МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку



бет10/17
Дата05.11.2016
өлшемі14,12 Mb.
#578
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17

Түйін. Ібіліс > барыс сияқты діни мифология дәрежесіне дейін көтерілген аңның аты болуы мүмкін. Ыбырсып-сөзі осы ыбылыс<>ібіліс. Қалай дегенмен албасты сөзімен мағынасы жағынан өте тығыз байланысты екендігін зерттеу көрсетті. Ібілістің > ілбріс > илбарыс > ыбылыс > элбэрс > илбис > ірбіс > ала парыс > ал барыс т.б варианттары ұшырасады. Ібіліс пен албасты (қара албасты) байланысты екендігі жоғарыда айтылғандықтан тағы да қайталап жатпаймыз. Қара эпитеті қосылып албастының жаманшылық іс-әрекеті, рөлі одан сайын күшейді. Тілдің даму барысында қара албасты ықшамдалып, қара бассын түрінде айтылған. Мазмұны жағынан бұл екі тіркестің бір бірінен айырмашылығы шамалы ғана. Жүсіп ібіліс лексикасын албасты, ғазазіл сиқты мағынада қолданған. Қара албасты мен қара бассын синоним сөздер екендігі байқалады.

Мәселен:
(Жан) айтар сол арада:

-Ай, Ѓазазіл,

Жанымды ќай жерімнен аласыњ?! – дер

-Калима айт, ќайтарымныњ уаќыты жетті,

Жаныњды мен аѓзањнан алармын ! – дер.


Сµйледі Ѓазазілге аѓза (аѓыз) сонда:

-Ќ±даны зікір ќылдым к‰ндіз-т‰нде.

Ќ±ран оќып бір µзін (±зын), жад ќыламын,

Жол бермен, «Жан алам!» - деп, келме м±нда!

- дейді.

Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. –Б. 108-109. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 183.

БАЛГЕР ­ болашақты болжаушы. [ фал: предсказание, предзнаменование; гадание ] Анықтап бір көрмей көзбен, Бал ашыппыз түшкіріп (Қ.А.). Балгер п. [см. Бал +гир: суффикс] – гадальщик, гадалка, ворожея. Мұны естіп, Кебек кетті өз жайына, Батса да, балгер сөзі шымбайына (М.Ә.). Былтыр мен саған күйеуге шығасың, сонда бір перзент көресің деп едім. Қалай, менің айтқаным келді ме? – дейді балгер («П.ә.»). Сонымен балгер лексемасы бал түбір тұлғасынан және –гер (зергер) қосымшадан тұрады.

Мәшһүр – Жүсіп өз қолжазбаларында осы балгер сөзін де қолданысқа түсірген. Мысалы: Бақсыдай бал ашып, түлкідей түс көріп, жаурын жағып, құмалақ салып айтып отырғаным жоқ.

Немесе:

Ғайып істі балгер мен бақсы айтады,



Құмалақпен тамырын тапса айтады.

Сөзімді жалған айтты деп ойламас – деп,

Ишандар мен қажылар жақсы айтады

- дейді.


Әдеб.: Мәшһүр Жүсіп Көпеейұлы. Қазақ Шежіресі. –Алматы, Жалын. 1993. - Б. 12. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 108. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 57. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев. Таңдамалы. (Екі томдық шығармалар жинағы). –Алматы, 1990. –Б. 98.

ТАҒДЫР Алланың бастан-соңына дейін болатын істердің уақытын және орнын ерекшеліктерін әуелден білуі және маңдайға жазуы. Басқаша айтқанда, тағдыр-Алланың заңдары, өлшемдері;Адам тағдыры Алланың қалауымен болады. Барлық адамның тағдыры ана құрсағына түспес бұрын жазылып, Аллаһтың берген жазған өлшеміне бір мезетте кем немесе артық болмайды. Тағдырға адамның қай анадан туатыны, ғұмыры, ризығы, көретін жақсылығы мен жамандығы, үйленуі, бала-шағалы болуы, кіммен қандай ғұмыр кешіп, қашан дүниеден өтуі жазылады.

Қаза – істердің оның заңымен өлшеміне сай пайда болуы болып табылады. Барлық нәрсенің тағдырын Алла белгілеген.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармаларында тағдыр сөзі кездестіруге болады.

Мысалы:


Тағдыр жетіп, шаһи Көркін дүние салды,

Парахзат патша болып орнын алды.

Бұл дүние жеті басты жалмауыз ғой,

Бай-жарлы жұтқан және уәзір, ханды

- дейді. Басқа да қолжазбаларынан тағдыр сөзі қолданысқа түскен.

Әдеб.: Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Таңдамалы шығармалары. 4 том. –«ЭКО» ҒӨФ, Павлодар, 2004. –Б. 361. Лүтфи Шентүрк Исламда сенімнің негіздері. Анкара – 2000. 78 б.

ХАЗІРЕТ (حدرت) хадратун ­ ишан. Түбір тұлғасы қазақша - әзірет. 1) тарихи ағзам, ұлы мәртебелі, мырза, ханум, бәйбіше деп патшалардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың, пайғамбарлардың, пірлердің атына, титулына қосылып айтылып, солай жазылатын құрметті атақ (әзірет Әлі – Мұхаммедтен кейінгі төртінші халифаның теңеуі); 2) әулие, жырықтық (Әзірет Сұлтан – Ахмет Яссауидің теңеуі); 3) қатынасу, қатысу, ішінде болу. Ғазірет, Қазірет, Қазырет, Хазрет, Хазірет, Хәзрәт, Хәзрет т.б. варианттары бар.

Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында әсіресе діни лирикасында осы хазірет сөзі жиі кездеседі. Мәселен Пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.а.с.) сазабасы қолдаушысы, күйеу баласы болған Әли (р.а.) жайында былай жазған:

Бәрекелді! – десіпті жұрттың бәрі,

Шаттанысып отырды жас пен кәрі.

Жамағат жайланысып отырғанда,

Ашуланып отырды Хазірет Ғалы.

«Хазірет» сөзі басқа да ақынның қолжазбаларынан да кезіктіруге болады.

Әдеб.: Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 130. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б. 61.

НӘКИР - періште аты. қ. «МҮҢКІР».

МҰСА (موس) пайғамбар. Египет жерінде Ибраһим пайғамбардың ұрпағы Яқуб пен Жүсіп тұрған еді. Сол жерді кейіннен Ферғауын басқарған. Ол Ферғауын Аллаһқа сенбегендіктен еліне қаһарлы, әділетсіз хан болған. Яқуб пайғамбардың тағы бір есімі ­ Исраил. Сондықтан оның ұрпақтарын Исраил ұрпақтары деп атайды.

Ферғауын бір күні түс көреді. Түсінде бір сәбидің дүниеге келіп, оның хандығын тас-талқан еткенін көреді. Бұл түсінен шошынған ырымшыл Ферғауын осы түстің міндетті түрде орындалатынын сезіп, өз құлдарына Египеттің барлық ұл балаларын өлтіруге әмір берді. Осы кезде Мұса атты сәби дүниеге келген еді. Оны да Ферғауынның зұлым құлдары өлтіріп қояр деген қауіптен анасы Мұсаны себетке салып, суға ағынымен жайлап ағызып жібереді. Бұл себетті Ферғауынның мейірімді әрі балажанды әйелі тауып алады да өзіне қалдырып, асырайды. Мұсаның ата-анасы кім екенін ешбір жан білмейтін еді. Сол себепті ханшайым сәбиге лайықты «сүт ана» іздеді. Аллаһтың құдіретімен Мұсаның туған анасы хан сарайына балаға сүт ана ретінде орналасты. Анасы баласын құшағына алып қайта қауышты. Өзі өсіріп, жеткізді.

Мұса Ферғауынның хан сарайында өсірілгендіктен оған пайда келтірер деген түрлі ілімдер үйретті. Күндердің күнінде Мұса Ферғауынның сарайынан шығып, қалаға барғанда өз елінің және египеттік екі жігіттің төбелесіп жатқанын көріп араша түпек болады. Абайсызда египеттік жігітті өз елінің жігітін қорғамақ мақсатта өлтіріп алады. Өз ісіне өкініш білдіріп, қатты қапалана Аллаһ күнәсін кешірер ме екен деп жылайды. Мейірімді Аллаһ Мұсаны өз күнәларынан босатты. Бір күні өз елінің жігіті төбелесқор екені соншалықты, тағы да бір жігітпен ілігісіп тұрғанын көріп, қасына барғанда әлгі жігіт: «О. Мұса! Сен енді мені өлтірмек ойың бар ма? Сен кеше бір адамның жанын о дүниеге аттануға себепші болдың. Ол жақсы адамдардың қылығы емес.» - дейді. Шошып кеткен Мұса өз жөніне кетеді. Ферғауын Мұсаның бұл ісін біліп қояды да, Мұса елі мен жерін тастап кетеді. Жүре-жүре Шұғайыб пайғамбардың еліне келеді. Қойшылар қойларын бағып, суғаратын бұлақ басына жеткенде кезек күтіп тұрған екі қызды көріп, жәрдемдеседі. Әлгі қыздар әкесіне баяндап болған оқиғаны айтады. Әкесі Мұсаны шақырып алып, екі қыздың біріне үйленуін және бірнеше жылдар бойы қой бағып, бірге тұруын ұсынады. Болашақ пайғамбар оған келіседі де, бай бақытты өмір сүре береді.

Бірнеше жылдар өткен соң Мұса әйелімен өз еліне оралып, анасымен қауышпақ үшін Египетке аттанады. Шөл далада түнде суық болғандықтан Мұса әйелі екеуі тоңа бастайды. От жағып, жылынбақ болғанымен Мұсаның қолынан ештеңе келе қоймады. Сол кезде Мұса Синин тайының шыңына қараса, оның оң жағында от жанып тұрғанын көреді. Әйеліне ол жерде не ел бар екенін немесе бір от барын айтып, сол жерде өзін күтуін өтінеді. Мұса тауға қарай бет алып бара жатып, оттың шыққан жеріне жақындағанда күтпеген жерден бір ғажайып дауыс естиді.

­ О, Мұса! Мен сенің құдайыңмын! Мен Аллаһпын! Сен Тува жерінің қасиетті жерінде тұрсың. Сол себептен сен аяқ киіміңді шеш. Сені Өзімнің пайғамбарым етемін. Мен ­ жалғыз құдаймын. Менен басқа ешбір тәңір жоқ. Маған ғана құлшылық қыл, Менен ғана жәрдем ізде және Менен ғана дұға тіле! – дейді.

Аллаһ оған өзін нақты сезіну үшін және өз еліне пайғамбар екенін дәлелдей алу үшін түрлі қасиет дарытты. Соның бірі қолындағы таяғын жерге тастаса жыланға айналатын болған. Ал қолын қатты қысып жанына ұстаса қолдары аппақ болып кететін болған. Осы қасиеттерді Аллаһ оғанбергендіктен Ферғауын шектем тым шығып кетті, ол өзін құдай санап, шатасып жүргендігін білдір деп аттандырады. Сол кезде Мұса Аллаһтан ақиқи білім, көркем мінез сұрайды.

­ О, Мұса, Мен сені ақиқи біліммен және көркем мінезбен көрікті еттім. Сен Харунды өзіңе шақыр. Екеуің бірігіп Ферғауынға бірге аттаныңдар. Ол адамдарға рұқсат еткен барлық шектен тым шықты. Бірақ сен онымен жұмсақ түрде сөйлес. Бәлкім ол Аллаһтың қаһарынан қорқып, менің дініме бет бұратын болар. Аллаһтан басқа Құдай жоқ. – дейді Аллаһ. Харун мен Мұса Египетке аттанады. Ферғауын Аллаһтың айтқандарын естіп қатты ашуланып, қаһарланады. Бірақ Ферғауынның қаһары Мұса мен Харунды еш шошытпады. Мұса Аллаһтың қалауымен құдіретке айналған таяғын жерге лақтырып жібергенде, таяқ жыланға айналды. Бірақ Ферғауын сен сиқыршысың, сенде еш пайғамбарлық қасиет жоқ деп қарсы тұрып, өз еліндегі барлық сиқырмен айналысатын адамдарын алдыртып, сынатады. Барлық сиқыршы өздерінше бір жылан жасағанымен Мұсаның таяғы еңгезердей бір жыланға айналып, барлық ұсақ жыландарды әп сәтте жұтып қояды. Бұл құдіретті көрген сиқыршылар Құдайдың барын мойындап, Мұсаның дінін қабылдайды. Сөйтіп олар Аллаһтың адал құлдарына айналады.

Ферғауынды тастап кеткен Мұса Харун екеуі зұлымдықтан көз ашпаған халыққа барып: «Аллаһ бізге Ферғауын мен Египеттен бас тартуымызды бұйырды» - дейді. Ел-жұртымен Мұса Египетті тастап жолға шығады. Ферғауын оны өз әскерлерімен артынан қуғанда Мұса өз елімен теңізге дейін жетеді. Артынан ерген ел теңізді көріп қатты шошынып, абдырап қалады. Сол кезде Аллаһ Мұсаға қолындағы таяғымен теңізді бір ұруын бұйырады. Аллаһтың айтқанын жасағанда теңіз екіге айрылып, Мұса ортасынан елімен өте шығады. Артынан қуып келе жатқан Ферғауынның әскері теңіздің ортасына жеткенде теңізді Мұса қайта таяғымен бір ұрғанда теңіз қайта қосылып, Ферғауын әскерімен қоса теңізге батып қырылады.

Көптеген уақыт елімен бірге шөл далада өмір сүрген Мұсаға бір күні Аллаһ Синин тауына шығып, 40 күн сонда болуын әмір етеді. 40 күнді көп санаған халық имандары әлсіреп, басқа пұттарға табына бастайды. Алтыннан бұзаудың мүсінін құйып, жансыз мүсінге жан-тәнімен табынып, құлдық ұрып жүреді. Таудан қайтқан Мұса халқының осы бір жиіркенішті ісіне қапаланып, алтын бұзауды өз қолымен сындырады. «Аллаһтан басқа еш құдайға табынбаңдар!» - деп Аллаһтың уаһи еткен қасиетті кітабы «Тауратты» ұсынады. Бұл кітапта Аллаһ адамдардың екі дүниеде бақытты өмір сүруі үшін тек Аллаһқа жалбарынуын, әділетті, бейбіт өмір кешуін, қайырымды болуын бұйырған.

Хазірет Мұсаның уақытында оқу-жазу білетін адам өте аз болған. Израйылдықтар хазірет Мұса ғалаиһиссалам өліп, бірнеше жылдан кейін Алладан түскен Тәураттың түпнұсқасын жоғалтты. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев «Миғраж» дастанында Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) көкке көтерілгенде Мұсаға (ғ.с.) жолыққандығы баян етілген.

Бесінші көкке және жетіп қалдық,

Тұр екен Ыдырыс сонда: хабар алдық.

Бесіншіде жолықтық біз һарұнға

Алтыншы көкте Мұсаға жаңа бардық.


Жылады, көріп бізді Мұса нәби:

-Көрмей ме сендей болып тусам, кәне-ей?»

Соң қылып бәрімізден шығарса да,

Оң қылып, абзал қылды Құдай сені!

М±самен мен сµйлессем Т±р тауында,

Сенімен жолыќтым ѓой н±р тауында.

Таурат ‰шін аятыл к‰рсі бердім,

Оќыса болар пайда кµп ќауымѓа.



Әдеб.: Х.Жанарыс Имандылыќтыњ ѓылыми негіздері. –Павлодар, 2006. –Б. 56. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б.150. Книга из библиотеки сайта www.islamua.net.

МҮҢКӘР ­ діни ұғымда адам өлген соњ ќабірде с±рақ-жауап алатын екі періштеніњ аты. Исламдыќ түсінікте Аллаға шынайы сенім білдірген жаны таза, рухы биік мұсылмандарды саралап, дінсіздер мен күнәға батќандарды қабірде жазалайды. Б±л олардыњ жаһаннамда тартатын жазасының алды саналады. М. — Н. Қ±ран Кәрімде арнайы аталмағанымен, кей аяттар олардың есімдерімен байланыстырылады. Мыс., «Періштелер, олардыњ беттеріне, арқаларына ±рып, жандарын алғанда қалай болар еді?!» (М±хаммед сүре/27 аят). Сондай-ақ Әнфәл сүресіндегі 50 — 52 аяттар да осымен мағыналас келеді.

Ислам дінінің негізін салушы, адамзаттың сұлтаны Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбардың хадитерінде Мүңкәр мен Нәкирді былайша сипаттайды. Омар ибн Хаттабтан жеткен хадисте «Ол пайғамбарымыздан (с.а.с.): Ей, Аллаһтың Елшісі! Мүңкәр-Нәкир дегеніміз кім? – деп сұрайды. Сонда пайғамбарымыз (с.а.с.): «Қабірде сынақтан өткізетін періште. Жердің астынан тістерімен, шаштарымен сүзіп шығады. Дауыстары қатты күннің шатырлаған күннің күркірегеніндей. Көздері жалт етіп атылған найзағайдай. Өздерімен бірге жер бетіндегі адамдар жиналып көтере алмайтын темір шоқпарды ала келеді » - деп жауап берді.» (Әбу Дәуіт, Әл –Байһақи, Әл-Қубур).

Мүңкәр мен Нәкир туралы діни лирикалық шығармалардың авторы, діндар ақын Мәшһүр-Жүсіптің өлеңдерінен де ұшырастыруға болады.

Мысалы:


Ѓажайып сусаѓанда кµрдім бір ша,

Аѓалар, іш к‰йгеннен ќыламын аћа!

«Мен раббик!» - деген шаќта Мєњк‰р-Нєњк‰р,

Тіліме жєрдем бергіл, Раббым Алла!


Раббым Алла, нєбиім [54] – хаќ М±хаммед!

Дінім – ислам: руза, намаз – бізге міндет!

Періште М‰њкір-Нєњк‰р, менде нењ бар,

Мєзћабым [55] улфа сізден ізгі миллєт [56]!

Ақын өлеңдерінде «Мүңкәр» мен «Нәкир» «Мәңкүр-Нәңкүр», «Мүңкір-Нәңкүр» варианттарымен кездеседі.

Әдеб.: Єдеб: Ќазаќстан. ¦лттыќ энциклопедия 6 том./ Бас. ред. Б.Аяѓан. – Алматы: «Ќазаќ энциклопедиясыныњ» Бас редакциясы, 2004. 646 б.

Оңдасынов Н. Д. Арабша- қазақша түсіндірме сөздік (қазақ тіліндегі араб сөздігі) 2 том. –Алматы, Мектеп. 1984. -Б. 174. Будагов. Л.З. Сравнительный словарь турецко-татарских наречий. Том II. Санктпетербургъ. Типографиія импераьорской академіи наукъ. 1871. - С. 254. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 2 том. Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. – Б.103, 104. Мәжди Мухаммад Әш-Шиһауи. «Қабір азабы» Алматы – «Кәусар» - 2006ж. – Б. -32-33.



ҚҰЛ - Б.С.Ќараѓ±лова: «Тарихи жырлар лексикасы» - деген зерттеуінде «жесір» сµзі «ќ±л, т±тќынѓа т‰скен» деген маѓынада ќолданылѓанын айтады: жесір, олжа жєне жетім лексемалары маѓыналарыныњ кµнелік, тарихи сипаты, семантикасы жаѓынан µзара тыѓыз байланысты. А.Кайдар: Құл, күн купленные или взятые в плен, рассматривались как часть имущества рабовладельца, переходящая по наследству от отца к сыну и следующимпотомкам. Они имели право не только распоряжаться ими, как хотели, но и наказывать до отрезания им ухо, носа. Обычай отрезания рабу ухо как наказание в древние времена выполнялся при совершении побега от хозяина, причем при первом побеге - отрезали одно ухо, при повторном - второе ухо. (Құлақ кесті құл) - дейді. (Бекмаханов Е. Казахстан в 20-40 года XIX века. 1992: 104 б). Л.Будагов даг. جغار невольникъ, военноплънный (такъ называется въ Дагестанъ, вм. قول -Торнау, стр. 358) (1869: 437). Шонақ құл جونلق قول уродливый невольникъ (въ Кузы - кÿрпячь), جونلق كونك шұнақ күң уродливая неовльница,شونلق بيسبت шұнақ бишбет камзол безъ рукововъ (1869: 498). Алапа (тат) олжа, пайда, пара, взятка, подачка, подарок-дейді (С. Аманжолов, 1959: 355).

Мәшһүр – Жүсіп:

Сол кезде ханшаңыз қатты састы,

Жалғанда не өтпейді ғазиз бастан?!

Шақырып оңашада қасыма алдым,

Бар еді бір қара құл қызылбастан

- дейді.

Түйін. Мәшһүр - Жүсіп олжа лексемасын тұтқынға түскен құл сияқты мағынада қолданған. Олжа > жесір <> құл (күң).

Әдеб.: Тұрышев. А.Қ. Мәшһүр – Жүсіп шығармалары лексикасының этномәдени негіздері. // фил. ғылым. док., ғылыми дәреже. алу үшін дайын. диссер. – Алматы, 2005. – Б. 172.

КӨР - адам денесі жерленетін жер. [гробница, могила] – могила. Көрді тағы «мақбар», «қабір» деп те атайды. Ол жер ең ауыр әрі қорқынышты орын. Адам дүниеден қайтқаннан кейін мекен-жайлардың алғашқысы. Бұл жайында Ахмад ибн Мәжәһ Пайғамбарымыз (с.а.с.) – ның бір хадисін риуаят еткен. «Хазіретті Осман ибн Аффан қабір басына барған кезде көзінен жас парлап жылайтын еді. Бірде одан: «Жәннәт пен тозақ жайлы айтқан кезіңде жыламайсың да, қабір басына келген кезде неге жылайсың?» - деп сұрайды. Сонда Осман (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.а.с.) Әлбетте қабір ахиреттегі мекен жайлардың алғашқысы. Егер иесі оның азабынан құтылса, кейінгі сынақтардан жеңілірек болады. Ал құтылмаса одан да қиын болады.»-дейді.»

Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында көр сөзі кездеседі.

Мысалы:

Иншалла, жазған сөзім бір де қалмас.



Бұл өнер тірім түгіл, көрде қалмас.

Болат мәтін қанжармен – тесілген тас,-

«Тесік тас, - деген сөз бар, - жерде қалмас.

Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 142.

Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б.



ӘУЛИЕ– Аллаһтың жақын достары. «Әулие» араб тілінде «уәли» сөзінің көпше түрі. Құранның сөзімен хадистің ісімен жүріп, күнә атаулыдан бойын қашық ұстайтын тақуа адамдарды айтады. а. [әулийа: 1. близкий, родной; 2. покравитель, опекун; святой, угодник] – 1. рел. Святой, угодник, чудотворец.

Мәшһүр – Жүсіп Көпеев шығармаларында да әулие сөзі кездеседі:

- Алатау – басы толған қар, - деп айтты,

- Пішкәмнің жолы қиын, тар – деп айтты.

- Сахабауыл Ғабдолла ансары мен

Әулие «Күміс кептер» бар – деп айтты

- дейді.



Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 108. Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 52. Оңдасынов Н.Д. Арабша – қазақша түсіндірме сөздік. 1 том. –Алматы, Мектеп: 1984. – Б. 54.

ӘНБИЕ ­ пайғамбарлар. «Әнбие» - араб тілінде «нәби» - пайғамбар сөзінің көпше түрі. Пайғамбарлар деген сөз парсы тілінен келген. Қазақша да, түрікше де елші деген мағына береді. Ал араб тілінде «Расул» және «нәби» деп атайды.

Алғашқы пайғамбар хазіретті Адам атадан бастап, ең соңғы пайғамбар хазіретті Мұхаммед (с.а.с.)-ға дейінгі пайғамбарлардың бір бөліміне, ешкімге тәуелсіз кітап, шариғат заңы жіберілген. Басқаларына да өздерінен бұрын жіберілген пайғамбарлардың кітабына және шариғатына мойынұсынулары әмір етілген. Міне осы жөнінен пайғамбарлар екіге бөлінеді.

1 Расул. Алла Тағаладан тәуелсіз жаңа кітаппен, шариғатпен адамзатты дінге уағыздау үшін жіберілген пайғамбарларды «Расул» деп атайды. Расул сөзінің көпше атауы «Русул».

2 Нәби. Аллаһ Тағаладан өзіне тәуелсіз жаңа бір кітап немесе шариғат жіберілмеген, бірақ өзінен бұрынғы пайғамбарлардың шариғатымен үкім еткендерді «Нәби» дейміз. Нәби атауының көпше түрі «Әнбие». Осыған байланысты әр Расул нәби бола алады, бірақ әр Нәби Расул бола алмайды.

Әулие- әнбие. Әнбие кейде әмбие н//м үнді дыбысына ауысып келе береді.

Мәшһүр – Жүсіп Көпеевтің діни жырларында да әнбие сөзі ұшырасады.

Мысалы:

Әнбие айтып өткен мұрсал нәби,

«Жарайды, болсаң бол-деп, пәлі, пәлі!»

Көктен түскен сақаба – жүз жиырма,

Мақтауменен сөйлеген бәрі де, әні

- дейді.

Әдеб.: Рүстемов. Л.З. Казахско – русский толковый словарь арабско – иранских заимствованных слов. – Алма – Ата., Мектеп, 1989. - Б. 46. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 115. Х. Жанарыс. «Имандылықтың ғылыми негіздері» Павлодар. 2006ж. – Б. -78-79.

БАЙТУЛЛАҺ (بيت الله) ­ Араб тіліндегі «Байтун» үй және «Аллаһ» құдай, Алла деген екі мағынаның қосындысынан шыққан «Аллаһтың үйі» деген сөз. Яғни Аллаһты еске алып, ғибадатететін ғибадатхана, мешіт, намазханаларды Аллаһтың үйі дейді. Ислам дінінде алғашқы байтуллаһты Мұхаммед (с.а.с.) Мекке қаласына өзі салдыртқан еді. Сауд Арабиясының Мекке қаласындағы Мәсжидул-Харамның ішінде орналасқан төрт бұрышты биік әсем ғимарат бар. Оны Байтуллаһ, Байтул-Муаззам, Байтул-Шариф, Байтул-Мукаррам, Қағбатул-Мукаррам деп те атайды.

Осы Байтуллаһ сөзі Мәшһүр – Жүсіптің діни лирикасында да кездеседі.

Бұл жөнінде ол:

-Үстіне Байтолланың қара жауып,

Байларға рақат екен сонда бару.

Күші жетіп, шамасы келген жанға,

Жалғанда зор күшті армна-көрмей қалу

- дейді.


Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 203. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б. 368. Х. Жанарыс. «Имандылықтың ғылыми негіздері» Павлодар. 2006ж. – Б. - 243.

БЕС ПАРЫЗ - Ислам дінінің ең маңызды ірге тасы. Осы бес парызды орындаған адам Ислам дінінң өкілі, Аллаһ алдында шынайы мұсылман болып есептеледі. Бес парыздың төртеуіне сеніп, біріне сенбесе немесе төртеуін орындап, бірін мен үшін маңызды емес деген адам діннен шығып, «кәпір» болады. Бұл бес парыз Құран аяттарында да анық тұрде жазылып, Хақ жаратушы Аллаһтың өзі белгілеп бергендіктен әр мұсылманның бұлжымас міндетіне айналды. Сол себептен өзін мұсылманмын, Аллаһтың құлымын деген адам ақтық демі таусылғанша орындап өтуі шарт. Исламның бес парызы мыналар:

1. Калимаи шахадат – Бұл парыз әр адамның шын ниетімен, тілімен және жүрегімен «Ләә иләәһә иллә Аллаһ, Мұхаммадур-расул Аллаһ» яғни «Аллаһтан басқа құдай жоқ, Мұхаммед (с.а.с.) оның Елшісі» деп айтып, сеніммен иман ету арқылы орындалады. Әр мұсылман осы куәлікке байланысты амал жасау қажет. Ал мағынасын түсінбей тек тілмен ғана айтқан адамның куәлігі өзіне де өзгеге де еш пайда бермейді және қабыл болмайды. Аллаһтан басқа құдайға табынып, Аллаһқа серік қосқандар көп құдайшылдар қатарына кіреді. Құранда бұл жөнінде былай жазылған: «Айт (Ей, Мұхаммед!): Шынында да мен сендер сияқты адаммын. Маған тәңірлерің бір-ақ тәңір екендігі уахи етілуде. Сондай-ақ кім Раббына жолығуды үміт етсе, сонда түзу іс істеп, Раббына істеген құлшылығында; Оған ешкім ортақ қоспасын. » - дейді.

Мәшһүр-Жүсіп Көпеев діни лирикасында «Бес парыз» атты шығармасында калимаи шахадатты былайша жырлайды.

Исламның бес парызы: біреуі – иман,

Таппайды бұл бесеуін дүние жиған.

Ықтықат, шын ниетпен жұмыс қылып,

Ерлерді айт Құдай үшін жанын қиған.


Аузыңда болсын дайым Құдай сөзі,

Таймасын қарарлықтан көңіл көзі.

«Бір!» - деп, «бар!» - деп, илану – бізге парыз,

Ғаламға он сегіз мың патша өзі.



2. Салят ­ адамның ниетіне қосыла денесімен намаз түрінде орындалатын ғибадат, дұға ету. Мұсылмандарға үнемі Аллаһпен рухани байланыста болуы үшін күніне 5 мәрте намаз оқуы шарт. Сол арқылы мұсылмандар өзінің рухани болмысын мейірімділік пен жақсылыққа тәрбиелеп, жүректеріне сая табады. Бұл жөнінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеев былай деген:

Екінші, намаз ­ екен бізге парыз,

Айтпасақ, білмегенге бізге қарыз.

Нәпсіні құрбан қылып бауыздасақ,

Құдайға жетеді екен сонда ғарыз.

3. Саум – Жылына бір рет Рамадан айында ораза тұту. Осы кезде күн шығардан бұрын күн батқанға дейін адам ішуден, ішуден және жұбайлық қатынастан аулақ болуы керек. Ораза тұту ­ Аллаһ алдында ғибадат жасау мен құлшылық қылудың үлкен бір түрі. Сондай-ақ ораза адам ағзасына зор пайдасын тигізеді.

Мәшһүр-Жүсіп:

Үшінші бізге парыз – Шаһи Рамадан,

Бұ дағы бір қаруың жетсе қазаң.

Ұмытпай, бір күн қастан қаза болса,

Алпыс күн кіпарат бар осы – сазаң

- дейді.

4. Зекет ­ Аллаһ әрбір жағдайы жетік мұсылманға өзі тапқан ризығынан белгілі мөлшерде салық төлеуді бұйырған. Одан түскен пайданы кедей-кепшіктерге, жетім-жесірлерге, жағдайы нашар адамдарға беріледі. Егер мұсылман адамның жағдайы берілетін зекеттің мөлшерінен асып жатса, оған қанша берем десе де шек қойылмайды. Мәшһүр – Жүсіп:

Төртінші, бізге парыз – зекет малдан,

Бұл пәле тосатұғын әр қамалдан.

Жүрмейді зекетіңе қабыл болып,

Ақсақ, соқыр, тып-типыл құйрық жалдан

- дейді.

5. Хадж ­ тым құрыса өмірінде бір рет Аллаһ ризалығы үшін Меккеге барып қажылық жасау. Бұл мұсылмандар үшін ең қайырлы амалдардың бірі. Себебі, әр мұсылман бұл амалды бар ынта ниетімен, денесімен әрі дүниесімен жасайды. Бұл жөнінде Мәшһүр-Жүсіп Көпеев былай деген:

Біреуі бес парыздың ­ қажығы бару,

Бұл жолға мал мен жанды керек салу.

Шақырған бір Алланың ол жеріне,

Байларға қиын екен бармай қалу.

Ақынның діни сарындағы лирикалық жырларында бес парыз туралы көптеген өлең жолдары баршылық.

Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 1 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2003. – Б.138-141. «Ќ±ран кєрім ќазаќша маѓынасы» Х. Алтай аудармасы. 16-пара, 18-Кеһф с‰ресі, 110-аят, -Б. 304.

ЗАМАН АҚЫР – Аллаһтың әмірімен Исрафил (ғ.с.) сүр үрлегенде дүниенің күл болып өртеніп, таулар балқып, өзен-көлдер тасып, жер бетін қаптаған өрт болып, дүниенің астан-кестен болып жойылуы. Күллі әлемдегі дүние яғни он сегіз мың ғалам Аллаһқа бағыныштылығы сондай, мезгіл-мерзімі жеткенде жоқ бомақ. Барлық мұсылмандар бірігіп Аллаһқа ғана жалбарынып, содан ғана медет тілейтін болады. Исрафил (ғ.с.) сүрін екінші рет үрлегенде күллі жан-жануар, адамдар мен жындар қайта тіріліп, әр істеген амалдары үшін талан-таражыға салынады. Бір-бірінен сауап сұрап, қайыр тілейтін күйге жетеді. Сол кезде адамдардың амал дәптерлері не оң жақ немесе сол жақтан берілетін болады. Амалдарына қарай рухтардың не жәннәттық не тозақтық болатыны анықталатын болады. Күллі әлемнің жаратушы патшасы Аллаһ ең әділетті үкім шығаратын болмақ. Қазақ ақыны Мәшһүр-Жүсіп Көпеев өзінің діни дастандарында да осы ақыр заман жайында жыр етіп кеткен.

Мәселен:


Заманақыр кезінде,

Қойыныңда қатын жатпайды.

Ұрсаң тілін тартпайды.

Кінәсі асқан бұл пенде,

Құдайдан асылы қорықпайды.

Шешесіне бүлініп,

Ұлы шоқпар саптайды.

«Алжыған кәрі қақпас!» - деп,

Келіні сырттан боқтайды.

десе, тіпті «Заман ақыр» атты жыр да жазған.



Әдеб.: Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 7 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2006. Б. – 98. Мәшһүр – Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 5 том. . –Павлодар. «ЭКО» ЖШС, 2005. Б. – 150.

ҒАЙСА – (Айса, Иса, Иисус Христос) – Мұхаммед (с.а.с.) пайғамбарға дейін дүниеге келген пайғамбар. Дүниедегі әйелдердің ең жақсысы болған тақуа Мариям анадан Аллаһтың құдіретімен әкесіз құрсағына түскен нәресте. Мариямға нәрестелі болатыны жайлы уахи айтқан еді. Палестина жеріндегі Ал-Қудс қаласында дүниеге келген Мариямды сол жерге анасы Ханна Аллаһтың үйіне қызмет етуге береді. Аллаһтың үйінде қызмет етіп жүрген Мариям ең алдымен Аллаһтың қамқорлығында болады. Барлық ғалымдар, үлкен адамдар қызды қамқорлыққа алмақ боп таласады. Жеребе бойынша қыз нағашы апасының күйеуі Закария пайғамбар күтуші болып тағайындалады. Ол кезде Закария пайғамбар 100 жастан асқан еді. Аллаһтың әмірімен Жәбірейіл періште Мариямға келіп уахи айтады. Ер адамның бейнесінде көріп қалған Мариям қатты шошынып қалады. Жәбірейіл періште:

­ Мені саған Аллаһ жақсы хабармен жіберді. Сен Аллаһтың құдіретімен ұлды боласың. – дейді.

­ Мен ешбір ер адаммен жақындаспай қалайша ұлды болмақпын? – дейді Мариям.

­ Ол Аллаһқа оңай. Адасқан жұртқа құдіретін көрсету үшін сен арқылы әкесіз дүниеге бала жаратады. – деп жауап береді Жәбірейіл періште. Біраз уақыттан соң жүкті болған Мариям Әл-Қудсты тастап, Байт Ляхм қаласына қарай жол тартады. Жолда әлі құрып, кеуір кеткені соншалықты қурайын деп тұрған құрма ағашының түбіне отырып жылай бастайды. Сол кезде ғайыптан дауыс естіледі.

­ Қапаланба! Аллаһ сенің астыңнан бұлақ ағызады. Ағашты сілкісең жаңа піскен құрмалар түседі. Же, іш және алаң болма! Егер саған адам жолықса оған іштей: «Мен мейірімді Аллаһқа ораза тұтуға уәде еттім. Сол үшін бүгін ешкіммен сөйлесе алмаймын!» - де! – дейді.

Мариямның астынан бұлақ ағып, солған ағаш қайта тіріліп құрма түскенде дүниеге Иса атты пайғамбарды әкеледі. Мариям баласымен еліне қайта оралады. Кішкене сәбиді бауырына басып келе жатқан Мариямды көрген адамдар түрлі сөгіс айтып:

­ Саған бала қайдан келді? - дегендерге Мариям баланы көрсетеді.

­ Сен кімді мазақ қыласың? Тіл бітпеген баладан не сұрамақпыз? – дегенде сәби Иса (ғ.с.) пайғамбарға Аллаһтың құдіретімен тіл бітіп:

­ Мен Аллаһтың құлымын! Ол мені өзінің Елшісі етіп жаратты. Маған өз жазбасынан кітап дайындады. Мені Аллаһ адамдарды жақсылық жасауға, жамандықтан алшақтауға үйретуді бұйырды. Ол маған тек Өзіне ғана құлшылық қылуды бұйырды. Жағдайы нашар адамдарға көмек көрсетуге және аналарын сыйлауға әмір етті. Мен туылған, мен дүниеден қайтқан және қияметте болған күндеріме Аллаһ мейірімін берсін! –деп сөйлеп кетеді.

Бірнеше жылдар өткенде Иса (ғ.с.) өсіп, сондай мейірімді, бойында асыл қасиеттер қонған пайғамбар болады. Аллаһтың ашуын келтіреті істерден аулақ болып, Аллаһқа ғана табынуға шақырады. Оған Аллаһ «Інжіл» атты қасиетті кітап түсірді. Бірақ христиандықтар Иса – Аллаһтың баласы, тіпті Иса – құдай деп табынды.

Аллаһтың құдіретімен түрлі кереметтер жасады. Ол иудейлердің көз алдында болып жатты. Пайғамбар саздан құс жасап оған үрлегенде, құс тіріліп ұша кетеді. Және пайғамбар қатты ауырып жатқан адамдарды Аллаһтың көмегімен емдейтін. Көздері көрмей қалған көр соқыр адамдарды көре алатын жағдайға жеткізді. Басқа да қасиеттері бар еді. Барлық иудейлер оны сиқыршы деп ойлады. Зұлым адамдар барлық пайғамбарды жек көргендіктен Исаны да өлтірмек болады. Олар Иса (ғ.с.) пайғамбарға ұқсайтын адамды крест ағашқа байлап, жанын қинап өлтіреді. Құдіреті күшті Аллаһ Иса (ғ.с.) пайғамбарды өзіне алдыртқан еді. Ол әлі де болса тірі. Бұл жайында Қасиетті Құранда былай деген еді: «Тағы да; «Аллаһтың Елшісі Мариям ұлы Иса Масихті өлтірдік! » - дегендіктері... Негізінде олар оны өлтірмеді де, аспады, бірақ оларға ұқсатылды. Расында ол жайындағы қайшылықтағылар әрине одан күдіктенуде. Олардың оған байланысты мәліметтері жоқ. Бірақ күмәннің ғана соңында. Олар оны анық өлтірмеді. Олай емес, Аллаһ оны өз тарапына көтерді. Аллаһ үстем, хикмет иесі. Кітап иелері Иса (ғ.с.) – ға өлуінен бұрын әлбетте иман келтіреді. Және қиямет күнінде ол оларға куә болады.» - делінген.

Ақын Мәшһүр-Жүсіп Көпеев те өзінің діни дастандарында осы Иса (ғ.с.) пайғамбардың есімін жырға қосқан. Соның бірі:

Жұрт аузында әңгіме сөз болыпты,

Бір қуарған шүберек бөз болыпты.

Бұл моланың басына Құдай айдап,

Тақсыр Ғайса пайғамбар кез болыпты.-



Басқа ды жырларында көптеген жерлерді Иса (ғ.с.) – ның есімі Ғайса түрінде ұшырасады.

Әдеб.: Абай энциклопедиясы. «Атамұра» 1995. –Б. 190. Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы. Шығармалары. 3 том. Павлодар «ЭКО» ҒӨФ, 2003. –Б. 44. Книга из библиотеки сайта www.islamua.net.

АРАБ –ел. 1945 жылы 22 наурызда Каирде құрылған. Құрамына алғаш рет 5 ел Египет, Ирак, Сирия, Ливан, Иордания болған, кейін Йемен мен Сауд Арабиясы қосылды. Оған тәуелсіздікке қолы жеткен араб мемлекеттері қабылданып, қазіргі кезде 22 мемлекетті біріктіріп отыр. Олар жоғарыда аты аталғандардан басқа Мавритания, Марокко, Алжир, Ливия, Судан, Джибутта, Эритрия, Сомали, Оман, Біріккен Араб Әмірлігі, Қатар, Бахрейн, Кувейт, Палестина. 199 млн. тұрғындары бар. Араб жазуын қолданады. Діні-мұсылман, суниттер. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев:
Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Казахстан республикасының Ғылым және білім министрлігі
transactions -> Азамат Тілеуберді
transactions -> Қырықбай Аллаберген тарих және баспасөЗ Қазақ мерзімді баспасөзінде тарихтың «ақтаңдақ» мәселелерінің жазылуыбаспасөзінде тарихтың
transactions -> Екінші кітап
transactions -> МӘШҺҮр тағылымы жинақ 2 Том
transactions -> Е. Жұматаева жоғары мектепте оқытудың біртұтас дидактикалық ЖҮйесінің теориясы монография Павлодар 2012 Кереку
transactions -> Қазақ – шығыс және орыс (еуропа) Әдебиеті байланысы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет