Мәтінмен жұмыс студенттің сөздік қорын дамытумен тығыз байланысты



Дата11.01.2017
өлшемі102,37 Kb.
#6809
УДК

Аширова А.Т.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің доценті

Алматы қ., Қазақстан


e-mail: anara_314@mail.ru
Мәтінмен жұмыс студенттің сөздік қорын

дамытумен тығыз байланысты.
Аңдатпа. Мәтінмен жұмыс жасаудың ерекшелігі: ол тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, эссе және т.б. оқу арқылы студенттің тілі дамиды. Мәтінмен жұмыс студенттің сөздік қорын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру студенттерге өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мәтінмен жұмыс жасау сөз арқылы студентті дәл ойлауға дағдыландырып, оның шығармашылық қабілеттерін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Сөз байлығы-қоғамның байлығы, әр тұлғаның байлығы. Сондықтан да студенттердің сөздік қорын байыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Сөз байлығының жетіспеушілігі студенттердің өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуі барысында қиындық тудырады.

Түйінді сөздер: Мәтінмен жұмыс, тілдің дамуы, қоғамның байлығы, тұлғаның байлығы, сөздік қор, асыл мұра, морфологиялық құрам, абстракциялы ұғым.
Мәтінмен жұмыс жасау – тіл дамытудың іргетасы, студенттердің жаңа сөздер үйренуде, бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздерінің мағынасын анықтауда маңызы зор. Сондай-ақ мәтінмен жұмыс жасау барысындағы сөздік жұмысы сөйлем құрауға материал береді, сөздерді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме айтуға, шығарма жазуға көмектеседі.

Әдіскер ғалымдар М.Т.Баранов, А.Р.Прудникова жаттығу әдісінің маңыздылығына ерекше тоқтала келіп, «Сөздік және лексикалық жаттығуларды бір-бірімен айыру қиыншылық тудырады, олар тығыз байланысты. Өйткені екеуінің де негізі – сөзбен жұмыс жасау» – дей келіп, сөздік жұмыстарға тілді сезіну мен сөзді дұрыс түсінуі, орынды қолдана білуі, сөз тіркестерін жасау, сөйлем құрау, мазмұндама, шығарма жазуды жатқызады.

Мәтінмен жұмыс жасаудың ерекшелігі: ол тіл дамытудың басқа түрлері сияқты оқу-тәрбие жұмысының барлық салаларында жүргізіледі. Өлең, әңгіме, мысал, мақал-мәтелдер, эссе және т.б. оқу арқылы студенттің тілі дамиды. Мәтінмен жұмыс студенттің сөздік қорын дамытумен тығыз байланысты. Тілді, оның грамматикалық құрылысын меңгеру студенттерге өз пікірлерін айтуға, сұрауға, қорытынды жасауға, заттар мен құбылыстар арасындағы алуан түрлі байланыстарды аңғара білуге мүмкіндік береді.

Сонымен бірге мәтінмен жұмыс жасау сөз арқылы студентті дәл ойлауға дағдыландырып, оның шығармашылық қабілеттерін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Сөз байлығы-қоғамның байлығы, әр тұлғаның байлығы. Сондықтан да студенттердің сөздік қорын байыту мақсатында мәтінмен жұмыс жүргізудің маңызы зор.

Сөз байлығының жетіспеушілігі студенттердің өз ойын ауызша, әрі жазбаша, дәл, жүйелі жеткізуі барысында қиындық тудырады.

Халқымыздың тарихи асыл мұрасы – тілді болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың сана-сезімін, дүние танымын кеңейтіп, ой дәлдігіне, сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төселдіру – аса игі іс.

Профессор М.Балақаев «Тіл мәдениеті дегеніміз сөйлеудегі, жазудағы сыпайылық, ізеттілік қана емес, сонымен қатар айқын ойлылық, сөзді дәл айту шеберлігі, сөйлеу өнеріне шыныққандық, сауаттылық» – дейді. Егер тіл мәдениеті үлкен арна болса ауызекі және жазба тіл – соның басты салалары. Студенттердің сөзік қорын дамыту үшін ең бастысы оның ой – өрісін, тіл байлығын дамыту қажет. Студенттің ойлау қабілетін жетілдіріп, тілін байытудың жолдары жетікілікті. Солардың бірі – мәтінмен жұмысын жүргізу. Мәтінмен жұмыс жүргізу студенттің жаңа сөздер үйренуде бұрын білетін немесе түсінбейтін сөздерінің мағынасын анықтауда маңызы өте зор.

Сондай-ақ сөйлем құрауға, сөзді байланыстырып сөйлеуге, әңгіме құрауға, шығарма жасауға көмектеседі.

Мәтінмен жұмыс онда кездесетін түсінік сөздер мен ұғымдарды түсіндірумен ғана аяқталмайды. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқау сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар студенттердің ой-өрісін, тілін дамытады, эстетикалық талғамын арттырады. Студент өзінің үйренген ауызекі сөздерін сөйлеу тілінде қолдана білсе, оның ақыл – ойын дамытуға әсер етеді. Бұл жөнінде Л.Н.Толстой: «Балаға үйренген сөзін сөйлеу тілін өзінің ауызекі сөйлеуінде бір рет қолдана алса, ол өзінің жеке меншігіне айналады» – деген. Яғни, сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін студент өз бетімен сөйлем құрап, қолдана алатыны сөзсіз.

Мәтінмен жұмыс жүргізу барысында тапсырмаларды бірізділікпен және жүйелі түрде орындату арқылы студент жетістігіне қол жеткізуге болады.

Сөздік қорды дамытудың қайнар көзі - мәтіндер, жаттығулар, тапсырмалар. Сонымен қатар сөз маржаны ауыз әдебиет үлгілері мақал-мәтелдер, жұмбақтар, жаңылпаштар болып табылады. Студент оқыған мәтіннің мазмұнын дұрыс қабылдау үшін, сөздік жұмыстарының жүргізілуін мұқият қадағалау қажет, яғни мәтінде студентке түсініксіз бірде-бір сөз болмауы қажет. Мәтінде кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіру сатылы негізде жүзеге асырылуы тиіс: мәтінді оқуға дайындық кезеңінде; мәтінді оқу барысында; мәтінді оқып шыққаннан кейін.

Ал, өлең оқу барысында сөздік жұмысы өлеңді оқымас бұрын немесе оқып болғаннан кейін ғана жүргізіледі.

Нақтырақ тоқталсақ, мәтіннің мазмұнын түсіндіруге кедергі жасайтын сөздер дайындық кезінде түсіндіріледі. Сөз тіркестері синоним, антоним, көп мағыналы сөздерді түсіндіру мәтін оқылғаннан кейін, шығарманың мазмұнын талдау барысында жүргізіледі.

Сонымен оқытушы мәтінді оқуға дайындалу барысында, біріншіден мәтінді дұрыс қабылдауға қажетті сөздерді таңдайды, екіншіден оқу барысында мағынасы ұғындырылатын сөздерді, үшіншіден студенттердің сөздігіне енгізілетін сөздерді іріктеп алады.

Психологтардың айтуынша сөздікпен жұмыс жасау барысындағы ең басты талап – сөз бен оқырман санасындағы бейнені түрлі жолдармен үнемі ұштастырып отыру (себебі сөз бейнесі санадағы нақты елес жеткіліксіз болса, онда сабақтастық туа қоймайды) болып табылады.

Сөздердің мағынасын ашып түсіндіру алуан түрлі тәсілдері бар. Мәселен, затты табиғи жағдайда бақылау немесе көрсету, саяхат ұйымдастыру, заттың өзін немесе суретін көрсету арқылы сөздің мағынасын айқындау, синоним сөздерді қолдану: «қандай сөздермен ауыстыруға болар еді? Басқаша қалай айтар едік?» деген сияқты сұрақтар қою арқылы синоним табуға студенттердің өздерін қатыстыру. Кейде сөзді морфологиялық құрамына қарай талдау арқылы түсіндірудің де пайдасы зор болмақ. Тіпті сөздерге анықтама беру арқылы да түсіндіруге болады.  

Абстракциялы ұғымдарды түсіндіру үшін күнделікті тұрмыстан мысалдар, фактілер келтіріліп, әңгіме айтылады. Мәселен, дархандық, бір сөзділік, ерлік, қаһармандық, қайырымдылық және т.б. сөздерінің мағынасы осы тәсілмен түсіндіріледі. Сөздердің мағынасын түсіндіруге техникалық құралдарды, интерактивті тақтаны пайдаланудың да пайдасы зор.

Тіл дамытуда көркем шығармалар тілінің бейнелік құралдарын үйрету аса маңызды болып табылады.

Көркем мәтінде ауыспалы мағыналы бейнелі сөздер өте көп кездеседі. Оларды студенттерге таныту үшін мәтіннен бейнелі сөздерді табу қажет, бейнелі сөздердің, сөз тіркестерінің мән-мағынасын түсіндіру қажет, сұрақ қою арқылы сөзді бейнелеп, көз алдына елестету қажет, осы сөздерді өздері құрастырған әңгімелерінде пайдалануын қамтамасыз ету қажет, дауыс ырғағын келтіру, мәнерлеп оқу керек, теңеу, эпитеттер табуға жаттығулар жасау керек.

Қандай тіл болмасын оның лексикалық байлығы мен оралымдылығы синонимдер арқылы көрініс табады. Ал, қазақ тілі синоним сөздерге ең бай тілдің бірі болып табылады.

Мәтінмен жұмыс жасау барысындағы ең басты міндеттердің бірі – студенттердің үйренген сөздерінің белсенділігін арттыру. Ол үшін әр сабақ сайын жүйелі түрде арнайы тапсырмалар берілуі қажет. Мәселен, жаңа сөздерді қатыстырып сөз тіркестерін құрау, сөйлем құрау; мәтінге жақын мазмұнда әңгімелеу және т.б.

Студент жаңа танысқан сөздерін ауызекі сөйлеу тілінде қолдана білсе, ол оның ақыл-ойын дамытуға ықпал етеді. Сөзді орынды қолданып, оның мағынасын жетік білетін студент өз бетімен сөйлем құрап, оның мағынасын түсініп, сөйлеу тілінде шебер қолданатыны сөзсіз. Студентті өз ойын айта білумен бірге жаза білуге де дағдыландыру қажет. Грамматиканы, синтаксисті жақсы меңгерген студент сөз тіркесін дұрыс біліп, сөйлем құрастыра алады. Оқытушы сөз тіркесін және сөйлемді құрату арқылы оқушыны тілдік фактілерді орынды қолдана білуге, әсіресе синонимдік қатарларды, сөзді талғап, таңдап қолдануға үйретеді. Сонда ғана тіл үйренушінің жазған мазмұндамасы мен шығармасы талапқа сай болып, жазба тілі дамиды. Ауызша тіл кітап оқу, әңгімелеу арқылы көрінсе, жазбаша тілді дамыту мазмұндама, шығарма т.с. жазу жұмыстары арқылы жүзеге асырылады. Бұл жұмыстардың қайсысы болсын, сөз арқылы дәл ойлауға, үйретуге, студенттің шығармашылық қабілетін арттыруға, сөйлеудің мазмұны мен формасының бірлігін қамтамасыз етуге бағытталады. Ауызша және жазбаша (мазмұндама, шығарма) жұмыстарын дидактикалық ұстаным талаптарына сәйкес студенттің ойы мен тілін дамытуға мүмкіндік береді.

Қазіргі таңда қазақ тілінің қоғамдық қарым-қатынастың барлық саласында қолдану аясын барынша кеңейту міндеті қойылып отыр. Ана тілінде дұрыс сөйлеп, сауатты жаза білу кез-келген тұлғаның азаматтық парызы болып саналады. Халқымыздың тарихи асыл мұрасы тілді болашақ ұрпаққа жеткізу, олардың сана – сезімдерін, дүниетанымын кеңейтіп, ой дәлдігі мен сөз жүйелігіне, тіл тазалығына төсілдіру аса игі іс болып табылады. Мұндағы көзделген басты мақсат – студентті сөйлеу мәдениетіне үйретіп, шешен де шебер сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Сондықтан мәтінді талдауға байланысты жүргізілетін жұмыс түрлерін бір жақты ұйымдастырмай, студенттердің сөйлеу, пікір алысу дағдыларын ұштау болып табылады.

Мәтінмен жұмыс жасау тілді дамыту басты көрсеткіші. Ол дәйекті зерттеу мен мұқият зерделеуді қажет ететін психологиялық, педагогикалық, лингвистикалық мәселе болып табылады. Тіл дамыту студенттің дұрыс сөйлей білуіне көңіл бөлу, сөз байлығын арттыру, ойлауын дамыту т.б. жұмыстарды қамтиды. Студенттің ойлауын жетілдіріп, тілін байыту жолдарының бірі – мәтінмен жұмыс жүргізу.

Мәтінмен жұмыс онда кездесетін түсініксіз сөздер мен ұғымдарды түсіндіріп, анықтаумен ғана шектелмейді. Ол жаңа ұғымдар жасау, заттың жаңа қасиеттерін табу, жаңа көріністерді байқау сияқты жұмыстармен тығыз байланысты. Мұндай жұмыстар студенттердің ойын, тілін дамытады, эстетикалық таным-талғамын арттырады.

Пайдаланған әдебиет:


  1. Қ. Жарықбаев Психология. Алматы. «Білім», 1993ж. 

  1. Ш. Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова Педагогика. Астана «Фолиант», 2007ж. 

3. Т.М. Артыкова Педагогические условия формирования учебной языковой среды при обучении государственному языку.-Алматы, 2003.-176 с.

4. Әбілқаев Ә., Құлмағамбетова Б. Қазақ тілін оқыту. Әдістемелік нұсқау,-Алматы,1984ж.

5. Әлімжанова Д., Маманов Ы. Қазақ тілін оқыту методикасы.- Алматы,1965ж
Аширова А.Т.
РОЛЬ РАБОТЫ С ТЕКСТОМ В ОБОГАЩЕНИИ

СЛОВАРНОГО ЗАПАСА СТУДЕНТОВ

Резюме. В статье описывается одна из основных особенностей работы с текстом, которая заключается в том, что она, как и другие виды развития языка, проводится во всех сферах учебно-воспитательной работы. Автор акцентирует свое внимание на том, что такие виды репродуктивной работы, как написание рассказов и эссе, а также заучивание стихотворений, пословиц и поговорок, студенты эффективнее усваивают язык, развивая его в разных видах речевой деятельности. Основное внимание в статье уделяется методом и приемам работы с текстом как основной единицей обучения. Приводятся примеры того, каким образом усвоение языка и его грамматической структуры позволяет студентам грамотно оформлять и выражать свои мысли, строить вопросительные предложения и позволяет уловить и осознать различные связи между вещами и явлениями. Данная статья ставит своей целью – рассмотреть и классифицировать все потенциальные возможности работы с текстом в иноязычной аудитории для эффективного усвоения казахского языка: формирование навыков мышления студентов, раскрытие и повышение их творческих способностей, установление единства содержания и форм.

Ключевые слова: Работы с текстом, развитие языка, богатство народа, богатство личности, словарный запас, драгоценное наследие, морфологический состав, абстрактные понятие.


A.Ashyrova
THE ROLE WORKING WITH TEXT IN THE ENRICHMENT
VOCABULARY STUDENTS

Summary.

This paper describes one of the main features of the text, which is that she, like other types of language development is carried out in all areas of teaching and education. The author focuses on the fact that these types of reproductive work as writing short stories and essays and memorizing poems, proverbs, students learn the language more effectively, developing it in different kinds of speech activity. The main attention is paid to the methods and techniques of working with text as the basic unit of study. Provides examples of how the acquisition of language and its grammatical structure allows students to correctly make out and express themselves, build interrogative sentences and allows to capture and understand the various connections between things and phenomena. This article aims - to examine and classify all the potential of working with text in a foreign language audience for effective learning Kazakh language: the formation of students' thinking skills, the expansion and improvement of their creative abilities, establishing the unity of content and form.



Students know new use of familiar words spoken language that contributes to the development of his mind. Using the right word, a good understanding of the meaning of their students to understand the meaning of the sentence did it on their own, will use a speech-language master. Students need skills to be able to write a play with the ability to speak. Grammar, syntax, students also have mastered the phrase the right to know and be able to form sentences. Phrase and sentence teachers of students to learn the language, using facts, especially synonymous with the series, the choice of words, and then learn how to use. Then work the students write a summary only and in accordance with the requirements, develop a written language. Oral language, reading a book, the story is seen through a written summary of the development of language, composition, etc.

Key words: Working with text, the development of language, the wealth of the people, the wealth of the individual, vocabulary, a precious heritage, morphological composition, abstract concept.
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет