Методические рекомендации по проведению мониторинга развития умений и навыков детей по усвоению содержания Типовой программы



Pdf көрінісі
бет1/17
Дата13.01.2020
өлшемі2,3 Mb.
#55747
түріМетодические рекомендации
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17
Байланысты:
Metod Rekom monitoring-kaz
Metod Rekom monitoring-kaz, 2 5390889095620723417

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ 

«МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАЛЫҚ ШАҚ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ 

 

 

 



 

 

 



Ҥлгілік оқу бағдарламасының мазмҧнын игеру бойынша 

балалардың біліктері мен дағдыларының  

дамуына мониторинг жҥргізу бойынша   

 

ӘДІСТЕМЕЛІК ҦСЫНЫМДАР 

 

МЕТОДИЧЕСКИЕ РЕКОМЕНДАЦИИ 



 

по проведению мониторинга развития умений и навыков 

детей по усвоению содержания Типовой программы 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Астана 


2017 

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 



«Мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығы базасында әзірленген 

 

 

Үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  игеру  бойынша  балалардың 

біліктері  мен  дағдыларының  дамуына  мониторинг  жүргізу  бойынша 

әдістемелік ұсынымдар. Астана, 2017 – 99 бет  

 

 

Пікір жазғандар: 



Жиенбаева С.Н. п.ғ.д.  

Салиева А.Ж., п.ғ.к. 

Әлімбетова К. Қ., әдіскер 

 

Әдістемелік ұсынымдар Мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың біліктері 



мен  дағдыларының  дамуын  қадағалайтын  индикаторлар  жүйесінің  біріңғай 

тәсілін енгізуде мектепке дейінгі ұйымдардың педагогикалық қызметкерлеріне 

әдістемелік көмек көрсету мақсатында әзірленген.  

Аталған  әдістемелік  ұсынымдар  мектепке  дейінгі  ұйымдардағы  педагог 

қауымға,  педагогикалық  мамандықтар  бойынша  ЖОО  мен  колледждердің 

студенттеріне арналған.  

 

 

 



Үлгілік  оқу  бағдарламасының  мазмұнын  игеруде  бойынша  балалардың 

біліктері  мен  дағдыларының  дамуына  мониторинг  жүргізу  бойынша 

әдістемелік  ұсынымдар  ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігі  «Мектепке  дейінгі 

балалық  шақ»  республикалық  орталығының  ғылыми-әдістемелік  кеңесінде 

қаралып,  ұсынылған (2017 ж. 7 ақпандағы №_3 хаттама) 

 

 



 

 

 



 

«Мектепке дейінгі балалық шақ»  

                                                                                республикалық орталығы, 2017 


 

ТҤСІНДІРМЕ ЖАЗБА 

Мектеп  жасына  дейінгі  балаларды  сапалы  мектепке  дайындауға 

бағытталған  мектепке  дейінгі  тәрбиелеу  мен  оқыту  мазмұнын  жаңарту 

Қазақстан Республикасының білім беру саясатында айқындалған.  

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-

2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының мектепке дейінгі білім 

беру саласындағы негізгі бағыттарының бірі мектеп жасына дейінгі балалардың 

біліктері мен дағдыларының дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін 

жетілдіру  болып  табылады.  Аталған  мемлекеттік  бағдарламаға  сәйкес  2017 

жылы  Мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  білігі  мен  дағдысын 

қадағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленіп енгізілетін болады. 

«Индикатор» түсінігі Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік 

жалпыға  міндетті  стандартында  баланың  даму  деңгейінің  көрсеткіші  ретінде 

айқындалған.  Баланың  даму  деңгейлерінің  көрсеткіштері  Мектепке  дейінгі 

тәрбие  мен  оқытудың  үлгілік  оқу  бағдарламасында  (бұдан  әрі  –  Үлгілік 

бағдарлама)  баланың  бағдарлама  материалын  игеруінен  күтілетін  нәтижелер 

ретінде қарастырылған.  

Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  даму  деңгейі  балалардың  Үлгілік 

бағдарламаның  білім  беру  салаларының  мазмұнын  игеру  барысында 

қалыптасатын  дағдыларға  сәйкес  анықталады  және  балалардың  даму 

индикаторларына сәйкес өлшенеді.  

Балалардың  даму  деңгейлерін  қадағалау  Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен 

оқытудың  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  стандартына  (бұдан  әрі-Стандарт) 

сәйкес  баланың  жетістіктерінің  мониторингі  негізінде  3  деңгейде  жүзеге 

асырылады: 

1-деңгей – бала белгілі бір қимыл мен біліктерді қайталай алады; 

2-деңгей – бала не істеп жатқанын түсінеді, белгілі білім қорына ие; 

3-деңгей  –  бала  өзінің  білетінін  жасай  алады,  білімін  өз  бетінше 

шығармашылықпен қолданады.  

Балабақшада  диагностиканы  ұйымдастырудағы  негізгі  мәселе  оны 

жүргізудің  ортақ  тәсілінің  болмауы  болып  табылады.  Диагностиканы 

жүргізудің  қолданыстағы  әдістемесі  мектепке  дейінгі  білім  беру  саласындағы 

жаңартылған  нормативтік  құжаттардың  мазмұнының  талаптарына  сәйкес 

келмейді.  

Аталған  әдістемелік  ұсынымдар  педагогтерге  балалардың  Үлгілік 

бағдарламаның  мазмұнын  игеруіне  мониторинг  жүргізуінде  әдістемелік  көмек 

көрсету мақсатында әзірленді. 



Міндеттері:  

-мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  біліктері  мен  дағдыларының 

дамуын қадағалайтын индикаторлар жүйесін енгізудің ортақ тәсілін әзірлеу

-Үлгілік  бағдарламаның  мазмұнын  игеру  бойынша  (бастапқы,  аралық, 

қорытынды) диагностиканы жүргізу;  

-мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  дамуына  мониторинг  жүргізуді 

автоматтандыру. 


 

Әдістемелік  ұсынымдар  келесі  бөлімдерден  тұрады:  «Мониторинг 



жүргізуге  қойылатын  негізгі  талаптар»,  «Мектеп  жасына  дейінгі  балалардың  

біліктері  мен  дағдыларының  дамуын  қадағалау  бойынша  диагностиканы 

ұйымдастыру  және  жүргізу»,  «Баланың  даму  деңгейін  өлшеудің  негізгі 

әдістері», «Мектеп жасына дейінгі балалардың дамуына мониторинг жүргізуді 

автоматтандыру». 

Күтілетін  нәтиже:  мектепке  дейінгі  ұйымдарда  балалардың  біліктері  мен 

дағдыларының  дамуына  бақылау  жүргізу  бойынша  индикаторлар  жүйесін 

енгізу.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


 

МОНИТОРИНГ ЖҤРГІЗУГЕ ҚОЙЫЛАТЫН НЕГІЗГІ ТАЛАПТАР



 

 

Индикаторлар  жүйесі  балалардың  даму  жетістіктерін  қадағалаудың 

кешенді  әдістеріне, біліктер  мен дағдыларды  меңгеру  жолдары мен  тәсілдерін 

анықтауға негізделген.  

Мектеп  жасына  дейінгі  баланың  даму  мониторингі  оның  түрлі 

кезеңдердегі  даму  динамикасын  есепке  алуға,  балалардың  жеке  дамуында 

сауатты педагогикалық қолдау көрсетуге және балалармен әрі қарай жасайтын 

жұмыстарға түзету жүргізуге ықпал етеді.   

Индикаторлар жүйесі төмендегідей құрылымнан тұрады: 

-білім беру саласы – білім беру мазмұнын анықтайтын санат; 

-ұйымдастырылған  оқу  қызметі  -  педагог  ұйымдастырған  және 

тәжірибеде  қолдануға  қажетті  білім,  білік,  дағдыларды  меңгеруге  бағытталған 

әрекеттің бір түрі; 

-дағдылар  –  нақты  жас  тобында  белгілі  бір  кезеңде  баланың  дамуынан 

күтілетін нәтиже. 

Оқу жыл ішінде негізгі дағдылардың даму динамикасы 3 мәрте өткізілетін 

мониторинг  нәтижесінде  бақыланады.  Мониторинг  мәліметтері  баланың 

жасына сәйкес Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеру барысында көрінеді.  

Үлгілік  бағдарлама  мазмұнын  меңгеруге  мониторинг  жүргізу  үшін 

индикаторлар  жарты  жылдық  бойынша  білім  беру  салаларынан  күтілетін 

нәтижелер берілген. 

Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-

2019  жылдарға  арналған  мемлекеттік  бағдарламасына  сәйкес  диагностика  оқу 

жылының басында, ортасында және аяғында жүргізіледі: 

- бастапқы – 1-10 қыркүйек; 

- аралық – 10-20 қаңтар; 

- қорытынды – 15-25 мамыр. 

Бастапқы  бақылау  алдыңғы  жастағы  топтың  (ІІ  жарты  жылдықтың 

күтілетін нәтижелері) мәліметі негізінде жүргізіледі. Осы диагностика негізінде 

тәрбиеші  психолог  және  педагог-мамандармен  бірлесе  отырып  баланың  жеке 

даму  деңгейін  анықтайды,  сондай-ақ,  алдағы  жылы  балаға  педагогикалық 

қолдау қажет ететін жұмыстың міндеттері анықталады.   

І  жарты  жылдық  қорытындысы  бойынша  аралық  диагностика  (қаңтарда) 

жүргізіледі. Педагогикалық аралық диагностика жүргізудің мақсаты білім беру 

стратегиясында  балаға  қатысты  дұрыс  таңдалған  бағалау  және  даму 

динамикасын анықтау болып табылады. Диагностиканың бұл түрінің нәтижесі 

бойынша педагогтар қажет болған жағдайда педагогикалық процеске түзетулер 

енгізе алады.  

Қорытынды диагностика ІІ жарты жылдықтың күтілетін нәтижесі негізінде 

оқу жылының соңында (мамырда) жүргізіледі.  

Мониторинг  нәтижелері  баланың  Стандартта  анықталған  (денсаулықты 

сақтау,  коммуникативтік-тілдік,  танымдық,  шығармашылық  және  әлеуметтік) 


 

дағдыларды  игеруін  және  дамытудың  жаңа  міндеттерін  ескеріп,  алдағы 



педагогикалық процестің болашағын анықтайды 

Сонымен, баланың қалыптасқан дағдылары: 

1) дене бітімі дамыған; 

2) білуге құмар

3) белсенді; 

4) эмоциялық елгезек; 

5) үлкендермен және құрдастарымен қарым-қатынас жасау құралдары мен 

өзара іс-қимыл тәсілдерін меңгерген; 

6)  өзі,  отбасы,  қоғам  (жақын  әлеумет),  мемлекет  (елі),  әлем  және  табиғат 

жөнінде алғашқы түсініктері бар; 

7)  мектепте  оқуға  қажетті  біліктер  мен  дағдыларды  игерген  мектепке 

дейінгі ұйым түлегінің моделін сомдайды.  

Балалардың даму деңгейінің мониторингін жүргізу барысында педагог: 

- Стандарт талаптарын; 

- Үлгілік бағдарлама мазмұнын

- ақпараттық технологиялар негіздерін; 

-  Баланың  жеке  даму  картасын,  Бақылау  парағын  (топ  бойынша)  толтыру 

тәртібін білу керек; 

- мектепке дейінгі педагогика мен психология теория негіздерін; 

-  баланың  даму  деңгейін  өлшеу  әдістері:  бақылау,  ойын  жағдаятын  құру, 

іскерлік  ойын,  әңгімелесу,  сұрақ-жауаптар,  түрлі  іс-әрекеттің  өнімді 

нәтижелерін және т.б. 

- алынған деректерді сақтау үшін техникалық құралдарды; 

- ақпараттық-коммункативтік технологияларды игеруі керек.  

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫҢ  БІЛІКТЕРІ МЕН ДАҒДЫЛАРЫНЫҢ  



ДАМУЫН ҚАДАҒАЛАУ БОЙЫНША ДИАГНОСТИКАНЫ  

ҦЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ЖҤРГІЗУ 

 

Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  оқыту  жүйесінде  «мониторинг»  - 

салыстырмалы  жаңа  ұғым,  сондықтан  оның  қалыптасқан  «педагогикалық 

диагностика» және «бақылау» ұғымдарымен  ара қатынасын анықтау қажет. 

Педагогикалық  диагностика  –  бұл  баланың  Үлгілік  оқу  бағдарламасы  

мазмұнын  игеру  деңгейін  зерделеуге  және  білім  беру  процесін  болжауға 

бағытталған педагогтің қызметі.  

Мониторгтің  мақсаты-  мектеп  жасына дейінгі балалардың  дене,  тұлғалық 

және интеллектуалдық қасиеттерінің даму динамикасын анықтау. 

Мониторинг педагогтің балаларды күнделікті өмірде үнемі бақылауы және 

оқытудың белсенді түрлерін өткізу барысында  жүзеге асырылады. 

Мониторингтің атқаратын қызметі: 

-мектепке  дейінгі  кезеңде  бала  дамуының  кешенді  сипаттамасын 

қамтамасыз ететін, кіріктірілген,; 

-мектеп  жасына  дейінгі  баланың  кіріктірілген  қасиеттерінің  қалыптасуын 

шынайы бағалауға мүмкіндік беретін, диагностикалық;  

-баланың    дене,  зияткерлік  және  тұлғалық  қасиеттерінің  дамуы  туралы 

жүйелі ақпарат алу тәсілі болып табылатын, ақпараттық; 

-әрбір 

баланың  дамуында  жағымды  нәтижелерге  қол  жеткізуге 



бағытталған,  уақтылы  шынайы  шешімдер  қабылдау  үшін  мониторингтік 

ақпаратты пайдалануға мүмкіндік беретін, прагматикалық. 

Педагогикалық  процесті  іске  асыру  мектепке  дейінгі  ұйымда  қажетті 

заттық-кеңістіктік дамытушы орта болған жағдайда мүмкін болады. 

Баланың  бағдарламалық  материалды  игеру  нәтижелері    10  балдық  жүйе 

бойынша бағаланады:  

I – деңгей- 1ден 3 балға дейін; 

ІІ деңгей – 4 балдан 6 балға дейін; 

ІІІ деңгей – 7 балдан 10 баллға дейін. 

Педагог  ұйымдастырылған  оқу  қызметі  барысында,  құрдастарымен  және 

ересектермен    қарым-қатынасы  кезінде,  еркін  ойын  әрекеті,  күн  тәртібінің  

сәттерінде әрбір баланың  дамуының келешегі мен динамикасын белгілейді. 

Диагностика  жүргізу  үшін  «Бақылау  парағы»,  «Баланың  жеке  даму 

картасы» ұсынылады. 



Бақылау парағын толтыру тәртібі (1 қосымша). 

«Бақылау парағы» балалардың белгілі жас тобында игерген бағдарламалық 

материал мәліметтерін қамтиды. 

Мақсаты:  Үлгілік  оқу  бағдарламасы  мазмұнын  игеруде  бала  дамуының 

жеке жетістіктерін қадағалау.  

Бақылау  парағының  қызметі:  Үлгілік  бағдарламаның  игерілу  деңгейін 

анықтау, есепке алу, бақылау, талдау. 

Бақылау  парағы  педагогпен  баланың  білім  беру  салалары  аясында  

бағдарламалық  материалды    игеру  қорытындысын  (орта  балды)  шығару  үшін 


 

оқу  жылының  басында,  ортасында  және  соңында  (бастапқы,  аралық  және 



қорытынды бақылау) толтырылады. 

Педагог  алынған  мәлімет  негізінде  «Бақылау  парағында»  Үлгілік 

бағдарлама  мазмұнын  игеруде  білім,  білік  және  дағдыларды  теңестіру  үшін 

қосымша  жұмыс  жүргізуді    қажет  ететін  балаларды  анықтайды,  ал  Баланың 

жеке  даму  картасында  баламен  одан  әрі  түзету  жұмысын  жоспарлайды  және 

міндеттерді анықтайды. 

Мониторинг  нәтижелері  баланың  даму  деңгейін  анықтайды,  оның 

жетістіктерін немесе болуы мүмкін мәселелерді көрсетеді. 

Педагог  баланың  білім  беру  салалары  бойынша  ұйымдастырылған  оқу 

қызметінің бағдарламалық материалын игеру нәтижелерін 10-балдық жүйемен 

толтырады. 

«Бақылау парағы» электрондық нұсқада мектепке дейінгі ұйым әдіскеріне 

беріледі.  

Баланың жеке даму картасын толтыру тәртібі (2 қосымша). 

Мақсаты: 

мектеп 


жасына 

дейінгі 


балалардың 

жеке 


дамуын  

диагностикалау,  оның  білім  беру  траекториясын  әрі  қарай  жоспарлау  және 

педагогикалық әрекетті тиімді бағалау. 

Қызметтері:  диагностикалау,  нәтижелерді  анықтау,  баланың  Үлгілік 

бағдарлама  мазмұнын  игеру  деңгейін анықтау,  түзету  жұмысы,  даму  процесін 

қадағалау,  сондай-ақ  баланы  бір  жылға  педагогикалық  қолдауды  талап  ететін 

міндеттер айқындалады. 

Баланың жеке даму картасын топта жұмыс істейтін педагогтер толтырады  

және  ол  баланың  мектепке  дейінгі  ұйымда  болатын  барлық  уақытына 

жүргізіледі.  

Педагог  Баланың  жеке  даму  картасының  «Ескертпе»  бөлімінде

  

диагностиканың әр кезеңінен кейін баламен жеке түзету жұмысын жүргізу үшін  



педагогикалық процестің міндеттері мен  мазмұнын  айқындайды. 

Педагог  баланың  жетістіктерін  жалпы  балл  саны    түрінде  есептейді  және 

Үлгілік  оқу  бағдарламасын  игерудің  орташа  балын  айқындайды  және 

толтырудың келесі  кезеңіне ауысады. 

Мектепке дейінгі ұйым әдіскері топтардың Бақылау парақтарын Жиынтық 

есепке  біріктіреді  және  мектепке  дейінгі  ұйым  шеңберінде  балл  сандарын 

есептейді. (3 қосымша). 

Жүргізілген  талдау    білім  беру  салалары  бойынша  әрбір  жас  тобының  

жетістіктерін  салыстыруға  және  педагогтің  кәсіби  құзіреттілік  деңгейін 

(инновациялық    технологияларды  меңгеруі,  білім  беру  процесін  және  т.б. 

кіріктіре білуі) анықтауға мүмкіндік береді. 

Балалардың  даму  мониторингі  материалдары  электронды  түрде 

әдістемелік кабинетте сақталады. 

  

 

 


 

БАЛАНЫҢ ДАМУ ДЕҢГЕЙЛЕРІН ӚЛШЕУДІҢ НЕГІЗГІ ӘДІСТЕРІ 



 

Баланың  даму  деңгейін  өлшеуде  әдістерді  таңдау  диагностикалаудың 

мақсатына байланысты болады. 

Алынған  мәліметтердің  айқындығы  мен  дәлдігін  қамтамасыз  ететін 

әдістер: төмен нысандандырылған (бақылау, сұхбат, әрекеттің өнімдерін талдау 

және  т.б.)  және  жоғары  нысандандырылған  (тесттер,  сынамалар,  құрылғы 

әдістер  және  т.б.). 

Мониторинг  жүргізудің  жетекші  әдісі,  табиғи  жағдаяттарда  баламен 

өткізілетін, бақылау әдісі болып табылады.  

Қосымша  ақпарат алу үшін, бала әрекетінің өнімдерін талдауға, алынған 

мониторинг  мәліметтерінің    шынайылығына  жетуге  мүмкіндік  беретін  ата-

аналардан сауалнама алуға болады.  

Диагностика негізінде педагог  психологтармен және педагог мамандармен 

ынтымақтаса отырып баламен жұмыстың  міндеттерін  анықтайды. 

Диагностиканы  өткізу кезінде келесідей шарттарға сүйену қажет: 

-Үлгілік бағдарлама мазмұнын меңгеруде балаға көмек көрсетуге көзделуі; 

-бағалаудың қорытындысын

 

күтілетін



 

нәтижелермен салыстыру; 

-бала үшін әдеттегідей жағдайда өткізу; 

Мектепке  дейінгі  ұйымдардың  педагогикалық  процесінде  білім  беру 

мониторингі  технологияларын  қолдану    келесідей  міндеттерді  шешуге 

мүмкіндік береді: 

-балалардың    дағдысы  мен  білігінің  дамуын  қадағалау  бойынша 

диагностика өткізу; 

-балалардың  даму  динамикасын  шынайы  бағалау  үшін  біріңғай  құралды 

қолдану; 

-педагогикалық процеске ену, мониторинг өткізудің жүйелілігі. 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

  

 



  

 

 

 

10 

 

ҚОРЫТЫНДЫ 



 

Үлгілік  бағдарлама  мазмұнын  меңгеру  бойынша  баланың  дағдылары  мен 

біліктерінің дамуын қадағалау бойынша индикаторлар жүйесін  талапқа сәйкес 

жүргізу: 

- баланың жетістігін шынайы қадағалауға; 

- мектеп  жасына  дейінгі    баланы    тәрбиелеу  мен  дамытуда  жеке  тәсілді 

қамтамасыз етуге; 

- педагогтардың    түзету  шараларын  шұғыл  жоспарлау  негізінде  мектепке 

дейінгі ұйымдардың білім беру процесін жетілдіруге; 

- баланың  әрбір  білім  беру  салалары  және    Үлгілік  бағдарламалардың 

мазмұнын тұтас меңгеру деңгейін анықтауға ықпал етеді. 


11 

 

1 қосымша 



Бірінші топ (2 жастан 3 жасқа дейін) аралық диагностиканың нәтижелерін бақылау парағы   

Оқу жылы: _________      Топ:_____________________          Ӛткізу мерзімі:___________________________ 

 

 

«Денсаулық» білім беру саласы 

 

 



 

 

№ 



 

 

 

 

Баланың аты - жӛні

 

Дене шынықтыру

 

Бар

лық ҧп

ай

 с

ан

ы

 

Ор

таш

а ҧп

ай

 с

ан

ы

 

Ҥл

гілі

к

 оқ

у 

бағ

дар

ламас

ын

 

ме

ң

ге

р

ге

н

 д

ең

ге

й

і 

2

-3



-Д.

2



-3

-Д.


2

-3



-Д.

2



-3

-Д.


2

-3



-Д.



 

 

 



 

 

 



 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 



 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

I деңгей   ____                   II деңгей __________              III деңгей ___________

 

 



 

12 

 

Бірінші топ (2 жастан 3 жасқа дейін) аралық диагностиканың нәтижелерін бақылау парағы   



Оқу жылы: _________      Топ:_____________________          Ӛткізу мерзімі:___________________________ 

 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет