Республикамыздың Туына, Елтаңбаға, Әнұранға деген көзқарастарын сөзге тиек еткен жөн.

Білім беру мекемелерінде патриоттық тәрбие берудегі ең басты, маңызды міндеттерінің бірі - Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздеріне балалар мен жастардың құрметпен қарауын тәрбиелеу, мемлекеттік рәміздерге деген позитивтік және сезінулі көзқарасты қалыптастыру мүмкіншілігін зерттеу мақсатында семинарлар, дөңгелек столдар ұйымдастыру.

1992 жылы Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің сессиясында республикамыздың Туы, Елтаңбасы және Әнұраны қабылданды. Тудың жобасын жасаған Шәкен Ниязбеков. Ал Елтаңбаның авторлары Жандарбек Мәлібекұлы және Шота Уәлиханов. Республикамыздың Әнұранын ақын Жұмекен Нәжімеденов пен Нұрсұлтан Назарбаев, ал әнін Шәмші Қалдаяқов жазған.

Бүгінгі таңда елімізде 130 – ға жуық ұлттар мен ұлыстардың өкілдері тату – тәтті бейбіт өмір сүріп жатыр. Қазақ жеріне әр түрлі себептермен қоныс аударған көптеген ұлт пен ұлыстардың бірлігін қазақ халқы үлкен парасаттылықпен бірлікке үндей отырып сақтап келеді. Соның арқасында қазақ және басқа этностарды қазақстандық патриотизмге тәрбиелеу ісі әрі қарай өз жалғасын табуда. Адамдар арасындағы достық қарым – қатынас, әлеуметтік топтар мен халықтардың жалпыұлттық келісімде өмір сүруі дамудың маңызды факторы болып табылады.

Барлық өркениет арасындағы бейбітшілік пен диалогты қолдай отырып, саясат теориясында да, тәжірибеде де демократиялық мемлекет болмаған. «Біздің қоғам көптеген ұлт өкілдерінен құрылған, олар тек қана ұлттық емес, сонымен қатар нәсіл мен дін белгілерімен ерекшеленеді»,- дейді. Президент Қазақстан халқына жолдаған үндеуінде. Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері Қазақстанның көп ұлтты халқының бірігуінің бастамасы болып табылады.

Мемлекеттік рәміздер – жас, тәуелсіз мемлекетті және тарихи дәстүрлердің сабақтастығын куәландырады. Сондықтан әр адам үшін қасиетті отанының мемлекеттік нышандарына деген құрмет пен сүйіспеншілік өскелең ұрпаққа беріліп отыруы қажет.

Мемлекеттіліктің нышандарын зерделеу: Тудың, Елтаңбаның, Әнұранның мәні мен мағынасын түсіндіру Тәуелсіз Қазақстанның болашақ азаматтарын тәрбиелеудің негізін қалаушы бақтардың бірі. Әрбір оқушы рәміздердің рөлі мен мәнін түсініп еліміздің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын қастерлеу рухында тәрбиеленіп, Республикаының мемлекеттік рәміздерін құрметтемеген үшін жауапкершілікке тартылатынын сезіну кереу. Қазақстан Республикасының мемлекеттің рәміздерінде Республикамыздың атына тән жоғары адамгершілік құндылықтар, таңдаулы дәстүрлер мен әдет – ғұрыптары туралы көзқарас үйлесімді ұласқан.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы – тік төртбұрыш, көгілдір түсті мата ортасына сәулесін шашқан күн бейнесі мен шарықтай ұшқан дала қыраны бүркіт және сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ бейнеленген. Күн сәулесімен ұлттық өрнек алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының қатысы 1:2. Мемлекеттік Тудың эталоны Қазақстан Республикасы Президентінің резиденциясында сақталады.

Зеңгір көк түс – біздің ғаламды, аспанды, ауаны және құрлықты бейнелейді. Зеңгір көк түс бірлесу идеясына берілгендігін бейнелеп қана қоймай, сонымен қатар барлық қалықтарда бейбітшіліктің, тыныштық пен тоқшылықтың бейнесі болған бұлтсыз аспанды еске салады. Мемлекеттік Тудың бір түсті болуы мемлекеттің тұтастығын білдіреді.

Сәулесін шашқан алтын күн мен дала қыраны бүркіт бейнесі және ұлттық ою - өрнек Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Туының негізгі элементтері болып табылады.

Қазақстан Туындағы күн республикасының жалпы адамзаттық құндылық пен әлемді қоғамдастыққа әуестігін көрсетеді, әлемдегі барлық елдер мен қарым – қатынасты нығайту үшін ашықтығын білдіреді. Өз сәулесіне шомылған алтын күн – тыныштық пен байлықты бейнелейді.

Қазақтың дүниетанымындағы бүркіт бейнесі өте маңызды орын алады, өйткені онымен бостандық, өзін - өзі қастерлеу сезімі, батырлық жоғары идеал, көкіректің кеңдігі және ой - өрістің тазалығын көрсетеді.

Бүркіттің қанатын жайып шарықтап ұшқаны рухани күшті, шабытты, қиыншылықтардың алдында тапқырлық пен ержүректілікті білдіреді. Бүркіттің күн астында бейнеленуі біздің халқымыздың бақыт пен молшылыққа, адамзат өркениетінің биіктеріне ұмтылуы.

Мемлекеттік тудың элементін құрайтын ұлттық ою - өрнек халқымыздың ішкі дүниесін ашу құралы, өйткені қазақ халқының ою - өрнегінің түп тамыры заттар мен оларда қоршайтын дүниенің құбылыстары болып табылады.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 5 бабына сай Қазақстан Республикасының Туы еліміздің ұлттық мерекесі мен салтанатты күндері мемлекеттік мекемелер мен ұйымдардың ғимараттарында орнатылып, көтеріледі.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы арнайы белгіленген және безендірілген жерде бекітіледі.

Әнұранның сөзі бөлме қабырғасына ілінеді. Сол жерде Елтаңба мен Ту да орналастырылады.

Мемлекеттік Туды көтеру құқына оқуда, еңбек пен қоғамдық жұмыста үздік табыстарға жеткен оқушылар ие болады.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңба – көгілдір түс негізінде шаңырақ бейнесі шеңбер ішіндегі негізгі нышан – белгі. Елтаңба идеясының ең басты жүгін арқалап тұрған әрине, шаңырақ. Шынайы шеберлікпен шендестірілген түндігі аспан күнбезіндегі асыл шырақ – күн бейнесін елестетсе, уықтары – одан тарап жатқан алтын сәулелердей әдемі әсер қалдырады. Қисынын тауып кергелердің көрінісінде бере салған. Әр бөлшегі әсем айшықталған шаңырақ алдымен өз халқымыз, одан қалды қатар тіршілік кешкен басқа ұлт өкілдерінің барлығы бірлесіп, кереге – уықтай кірігіп, күш - жігер жұмсап, аяғына тік тұрғызуға кіріскен қасиетті отаумыз – тәуелсіз мемлекетімізді меңзегендей.

Елтаңба компазиясын құрап тұрған келесі бір құрамды бөлік - ай мүйізді, алтын қанатты қос пырақ бейнесі. Елді нышандарында арғымақ бейнесін пайдалану - өте ертеден келе жатқан үрдіс. Ол геральдика тілінде арыстанның жүректілігін, қыранның қырағылығын, өгіздің ғаламат қара күшйін, еліктің ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығын, қырмызы қызыл түлкінің қалай да жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.

Елтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты жұлдыз салынған. Ол әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы сияқты, ол Күн мен Айды, Жұлдызды кие тұтқан халқымыздың «бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсің» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

Өз мемлекетіміздің жұлдызы жарық, әрі биік болып, әрбір қазақстандық азамат сол жұлдыздың салған жолына сеніп, қиын уақытта бағдарға алып, әрқашан жаңа жолға, болашаққа жетелейтініне сенім артуымыз керек.

Елтаңбаның негізгі бояуы алтын түстес. Оған зеңгір көк нұрдың қосылуы. Мемлекеттік нышанды айрықша әрлендіріп, бедерлендіріп тұр.

Жалпы, қай жағынан алғанда да кемел келісім тапқан Елтаңба елімізді таңытар белгі екені анық.

Қазақстан Республикасы Әнұранының салтанатты да сабырлы әуені халық жанының кеңдігін, оның көкейкесті ойы мен арманын бейнелейді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 10 бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Мемлекеттік әнұраның оркестірдің сүйемелдеуімен хормен орындауға немесе вокалды топтың орындауына рұқсат етіледі.

Мемлекеттік Әнұран мемлекеттік Туды көтерген кезде орындалады. Жиналысқа немесе жиынға қатысып тұрған барлық оқушылар, студенттер, педагогтар, қызметкерлер тік тұрып оң қолын сол кеудесіне қойып орындайды. Қазақстан Республикасының азаматтары және Қазақстан Республикасының аумағында жүрген адамдар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын құрметтеуге міндетті. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Елтаңбасын, Әнұранын қорлаған адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу сабақ үстінде, факультативтік сабақтарда, сабақтан тыс жұмыстарды өткізу кезінде, салтанатты іс- шараларда, ұлттық және мемлекеттік мерекелерді өткізу барысында қалыптастыру қажет.

Еліміздің нышандарымен жұмыс істеу кезінде Мемлекеттік рәміздердің барлық элменттерін түсіндіру барысында оқушылардың жас ерекшеліктерін ескеру керек.


Каталог: wp-content -> uploads -> 2013
2013 -> Ф 7 –007-02 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2013 -> Мазмұны Кіріспе–––––––––––––––––––––––– 3-9
2013 -> Мазмұны Кіріспе Тарау -I. Кеңестік шығармашылық интеллигенциясы калыптасуының бастапқы кезеңІ
2013 -> Жанғабыл Қабақбаев, Қазақстан Республикасы журналистер Одағының
2013 -> Әл Фараби дүние жүзілік мәдениет пен білімнің Аристотельден кейінгі екінші ұстазы атанған. Ол данышпан философ, энциклопедист ғалым, әдебиетші ақын, математик. Әл Фараби 870 ж
2013 -> Өмірбаяны ІІ негізгі бөлім
2013 -> Ф 15-07 Қазақстан Республикасының білім ЖӘне ғылым министрлігі
2013 -> Кіріспе. Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмысының өзектілігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет