«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады» А. Байтұрсынов



Дата08.02.2022
өлшемі15,36 Kb.
#123113
Байланысты:
Райханова Айдана 208 adisteme


«Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»
А.Байтұрсынов
Қазіргі кезде мектептегі білім беруде маңызды мәселелердің бірі-жаңа формация. Әлемде орын алған жағдайларға қарамастан адамзат білім алуды тоқтатпайды. Сондықтан мұғалім әрдайым ізденісте болып өз-өзін жан-жақты, шығармашылықпен толықтырып отыруы тиіс .Бүгінгі конференция арқылы болашақ маман ретінде өзіме өте құнды мәліметтер алдым . Атап айтсам
-қазақ әдебиеті сабағының басты құрылымы
- мәтінмен жұмыс, оқырмандық сауаттылық
-оқу сауаттылығы
-халықаралық зерттеулер бойынша мәліметтер (PISA)
- оқытудағы проблемалар, оны шеше жолдары
Конференция осы сияқты құнды деректерге толы болды. Соның ішінде Абай қара сөздері бүгінгі күнгі – өнер, ғылым, білім, бизнес , пайда жайлы екендігін және оны балалардың бойына қалай сіңіруге болатынын білдім. Мектеп мұғалімдері сонымен қатар өзіміздің қара шаңырақ ұстаздары нақты әдіс-тәсілдермен таныстырып, мысалдармен теорияда қалай жүзеге асырылатын атап көрсетті..
Халықаралық зерттеулер бойынша біз неге 65 мемлекет ішінде 59- орын алдық ? Оқушылар неліктен алған білімдерін өмірде қолдана алмайды? Ұлттық бірыңғай тестілеу сұрақтарында жіберілген қателіктер осы сұрақтардың конференция барысында бәріне жауап табылды. Жоғарыда аталған проблемаларға байланысты оқу сауаттылығына көшкенімізді, оқушылар тестілеу кезінде мәтінге назар аудармағандықтан стиль түрлерін ажырата алмай қалатындығын аңғарттылды. Осы және өзгеде тақырыптар қозғалады.
Мұғалім-үнемі өсіп, жетіліп, өзгеріп, отыратын , қоғамды қалыптастырушы тұлғамен жұмыс атқаратын мамандық. Сондықтан заман талабына сай , білім деңгейі жоғары ,шығармашыл мұғалім ғана болашақ кемел ұлт кепілі .

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет