Мұғалім ұстанымы



Дата08.11.2022
өлшемі17,51 Kb.
#156983
Байланысты:
Лекция 2. Кредиттік окыту технологиясы M-21-21,МИ-21-21, 23, Лекция 1 ЖОО оқыту процесін ұйымдастыру М-21-21, МИ-21-21, 23

Мұғалім ұстанымы
Қоғамның сұранысы, мектептегі басты тұлға мұғалімге жаңаша талап қойып отыр. Қазіргі уақыттағы мұғалімнің біліктілік деңгейі де, ішкі жан дүниесі де жетілген, жан-жақты болуы керек, өйткені ХХІ ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Ғасыр ауысты. Мыңжылдық алмасты. Заман өзгерумен адам да өзгереді. Білім ордасында жас ұрпаққа сапалы білім, саналы тәрбие берумен қатар ұстазға да артылар жүк те жеңіл емес. Заман талабына сай озық технологиялардың арқасында жан-жақты сапалы білім беру- әрбір ұстаздың міндеті.Біз алдарымыздағы отырған оқушыларды рухани жан-дүниесі бай, білімді, тәрбиелі, жан-жақты дамыған жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуіміз керек. Бізден кейінгі ұрпақты біліммен сусындату, өз алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда қолдана білетіндей дәрежеге жеткізуіміз ләзім.Қазіргі талап білекке емес- білімге, күшке емес-епке тоқтаған заман. Себебі бүгінгі қоғамның басты мәселелерінің бірі- білім беруді түбегейлі өзгерту.?" Сондықтан мұғалімнің ұстанымы – психология мен педагогикадағы негізгі тақырыптардың бірі.Мұғалім тек педагогикалық ұстанымы арқылы ізгілікті бола алады, білім беру – адамдардың зерделеп үйренуі үшін көрсетілетін көмектер жиынтығы, жалпы алғанда мұғалімдер педагогикалық тәжірибені және дамуды жақсарту үшін мұғалімнің ұстанымы маңызды рөл атқарады.Оқу сияқты мұғалімнің ұстанымы да адамның тұрақты дамуға жетелейтін негізгі қабілеті болып табылады. Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке тұлғалық бейімділігімен байланыстырады, ал әлеуметтанушылар оны жеке тұлғаның негізгі құндылығы ретінде қарастырады. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасының қалыптасуына зор ықпал етеді, ал көзқарасы оның белгілі бір шешімдер қабылдауына, соның нәтижесіндегі сыныптағы іс-әрекеттеріне негіз болады. Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының, білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан құралады. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «оқыту сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен гөрі, ұстанымға негізделген ойтоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Мұғалімнің сыныптағы іс- әрекеттеріне, әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі, пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.Алайда тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Осыған байланысты, егер дайын білім беретін «дәстүрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сын тұрғысынан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сын тұрғысынан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.Мұғалімдер мен оқушылар арасында өзара әрекеттестікте жиі болатын орта, мұғалімнің ұстанымына сәйкес оқуды қолдауға мүмкіндік береді. Ұстанымы жақсы ұстаздың ісі оңтайлы, тұғыры биік, тұтқасы мықты, тәжірибеде өзгелерге өнегелі болатыны анық.Қазіргі жаңа формация педагогін- "өзіндік ұстанымы баррефлексивті практик" деп атауға болады деп есептеймін, яғни ондай педагог- өзінің оқыту және оқу тәжірибесін дамыту, өзгерту және жетілдіру әдістерін мұқият және үнемі ойластырып жүретін педагог. Жаңа технологиялардың әдіс-тәсілдерін сабақтарымызда қолдана отырып, олардың тиімділігін айқындап, біз оларды меңгереміз және жаңа технологияларды меңгеру біздің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсер тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу- тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруымызға көмектеседі.
Ұстаз – ұлы есім, мектептің тірегі де, тіреуі де - мұғалім. Ұстаз әр оқушының қабілетіне қарай бағдар беріп, жөн сілтейді. Еліміздің ертеңі – бүгінгі жас ұрпақтың қолында, жас ұрпақтың тағдыры – ұстанымы мықты ұстаздың қолында. Сондықтан адамдардың өмірге көзқарасын, бір-біріне деген сый, құрмет сезімін оятып, білім нұрын төгетін адамның берері мол, үйретері көп, үлкен тұлға болуы қажет. Адамның бойы жетпеген жерге ой жетеді, қыран жетпеген жерге қиял жетеді. Ұстаз – шәкіртіне үлгі – өнеге болатын, өмірдің сан тарап жолынан адаспай өтуде оған жөн сілтейтін, адалдыққа, ізгілікке баулитын бағдаршам. Мұғалім – зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі сияқты, өз бойындағы өмірлік қағидасы мен жалпы ұстанымынегізінде шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, өзінің бойындағы бар адами мейірімін, білімін, тәжірибесін және рухани дүниесін байытады.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет