Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с



бет1/3
Дата11.01.2017
өлшемі2,56 Mb.
#6689
түріМетодическое пособие
  1   2   3
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

Министерство образования и науки Республики Казахстан


Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы

Национальная академия образования им. И. Алтынсарина






«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша

әдістемелік құрал


Методическое пособие

по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел»

Астана


2016

Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы Ғылыми кеңесімен баспаға ұсынылды (2016 жылғы 22 шілде № 6 хаттама)

Рекомендовано к изданию Ученым советом Национальной академии образования им. И. Алтынсарина (протокол № 6 от 22 июля 2016 года)

«Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша әдістемелік құрал. – Астана: Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2016. – 70 б.


Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие – Астана: Национальная академия образования им.И.Алтынсарина, 2016. – 70 с.
Әдістемелік құралда берілген «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіру бойынша ғылыми-әдістемелік және практикалық материалдар «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының базалық құндылықтарын меңгеру мен Жаңа Қазақстандық Патриотизмді қабылдауға бағытталған.

Қазіргі талаптарға сәйкес патриоттық бағыт бойынша қызметті жоспарлауға көмектесетін тәрбиелік шаралардың әзірленімдері, Білім сабағына әдістемелік ұсыныстар, жаңа көзқарастағы күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау және т.б. ұсынылады.

Осы басылым мұғалімдерге, сынып жетекшілеріне және мектеп әкімшілігіне, қосымша білім беру педагогтеріне, сонымен қатар, оқушылардың патриоттық тәрбиесі жүйесінде белсенді жұмыс істейтін басқа да мамандарға арналған.

© Ы. Алтынсарин атындағы

Ұлттық білім академиясы, 2016

© Национальная академия

образования им. И. Алтынсарина,

2016




Кіріспе
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасында білім беру жүйесі жаңғыртылуда. Отандық білім беруді жетілдіру қажеттілігі басым мемлекеттік міндеттер қатарына шықты: әлемдік дамыған 30 елдердің қатарына кіру үшін бәсекеге қабілетті адамзат капиталын қалыптастыру, өскелең ұрпақтың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдени құндылықтары, мемлекеттік тіл, мемлекет тарихын білуге негізделген этномәдени және азаматтық бірегейлікті қалыптастыру бойынша әдістер және инновациялық технологиялар, тиімді механизмдерді енгізу, ашық азаматтық қоғам және әлемдік нарықтық экономиканың қажеттіліктеріне сәйкес өскелең ұрпаққа тәрбие және білім берудің сапасы мен деңгейін көтеруде, тәрбиеленушілердің патриоттық құндылықтарын қалыптастыру бойынша қазақстандық патриотизм идеясында тәрбиенің ұлттық жүйесін байытуда шетелдік тәжірибелерді қолдану.

Осы мақсатта 2016 жылғы 26 сәуірдегі Қазақстан халқы Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы біртұтас ұлт» XXIV сессиясында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленіп, қабылданды.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев ««Мәңгілік Ел» патриоттық актісі – бұл – қазақстандықтардың біртектілігі мен бірлігінің ауқымды да бірегей генетикалық бағдарламасы. Біздің рухани құндылықтарымыз бен ұмтылыстарымыздың негізгі форматын ұрпақтан ұрпаққа жеткізуі тиіс. Онда экономика мен саясаттың, мораль мен діннің мәселелері, Қазақстанның жаһандық әлемдегі орны жөніндегі көзқарастарымыз бір арнаға тоғыстырылған. Патриоттық акті біріншіден, халқымыз қалыптастырған және өз жан-жүйесінен өткерген басты жалпыұлттық құндылықтар, екіншіден, мемлекеттің, қоғамның және азаматтардың Қазақстанның тағдыры мен оны дамыту, өркендету жолындағы өзара жауапкершілігінің өзегі. Біз жаңа белестерге қарай ілгері басқан қадамымыздың дұрыстығын компаспен тексергендей, Патриоттық акт арқылы анықтайтын боламыз» - деді.

Құжатта Қазақстан халқының тарихи тағдыры мен жалпы мүдделері, біздің елімізді дамытудың базалық құндылықтары көрінетін «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті мызғымас тұғыры, жеті принциптері ұсынылған. Тәуелсіздік және Астана, Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім, Зайырлы мемлекет және жоғары руханият, Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы және басты құндылықтар толық нұсқада 2014 жылғы 14 қаңтардағы «Қазақстандық жол-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» Елбасының халқына Жолдауында және 2014 жылғы 11 қарашадағы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауында айтылған болатын. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы ретінде жалпыұлттық құндылықтар мен тәуелсіздік жылдарындағы қазақстандық жол, қазақ халқының мыңжылдықтардағы тарихи тәжірибесін жүзеге асыру идеясын алға шығарды.

Белгіленген құндылықтарды жүзеге асыру Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриотттық актісін түсіндіру бойынша жұмыстарды қамтиды.

Базалық құндылықтар негізінде тұлғаға тәрбие мен білім беру міндеттерін шешуде әлемдік және қазақстандық оңтайлы тәжірибелерге сүйенбеу мүмкін емес.

Патриотизм және патриоттық құндылықтар әлеуметтану, педагогика, саясаттану, тарих, философияда зерделеніп, тұжырымдамалық идеялар мен ғылыми тәсілдер тұрғысынан әртүрлі кезеңдер мен контекстерде ғалымдармен қарастырылады.

Жасөспірімдерге патриоттық тәрбие беруде басты үлесті педагог-практиктер қосатынын айтып кетуге болады.

Патриотизм туралы түсініктер мәдени әртүрлілік және мәдениет сұхбатында М.М. Бахтин, В.С. Библер, К.Ясперс, қарым-қатынас философиясында Л.П. Буева, Е.Г. Злобина, М.С. Каган, этностар теориясы мен этникалық сәйкестікте Л.Н. Гумилев, Ю. С.Бромлей, В.А. Тишков, сондай-ақ, қазақстандық этнографтар Ж.Артықбаев, Х.Арғынбаев; мәдениеттанушы А.Сейдімбек, М.Ш. Хасанов, М.Х. Балтабаев, психологтар Ж.Жарықбаев,


Ж.Ы. Намазбаева, философтар А.Н. Нысанбаев, Р.Б. Әбсаттаров, педагогтар К.Ж. Қожахметова, А.Қ. Құсайынова, С.А. Ұзақбаев және т.б. отандық ғалымдардың еңбектерінде қарастырылған.

Әдістемелік құралдың мақсаты – «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің идеясын зерделеу және түсінуде білім беру қызметкерлерін таныстыру.

Жұмыста «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының жеті тұғыры сипатталған, білім беру ұйымдарындағы «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі негізінде білім беру процесін ұйымдастыру, Ресей, Беларуссия, Өзбекстан, Тәжікстан, АҚШ, Швейцария, Индия, Жапония сияқты елдердің мысалында қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі қарастырылған. 2016-2017 оқу жылындағы Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі аясында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбында білім күнін өткізуге әдістемелік ұсынымдар берілген.

Әдістемелік құрал жалпы білім беретін мектептердің пәндер бойынша жұмыс, сабақтағы, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарына қолданылады.



1 Қазіргі әлемдегі патриоттық тәрбие жүйесі
1.1 Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбиенің тәжірибесі

Жақын шетелдердегі патриоттық тәрбие, ұлттық идеяны қалыптастыру мен дамыту тәжірибесі қызығушылық туғызады.


«Ресей ұлттық идеясының» артикуляциясы В.Соловьев, Н.Ф. Федоров, Ф.М. Достоевский, Н.А. Бердяев және т.б. ғалымдардың және басқа көптеген орыс философтарының, жазушылар мен қоғам қайраткерлерінің есімдерімен байланысты. Олардың шығармашылығының мәні патриотизмді Ресей азаматының, кез келген жасампаз ұжымның болмысы, Ресей қоғамы өмірі негізінің ажырамас және маңызды сипаттамасының бірі ретінде қарастыруы тән.

90-шы жылдары Ресей қоғамын трансформациялау қоғамдық даму бағыттарының түбегейлі өзгерістеріне алып келді, ал бұл жекелеген қоғамның жіктелуіне, өмірлік деңгейінің төмендеуіне, жастар ортасындағы құндылықты қайта ұйымдастыруларға жол берді.

Көп ұлтты Ресей мемлекетінің білім беру жүйесінде басқа халықтарға деген құрмет, әрі Отанға деген махаббат сезімі ретінде өскелең ұрпақты тәрбиелеу мәселесі маңызды болып табылады. Ресейдің жас буыны жаңа әлеуметтік шындықпен байланысқа түсіп, байырғы қағидалар мен бұрынғы қоғамдық жүйенің құндылықтарын қабылдамайды. Тұлғаның жаңа әлеуметтік түрі пайда болды. Мұндай жағдайда патриоттық тәрбиенің жаңартылған жүйесін қалыптастыру, жаңа міндеттерді беру және оның тәсілдері мен әдістерінің тиімділігін арттыру маңызды болып табылады.

Ресей патриотизмінің ерекшеліктері мен оны таныту формаларын қарастырайық. А.Н. Вырщиков, М.Б. Кусмарцев, Г.А. Антипов және т.б. Ресей ғалымдары бәрінен бұрын, әсіресе әртүрлі себептермен шетелдерде тұратын ресейліктердің, орыс адамдарының туған елге, табиғатқа деген қарым-қатынасын маңызды деп санайды. Олар үшін Ресейдің кең байтақ жазықтарын, оның алқаптарын, шабындықтарын, ормандары мен өзендерін ұмыту өте қиын. Ал, ақ раушан гүл Ресейдің нышаны болған және қашанда туған өлкеге деген махаббат болып елестейді. Отанға қауіп-қатер төнген жағдайда өздерінің барлық күш-жігерлері мен рухани күштерін жылдам жұмылдыруға қабілетті. Ресейліктер өз елдерін және халқын төнген қауіптен құтқару үшін, ел үшін күйзеліс жағдайында қолдан келгеннің барлығын, атап айтқанда, таңғаларлық өмірлік ауыртпалықтарды бастан өткізуге, қиыншылыққа шыдауға, елдің мұқтаждығы үшін жинаған ақшалары мен құндылықтарын беруге, халық жасағы мен әскер қатарына өз бетімен кіруге дайын екендіктерін бірнеше рет дәлелдеді. Ресей патриотизмі интернационалдырылған. Халқының көптеген бөлігі салыстырмалы түрде өмір сүретін көп ұлтты елге қауіп төнген жағдайда барлығы жаулап алушыларға қарсы бірыңғай майдан болып күш көрсетеді, ал бейбіт әлемде сұмдық апатқа және табиғат өзгерістеріне қарсылық білдіре алады. Ресейліктердің патриотизмі олардың мақтанышы және абыройларымен үйлеседі. Бұл елдің халықаралық аренадағы беделіне, оның геосаяси жағдайына, ғылым, мәдениет, білім және әскери саладағы жетістіктеріне негізделген. Жастардың қоғам үшін маңызды әлеуметтік қажеттіліктерді көздеуі, өздерінің «керектігін» жасөспірімдер мен жастардың сезінуі, жастар шығармашылығы мен белсенділігі үшін әлеуметтік тапсырыс патриотизм құндылықтарын меңгеру үшін зор шабыт береді, оның тиімділігін және қоғамдық санаға әсер етуді, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдіруді арттырады.

Ресейдің әлемдік қауымдастыққа кіріктірілген патриоттық әлеуетіне: мәдени-тарихи рухани құндылықтар; жеке тұтынушылардың жеткілікті парасаттылығы мен олардың ұжымдық, қоғамдық және мемлекеттілікке сәйкестілігі; материалдықтан бұрын руханилықтың артықтығы; рухани-адамгершілік әлеуетті жаңғырту қабілеті, шаруашылық-тұрмыстық және мәдени ортадағы өмірлік іс әрекеті және т.б. жатады.

Қазіргі таңда Ресейде патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, зорлық пен зомбылықты насихаттауды тоқтату рухында рухтандырушылық, халықты, әсіресе жастарды тәрбиелеу жандандырылуда.

Патриоттық тәрбиені іске асыруда Ресейдің революцияға дейінгі неғұрлым тығыз сабақтастық сезімі қалпына келтірілетін жаңа тұжырымдамалық тәсілдер әзірленеді; Ресей Федерациясын өзіндік және толыққанды Отан ретінде қалыптастыруға ұмтылумен байланысты процестер жүргізілуде.

Беларустың патриоттық тәрбие беру тәжірибесі өте қызықты. 1996 жылдан кейін «Чернобыль даңғыл жолы» кезінде Минскіде мыңдаған жастар өкілі ел президенті А. Лукашенконың саясатына қарсы шықты, елдің басшылары жастардың патриоттық тәрбиесімен тығыз айналысу туралы шешімге келді. Жастар туралы Президенттің Декреті шықты. Содан кейін, жалпы алғанда мемлекеттік жастар саясатының тірегі болған БЖО (Беларусь жастар одағы) жастар ұйымы құрылды. Жастар қоғамдық ұйымдарының қызметі, Жастар ісі жөніндегі Мемлекеттік комитетімен, ұйымның мемлекет қызметіне нақты қатысуына мүмкіндік беретін ұйымның қызметін құқықтармен реттейтін заңдар және нормалармен, өкімдермен, жарлықтармен және нұсқаулықтар жиынтығымен реттеледі. Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруда мемлекеттің сенімді серіктестігі «Беларусь жастар одағы» қоғамдық бірлестігі болып табылады. «Беларусь жастар одағы» ҚБ қызметі жастарды жан-жақты дамыту, оның шығармашылық әлеуетін ашу, жастарды ел алдында тұрған өзекті қоғамдық маңызы бар міндеттерді шешуге дайындау үшін жағдайлар жасауына бағытталған. Өздерін елде патриоттық қозғалыстың тірегі ретінде санаған «БЖО» мақсаты Беларусь халқы мен мемлекетіне деген мақтаныштарын ояту болып саналатын ҚБ «Квiтней Беларусь!», «Біз – Беларусь жастарымыз!», «Мен – Беларусь азаматымын» сияқты дәстүрлі акцияларды ұйымдастырушылар болып табылады.
Беларустағы азаматтық және патриоттық тәрбие, басқа елдердегідей тұлғаның белсенді азаматтық ұстанымын, азаматтың қоғамдағы өз орнын белгілеуді, ішкі еркіндік пен өзінің саяси және моральдық таңдауы үшін жауапкершілікті қалыптастыруды ұсынады. Осының барлығы басқа пікірге деген ерекше моральдық-психологиялық қасиеттердің, шыдамдылық пен сыйластықтың болуын талап етеді. Бұл қасиеттер тек сабақтан тыс іс-шараларда ғана дамымайды, сондай-ақ, пәнді оқыту кезінде де дамиды. Патриоттық сезімге тәрбиелеудің кең мүмкіндіктері, саяси және моральдық жауапкершілікті қалыптастыру гуманитарлық ғылымға жол ашады. Жаратылстану-математикалық бағыттағы пәндерде беларустың ғылым мен техника, оның дамуына үлес қосқан Беларусь ғалымдарының өмірбаяндарына барынша мән беріледі.

Білім алушылардың белсенді азаматтық ұстанымдарын, патриотизмін, ақпараттық-құқықтық мәдениетін қалыптастыруды ұсынатын тәрбие жұмысының жүйесін ұйымдастыруда білім беру мекемелеріндегі Беларус Республикасының Мемлекеттік рәміздерінің бұрыштары, Конституцияны оқыту маңызды рөл атқарады.

Сынып жетекшілері мерейтойлық күндер мен мемлекеттік мерекелерге арналған ақпараттық сағаттарды, азаматтық-патриоттық тақырыптарға арналған тақырыптық сынып сағаттарын, байқаулар мен фестивальдар өткізуге басты назар аударады. Іс-шараларды өткізу форматы әртүрлі болуы мүмкін, бірақ өткізу барысында қандай әдістер қолданылатыны маңызды. Білім беру процесіне тәрбиеленушінің белсене қатысуы және педагогтің алдына қойған мақсатына жетуі үшін белсенді әдістердің өнімділік нәтижесі жоғары болады. Білім берудің барлық субъектілері арасындағы қарым-қатынас бойынша оқушылардың және педагогтердің бірлескен іс-әрекеті негізінде күтілетін нәтижеге жетуі үшін интербелсенді әдістер тиімді болып саналады. Мұнда білім алушылардың танымдық процесі арттырылып, меңгерілетін тақырып бойынша аса қызығушылық танытады. Интербелсенді тәртіпте жұмысты ұйымдастыру барысында білімдерімен, идеяларымен алмасып, практикалық жаттығуларды орындауда қажетті біліктіліктерді меңгеруі арқылы әркім жеке үлес қосады. Интербелсенді әдістер жеке-тұлғалық тәсілге сәйкес келіп, жоғары қалыптастыру әлеуетін көрсетеді.

Өзбекстанда Ұлттық тәуелсіздік идеясына көп көңіл бөлінеді. Өзбекстан Президенті Ислам Кәрімов заманауи прогрестің өзіндік заңдылығын өзінше ұғынып, ұлттық тәуелсіздік идеясына халықтың ұмтылуы негізіндегі оқытуды енгізді. Бұл оқыту оның шығармаларында сипатталған. 2000 жылы осы шығармаларының негізінде елдің білім беру жүйесінде енгізілетін және оқытылатын «Ұлттық тәуелсіздік идеясы: негізгі түсініктері мен қағидаттары» атты кітап дайындалып шығарылды.

Ғылымның негізгі мақсаты жас ұрпақтың бойына ұлттық тәуелсіздіктің негізгі түсініктері мен қағидаттары идеясын енгізу болып табылады. Қоғамдық прогреске әр ұрпақ өкілі өз үлесін қосады, біздің еліміздің ұлы тарихының да өз қолтаңбасы бар. Бұл игі іс-әрекет процесі қоғам алдына қойылған мақсат пен міндеттерді іске асыру барысында ұлттық тәуелсіздік идеологиясын кеңейтеді және жетілдіреді.

Тәжікстан Республикасында патриоттық тәрбиені қалыптастыру үшін түрлі нақты шаралар қолданылады. Тәжікстан Республикасының атқарушы өкімет органдары басқа атқарушы органдармен Тұжырымдама ережелерін, мемлекеттік бағдарламалар және патриоттық тәрбие жоспарларын орындауды қамтамасыз ету мақсатында патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру жолдарын мемлекеттік органдарға ұсынады; өңірлік ұзақ мерзімді патриоттық тәрбие бағдарламаларын (жоспар) әзірлейді және оның іске асырылуын жергілікті өзін-өзі басқару органдары, қоғамдық және діни ұйымдарды жұмылдыру арқылы патриоттық тәрбие міндеттерін жүзеге асырады.

Бұл саладағы іс-әрекеттің жалпы стратегияларын іске асыру, заманауи жағдайда патриоттық тәрбие жүйесін басқару үшін, министрліктер мен ведомствалар, қоғамдық және діни ұйымдар, ведомствоаралық құрылымдар қозғалысын құру қажет. Олардың құрамы мен өкілеттілігі құқықтық актілерге сәйкес анықталады. Үкіметтік комиссия Тәжікстан атқарушыөкімет органдарымен азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламалары міндеттерін іске асыру бойынша белгілі бір кезеңге күш біріктіреді. Азаматтарды патриоттық тәрбиелеу мемлекеттік бағдарламаларының әзірлемесін дайындауды ұйымдастырады, бағдарламаның басты орындаушыларын анықтайды. Тәжікстан Үкіметі патриоттық тәрбиелеудің тиімділігін арттыру бойынша берілген ұсыныстарды қарайды, қаржылық қаражаттың мақсатты жұмсалуын қадағалауды қамтамасыз етеді. Үкіметтік комиссия шешімімен жұмыс тобы құрылады, оның қызметі мен өкілеттілігін осы комиссия анықтайды.

«Тәжікстан азаматының патриоттық тәрбиесі» мемлекеттік бағдарламаны орындау және келесі кезеңдерде азаматтарға патриоттық тәрбие беру мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу, мемлекеттік органдарға сәйкес атқарушы үкімет органдары, Тәжікстан субъектілерінің атқарушы үкіметі, олардың орындалуын ұйымдастыру болып табылады.



1.2 АҚШ, Швейцария, Үндістан, Жапония елдеріндегі патриоттық тәрбие
Біздің қоғамның барлық саласында патриоттық тәрбиеге қатысты туындаған мәселелер МЖБС-та баяндалған, сонымен қатар, шешу жолдарын анық көру үшін, тарих пен дамыған елдердің заманауи геосаясатында қалай шешілгенін қарастыру қажет. АҚШ-тағы патриоттық тәрбиені қарастырайық. Біз нені «патриоттық тәрбие» десек, АҚШ педагогтері оны мынадай категориялармен өлшейді: «саясаттық білім беру», «моральдік рухты қалыптастыру» және т.б.

АҚШ-тағы патриоттық тәрбие жүйесін мыналар құрайды:



1. Құрылымдық элементтердің диалектикалық бірлігі: а) тәрбиенің негізгі мақсаттары; б) оның субъектісі; в) тәрбие объектісі; г) оқушыларды тәрбиелеудегі негізгі бағыттар; д) тәрбие жұмысының формалары; е) оның әдістері; ж) тәрбиелеу құралдары;

2. Тәрбиенің негізгі мақсаты жетекші жүйе құрушы фактор болып саналады. Негізінен, осы жүйенің барлық элементтерінен өтіп, оған дербестік пен бірлік береді. Тәрбиенің негізгі мақсаты американдық оқушыны үнемі өзін жетілдіруге ұмтылатын АҚШ-тың патриот-тұлғасы ретінде қалыптастыру және дамыту болып саналады.

3. Оқушының патриоттық тәрбиесінде отбасы, оқу орны, қоғамдық мекемелер және қоғам арасындағы қарым-қатынас ұйымдастырылады.

4. Діни бағыттағы моралдық-этикалық тәрбие американдық оқу ұйымдарының тәрбие жұмысындағы басты бағыт болып саналады. Моральді-этикалық тәрбие жалпы діни қағида негізінде жүзеге асады.

Швейцарияда білім беру және тәрбиелеу авторитарлық болып келеді. Швейцарияда балаларды викториан дәуріндегідей ағылшынша тәрбиелейді, яғни мына ұстанымды басшылыққа алады: «Балалар көз алдында болу керек, бірақ оларды ешкім естімеу керек». Швейцарияда білім беру мен тәрбиелеу авторитарлы, өйткені олар берген білімге және берген тәрбиеге қарсы шықпайды. Олардың ата-анасының жұмыспен қызығушылығы, жастарда радикалдық көзқарас қалыптастырады. Еуропада оның деңгейі ең жоғары.

Үндістандағы патриоттық тәрбие. Үндістан тәрбие жағынан «заңнамалы» соның ішінде патриоттық болып есептеледі. Мыңжылдық арасында қалыптасқан Үндістан педагогикалық дәстүрі мен қоғамы (шығу тегі мен құқықтары бойынша ерекшеленген топ) заманауи педагогиканы патриоттық тәрбиедегі әр түрлі әдістермен және тәсілдермен толықтыра алады. Заманауи Үндістандағы тәрбие жүйесі үндіс, будда, мұсылмандық педагогикалық дәстүрлерден ең жақсысын алған. Тәрбиеші мен педагогтер шығармашылық және рухани дамуға үлкен мән береді (адамгершілік және дене шынықтыру). Оқушыларды ойлауға жетелейтін пікірталас түрінде сабақтар өткізеді. «Патриоттық сабақтар», «Есте сақтау сабақтары», «Медитация сабақтары», «Күлімсіреу сабақтары» – үндіс мектептеріндегі шынайы тәжірибе. Балалардың өзара жарысын мадақтамай олармен тіл табысу - көпшілік мақұлдаған тәсіл. Бала басқалармен жарысып қандай жетістіктерге жеткені маңызды емес, маңыздысы бала қаншалықты өзінің жетістіктерін жақсартты. Үздік оқушыларды «Жетістік карточкасымен» марапаттайды. Кемшіліктер туралы айтпайды, олардың ата-аналары ренжімесін деп, оларға тек қана жетістіктерін айтады. Әлбетте, Үндістанда білім беру мен тәрбие жүйесі ерекше және ол осы елге ғана тән. Бірақ, одан еуропалық елдер де көп пайдалы нәрсе ала алады. Шынайы мейірімділік, жоғары адамгершілік, өзара құрмет, төзімділік және зорлық түрлерінің болмауы – осының бәрі қызықтырады.



Жапониядағы патриоттық тәрбие өте қызықты және маңызды, бұл ел моральдық тәрбие бойынша дәстүрге бай. Қазіргі таңда жасөспірімдердің тәрбиесіне мемлекеттің, білім беру ұйымдарының және отбасының салған күшін көтеретін тұтас және күшті жүйе құрылып жатқаны байқалады.

Қазіргі уақытта Жапонияның жартысынан көбі толық орта білімді және жоғары білімді болып табылады. Американдық және француз үлгілерін қолданғанына қарамастан, Жапония мектептері бірегей ерекше, Жапониядағы білім беру жүйесі мен тәрбие жүйесі жапондық, классикалық шығыс және батыс дүниетанымымен әрекет жасау ұстанымдары негізінде жасалған. Жапондық мектептер ұлттық рухты таратады, қажетті моральдық қасиеттерді қалыптастырады, ұлттық сипаттағы дәстүрлік қасиеттерді дамытады, тірек негіздерге: синто, бусидо, будда, конфуциялық діни дүниетанымды, жетекші философиялық, этикалық білімдерді алған. Сурет пен музыка пәндерін оқытуда, эстетикалық мұратты қалыптастыруда ұлттық идея, «дәстүрлі моральдік құндылыққа» толы. Жапон білім беру жүйесінің әсерлігі, оның ерекше нәтижелілігі мен жапондықтардың дәстүрлі еңбекқорлығы, олардың тәртіптілігімен ғана емес, сонымен қатар, тарихи және мәдени дәстүрлерімен, мәдениет пен тілдің бірлігімен, ұлттық бірлігі мен тұтастығын қамтамасыз етеді (жапондық қоғамда этникалық өзгешелік мәселесі қоғамдық санада болмайды). Жапонияда «Адамды қалыптастыру бағдарламасы» (Хитодзукури) қабылданған, оның мәнін: зияткерлік және дене шынықтыруды дамыту, адамгершілік тәрбиесі, мәдени-көркемдік жетілу сынды тұлғаның үйлесімді білім алу қажеттігін мақұлдау құрайды. Негізгі мақсат ретінде «жастарда мейірімділік пен патриотизм, адалдық пен Отан қорғау сана сезімі», өзінің және басқалардың бақыты үшін еңбек өнімділігін арттыру құрайды. Бағдарламаның негізінде конфуцийлік оқыту мен тәрбиелеу жүйесі, сонымен қатар, белсенді оқыту идеясы жатыр, «Өзінің мүмкіндік шегінде жұмыс жасау» ережесі мектептің ұраны болуы тиіс. «Қалаулы адам образын қалыптастыру бағдарламасының» жобасы жарияланды, оның ішінде жапонның мұраты, отбасы және қоғам мүшелерінің қасиеттері тұжырымдалған. Бағдарлама «жапон идеалының моральдық қасиеттерінің таптан тыс сипатын» көрсетті және жас ұрпақтың идеологиялық тәрбиесіне теориялық негіз болды. Сұлулықтың өзі сындарлы жапондықтарда пайдамен байланысты, өз қамын ойлайтын түсінік те пайда болуы мүмкін. Этикалық және эстетикалық нормаға сәйкес, Жапонияда табиғатты қорғау өзінің нақты шегін табады. Мысалы, жапондықтар өз жерінде синтоист ғибадатханалардың қасындағы қасиетті гүл шоқтарға тиісуге болмайтынын біледі.

Қазіргі әлемде патриоттық тәрбиені дамыту – көп қырлы үрдіс, оның көлемі мен нәтижесі өте маңызды. Адам өркениетінің сұранысы және осы сұраныстарды педагогикалық тілге аудару қажеттілігі бойынша батыл өзгерістер енгізілді.

Рухтың негізін, ұлттық және жалпы адами-мәдени құндылықтардың ошағын құрайтын мектепішілік патриоттық тәрбиені және білім беруді маңызды беталыс деп санауға болады. Заманауи әлеуметтік, саяси, педагогикалық талаптардың деңгейіне жақындап, мектеп өзінің кескінін өзгертеді.

Белгілі бір мамандықтарда, оның ішінде қызмет көрсету саласы қызметкерлері, іскерлер, мұғалімдерде мәдениетаралық қарым-қатынас негіздерін меңгеруге қажеттілік өсіп келеді. Әлемдік педагогикалық ой-пікірлер көпмәдениетті тәрбиенің жалпы стратегиясын әзірлейді. Оқу мен тәрбие біріншіден, адамның өз түп-тамырын түсіну және сол арқылы қазіргі әлемде өз орнын айқындауға, екіншіден, басқа мәдениеттерге құрметпен қарауға дағдыландырады. Қазіргі заманда көпмәдениеттілік рухындағы патриоттық тәрбие мен білім беру әлдеқашан өзгерістерге ұшырап жатыр: мәдени әртүрлілік құндылықтарын мойындайтын жаңа үдерістер көрінуде; нәсілдік және этникалық азшылық топтарды, иммигранттарды оқыту, арнайы көпмәдениетті білім беру бағдарламалары әзірленіп жатыр. Педагогикалық жобаларды шағын этностар және олардың мәдениеті туралы ақпараттарды, нәсілшілдікке қарсы және басқа да ұлттық нанымдарға бағытталған білім берудің тұжырымдамалық бағдарламалары алмастырады. Оларда басқа мәдениетті дұрыс қабылдайтын, мәдениетті үстем ететін әдебиет, мәдениет, тарих бойынша оқу материалдары ұсынылады.

Әлемнің көптеген мемлекеттерінде көпмәдениеттілікті қалыптастыру педагогикалық білім беру бағдарламаларына жатады. Саясатты көпмәдениетті тәрбиенің патриоттық негізі ретінде қарастыратын елдер: а) ерікті жаппай иммиграция нәтижесінде көпмәдениетті етіп қоятын (АҚШ, Канада, Австралия); б) өз өткенінің көпмәдениеттілік салдарын отарлық метрополия ретінде қоятын (Ұлыбритания, Франция, Голландия); в) байырғы тарихи және терең ұлттық, мәдени ерекшеліктерімен (Ресей, Испания) бөлуге болады. Әлемнің озық елдерінде патриоттықтың негізі ретінде көпмәдениетті тәрбие дамиды:

- этникалық азшылық өкілдерін педагогикалық қолдау;

- билингвалдық оқыту;

- этноцентризмге қарсы шараларды қолдайтын көпмәдениетті тәрбие.

Бұлардың барлық бағыттары ерекше оқу бағдарламаларында көрінеді. Әлемнің алдыңғы қатарлы елдерінде патриоттық тәрбиеге ресми деңгейде ерекше көңіл бөлінеді. Австралия, Испания, Канада, Ресей, АҚШ-та көпмәдениетті білім беру мен тәрбиені күшейту белсендендірілді.



2 «Мәңгілік Ел» патриоттық актісінің негізінде Қазақстан Республикасы білім ұйымдарында білім беру процесін ұйымдастыру
2.1 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын оқу және пән бойынша сыныптан тыс іс-әрекеттің өзектілігін арттыру
Патриотизмге тәрбиелеу – ұлттық қауіпсіздік жүйесімен шектесетін ең өзекті мәселелердің бірі. Еліміздің Президенті Н.Ә. Назарбаев біздің еліміздің ұзақ мерзімді даму әлеуеті шеңберінде абзал міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизмді қалыптастырудың міндеттерін айқындап берді. Елбасы жыл сайынғы өзінің жолдауында жастардың патриоттық тәрбиесіне баса назар аударады. Елбасының тапсырмасымен «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі әзірленді. Бұл құжаттың мемлекеттік маңыздылығы Қазақстан білім ұйымдарының басшыларын, мұғалім-практиктерді патриоттық тәрбиенің жеті қағидаты формасындағы «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын түсіндіру жұмыстарын жүргізуге белсенді кірісуге міндеттейді. Тәрбие іс-әрекетінде, сыныптан тыс оқытуда, аталған бағыттар бойынша жұмысты күшейтудің қажеттігі оны жандандырады. (Жандандыру [лат. aсtualis - әрекетшіл]- тұрмысты өзгертеді ұғымын білдіреді: тұрмыстың мүмкіндік жағдайынан шындығына қарай ауысу. Жалпы түсінік бойынша жандандыруды өмірде жүзеге асыру болып есептеледі. Философиялық сөздік).

Орта білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін республика мектептеріне тарату, «Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығын сабақта және сабақтан тыс уақытта білім беру саласындағы оқу пәндерінің үлгілік оқу жоспарларын кіріктіру арқылы ашып көрсету қажет:



бастауыш мектеп (4)

- «Тіл және Әдебиет»,

- «Математика және Дүниетану»,

- «Өнер және Технология»,

- «Өзін-өзі тану және Дене тәрбиесі»;

негізгі мектеп (3)

- «Тіл және Әдебиет. Адам және қоғам»,

- «Математика және информатика. Жаратылыстану»,

- «Өнер және Дене тәрбиесі»;



Орта мектеп (6)

- «Қазақ тілі және Қазақ әдебиеті»,

- «Орыс тілі және орыс әдебиеті»,

- «Тарих және География»,

- «Физика және Математика»,

- «Химия және Биология»,

- «Технология және Дене тәрбиесі».

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылығын пән салалары бойынша қалай меңгеруге болады? Оның бір нұсқасы жылдық тақырыптық- күнтізбелік жоспарды әзірлеу барысында пән бойынша оқылатын материалдарды сәйкестендіру. Егер, материалдың көлемі мен қайталанып келуін ескерсек, пән бойынша оқушыны жүктеу олардың сапалы меңгеруіне мүмкіндік бермейді, ал кіріктіріп оқыту және пәнаралық байланысты орнату оқу мүмкіндіктерін кеңейтеді. Мысалы, 1-сыныптағы «Математика және Дүниетану».


1-кесте - «Мәңгілік Ел» құндылықтарын іске асыруда 1-сыныпта тақырыптық- күнтізбелік жоспарлауды әзірлеу


«Мәңгілік Ел» құндылықтары

Математика


Дүниетану


1- «Мәңгілік Ел - бұл- Тәуелсіздік және Астана».


Тақырыбы: «Кеңістік және уақыт туралы түсінік».

Мақсаты: Кеңістік және уақыт туралы түсінігін қалыптастыру

Міндеттері:

-бір-біріне қарағанда денелердің жазықтықта және кеңістікте орналасуын анықтауды меңгерту;

- оқиғаларды рет-ретімен қою дағдыларын дамыту;

- шығармашылық ойлауын дамыту, назары, қиялы.

- Туған Астана қаласына деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу .


Тақырып: «Күз табиғаты»

Мақсаты: Күз сипатының белгілері туралы түсінігін қалыптастыру; тірі табиғаттағы уақыт өзгеруінің байланысын көру (жаз-күз салыстыру);

Сабақтың міндеттері:

1. Күздегі жануарлар мен өсімдік тіршілігіндегі өзгерістерге түсінік беру.

2. Осы өзгерісті өлі табиғатпен байланыстырып көрсету.

3. Өзінің өмірлік тәжірибесін, алған білімін қолданып, логикалық қорытындылар құрады және жинақтайды.

4. Астана қаласының табиғатына ұқыпты қарауға тәрбиелейді.


Түсінік беру.

Патриоттық сезім табиғатында сан қырлы, ол жеке тұлғаның барлық қырларын біріктіреді: адамгершілік, еңбек, ойлау, эстетикалық, сонымен қатар, физикалық дамуын және бірыңғай нәтиже алу үшін әрбір қырынан әсер етуді ұсынады. «Мәңгілік Ел - бұл - Тәуелсіздік және Астана» құндылықтарға баулудың негізгі нәтижесі сабақ арқылы балалардың туған қаласына, оның әдемі көшелеріне, даңғылдарына, қаланың сәулеті көрікті жерлеріне деген мақтаныш сезімі болуы қажет. Экскурсия барысында олар қаланың өзеннің үстінде және оның бір бөлігі оң жағалауда, бір бөлігі сол жағалауда орналасқанын біледі. Айнала қоршаған күзгі тірі табиғатты – саябақты, бақты , гүлзарларларды бақылау арқылы олардың өзгергенін байқайды. Төменгі сынып оқушылары біздің елімізде басты қала – Астана болып табылатынын білуі қажет. Бұл қала олар үшін басты қала себебі, онда олардың үйі, мектебі, достары бар.

Сабақ түрі: сабақ – экскурсия

Технологиялар: дидактикалық ойындар, сыни ойлау, зерттеу тәсілі


Технологияларды таңдауда кіріктірілген сабақтарға тоқталамыз. Материалдарды осылайша беру арқылы оқушылардың біліктілігін қалыптастыруда ойын технологиялары қамтамасыз етіледі:

• дидактикалық ойындар ;

• ақпараттық-коммуникативтік технологиялар;

• рөлдік ойындар;

зияткерлік сайыс ойындар;

• дамыту технологиясы (шығармашылық) ойын және т.б.

Аталған технологияларды ғалымдар және педагог-практиктер инновациялық факторлардың қатарына жатқызады.

Білім берудегі инновациялық технологиялар – бұл білім беру процесін ұйымдастыру, сапалы қағидаттарға, құралдарға, әдістерге, құрылған технологияларға және білім беру нәтижесіне жетуге мүмкіндік береді. Олар төмендегіше сипатталады:

- ауқымды білім көлемін меңгеру;

- ауқымды шығармашылық белсенділік;

- кең көлемдегі практикалық дағдылар мен біліктердің шоғыры.

Инновациялық ойындар технологияларының бастауыш мектептің әртүрлі жалпы білім беретін оқу пәндерінің үлгілік білім беру бағдарламаларына еркін еніп кетуі, ақпараттық-түсіндіре оқытудан ақпараттық-іс – әрекетке ауысуы, жеке тұлғаның дамуына бағытталған үлкен жетістік болып табылады.

Осылайша, оқыту – «қоғамдық-тарихи тәжірибеден берілетін мақсатты процесс; білім, білік және дағдыны қалыптастыруды ұйымдастыру» (Психологиялық сөздік, М.:1990), дидактикалық ойын – білім, білік және дағдыны қалыптастыруға бағытталған жеке тұлғаның қызықты шартты іс-әрекеті.



Бастауыш мектептегі ойын технологиялары:

- балалар еңбегінің қызықты және өнімді болуы;

- дидактикалық (ой-өрісін кеңейту, еңбек дағдыларын дамыту);

- тәрбиелеуші (ұжымдық, ынтымақтастық);

- дамыту (ес, назар);

- әлеуметтендіру (қоғамдық құндылықтар талаптарымен танысу) болып табылады.



Патриоттық тәрбие берудің ең күшті құралының бірі өлкетану болып табылады – табиғатты тану, туған өлкенің шаруашылығы мен тұрғындары, жергілікті қауымдастықтың өмірін жақсарту мақсатындағы олардың өткені мен қазіргісі. Бұл бағыт өзінің бейнесін білім берудің өңірлік қағидаттарынан, оқушылардың туған өлке туралы толық, терең мазмұнды білімі мен туған өлке табиғаты мен туған жерге деген махаббат сезімінен, өз халқының салт-дәстүріне арналған құрметінен табады.

Ұлттық-өңірлік компонентте таңдалған педагогикалық, географиялық материалдар:

- тұрғылықты мекеннің тарихи, мәдени, ұлттық, географиялық табиғи-экологиялық, өзіндік ерекшелігін;

- аймақтық даму ерекшелігін ашумен түсіндіріледі;



Өңірлік-өлкетану компонентін іске асырудың рөлі «Мәңгілік Ел» құндылықтары «Тарих және География» саласындағы кіріктірілген сыныптан тыс іс-әрекет бойынша өсе түседі. .

«Туған өлке» ұғымы пәнаралық болып саналады, мұнда биология, экология бойынша білім қажет.

Бұл іс-әрекеттің құрамына география, тарих, биология пәнінің мұғалімдері, мектеп оқушылары, ата-аналар кіретін шығармашылық топтағы зерттеу жобаларының түрі ерекше қызықты және өнімді. Мектеп базасында «Менің Отаным-Қазақстан» атты ізденушілік-зерттеу тобы құрылуы мүмкін, оның қатысушылары 11-16 жастағы балалар.

«Мәңгілік Ел» құндылықтарын оқып-үйрену объектісі үшін – туған өлке табиғаты мен оның қазба байлықтары, еліміздің табиғи байлықтарын:

- жергілікті рельеф;

-ауа райының ерекшелігі;

- жер үсті сулары;

- су ресурстары;

- өсімдіктер дүниесі және жануарлар дүниесін ұқыппен қолданып жүрген еңбек адамдары алынады.
2-кесте– «Мәңгілік Ел» құндылықтарын өңірлік компонентте жүзеге асыру


«Мәңгілік Ел» құндылықтары

Сабақтан тыс жұмыстың мазмұны

Тарих ( өлкетану тарихы)

География (географиялық өлкетану)

4- «Мәңгілік Ел –инновация негізіндегі тұрақты экономикалық даму

Зерттеу жобасы « Экспо-2017 Астана бағдарламасын іске асыру аспектісіндегі тарихи және әлеуметтік-экономикалық өңірлік дамудың талдамасы» «Болашақ энергиясы» жол сілтемесінің әзірлемесінің дайындалуын қарастырады.

Жол сілтемесінің әр бетіне тарихи анықтама тіркеледі және нәтижелелері көрсетіледі және энергия көзін қолдану саласындағы өңірдің перспективалары мен экологиялық тазалықтары, пайдаланудың төмен бағасы мен қоршаған ортаға зиянсыздық артықшылықтары.



Шығармашылық жоба – табиғи кешендерді зерттеу арқылы фотосуреттерді сипаттай отырып, «Менің өңірімнің ерекшелігі» атты альбом жасап, келешекте география сабақтарында қолдану.

«Экономика саласындағы инновациялардың талдамасы: ғалымдардың үлесі» сұхбат, кездесулер, ғалымдардың қатысуымен мектепшілік Одиссеяны ұйымдастыру және жобаның қорытындысы бойынша зерттеу жұмыстарының жинағын шығару.



Түсініктеме.

«Мәңгілік Ел - бұл инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім» құндылығына баулу арқылы күтілетін нәтиже:

- зерттеу қызметінің әдістеме негізін меңгеру. Оқу жылының басы мен аяғында шығармашылық ойлауға тест өткізу арқылы зерттеу қызметінің беріктігі тексеріледі.

- тұрғындардың мәдениеті, дәстүрлері, тарихи тұрмысының ерекшелігі мен өңірдің экономикалық дамуының байланысын терең ұғыну. Байланысты сезіну деңгейі сұхбаттасу, тестілеу, ролдік ойын, тарихи және географиялық өлкетану саласындағы зерттеу қызметі бойынша талдаудың қорытындысын жасау негізінде бағаланады.

- шығармашылқ ойлаудың дамуы. Жұмыс болжамын ұсыну мен дәлелдеу негізінде шығармашылық белсенділікті арттыру арқылы зерттеу барысында қойылған міндеттерді шешу үшін стандартты емес тәсілдерді қолдану сапалы көрсеткіштің белгісі болып табылады. Шығармашылық ойлаудың дамуы педагогикалық бақылау негізінде бағаланады, тәрбиеленушінің зерттеу қызметі кезіндегі жаңа зерттеу тақырыптарын ұсыну негізгі көрсеткіш болып саналады.

- туған өлкені сүю, табиғатты аялау. Аталған нәтиже сұхбаттасу, табиғаттағы оқушының тәртібін педагогикалық бақылау арқылы бағаланады. Өзінің өңірінде қоршаған ортану жақсарту негізінде тәрбиеленушілердің табиғатты қорғау әрекетіне дайын болуы маңызды көрсеткіш болып табылады.

- Үйренушілердің мінезінің жағымды қаситтерін арттыру ( өз халқының тарихи тамырына құрметпен қарау, жақындары мен өзіне назар аудару, табиғи тәртіп).

Өлкетану модулі сабақ барысында «Мәңгілік Ел» құндылықтарын ашуда негізгі рөл атқарады.

Мысалы, 6-сыныптағы физикалық география курсында өзінің өлкесін табиғи зертхана ретінде танып білу үшін өлкетану модуліне енгізіледі және кейбір сабақтарда оқытылады. Оқушылар бақылауды, бақылау күнделігін жүргізуді және ландшафтқа сипаттама беруді үйренеді, осы түсініктермен қолдау оқушыларда географиялық жергілікті, өңірлік және жаһандану деңгейінде білім негізін, сонымен қатар, кеңістікте дұрыс бағыт алуын қалыптастырады.
3-кесте - «Мәңгілік Ел» құндылықтарын өлкетану модулінде жүзеге асыру


р/н

Бөлімнің атауы

Өлкетану модулі

1

Кіріспе

1) Географиялық өлкетану нені зерттейді (өңірлік табиғатты қолдану бойынша географтардың алдында тұрған міндеттер).

2

Жер – Күн жүйесінің планетасы

1) Табиғатқа экскурсия. Өңірді күз кезінде бақылау.

3

Жоспар және карта


1) Сіздің өңіріңіз Қазақстанның географиялық картасында (практикум-сабақтарда «Глобус, карталарда географиялық координат нүктелерін анықтау»)

2) Тұратын жергілікті орынды сипаттау.

3) Жергілікті жерге бағдар алу.

4) Азимут бойынша жүру.

5) Төңіректің жоспарын құру.


4

Литосфера


1) Өлкенің таулы жынысы («Жер қабатын құрайтын тау жынысы» тақырыбы құрамында).

2) Төңіректің рельефін сипаттау («Таулар. Биіктігі бойынша таулардың түрі», «Жазықтар. Жазықтардың өзгеруі мен пайда болуы»).



5

Атмосфера


1) Ауа райын бақылауды ұйымдастыру (практикум сабақ).

2) Ауа райының күнтізбесімен жұмыс (үй тапсырмасы – ауа райының күнтізбелігін жүргізу).

3) Тәулік бойы қысымдықтың, ылғалдықтың, температураның өзгеру себептері мен теңіз деңгейінен жоғары биіктіктің өзгеруі.

4) Бұлт пен бұлттылықты бақылау («Тұман мен бұлт» тақырыбы құрамында).

5) Төңіректің климатын сипаттау ( «Жердің климаттық белдеуі » тақырыбы құрамында).

6) Ауа райының өзгеру себептері.

7) Атмосфераны қорғау («Климат» тақырыбын өткенде).


6

Гидросфера

1) Гидросфера саласының бірегей объектілері. (тәжірибелік жұмыс)

2) Облыстың ішкі суларының маңызы. Оларды сақтау шаралары.



7

Биосфера


1) Облыстың өсімдік және жануарлар әлемі. (тәжірибелік жұмыс, кестелер құру).

2) Төңіректің жер қыртысын оқу («Тірі организмдердің Жер қыртысына әсері» тақырыбы құрамында).



8

Географикиялық қабық

1) Өлкетанудың табиғи кешенінің сипаттамасын құру (Тәжірибелік жұмыс).

2) Табиғаттың бөлшектері арасында байланыс орнату.

3) Практикум сабақ «Табиғатта болу ережесі».

4) Адамның шаруашылық қызметі («Табиғи кешендерді қорғау» тақырыбы құрамында).





2.2 «Мәңгілік Ел» құндылық жүйесіндегі тәрбие кеңістіктігін модельдеу
«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін іске асыру бойынша
негізгі шаралар

«Педагогтер» блогы

1. Жалпы ұйымдастыру- басқарушылық ісшаралар:

- «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісінің жаңа нормативтік құжаттарын зерделеу бойынша әдістемелік семинарды дайындау және ұйымдастыру;

- Жаңа оқу жылында тәрбиелік жоспарларды және бағдарламаларды сынып деңгейінде жаңа талаптарға сәйкес әзірлеу және түсіндіру, сынып жетекшілеріне көмек беру үшін бастамашыл шығармашылық топтарды анықтау;

- тәрбие жұмысының мектепішілік жоспарын алқада талқылау, жоспарлауды аяқтау және өзгерістер енгізу.

2. «Сынып жетекшісі» атты үнемі өткізілетін семинар.


Іскерлік ойын мен тәжірибелік сабақтардың бағдарламасы.




Сыныптар концентрі

Тәжірибелік жұмыстардың атауы

1

1-4

Іскерлік ойын«Мәңгілік Ел» құндылықтары» (дебат түрінде).

2

5-9

Қазақстан білім беру ұйымдарындағы тәрбие бойынша тұжырымдамалық мәселелер негізіндегі пікірталастар

3

9-11

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясын іске асырудың инновациялық тәрбиелік технологияларының талдамасы» тәжірибелік сабақ.

4

1-4

«Тәрбие мәселесі бойынша бағдарламалық құжаттардың талдамасы»тәжірибелік сабақ.

5

9-11

«Құндылық – мағына тәсілі негізінде тәрбиелік кеңістікті жобалау» практикумы.

6

5-9

«Мәңгілік Ел» құндылығы» презентация, іскерлік ойын.

7

9-11

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы негізінде тәрбие жұмысын жоспарлау техникасы мен әдістемесі» практикумы

8

9-11

«Мәңгілік Ел» құндылықтары арқылы мектепішілік өзін-өзі басқаруды дамыту» зертханалық-тәжірибелік сабақ.

9

5-9

«Диагностика негізінде педагогикалық ұжымның әлеуметтік-психологиялық портретін құру» іскерлік ойын

10

1-4

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актіні енгізу арқылы тәрбие процесінің тиімді өлшемшарттарын әзірлеу және тәрбие процесінің тиімділігін зерделейтін әдістемені талдау» атты тәжірибелік сабақ


«Ата-аналар» блогы

Тәрбиеленушілердің ата-анасымен (құқықты өкілдері) әрекеттесудің үш деңгейлі моделі.



1-деңгей – ақпараттық - аналитикалық.

Осы деңгей ата-аналар қоғамының «Мәңгілік Ел» Патриоттық акт» құжаты туралы білуімен ғана сипатталмайды, сонымен қатар, оның түсінуі бойынша диагностикалық жұмыстарына жаңа құндылықтарға негізделген жалпы мектепішілік-отбасылық кеңістік жұмысын ұйымдастыруды көздейді.



2-деңгей – ұйымдастырушылық

Осы деңгей ата-аналар қоғамының «Мәңгілік Ел» құндылық жүйесі негізінде жұмысты жоспарлауға ата-аналардың қатысуын талап етеді және тәрбие жұмысының жоспары шеңберінде әртүрлі шаралар өткізуді ұйғарады.

Нәтиже – міндеттерді шешу үшін ата-аналар қоғамын және мектеп ресурстарын біріктіру.

3-деңгей – басқарушылық.

Бұл деңгей «Мәңгілік Ел» құндылық жүйесінде тәрбие кеңістігін модельдеу, мектепке арналған стратегиялық шешімдерді қабылдау үшін тәрбиеленушілердің және олардың ата-аналарының (құқықтық өкілдер) қатысуын көздейді.

«Патриотиорттық акт «Мәңгілік Ел».

Бірінші, екінші кезеңнің «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі бойынша ата-аналар көзқарасының кәсіптік-қоғамдық пікір мониторингісі бойынша сауалнама.

1 Сауалнама

Құрметті ата-аналар!

Сіздерден «Мәңгілік Ел» тәрбиелеудің жаңа құндылықтары туралы кәсіби-қоғамдық пікірге қатысты мониторингтің бірінші кезеңіне қатысып, келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:


  1. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін енгізу мен жүзеге асыруда сіз үшін ақпараттың негізгі көздері болып табылады (үштен кем емес жауап нұсқаларын таңдаңыз):

а) сынып жетекшісі және (немесе) мектеп әкімшілігі;

б) сіздің балаларыңыз;

в) баспа бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал және т.б.);

г) электронды бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио және т.б.);

д) мектептің интернет-сайты;

е) басқа (көрсетіңіз)

2. Сіз жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы мен патриоттық тәрбиенің дәстүрлі құндылықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдай аласыз ба? Ол сіздің балаңыздың дамуы мен білім алу қабілеттінің нәтижесіне қалай әсер етеді?

а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын.

3. Сіздің балаңыздың «Мәңгілік Ел» құндылықтарын игеру кезінде сіз өзіңіздің рөліңізді сезінесіз бе?

а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын.

4. Сіз балаңыздың жеке басы дамуында қай саланы патриоттық деп есептейсіз: (бірнеше жауап таңдауыңызға болады)

а) спорттық-сауықтыру;

б) рухани-адамгершілік;

в) әлеуметтік;

г) жалпызияткерлік;

д) жалпымәдениеттілік;

е) жауап беруге қиналамын.

Ынтымақтастығыңызға рахмет!


2 Сауалнама

Құрметті ата-аналар!

Сіздерден «Мәңгілік Ел» тәрбиелеудіңжаңа құндылықтарытуралы кәсіби-қоғамдық пікірге қатысты мониторингінің бірінші кезеңіне қатысып келесі сұрақтарға жауап берулеріңізді сұраймыз:


  1. «Мәңгілік Ел»патриоттық актісін енгізу мен жүзеге асыруда сіз үшін ақпараттың негізгі көздері болып табылады (үштен кем емес жауап нұсқаларын таңдаңыз):

а) сынып жетекшісі және (немесе) мектеп әкімшілігі;

б) сіздің балаларыңыз;

в) баспа бұқаралық ақпарат құралдары (газет, журнал және т.б.);

г) электронды бұқаралық ақпарат құралдары (теледидар, радио және т.б.);

д) мектептің интернет-сайты;

е) басқа (көрсетіңіз)

2. Сіз жалпыұлттық «Мәңгілік Ел» идеясы мен патриоттық тәрбиенің дәстүрлі құндылықтарының негізгі айырмашылықтарын тұжырымдай аласыз ба? Ол сіздің балаңыздың дамуы мен білім алу қабілеттінің нәтижесіне қалай әсер етеді?

а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын.

3. Сіздің балаңыздың «Мәңгілік Ел» құндылықтарын игеру кезінде сіз өзіңіздің рөліңізді сезінесіз бе?

а) иә; б) жоқ; в) жауап беруге қиналамын.

4. Сіз балаңыздың жеке басы дамуында қай саланы патриоттық деп есептейсіз: (бірнеше жауап таңдауыңызға болады)

а) спорттық-сауықтыру;

б) рухани-адамгершілік;

в) әлеуметтік;

г) жалпызияткерлік;

д) жалпымәдениеттілік;

е) жауап беруге қиналамын.

Ынтымақтастығыңызға рахмет!

5. Мектепте және негізгі мектептің білім беру бағдарламаларын жалпы жобалау кезінде немесе сабақтан тыс қызметті ұйымдастыруда (үйірме, секция, клубтар, қоғамдық пайдалы тәжірибе, экскурсиялар және т. б.) сіздің пікіріңіз ескерілді ме?

а) иә; б) жоқ.

6. Мектептің негізгі білім беру бағдарламаларында немесе сабақтан тыс қызметті жүзеге асыруға сіз қаншалықты атсалыстыңыз (бір жауап нұсқасын таңдау мүмкіндігі бар)

а ) іс-шараларға қатыстым;

б) іс-шараларды, үйірмелерді,секцияларды ұйымдастыруға және т.б. қатыстым;

в) «Мәңгілік Ел» құндылықтар жүйесінде жаңа тәрбие кеңістігін модельдеуді қамтамасыз етуге қатыстым;

г) қатыспадым;

д) басқа (көрсету )

7. Сіз өзіңізді мектепте қалай сезінесіз? «Мектеп – ата-аналар» қатынастар жүйесіндегі өзіндік жағдайыңыз? Сіз сипаттама бере аласыз ба? (бір ғана жауап нұсқасын таңдауыңыз керек):

а) біз ортақ мәселелерді біріге отырып шешеміз;

б) маған ештеңе байланысты емес;

в) мектеп «бәсекеге қабілетті білім беру сапасымен қамтамасыз етуге міндетті, ал менің міндетім- оны бақылау».



«Мәңгілік Ел»жалпыұлттық идеясын жүзеге асырудағы тәрбие жағдайындағы міндеттері:

  • «Мәңгілік Ел» жеке тұлғаны бағдарлаудың негізгі құндылығы;

  • ұлттық сана-сезімін, азаматтық, патриотизм, заңдылық пен құқық тәртібін құрметтеу, ішкі еркіндік және өз қадір-қасиеті сезімдерін қалыптастыру;

  • жалпы адамзаттық және ұлттық мәдениет құндылықтарын меңгеруге, эстетикалық құндылықтар мен талғамын қалыптастыру, рухани мәдениет құндылықтарын құруға және көбейтуге ұмтылу, қоғамның мәдени өміріне қатысуға жастардың қажеттілік тәрбиесі;

  • жастарды жалпыадамзаттық мораль нормаларына, ұлттық салт-дәстүрлерге, кәсіби ар-намыс кодексі және адамгершілік құндылықтарға, өзін-өзі ұстау, өз қызметінің нәтижелерін бағалауға тарту;

  • бірінші өмірлік қажеттілік секілді еңбекке қажеттілікке тәрбиелеу, ең жоғарғы өмірлік құндылықтар және өмірлік жетістіктерге жетудің басты тәсілі, тыныс-тіршілігінің барлық салаларында мақсаттылық пен іскерлік, бәсекеге қабілеттілікке баулу;

  • дене шынықтыру мен салауатты өмір салтына ұмтылыс қажеттілігіне тәрбиелеу, отбасын құру, ұрпақ жалғастыру, отбасын материалдық қамтамасыз ету мен тәрбие, жас ұрпақты гуманизм мен демократияға баулу болып табылады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде тәрбиелік орта құру:

  • білім алушылардың басқа мәдениет пен діндерді кері қабылдауын өзгерту;

  • қоғамдағы мәдениетаралық, конфессияаралық және этникааралық көптүрлілік контекстіндегі оқиғаларды бағалауға салмақты қарауға үйрету;

  • олардың тарихтағы Қазақстан халықтары мен шет елдердің орны мен рөлін объективті қабылдауына мүмкіндік беру;

  • өз қатарластарының, отбасы мен әлеуметтік ортаның арасындағы толеранттық қатынасты қалыптастыруда оқушылардың рөлін арттыру;

  • жастар ортасындағы қақтығыстардың алдын алуға мүмкіндік беру.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы құндылықтары негізінде білім беру ұйымдарында көпмәдениеттілік ортаны құру:

бастауыш мектепте:

  • білім алушылардың ой-өрісін кеңейту;

  • мәдениет сабақтастығы өзара байланысты көру қабілетінің өнімділігі, әртүрлі халықтардың тарихи, ғылыми, мәдени дамуындағы ортақтығы мен айырмашылықтарын анықтау; этномәдениеттің өзіндік құндылықтарын түсіну;

  • жеке тұлғаны бейбітшілік рухында түрлі этноәлеумет өкілдері арасындағы өзара түсіністік пен өзара сыйластыққа тәрбиелеу;

негізгі мектепте:

  • әлеуметтік процестер мен құбылыстарды талдай және салыстыра білу көзқарастарын қалыптастыру;

  • өзара іс-қимыл және қарым-қатынастың сындарлы дағдыларын дамыту;

  • жеке тұлға құрылымында рухани-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру.

орта мектепте:

  • ұлттық салт-дәстүр, қазақстандық және әлемдік мәдениет құндылықтары негізінде этномәдени және азаматтық өзін-өзі анықтау және шығармашылық өзін-өзі дамытуға қабілетті үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру;

  • Қазақстанның әлеуметтік-саяси көптүрлілігі, көпұлтты Қазақстан халқының көпмәдениеттілігі мен полилингвалдығы жағдайында дамыған тұлғаның қазақстандық азаматтық бірегейлігін қалыптастыру;

  • қазіргі өркениет жағдайында мектеп түлектерінің әлеуметтік өсу, өмір сүру сапасын арттыруда өмірге тиімді дайындау, өзін-өзі жүзеге асыру мүмкіндіктерін кеңейту.

Тәрбиелік жұмыстар деңгейінде:

  • сынып сағаттары, сыныптың тәрбие істері, білім алушыларды тестілеу, үйірмелерге, клубтарға, секцияларға қатысуы арқылы азаматтық жауапкершілігін, құқықтық дербестігін, руханиятын қалыптастыру.


2.3 «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының құндылықтары негізінде білім алушыларға патриоттық тәрбие берудің формалары
Қазақстанның білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізіндегі тәрбие процесінің мазмұны белгіленген формалар арқылы іске асырылады. Нақты процесте қарастырылатын тәрбие жұмысының түрі – «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясының негізінде тәрбие процесін ұйымдастыру тәсілдері, оқушылардың қызметін шығармашылық және жеке ұйымдастыру тәсілдері. Білім беру ұйымдарының жағдайында бұқаралық (тақырыптық кештер, спорттық жарыстар, аймақты жақсарту жөніндегі іс-шаралар), топтық (секциялар, үйірмелер, студиялар, клубтар), жеке (сұхбаттар, кеңестер, жеке тапсырмалар) жұмыстар қолданылады. Бұқаралық және топтық іс-шараларды дайындау және өткізу әдістемесі әдістемелік мәдениет деңгейімен және іс-шараны ұйымдастырушылардың қызығушылығымен анықталатын жеке сипатқа ие.

Жастарға патриоттық тәрбие беруді жүзеге асырудың мынадай формалары ұсынылады: экскурсия, саяхат, тақырыптық кештер, брейн-рингтер, дөңгелек үстел, қызықты, іскерлік, рөлдік ойындар, қабырға газеті, конференциялар, олимпиадалар, кездесулер, фестивалдар, викториналар, тренингтер, КТК, көрмелер, конкурстар.

Білім беру ұйымдарында, әсіресе жоғары сыныптарда оқушылар әртүрлі іс-шаралар мен қоғамдық-саяси, көркем, еңбек, спорттық, еріктілік, туристік, экологиялық және т.б. түрлі қызмет түрлеріне өздері ұйымдастырушылар болады. Әрбір қызмет түрінің өз мақсаты, міндеті, мазмұны болады. Оларды процесте іске асырушылар осы қызмет түріне қатысушылар болып табылады. Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылар іс-шараның негізгі мақсатын ұсыну қажет.

Сынып сағаттарын өткізудің бірнеше түрлерін қарастырайық.

Патриоттық тәрбиедегі рөлдік ойын – патриоттық мақсаттардың практикалық тәжірибелері мен өмірлік құндылықтарын дамытатын тәрбие процесінің неғұрлым тиімді белсенді формаларының бірі. Рөлдік ойындар үшін тақырып таңдау сынып сағаттарын өткізудің осы формасына тән «рөлдік» және «ойын» деген екі негізгі сөзге байланысты алдын ала анықталады. «Рөлдік» сөзі барлық қатысушылар ерекшеленетін құрама бөліктерге бөлінеді дегенді білдіреді және өзгешеленіп және өз бетінше қолданыстағы бөлімдердің өзара іс-әрекетін білдіретін тұтас қандайда бір құрылымды құрайды. Ойынның мұндай түрінің өзара іс-әрекеті қоғамдық процестерге арналған. Сондықтанда рөлдік ойын қоғамдық проблемалар мен әрекеттерді тәрбиелеу тұрғысынан меңгеруге барынша қолайлы, ойынның рөлдерін бөлу формасы сыныпты нақты қоғамға немесе жекелеген қоғамдық процестерге сәйкестендіреді, оқу формасында қоғамды немесе оның жекелеген процестерін қайталауға, көшіруге, ұқсатуға болады.



Рөлдік ойындардың мынадай тақырыптары ұсынылады:

1.Мен Қазақстанның азаматы және патриотымын.

2.Азаматтық және патриотизм.

3.Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік және Астана.

4.Мәңгілік Ел – бұл Тарих, Мәдениет пен Тіл бірлігі.

5. Қазақстанның мәңгілік жері – Ұлы Дала Елі!

6. Мәңгілік Ел – бұл тіл мен мәдениет, тарихтағы ортақтық.

7. Біз - Үлкен Ел - Үлкен Отбасымыз.

8. Оқушының құқықтары мен міндеттері

9. Қазақстан Республикасы азаматтарының әлеуметтік-экономикалық құқықтары мен міндеттері.

10.Отан неден басталады?

11. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси құқықтары.

12. Зияткерлік меншік және оны қорғау.

Рөлдік ойындарды өткізу үшін қатысушылар шын мәнінде, мазмұны жағынан рөлдерді дайындап қана қоймай, нақты кейіпкерлерді, нақты түптұлғаларды және олардың өмірдегі рөлдерін (партия көшбасшысы, мектеп директоры, белгілі кәсіпорынның директоры және т.б.) ұсынуы қажет. Бұл эмоциялық ойын.

Іскерлік ойын – еркін меңгеру дағдыларын және жинақталған біліммен жедел құрамдастыруды, сондай-ақ, практикалық тәжірибені дамытатын тәрбие процесінің қарапайым және тиімді белсенді формасы; қойылатын міндеттерді анықтау қабілеті және оларды шешуде өз бетінше немесе командада жұмыс істеу; кәсіпқойлар командасында, яғни ұжымда жұмыс істеу қабілеті және тәсілі.

Іскерлік ойындар үшін тәрбие міндеттері түрінде баяндалған нақты немесе арнайы құрастырылған жағдаяттар келеді. Ойын ережесі осындай міндеттер нақты өмірде бар шектеулері мен мүмкіндіктерді қайталаудан тұрады.

Қатысушылар әртүрлі қоғамдық мүдделермен қоғамдық субъектілерді ұсынатын рөлдік ойындардан айырмашылығы, іскерлік ойында барлық қатысушылар бір қоғамдық мүддеде болады, немесе олардың қоғамдық мүдделерінің айырмашылықтарының мәні жоқ. Олардың мүддесі – жүктелген міндетті тиімді шешу. Іскерлік ойында кәсіпті ойнау керек, тақырып кәсіптік салаға қатысты болу керек.

Іскерлік ойындарға арналған үлгілік тақырыптар:

1.ХХІ ғасырдың көшбасшылары.

2. Еуразияшылдық және Қазақстан идеясы.

3. Мәңгілік Ел - бұл инновация негізінде тұрақты экономикалық өсім.

4.Мен Қазақстандықпын.

5.Отанымыздың белгілі ұлдары.

6. Менің ата тегімнің тарихы.

7. Қазақстанның Елтаңбасы, туы, әнұраны.

8.Менің көшемнің тарихы және т.б.

Тәрбие әдістері – тұлғаның рухани, этикалық, эстетикалық, және күш-қуат қасиеттерін мақсатты бағытталған қалыптастыруды жүзеге асыратын педагогикалық жұмыс тәсілдері. Тәрбие әдістері – тұлғаны қалыптастыру мақсатында тәрбиеленушіге қарым-қатынас жүйесі мен тәртіптері, бала мен педагог арасындағы өзара әрекеттестік тәсілдері.

Жоғарыдағы айтылғандардан тәрбие жүйесінің жалпы әдістерін ұсынамыз:

• тұлғаның санасын қалыптастыру әдістері;

• іс-әрекет түрлерін ұйымдастыру және тұлғаның қоғамдық тәртібі тәжірибесін қалыптастыру әдістері;

• тұлғаны әрекеті мен тәртібін ынталандыру және уәждеу әдістері;

• тәрбиедегі бақылау, өзін-өзі бақылау және өзін-өзі бағалау әдістері.

«Мәңгілік Ел» идеясы контекстінде тұлғаның патриоттық тәрбиесін қалптастыру әдістеріне жан-жақты тоқталамыз.



Кез келген іс-әрекет неғұрлым тиімді болады және сапалы нәтижелер береді, ол үшін белсенді әрекет етуге ықпал ететін барлық күш-жігерін жұмсауға дайын болатындай тұлғаның күшті, мықты, терең уәждері болуы керек, кейбір кездесетін қиыншылықтарды, қолайсыз жағдайларды және басқа да жағдайларды артқа тастап, жоспарланған мақсаттарды іске асыру үшін алға қарай ұмтылу қажет. Әрекет уәждемесі оның ынтасымен тығыз байланысты. Ынталандыру – ойлануға қозғау салуға, итермелеуші күшке, сезімге түрткі болу. Тұлғаға ықпал етуді күшейту және нығайту мақсатында патриоттық тәрбиелеу факторы ретінде ынталандырудың әртүрлі әдістері пайдаланылады, олардың арасында жарыстар, мадақтаулар, жазалау және т.б. барынша көп тараған түрлері болып табылады.

Мысалы, ынталандыру әдісін ұлы, танымал адамдардың үлгісінде тәрбиелеу кезінде пайдалануға болады.Ұлы тұлғалар – саяси не болмаса рухани қызметі қоғамның қажеттілігін толық көрсеткен және оның дамуына айрықша әсер еткен, қызметі мемлекеттен тыс жерлерге таныс және бүкіләлемдік маңыз бен танымалдылыққа ие болған адамдар. Сондықтан кез келген мемлекеттің тарихы неғұрлым жарқын және әсерлі көрініс беруі ұлы адамдардың істерімен байланысты болуы кездейсоқ емес. Заман ағымыныа қарай ұлы адамдардың өмірі мен қызметін зерделеу егер бұл адамдар тек тарихты қана жасап қоймай, мәдени құндылықтардың, адамгершілік принциптер мен аталған қоғамның салт-дәстүрлердің жетекшісі болып табылса айрықша мәнге ие болады.

Даңқты тарихқа ұлы бабаларымызды қосу адамда өз еліне, өзінің ұлы тарихына, ұлы адамдарына деген мақтаныш сезімін қалыптастырады. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті студенттерінің алдында жасаған өз лекциясында Елбасы Н.Ә. Назарбаев біздің ата-бабаларымыз Қазақстанның ұлан байтақ жерін қорғап, оны ұрпаққа мұра ретінде, сондай-ақ, төл мәдениетін және өмірді қабылдау мен танудың ерекше рухын тастап кетті. Бұл бостандықты сүю және дала айбыны рухы тарихтың қатал бетбұрыстарына жол бермеді, оны кейінгі ұрпақ сақтап қалды. Сол себепті, Қазақстан тарихында ұлы тұлғалардың өмірлік іс-әрекет тарихы Жаңа қазақстандық патриотизмді қалыптастыру факторларының бірі болып табылады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық идеясы арқылы оқушыларды тәрбиелеудің маңызды шартына тәрбиелеу жағдайларының нақты соңғы нәтижесіне бағдарлау, білім беру процесінің сапасын арттыру; оқушылардың шығармашылық белсенділігіне тірек болу; тәрбие процесінде ынталандырудың, мадақтау мен жазалаудың үйлесімді жүйесін тиімді пайдалануды, жастардың әлеуметтік қамқорлығы туралы мәселелерді шешумен бірге тәрбиелік ықпал ету міндеттерінің байланысын; тәрбие жұмысында мектеп оқушыларымен жұмыс жасауда мұғалімдердің белсенді ұстанымын; тәрбие жұмысын оңтайлы жоспарлауды және т.б. жатқызуға болады.

Патриотизм – Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі жолында ғасырлар бойы қалыптасқан неғұрлым терең сезімдердің бірі, сондықтан сынып жетекшісі, педагог, мұғалім өзінің тәрбиеленушісіне аталған сезімдерді бере білуі қажет, сонда ғана біздің қоғамымыз ұйымшыл және толерантты болады. Мұғалімдердің өздерінің Отанға және оның құндылықтарына деген патриоттық қатынасы көп үлгі бола алады.

Ұсынылатын сабақ әзірлемелері
«Мен өз Отанымның патриотымын»

тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы

1-4-сыныптар
Мақсаты:

- Оқушыларда тұлғаның азаматтық қасиеттерін қалыптастыру;

- Қоршаған ортаға деген төзімділігін тәрбиелеу.

Міндеттері:


  • оқушылардың «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін жүзеге асырудағы белсенділігін қалыптастыру және арттыру;

  • Жаңа Қазақстандық Отаншылдықты нығайту;

  • білім алушылардың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік жылдарында жеткен жетістіктері мен табыстары туралы білімдерін тереңдету, ой-өрістерін кеңейту;

Құрал-жабдықтар:

  • «Қазақстан-2050 Стратегиясы: бір халық – бір ел – бір тағдыр» плакаттары;

  • «Менің Отаным – Қазақстан», «Мен – Қазақстан азаматымын», «ҚР Конституциясы»;

  • шарлар, гүлдер.

Сынып жетекшісі:

  • Қымбатты балалар, мен сендерді алғашқы оқу күнімен, Білім күнімен құттықтаймын. Сендерге жаңа жаңалықтар, жаңа білім, жаңа табыстар мен жетістіктер тілеймін. Көңіл-күйлерің көтеріңкі болсын! Сәт-сапар! Міне, жазғы демалыс та аяқталып, алғашқы қоңырау соғылды. Енді 9 ай бойы біз білім алып, оқып, сабақтарда және сабақтан тыс іс-шараларда бір-бірімізбен қарым-қатынаста болуға тура келеді. Бұл дегеніміз – 1085 оқу сағаты, 210 оқу күні. Бұл тізімді ары қарай жалғастыра беруге болады, бірақ біз мына сұраққа жауап беріп көрейік: «Сендер осыншама уақыт бойы кіммен болғыларың келеді: мектептегі досыңмен бе, әлде ешқашан көмекке келмейтін, «Қал-жағдайың қалай?» деп сұрамайтын, сабақты айтып жібермейтін, үзіліс кезінде сенімен сөйлеспейтін адаммен бе?». Әрине, жауап анық – досыңмен.

Оқушы:

– Достық – әркімге, әр істе бізге көмекші. Барлығымызға жақсы, адал дос керек!

Ән. «Берік достық».

Сынып жетекшісі:



  • Балалар, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». Неге біз бұлай айта аламыз? Себебі, «бір халық, біртұтас ұлт» - бұл барлығымызға ортақ ұлттық мүдделер. «Бір халық» – бұл біз бірге өткен қиындықтар мен жеңістер! Бұл біздің ортақ келешегіміз – игілікті және өсіп- өркендеген Қазақстан! Мұның барлығы – Стратегияны табысты жүзеге асыру үшін біртұтас қоғам керек деген сөз. Жиырма бес жылда Қазақстан жаңа тәуелсіз мемлекеттер үшін ұлттық жетістіктің үздік үлгісі бола алды. Бұл – барлық қазақстандықтардың еңбексүйгіштігі мен бірлігінің нәтижесі. Бұл – тек күшті халықтың ұлы қабілеті. Біз осындай халық, біртұтас ұлт бола алдық және осы биігімізде қалуымыз керек! Қазақстан – бұл біртұтас ұлт, біртұтас халық, бір мүдде. Алдымызда ұлы жоспарлар тұр. Оларды іске асыру жаһандық өзгерудің күрделі жағдайларында өтпек. Бұған бүгіннен бастап дайын болуымыз керек және бар күшімізбен халықтың біртұтастығын қамтамасыз етуіміз керек. Өйткені, бізде бір халық – бір ел – бір тағдыр! Қазақстан 140 ұлыс пен 17 конфессия өкілдері үшін ортақ үйіне айналды. Біздің Қазақстанның ұлттық, ұлыстық, мәдени және діни жағынан әртүрлілігіне қарамастан, елімізде бейбітшілік пен тұрақтылықты сақтап қалғанымызды мойындаймыз. Қзақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың саясаты көптеген ұлыстарды мәдениет пен діндерді біріктіреді. Біздің елімізді «өркениеттер тоғысы» деп атайды. Қазақстан ислам, христиан және буддизм сияқты ірі әлем діндерінің арасындағы көпір болып табылады. Ғасырлар бойы мұнда әртүрлі халықтар мен ұлт өкілдері бірге өмір сүріп, еңбек етті. Өзара баю мен өркендеуге ықпал ететін берік мәдени байланыстар орнады.

Әртүрлі діндер мен рухани дәстүрлері бар барлық Қазақстан халқы атынан біздің ортақ үйімізде бейбітшілік пен келісімді ары қарай сақтап қалуға ұмтылысымыз бен ұстанымымызды білдіреміз. Біз Отанмыздың басты байлығы – әлемдік үлгі ретінде әділетті түрде мойындалған азаматтық бейбітшілік пен конфессияаралық келісімді, біздің көпұлтты мемлекетіміздегі мәдениеттер мен діндердің ара қатынасын қолдауға әзірміз. Біз Отанды сүюге, қазақстандықтардың ұлттық салт-дәстүрлері мен үрдістерін құрметтеуге бар күш-жігерімізді саламыз. Біз ортақ үйіміз Қазақстанның көркеюі, өркендеуі, дамуы, әл-ауқаты мен жағдайының жақсаруы жолында, бейбітшілік жолында қолымыздан келгеннің барлығын жасаймыз.

Оқушылар Қазақстан туралы өлеңдер оқиды.

Сынып жетекшісі:

– Біздің барлығымызды, барлық ұлттың адамдарын маңызды ұғымдардың бірі біріктіреді: БІЗ – Қазақстан халқы. Біз біртұтас елміз және біздің күшіміз бен жетістігіміз осыда.

Балалар, енді Қазақстан туралы не білетінімізді тексерейік. Кішігірім сұрақ-жауап өткізіп, сендердің білімдеріңді тексерейік.

1. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Рәміздері (Ту, Елтаңба, Әнұран)

2. Ұлттық валюта (Теңге)

3. Ақындар жарысы (Айтыс)

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш ұшқыш-ғарышкері (Т.Әубәкіров)

5. Қазақ фольклоріндегі, халық ертегілеріндегі әзіл әңгімелер кейіпкері (Алдар көсе)

6. Қазақтардың ұлттық үйлері (Киіз үй)

7. Мұсылмандардың қасиетті кітабы (Құран)

8. Ұлттық сусын (Қымыз)

9. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті (Н.Назарбаев)

10. Қазақстан Республикасының Конституция күні (30 тамыз)

11. Түйелер тізбегі (Керуен)

12. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан)

13. Қазақстан халықтарының бірлігі күні (1 мамыр)

14. «Шаңырақ» ненің нышаны? (Шаңырақ – отбасы, жанұя)

15. Ғарышты зерттеу бойынша қала-орталық (Байқоңыр)

16. Қазақтың ұлттық аспаптары (Домбыра, сыбызғы, қобыз)

Сынып жетекшісі :



  • Біздің еліміздің көркеюі, өсіп-өркендеуі үшін мемлекет ішінде тұрақтылық, онда тұратын халықтар арасында достық пен келісім болуы қажет. Және де осы іс-шарамызды Қазақстан туралы мына өлең шумақтарымен аяқтағым келеді.

Оқушы:

Қазақ елі қашаннан да жыр елі,

Тарихында тұлғалар көп киелі.

Қазақстан аясында бұрыннан

Бірнеше ұлт бірге өмір сүреді.

Бір-бірімен тату-тәтті тұрады,

Бәрінің де Қазақстан тұрағы.

«Мен өз Отанымның патриотымын»

тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы

(5-8- сыныптар)
Мақсаты: оқушыларды төзімділікке, қазақстандық отаншылдыққа тәрбиелеу.

Міндеттері:


  • ел тарихына деген танымдық қызығушылығын дамыту;

  • әр түрлі ұлт өкілдерін құрметтеуге тәрбиелеу;

  • оқушылардың зияткерлік деңгейін көтеру.

Сынып жетекшісі:

Көптеген ғасырлар бойы қазақ халқына тәуелсіздік пен еркіндік үшін күресуге тура келді. Қауіп төнген кездерде біріге, жұмыла білу, басқа халықтармен бейбітшілікте, келісім мен достықта өмір сүруге ұмтылу сияқты жақсы қасиеттерінің арқасында қазақ халқы тарих толқындарында жоғалып кетпей, ондаған жылдардан соң өзінің мемлекеттігін қайта құра алды.

Дамудың жаңа жолына түскен Қазақстан халықтың ғасырлар бойғы егемендік туралы армандарын орындай алды. Қазақстанды мекендеген әрбір халықтың өз мәдениетін, тілін, сенімін, дінін және дәстүрлерін дамытуға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда республиканың әрбір азаматы өз елінің тәуелсіздігімен мақтанады.

Қазақстанда 17 миллионнан аса адам, жүзден астам ұлт пен ұлыс өкілдері бір жанұядай өмір сүріп жатыр. Қазақ, орыс, ұйғыр, неміс, корей, татар тілдерінде кітаптар мен газеттер шығарылуда, ұлттық театрлар мен эстрадалық ансамбльдер жұмыс жасауда, ұлттық теле-радио бағдарламалар берілуде. Біздің барлығымызды, әр түрлі ұлт өкілдерін ортақ біріктіретін: БІЗ – Қазақстан халқы. Осылайша, Қазақстан мәдениеті мен діндерінің қөптүрлілігімен ерекшеленетін бірегей мемлекет.

1 мамыр – Қазақстан халықтарының бірлігі күні. Жылы да жарық, көңілді мамыр мерекелерін ұнатпайтын адам жоқ шығар. Жапырақ жайып, көгеріп келе жатқан ағаштар, ашық аспан, күлкі мен жымиюлар жыл бойы ұмытылмастай көңіл-күй сыйлайды. Қазақстан халықтарының бірлігі күні егемен республикамыздағы басты мерекелердің бірі болды.

Тақтада «Біздің күшіміз – бірлікте» деген плакат ілулі тұрады.



  • Бұл үндеуді қалай түсінесіңдер? (Оқушылар жауаптары)

  • Жарайсыңдар! Басқа республикалар мен елдерде келіспеушіліктер мен тартыстар болып жатқан заманда осы сөздердің мағынасын түсінгендерің қандай жақсы! Бұл Бейбітшілік болмағанда өте қорқынышты.

Оқушы:

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық –

Бабалардан қалған дәстүр айтулы.

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр,

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы.

Оқушы:

Тілі басқа, тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп,

Татулықтан бұзылмасын іргеміз.

Оқушы:

Қазақ жері достықтың гүлстаны,

Дархан өлкем мерейлі ырыс бағы.

Күрестерде, еңбекте,мерекеде

Мұнда сан ұлт қолдасып, ту ұстады.

Оқушы:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім,шарықтай бер кемелден!

Ұлттық киім киген балалар «Үлкен қол ұстасу» атты

достық хормен жүру орындайды

Сынып жетекшісі:

– «Құстың күші – қанатында, ал адамның күші - достықта» деген қазақ мақалы бар. Өмір осы мақалдың тура айтылғандығын дәлелдеп отыр.

– «Достық» сөзін қалай түсінесіңдер?

– Сөйлемді жалғастырыңдар: «Достық – бұл ......». (Оқушылар жауаптары)



«Мақалдарды жина» ойыны.

– Ал сендер достық туралы мақал-мәтелдер білесіңдер ме? Қазір тексеріп көрейік. Екі топқа бөлінуіміз керек. Мына конверттердің ішіне мақалдардың бір бөліктері салынған. Сендердің тапсырмаларың: достық туралы мақалдарды біріктіріп, оқуларың керек.

1. Ескі дос жаңа екі достан артық.

2. Досты ізде, тапсаң, сақта.

3. Достық қиындықта білінеді.

4. Доспен дос болғанша шаттан,

Дұшпанмен дос болғаннан сақтан.

5. Досыңа өтірік айтпа,

Дұшпаныңа сырыңды айтпа.

6. Заттың жаңасы жақсы, достың ескісі жақсы.

7. Досыңды мақтағаның – өзіңді жақтағаның.

8. Ағаш тамырымен, адам досымен мықты.



Сынып жетекшісі:

Отансүйгіштік дегеніміз – қоғамның бірігуінің, үйлесуінің, алуан түрлі адамзат қауымдастығында оның болмысы мен ерекшелігінің негізі болып табылатын аса маңызды рухани құндылық. Бұл ұғымды тар аяда, бір жақты қарастыруға болмайды. Ол күрделі, көп жақты және әртекті. Отаншылдық – бұл әрі өз еліне деген сүйіспеншілік, әрі оның тарихы мен мәдениетіне деген зор құрмет, әрі өз күші мен қоғамның күшіне деген сенім. Өткен жылдарда еліміз мемлкет болып қалыптасу, тәуелсіздік пен бірлікті нығайту жолында көптеген жетістіктерге жетті. Өзінің орта ғасырлық және қазіргі заманғы тарихында Қазақстанның беделі соңғы жылдардағыдай ешқашан жоғары болған емес.

Қазіргі таңдағы әлеуметтік-саяси тұрақтылық қазақстандықтардың өз Отанының гүлденіп, өркендеуіне деген сенімін нығайта түседі. Қазақстан демократиялық, зиялы, құқықтық және басты құндылықтары адам, оның өмірі, құқықтары мен еркіндігі болып табылатын әлеуметтік мемлекет ретінде өзін танытып, бекітті.

Біз ұлттық-мәдени құндылықтарға, ұлтаралық келісімге, мейірімділікке, балаларға деген махаббатқа бай заманда өмір сүріп жатырмыз. Алда әлі де көп қиындықтар күтіп тұр, алайда бүгінде Қазақстан дамудың жаңа орамына шықты және ертеңгі күнге сенімділікпен қарайды.



Оқушы:

Өзіңсің, Қазақстан, ән, арманым да,

Аяулым, алтын бесік, қара орманым да.

Бір нәрсе жетпейді деу қате болар,

Өзіңдей ұлан-байтақ далам барында.

Оқушы:

Тәуелсіздік кіндігін

Кескен халық бірлігі.

Ынтымағы барша ұлттың

Нұрын шашқан күн бүгін.

Оқушы:

Ақ, қара деп алдымен,

Елім бөлмес адамды.

Дәстүр, өнер, салтымен

Таңғалдырған ғаламды.

Оқушы:

Достық бізге тым ыстық,

Бірлік – байлық, ырыс – құт.

Жарқырасын күніміз,

Жаса, жаса, тыныштық.

Оқушы:

Қазақстан дейтін менің бар елім,

Жатыр алып жарты дүние әлемін.

Бұл даланы көріп алғаш қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман.

«Мен өз Отанымның патриотымын»

тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы

(9-11-сыныптар)
Сабақтың мақсаты: қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, төзімділікті, ұлтаралық және мәдениетаралық байланыстарды дамыту, оқушылардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту, қазіргі Қазақстанның жетістіктері туралы білімдерін тереңдету.

Мақсатты топтары: 9-11-сынып оқушылары, ата-аналар, жоғары сынып мұғалімдері, аймақтың әртүрлі салада жетістікке жеткен белгілі адамдары, мәслихат депуттары, саясаттанушылар, тарихшылар, жергілікті атқару органдарының өкілдері.

Құрал-жабдықтар: мемлекеттік рәміздер, «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» стенді, Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауынан үзінділер (слайдтар), қазақстандық ғұламалардың ақылды ойлары, кітап көрмесі, фотосурет көрмесі, оқушылар мен мұғалімдер жасаған халық шығармашылығы өнімдерінің көрмесі, ұлттық киімдер көрмесі. Патриоттық тақырыптағы деректі бейнефильмдер.

Музыкалық жабдықтау: республиканы мекендеген халықтар музыкасы, қазақстандық патриоттық әндер.

Ұсынылатын сабақ кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):

1. «Мәңгілік Ел» патриоттық актісі.

2. «100 нақты қадам» Ұлт Жоспары және «Мәңгілік Ел» Ұлттық идеясы – әлеуметтік жаңарудағы серпілісі және республиканың жаңа өндірістік-инновациялық экономикасы.

3. Қазақстан халықтарының Ассамблеясы: тарихы, қазіргісі және болашағы. Ұлттық бірліктің Доктринасы.

4. Мемлекеттік тілдің бірегейлігі. Үш тілді білу – жаһандық өмірге жолдама.

Өткізу нысандары: рөлдік ойындар, оқушылардың жобаларын қорғауы, пікірталастар, пікірсайыстар, ауызша журнал, «сырттай» саяхат, ұлттық-мәдени орталықтардың өкілдерімен, саясаттанушылармен, мұражай қызметкерлерімен кездесулер және т.б.
3 2016-2017 оқу жылында Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарында «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін түсіндіру шегінде «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағын өткізуге әдістемелік ұсыныстар

Әдістемелік ұсыныстар Білім күніне арналған «Мен өз Отанымның патриотымын» республикалық бірыңғай білім беру сабағын өткізудің мазмұны, негізгі түсінігі, формалары мен әдістерінің тұжырымдамасы контекстінде «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін түсіндіруге бағытталған.

Әдістемелік ұсыныстар білім беру ұйымдары басшыларына, сынып жетекшілеріне, топ тәлімгерлеріне және педагогтерге арналған.
Ұсыныстар құрылымы:

Кіріспе


  1. Сабақтың тұжырымдамасы.

  2. Сабақтың мақсаты мен міндеттері.

  3. Сабақтың қорлары.

  4. Сабақтың түрлері.

  5. Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар.

    1. 1-4 сыныптарда,

    2. 5-8 сыныптарда,

    3. 9-11 сыныптарда.

  6. Қосымша

    1. «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі.

    2. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан үзінді алу.

    3. Ұсынылатын видеофильмдер.

    4. Глоссарий.


Кіріспе
Қазақстан – оның территориясында тұратын, біртұтас ұлтқа айналған барлық халықтардың ортақ Отаны. Ұлттардың бірлігі – біздің еліміздің өркендеуі, тұрақтылығы, жаңаруы және серпінді дамуының негізі.

Жаһандық экономикалық дағдарыс аясында шиеленіскен гуманитарлық мәселелер, әлеуметтік-саяси тұрақсыздық және планетаның түрлі аймақтары арасындағы қарама-қайшылықтардың өсуі жағдайында Тәуелсіз Қазақстанды нығайту, экономикалық және әлеуметтік өрлеуді табысты жүзеге асыру үшін ұлттардың бірлігі жақсы жағдайларды қамтамасыз етеді.

Елбасының Жаңа бастамасы Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясында қабылданған «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі», қазақстандықтардың біртұтас ұқсастығының бірегей бағдарламасы болып табылады.

Патриоттық акт және оған бекітілген, қазақстандық халықтармен құрылған басты жалпыұлттық құндылықтар, ұлт бірлігінің маңызды факторы.

Мәңгілік Ел - бұл Тәуелсіздік және Астана.

Мәңгілік Ел - бұл Жалпыұлттық бірлік, Бейбітшілік пен келісім.

Мәңгілік Ел - бұл зайырлы мемлекет және жоғары руханият.

Мәңгілік Ел - бұл Инновация жолындағы тұрақты Экономикалық өсім.

Мәңгілік Ел – бұл Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Мәңгілік Ел - бұл мәдениет пен тарихтың, тілдің ортақтығы

Мәңгілік Ел -ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпыәлемдік проблемаларын шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Өскелең ұрпақты іргелі мемлекет құраушы «Мәңгілік Ел» құндылықтарында тәрбиелеу, қазақстандық халықтардың тарихы, мәдениеті, дәстүрінің біртұтастығының мәнін түсінетін, Қазақстанның отансүйгіш-азаматы тұлғасын қалыптастыру мақсатында Білім күніне арналған «Қазақстан – біртұтас ұлт» Республикалық сабағын өткізу ұсынылады.




  1. Сабақтың тұжырымдамасы

Білім күні 1-қыркүйекте «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін түсіндіру мақсатында «Мен өз Отанымның патриотымын» тақырыбы бойынша бірыңғай білім беру сабағы өткізіледі.

Патриоттық (πατριώτης грек тілінен – отандас, patria латын тілі – отан) – Отанға сүйспеншілік, оған деген адалдық, өзінің іс-әрекеттерімен оның мүдделеріне қызмет етуге ұмтылу. (Философиялық энциклопедиялық сөздік – М.: Совет энциклопедиясы. Бас редакция: Л. Ф. Ильичёв, П. Н. Федосеев, С. М. Ковалёв, В. Г. Панов. 1983.)

Патротизмнің әлеуметтік-психологиялық мәнін дәлме-дәл бейнелеп көрсететін патриотизмнің құрылымдық компоненттері: патриоттық қатынас, патриоттық сана, патриоттық құндылықтар, патриоттық мағыналар, патриоттық сезімдер, патриоттық уәж, патриоттық тәртіп болып табылады.

«Мәңгілік Ел» Патриоттық актісіне сәйкес патриотизм, тұлғаның құрылымында құндылық-мағыналық қатынас ретінде үш: когнетивтік (өз халқының тарихы, мәдениеті, дәстүрін білу, мемлекеттің берекесін экономикалық іс-әрекеттері жетістігі жағдайы ретінде бағалау); тез әсерленушілік (дамыған патриоттық сезімдер, қоғамға және мемлекетке оң әсерлі көзқарас); қылықтық (әлеуметтік маңызды жобаларға, еңбек істеріне қатысу, жеке патриоттық қылық тәжірибесі) компоненттерімен ұсынылады.



Оқушылар үшін білім сабағы:

  • оқу жылында мектеп пәндерін оқу барысында тұлға мен мемлекеттің құндылықтарын біріктіруші жаңа Қазақстандық Патриотизмнің базалық құндылықтарын игеру;

  • «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеясына негізделген шығармашылық өзін-өзі жүзеге асыру, ойды байыту, патриоттық тәрбие беру кеңістігі жағдайындағы сабақтан тыс іс-әрекеттердегі тұлғалық өсуде импульс болуы тиіс.

(Импульс – (impulsus латын сөзінен талаптану, ынталандыру) Бір мезетте іштей талаптандыру, ойдан немесе әсерден түрткі, ынталандыру.

Отансүйгіш азамат тұлғаны қалыптастыруға оқытудың аса тиімді технологиясы, қарқынды оқыту әдістерін білім беру процесіне енгізу арқылы қол жеткізіледі.



Сабақтың лейтмотиві (Leitmotiv неміс тілі – бастаушы себеп). Қазір әлемде адамзатты бүтіндей қозғап өтетіндей күрделі процестер өтіп жатыр, қалыпты қалу үшін ел мықты, бірлікте және рухани бай болуы керек. Мемлекет басшысы қазақстандықтарды этникааралық келісімді сақтауға және үкімет пен мемлекеттік ұйымдардың ғана емес, қоғамның күшін біріктіруге шақырды. Қазір бұрынғыдай емес біз бірлікте болуымыз керек. Бұл дегеніміз - Қазақстанды мекендеген барлық ұлттардың мақсаттары мен ниеттері бір.

Сабақ өткізген уақытта Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұранның орындалуы, безендіруде Елтаңбаның, Тудың (плакаттар) болуы міндетті болып табылады.

Оқушылардың жеке жетістіктерін әр түрлі формада (авторлық көрме, жеке концерт, тұсаукесер, көрсету, орындау және т.б.) көпшілікке паш ету үшін жағдай жасау қажет.

Рефлексия «мен» - (әрбір оқушының) ойын айтуы арқылы жүргізіледі. Жазып аяқтаңдар және естірте оқыңдар:



  • Мен ... екенін бүгін білдім.

  • Мен ... туралы ойладым.

  • Мен ... екеніне тым сенімді бола түстім.

  • Мен ... екенін түсіндім.

  • Менің көңіл күйім .... екенін сеземін.




  1. Сабақтың мақсаты мен міндеттері

Мақсаты– «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісі контекстінде білім беру процесіне Мәңгілік Ел құндылықтарын енгізу.

Міндеттері:

Оқыту:

- Оқушылардың «Мәңгілік Ел» Патриоттық актісін игеруін қамтамасыз ету;

- оқушылардың (қазақстандық патриотизм, патриоттық акт, «Мәңгілік Ел», азаматтық, ұқсастық, менталдық, жалпы ұлттық бірлік, жалпы ұлттық идея, қоғамдық келісім, төзімділік) ұғымдарын меңгерулеріне көмектесу;

Дамытушылық:


  • оқушылардың мәселелерді тұжырымдай білулерін дамыту, оларды шешу жолдарын ұсыну;

  • оқушылардың қатынастық мәдениетін (араласа білу, монологтік және диалогтік сөз құру) дамыту;

  • сыни ойлау, жеке, топтық жұмысты ұйымдастыру, диалог жүргізе білуді дамыту;

  • оқушылардың зияткерлік және шығармашылық тұлғалық қасиеттерін дамыту.

Тәрбиелік:

- «Мәңгілік Ел» жалпы ұлттық идеялар негізінде патриоттық тәрбие міндеттерін шешуге көмектесу;

- жаңа қазақстандық патриотизмді және белсенді азаматтық көзқарасты тәрбиелеуге мүмкіндік туғызу;

- құнды қасиеттерді: қазақ тілін құрметтеу, қазақ халқының, әр халықтың, этникалық топтардың әдет-ғұрпын, дәстүрін сыйлауға тәрбиелеу.




  1. Сабақтың қорлары


Безендіру:

1. Мемлекеттік рәміздер;

2. Стенд (слайд) «Біртұтас Болашақ Ұлт - Мәңгілік Ел», (Қазақстан халқы Ассамблеясының XXIV сессиясының фотосуреттері); «Ұлы Дала Елi»; «Біз – Үлкен Елміз – Үлкен Отбасымыз».

3. Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөздерінен үзінді. 2014 жылғы 15 желтоқсан; Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» халыққа жолдауы; 2050-Қазақстан жолы: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ:

«Халықтың өмірі әрбір келесі ұрпақпен жалғасады. Сондықтан халықтың Мәңгілігінен асқан арман жоқ. Мәңгілік Елдің бұл идеясы, ертеңгі күнге жол ашатын, болашаққа сенім артатын, мықты тұрақтылықтың символы...»;

«Мәңгілік Ел негізінде – қарапайым, түсінікті және әрқайсымыз үшін құнды шындық – біздің отбасымыздың амандығы, қонақжайлылығы мен еңбексүйгіштігі, тұрақтылығы, қауіпсіздігі мен тұтастығы, ертеңгі күнге сенімділік жатыр»;

«Мәңгілік Ел – біздің біртұтас ұлт мықты болсын !

Қазақстанның бата алған жері мәңгі жасасын!

Алға, Қазақстан!»;

«Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы»;

«Біз, қазақстандықтар, біртұтас елміз! Біздің тағдырымыз ортақ – ол Мәңгілік Ел, біздің ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. Жиырма бес жылдық тәуелсіз дамуымызда барлық қазақстандықтарды біріктіретін және болашақ еліміздің іргетасын қалайтын жаңа басты құндылықтар құралды. Ол аспаннан алынған теория емес. Бұл құндылықтар – Қазақстан жолындағы уақыттың тезінен өткен тәжірибесі ».

4. Музыкалық безендіру: Классикалық және қазақтың ұлттық музыкасы, патриоттық тақырыптарға арналған аудио-бейнематериалдар; Отан және Астана туралы өлеңдер; Заманауи Қазақстанның жетістіктері туралы кітаптар және т.б.

5. «Ұлт бірлігі – Қазақстанның экономикалық дамуының негізі» тақырыптық көрмеге арналған материалдар: кітаптар, қазіргі Қазақстан жетістіктері туралы суреттер; экономиканың дамуына ерекше үлес қосқан белгілі адамдардың портреттері (еңбек адамдары, ғалымдар, саяси қайраткерлер, космонавтар, спорт майталмандары); өлкетанулық материал; балалардың авторлық жұмыстары; анықтамалық материалдар;

6. Бейнефильмдер топтамасы «Мәңгілік Ел» идеясын меңгеруге арналған иллюстрациялық материалдарды құрайтын әмбебап, көптілді білім беру платформалары;

7. Оқушылардың жеке жетістіктерінің түрлі формадағы көрінісі: (авторлық көрме, жеке концерт, презентация, көрсетілім, ел алдына шығу және т.б.).




  1. Сабақтың формалары

Сабақ аясында мына жұмыс түрлерін өткізу ұсынылады:

  1. 1-4- сыныптарда – саяхат- сабақ, викторина- сабақ, жарыс- сабақ, ойын-сабақ, әңгіме, көрме, сурет конкурсы, фотоколлаж, қолдан жасалған бұйымдар, музыкалық ісшаралар, фестиваль, ұжымдық шығармашылық жұмыс, бейнетурлар ( фильмдер, слайдтар, композициялар көру);

  2. 5-9- сыныптарда –сынып сағаты, әдеби-поэтикалық шығарма, пресс-конференция, іскерлік ойын, викторина, конкурс, жарыс, диспут, презентация оқушы жобасы, эссе, фотокөрме, экскурсия, түрлі ұлттардың белгілі адамдарымен кездесу және т.б.;

  3. 9-11- сыныптарда – сынып сағаты, рольдік ойындар, оқушылардың жобаларын қорғау, ми шабуылы, пікірталас, дебаттар, саяси сабақ, тренингтер, газет шығару, ауызша журнал, этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен, құқық қорғау органдарының, саясаттанушы-ғалымдармен, заңгерлермен, тарихшылармен кездесу және т.б.

Сонымен қатар:

  • сабақты заманауи интерактивтік оқыту формаларын қолданып өткізу;

  • психолологиялық-жас ерекшелігін, жекебас ерекшелігін, білім алушылардың дайындық деңгейін ескеру;

  • ән тыңдауды, патриоттық тақырыптағы бейнефильмдерді көруді ұйымдастыру;

  • Қазақстан тарихының, қазақ әдебиетінің материалдарын, , кинематография, публицистиканың, веб-сайт strategy2050.kz «Қазақстан 2050» терминологиялық анықтамалық материалдарын пайдалану және т.б.;

  • білім беру ұйымдарында қоғамдағы этникааралық және конфессияаралық келісім мәселелері бойынша мемлекеттік және қоғам қайраткерлері, басқару органдары өкілдерінің, ҚР Парламент және маслихат депутаттарының, Қазақстан халқы Ассамблеясы, Қазақстан халқы мектеп Ассамблеясының, соғыс және тыл ардагерлерінің, патриоттар форумының қатысушыларының, «Жас Отан» жастар қанаты және т.б. кездесу ұйымдастыру, «дөңгелек үстел», конференциялар, интернет-форумдар ұйымдастыру;

  • этномәдени бірлестіктерге, мұражайларға, мемориалдарға және т.б. қатысу ұсынылады.




  1. Жалпы білім беретін, мамандандырылған, арнайы мектептерде тақырыптық сабақ өткізу бойынша ұсыныстар




    1. 1-4- сыныптарда

Сабақтың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». 1-сыныпта «Мәңгілік Ел» – ол жалпы ұлттық бірлік, бейбітшілік және келісім» деген екінші құндылығы түсіндіріледі.

Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдері):



  1. Біздің Отанымыз – тәуелсіз Қазақстан.

  2. Бейбітшілік және келісім.

  3. Рефлексия.

  4. Сабақтың қорытындысы.

Технологиялар: ақпараттық (Қазақстан бойынша видеотур), ойын.

Сабаққа материалдар.
Біздің Отанымыз – Тәуелсіз Қазақстан
Қазақстан Республикасы – біздің Отанымыз. Қазақстан – үлкен мемлекет.

Менің Қазақстаным! Менің елім!

Сүйікті жазық кеңістіктерім!

Бізде дала да, теңіз де,

Орман да, егістік те, таулар да бар.

Мұның барлығы біздің басты байлығымыз!

Біздің мемлекетіміздің өз шекарасы бар және оны тәуелсіз деп атайды.

Оны көп ғасырлар бұрын, ер-тоқым үстінде өмірлерінің көп бөлігін өткізген көшпелі қазақтар құрған.

Біздің елімізде әр түрлі ұлт өкілдері: қазақтар, орыстар, өзбектер, украиндар, ұйғырлар, татарлар және т.б. өмір сүреді. Олар өздерінің туған тілдерінде сөйлейді. Қазақстанның мемлекеттік тілі – қазақ тілі. Оны Қазақстанның әрбір тұрғыны білуі тиіс. Ұлтаралық қарым-қатынас тілі – орыс тілі. Қазақстанда адамдар тату-тәтті өмір сүреді, Рождество, Құрбан айт, Жаңа жыл, Наурыз мейрамдарын бірге тойлайды.

Ғарышқа ракеталар старт алатын, атақты Байқоңыр «ғарыш қаласы» Қазақстанда орналасқан. Әлемнің басқа жерінде Қазақстан тәрізді ғажайып мемлекет жоқ!

Біздің еліміздің астанасы – Астана қаласы. Қазақстанның ең үлкен қаласы – Алматы.

Біздің елімізді мақтаныш етуге болады, себебі біздің жерімізде қар барсы, сайғақ тәрізді сирек кездесетің аңдар мекендейді, керемет әдемі құстар – қызғылт қоқиқаздар ұшып келеді. Бізде табиғат бұрышы – Қазақстанның інжу-маржаны Бурабай бар. Сондай-ақ Каспий теңізі, Алтай таулары және тағы басқа көптеген әдемі жерлер бар.

Тапсырма. Ұжымдық фотоколлаж жасау.
Бейбітшілік және келісім
Жыл сайын көктемде, 1-мамырда Қазақстанның барлық халықтары мейрамды тойлайды. Бұл мереке Қазақстан халықтарының Бірлік күні деп аталады.

Бұл күні барлық ересектер және балалар бір-біріне бейбітшілік, денсаулық және бақыт тілейді. Бұл күні күннің көзі де өзінің шуағын ерекше шашып, күлімдейді. Біздің жерімізде адамдардың татулықта, соғыссыз өмір сүріп жатқандықтарына қуанады. Аспан да көппеңбек.

Күннің көзі мен балаларға – бейбітшілік,

Табиғатқа – тыныштық, көктемге – тыныштық!

Аңызға – бейбітшілік, ғаламшарға – тыныштық!

Жер шарындағы барлық адамға – бейбітшілік!

Бұл бейбітшілік, достық және еңбек мерекесі. Адамдар бірлесіп еңбектенуі керек. Жалғыздың ісіне қарағанда, бірігіп істеген еңбектің жемісі көп болады. Бір адам бір ағаш ексе, көп адам бірлесіп бақша отырғызады. Бір адам бір кірпіш қаласа, бірлесіп үй салуға болады. Достық пен еңбек адамдарды біріктіреді.

Достықта өмір сүргенде,

Одан жақсы не болуы мүмкін!

Жанжалдасу да қажет емес,

Барлық адамды жақсы көру қажет.

Бейбітшілік пен келісім мейірімнен, күлімсіреуден, қадірлеуден, шыншылдықтан басталады.

Егер адамдардың бойында осы аталған қасиеттер болса, онда Жер бетінде соғыс, жанжал жоғалар еді. Адамдар қайғы-қасіреттен және бір-бірін жек көруден арылар еді. Тек ол үшін барлық адамдар әлемді, осы қалпында сүюді үйренулері қажет.

Тапсырма. Көгершіндер – бейбітшілік пен келісімнің нышаны. Көгершіндердің суреттерін салып, оларды біздің тақтамызға орналастырыңыздар.

Шеге туралы өсиет әңгіме
Бір әкенің өте ызақор, ашушаң ұлы болыпты. Әкесі ұлына бір қалта шеге береді және «ашуыңа ырық бергенде, қақпадағы тақтайшаға мына шегелерден бір-бірден қағып отыр» деп тапсырады.

Алғашқы күні тақтайға бірнеше ондаған шегелер қағылады. Ашуының санын өз көзімен көріп, жігіт ызаға бой алдырмауға тырысатын болады. Тақтайға қағылатын шегелердің саны күн санап азая бастайды. Жігіт шегелерді тақтайға қаққаннан көрі, өзінің ашуын тежеп қалудың оңай екенін түсінеді.

Өз-өзін қалыпты жағдайда ұстай алатын күн де келіп жетті. Ол бұл туралы әкесіне айтты. Әкесі сәл ойланып, «өзіңді қалыпты жағдайда ұстаған әр күн сайын қақпадағы шегелерді бір-бірден суырып алып отыр» деп ұсыныс жасайды.

Баласы әкесіне қақпада бір де бір шегенің қалмағанын хабарлаған күн де келіп жетті. Сонда әкесі ұлын қақпаның жанына алып келіп, былай деді:

– Сен тапсырманы жақсы орындап шықтың. Бірақ мына қақпада қанша тесік қалдырғаныңды қарашы. Бұл қақпа енді ешқашанда бұрынғыдай болмайды. Дәл осы шегелердің қалдырған ойығындай ойық сен ренжіткен адамдардың көңілдерінде де қалады. Ренжіткен соң қанша рет кешірім сұрағаныңмен, көңілдегі сызат ешқашан өшпейді».

Тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер:

1. Әкесі баласын неге үйретті?

2. Неліктен басқа адамға зұлымдық жасамау маңызды?

Сабақтың тақырыбы: «Қазақстан – біртұтас ұлт».

2, 3, 4-ші сыныптарда Бірінші құндылық «Мәңгілік Ел – бұл Тәуелсіздік және Астана» екені түсіндіріледі.

Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):

1. Тәуелсіздік рәміздері.

2. Астана – елімнің басты қаласы.

3. Рефлексия.

4. Сабақтың қорытындысы.

Технологиялар: ынтымақтастықта оқыту (топтық жұмыстар), ойын.

Сабақ материалы.
Тәуелсіздік рәміздері
1991 жылы 16 желтоқсанда Конституциялық Заң Қазақстанды тәуелсіз, құқықты, демократиялық мемлекет ретінде жариялады. Назарбаев Нұрсұлтан Әбішұлы – Қазақстан Республикасының Президенті болып сайланды.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері: Елтаңба, Ту, Әнұран.

Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері, мемлекеттің айрықша белгілері. Оларға: Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы, Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны жатады.

Астана қаласы Қазақстан Республикасының астанасы ретінде Қазақстан Республикасының Ата Заң мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Мемлекеттік Елтаңбасының эталоны Қазақстан Республикасы Президенті «Ақорда» Резиденциясында орналасатын жер болып саналады. 4 маусым күні Қазақстанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні аталып өтеді.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы ортасында шұғылалы күн, оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген тік бұрышты көгілдір түсті мата. Тудың сабының тұсында тік жолақ түрінде ұлттық өрнек нақышталған. Күн, оның шұғыласы, қыран және ұлттық өрнек бейнесі алтын түстес. Тудың ені мен ұзындығының арақатынасы – 1:2. Тудың авторы белгілі дизайнер және суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Елтаңбасы дөңгелек нысанды және көгілдір түс аясындағы шаңырақ (киіз үйдің жоғарғы күмбез тәрізді бөлігі) түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде - бес бұрышты көлемді жұлдыз, ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, аңыздардың, қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген - алтын түстес жазу бар. Егеменді Қазақстанның бүгінгі елтаңбасы белгілі екі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков және Шот-Аман Уәлихановтардың шығармашылық ізденісінің және ерен еңбегінің нәтижесі болып табылады.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны. 1992 жылдың басында Қазақстан Республикасының жаңа әнұранының әні мен мәтініне байқау жарияланды. Іріктеп алу коммисиясына 750 жоба жіберілді. Талқылау барысында жұртшылық алдыңғы әнұранның әнін сақтап қалу қажеттігі туралы пікір білдірді. Байқаудың нәтижесі бойынша төрт адам жеңімпаз атанды. Олардың үшеуі орта буын ұрпағына танымал Мұзафар Әлімбаев, Тұманбай Молдағалиев, Қадыр Мырзалиев, оларға ақын Жадыра Дәрібаева қосылды. Бұрынғы музыка сақталды.

2006 жылдың 10 қаңтарынан бастап 1956 жылы жазылған танымал «Менің Қазақстаным» әні Қазақстан Республикасының әнұраны болып қабылданды, мемлекеттік әнұран мәртебесіне сәйкес болу үшін оның мәтініне өзгерістер енгізілді. Әнұран мәтініне Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзгерістер енгізгендіктен, мәтіннің авторлары болып көрсетіледі. Сонымен қатар әнұранды тыңдау ережесі де өзгертілді. Ресми салтанаттарда әнұранның орындалуы барысында қатысушылар орындарынан тұрулары, оң қолдың алақанын сол жақ кеудеге қоюлары керек.

Әні сазгер Шәмші Қалдаяқовтікі, сөзі Жұмекен Нәжімединовтікі (1956), Нұрсұлтан Назарбаевтікі (2005).

Казақстан Республикасының Туы туралы

Көк аспанға қараймын,

Қыран құс биік самғайды,

Алтын күннің шапағы

Жан-жағына тарайды.

Тау шыңындай көрінер

Көрініс бұл ұнайды.

Ұлттық ою-өрнекті

Шетіне қосу қалғаны.

Қазақстан Республикасының Елтаңбасы туралы

Халыққа мемлекеттен берілген

Абыройлы Елтаңба мен Туымыз.

Еркіндігін мәңгі сақтасын

Тәуелсіз Қазақстан еліміз!

Біздің Туымыз көгілдір түсті. Көгілдір түс түркі халықтарында дәстүрлі түсі болып саналады. Ол Туда бүкіл жер мен адамдардың төбесіндегі көк аспанның шексіздігін білдіреді, сонымен қатар жалпы әл-ауқаттың, тыныштықтың, бейбітшілік пен бірліктің нышаны болып табылады.

Күн – өмір мен қуаттың кайнар көзі. Сондықтан күн бейнесі өмірдің символы болып саналады. Көшпенділер уақытты күннің қозғалысымен анықтаған. Геральдика заңдылығы бойынша күн бейнесі байлық пен берекенің нышаны болып табылады. Сол себепті Тудағы күннің барлық 32 шуағы береке мен әл-ауқаттың негізі – дән пішіндес болуы кездейсоқ емес.

Көшпенділердің көзқарасында қыран немесе бүркіт маңызды орын алады. Қазақстанды мекендеген халықтар мен этникалық топтардың елтаңбалары мен туларында оның көрініс табуы ежелден келе жатыр. Символика тілінде қыран құстың бейнесі мемлекет билігін, дала халқының жүрегінің кеңдігін білдіреді. Далалықтар үшін бұл – еркіндіктің, тәуелсіздіктің, мақсатқа, биікке талпынудың, болашаққа самғаудың нышаны. Сонымен бірге, алапат күшке ие қыран құс жарқын болашағына кедергі келтіргендерге лайықты жауап бере алады. Қыран бейнесі жас егеменді Қазақстанның әлем өркениетінің биіктеріне ұмтылуы идеясынан пайда болды.

Тудың сол жағында, сабын өрлей, Қазақстанның мәдениеті мен салт-дәстүрлерін айқындайтын ұлттық өрнек салынған. Қазақтың ұлттық өрнегі қошқар мүйіз түрінде жасалған. Бұл – оны басқа тулардан ерекшелендіретін мемлекеттің ұлттық белгісі.

Елтаңба шеңбер пішіндес. Шеңбер геральдика элементі ретінде көп жерлерде қолданыс тапқан, бірақ ол шығыс көшпенділерінде ерекше құрметке ие. Бұл – мәңгіліктің, өмірдің нышаны.

Елтаңбаның ортасында киіз үйдің жоғарғы бөлігі – шаңырақ бейнеленген. Әлем тәжірибесінде әлі шаңырақ бейнесі бар елтаңба кездеспеген. Шаңырақ халық арасында ерекше құрметтеледі. Бұл – отбасылық әл-ауқаттың, берекенің, бейбітшілік пен тыныштықтың нышаны. Бұл – біздің ортақ үйіміздің, Қазақстанда тұратын барлық адамдардың ортақ Отанының белгісі. Шаңырақтың беріктігі оның әрбір уығының мықтылығына байланысты болғаны сияқты ондағы бақыт әр адамның әл-ауқатына байланысты.

Елтаңбаның ортасынан көгілдір кеңістігіне бірдей таралған уықтар өмір мен жылу көзі – күннің шуақтары іспеттес. Шаңырақтан бастау алған кереге – киіз үйдің жылжымалы, жиналмалы тор көзді негізі. Ол оның беріктігін қамтамасыз ететін үш жүздің бірлігін білдіреді. Геральдика тілімен авторлар қазақ халқының бейбітшілік сүйгіш болмысын көрсеткілері келген.

Жылқы – қазақ стихиясы. Ежелден «Қазақ жылқы мінезді» деп айтылады, яғни мінезі жағынан қазақтар жылқыға ұқсас келеді. Елтаңбада қарапайым жылқы емес алтын қанатты пырақ бейнеленген. Бұл көп ұлтты Қазақстан халқының қуатты, өркендеуші, дамушы мемлекет орнатудағы арманын білдіреді.

Мемлекеттік рәміздерде жылқылардың бейнеленуі ежелден келе жатыр. Осыған қарамастан, авторлар ұсынған нұсқа қабылданбас бұрын қызу талқы мен таласқа түсті. Жылқылар бейнесі арыстанның айбарлығын, қыран құстың қырағылығын және адамның ерік күші сияқты ұғымдарды білдіреді. Аңыздарда кездесетін жарты ай пішіндес мүйіздері мен алтын қанаттары бар екі пырақ шаңырақты екі жағынан қорғап тұрғандай. Олар ортақ үйіміз – Отанымызға қызмет ету идеясын айқын білдіреді.

Мемлекеттік Елтаңба бейнесінде тағы да бес бұрышты жұлдыз бен біздің мемлекетіміздің қазақ тілінде атауы «Қазақстан» бар.

Адамзат жұлдызды ежелден өмірде жетектейтін, мақсатқа жетелейтін, асқақтық пен мәңгілікке ұмтылудың, биліктің нышаны ретінде колданады. Мемлекеттік Елтаңбада жұлдыз, сонымен бірге, замануи жоғары өркениетті қоғамдарға қосылу, барлық мемлекеттер мен бес контитенттің халықтарына ашық болу сияқты біздің асқақ армандарымызды да білдіреді.

Мемлекеттік Елтаңбада қолданылатын негізгі түс – байлықты, шынайылық пен мейірбандылықты білдіретін алтын түс. Алтын түс Қазақстанның бейбітшілікке, келісімге, достыққа және ғаламшарымыздың барлық халықтарымен бірлікте болуға ұмтылуының нышаны ретіндегі аспан-көгілдір түспен жақсы үйлеседі.



Тапсырма. Жаңа материалды меңгеруін тексеретін «Аукцион» ойынына қатысу.
Астана – еліміздің бас қаласы
Қазіргі кезде Қазақстанның саяси және мәдени орталығы жас елорда – Астана қаласы болып табылады. Дегенмен, көрнекті археолог К.Акишев бастауымен ғалымдар зерттеген қаланың ежелгі тарихы бар. Орта ғасырларда қала аумағында, Есіл өзенінің сол жақ жазықтығында Бозоқ қалашығы болған. Бозоқ қалашығы керуен жолдарының тоғысқан жерінде орналасқан. Бозоқ маңызды саяси және қолөнер орталығы болған. Қала, сонымен қатар, керуендер мен жолаушылардың демалатын және түнейтін орны қызметін атқарған.
Астана бірден «Астана» болып аталмады. 1998 жылға дейін әр түрлі атаулары болды. Осылайша, 1830 жылдан 1961 жылға дейін астана Акмолинск, 1961 жылдан 1992 жылға дейін Целиноград, 1992 жылдан 1998 жылға дейін Ақмола деп аталып келді.

Қазақстанның жаңа, замануи астанасын құру идеясы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тән. Еуразия құрлығындағы оңтайлы орналасуы Астананы Еуропа мен Азия арасындағы экономикалық тиімді көпір етіп тұр.

Жаңа астананың басты символы - «Бәйтерек» кешені. Қайталанбас архитектуралық ғимараттардың ішінен пирамида пішіндес «Бейбітшілік және келісім сарайын», әлемдегі ең биік шатыр пішінді ғимарат «Хан Шатыр» сауда-ойын-сауық орталығын, теңізден өте алшақта орналасқан «Думан» мұхит аралын, «Қазақстан» орталық концерт залын, жасыл гулзарлары, түрлі-түсті жолдары, әуенді субұрқақтары бар «Ән салатын субұрқақтар аллеясын» атап көрсетуге болады.

Астананың спорт нысандары – 30 мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы әлемдегі ең керемет деп саналған 10 мың орындық «Сарыарқа» велотрегі, «Алау» мұз айдыны.

1999 жылдың шілде айында ЮНЕСКО Астананы «Бейбітшілік қаласы» деп атады. 2000 жылдан бастап Қазақстанның бас қаласы Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының мүшесі болды және әлемнің ең жақсы 30 қалалары тізіміне кірді.

Астананың басты мақсаты – еуразия кеңістігінде мәдени және зияткерлік орталық болу және Қазақстанның басты даму генераторы болу. Қысқа мерзім ішінде Қазақстанның Бірінші Президентінің қалауымен пайда болған жаңа астана тәуелсіздік символы және жас мемлекеттің жаһандық жетістігінің символы болды.

Бүгінгі таңда Астанада, бүкіл Қазақстандағы сияқты, жүзден астам ұлт өкілдері тұрады. Халықтар достығы, өзара түсіністік пен ынтамақтастық – Астана мен жаңа Қазақстанның құрылу негізі.

Сұрақтар:

1) Астананың бірінші атауын атаңыз.

2) Қазақ тілінен Астана қалай аударылады?

3) Қазақ тілінен Ақмола қалай аударылады?

4) Қазақстанның жаңа астанасын құру идеясы кімге тиесілі?

5) Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда қандай мағына береді?

6) Бейбітшілік және келісім сарайы ғимараты қандай пішінде?

7) Сарыарқа стадионы қандай?

8) Ақорда деген не?

Тақырыптық парақ.

I кезең: Астана туралы мәтінді пайдаланып, тапсырмаларды орындаңдар.

1. Атауларды қолданып, дұрыс реттілігін табыңыз (Астана, Целиноград, Акмолинск, Акмола) Бозоқ қалашығы, Акмолинск, Целиноград, Ақмола, Астана.

2. Артығын сызып тастаңыз

Қазақстан Ресеймен, Қытаймен, Түрікменстанмен, Украинамен, Өзбекстанмен, Қырғызстанмен шекаралас.

3. Суреттер мен атауларды бағдар көмегімен қосыңыз

Президент Сарайы «Ақ Орда»;

«Сарыарқа» велотрегі;

«Бәйтерек»;

«Бейбітшілік және келісім сарайы»;

«Хан Шатыр» кешені.

4. Қазақ тілінен «Астана» сөзі қалай аударылады?
«Бәйтерек»
Монумент 1997 жылы астананың Алматы қаласынан Ақмолаға ауыстырылуының нышаны ретінде президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен бой көтерген. «Бәйтерек» әлемдер тоғысқан жерінде Әлем өзені ағып жатыр деген ежелгі көшпенділердің танымын көрсетеді. Оның жағасында аспанмен тірескен, тамыры тереңге жайылған Өмір ағашы – Бәйтерек (қазақша Бәйтерек «терек», «тірек, қорғаушы» деген мағынада) өсіп тұрады. Бұл ағаштың тамырлары, сәйкесінше, жер асты әлемінде, ағаштың өзі, оның діңі – жерде, ал жапырақтары – аспан әлемінде болған.

Әр жылы қасиетті Самұрық құс ағаштың ұшар басына жұмыртқа салады екен. Жұмыртқа – Күнді өмір ағашының түбінде өмір сүретін айдаһар Айдархан жұтып қояды. Бұл жаз бен қыстың, күн мен түннің ауысуын, Жақсылық пен Жамандықтың күресін білдіреді.

«Бәйтерек» жас, мықты, өсіп келе жатқан ағаш деген сөз. Ол тарихи түп-тамырларын сақтай отырып, мықты тірегі бар және болашақ өркендеуге ұмтылатын мемлекетті білдіреді.
«Бейбітшілік және келісім сарайы»
«Әлем уақыттан қорқады, ал уақыт пирамидалардан қорқады» деген ескі мақал бар. Шынында да, олардың қарапайым пішіні мен көлемі біздің ойымызда бұл ғимараттардың мықты, бұзылмас келбетін елестетеді. Дегенмен, жуық арада, 2006 жылы кейбіреулер Әлемнің сегізінші кереметі деп атап кеткен тағы да бір пирамида қосылды. Әңгіме Астана қаласындағы Бейбітшілік және келісім сарайы жайында.

Бұл ғимарат әлемге әйгілі архитектор Норман Фостермен «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының Конгресін» өткізу үшін арнайы салынды. Оның ерекшелігі оны салудың мақсатымен ғана шектеліп қоймайды.

Мұнда 1500 орындық концерттік-опералық зал орналасқан. Сондай-ақ пирамида ішінде конференц-залдар, көрме орындары, т.с.с орын алған. Аумағы 2000 шаршы метрден аса орынды алып жатқан ең ірі «Хеопс Атриум» залы өзінің көлемімен таң қалдыратын «Астананың 2030 жылға дейінгі бас жоспарын» сыйғыза алған.

Бейбітшілік және келісім сарайының ең жоғарғы қабатында бүкіл әлемге әйгілі әлем діндері көшбасшыларының конференциясы өткен «Бесік» залы орналасқан. Залды айнала таң қалдырарлық «Қысқы бақта» дүние жүзінің әр түрлі өсімдіктері өсірілген. Пирамиданың төбесі 130 көгершін бейнесі бар үлкен шыны күмбезбен көмкерілген. Бұл көгершіндер – Қазақстан халықтарының нышаны.


«Ақ Орда» Президент Сарайы
Дүние жүзіндегі барлық астанада Президенттің (ел басшысының) Резиденциялары болады. Қазақстан Республикасының жаңа астанасын жариялағаннан кейін 5 жылдан соң «Ақ Орда» Президент Сарайының ресми таныстырылымы болды. Бірақ бұл ғимарат енді жабық мемлекеттік нысан емес. Президенттің қалауымен бұл жерде үнемі экскурсиялар өтіп тұрады.

Мемлекеттің бірінші тұлғасының Резиденциясы жаңа технологияларды қолдана отырып, 3 жыл бойы салынды. Ғимараттың биіктігі 80 метрді, соның ішінде бірінші қабаттың биіктігі 10 метрді құрайды.

Бірінші қабат бойынша экскурсия кезінде 1800 шаршы метрді құрайтын Орталық Салтанатты Холлды, пресс-конференциялар залын, салтанат залын, қысқы бақты көруге болады. Екінші қабатта кеңсе орындары ораналасқан.

Үшінші қабат толығымен әр түрлі халықаралық сипаттағы іс-шараларға арналған: Мәрмәр Залында шет мемлекет басшыларымен құжаттарға қол қойылады, Алтын Залында тар аядағы тұлғалармен кездесулер өткізіледі,

Доғал Залда жоғары деңгейдегі келіссөздер жүргізіледі. Сонымен бірге, үшінші қабатта киіз үй түріндегі Шығыс залы, Қонақ бөлмесі, Кеңейтілген келіссөздер залы, Қауіпсіздік Кеңес Залы бар.

Төртінші қабатта ел басшыларының жоғары деңгейдегі жиналыстары өтетін Күмбезді зал, Республика Үкіметімен жиналыстарын өткізуге арналған Отырыс залы, кітапхана және т.б. орналасқан. Әр зал, әр бөлме ерекше әдемі әрленген, көрнекті жиһаздар қойылған.

Ақ Орда ішіне кіру үшін бір маңызды шарт бар: Президент Резиденциясында болған жағдайда, егер Сіз басқа мемлекеттің Басшысы болмасаңыз, онда кіре алмайсыз.

Дұрыс жауаптарын қойыңыз:

Бәйтерек мынаны білдіреді........................................................................

Бәйтерек қазақ тілінен аударғанда мынаны білдіреді..............................

Бейбітшілік және келісім сарайы мына түрде салынған...........................

Бейбітшілік және келісім сарайы .... жылы салынған

Ақ Орда - ....... (кімнің) резиденциясы

Ақ Орда .......... жылда салынды
Тапсырма: хат жазыңыз.

Хат үлгісі

Құрметті менің досым (құрбым) ______ (аты). Саған Қазақстаннан Сенің досың (құрбың) ______ жазып отыр. Мен хатымда өзім туралы, елім туралы және біздің астанамыз туралы әңгіме қозғағым келеді.

Менің жасым ___. Мен №___ мектепте _____ сыныпта оқимын. Маған менің мектебім өте ұнайды, себебі ________________________________.

Мен Қазақстан Республикасында тұрамын. Қазақстан өте жақсы ел. Біздің Президентіміз ___________________________________.

Біздің Республикамыздың әдемі атауы бар:_________________.

Досыңның аты, мен астанамыз туралы толығырақ айтып берейін деп едім. Менің әңгімем Саған ұнайды деген және Сен бізге қонаққа келіп, екеуіміз Астана қаласы бойынша серуенге шығамын деген сенімдемін.

1. «Астана» сөзі нені білдіретінін жаз.

2. Астананың көрнекті орындарын жаз, оларды атап шық.

3. Ең бірінші кезекте қандай көрнекті орынды көруге барар едің және неліктен?

4. Астананы қалай көретініңді жаз. Мысалы: әдемі, үлкен, есте қаларлықтай, таза, жарық, жарқыраған, керемет ....

Құрметті досым (құрбым), менің әңгімем осымен тәмам. Менің әңгімем Саған ұнаса, және осы хаттан кейін өз көзіңмен көруге келетін болсаң, өте қуаныштымын. Себебі, «Мың рет естігенше, бір рет көзіңмен көр» деген рас.

Көріскенше!


5.2 5-8 сыныптарда.

Сабақтың тақырыбы: «Мен өз Отанымның патриотымын». 5-8-сыныптардағы білім сабағында «Мәңгілік Ел – бұл Жалпы әлемдік және аймақтық мәселелерді шешудегі Ұлттық қауіпсіздік пен Қазақстанның жаһандық қатысуы» жетінші құндылығы түсіндіріледі.

Сабақтың ұсынылатын кезеңдері(тақырыптық бөлімдері):



  1. Ұлттық қарулы күштер.

  2. Батырлар және ерліктер.

  3. Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері.

  4. Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты.

  5. Рефлексия.

  6. Сабақты қорытындылау.

Технологиялар: ақпараттық Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері туралы имидждік видеороликтер көру: «Ұлы Отан соғысының 70-жылдығы» видеоролигі 55 сек.; «Десанттық биатлон» видеоролигі 1мин. 26 сек.; «Күндік қызмет» видеоролигі 2 мин. 47 сек.; «QR-коды» видеоролигі 1мин. 22 сек.; «Батыр арулар» конкурсының жеңімпаздары» видеоролигі 2мин. 12 сек.), сабаққа шақырылған әскери бөлімнің офицерлері және жауыңгерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, интернационалист-жауынгерлер, Жас Ұлан Республикалық мектебі оқушыларының қатысуымен іскерлік ойындардан «пресс-конференцияны» қолдану.
Сабақ материалы


  1. Ұлттық қарулы күштер

Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев 1992 жылғы 7-мамырда ұлттық қарулы күштерді құру туралы Жарлыққа қол қойды.

«Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 7-қаңтардағы заңына сәйкес, қарулы күштерге ҚР Қорғаныс министрлігі құрылымындағы барлық құрамалар мен мекемелер жатады.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери басқарма органдарының құрамына:

әскери басқарма органдары;

қарулы Күштердің түрлері:

құрлықтағы әскерлер;

әуе қорғаныс күштері;

әскери-теңіз күштері;

әскер түрлері:

аэромобиль әскерлері;

арнайы әскерлер;

әскери-оқу орындары;

әскери-ғылыми мекемелер;

басқа да ұйымдар кіреді.

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрамына жұмылдыруды жариялауда:

ҚР ІІМ-нің Ұлттық гвардиясы;

ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің азаматтық қорғаныс басқармасының органдары;

Қазақстан Республикасы Ұлттық Қауіпсіздік комитетінің шекаралық қызметі;

арнайы құрамалар енгізіледі.

Сонымен қатар, ҚР Қарулы Күштерінің құрамына 14 облыс және Астана мен Алматы қалаларындағы запастағылардан қажет болған жағдайда құрылатын бригаданы көрсететін жергілікті әскерлерді енгізу де қарастырылуда. Осы ереже 2016 жылғы 30-майдағы заң жобасына ұсыныс ретінде енгізілді.

Қарулы Күштердің жеке құрамы:

келісімшарт негізінде әскери қызметке өз еркімен түскен әскери қызметкерлер;

жалпы әскери міндеткерлік негізінде шақырылған әскери қызметкерлер;

Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы және Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасы негізіндегі азаматтық тұлғалар негізінде алынатын әскери қызметкерлер мен азаматтық тұлғалардан тұрады.

ҚР ҚК Бас Қолбасшысы әскери ұйымдардың құрылысы, дайындығы мен қолданылуын, мемлекеттің әскери қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жалпы басшылықты жүзеге асыратын ел президенті болып табылады.

ҚР Парламенті әскери қауіпсіздік және мемлекет қорғанысы мәселелері бойынша заңдарды қабылдайды, соғыс пен бейбітшілік мәселелерін шешеді, бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдау бойынша халықаралық міндеткерліктерді орындау үшін Қарулы Күштерді қолдану туралы шешім қабылдайды, қорғаныс пен әскери серіктестік мәселелері бойынша халықаралық келісімшарттарды бекітеді және күші жойылған деп жариялайды.

Сұрақтарына жауап беру:

Тапсырма. «Армия туралы мен не білемін?».

ҚР Бас қолбасшысы?

(Н.Ә.Назарбаев)

Мылтықтың оқпанына бекітілген шанышпалы қару қалай аталады?

(найза)

Гренадерлар деген кімдер?



(гренадерлар – бұл саптың алдында жүретін гранаметші солдаттар)

Ағаш пен мылтыққа тән ортақ нәрсе не?

(ағашта да, мылтықта да дің бар)

«Минаның жоқтығы тексерілген бе» Осындай жазбаны кім жасайды?

(саперлар)

2 Діңінің аяғы кесілген мылтық?

(шолақ мылтық)

Қандай құралдың көмегімен улы газдардан қорғануға болады?

(противогаз)

Әскери жабдықтар қоймасы қалай аталады?

(арсенал)

Дәлдеп ату өнерін меңгерген адам қалай аталады?

(мергендер)

«таран» сөзі нені білдіреді?

(танкі, корабль немесе самолет тұрқына соққы)

«Ура!» дауысымен шабуылдау

(шабуыл)

«Соғыс құдайы» - әскерінің түрі

(артиллерия)

Ұшақтарға арналған гараж

(ангар)

Елдің негізгі Заңы



(Конституция).


  1. Батырлар мен ерліктер


Интернационалист – жауынгерлер
Интернационалист - жауынгерлер, - олар 1979-1989 жылдары Ауғаныстан Демократиялық Республикасында соғысқа қатысқандар. Антын, парызы мен әскери бауырмалдығын өзгертпей, ауған халқына батырлық, айбындылық, ерлік пен жолдастық өзара көмек көрсеткен солдаттар, офицерлер және генералдар. Осы соғысқа 22 269 қазақстандық қатысты, оның 924 қайтыс болған, 1015 мүгедек болды және 21 адам із-түссіз жоғалып кетті.

Жауынгерлік еңбегі мен ерлігі үшін ондаған мың қазақстандықтар ордендермен және медальдармен награтталды. Ауғаныстанда өздерінің интернационалдық парызын атқарған әскерлердің көпшілігі бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің қатарында қызмет етеді. Олар генералдар Бақытжан Ертаев және Сәкен Жасұзақов, полковниктер Юрий Кравцов және Александр Алексеев және тағы басқалар. Ауғаныстанда соғысқан офицерлердің және солдаттардың бір бөлігі ҚР ҚҚ запаста.

Бүгінгі күні Астана қаласы бойынша Ауған соғысының ардагерлері 1200 адамды құрайды. Астана қаласының «Ауған соғысы мүгедектері мен ардагерлерінің одағы» қоғамдық бірлестігі 2000 жылы 6-мамырда құрылды.

Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов
Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов – ұшқыш-шабуылшы, екі мәрте Кеңес Одағының батыры, Қазақстан авиациясының генерал-майоры, 1922 жылы 5-тамызда Қаз КСР Ақмола облысының Майбалық ауылында туылған. Ұлты қазақ.

1940 жылы Саратов әскери ұшқыштар мектебіне түскен, содан кейін Орынбор әскери авиациялық ұшқыштар мектебіне ауыстырылып, оны 1942 жылы бітіреді.

1943 жылдың қаңтарынан Ұлы Отан соғысының майданында жаумен шайқасады. Сол жылы КОКП/БКП(б) қатарына кіреді. Ил-2 ұшағымен соғысқа қатысады. Кеңес Одағының батыры С.П.Плшивальниковтің эскадрильясында ұшқан. Кейіннен оның орынбасары болды.

1944 жылғы 26 қазанда гвардия аға лейтенанты Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке Знаменка, Кировоград қалаларын азат етуде көрсеткен ерлігі мен әскери шеберлігі үшін, әуе соғысында 4 жау ұшағының көзін жойғаны үшін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

1945 жылғы 24 маусымдағы Жеңіс Парадына қатысушы.

Екінші «Алтын Жұлдыз» медалі гвардия капитаны Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке 1945жылғы 27-маусымда Краков, Оппельн (қазіргі Ополе), Катовице, Бреслау (қазіргі Вроцлав) және Берлин қалалары үшін жаудың әскері мен техникасын шабуылдаудағы эскадрильядағы шебер басшылығы мен әскери ерлігі үшін берілді.

Соғыстың екі жылында Т.Ж. Бигелдинов жаудың жердегі әскерін шабуылдауда 305 әскери ұшу амалын жасады, әуе соғысында 7 самолеттің көзін жойды. Өзі де соққы алды.

Соғыстан кейін 1950 жылы Әскери-әуе академиясын бітірді және 1956 жылға дейін КСРО Әскери-Әуе Күштерінде қызметін жалғастырды. 1957-1970 жылдары азаматтық авиацияда жұмыс атқарды. 1968 жылы Т.Ж.Бигелдинов Москва инженер-құрылыс институтын бітірді, кейіннен Қазақ ССР Мемқұрылыс жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді.

И.С. Полбин атындағы Орынбор жоғары әскери-авиациялық ұшқыштар училищесінің құрметті курсанты.

Фрунзе қаласында (қазіргі Бішкек) Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдиновке қола мүсін орнатылған.

Ақтөбе қаласында Әуе қорғаныс күштерінің әскери институты Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов атымен аталады. Қарағанды қаласында Республикалық Әскери мектеп-интернат Екі мәрте Кеңес Одағының Батыры Талғат Жақыпбекұлы Бигелдинов есімін иеленеді.
Т. Бигелдинов 2014 жылғы 10 қарашада өмірден өтті.


  1. Экстремизм және терроризм – қазіргі заман мәселелері

Бүгінгі күні Қазақстан – осы жылы тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтетін, өркендеуші ел. Елдің экономикалық табыстары бүкіл әлеммен танылған.

Республика қойылған мақсатқа: әлемнің дамыған елдерінің қатарына кіруге сенімді және тұрақты қадам басуда. Қазақстан Еуразияның саяси орталықтарының бірі болып, халықаралық аренада маңызды рөл атқаратын болды. Бұл факті осы аймақтарға ықпал етуге үміткер елдерді алаңдатпауының мүмкін еместігі түсінікті. Мемлекетті әлсіретудің көптеген негізі бар. Бірінші кезекте - жаппай сана-сезімге әсер ету. Біршама уақыт бұрын біздің сөз қорымызға «терроризм» және «экстремизм» сияқты қауіпті сөз мықтап енді.

Адамзат үнемі соғысуда. Соңғы бес мың жылда бірнеше миллиард адам қайтыс болған 15 000 ірі және ұсақ соғыстар тіркелген. 70 жыл бұрын Ұлы отан соғысының ұрыстары басылды. Фашистерді жеңгеннен кейін біздің әкелеріміз бен аталарымыз ғаламшарда енді соғыс болмайды, жаппай бауырластықтың керемет уақыты туады деп армандады және шексіз сенді. Жеңіске қол жетті, бірақ жалпыға бірдей әлем болмады. Діни, территориялық және ұлттық таластарға байланысты жергілікті соғыстар, әскери қақтығыстар жалғасуда. Біздің бейбіт өмірге терроризм сияқты қатерлі құбылыс табандылықпен енуде. Терроризм - бұл да соғыс. Және одан ешкім де сақтандырылмаған. Соның ішінде біз де. Радикалды топтар күннен күнге белсенді бола түсуде. Біздің Республиканың этникааралық келісіміне қауіп төндіретін және ұлттық алауыздықты насихаттайтын барлық экстремистік ұйымдарға әлемдік конфессияның ресми өкіметі және діни көшбасшылар ашық соғыс жариялады.

Экстремизм (француз тілінен Extremismt - соңғы) – бұл соңғы көзқарастар мен әлемге шынайы берілгендік. Қабылданған әрекеттердің қоғамдық нормаларына қайшы келетін, демократиялық емес соңғы шаралар болып саналады. Экстремистер өз мақсаттарына қол жеткізу үшін қалыптасқан мемлекеттік және қоғамдық институттарды өзгертуге немесе жоюға, олардың барларына зиян келтіруге ұмтыла отырып, қарсы шығады. Ол үшін ашық ұрандар, ұйымдастырылған тәртіпсіздіктер, баскөтерулер, азаматтық бойұсынбау, партизандық соғыс әдістері, сонымен қатар террористік актілер және т.б. қолданылады. Экстремистер, әдеттегідей, қандай да бір мәмілелер, келіссөздер, келісімдердің мүмкіндігін жоққа шығарады. Осы жағдайда терроризм экстремизм түрлерінің бірі болып табылады, бірақ одан да қауіптірек екені сөзсіз.

Экстремизм, терроризм жаңа феномен болып табыла ма? Жоқ. Б.з.д. І-ғасырда Палестинада сикарии (сика- қанжар)- ұйымдасқан сектасы әрекет етті.

Олар жаулап алушылырға көмек танытқан күдіктілерді, римдіктер мен отандастарын жоя отырып, Рим үстемдігімен күресті. Индияда VII ғасырда «Тұншықтырғыштар» секциясының мүшелері адамдарды тұншықтырып өлтіру арқылы құрбандық жораларын жасады. Қиыр шығыста ХІ ғасырда саяси қарсыластарды өлтіруші исламистердің шииттік сектасы «Ассасина» атауын алды. Экстремистер көзқарасы күштеп таңылған немесе сенімсіздікте, дінді құрметтемеуді айыптау қаупі, және сол сияқты физикалық террордан да жаман моральдік террор жағдайында мәселенің қауіптілігі өрістейді.

Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.



  • Терроризм және экстремизм туралы біз не білеміз?

  • Біз осы мәселе туралы айтуға тиістіміз бе?




  1. Қазақстан Республикасының бейбіт ішкі және сыртқы саясаты

Жас, тәуелсіз Қазақстан Республикасы үшін елдің ұлттық мүддесін жоғары қоя отырып, қоршаған халықаралық жүйелердің сын-тегеуріндерін өз уақтында ұстап қалып және оларға лайықты жауап бере отырып сыртқы саясат жүргізу ерекше маңызды.

Өткен жылдары республика халықаралық қауымдастықтың толыққанды мүшесі болды, бастамасы әрқашан халықаралық қолдауға ие болатын және тәжірибеде жүзеге асатын, барлық көршілерімен тұрақты айтарлықтай қарым-қатынас орнатты. Байыпты және сенімді серіктес ретінде республиканың халықаралық беделі қалыптасты.

Қазақстанның сыртқы саясаты саласында Ресей, Қытай, АҚШ, Еуропалық Одақпен, Орталық Азия елдерімен және мұсылман әлемімен тығыз байланыс дамуда. Бүгінгі күні Орталық Азияда, әлемдік қауымдастықта Қазақстанның ұлттық мүддесіне және қауіпсіздігіне қауіп төндіретін мемлекет жоқ. Күрделі аймақтық және ғаламдық процестерге қарамастан, біздің республика өз көршілерімен және алдыңғы қатарлы әлемдік державалармен тығыз серіктестік қатынас орнатуда. Қазақстан негізгі халықаралық келісімге қосылды, өзінің халықаралық терроризмге қарсы ғаламдық күресті қолдайтынын бірнеше рет көрсетті, жаппай қырып-жоятын қаруды таратпау мәселесі бойынша салмақты және жауапты ұстаным орын алған.



Тапсырма. Сұрақтарға жауап беру.

  • Қазақстанның сыртқы саясаты саласында қандай мемлекеттермен тығыз байланыс дамуда?

  • Әлемдік аренада Қазақстанның қандай беделі қалыптасты?


5.3 9-11сыныптарда
Сабақтың тақырыбы: 9-11 сыныптарда «Мен өз Отанымның патриотымын» бірыңғай білім беру сабағында алтыншы құндылық «Мәңгілік Ел – бұл Ортақ тарих, Мәдениет және Тіл» түсіндіріледі.

Сабақтың ұсынылатын кезеңдері (тақырыптық бөлімдер):



  1. Қазақстан халқының мәдени көптүрлігі.

  2. Мемлекеттік тіл – қоғамдық бірігу негізі.

  3. Үштілділік ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты жағдайы ретінде.

  4. Рефлексия.

  5. Сабақтың қорытындысы.

Технологиялар: іскерлік ойындар, дискуссия.

Сабақ материалы.


  1. Қазақстан халқының мәдени көптүрлілігі


«Мәдениет - ұлттың бет-бейнесі, рухани болмысы, жаны, ақыл-ойы, парасаты. Өркениетті ұлт, ең алдымен, тарихымен, мәдениетімен, ұлтын ұлықтаған ұлы тұлғаларымен, әлемдік мәдениеттің алтын қорына қосқан үлкенді-кішілі үлесімен мақтанады. Сөйтіп, тек өзінің ұлттық төл мәдениеті арқылы ғана басқаға танылады»

Н.Ә. Назарбаев


Қазақ халқы көпғасырлық тарихы бар, әлемдік өркениет қазынасына енетін мәдени құндылықтардың иесі болып табылады. Ескерткіштердің көптүрлілігі мен саны бойынша Қазақстан Индия, Қытай, Жерорта теңізі және Қиыр Шығыс мемлекеттері сияқты елдерге орын бермейді және ашық аспан астында өзіндік мұражай болып табылады.

Қазақстанның мәдени мұрасы өзіне оның территориясында тұратын халықтардың мәдени құндылығының көптүрлілігін сіңірген. Бұл - 25 мыңнан аса жылжымайтын тарих, археология, сәулет және монументті өнер ескерткіштері, экспозициядағы және 89 мемлекеттік мұражай қорындағы 2 млн. 56 мың мәдени құндылықтар бірлігі, 3495 мемлекеттік кітапханаларда сақталатын 66 млн. 840 мың том кітаптар, сирек кездесетін қолжазбалар мен басылымдар.

Қазақстанның тарихы «орталық» жағдайы – еуразиялық - планетаның ең кең континентінде – оның көптеген белгілі өркениетті процестер мен оқиғаларға қатысын қамтамасыз етеді. Ежелден кең байтақ қазақ жері бүкіл еуразиялық кеңістіктің мәдени бесігі болды. Ертеде Қазақстан даласы бойынша Шығыс пен Батысты байланыстыратын Ұлы Жібек жолы өтті. Керуен жолының бағытында көптеген мәдениеттер, салт-дәстүрлер, ислам, христиан, будда және конфуциандық діндер болды.

Сол дәуірдің мұрасы тарих пен мәдениеттің сансыз көп ескерткіштері болып табылады. Бұл ежелгі, ортағасырлық, шығыс сәулет өнері мен мәдениеттің нағыз қазынасы. Осындай 218 нысан Қазақстанның тарихи және мәдени ескерткіштерінің Мемлекеттік тізіміне енді.

Бүгінгі күні осы ескерткіштердің көбі ЮНЕСКО-ның дүниежүзілік маңызы бар ескерткіштері ретінде танылды. ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік Мұра Орталығымен Дүниежүзілік Мұра ескерткіштері тізіміне Қожа Ахмет Яссауй кесенесі және Алматы облысындағы Тамғалы петроглифтер кешені енгізілді. Қазақстанның мәдени бренді Алтын Адам ескерткіші, Қожа Ахмет Яссауй кесенесі, Отырар, Түркістан қалалары.

Қазақстанның музыкалық мұрасы да бірегей. Халық арасында «Құдай әр қазақтың жанына ол туылған сәттен бастап күй бөлігін салған» деген сөз бар. Мүмкін, XVIII-XIX ғасырлардағы қазақтардың өмірі мен тұрмысын бақылаған «сырттан» келген адамдардың көзге бірден түсетін халықтың шығармашылыққа, музыкалық-ақындық суырып-салмалыққа шапшаңдығына, сәбилерден қарттарға дейін барлық халықтың музыкалық шығармашылыққа еліктіргіштігіне таңырқай және таңдана қарауы бекер емес. Шаруашылықтың көшпелі және жартылай көшпелі түрі халықтық музыкалық аспаптар мен дәстүрлердің ерекшелігін анықтады. Ең танымал және белгілі лиро-эпикалық қазақ поэмасы «Қыз-Жібек» ЮНЕСКО желісі бойынша әлемдік мәдени мұраға енгізілді.

Қазақстанның әдеби мұра қорында әлемдік гуманистік рухани мәдениет қазыналары саналатын, өткеннің көрнекті ойшыл ғалымдарының: әл-Фараби, Қорқыт-ата, Абай, Шәкәрім еңбектері, халық ауыз әдебиеті ескерткіштері бар. Жыл сайын 21-мамыр қарым-қатынас пен даму жолындағы дүниежүзілік мәдени әралуандылық күні ретінде атап өтіледі. Ол 2002 жылы желтоқсанда Дүниежүзілік мәдениетті дамыту күнінің орнына БҰҰ Бас Ассамблеясымен жарияланды.
2. Мемлекеттік тіл – қоғамды біріктіру негізі.
Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес мемлекеттік тіл қазақ тілі болып табылады, сондықтан мемлекеттік тілге және оның мәртебесіне қойылатын талаптар, біртіндеп, дәйекті түрде қазақ тіліне жақындауы тиіс, мемлекеттік тілде жұмыс істеу моделінің негізгі параметрі болуы қажет. Барлық Мемлекеттік орган деңгейлері және олардың жетекшілері қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін жүзеге асыруда негізгі жауапкершілікті атқарады. Мемлекеттік тілді меңгеру қазақстандық патриотизмнің құрамдас бөлігі болып табылады.

«2011-2020 жылдары Қазақстанда тілдердің дамуы мен қызмет етуі» жобасында Қазақстанда тұратын барлық этностардың тілдерін сақтаудағы, яғни қазақ тілінің шоғырландырушы рөлін, ұлттық біртұтастықты нығайтудың маңызды факторы ретінде мемлекеттік тілдің кең көлемді қызмет етуін қамтамасыз ететін үйлесімді тілдік саясат атап көрсетіледі. Алдағы уақытта қазақ тілі ұлтаралық қатынас тілі болуы қажет.

Мемлекеттік тілдік саясаттың басты бағыттарының бірі барлық азаматтардың арнайы белгілі көлемде мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау болып табылады. Осы мақсатта этникалық, демографиялық, кәсіби ерекшеліктеріне сәйкес халық топтарын мемлекеттік тілге міндетті, тегін оқыту бойынша орталықтар құрылды.

Мемлекеттік қаражатпен мемлекеттік тілді оқыту бойынша телевизияға, радиоға жаппай ақпараттар, газеттерде бағдарламалар, сабақтар, бөлімдер енгізілді.

Барлық мемлекеттік және мемлекеттік емес түрдегі мектепке дейінгі мекемелерде, жалпы білім беретін мектептерде, орта арнайы және жоғары оқу орындарында қазіргі іс-жүргізуге, тұлғааралық және іскерлік қарым-қатынасты жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мемлекеттік тілді оқыту қамтамасыз етілген.

Халықтың мемлекеттік тілді меңгеруі, оны оқу орындарында оқу әр түрлі этникалық және әлеуметтік қолданушы топтарға бағытталған қолжетімді және тиімді әдістерді, танымал өздігінен үйреткіштерді, тілашарларды, сөздіктерді жаппай шығарумен бекітілуде. Өкінішке орай, орталықтардың тілді қарқынды оқыту әдісін енгізу бойынша жұмысының жинақталған тәжірибесі әлі де республиканың барлық оқу орындарының игілігіне айналмады.

Қазіргі уақытта мемлекеттік қызметкерлер, сонымен қатар, ғылым, мәдениет, білім, денсаулық сақтау және халыққа қызмет көрсету саласының қызметкерлері үшін мемлекеттік тілді меңгеруге қойылатын талаптар орнатылған, сонымен қатар, мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік мекемелер мен орындар қызметкерлерін материалдық ынталандыру жүйесі қарастырылған.

Мемлекетаралық қатынас тәжірибесінде мемлекеттік тілді қолдану міндетті нормаға айналады. Ресми тұлғалардың қатысуымен болатын барлық шаралар қажет болған жағдайда басқа тілге синхронды аудармамен қамтамасыз етілген, мемлекеттік тілде өткізіледі. Заңнамалық актілер, ресми тұлғалардың баяндамалары, қызметтік құжаттар, әдеттегідей мемлекеттік тілде дайындалады.

Тіларалық коммуникацияны қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік өкімет органдарында және басқармаларда тілдік аударманың мемлекеттік қызметі ұйымдастырылған. Барлық мемлекеттік мекемелердің штаттық кестесінде мемлекеттік тілден және мемлекеттік тілге аудармашылар қызметі қарастырылған. Осы мақсатпен жоғары оқу орындарында аудармашы кадрларды дайындау кеңейтілді. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті және Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университеті аудармашылар даярлаудың орталығы болып табылады.

Бірақ сонымен қатар, Қазақстан этностарының тілдері мен мәдениеті бойынша мамандар дайындау үшін факультеттер құру өзекті болып қалуда, әзірге өзбек тілі мен ұйғыр тілін оқыту бойынша осындай факультеттер бар.

Мемлекеттік, кәсіпкерлік, банктік құрылымның, қоғамдық бірлестіктердің бірлескен күшімен қазақ тілін қолдаудың қайырымдылық қоры құрылды. Орыс тілінің қызмет ету саласын сақтау Қазақстанның интеграциялық процеске ұмтылуымен, ТМД елдерімен біртұтас мәдени және білім беру кеңістігін сақтаумен қамтамасыз етіледі.

Қазақстан халықтарының тілдерін дамытуды нақты жағдайлармен қамтамасыз ету, ана тілін меңгеруге талабы бар барлық адамдар үшін мүмкіндіктер жасауды білдіреді. Бұл ана тілінде орта білім алу арқылы немесе ана тілі міндетті тіл ретінде оқытылуы, мұғалім кадрларды дайындау, оқу, оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттердің, газет және журналдардың басылып шығуына көмек көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Бұндай жұмысқа халықтардың мәдени-тілдік қызығушылықтарын көрсете алу қабілеті бар, ұлттық-мәдени орталықтардың белсенді араласуы оның тиімділігін қамтамасыз етеді, олардың көпшілігінің Қазақстан диаспораларының этникалық ұлттарының негізгі бөлігі өмір сүретін елдермен, сонымен қатар, саны аз халықтардың тілдері бойынша Еуропа бюросымен және басқа да халықаралық ұйымдармен қарым-қатынастары қалыпқа келтірілген.

Шет тілдерін зерделеуде айтарлықтай басымдылық ағылшын тіліне беріледі, бұл Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қазақ, орыс ағылшын тілдерінің үштұғырлығы туралы мәдени бағдарламасымен түсіндіріледі, сонымен қатар қытай, түрік тілдерінің беделі де артып келеді. Республикада ағылшын, түрік, қытай тілдерін тереңдетіп оқытатын мамандандырылған мектептер жүйесі бар.

Мемлекеттік тілдің әлеуметтік қызметін кеңейтетін мәртебесі, онда болып жатқан инновациялық өзгерістерге жан-жақты ғылыми талдау жасауды талап етеді. Қазақ тілінің бірегейлігін және стандарттылығын қамтамасыз ететін, оның орфографиялық, орфоэпиялық және тыныс белгілік ережелер жүйесін жасау алғышартты міндет болып табылады.

Қазақ терминологиялық лексикасының корпусын құру өте қажет.


3. Үш тілді білім беру - ұлттың бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты.
22 қыркүйек Республика Президентінің Жарлығымен Қазақстан халқының тілдері күні деп жарияланды.

Тарихи қалыптасу бойынша Қазақстан аумағында 100-ден астам тіл қолданыста және дамуда, ал қазақ тілі - мемлекеттік тіл.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасында атап өтілгендей бағдарламаны жүзеге асырудың негізі «Мемлекеттік тіл – ұлттық бірліктің басты факторы» , Қазақстанның барлық азаматтарының мемлекеттік тілді меңгеруі, мемлекеттік тілдің қолдану мәртебесін көтеру бойынша жүйе құру жұмыстарын ұйымдастыру көзделеді.

Мемлекеттік ұйымдарда, сондай-ақ жергілікті басқару органдарында мемлекеттік тілмен қатар, ресми түрде орыс тілі де пайдаланылады.

Мемлекеттің негізгі Заңы – ҚР Конституциясында – орыс тілі ұлтаралық қатынас тілі деп жазылған.

Бұл орыс тілінің қазіргі уақыттағы бар, толық көлемдегі әлеуметтік функцияларын сақтауға кепілдік береді.

Болашақта орыс тілі ғылым мен техника әр қырынан алынатын басқа да ақпараттың негізгі көздерінің бірі, жақын және алыс шетелдермен байланыс құралы болып қала бермек. Орыс тілінде алынатын білімнің қажеттілігін елдің экономикалық және ғылыми-техникалық даму мүддесі анықтайды.

Орыс тілі дүниежүзіне кең таралған, әлемдік тілдердің бірі. Оны Қазақстанның барлық халқы біледі және оқиды. Орыс тілін білу біздің тәуелсіз еліміздің халықтарын жақындатады, республикалар және басқа да шет ел халықтары арасындағы достықты нығайтады.

Қазақстанда орыс тілінің тамыры тереңде және бәсекеге қабілеттіліктің маңызды құралы ретінде қаралады.

«Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасында Қазақстанда орыс тілінің коммуникативтік-тілдік кеңістіктегі жұмыс істеуін сақтауда, оны үйренуде қолайлы жағдай жасау үшін жүйелі жұмыс ұйымдастыруды көздейді.

Мемлекеттік тілден өзге Қазақстанда шағын этникалық тобынан құралған басқа тіл тасымалдаушылары да ұсынылды. Әдетте, ол тілдер отбасы-тұрмыстық қатынастар саласымен шектелген.

Біздің Президентіміз Н. Ә. Назарбаев білім мен ғылымға көп көңіл бөледі. Оның «Тілдердің үштұғырлығы» жобасында былай делінген: «Қазақстанды бүкіл әлем тұрғындары үш тілді жетік меңгерген және пайдалануға тиісті жоғары білімді ел ретінде қабылдауы тиіс. Қазақ тілі бұл – мемлекеттік тіл, орыс тілі - ұлтаралық қатынас тілі және ағылшын тілі – біздің мемлекетіміздің экономикасының жаһандық дамуының табыс тілі . Назарбаев курсы - орыс тілін сақтау, ағылшын тілін Enjoy English жұмыс дәптерлері бойынша үйрену, қазақ тілін дамыту болып табылады.

Ана тілін меңгеру– оны сақтаудың шартты негізі және мемлекет Қазақстан халқының өзгеде тілдерін үйрену және оның жұмыс істеуі үшін жағдай жасау міндетін өз мойнына алады.
6. Қосымшалар

6.1 Қосымша 1
«Мәңгілік Ел» патриоттық актісі
«Халық өмірі оның келесі ұрпағымен жалғасып отырады. Сондықтан Халықтың Мәңгілігі туралы арманнан асқақ арман жоқ. Мәңгілік Ел – бұл ертеңгі күнге есік ашатын, болашаққа сенімді арттыратын идея, бұл – кері қайтпайтын және берік тұрақтылықтың символы...»

Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиында сөйлеген сөзінен

2014 жылғы 15 желтоқсан.
Біз, байырғы қазақ жерінде бір тағдыр және тарихи жады арқылы байланысқан, Ұлы Дала Елінің даңқты тарихы мен дәстүрлерін жалғастырған Қазақстан азаматтары, көптеген ұрпақтың Тәуелсіздік туралы арманын іске асырып, болашақ ұрпақ алдындағы қасиетті парызымызды, бейбітшілік пен келісімнің, бірлік пен тұтастықтың маңыздылығын сезініп, қоғам мен мемлекеттің жоғарғы мүдделерін негізге ала отырып, Тәуелсіздіктің 25 жылдық мерейлі жылында осы

М Ә Ң Г І Л І КЕ Л П А Т Р И О Т Т Ы Қ А К Т І С ІН

қабылдаймыз.

Елбасы, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың көшбасшылығымен жаңа Қазақстанның тарихын жазудың биік мәртебесі мен жауапкершілігі біздің ұрпақтың үлесіне тиді.

Елбасының маңына топтасу арқылы біз ұлы жетістіктерге толы жолдан өттік және бүгінде өзімізді Тәуелсіз Қазақстанның – қуатты әрі табысты мемлекеттің азаматымыз деп мақтанышпен айтамыз.

Біз, Қазақстан азаматтары, Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи «Тәуелсіздік толғауын» негізге ала отырып, Болашағы Біртұтас Ел – Мәңгілік Елді құру жолында біргеміз.

Мәңгілік Елдің өзегінде қарапайым, түсінікті және біздің әрқайсымыз үшін ең қымбат ақиқаттар – отбасымыздың амандығы, қонақжайлық және еңбексүйгіштік, тұрақтылық, қауіпсіздік және бірлік, ертеңгі күнге деген сенім ұғымдары орныққан.

Біз Мәңгілік Елдің мызғымас Жеті тұғырын нығайтуға, сақтауға және ұрпақтан ұрпаққа аманат етуге шақырамыз.



Мәңгілік Ел, бұл – Тәуелсіздік және Астана.

Біз Тәуелсіздікті нығайтудың тарихи ұлы миссиясына адал боламыз.

Біз Астананы халқымыздың гүлденуі мен қуатының жарқын белгісі ретінде әрқашан мақтан тұтатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім.

Біздің Отанымыз бір, ол – Тәуелсіз Қазақстан, біздің еліміз бір – тағдырымыз ортақ.

Бейбітшілік пен келісімнің ұлы ісіне адал халықтың ғұмыры мыңжылдықтарға жалғасады.

Мәңгілік Ел, бұл – Зайырлы Мемлекет және Жоғары Руханият.

Азаматтық және рухани құндылықтардың бірлігі бізге өз жолымызды табуға және өзімізді бүкіл әлемге мәшһүр етуге мүмкіндік берді.

Біз еліміздің бірегей рухани келбетін айқындайтын діндер мен өркениеттердің жаһандық сұхбатын одан әрі жан-жақты дамытатын боламыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Инновация негізіндегі тұрақты экономикалық өсім.

Біз мемлекеттің индустриялық және инновациялық күш-қуатын дамытып, табиғи ресурстар мен қоршаған ортаға ұқыптылықпен қарап, қоғамда білім мен ғалымдық культін елдің зияткерлік іргетасы ретінде бекітетін боламыз.



Мәңгілік Ел, бұл – Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы.

Елдің барлық табыстары мен жетістіктері – барша қазақстандықтардың күн сайынғы қажырлы еңбегінің нәтижесі.

Біз елдің әрбір азаматының жасампаздық әлеуетін жүзеге асыру үшін жағдай жасай отырып, еңбексүйгіштік және жауапкершілік, Еңбек Адамына құрмет сынды құндылықтарымызды нығайтамыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Тарихтың, Мәдениет пен Тілдің ортақтығы.

Біз ортақ тарихи мұрамызды мұқият сақтайтын боламыз.

Біз Қазақстан халқының мәдени әралуандығын арттыра түсеміз.

Біз мемлекеттік тілді қоғамды біріктірудің негізі, үштілділікті Елдің бәсекеге қабілеттілігінің басты шарты ретінде дамыту қағидатын ұстанатын боламыз.

Біз – Үлкен Ел – Үлкен Отбасымыз.

Мәңгілік Ел, бұл – Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы.

Біз өз жетістіктерімізді қорғауға тиіспіз.

Ұлттық қауіпсіздікті нығайту әрбір азаматтың, өз елі патриотының қасиетті парызы болып саналады.

Біз бейбітшілік пен келісім идеясын ілгерілете отырып, еліміздің халықаралық аренада мойындалған беделін нығайта түсетін боламыз.

Біз Мәңгілік Елдің қастерлі құндылықтарын басшылыққа аламыз.

Біз Отанымыздың көк байрағын асқақтата көтеріп, еліміз жеткен жаңа биіктерде желбірететін боламыз.

Бұл – біздің болашақ ұрпақ үшін, Қазақстан халқының амандығы мен гүлденуі үшін жасаған саналы таңдауымыз!

Біртұтас Еліміз – Мәңгілік Ел қуатты болсын!

Қазақстанның мәңгілік мекені – Ұлы Дала Еліне бата қонып,

бақ дарысын!
Алға, Қазақстан!
6.2 Қосымша 2
Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауынан алу
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол».

Қадірлі халқым!
Біз Жалпыұлттық идеямыз – Мәңгілік Елді басты бағдар етіп, тәуелсіздігіміздің даму даңғылын Нұрлы Жолға айналдырдық. Қажырлы еңбекті қажет ететін, келешегі кемел Нұрлы жолда бірлігімізді бекемдеп, аянбай тер төгуіміз керек. Mәңгілік Ел - елдің біріктіруші күші, ешқашан таусылмас қуат көзі. Ол «Қазақстан 2050» стратегиясының ғана емес, XXI ғасырдағы Қазақстан мемлекетінің мызғымас идеялық тұғыры! Жаңа Қазақстандық Патриотизм дегеніміздің өзі - Мәңгілік Ел! Ол - барша Қазақстан қоғамының осындай ұлы құндылығы.

Өткен тарихымызға тағзым да, бүгінгі бақытымызға мақтаныш та, гүлденген келешекке сенім де «Мәңгілік Ел» деген құдіретті ұғымға сыйып тұр. Отанды сүю - бабалардан мирас болған ұлы мұраны қадірлеу, оны көздің қарашығындай сақтау, өз үлесіңді қосып, дамыту және кейінгі ұрпаққа аманат етіп, табыстау деген сөз. Барша қазақстандықтардың жұмысының түпкі мәні - осы!

«Мәңгілік Ел» идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Tүркі жұртының мұраты - Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекеттігіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін - Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі - бірлік, берекесі.

Астана, 11 қараша 2014.


Қазақстан жолы-2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ
Қазақ тілі бүгінде ғылым мен білімнің, Интернеттің тіліне айналды. Қазақ тілінде білім алатындардың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Еліміз бойынша мемлекеттік тілді оқытатын 57 орталық жұмыс істейді. Одан мыңдаған азаматтар қазақ тілін үйреніп шықты, әлі де үйренуде. Былтырғыға қарағанда биыл қазақ тілін білемін деген өзге ұлт өкілдерінің саны 10 пайызға өскен. Бұл да біраз жайттан хабар береді. Тек соңғы 3 жылда мемлекеттік тілді дамытуға республика бойынша 10 миллиард теңге бөлінді. Енді ешкім өзгерте алмайтын бір ақиқат бар! Ана тіліміз Мәңгілік Елімізбен бірге Мәңгілік тіл болды. Оны даудың тақырыбы емес, ұлттың ұйытқысы ете білгеніміз жөн.

Біз, қазақстандықтар - бір халықпыз! Және біз үшін ортақ тағдыр – бұл біздің Мәңгілік Ел, біздің лайықты және ұлы Қазақстан! «Мәңгілік Ел» – бұл біздің жалпықазақстандық үйіміздің ұлттық идеясы, ата-бабаларымыздың арманы. Барлық қазақстандықтарды біріктіріп, ел болашағының іргетасын қалаған егеменді дамудың 22 жылында басты құндылықтар жасалды, олар көктен түскен жоқ. Бұл құндылықтар – уақыт сынынан өткен Қазақстандық жолдың тәжірибесі.

Біріншіден, бұл – Тәуелсіздік және Астана. Екіншіден, біздің қоғамдағы жалпыұлттық бірлік, бейбітшілік пен келісім. Үшіншіден, зайырлы қоғам және жоғары руханият. Төртіншіден, инновация және индустрализация негізінде тұрақты экономикалық өсім. Бесіншіден, бұл жалпыға ортақ еңбек қоғамы. Алтыншыдан, тарихтың, мәдениет пен тілдің ортақтығы. Жетіншіден, Ұлттық қауіпсіздік және Қазақстанның жалпы әлемдік және өңірлік проблемаларды шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы. Осы құндылықтар арқасында біз әрдайым жеңіске жеттік, елімізді нығайттық, ұлы жетістіктерімізді еселедік. Жаңа Қазақстандық Патриотизмнің идеялық негізі осы мемлекет құраушы, жалпыұлттық құндылықтарда жатыр.

Президент Әкімшілігіне, Үкіметке, Қазақстан халқы Ассамблеясына «Қазақстан-2050» жалпыұлттық қозғалысымен бірлесіп, «Мәңгілік Ел» патриоттық актісін әзірлеп, қабылдауды ұйымдастыруды тапсырамын. Біз өз халқымыздың игілігі жолында ұлы мақсаттарды алға қоямыз, сондықтан мен барлық саяси партияларды, қоғамдық бірлестіктерді, барша қазақстандықтарды 2050 Стратегиясының басты мақсатына жету жөніндегі жұмысқа белсене қатысуға шақырамын. Әсіресе, жастарымызға мынаны айтамын. Бұл Стратегия сіздерге арналған. Оны жүзеге асыратын да, жемісін көретін де сіздер. Өз жұмыс орындарыңызда отырып, осы жұмысқа әрқайсысыңыз атсалысыңыздар. Немқұрайлылық танытпаңыздар. Елдің болашағын барша халықпен бірге жасаңыздар!


Қадірлі халқым!

Мәңгілік Ел – ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы. Ол арман – әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын Тәуелсіз Мемлекет атану еді. Ол арман – тұрмысы байқуатты, түтіні түзу ұшқан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты Ел болу еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік Елдің іргетасын қаладық.

Мен қоғамда «Қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек?» деген сауал жиі талқыға түсетінін көріп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар ететін, ұлтты ұйыстырып, ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол – Мәңгілік Ел идеясы. Тәуелсіздікпен бірге халқымыз Мәңгілік Мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі – Мәңгілік Елордамызды тұрғыздық. Қазақтың Мәңгілік ғұмыры ұрпақтың Мәңгілік Болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ – Мәңгілік Қазақтың Перзенті. Ендеше, Қазақ Елінің Ұлттық Идеясы – Мәңгілік Ел!

Мен Мәңгілік Ел ұғымын ұлтымыздың ұлы бағдары – «Қазақстан-2050» стратегиясының түп қазығы етіп алдым. Тәуелсіздікке қол жеткізгеннен гөрі, оны ұстап тұру әлдеқайда қиын. Бұл – әлем кеңістігінде ғұмыр кешкен талай халықтың басынан өткен тарихи шындық. Өзара алауыздық пен жан-жаққа тартқан берекесіздік талай елдің тағдырын құрдымға жіберген. Тіршілік тезіне төтеп бере алмай жер бетінен ұлт ретінде жойылып кеткен елдер қаншама. Біз өзгенің қателігінен, өткеннің тағылымынан сабақ ала білуге тиіспіз. Ол сабақтың түйіні біреу ғана – Мәңгілік Ел біздің өз қолымызда. Ол үшін өзімізді үнемі қамшылап, ұдайы алға ұмтылуымыз керек. Байлығымыз да, бақытымыз да болған Мәңгілік Тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек.



«Қазақстан-2050» – Мәңгілік Елге бастайтын ең абыройлы, ең мәртебелі жол. Осы жолдан айнымайық, сүйікті халқым! Әрбір күніміз мерекелі, әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын! Жарқын іспен күллі әлемді таң қылып, Жасай берсін, Елдігіміз Мәңгілік!
Астана, 17 қаңтар 2014 жыл

6.3 Ұсынылатын видеофильмдер.
1-11-сыныптар: «Біз біргеміз»;

1-4-сыныптар: «Отбасылық ағаш деген не?», «Мемлекеттік рәміздер»;

5-11-сыныптар: «Қазақстан халқы Ассамблеясы», «ЭКСПО деген не?»;

5-7 сыныптар: «Қазақстан– біздің ортақ үйіміз», «Патриотизм деген не?», «Байтерек монументі»;

8-11-сыныптар: «Ұлттық идея», «Демократия деген не?»;

10-11-сыныптар: «Отбасы не үшін қажет».

6.4 Глоссарий
Акт – термин, заңды күші бар ресми құжат (құжаттама). Ол іс-әрекетті, тұрмыс тіршілікті растайтын ресми құжат.

Қазақстан халқы Ассамблеясы – Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган, бұл органның міндеті мемлекеттік ұлттық саясатты іске асыру, қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз етуге жағдай жасау.

Жоғары руханилық – оның тіршілік әрекеті жоғары адамгершілік құндылықтар болып табылатын, уәждемелі-мағыналы реттеуіштерге негізделген кемелденген тұлғаның өзін-өзі реттеу мен дамытудағы жоғары деңгей.

Азамат — құқықтық негізде белгілі мемлекетке жататын жеке тұлға. Жаһандық проблемалар – бұл табиғи-әлеуметтік мәселелерді шешуіне байланысты өркениетті сақтау және адамзаттың әлеуметтік ілгерілеуінің жиынтығы.

Инновация - латын innovatio – жаңарту, әзірлеу, жаңа идеяларды синтездеу, құндылықтар, саяси бағдарламалар бар, жиі жеке және қайталанбас сипатқа ие жаңа үлгілерде әрекет құру.

Қазақстандық патриотизм - Отанға деген сүйіспеншілік, жауапкершілік сезімі, оның тағдыры, Отаны үшін қызмет етуге және оны қорғауға дайындығы мен қабілеттілігі, толеранттылықты сақтау және құрметтеу, ұлттық салт-дәстүрдің көрінісі, Отанымыздың ішкі өмірі мен халықаралық аренадағы жетістіктерін көбейту, қазақ тілін үйрену.

Мәңгілік Ел - болашағы біртұтас ұлт.

Діл - (лат. mens, mentis, "ақыл-ой, ақыл, интеллект") бұл жеке тұлғаның әр түрлі мәдени ортада алған тәрбиесімен ерекшеленеді .

Мораль және адамгершілік –жақсылық пен жамандық туралы түсінік. Адамгершілік - сананың нысаны. Адамгершілік – адамшылық саласы, әдет-ғұрпы, практикалық іс-әрекеттері.

Мәдениетаралық коммуникация – түрлі мәдениетке жататын жеке тұлғалар және топтармен байланыстар мен қарым-қатынастардың әр түрлі формаларының жиынтығы.

Ұлтаралық келісім халықтардың бірлігі, түрлі ұлттардың өзара түсіністікке, өзара құрметке, өзара сенімге, өзара әрекетке қол жеткізуі, ұлтаралық процестер түрі.

Патриотизм – Отанға деген сүйіспеншілік, отан үшін мақтаныш және оның жалпыға бірдей игілігі үшін қызмет ету.

Патриоттық тәрбие – өскелең ұрпақтың Отанға деген сүйіспеншілігін, туған ел мүддесі үшін өзін-өзі құрбан етуі және елді қорғауын қалыптастыру.

Принциптер – (лат. principium - негіз, бастау) - бұл адамдардың моральдық тұрғыдан дұрыс деп есептеп өздері үшін құратын, өзіндік шартты (міндетті емес) ереже немесе өзіндік көз жеткізу.

Отан – әр адам үшін оның өткен тарихы және өз халқының рухани мәдениетімен байланыстыратын, ата-бабасынан қалған тағдырына жазылған бірден-бір және бірегей туған жері.

Толеранттылық ұлтқа, басқа көзқарастарға, өмір салтына, мінез-құлқы мен дәстүрлеріне, сеніміне төзімділік.

Құндылықтар тұлға, әлеуметтік қоғамдастық, негізінен қоғамның материалдық, әлеуметтік нысандары үшін, адамдардың көпшілігімен мақұлданатын және бөлінетін қоғамдық-маңызды жақсылық, әділеттілік, патриотизм сынды түсінік.


Каталог: docs -> norm baza shkolnyi
docs -> Ұлы пайғамбар ( с. ғ. с.) ұлықталған ғибратты кеш Наурыздың 11-і, қасиетті жұма күні Елордамыздағы Конгресс-Холл сарайында «Нұр Астана»
docs -> "Псюхе" ұғымы келесі мағынаны білдіреді
docs -> C мінез-құлық d санадан тыс
docs -> Бердіқожа назгүЛ бердіқожақызы зейнолла Шүкіров өлеңдерінің жанрлық, көркемдік ерекшеліктері
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
norm baza shkolnyi -> Методическое пособие по разъяснению патриотического акта «Мәңгілік Ел». Методическое пособие Астана: Национальная академия образования им. И. Алтынсарина, 2016. 70 с


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет