Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания образования



Pdf көрінісі
бет1/18
Дата28.11.2019
өлшемі4,04 Mb.
#52604
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
Методические рекомендации по изучению учебного предмета «физика»
тема 6

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  
Министерство образования и науки Республики Казахстан  
 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы  
Национальная академия образования имени И. Алтынсарина  
 
 
 
 
 
БІЛІМ МАЗМҰНЫН ЖАҢАРТУ АЯСЫНДА 
 
«ФИЗИКА» ОҚУ ПӘНІН ОҚЫТУ БОЙЫНША (7-9-СЫНЫПТАР) 
ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫМДАР 
Әдістемелік ұсынымдар 
 
МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ ПО ИЗУЧЕНИЮ УЧЕБНОГО 
ПРЕДМЕТА «ФИЗИКА» (7-9 КЛАССЫ) В РАМКАХ ОБНОВЛЕНИЯ 
СОДЕРЖАНИЯ ОБРАЗОВАНИЯ 
Методические рекомендации 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Астана  
2018  
 


 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға 
ұсынылды (2018 жылғы 12.03. № 3 хаттама)  
 
Рекомендовано  к  изданию  Ученым  советом  Национальной  академии 
образования им. И. Алтынсарина (протокол № 3 от 12.03.2018 года)  
 
 
Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (7-9-сыныптарда)  «Физика»  оқу  пәнін 
оқыту  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар.  Әдістемелік  ұсынымдар.  -  Астана: 
Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2018. – 120б.  
Методические  рекомендации  по  изучению  учебного  предмета  «Физика» 
(7-
9классы)  в  рамках  обновления  содержания  образования.  Методические 
рекомендации.  - Астана: НАО имени И. Алтынсарина, 2018. – 120с.  
 
 
Әдістемелік  ұсынымдарда  білім  мазмұнын  жаңарту  аясында                           
(7-9-
сыныптарда)  «Физика»  пәні  оқу  бағдарламасының  ерекшеліктері,  пәнді 
оқытуды  ұйымдастырудың  формалары  мен  әдістері,  қысқа  мерзімді  жоспар 
дайындау  және  критериалды  бағалауды  ұйымдастыру  бойынша  әдістемелік 
ұсынымдар  берілген,  7-9-сыныптар  үшін  «Физика»  пәні  бойынша  қысқа 
мерзімді жоспарлардың үлгісі ұсынылған. 
Әдістемелік  ұсынымдар  білім  беру  ұйымдарының  басшылары  мен 
қызметкерлеріне,  білім  басқармаларының  басшылары  мен  әдіскерлеріне, 
физика  мұғалімдеріне  және  мектепте  оқу  процесін  жоспарлау  мәселесімен 
айналысатын мүдделі тұлғаларға бағытталған. 
 
В  методических  рекомендациях  рассмотрены  особенности  учебной 
программы  «Физика» (7-9 классы) в рамках обновления содержания, формы и 
методы  организации  обучения  учебного  предмета  «Физика»;  методические 
рекомендации  по  разработке  краткосрочных  планов  и  организации 
критериального  оценивания;  представлены  примерные  краткосрочные  планы 
по учебному предмету «Физика» для 7-9 классов.   
Данные  методические  рекомендации  адресованы  руководителям  и 
работникам  организаций  образования,  начальникам  и  методистам  управлений 
образования,  учителям  физики  и  всем,  кто  интересуется  вопросами 
планирования образовательного процесса в школе.  
 
 
 
 
 
 
© Ы. Алтынсарин атындағы  
Ұлттық білім академиясы, 2018.  
© Национальная академия образования  
им. И. Алтынсарина, 2018.  


 
КІРІСПЕ 
 
Қазақстан 
Республикасының 
Президенті 
Н.Ә. 
Назарбаевтың 
бастамасымен ЭЫДҰ елдерінің стандарттары негізінде адами капитал сапасын 
арттыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын іске асыру аясында «Білім 
туралы»  Қазақстан  Республикасының  Заңына  өзгерістер  мен  толықтырулар 
енгізілді,  Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2016  жылғы  1  наурыздағы     
№  205  Жарлығымен  Қазақстан  Республикасында  білім  беруді  және  ғылымды 
дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы бекітілді. 
Орта  білім  берудің  мазмұнын  жаңарту,  мектептегі  білімнің  жаңартылған 
мазмұнына  кезең-кезеңімен  көшу  заңнамамен  регламенттелді.  Жаңартылған 
білім мазмұнына көшу үшін мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру 
стандарттары, үлгілік оқу жоспарлары, оқу бағдарламалары әзірленді. 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  7-9-сыныптарына  арналған  «Физика» 
пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  Қазақстан 
Республикасы  Білім  және  ғылым  министрінің  2017  жылғы  25  қазандағы            
№ 545 бұйрығымен бекітілді [1].  
7-9-
сыныптардағы  физика  курсын  оқу  мақсаты  –  білім  алушылардың 
ғылыми  дүниетанымдық  негіздерін,  әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесін 
тұтастай  қабылдауын,  өмірде  маңызды  практикалық  мәселелерді  шешуде 
табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау қабілеттерін қалыптастыру.  
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасында  оқу  пәнінің 
мазмұнын  анықтаудың  негізі  болып  табылатын  оқу  мақсаттарының  жүйесі 
түрінде  ұсынылған  күтілетін  нәтижелер  қалыптастырылған.  Бағдарлама 
практикадан  теориядан  өтуге  негізделген,  білім  алушылардың  негізгі  игерген 
білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған.  
Мазмұны тұрғысынан оқу бағдарламалары білім алушыны өзін-өзі оқыту 
субъектісі  және  тұлғааралық  қарым-қатынас  субъектісі  ретінде  тәрбиелеуде 
нақты оқу пәнінің қосатын үлесін айқындайды. Егер, білім алушылардың білім 
мен білік, дағдысы жеке өмірлік жоспарларын іске асыруға, өз денсаулықтары 
мен өмірін қорғауға мүмкіндік берсе, олардың пәнге қызығушылығы артатыны 
сөзсіз. Бағдарламада
 
білім алушылардың жас шамасын ескере отырып, олардың 
практикалық іс-әрекетіне кеңінен мүмкіндік туғызу ескерілген.  
7-9-
сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасындағы өзгерістерді шешу мәселенің шешімдерінің бірі 
ретінде  «Білім  мазмұнын  жаңарту  аясында  (7-9  сыныптарда)  «Физика»  оқу 
пәнін  оқыту  бойынша  әдістемелік  ұсынымдар»  әдістемелік  ұсынымдары  
ұсынылады. 
 
 
 
 
 


 
1 
Білім  мазмұнын  жаңарту аясында  (7-9-сыныптарда)  «Физика»  пәні  оқу 
бағдарламасының ерекшеліктері 
 
Жалпы  білім  беретін  мектептің  алпысыншы  жылдардың  аяғында 
қалыптасқан физиканы оқытудың құрылымы  қырық  жылдан  астам уақыт бойы 
пайдаланылып келді. Оқытудың бірінші сатысында (7-9-сыныптар) физика пәні 
бойынша  неғұрлым  өмірге  маңызды  білімдер  мен  практикалық  біліктерді 
қалыптастыруды  көздейтін  пропедевтикалық  (бастапқы)  курстар  оқытылады. 
Ал оқытудың екінші сатысында (10-11-сыныптар) физиканың іргелі теориялары 
негізінде құрылған жүйелі курстар  оқытылады. «Физика» пәнiнiң базалық бiлiм 
мазмұны алғашқыда бес мазмұндық желі бойынша анықталып, кейіннен іргелі 
теориялар  төңірегіне  топтастырылып  беріледі.  Атап  айтқанда,  физика 
курсының  мазмұнына  механика  мен  молекулалық  физикадағы  және 
электродинамика, оптика мен атомдық физикадағы негiзгi заңдар мен ұғымдар, 
физикалық  құбылыстар  мен  оларды  зерттеу  әдiстерi,  сонымен  қатар  аспан 
денелерi  мен  олардың  физикалық  табиғатын  зерттеу  әдiстерi  мен  нәтижелерi, 
әлем құрылысы мен оның дамуы туралы мағлұматтар енгiзiлдi [2].  
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 
3  сәуірде  №115  бұйрығымен  бекітілген  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің          
7-9-
сыныптары  үшін  «Физика»  пәнінен  қолданыстағы  үлгілік  оқу 
бағдарламаларында теориялық мәліметтерді зерттеуге және білім алушылардың 
практикалық дағдысын қалыптастыруға арналған көрсетілім, практикалық және 
лабораториялық  жұмыстарды  орындау  және  білім  алушылардың  білімiн 
тексеруге  бөлінетін  уақыттың  рационалды  сәйкестігі  қарастырылды.  Оқыту 
бағытына  тәуелсіз,  физикаға  және  оның  қолданбалы  аспектілеріне 
қызығушылық білдірген білім алушыларға мектептің таңдау курстары бойынша 
оқуға  мүмкіндік  туғызу  арқылы  пәнді  зерделеуге  бөлінетін  сағат  сандарын 
ұлғайта алды [3]. 
Қазақстан  Республикасы  Білім  және  ғылым  министрі  міндетін 
атқарушысы 2017 жылғы 25 қазандағы № 545 бұйрығымен бекітілген «Негізгі 
орта  білім  беру  деңгейінің  7-9-сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен 
жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы»  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  2012  жылғы  23  тамыздағы  №  1080  қаулысымен  бекітілген  Орта 
білім  берудің  (бастауыш,  негізгі  орта,  жалпы  орта  білім  беру)  мемлекеттік 
жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген. 
Оқу  бағдарламасы  білім  алушылардың  жас  ерекшеліктерінің  танымдық 
мүмкіндіктеріне  сәйкес  әр  оқу  пәнінің  мазмұнын  және  олардың  білім,  білік, 
дағдыларының көлемін анықтайтын оқу-нормативтік құжат болып табылады.  
Бiлiмнің  базалық  мазмұны  ұлттық  және  әлемдiк  мәдениеттiң  негiзгi 
құндылықтары  мен  жетiстiктерiн,  адамның  жалпы  дүниетанымдық 
ұстанымдарын  анықтайтын  және  білім  алушының  интеллектуалдық  және 
жалпымәдени  дамуына,  олардың  әлеуметтiк  және  функционалдық 
сауаттылығын  қалыптастыруға  жағдай  жасайтын  iргелi  ғылыми  идеялар  мен 
фактiлердi  қамтиды.  Базалық  мазмұн  жалпы  бiлiм  беру  деңгейлері  мен  оқу 


 
пәндерiнiң сабақтастығын қамтамасыз етедi, білім алушыларға бiлiмiн әрі қарай 
жалғастыруға мүмкiндiк бередi. 
Бағдарлама практикадан теориядан өтуге негізделген, білім алушылардың 
негізгі игерген білімдерін тәжірибеде көбірек қолдануға бағытталған.  
Оқу бағдарламалары білім беру құндылықтарының өзара байланысы мен 
өзара  шарттылығына  негізделген  тәрбиелеу  мен  оқытудың  біртұтастығы 
қағидатын  және  нақты  пәнді  оқу  мақсаттарының  жүйесі  бар,  мектепті 
бітіргеннен кейін нәтижелері іске асыруға мүмкіндік береді. 
Оқу  бағдарламасында  адамның  табиғатпен  өзара  қарым-қатынасы, 
адамның  Әлемдегі  және  планетадағы  орны,  өмірдің  мәні  туралы  мәселелер, 
сондай-ақ  білім  алушыларға  білім  беруде  және  тәрбиелеуде  үлкен  мәні  бар 
лабораториялық және практикалық жұмыстар маңызды орын алады. 
7-9-
сыныптарға  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік оқу бағдарламасының құрылымы қолданыстағы бағдарламадан өзгеше. 
Қолданыстағы  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-9-сыныптары  үшін  типтік 
оқу  бағдарламасы  мен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы 
салыстырмалы түрде 1-кестеде берілген. 
 
1-
кесте  –  Қолданыстағы  негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  типтік  оқу 
бағдарламасы    мен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасының 
құрылымының салыстырмасы 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  үшін 
типтік оқу бағдарламасы (2013) 
 
Жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламасының құрылымы (2017) 
1. Түсінік хат 
1-
тарау.Жалпы ережелер 
2. Оқу пәнінің базалық білім мазмұны 
2-
тарау.  «Физика»  пәнінің  мазмұнын 
ұйымдастыру 
3. 
Білім алушыларының дайындық деңгейіне 
қойылатын талаптар 
3-
тарау. Оқу мақсаттарының жүйесі 
 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  7-9-
сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен 
жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламасын  жүзеге  асыру  бойынша  ұзақ 
мерзімді жоспар 
 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  7-9-сыныптарына  арналған  «Физика» 
пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу  бағдарламасы  мен  оқу 
жоспарларының ұтымды тұстары: 

ішінара шиыршық принципі; 

оқу  мақсаттарының  иерархиясы  мен  маңызды  пәндік  операциялар 
негізіндегі жіктелісі; 

сынып  ішінде,  пән  курсы  бойынша  оқу  мақсаттарының  нақты 
жоспарлануы;  

күтілетін  нәтиже  мен  мұғалімнің  академиялық  еркіндігінің  ұтымды 
үйлесімі; 

пән  тараулары  мен  тақырыптарының  заман  ағымына  сәйкестігі, 
әлеуметтену дағдыларын қалыптастырудағы басымдылық [4]. 


 
Білім беру жүйесінің маңызды - құраушысы білім мазмұны. Оны жаңарту 
процесінің басты мақсаты білім мазмұнын жаңа сапаға көтеру мен оны жүзеге 
асыруға  бағытталуы  тиіс.  Білім  мазмұны  оның  әлеуметтік  мәнділігі, 
педагогикаға  тиесілігі  мен  оны  қарастырудың  жүйелілігі  іс-әрекеттік  тәсілі 
тұрғысынан бірліктіріле қарастырылады.  
Білім мазмұнын қалыптастырудың үш деңгейі белгілі:: 

жалпы теориялық деңгей,  

оқу пәнінің деңгейі,  

оқу материалының деңгейі.  
Мазмұнды жүйе деп қарастыратын болсақ, онда оны кез келген жүйенің 
басты сипаттамалары – құрам, құрылым, қызмет бойынша көрсетуге болады.  
Білім  мазмұнының  жалпы  теориялық  деңгейде  берілген  құрамы, 
құрылымы  мен  қызметі  –  бұл  негізгі  элементтері  мен  олардың  арасындағы 
байланыс және жас ұрпақты қоғам өміріне белсенді түрде араласуға даярлауда 
атқаратын  рөлі  жайлы  білімдер.  Келесі  оқу  пәні  деңгейінде  құрам,  құрылым 
және  қызмет  неғұрлым  нақты  сипат  алады.  Ал  үшінші  –  оқу  материалы 
деңгейінде олар оқу мәтіні, тапсырмалар, жаттығулар түрінде тікелей енгізіледі. 
Мұнда  әрбір  келесі  деңгей  алдыңғы  деңгейге  сүйенуі  қажет,  тек  сонда  ғана 
мазмұнның біртұтастығы сақталады [3]. 
7-9-
сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған  мазмұндағы 
үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұны  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылыққа 
негізделген.  Жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығы  –  нақты  жағдайларда 
ғылыми әдіс көмегімен шешілетін және зерттелінетін проблемаларды анықтау, 
тәжірибе мен бақылау негізінде қорытындыға қол жеткізу үшін жаратылыстану 
білімін қолдану қабілеті. Бұл қорытындылар қоршаған ортаны және оған адам 
қолымен  жасалатын  өзгерістерді  түсіну,  сонымен  қоса  тиісті  шешімдерді 
қабылдау үшін қажет [1]. 
Білім  алушылардың  жаратылыстану-ғылыми  сауаттылығын  яғни 
жаратылыстану  бағытындағы  пәндерден  білім  жетістіктерін  анықтайтын 
халықаралық  TIMSS  зерттеуіне  Қазақстанның  білім  алушылары  қатысады. 
Зерттеу  білім  алушылардың  қабілеттерін  емес,  ол  оқу  барысында  меңгерген 
білімдері  мен  дағдыларын  өмірлік  жағдайларда  қолдана  білуді  бағалауға 
бағытталған. Яғни бұл зерттеудің мақсаты – жаратылыстануды оқу процесінің 
дамуы үшін зерттеуге қатысушы елдерді білім алушылардың білім жетістіктері 
туралы  салыстырмалы  ақпаратпен  қамтамасыз  ету.  TIMSS  -  мектептегі  білім 
беру  сапасын  халықаралық  зерттеуінде  4-сыныптағы  жаратылыстану 
білімдерінің тапсырмаларының жалпы саны 172 құрайды, олардың ішінде 23% 
Қазақстанның бастауыш білім деңгейіндегі оқу бағдарламасына сәйкес келмеді. 
Халықаралық
 
тәжірибе  жүзінде  барлық  елдерде  «
Жаратылыстану
»  пәні 
бойынша оқу бағдарламасы «Жарық және дыбыс», «Электр және магнетизм», 
«Күштер  мен  қозғалыстар»  сияқты  тақырыптарды  қамтиды.  Бұдан 
Қазақстандық  бастауыш  мектеп  білімінің  міндетті  мазмұны  минимумы 
халықаралық  деңгейде  маңызды  болып  табылатын  кейбір  тақырыптық 
сұрақтарды қамтымайтыны байқалады. Сондықтан бастауыш білімінің міндетті 
мазмұндық  минимумы  халықаралық  деңгейге  сәйкес  болу  үшін  «Физика» 


 
ғылымының  бастапқы  ұғымдары  «Жаратылыстану»  оқу  пәні  мазмұнына       
енді [5]. 
Демек, физикадан білім берудің тұтастығы төмендегідей жүйеленген:  
1)  бастауыш  білім  беру  деңгейінде  «Жаратылыстану»  пәні  1-4-
сыныптарда; 
2) негізгі орта білім беру деңгейінде:  

«Жаратылыстану» пәні 5-6-сыныптарда,  

«Физика» пәні 7-9-сыныптарда; 
3)  жалпы  орта  білім  беру  деңгейінде  «Физика»  пәні  10-11-сыныптарда 
оқытылады. 
«Жаратылыстану»  бiлiм  саласы  жалпы  бiлiм  берудiң  мiндеттi  құрамдас 
бөліктерінің бiрi болып табылады. Жалпы білім алушылардың жаратылыстану-
ғылыми  сауаттылығының  негіздері  Қазақстан  Республикасы  мемлекеттік 
жалпыға міндетті білім беру стандарттары бойынша мектептің бастауыш білім 
беру 
деңгейіндегі 
«Жаратылыстану» 
кіріктірілген 
пәні 
арқылы 
қалыптастырылады  да,  мектепте  білім  берудің  негізгі  және  жалпы  орта 
деңгейлерінде  әлемнің  жаратылыстану-ғылыми  бейнесінің  мазмұны  физика, 
химия, биология, география жеке пәндері арқылы жүйеленіп беріледі.  
Сонымен  жаңартылған  білім  беру  мазмұнындағы  білім  берудің 
мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында «Физика» пәнінің мазмұны немесе 
«Физика»  ғылымы  туралы  бастапқы  ұғым  бастауыш  білім  деңгейінде  1-4-
сыныптарында  және  негізгі  орта  білім  деңгейінде  5-6-сыныптарында 
«Жаратылыстану» пәнін меңгеру барысында қалыптастырылады.  
«
Жаратылыстану»  пәнінде  жаратылыстану  ғылымы  пәндерін  одан  әрі 
меңгеруге мүмкіндік беретін білім, білік, дағдыларды жетілдіреді[6]. 
Бастауыш  білім  беру  деңгейінің  1-4-сыныптарына  арналған 
«Жаратылыстану»  оқу  пәні  бойынша  жаңартылған  мазмұндағы  үлгілік  оқу 
бағдарламасының  базалық  мазмұны  келесі  бөлімдерден  құралады:  «Мен 
зерттеушімін»,  «Жанды  табиғат»,  «Заттар  және  олардың  қасиеттері»,  «Жер 
және ғарыш», «Табиғат физикасы» бөлімдерінен құралады [6]. 
Негізгі  орта  білім  беру  деңгейінің  5-6  сыныптарында  «Жаратылыстану» 
пәні  оқытылады.  «Жаратылыстану»  оқу  пәні  бастауыш  мектепте  оқытылған 
«Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 
Бағдарламаның  мақсаты  білім  алушыларды  жаратылыстану  ғылымы 
тұрғысынан  табиғат  пен  қоғамның  өзара  байланысы,  табиғаттағы 
заңдылықтардың  біртұтастығы  туралы  білім,  білік,  дағды  қалыптастыру  және 
білімдерін күнделікті өмірде кездесетін табиғат құбылыстары мен процесстерін 
түсіндіру, сипаттау, болжау үшін қолдану білігін дамытуға бағытталған [7].  
Негізгі  мектепте  «Жаратылыстану»  пәнін  оқу  қоршаған  әлемнің  көп 
қырлылығын,  табиғи  құбылыстар  мен  процесстердің  өзара  байланысын  және 
себептерін,  көптүрлі  табиғат  құбылыстары  мен  нысандарын  жүйелеу 
принциптерін түсінуге мүмкіндік береді.  
Негізгі  орта  білім  деңгейінде  «Физика»  пәнінің  оқу  бағдарламасын 
әзірлеу  барысында,  яғни  пәннің  мақсаты  мен  міндетін  анықтауда,  білім 
мазмұнын  құрастыруда  «Жаратылыстану»  пәні  оқу  бағдарламасында  берілген 


 
оқу  мазмұны  ескерілген.  Сондықтан  оған  көп  көңіл  бөлмей  осы  ұғымдардың 
кеңейтіліп берілуіне назар аудару керек.  
7-
сыныптан  бастап  бір  мезгілде  «Физика»,  «Химия»,  «Биология», 
«География»  пәндері  оқытылады,  сөйтіп  мектептегі  жаратылыстану 
ғылымдарын оқытудың үздіксіздігі қамтамасыз етіледі. Бұл 5-сыныпта оқыған 
«Жаратылыстану»  пәнінен  кейінгі  үзіліс  болуын  жояды,  өйткені  бұрын 
«Физика» пәні 7-сыныптан, ал «Химия» пәні 8-сыныптан бастап оқытылатын. 
Сондықтан  кейбір  тақырыптардың  «Физика»,  «Химия»,  «Биология», 
«География» пәндері бойынша бір мезгілде оқытылатынына мән берілуі керек.  
7-9-
сыныптардағы  физика  курсын  оқытудың  мақсаты  -  білім 
алушылардың 
ғылыми 
дүиетанымдық 
негіздерін, 
әлемнің 
жаратылыстанымдық-ғылыми бейнесін тұтастай қабылдауын, өмірде маңызды 
практикалық мәселелерді шешуде табиғат құбылыстарын бақылау, жазу, талдау 
қабілеттерін  қалыптастыру  7-9-сыныптарына  арналған  «Физика»  пәнінен 
жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасының негізгі міндеттері:  
1) 
білім  алушылар  әлемнің  қазіргі  физикалық  бейнесінің  негізінде 
жатқан іргелі заңдылықтар мен принциптер туралы білімді, табиғатты танудың 
ғылыми әдістерін меңгеру; 
2) 
білім  алушылардың  зияткерлік,  ақпараттық,  коммуникативтік  және 
рефлективтік  мәдениетін  дамыту,  физикалық  экспериментті  орындау  және 
зерттеу жұмыстарын жүргізу дағдыларын дамыту;  
3) 
оқу және табиғат құбылыстарын зерттеу қызметіне жауапкершілікпен 
қарауға тәрбиелеу; 
4) 
табиғат  ресурстарын  пайдалануда  және  қоршаған  ортаны  қорғауда, 
адамды  және  қоғамды  қауіпсіз  өмір  сүрумен  қамтамасыз  етуде  меңгерген 
дағдыларды қолдану болып табылады [1]. 
«Физика» оқу пәні бойынша оқу жүктемесінің көлемі: 
7-
сыныпта 
– 
 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  
8-
сыныпта 
– 
 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;  
9-
сыныпта 
– 
 
аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.  
Оқу  пәнінің  мазмұны  8  бөлімді  қамтиды:  физикалық  шамалар  мен 
өлшеулер;  механика;  жылу  физикасы;  электр  және  магнетизм;  геометриялық 
оптика;  кванттық  физика  элементтері;  астрономия  негіздері;  әлемнің  қазіргі 
физикалық бейнесі.  
Білім  алушылар  бастауыш  сыныптан  бастап  бұл  бөлімдердің  кейбір 
ұғымдарымен  таныс.  7-сыныпқа  арналған  «Физика»  пәнінен  жаңартылған 
мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасында табиғат құбылыстарын қарастырады, 
физиканың  негізгі  заңдарымен  танысады  және  осы  заңдарды  техникада, 
күнделікті өмірде қолдану деңгейінде оқытылады. 
Физика  мен  оның  заңдары  барлық  жаратылыстану  саласының  өзегі 
екендігіне  басты  назар  аударылады.  Сондықтан,  курстың  ең  маңызды 
міндеттерінің  бірі  –  білім  алушылардың  әлемнің  заманауи  физикалық 
бейнесінің  негізін  және  табиғатты  танудың  ғылыми  әдістері  туралы 
түсініктерін қалыптастыру. 


 
Қазіргі  заманауи  физика  қарқынды  дамып  келе  жатқан  ғылым,  оның 
жетістіктері адам қызметінің көптеген салаларында әсер етеді. Бағдарламаның 
мазмұны  физика  эксперименттік  ғылым  болып  табылатына,  оның  заңдары 
фактілерге, тәжірибелер көмегіне сүйенетіне негізделеді.  
Физика  –  нақты  ғылым  және  құбылыстардың  заңдылықтары  сандармен 
зерттеледі,  сондықтан  басты  назар  физикалық  заңдарды  тұжырымдау  мен 
оларды түсіндірудің математикалық аппаратын қолдануына аударылады.  
Оқу  пәнінің  7-сыныптағы  жаңартылған  мазмұндағы  базалық  білім 
мазмұны төмендегідей бөлінген (2-кесте). 
 
2-
кесте  –  Оқу  пәнінің  7-сыныптағы  жаңартылған  мазмұндағы  базалық  білім 
мазмұны 
1-
тоқсан 
2-
тоқсан 
3-
тоқсан 
4-
тоқсан 
Физика 
– 
табиғат 
туралы ғылым 

Физика  –  табиғат 
туралы ғылым. 

Табиғатты  зерттеудің 
ғылыми әдістері.
 
Тығыздық 

Масса 
және 
денелердің  массасын 
өлшеу. 

Дұрыс  және  дұрыс 
емес 
пішінді 
денелердің  көлемін 
өлшеу. 

Заттың  тығыздығы 
және  тығыздықтың 
өлшем бірлігі.  
№3-лабораториялық 
жұмыс.  «Сұйықтар 
мен 
қатты 
денелердің 
тығыздығын 
анықтау». 
-
Тығыздықты 
есептеу.
 
Қысым  

Газдардың 
сұйықтар және қатты 
денелердің 
молекулалық 
құрылымы. 

Қатты  денелердегі 
қысым. 

Сұйықтар мен 
газдардағы қысым, 
Паскаль заңы. 

Қатынас ыдыстар. 

Гидравликалық 
машиналар. 

Атмосфералық 
қысым. 
Атмосфералық 
қысымды өлшеу. 

Манометрлер. 
Сорғылар.  
№ 6-лабораториялық 
жұмыс. «Архимед 
заңын зерделеу». 

Кері итеруші күш. 
№ 7-лабораториялық 
жұмыс. «Дененің 
сұйықта жүзу 
шарттарын 
анықтау». 
Энергия  

Кинетикалық 
энергия. 

Потенциалдық 
энергия. 
-
Энергияның 
сақталуы және 
айналуы.
 
Физикалық 
шамалар 
мен өлшеулер  

Халықаралық 
бірліктер  жүйесі (SI). 

Скаляр және 
векторлық физикалық  
шамалар. 

Өлшеулер мен 
 
 
 

10 
 
есептеулердің дәлдігі. 

Үлкен және кіші 
сандарды ықшамдап 
жазу. 
№1-лабораториялық 
жұмыс. 
«Кішкентай 
денелердің 
өлшемін 
анықтау». 
№2-лабораториялық 
жұмыс. 
«Физикалық 
шамаларды өлшеу». 
Механикалық қозғалыс  

Механикалық 
қозғалыс және оның 
сипаттамасы. 

Санақ жүйесі. 

Қозғалыстың 
салыстырмалылығы. 

Түзу сызықты 
бірқалыпты және 
бірқалыпсыз 
қозғалыстар.  

Жылдамдық және 
орташа жылдамдықты 
есептеу. 

Әртүрлі механикалық 
қозғалыстардың 
графиктері. 
Денелердің 
өзара 
әрекеттесуі  

Инерция 
құбылысы. 

Күш. 

Тартылыс 
құбылысы 
және 
ауырлық күші. 
№4-лабораториялық 
жұмыс 
«Серпімді 
деформацияларды 
зерделеу». 

Деформация. 

Серпімділік  күші, 
Гук заңы. 

Үйкеліс күші. 
Үйкеліс 
әрекетін 
техникада ескеру. 
*№5 
лабораториялық 
жұмыс.  «Сырғанау 
үйкеліс 
күшін 
зерттеу». 

Бір  түзу  бойымен 
денеге  әрекет  еткен 
күштерді қосу. 
Жұмыс және қуат  

Механикалық 
жұмыс.  

Қуат. 
Күш моменті 

Жай механизмдер. 

Дененің  массалық 
центрі. 
№8-лабораториялық 
жұмыс. 

«Жазық 
фигураның массалар 
центрін анықтау». 
№9-лабораториялық 
жұмыс.  «Иіндіктің 
тепе-теңдік 
шарттарын 
анықтау» 

Иіндіктің  тепе-
теңдік шарты 

Пайдалы  әрекет 
коэффициенті.  
№10-
лабораториялық 
жұмыс. 
«Көлбеу 
жазықтықтың 
пайдалы 
әрекет 
коэффициентін 
анықтау». 
 
 
 
Жер және Ғарыш  

Аспан  денелері 
туралы ғылым. 

Күн жүйесі. 
Күнтізбе  негіздері 
(тәулік, ай, жыл). 
 
7-
сынып  «Физика  –  табиғат  туралы  ғылым»,  «Физикалық  шамалар  мен 
өлшеулер»,  «Механикалық  қозғалыс»  бөлімдерінен  басталады.  Физикалық 
құбылыстар  және  физикалық  шамаларды  өлшеулер  туралы  алғашқы 
мағлұматтарды  білім  алушылар  бастауыш  білім  деңгейінде  1-4-сыныптарда 
«Жаратылыстану»  пәніндегі  «Мен  зерттеу  жүргізушімін»  және  «Табиғат 
физикасы» бөлімінде қарастырған, зерттеу жүргізушінің қандай қасиеттерге ие 
болу керектігімен таныс. Сондай-ақ бақылау және эксперимент әдістері туралы 

11 
 
алғашқы түсініктері қалыптасқан. Оларға қоса түрлі денеледің температурасын 
қалай  өлшеу  керектігін  біледі.  Оларды  еске  түсіру  үшін  «Жаратылыстану» 
пәнінің тиісті тақырыптарын қайталау жүктеледі[8]. 
7-
сыныптың  физика  курсына  кіріспе  «атом»,  «зат»,  «материя»  және 
«физикалық  термин»,  «физикалық  шама»,  «гипотеза»  және  «эксперимент», 
«өлшем» және «өлшеу қателігі» сияқты негізгі ұғымдарды оқытады, ол одан әрі 
оқу  материалын  оқыту  кезінде  қазіргі  ғылымның  заманауи  деңгейі  мен 
қоршаған ортамен байланыстың үзілмеуіне мүмкіндік береді. 
Білім алушылардың алған білімі қоршаған ортаға деген шығармашылық 
көзқарасын қалыптастыруға және оны дамытуға ықпал етеді.  
Аталған  бөлімде  табиғатты  зерттеу  ғылымдары  ішінде  физиканың 
жетекші  рөл  атқаратыны,  «физика»  деген  сөздін  өзі  гректің  «табиғат»  деген 
мағынаны  білдіретіні  туралы  айтылады.  Табиғат  құбылыстарын  зерттеудің 
негізгі үш әдіс туралы, физикалық шамалар мен өлшеулер және Халықаралық 
бірліктер жүйесімен танысады. Скаляр және векторлық шамалар дегеніміз не? 
Өлшеулер  мен  есептеулердің  дәлдігі  қалай  анықталады?  –  деген  сұрақтарға 
жауаптар  беріліп,  үлкен  және  кіші  сандарды  ықшамдап  жазу  амалдары  мен 
үлгілері  көрсетіледі.  Сонымен  қатар  білім  алушыларды  эксперимент  жасап, 
құбылыстарды  өз  беттерімен  зерттеуге  дағдыландыру  үшін  кіші  денелердің 
өлшемін анықтау; физикалық шамаларды өлшеу, аспап шкаласындағы бөліктің 
құнын анықтау дағдылары қалыптастырылады. 
Мектепте «Физика» пәнін оқыту заманауи технологиялық әлемдегі өмірге 
дайындауда  маңызды  мағынаға  ие.  Білім  алушылар  оқу  процесінде  бақылау 
жүргізуге,  топтастыруға,  құбылыстарды бір-бірімен  байланыстыру  мен оларға 
түсінік  беруге  үйренулері  тиіс.  Ерекше  басымдылық  ғылыми  мәселелерді 
әлеуметтік және тұлғалық маңызды міндеттер мәнмәтінінде қарастыра алатын 
ақпараттанған және сыни ойлайтын азаматты тәрбиелеуге бағытталады.  
«Механикалық  қозғалыс»  бөлімінде  танысатын  денелердің  түрлі 
жылдамдықпен  қозғалуы  туралы  алғашқы  мағлұматтарды  білім  алушылар 
«Жаратылыстану»  пәніндегі  «Табиғат  физикасы»  тарауында  оқыған.  Бұл 
тарауда механикалық қозғалыс және оның сипаттамасы беріледі. Таңдап алынған 
санақ  жүйесіне  байланысты  механикалық  қозғалыстың  салыстырмалылығы 
түсіндіріледі.  Түзу  сызықты  бiрқалыпты  және  бiрқалыпсыз  қозғалыстар 
қарастырылып,  оларды  сипаттайтын  жылдамдық  және  орташа  жылдамдық 
ұғымдары енгізіледі. Сонымен мен қатар әртүрлі механикалық қозғалыстардың 
графиктерін салу жолдары көрсетіледі.  
«Тығыздық»  бөлімінде  масса  және  денелердің  массасын  өлшеу,  дұрыс 
және  дұрыс  емес  пішінді  денелердің  көлемін  өлшеу,  заттың  тығыздығы  және 
тығыздықтың  өлшем  бірлігі,  тығыздықты  есептеу  қарастырылады. 
Электрондық және иіндік таразыларды қолданып, әртүрлі денелердің массасын 
анықтайды. 
Қозғалыс пен денеге түсірілген күштің өзара байланысы туралы алғашқы 
мағлұматтарды  білім  алушылар  «Жаратылыстану»  пәніндегі  «Табиғат 
физикасы»  бөлімінен біледі.  Бұнда  аса маңызды физикалық  құбылыстар  және 

12 
 
оларды  сипаттайтын  ұғымдар  мен  заңдар  қарастырылады.  Олардың  қатарын 
мыналар құрайды: инерция құбылысы, күш, тартылыс құбылысы және ауырлық 
күші,  салмақ,  деформация,  серпімділік  күші,  Гук  заңы,  үйкеліс  күші,  үйкеліс 
әрекетін техникада ескеру, бір түзу бойымен денеге әсер еткен күштерді қосу; 
Сонымен  қатар  серпімді  деформацияларды  зерделеу;  сырғанау  үйкеліс 
күшін  зерттеу;  динамометр  көмегімен  өлшеу,  ауырлық  күшін  зерттеу,  түрлі 
денелердің созылуын зерттеу жұмыстары жасалды.  
«Қысым»  бөлімінде  ауаның  және  судың  қасиеттері  туралы,  табиғат 
ресурстары 
жөнінде 
алғашқы 
мағлұматтарды 
білім 
алушылар 
«Жаратылыстану» пәніндегі «Табиғат физикасы» бөлімінен біледі. Бұл бөлімде 
теориялық  жағынан  да,  практикалық  жағынан  да  аса  маңызды  физикалық 
құбылыстар  және  оларды  сипаттайтын  ұғымдар  мен  заңдар  қарастырылады. 
Олардың  қатарын  мыналар:  газдардың,  сұйықтардың  және  қатты  денелердің 
молекулалық  құрылымы,  қатты  денелердегі  қысым,  сұйықтар  мен  газдардағы 
қысым,  Паскаль  заңы,  қатынас  ыдыстар,  гидравликалық  машиналар, 
атмосфералық қысым, атмосфералық қысымды өлшеу, манометрлер, сорғылар, 
кері итеруші күш, Архимед заңын зерделеу; дененің сұйықта жүзу шарттарын 
анықтау;  кез-келген  пішінді  қатынас  ыдыстардағы  бірдей  және  әртүрлі 
сұйықтардың  беттерінің  орналасуын  зерттеу,  атмосфералық  қысымның  бар 
екендігін зерттеу құрайды [8]. 
«Жұмыс және қуат» бөлімін оқығанда білім алушылар «Жаратылыстану» 
пәнінен  табиғат  ресурстары  дегеніміз  не  және  табиғат  ресурстары  қандай 
болады? - деген сұрақтарды есіне түсіреді. Бұл тарауда теориялық жағынан да, 
практикалық  жағынан  да  аса  маңызды  мынадай  физикалық  ұғымдар  мен 
заңдар,  анықтамалар  мен  ережелер  қарастырылады:    Механикалық  жұмыс, 
қуат;  жұмыстың  мәнін  график  бойынша  анықтау,  ауырлық  күші  мен  үйкеліс 
күшінің жұмысын салыстыру, транспорт түрлерінің қуатын бағалау.  
Теориялық  жағынан  да,  практикалық  жағынан  да  аса  маңызды 
кинетикалық энергия, потенциалдық энергия, энергияның сақталуы және басқа 
түрге  айналуы;  үстел  теннисіне  арналған  шариктің  тебілу  биіктігін  анықтау; 
жай  механизмдер,  дененің  массалық  центрі,  иіндіктің  тепе-теңдік  шарты, 
пайдалы  әрекет  коэффициенті;  түсірілген  күштің  айналу  осіне  дейінгі 
қашықтыққа тәуелділігі зерттеледі, сондай-ақ физикалық ұғымдар мен заңдар, 
анықтамалар мен ережелер қарастырылады. 
Білім алушылар «Жаратылыстану» пәнінің «Жер және ғарыш» тарауынан 
Күн жүйесі туралы, соның ішінде Күн, Жер, Ай туралы, сондай-ақ ғарыштағы 
уақыт жөнінде алғашқы түсініктер бар. Оларға қоса бұл түсініктерді 7-сынып 
физикасының  бастапқы  бөлімінен  біледі.  Бұл  тарауда  теориялық  жағынан  да, 
практикалық  жағынан  да  аса  маңызды  мынадай:  Күн  жүйесі  (гелиоцентрлік 
жүйе), әлемнің геоцентрлік жүйесі, жыл мезгілдерінің ауысуы, күн мен түннің 
ұзақтығы,  күнтізбе физикалық ұғымдар қарастырылады. 
7-
сыныпта  жаңартылған  мазмұндағы  бағдарламада  қолданыстағы 
бағдарламаға  қарағанда  лабораториялық  жұмыстың  саны  артқан. 
Салыстырмалы көрсеткішер төмендегі кестеде берілген (3-кесте). 

13 
 
 
3-
кесте – 7 сыныптың лабораториялық жұмыстарының салыстырмасы 
Қолданыстағы оқу бағдарламасындағы 
лабораториялық жұмыс  
Жаңартылған мазмұндағы оқу 
бағдарламасындағы лабораториялық жұмыс  
Өлшеуiш  цилиндр  (мензурка)  бөлiктерiнiң 
құнын анықтау, дененiң көлемiн өлшеу 
Кішкентай денелердің өлшемін анықтау 
Кішкентай денелердің өлшемін анықтау 
Физикалық шамаларды өлшеу 
Қатты  дененің  массасы  мен  тығыздығын 
анықтау  
Сұйықтар мен қатты денелердің тығыздығын 
анықтау 
Серпімді деформацияларды зерделеу 
Серпімді деформацияларды зерделеу 
Архимед заңын тексеру 
Сырғанау үйкеліс күшін зерттеу 
Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау 
Архимед заңын зерделеу 
Денені 
бірқалыпты 
көтеру 
кезіндегі 
жұмысты  анықтау,  көлбеу  жазықтықтың 
ПӘК-ін анықтау 
Дененің сұйықта жүзу шарттарын анықтау 
Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау 
Жазық фигураның массалар центрін анықтау 
 
Иіндіктің тепе-теңдік шарттарын анықтау 
 
Көлбеу  жазықтықтың  пайдалы  әрекет 
коэффициентін анықтау. 
 
7-
сыныпқа  «Сырғанау  үйкеліс  күшін  зерттеу»,  «Жазық  фигураның 
массалар центрін анықтау» атты екі лабораториялық жұмыс қосылды. 
Жаңартылған  бағдарламаның  мақсаттарының  бірі  –  физикалық 
шамаларды  тәжірибе  жүзінде  анықтау,  қолдағы  құралдармен  тәжірибе  өткізу, 
көрсеткіштерді  оқи  білу  және  нәтижені  талдау.  Осыған  байланысты  оқу 
бағдарламасы төмендегідей:  


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет