«Мұғалімдер – қоғамның ең білімді, ең отаншыл, білгілеріңіз келсе, ең санампаз бөлігі болып табылады»



Дата08.07.2018
өлшемі55,01 Kb.
#48632
«Мұғалімдер – қоғамның ең білімді,

ең отаншыл, білгілеріңіз келсе,

ең санампаз бөлігі болып табылады»

Н. Назарбаев

КІРІСПЕ

Еңбек етіп келе жатқан білім беру саласында, 16 жылдың ішінде, мені көптеген ойлар, сұрақтар мазалайтын. Бірақ, жас болғандықтан, сол ойларымды белгілі бір жүйеге келтіре алмайтынмын. Жетіле, жетіле, аз да болсын тәжірибе жинап, өмірлік жолымды ақырындап анық басып, түрлі сұрақтарды тудырып отырған жауаптар да өз орнын тапқан сияқты. Бүгінгі таңда технологиялардың түрі сан алуан. Солардың ішінде көп көңіл бөлетінім – деңгейлеп оқыту технологиясы.

Деңгейлеп оқыту барысында деңгейлік тапсырмаларды сабақта қолдану орыс тілінде білім алатын оқушылардың қазақ тілін үйренуіне ӛте тиімді. Ӛйткені мектеп оқушыларының зейіні, қабылдауы, есте сақтау қабілеті әр түрлі деңгейде. Деңгейлеп оқыту жеке тұлғаның ӛздігінен дамуына жағдай жасайды [1, 40 б.]. Ең маңыздысы, әрбір жеке тұлға ӛзінің деңгейіне сай тапсырмалар орындау барысында шығармашылығын шыңдай алады
Деңгейлеп оқыту технологиясының басты ерекшеліктеріне тоқталайық. Біріншіден, барлық оқылатын тақырып бойынша кӛзделген мақсатқа жетіп,оқушының толық білім алуына 100% кепілдік бере алады және бұл процесс мемлекеттік стандарттың барлық талаптарын орындайды. Екіншіден, әртүрлі деңгейлі тапсырмаларды меңгеру барысында оқытудың дамыту принципі жүзеге асырылады. Бұл дарынды балалардың кӛбеюіне әсер етеді. Үшіншіден, бақылау және бағалаудың рейтингтік жүйесін енгізу арқылы білім берудің демократия және ізгілендіру принципі сақталады. Бұл принциптің арқасында оқушы ӛзін-ӛзі бақылап үйренеді
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының оқушыларға тиімділігі:
• Сынып оқушыларының барлығы деңгейлік тапсырма орындауы;
• Білім көрсеткішінің нақты және сапалы болуы;
• Оқушының өз білімін өзі бағалап, білім деңгейін дамыта алуы
• Оқушылардың оқуға ынтасы мен пәнге қызығушылығының артуы;
• Оқушының іздену дағдысының, ұстамдылығының қалыптасуы;
• Оқушы белсенділігінің оянуы;
• Алға қойған мақсатына жетуге дағдылануы, қиындықтарды жеңуге ұмтылуы;
• Оқушының өздігінен жұмыс істеуі мен жауапкершілігінің артуы;
• Оқушы мен мұғалім арасындағы ынтымақтастық қарым - қатынастың орнауы.
Деңгейлеп - саралап оқыту технологиясының мұғалімдерге тиімділігі:
• Деңгейлеп - саралап оқытуда білім игерудің үш деңгейінің қарастырылуы;
• Оқушылардың сабақ үстінде бірнеше деңгейде жұмыс жүргізуі;
• Білім дәрежесі бірдей топтарды тексеру ісінің жеңілдеуі;
• Оқушылардың жұмыстары әділ бағалануы;
• Оқушы мен мұғалімнің белсенді шығармашылық қызметін дамытуы;
• Дарынды оқушыларды анықтап, олармен тұрақты және жүйелі жұмыс істеу мүмкіндігінің орнауы;
• Олимпиадалық, шығармашылық жұмыс жеңімпаздарының саны артуы.

Деңгейлеп-саралап оқытудың негізгі бағыттары: оқушыларды қабілеті бойынша топтау, кәсібі бағдар бойынша топтау; сынып ішінде саралау. Жалпы білім беретін мектептерде саралап оқытуда әртүрлі әдістер қолданылады. Соның ішінде саралаудың маңызды түрі – деңгейлеп саралап оқыту. Бұның басты ерекшелігі – оқушыларға берілетін тапсырмалардың деңгейлерге бӛлінуі және олардың меңгерген білімі мен іскерліктеріне қойылатын талаптардың саралануы материалды меңгерудің тӛменгі жеткілікті шегін қамтитын міндетті дайындық. Бұл деңгей – барлық оқушылардың шамасы жететін деңгей. Осы деңгейдің барысында курсты меңгерудің жоғары деңгейлері қалыптасады. Оқушылар бір сыныпта бір бағдарлама бойынша білім ала отырып,қабілеттеріне, қызығушылығына сай деңгейді талдауға мүмкіндік табады. Сонымен бірге оқушының тӛменгі деңгейден жоғарғы деңгейге ұмтылуын қамтамасых етеді.


Профессор Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту әдісі сынып оқушыларының білім деңгейінің қаншалықты дәрежеде екенін анықтауға үлкен кӛмегін тигізеді. Сонымен: технологияның принциптері-оқытуды ізгілендіру мен демократияландыру жағдайында, ӛздігімен даму бағдарын анықтап, дамитын және ӛздігімен дұрыс шешім қабылдай алатын, ӛзін-ӛзі жетілдіріп ӛсіруші, ӛзін-ӛзі тәрбиелеуші тұлға қалыптастыруға болады екен.Ӛздігімен оқытудың осындай мақсаттарын жүзеге асыру үшін, білім беру жүйесінің алдында тұрған басты мақсат-жаңа технологиясының талаптарына сай жаңа оқулықтар мен дидактикалық құралдардың мазмұнын компьютерге кіргізуге болады себебі, бұл құралдардың құрылымы электрондық оқулық құрылымдарына ұқсас. Айтылғандар жаңа педагогикалық технологияның барлық мүмкіндіктерін әлі толық ашпайды. Оның басқа да талай тиімді тұстарын күнделікті ұстаздық тәжерибемізден анықтай беретінімізге сенеміз.

Қазіргі педагогика ғылымында негізгі базалық ілімдердің бірі «құзыреттілік» болып отыр. Құзыреттілік дегеніміз- тұлғаның бойында білім,дағды,іскерлік,ерік күш-жігердің болуы. Құзыреттілік жаңа әлеуметтік-экономикалық жағдайда аман қалуды қамтамасыз етеді және олар бәсекеге қабілетті маманмен қамтамасыздандырады.Көптеген елдерде құзыреттілікке жаңаша мән беру білімді жоғары дәрежеге көтергені мәлім.Құзыреттілік еңбек нарығында тұрақты өсіп отырған талаптармен,шапшаң технологиялық өзгертулермен,соның ішінде академиялық және еңбектегі мобильдік өсуімен негізделген. Құзіреттіліктің жеке компоненттерін анықтай отырып,ол адамның алдына қойған мақсаттарын орындауға көмектесетін сипаты мен икемділігін атайды.

Қазақстан Республикасында 2010-2015 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында қоғамның әлеуметтік-экономикалық және рухани дамуының мазмұны мен сипаттарының өзгеруіне және еңбек сапасына талаптың жоғарылауына, өз ісін жетік білетін, кәсіби білігі мол мамандардың қажет етілуіне байланысты жоғары мектеп алдына білім сапасын арттыруда.

Психологиялық-педагогикалық әдебиеттердегі ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда кәсіби шеберліктің қалыптасуы мен даму үдерісінде екі ұғым: құзыреттілік және құзырет ұғымдары пайдаланылып келеді. Біріншісі, С.Ожегов сөздігі бойынша, белгілі бір кәсіби қызметке байланысты, «қандай да болсын мәселеден хабардарлық, беделділік», ал екіншісі, «қандай да бір істі жүргізетін жеке адамның, мекеменің мәселелерді шешуге, іс-әрекет етуге, бір нәрсені істеуге құқықтылық шеңбері».

«Құзыреттілік» термині әдетте белгілі бір әлеуметтік-кәсіби статус иесіне байланысты қолданылады және оның сол істі атқарудағы түсінігі, білімі, білігінің орындалуға тиіс мәселенің нақты өз деңгейінде шешілуімен сәйкестілігі арқылы сипатталады.

Бүгінгі педагогика ғылымындағы жаңа көзқарас бойынша тұлғаға бағдарлы үлгі балаларға білім негіздерін беруді емес, оқу және өмірлік жағдаяттарда алған білімдерін шығармашылықпен қолдануына, түйінді және пәндік құзыреттіліктерді қалыптастыру арқылы өзін-өзі дамытуына, қоршаған шынайылықты түйсінуге, өзінің даралығын сезінуге, негізгі оқу және айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу дағдыларын игеруге, өзінің оқу іс-әрекетін ой елегінен өткізуге жағдай жасауды мақсат етеді. Қазіргі өзгермелі уақытта білім берудің жай – күйі дүние жүзінде де күрделі және қарама – қайшылықтарға толы. Қоғамның дамуы білім беру саласынан үнемі алда болды, тіпті бұл алшақтық кейбір кездерде ондаған жылдармен өлшенеді. Күн сайын адамға көптеген ақпарат тасқыны келеді. Ал оқу мазмұны мен оқыту әдістері ескі сарында қалып қоюда. Сондықтан білім берудегі әлеуметтік қажеттілік пен ол қажеттілікті қанағаттандырудың арасындағы қарама – қайшылық білім беру саласының дағдарысына әкеліп соғуда. Сол себепті мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог – мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзырлылығы негізінде жүзеге асыру қажеттілігі туындайды.

Құзырлық тәсіл идеясы – қоғамға қандай, жеке тұлғаға қандай білім қажет және ол қоғамның қандай қажетін өте алады. Оқушының құзырлығын қалыптастыру бүгінгі білім беру саласының өзекті мәселелерінің бірі. Құзырлық тәсілді, жоғарыдағы айтқанымыздай, білім сапасын арттыруды дәстүрлі тәсілмен білім мазмұнын ұлғайту арқылы шешудің арасындағы қарама – қайшылықтан туындаған дағдарысты жағдайдан шығарудың бір жолы деп қарастыруға болады. Бұл тәсіл білім берудің нәтижесіне басты орын береді. Оның сапасы алған білімнің көптігімен емес, сол білімді қолдана білуімен маңызды. Сонда мұғалімнің кәсіби құзырлық деңгейі қандай болмақ? Педагогика зерттеулерге жасалған шолу бұл мәселенің тарихи тұрғыда кезеңдеп дамығанын көрсетеді. Бұл проблеманың ғылыми - теориялық тұрғыда аз зерттелуі, мұғалімге құзыреттілігін нығайтуға мүмкіндік берілмеуі біздің біліктілікті жетілдіру жүйесінде мұғалімнің әдістемелік шығармашылығын кәсіби тұрғыдан дамытудың теориялық негізін жасау міндетін қойды.

Білім беруді 2015 жылға дейін дамытудың тұжырымдамасын дайындау барысында туындаған құзырлық тәсіл тақырыбы бүгінде барлық ғылыми педагогикалық ортада талқылануда. Қазақстандық ғылымдар да ұлттық білім беру жүйесін әлемдік білім кеңестігіне кіріктіру және қоғамыдқ сұраныстарға жауап беру мақсаттарына сәйкес білім берудегі құзырлық үлесіне зерттеулер жүргізіп, оны мектеп тұрмысына енгізу мүмкіндіктерін қарастыруда. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру педагогикалық білім беру мен білікті жетілдіру мазмұнын жаңарту құралы ғана емес, оны қазіргі талапқа сай ұйымдастырудың қажетті механизм ретінде де қарастыруға болады. Құзырлық тұрғысынан ұйымдастыру білім беру мен білікті жетілдіру жұмысына айтарлықтай өзгеріс ендіріп, оған тәжірибиелік – шығармашылық бағыт береді.

Төменгі деңгей (бейімделу)-құзыреттілік туралы түсініктері таяз, кәсібилікке талпынысы жеткіліксіз, өз бетімен ізденуге, білімін көтеруге ықтиярсыз, дидактикалық біліктілігі, өз қызметінің нәтижелерін саралау, баға беру деңгейі төмен, адамдармен тіл табысуға, білім, білік, дағдыларды игеруге құлықты емес.

Орта деңгей (репродуктивтік)-кәсіби құзыреттілік жайлы білімдері, қызығушылықтары бар, бірақ тұрақты емес, кәсіби құзыретті мұғалім болудың қажеттілігін сезінеді.

Жеткілікті деңгей (эвристикалық)-кәсіби құзыреттілікке деген көзқарасы жақсы, дидактикалық біліктілігі біршама қалыптасқан, оқытудың әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолдануға, шығармашылықпен жұмыс істеуге қабілеті бар, бірақ тұрақты қолдануға машықтанбаған, жұмысында жоғары нәтижеге жету үшін қосымша материалдарды, ақпараттарды тауып, оларды іріктей алады.

Жоғары деңгей (креативтік) - кәсіби құзыреттілікке деген қызығушылығы тұрақты, оны өзінің кәсіби іс-әрекетінің мәні деп есептейді, білім, білік пен дағдыларды игеруге қызығушылықтары жоғары. Педагогикалық қызметте кәсіби-дидактикалық құзыреттіліктің қажеттілігін саналы түрде түсінеді. Проблеманың шешімін табу, ақпараттық, коммуникативтік құзыреттіліктері қалыптасқан, сабақтарды жобалай біледі, ұйымдастыра алады және оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін, технологияларын қолданып өткізе алады, адамдармен тез тіл табысады, ұжымда, әлеуметтік ортада беделді. Бүгінгі күні ұлттық білім беру жүйесінің қалыптасу жағдайындағы мектеп мұғалімі кәсіби қызметінің сапалық мазмұнына қойылатын талаптармен танысып, мұғалімінің үздіксіз даму үдерісіндегі әлеуметтік - мәдени ортаны бағдарлай білетін, баланың жеке тұлғалық дамуына бағытталған білім беруді жүзеге асыра алатын, оқытудың мазмұны мен әдістерін, технологияларын, құралдары мен формаларын өз бетінше ізденіспен саралап, шығармашылықпен пайдалана алатын педагог болу керек екенін өздерінің міндеті ретінде түсінді.

Заман талабына сай қазақстандық білім беру жүйесінің ескі моделіне үлкен өзгерістер енгізіледі деп күтілуде. Соның бірі ғылыми жұмысқа жаңадан кіріскен жас зерттеушілердің бойында проблеманың шешімін таба білу құзыреттілігін қалыптастыру. Жас зерттеушілер алдынада ізденудің әдіснамалық құрылысын құру, тәжірибелік деректерді таңдау сияқты ғылыми жұмысты зерттеу барысында, т.б. сұрақтар туындайды. Мұның бәрі зерттеу жұмысының сапасын төмендететін түрлі қателіктерге ұрынбау үшін қажет. Біздің зерттеулер мұндай қателіктер іздеу тақырыптарының ашылмауы; мысалдардың қысқа беріліп, түбегейлі түсіндіріліп, ізденушінің ғылыми ойын түсінбеуі; жаңалық пен теория мәнінің ерекшеленбеуі; ғылыми терменологияның сақталмауы, мақұлданған терминдердің орнына ауыз екі, тұрмыстық лексиканың қолдануы; жасалған жұмыстың берілуіндегі ғылыми стильдің бұзылуы, кіріспе мен іздеу бөлімінің қорытындысы мен негізігі бөлімнің мазмұнын бере алмауынан ғылыми зерттеудің негізігі мәнінің көрінуі мүмкіндігінің жоқтығы; іздеу тақырыбына мүлдем қатысы жоқ әдебиеттер мен мақалалардың қолдануы, еркірген әдебиеттердің қате әрі қолданылатын үлгілердің ауытқи дайындалуы, стильдік, орфографиялық, синтаксистік қателердің көптігі; ізденушінің зерттеуіндегі ұсынған жаңалығының пайдалану дәрежесін бағалайтын құрылғы кей кезде жеке тұлғаның даму әсерін анықтауға мүмкіндік бермеуі; зерттеу тапсырмаларының тәжірибе барысында толық көлемде шешілмеуін көрсетеді. Ғылыми зерттеу жұмысының орындалуы тұлғалық, интелектуалдық, психологиялық, күш жігер мүмкіндіктерімен жасалуымен сипатталады. Мұндай мүмкіндіктер жас зерттеушінің құзыреттілік мазмұнын құрайды. Зерттеушінің құзыреттілігі жоғарылаған сайын ғылыми зерттеу жұмысының деңгейі жоғары болады.

«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуінің, зерттеу еңбегінің нәтижесінің, жеке тұлғаның сапасын жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын, тағы басқаны білдіреді. Жас зерттеушілердің құзыреттілгін нәтижелі ғылыми зерттеу ісін іскеасыру және оның сапсына жауап беру жолындағы тұлғаның психологиялық, теориялық, әдіснамалық, технологиялық дайындығының бірігу бағыты.

Білім беруді жаңарту – үнемі алға қарай ұмтылу мен дамыту үрдісі, білім беруде кезең-кезеңмен өтетін және алынған нәтижелерге сәйкес түзетулер енгізіп, талданатын өзгерістер.

Қорыта келе, деңгейлеп оқыту технологиясына сүйене отырып жасалған тапсырмалар тиімділігін байқай отырып, мен өзімнің жұмысымды жинақ ретінде ұсындым. Кейбір тапсырмалар төменде ұсынылып отыр.


Б.Блум таксономиясы негізінде қазақ тілінен құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыруға бағытталған диагностикалық тапсырмалар.

Тақырыбы: Менің елім-Қазақстан 5-сынып

Құзіреттілік : коммуникативтік,әлеуметтік , ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу.

Пәндік құзірет:

Мақсаты:мәтіннің желісі бойынша өз пікілерін білдіру ,өмірмен байланыстыра отырып, құзіреттілік қабілеттерін қалыптастыру.

Менің елім -- Қазақстан

Менің елім—Қазақстан.Оның жері кең-байтақ.Бұл мемлекет Еуразияның орталығында орналасқан.Астанасы—Астана қаласы.1991 жылдың 25 қазанынан бастап еліміз тәуелсіздік туын көтерді. Нұрсұлтан Назарбаев еліміздің тұңғыш Президенті болып сайланды. Қазақстан – әр түрлі халық өкілдері бейбіт тұрып жатқан ел. Қазір еліміздің Мемлекеттік Туы ,Елтаңбасы , Әнұраны, жаңа Ата заңы, ұлттық валютасы бар.



1-деңгей. Білу

Мақсаты: негізгі ұғымдарды,ережелер мен қағидаларды білу..

Етістік : еске түсіру, қайталау, әңгімелеу, анықтау.

1.Зат есімнің тәуелдік жалғауын еске түсіру.



2-деңгей. Түсіну

Мақсаты: берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу.

Етістік: айқындау, түсіндіру, әңгімелеу.

1.Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп жазып,өз сөзімен қысқаша айту.



3-деңгей. Пайдалану

Мақсаты: нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану және ережелерді қолдану.

Етістік: орындау ,анықтау, пайдалану,қолдану .

1.Мәтіннен тәуелдік жалғауларды тауып,жақтарын анықтау,сөйлемде қолдану.



4-деңгей. Талдау

Мақсаты: фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату,жасырын болжамды айқындау.

Етістік: ажырату , салыстыру, тәжірибеден өткізу.

1.Қазақстанның егемендік алғаннан кейінгі табысы.



5-деңгей. Жинақтау

Мақсаты: алған біліміне сүйене отырып,ойды жинақтап,түйін түю.

Етістік: тұжырымдау, әзірлеу , ұсыну.

1.Егемендік Қазақстанның барлық саласындағы жетістіктері.



6-деңгей. Салыстырмалы бағалау.

Мақсаты: тақырыптың құндылығын бағалау.

Етістік: жорамалдау , баға қою , анықтау.

1.Қазақстанның даму деңгейі.



Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары.



Білу

Түсіну


Қолдану

Қай жылдары болды?Қалай дамыды? Атап көрсетіңіз.

Не білдіңіз?Өзара байланысын өз сөзіңізбен айтыңыз.

Құбылыстың негізін түсіндіріңіз.Себебін талдаңыз.


1-2

3-4


5-6

Талдау

Топтау


Білімді

бағалау


Топтастырыңыз.Салыстырыңыз.Себебін талдаңыз.

Өз шешіміңізді көрсетіңіз.Жүйелеңіз.

Жетістіктерін анықтаңыз.Қаншалықты дұрыс.Өз ойыңыз.


7-8

9-10


11-12

Бағалау : 1,2,3 деңгей-«3»; 4,5 деңгей-«4»; 6 деңгей –«5».

1.Құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар. Пән: қазақ тілі 6-сынып

Тақырыбы: Менің туған күнім

2.Құзіреттілік: ақпараттық,коммуникативтік,проблеманы шешуін табу ,әлеуметтік, ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу (жазбаша қатынас, мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір, диалог құру, өнімді топтық қатынас, мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айту ).

3. Құзіреттілікті қалыптастыратын тапсырмалар:

1.Тапсырма:

Менің туған күнім

Меніңи атым—Алуа .Мен 12 жастамын.Менің туған күнім10 қазанда. Мен туған күніме достарымды,құрбыларымды, мектептегі сыныптастарымды шақырдым.Туған күнге орай мен дастарқан басында аппақ көйлекте отырдым. Анам туған күніме қазақтың ұлттық тағамы дәмді бесбармақ әзірледі. Достарым туған күніме түрлі сыйлықтар сыйлады. Әкем мен шешем маған «Қыздар энциклопедиясы» кітабын сыйлады.Әпкем маған «Ертегі» кітабын сыйға тартты.Сыныптастарым маған ұнтаспа сыйлады.Туған күнімді достарыммен,

сыныптастарыммен өте көңілді тойладым. (68сөз )


    1. Мәтінге сұрақтар құрастырып жазыңдар.

1.2 Сөйлемдерді дұрыс құрастырып жазыңдар.

1. Сыйладым, мен, досыма, кітап.

2. Дүкеннен, әкелдім, сатып, нан.

3. Барамын, сағат, мен, сегізде, мектепке.

4. Оқимын ,кітабын, мен, ертегі.

5. Досыма, мен, дайындадым, сыйлық.



1.3 Берілген сөздерді қазақ тіліне аударып, сөйлемдер құрастырыңдар.

День рождения, друзья, подарки, национальные блюда.



1.4 Туған күн , сыйлық сөздерін септеңдеңдер

1.5 Берілген сөздер мен сөз тіркестерін пайдалана отырып , туған күнге тілек құрастырып

жазыңдар.

Құттықтаймын , зор денсаулық , ашық аспан , өмірдегі барлық жақсылықты, ұзақ өмір,

оқуда табыс, тілеймін.

4. Білім дағдысын және біліктілігін анықтайтын сұрақтар.

Берілген мәтінді оқып (сөздік жұмыс ) түсінгенін көршіңе орысша түсіндіріп бер .

Берілген мәтін бойынша сұлба жаса.

5. Сілтеме: қазақ тілі 6-сынып оқулығы Артыкова А.Т. ,Қыстаубаева Ж.Н. ;электронды оқулық, казахский язык для всех А.Ш.Бектурова, Ш.К. Бектуров ;қазақ тілі анықтамасы

Б.Қ.Қапасова.



6. Тапсырма орны: жұмыс дәптері.

7. Бағалау жүйесі ( құралы ):

Көрсеткіш алгоритмі—2 бал

Тапсырмалардың толық орындалуы—3 бал

Сауатты грамматика заңдылықтарын орнымен қолдану—2 бал

Таза жазылған тапсырма—1 бал

Ең жоғары бал—8 бал

«5» бағалау 7-8 бал—«5»

5-6 бал – «4»

3-4 бал –«3»


    1. бал –«2»


8.Тапсырманы тексеруші мұғалім : М.М.Аменова

1.Диагностическалық жұмыс арқылы қазақ тілінен құзыреттілік қабілеттеріне бағытталған тапсырмалардың қалыптасқан деңгейін анықтау.

Тақырып: «Тәуелсіз Қазақстан»,7 сынып

2.Құзіреттілік: коммуникативтік,әлуметтік,ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу(жазбаша қатынас, мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір, диалог құру, өнімді топтық қатынас мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айту)



3.Ел мұраты – Тәуелсіздік
1.Тәуелсіздік – мемлекеттік тұрғыдан алғанда еліміздің еркіндігі, елдің тізгінін өз қолына алуы, өз билігінде болуы.
2.Қазақстан Республикасы – халықаралық деңгейде басқа елдермен терезесі тең түсетін тәуелсіз мемлекет.
3.Қазақстан Республикасының Конституциясында: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл – қазақ тілі», - деп жарияланды.
4.Мемлекетімізде іс қағаздары қазақша жүргізіледі. 5.Тіл мәртебесі жылдан-жылға көтеріле бастады. 6. Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың: «Әкесі баласымен, атасы немересімен, ері әйелімен, әкімдер халықпен, әлеумет бір-бірімен ана тілінде сөйлессін», - деген ұлағатты сөзін басшылыққа ала отырып, тіл саясаты ойдағыдай орындалып келеді.
7.Ел тәуелсіздігінің болашағы жарқын болсын! (77 сөз).
4.Пәндік құзіреттілік:

Мақсаты: қоғам қажеттілігіне сай  ана тілінде және басқа тілдерде қарым-қатыныс жасауға  ынталы болып, ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу.


Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма түрлері
1-деңгей.Білу

Мақсаты: Негізгі ұстанымдар мен ережелерді білу



Етістік:еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау,табу

1.Сын есімге анықтама беріңіз.

2.Әрекет мәні әңгіменің қай жерінде айқындалады?

2-деңгей.Түсіну

Мақсаты: Берілген материалды өз сөзімен басқаша жеткізе алу



Етістік: түсіндіру, әңгімелеу

1. Параграф мазмұнын өз сөзіңізбен қысқаша айтып беріңіз.

2. Мәтіннен негізгі ойды білдіретін сөйлемдерді теріп жазыңдар.

3-деңгей.Қолдану

Мақсаты: Нақты жағдайда заңдылықты орнымен пайдалану



Етістік: орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану

1.Қарамен жазылған сөздің әрбірін қолданып сөйлем құрастырыңыз.

2.Әңгіменің толық оқып болған соң, оның немен аяқталатынын табыңыз.

4-деңгей.Талдау

Мақсаты: Фактілер мен салдар арасындағы айырмашылықты ажырату



Етістік: ажырату, жатқызу, тәжірибеден өткізу

1.Талқыланған мақаладан үш дерек пен үш пiкiр табыңыз.



5-деңгей.Жинақтау (синтез)

Мақсаты: Алған біліміне сүйене отырып, ойды жинақтап, түйін түю



Етістік:ұсыну, оқыту, дамыту

1. «Тәуелсіз Қазақстан» шағын шығарма жазыңыз.



6-деңгей.Салыстырмалы бағалау

Мақсаты: Оқыған материалдың құндылығын бағалау



Етістік: баға қою, анықтау, айыптау, санау

1.Қала әкiмiне,халыққа, оқушыларға мемлекеттік тілді білу керек пе?

2.Мәтіннің екi басты тұжырымы не?
Б.Блум таксономиясы бойынша тапсырма сипаттары

Білу


Қай жылы болды? Қайда болды? Қалай болды? Атап көрсетіңіз.

1-2 ұпай




Түсіну

Сөйлемді аяқтаңыз. Не білдіңіз? Неліктен? Сөйлемді өзгертіңіз. Өзара байланысын түсіндіріңіз. Өз сөзіңізбен айтыңыз.

3-4 ұпай




Қолдану

Бірнеше тәсілмен шешіңіз. Құбылыстың негізін түсіндіріңіз. Жорамалды тексеріңіз. Қорытынды жасаңыз.

5-6 ұпай




Талдау

Құрылымы қандай? Топтастырыңыз. Салыстырыңыз. Себебін талдаңыз.

7-8 ұпай




Топтау

Өз шешіміңізді көрсетіңіз. Жүйелеңіз. Зерттеңіз.

9-10 ұпай




Білімді бағалау

Жетістіктерін атаңыз. Қаншалықты дұрыс? Өз ойыңыз?

11-12 ұпай




Бағалау жүйесі:10 - 12 ұпай – «5»

6 – 9 ұпай – «4»

3 – 5 ұпай – «3»

0 – 2 ұпай – «2»



ДЕҢГЕЙЛІК ТАПСЫРМАЛАР
КИІЗ ҮЙ
Киіз үй негізгі төрт бөлшектен құралады. Ол - кереге, уық, шаңырақ, есік. Бұлардың бірі талдан, қайыңнан, теректен жасалады. Ең жақсысы тал. Кереге, уық, шаңырақ, есікті шебер - үйші жасайды. Үйшілер талды өзендер бойынан алады. Ол өзендер: Еділ, Жайық, Сырдария.
Үйші киіз үйдің ағаштан жасайтын бұйымдарын көктемде бастап, күздің аяғына дейін істейді. Киіз үйдің ағаш бөлшектерін жасау үшін үйшілер мор, тез, үскі деген ұлттық құрал - саймандарды пайдаланған.
Кереге қанаттардан тұрады. Қанат сағанақтан құралады. Керегенің екі түрі болады: желкөз, торкөз. Желкөз қатты желге төзімді, ал торкөз жаңбырлы күндерде су жібермейді. Сағанақтар қиғаш орналасады.
Шаңырақ екі бөлшектен тұрады: шеңбер және күлдіреуіштен. Егерде киіз үйдің басқа бөлшектері талдан жасалса, шаңырақ қайыңнан иіліп жасалады. Ол үшін қайыңды жаздың ортасында кесіп алады. Бұл кезде қайыңның шырыны мол, сондықтан оны кептірмей, шеңбер иеді.
сағанақ - жердь
қанат - решетка
қиғаш - по диагонали
шеңбер - круг
I деңгей
1. Мәтіннен зат есімдерді теріп, жекеше және көпше түрінде жазыңыз.
2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.
II деңгей
2. Берілген сөздерді қазақ тіліне аударыңыз.
Сильный ветер, дождливые дни; большая сетка, массивная жердь, кожаная полоска, кожаный узелок, шестиканатная юрта, легкое дерево, не пропустит ветер.
III деңгей
Мәтінді орыс тіліне аударыңыз.
IV деңгей Режиссер А. Қарсақбаев «Даладағы қуғын» (С. Сейфуллин)
Оқушылар 1 - ші көріністі көреді.

1. Сөз тіркестерін есіңізге сақтап қалыңыз.
қоңақ сыйлау шаңырақ сыйлау
шаштың ағын сыйлау ақсақалды сыйлау
қарияларды сыйлау ата - ананы сыйлау
амандасу сәлемдесу
2. Шаңырақ сыйлау көзқарасы тұрғысынан қонақтың іс - әрекетіне мінездеме беріңіз.
Охарактеризуйте поведение гостя с точки зрения шаңырақ сыйлау.

1.Диагностическалық жұмыс арқылы қазақ тілінен құзыреттілік қабілеттеріне бағытталған тапсырмалардың қалыптасқан деңгейін анықтау.

Тақырып: « Саз әлемі (септік жалғауды қайталау)»,7 сынып

2.Құзіреттілік: коммуникативтік,әлуметтік,ауызша және жазбаша ақпарат құрастыра алу(жазбаша қатынас, мәтіннің желісі бойынша өз пікіріңді білдір, диалог құру, өнімді топтық қатынас мәтіндердің мазмұнын өз өміріңмен байланыстырып айту)



І деңгей – БІЛУ 2 ұпай

Етістік: анықтау, меңгеру түсіну,таба білу



1.Еске түсіре отырып сөйлемдерді толықтыр
а).Оқығанды көңілге ықылас..... тоқылық. (Ы.А)
Хат Астана..... келіпті .
Асыл Жанар... сөйлесті.
ә). Сөйлемнің ішінен көмектес септігіндегі сөзді тап
Оқу инемен құдық қазғандай.
Атасы баласымен ұзақ әңгімелесті.

ІІ деңгей – ТҮСІНУ 4 ұпай

Мақсаты: Мәтінді басқа формада жеткізе алу

Етістік:Аудару, түрлендіру, өз сөзіңмен айту, көрсету, қайта құрастыру, оқу

1.Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойып,көшіріп жаз

Марат Омаров.. жақсы білемін.Халық музыкалық аспаптары мұражайында домбра...,қобыз...,саз сарнай... көруге болады.Халық ақындар...,сазгерлер...,әншілер..., құрметтеген.Әсет жас кезінен ән салу...,ақындардың термелер...,тыңдау... ұнатқан.Менің досым тарих туралы көркем суретті фильмдер... жақсы көреді.



Үшінші деңгей – ҚОЛДАНУ 6 ұпай

Етістік: қорытындылар, әдістер, теориялар, көрсету, суреттеу, қолдану, пайдалану



Мақалды толықтырып, шешуін жеті септікте өзгертіп жаз

............... - КЕМЕ

БІЛІМ - ...............

Төртінші деңгей – ТАЛДАУ 8 ұпай

Мақсаты: Өрбу логикасында жіберілген кемшіліктерді көре білу

Етістік: ажырату, саралау, салыстыру, тәжірибеден өткізу,

1.Айналаңдағы қоршаған заттарыңнан көмектес септігіндегі сөздерден келтіріп мысалдар дәлелдеп жаз .Өрмекші сызбасына келтір.




Бесінші деңгей – ЖИНАҚТАУ -10 ұпай

Мақсаты: Болжам жасау .Проблеманы шешу жобасын (проект) жасау

Етістік: тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

1. «Кім жылдам?» 4мин тақырыпқа оқушыларға тест беріледі.

Алтыншы деңгей – БАҒАЛАУ-12 ұпай

Мақсаты:Материалдың қажеттілігін айқындай білу Жасалған қорытынды жарамдылығын бағалай білу

1.Берілген сөздерді сөз құрамына талдау.

а) сыйлауға, гүлдеп тұр, көшелермен,Түркістанға, кесенесін. Бағалау парақшасы: Блум таксономиясы бойынша



Р/с

Оқушы аты-жөні

Білу

Түсіну

Қолдану

Талдау

Жинақтау

Қорытынды баға















































Үй жұмысы:

Бүгінгі сабақ туралы эссе жаз. Жазған эссенің ішінде кездескен септеулі сөздерді көрсет.


Қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі:

Ж.А.Базылбаева

Қазақ тілі пәнінен құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар
1.Тақырып: «Өзім туралы»

2. Ақпараттық, коммуникативтік пәндік құзыреттілік:



Ақпараттық құзыреттілік:

Ақпараттық ізденісті жоспарлау (1 тапсырмалар)

Ақпаратты өңдеу(2 тапсырмалар)

Коммуникативтік құзыреттілік:

Проблеманы  сәйкестендіру (анықтау) (3 тапсырма)

3 .1.тапсырма

4.а) Мәтіннен Омардың досы туралы жазған хатын оқы.

Құрметті Дархан! Менің жаңа досым бар.Оның аты Еділ.Оның жасы 14-те.Ол ұзын бойлы әрі сымбатты.Дене бітімі толық емес,жіңішке.Оның қарындасы бар.Оның аты Әсем.Ол 13 жаста.Әсем әдемі қыз.Оның шашы жирен түсті,қысқа.Еділдің әкесі қатал бірақ,ол жақсы адам.Оның шешесі мейірімді.Олар тату тұрады.

б) сұраққа жауап жаз:

1.Омардың досының аты кім? ....................... 2. Еділдің жасы нешеде? .................... 3.Еділ қандай?.......................... 4.Отбасында неше адам бар? .................................

2. тапсырма.

а) Сын есімдерді теріп жаз.

ә)Мәтіннен схема бойынша сөз тіркесті теріп жаз.

Зат.е + сын.е, есімдік + сын.е, сан.е + зат. е,І.с + зат.е, етістік+к.ш+ж.ж

3-тапсырма

а) Сен қалай ойлайсың? Қазақ тіліндегі сөздік қорың жеткілікті ме?

ә) Мына сөздер мен сөз тіркестерінің мағнасын оқулықтың сөздігінен (сөздік)қараңдар.

жер көлемі сарқылмас қоры даму

ұлан-байтақ сала зерттеу

аумақ құқылы мүше бейнелеу

б) Сұхбат құрастыр

Диалогтың схемасы:

1.Амандасу.

2.Дастарқанға шақыру.

3.Әңгіме айтып беруді өтіну.

4.Саяхат туралы баяндау

5.Әңгімесін толықтыру,анықтау.

6.Бара алмағанына өкініш білдіру

7.Ризашылығын білдіру.

8.Қоштасу.

5. Сілтеме: 7 сынып оқулығы «Қазақ тілі»Артыкова Т.,Ермекбаева Г.,Сариева К жұмыс дәптері.

6.Орындалу орны: жұмыс дәптер

7.Бағалау жүйесі:

1)Ақпараттық ізденісті жоспарлау (1 тапсырма) – «3»

2)Ақпаратты өңдеу(2 тапсырма), проблеманы  сәйкестен (анықтау) (3 тапсырма)- «4»

3)Ақпараттық ізденісті жоспарлау (1 тапсырма), ақпаратты өңдеу(2 тапсырма), проблеманы  сәйкестендіру (анықтау) (3 тапсырма) - «5»

Қазақ тілі пәнінен құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар


1.Тақырып: Қыста

2. Коммуникативтік, пәндік құзыреттілік.

3.I тапсырма

Қазір қыс.Қыс айлары:желтоқсан,қаңтар,ақпан.Қыста күн суық,әрі қысқа болады.Қар жауады,тұман түседі,боран борайды.Жер тайғақ болады.Балалар шаңғымен,конькимен, шанамен сырғанайды.Қыста жылы киім киеміз.

Қаңтарда жаңа жыл мейрамы болады.Ол мейрам өте көңілді,қызық өтеді.

Біз биыл 201... жылды қарсы аламыз.


4.1. Оқы,аудар.
2. Көмектес септіктегі сөздерді табыңыз.
3. Аударыңыз.

а) суық үй, қысқа көше, көңілді адам, қызық кітап, жаңа алаң.

ә) высокое дерево, широкая улица,теплый месяц, красивая птица.
4.Сұрақтарға жауап бер:

а) Қазір жылдың қай мезгілі?

ә) Қар қандай болады?

б) Қыста күн қандай болады?

в) Балалар не істейді?

г) Жаңа жыл мейрамы қандай болады?

5.Қыс туралы әңгімелеңдер.
5.Сілтеме: 7 сынып оқулығы «Қазақ тілі»Артыкова Т.,Ермекбаева Г.,Сариева К жұмыс дәптері.

6.Орындалу орны: жұмыс дәптер


7.Эталондық көрсеткіштері: Тапсырманы толық орындауы – 3 ұпай

Сауатты жазу – 1 ұпай

Мәтінді басқа формада жеткізе алу – 2 ұпай

Грамматика заңдылықтарын орнымен пайдалану – 2 ұпай

«5» бағалау жүйесі: 7- 8ұпай – «5»

5- 6 ұпай – «4»

3- 4 ұпай – «3»

0-2 ұпай – «2»


Әдебиет 1. Қараев Ж.А. «Саралап деңгейлеп оқыту технологиясы». 2. Кобдикова Ж.У. «Орта мектепте білім алуды технологияландыру» (Саралап деңгейлеп оқыту), 2002 ж. http://www.enu.kz 3. Ӛмірбаева Қ. «Деңгейлік тапсырмалар», Ақтӛбе, 2001 ж. 4. Жұмабекова А.Л. «Деңгейлік тапсырмалар арқылы дамыта оқыту»
Каталог: uploads -> doc -> 126d
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
126d -> Сабақтың мақсаты : Білімділік мәні : Әншнің шығармашылығына тоқталу, таныстыру
126d -> Сабақ Тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару. Өткізген : Сейсембина Камила Зиятқызы. Жамбыл облысы, Қордай ауданы, Қордай ауылы №1 мектеп-гимназия Пәні математика
126d -> Сабақтың түрі : Сайыс сабақ


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет