Міндеті: Туған өлкенің тарихи ескерткіштері



Дата06.11.2016
өлшемі31,65 Kb.
#1170
  • МІНДЕТІ:

  • І Кіріспе.
  • .... Біздер Тәуелсіз Қазақстанның әрбір еркін азаматы, ел боламыз десек, өзге бауырлас елдермен тереземіз тең болсын десек, онда біз міндетті түрде ата тарихымыздың куәсі, елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған ата-бабамыздан қалған мәдени мұраларымызды айрықша қастерлеуіміз керек. Біз оларды келешек ұрпақ үшін көзіміздің қарашығындай қорғауға тиістіміз.
  • ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев.
  • 1932 жылы 2-ақпанда Қазақ АССР орталық атқару комитетінің қаулысымен орталығы Шымкент қаласы болып, Бадам ауданы құрылды да, осы жылдың 27-ақпанында ол Ленгір ауданы деп қайта аталып, Оңтүстік Қазақстан облысының құрамына енді.
  • 1935 жылға дейін Ленгерде жыл сайын өндірілетін көмір орта есеппен 3-4 мың тоннадан аспады. 1935 жылы Шымкент- Ленгер теміржол тармағы салынғаннан кейін ғана қалада көмір өндіру артты. Содан кейінгі жылдары Ленгір қаласының аумағында көмір шахтасы іске қосылып, аудан- Ленгер ауданы, ал оның орталығы- Ленгер поселкесі болып қайта аталған.
  • Қасиетті Төлеби топырағы дүниеге небір дарындар мен дараларды келтірді. Ел намысы тезге түскен кешегі жаугершілік заманында бүкіл қазақ халқының бірлігі мен ынтымағының ұйытқысы болған Төле баба тек қана ұлтымыздың мақтанышы емес, бүкіл Алаш жұртының ұраны болды, көріпкел сәуегей- Бекасыл әулиенің есімі ел аузында аңызға айналған.
  • Біздің ардақты ата-бабаларымыз тарихымыздың бір кезеңінде дәл осы жерде елдігіміздің туын тігіп, өзгелермен терезесін теңестірген. Сақ тайпалары б.з.д. ХІІІ ғасырда өмір сүрген. Бұл жерден сонымен бірге Ұлы жүз тайпаларының түпкі ата-бабаларының бірі болған үйсіндердің өмірі мен шаруашылығының іздері табылған . Біздің тауларымызбен қырларымызда Ұлы Жібек жолы керуендерінің іздері сайрап жатыр. Апайтөс кең даладағы қазақ атты халықты өркениет пен өрлікке, елдік пен ерлікке, бірлік пен тірлікке, ақыл-парасат пен бауырластыққа
  • баулыған Есім хан мен Төле би заманнан қалған сара жұрт .
  • Төлеби елі- ақындар елі.
  • Жыр алыбы Қазанғап Байболов, Сатыбалды Тілеуов, дарабоз дарын М.Шаханов, талантты ақын, қоғам қайраткері Қуаныш Төлеметов, белгілі ақын Сатыбалды Дулати ел мақтаныштары.
  • Қазанғап Байболов
  • Мұхтар Шаханов
  • Төлеби елі – суретшілер отаны.
  • Тума талант , қылқалам шебері Молдағали Қалдыбаев , кескіндеме шебері Тоқболат Тоғысбаев , Ерболат Төлепбай , Құрасбек Тыныбеков және Бексейіт Түлкиевтердің есімдері әлемді шарлап кетті.
  • Ауданның 37 қылқалам шебері Қазақстан Республикасы Суретшілер Одағының мүшесі болса, бір ғана Қасқасудың 17 дарын иесі аталған Одаққа мүше, бұл әлемде теңдесі жоқ құбылыс.
  • Ерболат Төлепбай
  • Бексейіт Түлкиев
  • Тоқболат Тоғысбаев
  • Астанадағы “Ғашықтар”
  • Ерболат Төлепбай
  • “Мәңгілік ел” Астана музей. Е.Төлепбай
  • Суретші Е.Төлепбай
  • Төлеби елі - әншілер мекені.
  • Эстрада жұлдыздары Нұрлан Өнербаев , Байғали Есенәлиев, Алтынай Жорабаева , Гүлнар Сиқымбаева, Владимир Ступин опера әншілері Болат Бөкенов , Гүлзат Дәуірбековалар.
  • Болат Бөкенов
  • Нұрлан Өнербаев
  • Владимир Ступин
  • Гүлнар Сиқымбаева
  • Алтынай Жорабаева
  • Төлеби елі - әкімдер мекені.
  • Қасиетті жер ғажайып өнер иелерімен бірге кешегі дана бабаларымыз сияқты ел тізгінін ұстаған ұлағатты ұлдарында дүниеге келтірді. Олардың басында ҚазССР атқару комитетінің алғашқы төрағасы Елтай Ерназаров тұрса, Төлеби өрендері Қуаныш Төлеметов, Амалбек Тшанов , Халық Абдуллаев оңтүстік қазақстан , жамбыл облыстарын абыроймен басқарды . Қуаныш, Амалбек ағаларымыз Парламент Мәжілісінің депутаттары ретінде де ел абыройын асқақтатты. Бүгінде олардың іздерін Ержан Исақұлов , Сәуірбай Есжановтар абыроймен жалғастырып келеді.
  • Елтай Ерназаров
  • Амалбек Тшанов
  • Ержан Исақұлов
  • Сәуірбай Есжанов
  • Әуелхан Тұрғымбеков
  • Төлеби елі- батырлар мекені.
  • Сонау жоңғар шапқыншылығы кезінде халқымыздың апайтөс батырларымен бірге бабамыз Қапал батыр елін жерін қорғады. Кешегі Ұлы Отан соғысы жылдары Кеңес Армиясы қатарында мыңдаған өрендеріміз жаумен арпалысып , көпшілігі опат болды. Қарақозы Әбдәлиев, Николай Давыдович Свинарчук , Николай Иванович Огородников , Қосан Мамытов , Василий Семенович Грушко, Андрей Петрович Пшеничных , Николай Николаевич Редько сынды көптеген арыстарымыз ерен ерліктің үлгісін көрсетіп , Кеңестер Одағының Батыры атағын алды. Ел төсінде , еңбек майданында Жолымбек Қайназаров , Садық Көлбаев , Өсербай Нұрбаев , Сара Оңғарбаева , Орынкүл Көпбаева сынды 18- аға апаларымыз Социалистік Еңбек Ері атанды. Жерлесіміз Патшайым Тәжібаева қазақ әйелдері арасында алғашқы болып ғылымда сүрен салды.
  • Қосан Мамытов
  • Қаракозы Абдалиев
  • Қ.Мамытов атындағы мектеп
  • Төлеби елі – генералдар елі.
  • Ержан Бекбауұлы Исақұлов, Шерімхан Оралханұлы Шаңбаев , Ақжігіт Қалтайұлы Исабеков , Молдияр Оразалиев , Мүбәрәк Орынбайұлы Орынбеков есімдерін үлгі тұтқан жас өрендер оларға қарап бойын түзейді, ойын түзейді , жігері жанып , биікке талпынады.
  • Молдияр Оразалиев
  • Төлеби елі - спортшылар мекені.
  • Әлем кубогының екі дүркін иегері, Еуропа чемпионы , Мәскеу олимпиадасының күміс жүлдегері Серік Қонақбаев ұлт абыройын асқақтатты. Грек-рим күресінен әлем кубогының екі дүркін иегері , Еуропа чемпионы Бисолт Дециев тек ауданның ғана емес , ел мақтанышы да. Палуандар атасы атанған Жанпейіс Жабаев баптаған от жүректі өрендер Мұрат Қыпшақпаев Афины Олимпидасында әлемнің үздік ондығына іліксе, Нұрғали Танкейтегі мен Қанат Жорабеков әлем чемпиондары болды.
  • Бисолт Дециев
  • 2. Ленгір тарихы тереңде.
  • Ленгер атауының шығуы туралы әртүрлі болжамдар бар. Солардың бірі, ленгір кәсіпкер неміс капиталисінің фамилиясы екен дейді. Сол капиталист о баста осындағы тас көмір карьерін сатып алыпты-мыс. Кейін қала соның атымен аталып кеткен деседі. Ал оған дейін бұл Қаратас деп аталыпты деген әңгіме бар.
  • Кейбір көнекөз қарттар, бұл атауды Ленгір ата атымен байланыстырады. Ленгір баба осындағы көшпелі елге ислам дінін уағыздап, таратушы болған,- дейді. Ленгір атын осында өсетін шөппен, тіпті, батпақпен байланыстыратындар да бар. Егер бұған жүгінсек, Ленгірская тоғайының қалың қамыс, батпақ екені де рас.
  • 3. Аудандағы тарихи ескерткіштер.
  • -Туған елім маған әлі шешілмеген жұмбақсың- дей келе.
  • Ғайып Ерен Қырық Шілтен.
  • Ғайып Ерен Қырық Шілтен жайлы тағы бір аңыздарда (Қаз әйелдері журналы 2004 жылғы мамыр айы) төмендегідей суреттеледі:
  • Ислам дінінде «аруақ» деген ұғым бар. Араб тілінде «аруақ» - «рух» деген сөздің көшірмесі. Халық ұғымында «аруақ» деген сөзге «қасиетті» деген мән-мағына сіңген. Мынау тылсым дүниеде әртүрлі мақсаттармен өлмей тірі қалған «аруақтар» - яғни әулие адамдар болған. Халықтың көп білетіні – Ғайып Ерен Қырық Шілтен. Ғайып Ерен Қырық Шілтен – арабтың көне түркінің және парсы ның сөздерінен құралған ғажап тіркес. Арабтың «ғайыбы» - «жоқ болып кету», «көзден тасалану», «құдайылық іс», «адам» деген мағыналарда жұмсалады. «Шілтен» парсы тілінде «қырық тән немесе қырық дене» деген ұғым береді.
  • Ғайып Ерен Қырық шілтеннің тікелей өмірге келуіне Әл-Фарабидің тетелес замандасы, арабтың аса көрнекті ғұламасы Әл-Ғазали себепші болыпты. Ол он үш-он төрт жасында Үндістаннан Араб елдеріне білім іздеп шығады.Әкесі бір соғыс кезінде Үндістанға қашып барған араб екен.Арабияны өз отаным деп есептейді.Жолда керуені қарақшыларға тап болады.Керуендегілер ақшасын жасырады.Әл-Ғазали бір тиынын жасырмай,қалтасынан шығарып береді.Қарақшылар таңырқап,себебін сұрайды.Анамның «Құдайдан қорық,адам баласына қиянат жасама,өтірік айтпа адалдан мал тап деген өсиет орындап тұрмын»-дейді.Бұл сөз қарақшыларға қатты әсер етеді.»Мына қаршадай бала тегін болмауы керек.Біз құдайдан қорықпаймыз,адамдарға қиянат жасаймыз,өтірік айтып арамнан мал тауып жүрміз. Кішкентай бала құрлы бола алмадық-ау» - деп өзара күңкілдеседі.
  • Жемісті тұт ағашы.Бұл жерде айтылған тілек міндетті түрде орындалады. Ең алғашқы Құран да осы жерде оқылады.
  • Ұлдар деген апамыз осы жерде он үш жасында кереметтерге жолыққан кісі. Сол кезден бастап осы жолға түскен. Алланың мейір-шапағатына бөленген. Ол кісінің үлкен ұлы Қазақстанға белгілі суретші, үш бидің суретін тұңғыш салған Тоқболат Тоғысбаев, Кенже ұлы Ерболат әлемге танымал қылқалам шебері , ортаншы ұлы мен қызы да өз өмір жолдарында үлкен жетістіктерге жеткен бақытты жандар.
  • Адамзаттың белгісі - Ата мен Ана. Оң қабатта- Ата тас, сол қабатта- Ана тас тұр. Екеуінің арасында саңылау бар, екі қатпар тастың басында жастығы бар. Ата тас жел жағында яғни, Ата Ананы желден, жаңбыр, қардан қорғап тұр. Рухани жеңілдік тілеген адам, не Ата мен Ананың ортасынан , не Ата қолтығынан өтеді. Атаның бас жағында ер адам «Ата оң іздігің сәлем беріп тұр» деп, бес саусақтың орны қалған таңбаға саусақтарын тигізіп ишарат етеді. Әйел баласы тек қана иіліп сәлем жасайды. Ана бетінде ана шарасы, ана нәрестесі, ана сүті, ана қамыры бар. Бұл белгілер әйел баласының не нәрсеге ие болуы керектігін аңғартады.
  • Құран оқитын жай.
  • Бұл жерге келген адамдар барлық ата бабаларына, өлі аруақтарға Құран бағыштайды.
  • Оң ізділік, сол ізділік белгісі.
  • Бұл белгі қыз балаға қарағанда ұлдардың жолының үлкендігін аңғартады. «Атадан ұл туса өзінің қалғаны, атадан қыз туса ізінің қалғаны» деген мақал осыдан қалса керек.
  • Қуаттылық жылу белгісі
  • адамның бойына ізгілік,шапағат нұрын құяды деседі
  • Кеме белгісі
  • Бұл белгі Нұх пайғамбардың адамзатты топан судан аман алып қалған
  • Кемесін еске түсіреді.Бүкіл тіршілік иелері жан-жануарлар осы кемеде аман қалып Тіршілігін ары қарай жалғастырған
  • Дүкен жаятын белгі
  • Адамдар өздері күнделікті қолданатын заттарды(қаламсап, көлік кілті, төлқұжат т.б.) тас тұғыр үстіне қойса, әлгі нәрселер тазарып, қуаттанып, адалдық дариды деп түсінген.
  • Ойсыл қара белгісі
  • Шөгіп жатқан түйені көз алдына елестеді.Бұл белгі таң шуағынан адамзат баласына жақсылық тілейді.
  • Нәресте өтетін белгі
  • Ертеректе адамдар баланы мықты,дені сау болып өссін деп нәресте өтетін белгіден
  • Өткізіп алатын болған.Белгіге Көңіл бөліп қарасаңыз,ананың босанатынын сезінуге болады.
  • Дастархан белгісі
  • Зияарат етушілер ырыс несібе мол болсын, дастархан берекелі болсын тілек тілейді.
  • Белгіні айнала адам заттың оңіздік, ердәуіт белгісі, айыр тұйақ (піл т.б)
  • Қатты тұяқ(ат,жираф,т.б.) тырнақтылар (арыстан) шоғырланған.
  • Ата, ана, қыз, бала белгісі
  • Әр адамның отбасына амандық, балаларына жаксылык
  • Қырық қыз аңызы.
  • Көнеден келе жатқан және бір аңызға сүйенсек, бұрынғы жау кершілік заманда жау шапқыншылары елден тысқары Қарабау суына шомылып, алансыз серуендеп келе жатқан қырық қызды көріп, сондарынан қуса керек. Сонда қыздар құдайға: «Елімізді, жерімізді жауға таптапқанша, мына жауды да бізді де тасқа айналдыр!» - деп жалбарынған екен дейді. Қыздардың тілегі қабыл болып, жау қара тасқа айналады. Ол жер қазір Қаратас деп аталады. Ал қыздар әсемдене тізілген қайталанбас ғажайып ескерткішке айналған деседі. Бұл ескерткіш тас мүсіндер Тұрбат ауылының солтүстік-шығысындағы Аққұм өзенінің бастау алар жерінде. Ауылдан 5-6 шақырым жердегі Сарқырама жардың қасында. Қырыққыз деп аталатын тағы бір тас мүсіндер Өгем қойнауына түсе берісінде, Қазығұрт тауының шығыс мүйісінің (орда қонған) оңтүстік- шығысында, 4-5 шақырымдай қашықтықта
  • Аныз бойынша Өгем тауының биіктерінде ұрыс салып жүрген Күнханша мен Айханша дер кезінде көмекке келе алмай қалады. Мына тас мүсіндерді көрген Күнханша тобы да күйіктен Аллаға жалбарынып тасқа айналыпты, ал Айханша Өгем қойнауындағы елге тиіскен жауды талқандап, соңынан ұзақ уақыт осы елдің әділ ханы болыпты. Өгем тауы (биіктігі 2000 м), Өгем ойпаты –бұл өлкенің алтын дінгегі, алтын қазынасы. Ол қоңырсалқын климаты, мөлдір таза суы, шүйгін шөбі, өсімдік дүниесінің молдығы, орман байлығы, бау-бақша өсімдіктерінің айрықша көптігі мен ерекшеленіп тұрады. Төрт түліктің, жалпы жануарлар дүниесінің өсіп- өнуінеаса қолайлы. Өгем –шатқал. Оңтүстік Қазақстандағы табиғаты керемет қазыналы аймақ. Талас Алатауының оңтүстік беткейіне созыла түсіп, Ақсу Жабағылы қорығының солтүстік-батыс бөлігін алып жатыр.
  • 3. Аймақтағы тарихи оқиғалар.
  • Ойрантөбе оқиғасы.
  • Ойрантөбе ... Бүкіл қазақ жерінде екеу – ақ сияқты. Жетісуда Райымбек батыр жоңғарлармен соғысқан бір төбе Ойрантөбе ретінде белгілі. Меркі мен Құлан ауылдарының арасында Алатаудың сандық жайлауына апаратын шатқал аузының Ойранды аты қалыпты... Бірақ төбе емес.
  • Қорғандар, Төбелер, Обалар....
  • Маятастағы төбе
  • Кешегі жоңғар шапқыншылығының бір кезеңдерінде қазақ ханы Есімхан бүкіл қазақ қолын осы Бадам өзені бойында біріктіріп,топтастырғаны тарихтан белгілі.
  • Шындығында Тоғыс елді мекенінің аймағында,Бадам өзенінің екі жағасының өзенінде көптеген ежелгі қорғандар мен қалашық орындары бар.Мәселен,өзеннің Маятас елді мекені тұсында сол жақ жағалауында I-IVғ.ғ.қорған орны табылған.Тоғыс елді мекенінің батыс бөлігінде Маятас су қоймасы маңында I-IV ғ.ғ.жеке қорған орны табылған.Елді мекен орталығынан 3шақырым солтүстік бағытта,Бадам өзенінің оң жақ жағалауынан XII-XVII ғ.ғ.Тоғыс қалашығының орны табылған.Аталған елді менннкеннен батысқа қарай 4 шақырым қашықтықтағы Бадам өзені жағасынан VIII-XII ғ.ғ.Жартытөбе қонысының орны анықталған. Сондай-ақ Тоғыс елді мекенінің солтүстік бөлігіндегі Тоғыс өзенінің оң жақ жағасынан тізбектелген үш қорғанның орны табылған.

Қорытынды

  • Пайдаланылған әдебиеттер.
  • «Казақстан қорықтары» т.1,Алматы, «Санат», 2008ж. 488бет.
  • «Оңтүстілк Қазақстан: Шығармашыл зиялылар»,1 басылым, Алматы,
  • «Нұрлы әлем», 2001ж. 320бет
  • «Үш пайғамбар» Алматы, Дәуір, 1992ж. 184бет
  • «Зерттеу мақалалар мен толғаулар . Құрастырған М.Есламғалиұлы»
  • Алматы , «Жазушы», 2000ж.104бет
  • «Қазғұрт» . Қалаубек Тұрсынқұлов
  • Даңқ ,Алматы ,2009ж.
  • 7. «Бәйдібек» , Еркінбек Тұрсынов, Алматы «Нурлы әлем» , 2006ж.
  • 8. «Қазығұрт: Аңыз бен ақиқат» Қ . Тұрсынқұлов,Алматы,1988ж.
  • 9. «Төле би . Есімхан. Дастандар» Қ. Байболұлы , Алматы 1991ж.
  • 10. « Бекзаттық», О. Сүттібайұлы, Алматы , « Нұрлы әлем» 2010ж.
  • 11. « Наурыз қалай тойланған ?» « Оңтүстік Қазақстан» газеті №44
  • 45,26.03.2011ж. Ш.Орынбай
  • 12. « Ана тілі» газеті «Ақ бегі айдай жарқырап» №16 2011ж.
  • 13. « Айғақ» газеті «Зұлмат жылдардың құрбандары» №22 06.06.2007ж.
  • 14. « Тіл ұшындағы тарих», Б.Серікбайұлы , Алматы , «Жазушы», 2003ж. 15.«Ата қоныс» ,Қ.Сыздықов, С.Жолдасов, Шымкент 1992ж.16. «Фольклор және Жамбыл» С,Садырбайұлы , Алматы «Ана тілі» 1996ж.
  • 17. «Азаттықтың ақ таңы» Ә,Кекілбай , Алматы , «Қазақстан» 1998ж
  • 18.Оңтүстік Қазақстан Облысындағы жер су , елді мекен атауларының қысқаша тарихы – Алматы : «Нұрлы әлем» баспасы, 2009 жыл – 240 бет.
  • Назарларыңызға
  • рахмет!

Каталог: files
files -> Бастауыш білім беру деңгейінің ОҚу пәндері бойынша үлгілік тақырыптық жоспарлары
files -> Астрономия Мазмұны
files -> 1 фантастика жанрыныњ типологиясы
files -> Қазақстан тарихы 5 сынып. 2013-2014 оқу жылы
files -> Расул гамзатов
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> «№ мектеп-лицей» мемлекеттік мекемесі Күнтізбелік- тақырыптық жоспар
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет