Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы 2 Том



бет1/18
Дата15.09.2017
өлшемі3,93 Mb.
#32232
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті
Мәшһүртану ғылыми-практикалық орталығы
А.Қ. Тұрышев
Мәшһүр-Жүсіп ШығармаларыНДАҒЫ РУХАНИ МӘДЕНИЕТ лексикасы


2 Том

Павлодар


2008

ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81. 2. Каз-923

Т 84
С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі басуға ұсынған



Пікір жазғандар:

Е. Жанпейісов – А. Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының Бас ғылыми қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор.

С. Негимов – Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы.

Т. 84. Тұрышев А.Қ.

«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы» : Монография. – 2 том. – Павлодар : Кереку, 2008. – 204 б.

ISBN


«Мәшһүр-Жүсіп шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы» – атты монография мәшһүртанушыларға, жоғары оқу орындарының студенттеріне, бакалаврларына, магистрларына, этнолингвистика ғылымына қызығушылық танытқан зерттеушілерге арналған.

ISBN
ӘӨЖ 81:39 (574)

ББК 81. 2. Каз-923
©Тұрышев А.Қ., 2008

© С. Торайғыров атындағы Павлодар



мемлекеттік университеті, 2008

Кіріспе



Ал өз шығармаларын былай қойып, басы ашық ескі үлгілерді жазып алып біздің дәуірге жеткізген еңбек Мәшһүрде мол екенін және де естен шығармау керек. Сондықтан қазақ ауыз әдебиеті мен жазба әдебиетінің ғылымдық бір саласы историяграфия бөлімінде Мәшһүрдің ол түрдегі еңбегіне әрдайым орынды баға берілуі шарт.




Мұхтар Әуезов



«Разнообразна и богата духовная культура народа, составной частью которой являются многообразные формы народного поэтического творчества – фольклор, включающий в себя сказки, предания, легенды, песни, поговорки, загадки. Особое место занимают в поэтическом творчестве казахов героический и социально – бытовой эпос, айтысы. Эпический жанр, выступающий способом изустной передачи межпоколенной информации, возник в древности, в течении столетий обогащался, развивался и в основном отобразил условия кочевого быта, патриархально – родового уклада предков» – [1, б.101]. Ата-бабамыз қалыптастырған заттық және рухани мәдениеттің бір бөлігі уақыттың тезіне шыдап, келесі ұрпаққа өте бағалы және асыл мұра ретінде қалды. Бұл орайда, Р. Ахметьянов: чуваштар мен татарлардың эпосы мен мұралары өзара байланысы жоқ және тілдік материалдарды аз береді екен. Себебі, чуваштар да, сол сияқты татарлар да өзінің ұлттық эпосын иеленбегенін өкінішпен еске алады. Бұл дегеніміз, түріктердің эпикалық поэмалары рулық-тайпалық бөлініспен байланысты болған. Ал, тайпалық одақ татарлар мен чуваштарда өзінің құнын ХIV–ХV ғасырларда-ақ жойған екен. Рулық-тайпалық құрылымның бұзылуымен бірге о дүниеге рулық дәстүр болып саналған ата-бабаның ерлігін жырлайтындар да кетіпті. Қыпшақ эпосы тек қана көрші татарларда, ноғайларда, башқұрт пен қазақтарда ғана сақталыпты. Сібір татарларында «Едіге» жыры сақталса, жалпы түркілік эпос «Алпамыс» татар мен чуваштарда қысқа ғана қарасөз үлгі сымағы ғана табылады дейді [2, б.184-185]. Р. З. Ахметьяновтың бұл сөзі әр қазақты ойландыру керек сияқты. Бұндай мәдениет – «мәдени мұра» – деп аталады. «Мұрагерлік» – ұлтты біріктіретін өте маңызды фактор. Ол – елді қиын жағдайда ұйымдастырады. «Мәдени мұрадан» басқа, мәдени статикаға «мәдени ареал» ұғымы да кіреді. «Мәдени ареал» – әртүрлі мәдениеттің ішінен ең маңызды сипаттары бір-біріне ұқсас болып табылып жататын географиялық аймақ. Әлемдік масштабта мәдени мұрагерлік «мәдени әмбебапты» – шығарады. «Мәдени әмбебап» – нормы, құндылық, ереже, дәстүр, қасиет бұлар географиялық орынға, тарихи уақытқа және қоғамның әлеуметтік құрылымына тәуелді емес. Американдық антропологтар жетпістен астам әмбебапты бөліп қарайды олардың арасында: жас ерекшелік градациясы, календарь, тазалықты сақтау, тамақ пісіру, еңбек кооперациясы, би, декоративті өнер, білім, этика, этикет, семья, той, заң, медицина, музыка, мифология, күн (число), күштеу санкциясы, жеке аттар, діни дәстүрлер және т.б. түрлері бар. «Мәдениет» бұл – атап өткендей аса күрделі, көп деңгейлі жүйе. «Мәдениетті» тасушысына байланысты бөлу дәстүрге айналған. Осы тәуелділікке байланысты «әлемдік» және «ұлттық мәдениет» болып бөлінеді. «Әлемдік мәдениет» – бұл біздің планетаны мекендеген барлық әртүрлі халықтардың ұлттық мәдениетінің ең жақсы жетістіктері. «Ұлттық мәдениет» өз кезегінде әртүрлі мәдени кластың синтезі ретінде, қоғамдағы белгілі бір әлеуметтік қабаттың және топтың мүддесінен шығады. Ұлттық мәдениеттің әртүрлілігі оның қайталанбауы және жасампаздығы руханилығынан (тіл, әдебиеті, музыкасы, майлы бояу, діни), сол сияқты заттық мәдениетінен (экономикалық ерекшелік жағдайы, шаруашылықпен айналысу, еңбек дәстүрі және өндіріс) шығармашылық пен тіршілік сферасында т.б. көрінеді. Қоғамның көптеген мүшелері мәдениетінің құндылығын, сенімді, салт-дәстүрді басшылыққа алады. Сондықтан ол – «доминант мәдениеті» - деп аталады. Бірақ, қоғам бірнеше топқа (ұлттық, демографиялық, әлеуметтік, кәсіби т.б.) бөліне бастағандықтан әрқайсысында ақырындап өзіндік мәдениет қалыптасады, дәлірек айтқанда құндылық жүйесі және өзін-өзі ұстау ережесі қалыптасады. Осындай «кіші мәдениет әлемі» – «субмәдениет» – деп аталады. Мысалы: жастар субмәдениеті, кәрілер субмәдениеті, ұлттың азшылық субмәдениеті, кәсіби субмәдениеті, қалалық, ауылдық т.б. болып бөлінеді. «Доминант субмәдениеті» тіл ерекшелігі жағынан, өмірге көзқарасы, өзін-өзі ұстауы жағынан ерекшеленіп тұрады. «Субмәдениеттің» «доминант мәдениеттен» тек қана айырмашылығы болып қана қоймай, оған қарсы тұра алады, және де доминант құндылығымен әрқашан іліністе болады. Бұл – қарсымәдениет (контркультура) деген атпен жүреді. Қылмыс әлемінің субмәдениеті адамзат мәдениетіне қарсы болады. Мысалы, 60 - 70 жылдардағы жастардың қозғалысы «хиппи» Батыс Еуропа және АҚШ-тағы, америкалық құндылықтарды: атап айтқанда – әлеуметтік құндылықты, моральдық норманы және қоғамның тұтынушылық адамгершілік мұраттарын, ішіп-жеуді, саяси ымырашылдықты, сексуалды тұрақтылықты, конформизмді және рационализмді теріске шығарды. Қазақстандағы орыс тілді жастардың өз тілін, салт-дәстүрін, дінін білмей басқа дінге, секталарға енуі, батыстың кейбір мәдениетіне қол созуы, шетелдің порнографиясын, видеокасетасын дәріптеуі т.б. қосар едік. «Рухани мәдениет» – адамдардың талғамына байланысты дамыды. Ол өзінің құрамдас бөлігі ретінде эстетика мен этика нормаларын қабылдауға мәжбүр болды. «Мораль» – нормасы ретінде *«эстетика» мен «этика» адамның рухани сипатын анықтады. *«Эстетика» – (грек – ощущение) – өнер туралы философиялық оқу. «Этика» – (грек. адамгершілік, дәстүр қағидасы, мінез нормасы) адамдардың бір-біріне деген қарым-қатынасы, жоғарғы мәдениеттілік келбеті (Краткий философский словарь. 1940. – С. 323-324). «Салт-дәстүр» – адамзаттың рухани көне құбылыстарының бірі. Этнографиялық зерттеу мынаны көрсетеді: салт-дәстүр қоғамдағы архаикалық мәдениеттің доминанты болып табылады. Салт-дәстүр – әдеттегі саналы түрде адамзаттың аз өзгеріске түскен түрі. Әдет-ғұрып аса қарапайым мінез-құлықтардың бүтіндей, үйреншікті өмір салтының үлгілерінің негізінде қалыптасады. Олар қоғамда белгілі бір уақытта, орында, белгілі бір – оқиға – жағдайға байланысты қолданылып жатады. Ол үлгіге қарекеттің айқындалмаған бір бөлігі енгізіледі (Ө. С. Төкенов. Мәдениеттану негіздері. 2001. – Б. 63.).

Рухани мәдениет пен мифологияның тұтасып, бітісіп кеткен тұсын Мәшһүр-Жүсіп шығармаларының этномәдени лексикасын талдағанда көзіміз жетті. Екеуінің айырмашылықтары да жоқ емес. Мифология көбіне адам қиялының жемісі ретінде көрініс береді. Сыртқы тылсым дүниенің сырын ұғынуға ұмтылудан шыққан әрекетпен бейнеленеді. Тәңір мен бата аяқты, ұмай мен неке қиярды, бақсы мен септі, абыз бен жасауды тіптен салыстыра алмаймыз. Әрине, бұл арада өлік шығаруға, сәби дүниеге келгенде жасалатын ырым-жоралар мифпен де байланысы байқалады. Ал, сеп, жасау, қалың мал, сүйінші, қынаменде сияқты лексикалар таза қазақтың өз ішінен шыққан рухани этномәдениетпен тығыз байланысты. Бірақ, кей жағдайда мифпен бекитін тұсы да жоқ емес. Біз Мәшһүр-Жүсіп Көпеев шығармасынан алынған қазақтың этномәдени тұрмысына жақын лексикаларға ғана талдау жасайтын боламыз. Олар: бата аяқ (миф араласқан), талақ (дін араласқан), кит кигізу, сеп, жасау, қалың, қалың мал, жиырма, тоғыз (миф араласқан), шілдехана (миф араласқан), қынаменде, қыз ойнақ, көрімдік, сүйінші, байғазы, сауға, сауғат, төркін т.б.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет