Мәуліт-пайғамбарымызға деген сүйіспеншілік



Дата27.12.2016
өлшемі13,96 Kb.
#6047
  • Мәуліт-пайғамбарымызға
  • деген сүйіспеншілік
  • Мәуліт түні
  • Әлемдегі барлық адамдарға пайғамбар ретінде жіберілген, пайғамбарлардың ең соңғысы және ең үстемі Мұхаммед (алейһиссалам) 571 жылы сәуірдің 20-на сай келген Рабиул-әууәл айының 12-сі, дүйсенбі күні түнде, таңға жақын Меккеде дүниеге келді. Әр үммет үшін өз пайғамбарының туылған күні мереке болып есептеледі. Бұл күн де мұсылмандардың мерекесі. Қуаныш пен шаттық күні. Әлемдегі мұсылмандар тарапынан жыл сайын бұл түн «Мәуліт түні» болып тойланады, барлық жерде мәуліт қасидасы, өлеңдері оқылып, Расулуллаһ еске алынады. Мәуліт – туылған сәт дегенді білдіреді.
  • Пайғамбарымыз мәуліт түнінде сахабаларға тағам ұсынып, бала кезінде болған оқиғаларды айтатын. Хазіреті Әбу Бәкір халифа болып тұрған кезде сахабаларды жинап, Расулуллаһ туылған кездегі ғажайып оқиғалар туралы айтатын. Бұл түні пайғамбарымыз туылған кезде байқалған құбылыстарды, мұғжизаларды айту, тыңдау, үйрену өте сауапты амал болып табылады. Пайғамбарымызды мадақтайтын түрлі мәуліт қасидалары бар. «Мәуліт оқу» – пайғамбардың дүниеге келуін, миғражы мен өмірі туралы айту, оны еске түсіру, оны мадақтау дегенді білдіреді. Мәуліт түні – қадір түнінен кейінгі ең қадірлі түн. Бұл түні пайғамбарымыздың туылғанына қуанғандар кешіріледі.
  • Хадис шәрифтерде былай делінеді:
  • «Мені әке-шешесінен, баласынан және барлық адамнан артық жақсы көрмеген адам шынайы иман келтірген бола алмайды».
  • «Бір нәрсені қатты жақсы көрген адам, әрине, оны көп есіне алады.»
  • «Пайғамбарларды еске түсіру ғибадат болып саналады.»
  • Бұл түні сазды аспаптар және басқа да харам нәрселерді араластырмай, еркек-әйел араласпай, Аллаһ ризалығы үшін мәуліт жиындарын ұйымдастыру, мәуліт оқу, салауат айту, халыққа дәмді тағамдар ұсыну, жақсылықтар жасау мүстаһаб болады. Бұл күні Құран кәрім оқу, қаза намаздарды оқу, садақа беру, дұға оқу және Хақ та’аладан күнәларымыздың кешірілуін тілеу керек.
  • Ислам тарихында ең алғаш рет Мәуліт мерекесін тойлау Алла Елшісі (с.а.у)-ның дәуірінде көрініс тапты. Ол кезеңде Мәуліт мерекесі үшін арнайы іс-шаралар қолға алынбағанымен, мұқым мұсылман жұрағаты Хақ Елшісін (с.а.у)-ды құттылық пен берекеліктің қайнар көзі санап, Мұхаммед (с.а.у)-ды ұдайы ұлықтайтын. Мұхаммед (с.а.у)-ның нұрлы ажары мен парасатты болмысы кім-кімнің болса да назарын өзіне аудартпай қоймайтын. Әсіресе, Алла Елшісі (с.а.у)-ның соңынан ерген сахабалар Хақ Елшісінің әрбір сөзі мен қылығынан терең тағылым алатын. Оларға Мұхаммед (с.а.у)-ның жылуарын сезінуден асқан бақыт жоқ еді. Тіпті, сахабалар ішкен асын жерге қойып, оның (с.а.у) өнегесін өзгелерге паш етуге асығатын. Алла Елшісі (с.а.у)-ның атын естігенде бойын түзеп, ойын жинақы ұстап, қуанғанынан Оның (с.а.у) атына ынты-шынтымен қаздай шулап салауаттар айтатын. Аузы дуалы ақындар мен шешендер көркем сөзден өрнек өріп Алла Елшісі (с.а.у)-ға арнап бәйіттер оқитын. Мұхаммед (с.а.у)-ның есімін естігенде жылаған жандар уанып, қамқұн болған көңілдер қуанатын. Ол (с.а.у) бейне қанатымен су сепкен қарлығаштай қалың бұқараның қамын жейтін. Хақ Елшісі (с.а.у)-ның өз ортасына игі ықпал еткені соншалықты, мұсылмандардың жүрегінде Мұхаммед (с.а.у)-ға деген саф сезім атқақтап тұратын.
  • Дәуіріміздің кемеңгер ойшылдары Пайғамбарымыздың (с.а.у) өнегелі өміріне былай деп баға береді: жүздеген данышпан адам Араб түбегіне барған болсақ, бүгінгі күннің соншама жетістіктеріне қарамастан, адамзаттың мақтан тұтар тұлғасының (с.а.у) бір жылда жасаған ісін, біз жүз жылда да жасай алмаған болар едік. Айталық; шылым шеккен бір адамға он адам келіп, шылымның адам ағзасына әкелер зиянын, оның қатерлі ісік ауруын тудыратынын қанша түсіндіріп бақса да, оған шылым шегуін қойдырта алмайды. Ал, Пайғамбарымыз (с.а.у) өміріне көз жүгіртер болсақ, айналасындағы адамдардың қанына сіңіп қалған қаншама жаман мінездерді бір сәтте түп-тамырымен қоса жұлып алып, олардың орнына нағыз адами құндылықтарды екті. Жаман әдеттерді бір сәтте жоюға байланыс-ты, арақ ішуге тыйым салған кездегі жағдай бізге маңызды мысал бола алады: Өзіңіз ойлап көріңіз, әбден араққа бой адырған, ішпеген кезде көзі қарайып, басы айналатын бір қауым «арақ ішу харам» деп айтылған сәт, аузына дейін апарып ішейін деп тұрған кесесін жерге лақтырған еді.
  • Пайғамбардың
  • сипаттары
  • Ғылыми, жаратылыстану мен технология-дан бейхабар, өмірінде екі ауыз сөз жазу жазбаған, Алла-Тағаладан басқа ешкімнен ештеңе үйренбеген Мұхаммед (с.а.у) өткен өмір мен келешекті көзбен көріп, қолмен ұстағандай етіп білгендігі, сөз жоқ, оның кемеңгерлігі һәм ұлылығы болатын. Алла Елшісінің (с.а.у) жалқыға болсын, жалпыға болсын, әкелген оң өзгерістері мен реформаларын, егер кітап етіп жазар болсақ, том-том кітаптарға симаған болар еді. Ол (с.а.у) бүкіл ғұмырында Ұлы Жаратушының бір, тек жалғыз екенін үндеумен болды. Тіпті, Алла Елшісі (с.а.у) пайғамбар болмастан алдында надан арабтарша пұттарға табынған емес. Жас күнінде пұтқа тағзым ету мерекелеріне барғанда басы айналып талықсып кетіп, бейне иллаһи күш оны «уахданиетке» қарсы келуден арашалайтын.
  • Мәуліт тарихы
  • Ислам тарихшылары Мәуліт мерекесін дәстүрлі түрде тойлау Селжұқ түріктерінің көшбасшысы Мұзаферуддин Көкбөрінің кезінен басталғанын айтады. Мұзаферуддин Көкбөрі Селжұқ түріктерінің Әрбил тайпасының Байтік руының биі болатын. Ол Хақ-Тағаланың дініне ынты-шынтымен берілген шынайы бір мұсылман еді. Алла Елшісі (с.а.у)-ды жан-тәнімен жақсы көретін. Хақ Елшісі (с.а.у)-ның сұлу сүннетінен үлгі алып, Мұзаферуддин қайырлы-сауапты істер жасайтын. Оның салдырған керуен-сарайларында жарлы-жақыбайлар мен міскін-ғаріптер қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып ас-су ішіп, құтты мейман болатын. Ол сырқат жандар үшін емхана, жесір-жетім мен кембағалдарға арнап қамқорлық үйлерін салдырды. Шешесінен шақалақ кезінен айырылған тұл жетімдерге сүт аналар тауып беретін. Мүгедектер мен зағип жандарға қамқорлық жасайтын қайырымдылық үйлерін ашып, әсіресе, қайыршыларға күндік ас-ауқатын беретін. Жас жеткіншектер біліммен көзін ашсын деп медреселер ашып, оларға сауатты мамандардан мұғалімдер тағайындап, қаражатпен қамтамасыз ететін. Ғылыми пікірталас пен рухани сұхбаттарға көп көңіл бөлетін. Әрдайым өз жерінен өтетін мұсылмандардың қауіпсіздігіне кепіл болып, бейбіт өмір сүруге құмбыл тұратын.
  • Мәуліт мерекесінде Көкбөрі қолынан келген бар қайырымды істерін жасайтын. Ол мәуліт мерекесі кезінде іс-шараларды өзі атқарып, сырқаттардың көңілін сұрап, олардың құлан-таза айығып кетуі үшін ақысыз емдететін. Мұқтаж һәм міскін адамдарға ұдайы қол ұшын беретін. Балаларды қуанышқа бөлеу үшін арнайы оларға арнап ойындар өткізетін. Ақындарға жүлде беріп, елге еңбегі сіңген атпал азаматтарға шүлен тарататын. Таңды таңға асырып, Алла Елшісі (с.а.у) туралы уағыз-насихат айтып, көңілдерін бір тасытып, жұртты арқа-жарқа ететін.
  • Мәуліт мерекесінде бүлдіршіннен бас-тап, жастар мен егде тартқан азаматтар, кәрі құлақ қариялар мен кембағал жандар, сауда-саттық жасаушылар мен білім адамдары, діни қызметкерлер мен ел басшылары т.б. түрлі саланың өкілдері бір жерде бас қосып, әңгіме-дүкен құрып, шүйіркелесіп, көңілдері тұтасып, бір-бірімен тонның ішкі бауындай біте қайнасатын. Осылайша Мұзаферуддин Көкбөрінің Хақ Елшісіне деген сүйіспеншілігінің нәтижесінде жыл сайын Мәуліт мерекесін тойлау үрдісі қалыптасқан еді.

Каталог: EB0419249EE41AD0
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: М. Жұмабаев
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың барысы: Ұйымдастыру. А сәлемдесу. Ә «Менің балам қане» ойыны
EB0419249EE41AD0 -> Тұрсынхан Әбдірахманова ″даналарым″
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебінің 2015-2016 оқу жылында тәрбие жұмыстарының бағыттары бойынша өткізілген жұмыстарға аналитикалық есеп
EB0419249EE41AD0 -> Көркем негізгі мектебіндегі жазғы демалыс лагеріндегі өткізілетін іс- шаралар жоспары
EB0419249EE41AD0 -> Бір-бірімізге мына күннің нұры мен жылулығын ұсына отырып жылы
EB0419249EE41AD0 -> Сабақтың тақырыбы: Ә. Тәжібаев "Толағай" Сабақтың мақсаты : Білімділігі
EB0419249EE41AD0 -> "Өзін-өзі тану: Махаббат пен Шығармашылық педагогикасы"
EB0419249EE41AD0 -> Сабақ Тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Интернат наны» Пән:Әдебиеттік оқу Сынып: 3 Өткізген: Рахметова Д. И. 2014 2015 оқу жылы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет