Минералды шикізатты базасы



бет10/14
Дата21.05.2020
өлшемі1.12 Mb.
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Әлсіз магнитті айырғыштар

Дымқыл магнитті байыту

Дымқыл байытуда материалдың ірілігі 6 мм аспау керек. Қазіргі кезде күшті магнитті руаларда дымқыл магниті рудаларда дымқыл магнитті байыту кезінде барабанды айырғыштар ПБМ қолданылады. Сур.1.

Айырғыштың барабаны 1 және алты полюсті жүйесі 2 бар. Ол тұрақты магнитен жасалады. Астау 4 , енгілетін қорап , құйылатын қорабы суды шаю 3 үшін .Барабанның үстінгі бөлігі резинамен жабылған.

ПВМ -90/250 айырғшы үш түрлі жағдайда шығарылады: тура ағынды және жартылай қарсы ағынды астаулар.

Айырғыш келесі түрде жұмыс істейді. Пульпа айналатын барабанның астына беріледі және қисық сызықта троектория арқылы жұмыс аймағының көмегімен орын ауыстырады. Магнитті минералдар магнитті жүйе аймағында барабанға тартылады және концентраты бөліміне астауға шығарылады.Шығару мен қатар концентрат барабаннан сумен шайылады.

Магнитті емес минералдар жұмыс аймағынан өтеді де астаудың қалдық бөліміне беріледі, өнім шығарылуы арнайы тесіктерден шығарылады.


Сур.1 – Барабанды айырғыш ПБМ- 90/250 дымқыл руданы байыту үшін:

а – тура ағынды астау; б – қарсы ағынды сатау; в – жартылай қарсы ағынды астау
Құрғақ магнитті байыту.

Күшті магнитті құрғақ байыту кезінде руданың ірілігі 50 мм аспау керек.

Құрғақ айыру кезінде ұсақ күшті материалдарды ПБЦ -63/50 айырғышы қолданылады (сур.2).Айырғыш барабанның обечайкасы 3 магнитті емес қалындығы 1,2-2 мм тот баспайтын материалдан жасалады,тұрақты магниттер қозғалмайтын магниттті жүйе 4 балқымадан жасалған. Полюстің полярлығы барабан периметрі бойынша өзгеріледі.

Айырғыш келесі түрде жұмыс істейді. Шығыс руда бункеріне 1 виброқайықтың 2 көмегімен және жетек 7 барабанның жоғарғы бөліміне келеді. Магнитті фракция барабанның үстіне тартылады және бункер 5 түседі. Магнитті емес фракция барабанмен тасымалданады және магнитті емес өнімнің бункеріне беріледі.


Сур.2 - Барабанды айырғыш ПБСЦ-63/50 құрғақ руданы байыту үшін



Күшті магнит өрісті айырғыштар

Дымқыл магнитті байыту.

Екі валкалы электроагнитті айырғыш 2ЭВМ -30/100 сур.3. Екі валкадан 4 тұрады, төрт полюсті наконечниктер 5 , электромагнит орамасы 3 , берілетін қондырғы 1 , оң және сол жақты қабылдайтын астаулар 8, 9. Шығыс өнім бункерге 1 лоток 2 арқылы сумен валкалардың 4 арасындағы тесіктерге беріледі және полюсті наконечник 5 магнитті жүйенің Күшті магнитті минералдың дәндері магнит жүйенің әсерінен айналатын валкаларға тартылады, содан соң сумен 9 қабылдағышқа шайылады. Ал магнитті емес дәндер ауырлық күшінің әсерінен магнитті емес өнім 8 қабылдағышқа келеді.



Сур.3 – Әлсіз магнитті руданың электромагнитті валкалы айырғышы

1 – Рукданың бункері; 2 – лоток; 3 – электромагнит орамасы; 4 – валок; 5 – полюсті ұшы; 6 – валок; 7 – ұстағыш рама; 8 – магнитті емес өнімнің қабылдағышы; 9 – магнитті өнім қабылдағышы.
Құрғақ магнитті байыту

Темір құрамды шыны қоспалы, керамикалы және абразивті шикізатты тазартуға 6ЭВС- 36/100 (сур.4) айырғышы сирек металдардың құрғақ айырғышына және т.б. құрамды магнитті рудаларда қолднылады.Айырғыш төрт комбинирленген валкасы 1 бар, жүрекшелер 4 , қыздыру катушкасы және төрт полюсті наконечник 2 . Жоғарғы және төменгі катушкалар электромагнит жүйесіндегі ток бір бағытта болуы керек.



Шығыс материал қоректенгіштен жұмыс аймағының жоғарғы каскадасының лоткаларына беріледі. Магнитті бөлшектері валкалардың тістеріне тартылады және магнитті фракция секциясына шығарылады. Магнитті емес фракция тесіктер арқылы плюсті наконечниктің жоғарғы каскадасынан өтіп және тазалайтын операцияға түседі , онда ол жұмыс аймағының 4 төменгі каскада айырғышына келеді. Магнитті фракцияның екі каскадаларының айырғышы қосылады. Ал сирек кездесетін металдардың концентратын алуда вольфрам және т.б. материалдар дискілі айырғыштар қолданылады.

Сур.4 – Айырғыш 4 ЭВС-30/100

1 – валок; 2 – полюсті ұшы; 3 – қыздыру катушкасы; 4 – жүрекшелер;
5 – қоректенгіш; 6 – магнитті және магнитті емес фракцияның қабылдағыш астаулары.
Жоғарғы градиентті айырғыштар.

Жоғарғы градиентті айырғыштар барабанды магниті айырғыштан айырмашылығы , ол ұсақ магнитті тасымалдағыштар арасындағы тесіктер арқылы күшті магниті өріс индукцияланады. Полиградиентті орта ретінде кіші диаметрлі шарлар қолданылады. Полиградиентті ортаның ерекшелігі , кіші өлшемді көршілес шарлар бір біріне бір нүктеде қосылады. Жоғарғы градиент айырғыштың жұмыс принципі мен көрсеткіші сур.5 көрсетілген. Барабан 5 айырғыштың ішінде жылжымайтын бес полюсті магнитті жүйе 4 ораласқан , айырғыштың жұмыс орны шарлармен 3 толтырылған. Астау 10 және барабанның арасында сүйір тәрізді елеуіш 7 орналасқан. Ол босағамен 8 бөлінеді. Айырғыш қоректегішпен 1 жабдықталған,қыстырмалы валиктар 11, шашыратқыштар 2 және 6. Айырғыштың барлық желісі рамада 9 қыстырылған . Шығыс материал пульпа ретінде қоректенгіштен шардың қабатына беріледі, ол барабанда магнитті жүйенің өрісінде ұсталып тұрады. Магнитті емес бөлшектер шар қабатынан өтеді де және астаудың қалдық бөліміне келеді. Магнит бөлшектер барабанның жоғары бөліміне көтеріледі онда шашыратқыш 2 арқылы магнитті емес бөлшектер сумен жуылады. Шарлар магнитті бөлшектермен барабанмен бірге тасымалданады және елеуіштен түседі , онда магнитті бөлшектер шашыратқыштар 6 арқылы сумен жуылады. Магнитті бөлшектер концентратта және аз мөлшерде промөнімге түседі.



Сур. 5 – Жоғары градиентті магнитті айырғыш

1 – қоректенгіш; 2, 6 – шашыратқыштар; 3 – шойышарлар; 4 – магнитті жүйе; 5 – барабан; 7 – елеуіш; 8 – табалдырық; 9 – рама; 10 – астау;
11 – қыстырма валиктер.
Тест тапсырмалары

1.Электромагнитті байытуды не үшін қолданылады?

А) магнитсіз бөлу үшін

B) таза зат алу үшін

C) негізді алу үшін

D) темір алу үшін

E) хром алу үшін

2. Магнитті айырғыштарды қалай бөледі?

А) әлсіз, күшті

B) күшті


C) әлсіз

D) градиентті

E) магнитті
3.Құрғақ байыту кезінде кенді қанша мөлшерде алады?

А) 3-тен 100-150мм

B) 4-тен 120-160мм

C) 7-тен 140-160мм

D) 2-ден 120-130мм

E) 2-ден 130-160мм


4.Дымқыл байыту кезінде кенді қанша мөлшерде алады?

А) 3-6мм


B) 4-5мм

C) 5-7мм


D) 8-9мм

E) 10-11мм


5.Магнитті – динамикалық байыту қандай процеске жатады?

А) гравитациялық

B) гидравликалық

C) магнитті

D) динамикалық

E) гидроскопиялық


6. Жоғары градиентті айырғыштың принципі неде?

А) ұсақтайды

B) ірілейді

C) гравитациялайды

D) электромагниттейді

E) комбинирлейді




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©engime.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет