Министерство внутренних дел



бет3/6
Дата31.01.2018
өлшемі2,26 Mb.
#36878
1   2   3   4   5   6

Қазақстан Республикасының шетелдердегі мекемелері берген қайтып оралуға арналған куәлік бойынша Қазақстан Республикасына келген Қазақстан Республикасының азаматтарын тіркеу одан әрі жоғалған құжатты қалпына келтіре отырып, уақытша жеке куәлік бойынша жүргізіледі, бұл ретте мекенжайға кету парағы ұсынылмайды.


«16» коды құжаттардың түрлерiнiң өзгеруiне байланысты иесiнiң қалауы бойынша жеке куәлiкке және паспортқа формуляр ресімдеу кезінде көрсетіледі.

«17» коды қолындағы жеке куәлігі немесе паспорты негізінде алғаш рет Қазақстан Республикасы азаматының паспортын немесе жеке куәлігін алу үшін формуляр толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қолындағы жеке куәлігінің немесе паспортының деректерi жазылады.

«18» коды жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімінің өтуіне байланысты формуляр толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда өтініш иесінің қолындағы жеке басын куәландыратын құжаттың деректерi жазылады.


  1. шетелдіктерді және азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру кезінде:

«00» коды Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын азаматтығы жоқ адамдардың 16-жасқа толмаған балаларына азаматтығы жоқ адамның куәлігіне формуляр толтыру кезінде көсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда тұрғылықты жері бойынша баланың тіркеуде болуына тексеру жүргізілген туу туралы куәліктің деректері, жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН) жазылады, формулярдың артқы бетіндегі бос орында көрсетіледі.

Балалардың жеке басын сәйкестендіруді жүргізу үшін олардың жеке болуы қажет.

ЖСН болмаған кезде оны генерациялау республика азаматтарымен бірге жалпы негізде аумақтық бөліністермен жүзеге асырылады;

«03» коды тұрақты тұратын шетелдіктің шыққан елінің азаматтығын өзгертуіне байланысты формулярды толтыру кезінде көрсетіледі. Бұл ретте, 9, 10, 11 жолдарында шетелдіктің бұрынғы ықтиярхатының деректері жазылады. Формулардың артқы бетіндегі бос орынға ұлттық паспорттың нөмірі, берілген күні және берген органы көрсетіледі;

«04» коды Т.А.Ә (ол болған кезде) ауыстыру кезінде формулярды толтыру барысында көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда бұрынғы құжаттың деректері жазылады, 5-жолда бұрынғы тегі, ал 3 және 4-жолдардың астында бұрынғы аты, әкесінің аты көрсетіледі.

Осы код бойынша азаматтығы жоқ адамдар некеге тұру немесе бұзына байланысты тегін ауыстыру кезінде құжаттандыруды некеге тұру (бұзу) туралы куәліктегі жазбаға сәйкес жүзеге асырылады, олардың деректері формулярдың артқы бетіндегі бос орынға жазылады;

«05» коды туған кезін өзгерткен кезде көрсетіледі, бұл ретте, 9, 10, 11-жолдарда жеке басты куәландыратын бұрынғы құжаттың деректері жазылады;

«04, 05» кодтары бойынша формулярды толтыру кезінде шетелдіктің жеке басын сәйкестендіру шетелдіктің ұлттық паспортына сәйкес жүргізіледі;

«06» коды жеке басты куәландыратын әзірленген құжаттарда жазбаның дұрыс болмауы анықталған жағдайда көрсетіледі. 9, 10, 11-жолдарда дұрыс емес жазба анықталған құжаттың деректері жазылады.

Формулярды ресімдеу республика азаматтарымен бірге жалпы негізде, шетелдіктерді құжаттандыру кезінде фотосуреттердің сәйкес келмеуі анықталғаннан басқа, жүзеге асырылады.

Шетелдіктің жеке басын растау ұлттық паспорттың негізінде жүргізіледі;

«07» коды құжаттың бұдан әрі қолдануға жарамсыздығы (бүлінуі, ескіруі, техникалық ақаулар, азаматтығы жоқ адамның куәлігінің барлық беттері пайдаланылған) жағдайларда көрсетіледі.

Сонымен бірге, «07» коды формулярды «талап етілмеген» себебі бойынша деректер базасына жарамсыздар қатарына енгізілген құжаттың негізінде ресімдеген кезде көрсетіледі;

«09» коды құжатты жоғалту себебі бойынша формулярды толтыру кезінде көрсетіледі, бұл ретте, 9, 10, 11-жодарда жеке басты куәландыратын құжаттың деректері жазылады.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан адамдар ішкі істер органдарына осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша құжатын қайда, қашан және қандай жағдайларда жоғалтқанын көрсетумен жазбаша өтініш береді.

Жоғалтқан құжат жөніндегі мәліметті беру және жеке басты растауға тексерісті деректер базасы бойынша уәкілетті қызметер жүргізеді;

«10» коды құжаттандырылатын адамдар тіркелген мекенжайларын өзгерту кезінде көрсетіледі, егер жеке басты куәландыратын құжатта тіркелген мекенжай (облысы, қала, аудан, көше, үй, пәтер) жаңа тіркелген мекенжайға сәйкес келмеген болса.

9, 10, 11-жолдарда жеке басты куәландыратын құжаттың деректері жазылады және 14-жол (бұрынғы тұрған жері) толтырылады;

«11» жол шетелдіктерді, азаматтығы жоқ адамдарды алғаш рет құжаттандыру кезінде көрсетіледі.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға формулярды «11» код бойынша ресімдеуді уәкілетті қызметкер мынадай тәртіпте жүзеге асырады:

шетелдіктерге:

Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру туралы шешім қабылданған кезде және тұрғылықты жеріне тіркелген кезде формулярдың 9, 10, 11-жолдарында шетелдіктің ұлттық паспортының деректері жазылады;

азаматтығы жоқ адамдарға:

ішкі істер органдарымен Қазақстан Республикасының азаматтығына, қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігі анықталмаған кезде, бұл ретте, формулярдың 9, 10, 11-жолдарында 1974 жылғы үлгідегі паспорттың немесе туу туралы куәліктің деректері жазылады;

қандай да бір мемлекеттің азаматтығы жоқ адамдар мәртебесінде Қазақстан Республикасына келгендер, бұл ретте, формулярдың 9, 10, 11-жолдарында келген елдің азаматтығы жоқ адамның куәлігінің деректері жазылады;

Президенттің Жарлығы бойынша Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан кезде, формулярдың 9, 10, 11-жолдарында ІІМ-нің № 85 бұйрығымен бекітілген Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтықтан шығу туралы анықтаманың деректері жазылады;

Келген елдің азаматтығынан шығу кезінде, формулярдың 9, 10, 11-жолдарында тиісті мемлекеттің құзырлы органы берген басқа елдің азаматтығы тоқтатылғаны туралы анықтаманың нөмірі, берілген күні, берген орган көрсетіледі (анықтаманың көшірмесі ресімделген формулярмен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ КҚПД-ге жолданады);

«14» коды формулярды елдімекеннің атауы өзгеруі себебі бойынша толтыру кезінде көрсетіледі. 14-жол толтырылмайды, ал 9, 10, 11-жолдарда қолда бар құжаттың деректері жазылады.

«18» коды формулярды шетелдіңтің ықтиярхатының немесе азаматтығы жоқ адамның куәлігінің қолданылу мерзімі бітуіне байланысты толтыру кезінде көрсетіледі, бұл ретте 9, 10, 11-жолдарда қолда бар құжаттың деректері жазылады.

«01», «02», «08», «12», «13», «15», «16», «17» кодтары бойынша шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды құжаттандыру жүргізілмейді.

Формулярды толтыруға жеке басты куәландыратын құжаттың жарамдылық мерзімінің өтуіне бір ай қалған кезде рұқсат етіледі.

13. Әр 10 күн сайын жоғалған, күшін жойған, сондай-ақ қайтыс болған, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шыққан, оны жоғалтқан, негізсіз берілген жеке басты куәландыратын құжаттар туралы мәліметтер Ішкі істер департаменттерінде жинақталады және одан әрі Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне мемлекеттік шекараны өту кезінде алып қою және ІІМ КҚПД-ге деректер базасына түзетулер енгізу үшін жолданады.

Т.А.Ә. (ол болған кезде), жерiн, туған күнiн ауыстыруға байланысты формулярды толтырған кезде айқындамалық деректерiн (Т.А.Ә. (ол болған кезде) ұлтын, туған күнi және жерiн) өзгертуге байланысты аудандық және қалалық ішкі істер органдарына жеке басты куәландыратын құжаттарды ауыстыру мәселесi бойынша өтiнiш бiлдiрген азаматтар туралы мәлiметтер әр айдың 15-і және 30-ы күнiне ҚСжАЕАК аумақтық басқармасына жолданады.

14. Құжаттарды қабылдаған уәкілетті қызметкер тексеру материалдарына тігілген барлық анықтамалар мен құжаттардың көшірмелерін құжаттың түпнұсқасымен салыстыра отырып тексереді, содан кейін құжаттың көшірмелеріне «Көшірмесі дұрыс» деген жазба қойып, паспорттық елтаңбалы мөрмен растайды, салыстыра тексеруді жүргізген қызметкердің Т.А.Ә. (ол болған кезде), лауазымы көрсетіліп, қолы қойылады.

15. Құжаттандыру мәселелері бойынша өтініш білдірген адамдардың өтініштері ішкі істер органының кеңсесінде тіркеледі, жеке басын анықтау, айқындамалық деректерін ауыстыру бойынша қорытынды қорытындыларды тіркеу журналына тіркеледі.

16. Құжаттандыру мәселелері бойынша азаматтар ұсынған құжаттардың түпнұсқалығы немесе Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігі күмән тудырса, сондай-ақ формулярды уәкілетті қызметкер негiзсiз ресiмдегені анықталған кезде, құжаттандырылатын адамның жеке басын қосымша тексеру жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілген санаттағы адамдарды тексеру аяқтағаннан кейін уәкілетті қызметкер екі жұмыс күні ішінде олардың жеке басын анықтау және жеке басын куәландыратын құжаттарды беру бойынша қорытынды шығарады, оны Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) бастығы немесе оның орынбасары бекітеді, содан кейін қорытындыларды тіркеу журналына тіркейді. Жеке басын куәландыратын құжаттарды беруге формулярды толтыру кезінде, қорытындының нөмірі мен күні формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға көрсетіледі және паспорттық елтаңбалы мөрмен куәландырылады.

17. Формулярдағы 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 12-жолдар оны толтыру үшін негiз болған құжатқа сәйкес толтырылады. Формулярдағы және жеке басты куәландыратын құжаттар алуға түбiртектегі Т.А.Ә. (ол болған кезде) жазба бiрдей болуы тиіс. 7-жолда ерлерге - 1, әйелдерге - 2 саны қойылады.

Азаматтығы жоқ адамдарға формуляр ресімдеген кезде, «ұлты» көрсетілген 8-жолға осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес елдердің анықтамалығы бойынша азаматтығы бар елдің коды көрсетіледі;

Формулярдағы 9, 10, 11-жолдар кодтарды бiрге қоя отырып, оны ресiмдеу үшiн негiз болған құжатқа сәйкес толтырылады:

«01» туу туралы куәлiк;

«02» 1974 жылғы үлгiдегi бұрынғы КСРО паспорты;

«03» Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлiгi;

«08» Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау туралы анықтама, азаматтығы жоқ немесе азаматтығы тоқтағаны туралы анықтама (азаматтығы жоқ адамның куәлігін ресімдеген кезде);

«10» уақытша жеке куәлік (тек жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ азаматтар үшін 1-жолда «11» кодын қою кезінде);

«12» Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

«13» шет мемлекетте уәкілетті органдар берген шетелдіктің паспорты, азаматтығы жоқ адамның куәлiгi;

«14» шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

«15» Қазақстан Республикасының уәкілетті органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлiгi.

11-жол қысқартусыз толтырылады, құжатты берген қалалық, аудандық органның атауы, сондай-ақ облыстың атауы, Астана, Алматы қалалары толық көрсетiледі.

Формулярдың 12-жолында Қазақстан Республикасының аумағында туған адамдар үшiн көрсеткен құжатына сәйкес тиiстi жолдарда – облыс, Астана, Алматы қалалары, аудан және оларға тиiстi кодтар, елдi мекен жазылады. Шетелде туған адамдарға тиiстi жолдарда тек елдің атауы жазылады, коды осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес елдердің анықтамалығына сәйкес көрсетіледі.

Формулярдың 13, 14-жолдары тиiстi жолдарда құжаттанушы адамның қазiргi және бұрынғы тiркелген тұрғылықты жерiнiң мекенжайы көрсетiле отырып, толтырылады.

14-жол тек тіркелген мекенжайын ауыстырған кезде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшiн қайтып оралған кезде толтырылады.

Формулярдың 15-жолы мынадай жағдайларда толтырылады:

егер құжатталатын адам Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылданса, бұл ретте, тиiстi жолдарда бұрын азаматтығында тұрған елдің және азаматтыққа қабылданған күнi және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес анықтамалық бойынша азаматтығы бар елдің коды көрсетіледі;

формуляр азаматтығы жоқ адамдарға толтырылған кезде, тиісті жолдарда «990» коды қойылады.

Формулярдың 16-жолы құжаттанушы адамның отбасылық жағдайына сәйкес бір, екі, үш, төрт кодтарын қою арқылы толтырылады. «Екі» кодын қою кезiнде жұбайының Т.А.Ә. (ол болған кезде), некенiң тiркелген күнi және некені тiркеген орган, жұбайлардың некеге тұрғанға дейiнгi бұрынғы тегi жазылады.

Формулярдағы 17-жолда тиiстi жолдарда 16 жасқа толмаған балалардың Т.А.Ә. (ол болған кезде) және туған күні жазылады. Егер құжаттанушы адамның 16 жасқа толмаған үштен көп балалары болса, олар туралы мәлiмет формулярға жапсырылатын «17-жолға қосымша» деген жазба енгiзiлген жеке парақта жазылады.

Формулярдың 18, 19-жолдарында ата-анасының Т.А.Ә. (ол болған кезде) және олардың туған күнi жазылады. Құжаттанушы адамның ата-анасы туралы қандай да бiр мәлiмет болмаған жағдайда 18, 19-жолдарда «Мәлiметтер жоқ» деген жазба жазылады.

Формулярдың 20-жолында жеке басты куәландыратын құжаттардың нөмiрлерi және олардың әзірленген күнi, иесiнiң құжаттарды алған күнi, оның қолы, сондай-ақ құжатты берген қызметкердiң тегi мен қолы көрсетіледi.

Азамат Ішкі істер органдарына қайтарылуға жататын жеке басты куәландыратын құжаттарды жоғалтқан жағдайда адамнан еркін нысанда жазылған, құжатты жоғалтудың мән-жайын көрсетілген өтініш алынады, оның тіркеу нөмірі формулярдың сыртқы бетіндегі бос орында көрсетіледі.

18. Жеке басты куәландыратын құжаттарды алуға түбіртек толтырылғаннан кейін формуляр бланкісінен бөліп алынады және құжаттанушы адмға беріледі.

19. Формулярды толтырудың негізділігі мен дұрыстығы формулярды толтырған уәкілетті қызметкердің қолымен, оған берілген дербес коды көрсетіле отырып, расталады. Дербес кодтар деректер базасында сақталады, формулярларды ресімдейтін уәкілетті қызметкерлерге оларды ресімдегені үшін дербес жауапкершілік жүктеледі. Уәкілетті қызметкерлердің дербес кодтары басқа адамдарға қолдану үшін беруге жол берілмейді.

Қазақстан Республикасы азаматтарына формулярларды ресімдеуге рұқсат берілген уәкілетті қызметкерлердің дербес кодтары бес таңбалы әріпті-санды индекстерден тұрады, ондағы 1-ші белгі (латын әрпі)- облыстың коды, 2-ші белгі (орыс тілі алфавитінің әрпі) - ауданның коды, 3-ші, 4-ші және 5-ші белгілер – өңір ішінде уәкілетті қызметкерлердің реттік тіркеу нөміріне сәйкес келетін 00 ден - 999 дейінгі араб сандары.

Шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға формулярлар ресімдеуге жіберілген уәкілетті қызметкерлердің дербес кодтары үш таңбалы цифрлік индекстерден тұрады, 1-белгі – облыстың коды, 2-белгі – аудан коды, 3-белгі – уәкілетті қызметкердің тіркеу реттік нөмірі.

Формулярларды толтыратын уәкілетті қызметкерлер ауысқан кезде олардың дербес кодтары жарамсыз деп есептеледі, ал жаңадан тағайындалғандарға жаңа дербес кодтар беріледі. Бұл ретте оларға кодтың алғашқы екі белгісін өзгеріссіз қалдырып, осы бөліністегі пайдаланылмаған бос реттік нөмірлердің арасынан келесі код белгісі беріледі. Дербес кодтардың әріптік индекстерін ІІМ КҚПД береді, сандық индекстерді Ішкі істер департаменттерінің көші-қон полициясы бөліністері (бұдан әрі – ІІД) жаңартады және ІІД бастықтарының бұйрықтарымен бекітіледі.

20. Жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік баждың төлегені туралы түбiртектерде формулярлардың нөмiрлерi жазылады. Түбiртектер құжаттарды дайындауға жіберілетін формуляр тізілімдемесінің бір данасымен салық органы ревизия жүргізгенге дейiн формулярдың толтырылған жерi бойынша ішкі істер органдарында сақталуы тиiс. Ревизия жүргізілгеннен кейін бір жылдан соң түбіртектерді қатаң есептегi бланкiлердiң тексеріс актiлерінде құжаттар үшін төленген жалпы соманы көрсете отырып, ішкі істер органының ішкі тексеру комиссиясы жояды.

2-параграф. ХҚТ ТП және ШҚТ ТП ақпараттық жүйелері арқылы жеке басын куәландыратын құжаттарды әзірлеу үшін электрондық формулярларды ресімдеу, толтыру

21. Жеке басын куәландыратын құжаттарды әзірлеу үшін электрондық формуляр ХҚТ ТП ақпараттық жүйесі арқылы ресімделеді және толтырылады. Электрондық формулярдың нөмірі мен штрих-коды автоматтандырылған режимдегі бірыңғай ақпараттық жүйемен қалыптастырылады.

22. Электрондық формулярдың негізділігі мен дұрыс толтырылуы уәкілетті қызметкердің электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) расталады.

ЭЦҚ электрондық цифрлық қол құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық символдар жиыны болып табылады және электрондық өтінімді құжаттандыруға және орталық торапқа тіркеуге (тіркеу есебінен шығаруға) жіберу кезеңінде қолданылады.

ЭЦҚ тұлғаның өз қолымен қойылған қолына теңестрілген және электрондық формулярға қол қою үшін бірдей заңды жауапкершілікті жүктейді.

ЭЦҚ оған заңды негізде ие болған адамдардың меншігі болып табылады және басқа адамдарға оны қолдану үшін берілмейді.

23. ЭЦҚ алу үшін ІІД уәкілетті қызметкерлерді тағайындайды, олар өтінім беру, аумақтық бөліністердің уәкілетті қызметкерлерін сәйкестендіру процесін өткізу және тіркеу куәліктерін алу үшін жауапты болады.

24. ЭЦҚ-ның жарамдылық мерзімі тіркеу куәлігі шығарылған сәттен бастап бір жылды құрайды. ЭЦҚ қайта алу үшін мерзімі өтерден он күн бұрын жаңа өтінім беру қажет. ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да жұмысты жүзеге асыратын уәкілетті қызметкерлер ауысқан кезде, ЭЦҚ алынбалы тасымалдағышпен бірге ІІД-ге тапсырылады. Ішкі істер департаментінің уәкілетті қызметкері тіркеу куәлігін кері шақыртып алуға өтінім береді.

25. Уәкілетті қызметкерлер ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-нің ақпараттық жүйесінде тіркелген атпен жұмыс істейді, ол деректер базасында сақталады және ХҚТ ТП және ШҚТ ТП жүйесіндегі өзінің әрекеттеріне дербес жауапкершілікте болады.

26. Электрондық формулярды толтыру үшін жеке басын куәландыратын құжаттарды толтыру себебіне байланысты төменде санамаланған мынадай құжаттардың бірін көрсетуі тиіс:

1) Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға электрондық формулярды ресімдеу кезінде:

туу туралы куәлік;

Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі;

Қазақстан Республикасы азаматының паспорты;

7-нысанды анықтама;

азаматтығы жоқ адамның куәлігі;

құжаттар үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.


  1. Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхатын алу үшін электрондық формуляр ресімдеу кезінде:

жарамды ұлттық паспорты;

шетелдіктің тұру ықтиярхаты;

құжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.

3) азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу үшін электрондық формулярды ресімдеу кезінде:

азаматтығы жоқ адамның куәлігі;



1974 жылғы үлгідегі паспорт;

Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығу туралы анықтама;

шыққан елінің уәкілетті органы берген азаматтығын тоқтатқандығы туралы анықтама;

туу туралы куәлік;

құжат үшін мемлекеттік баж салығын төлеу туралы түбіртек.

27. Азаматтар ұсынған ЖСН бар жеке куәлік, паспорт, туу туралы куәлік немесе берілген жапсырмасы бар ЖСН, қосымша туу туралы куәлік бойынша деректер базасында жеке басын сәйкестендіру жүргізіледі. Уәкілетті қызметкер азаматтардың деректерін олар ұсынған құжаттар бойынша деректер базасында тексеруді жүргізеді. Деректер базасында азаматтар туралы мәліметтерде сәйкес келмеулер анықталған жағдайда, электрондық формулярға азамат куәландырған деректер енгізіледі. Жүргізілген өзгерістер уәкілетті қызметкердің «қосымша ақпарат» жолындағы жазбасымен расталады.

28. Құжаттандыру туралы шешім қабылдағаннан кейін өтінім ХҚТ ТП, ШҚТ ТП-ға тіркеледі. Өтінімде:

тапсырыс берген құжаттың түрі;

құжатты алу себебі;

құжатты толтыру тілі;

паспорттағы азаматтың ұлтын жазу туралы белгі;

электрондық формулярды толтыру үшін негіз болып табылатын құжат көрсетіледі.

29. Өтінім тіркелгеннен кейін уәкілетті қызметкер өтінімді тіркеу талонын, электронды формулярды толтыру, сондай-ақ суретке түсіру, қол қою, дайын құжаттарды алу үшін азаматтарға берілетін өтінімді тіркеу талонын басып шығарады.

30. Азаматтың фотобейнесі суретке түсіру арқылы, азаматтың қолы сканерлеу арқылы электронды формулярға енгізіледі.

ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да азаматты суретке түсіру тегін жүргізіледі.

Фотосурет ашық және таза орындалуы тиіс. Басты еңкейтуге немесе бұруға болмайды (мысалы, жанынан түсірілген фото), фотосуретке түсуші камераға тіке қарауы және оның беті бейтарап, аузы жабық, көздері ашық және анық көрінуі, көзілдірік көзді жауып қалмауы тиіс, шағылыстыратын және күн сәулесінен қорғайтын көзілдіріктерді киіп түсуге жол берілмейді. Фотосуретке бас киіммен түсуге болмайды, тек діни тұрғыда және медициналық себептерге байланысты рұқсат беріледі, бұндай жағдайда бет иектің төменгі жағынан бастап маңдайға дейін көрініп тұруы керек. Құжаттандырылатын адамның нысанды киімде түскен фотосуреті қабылданбайды.

Омыраудағы балаларды және мектепке дейінгі балаларды жеке басты куәландыратын құжаттарға фотосуретке түсіру барысында бетін және дене мүшелерін көрсетпей, артынан біреудің ұстауына жол беріледі.

31. ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да электрондық формулярларды толтыру мынадай кодтар бойынша жүргізіледі:

«00» 16 жасқа толмаған балаларға паспорт беру;

«01» 16 жасқа толу;

«04» тегiн, атын, әкесiнiң атын (ол болған кезде) өзгерту;

«05» туған күнiн өзгерту;

«06» жазбаның дұрыс еместігі;

«07» құжаттың одан әрі қолдануға жарамсыздығы;

«08» Қазақстан Республикасы азаматының өзiнiң ұлтын өзгертуі, сондай-ақ басқа елдің азаматтығын тоқтатуға байланысты азаматтығы жоқ адамның куәлігімен құжаттануы барысында;

«09» жеке басын куәландыратын құжаттарды жоғалуы (Қазақстан Республикасы азаматының паспортынан басқа);

«10» заңды мекенжайын ауыстыру;

«11» шетелдіктерді, немесе азаматтығы жоқ адамдарды алғаш рет құжаттандыру кезінде, сондай-ақ 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО-ның паспортын немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіру үшін ұсынған Қазақстан Республикасы азаматтарын құжаттандыру кезінде, не алғаш рет жеке басты куәландыратын құжаттар алуға қолдаухатпен жүгінген 18 жастан асқан адамдар туу туралы куәліктер ұсынған кезде;

Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлігінің (адамды Қазақстан Республикасының азаматы деп таныған жағдайда) негізінде паспорт, жеке куәлік беру, сондай-ақ шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұру ықтиярхаты не азаматтығы жоқ адамның куәлігімен алғаш рет құжаттандыру;

«12» Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдау;

«13» Қазақстан Республикасы азаматының паспортты жоғалтуы;

«14» қолданыстағы әкімшілік-аумақтық бөлініске байланысты елдi мекендер атауының өзгеруі;

«15» Қазақстан Республикасына тұрақты тұру үшін қайта оралуына байланысты Қазақстан Респбликасы азаматының жеке куәлігін алуы;

«16» иесiнiң қалауы бойынша құжат түрлерiнiң өзгеруiне байланысты;

«17» қолда бар Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігінің немесе паспортының негізінде алғаш рет жеке басын куәландыратын құжаттар алу;

«18» жеке басын куәландыратын құжаттардың жарамдылық мерзімінің аяқталуы.

32. Электрондық формулярды толтыру кезінде құжатты алу себептерінің бір немесе бірнеше коды (жеті кодқа дейін) көрсетіледі, бұл ретте электрондық формулярларды толтыру кодына сәйкес осы Қағидалардың 11-тармағын басшылыққа алу қажет.

33. Электронды формулярды кодтар бойынша толтыру кезінде:

«00», «01» кодтары - көрсетілген ЖСН бар туу туралы куәлік немесе ЖСН берілген жапсырмасы бар туу туралы куәлік бойынша деректер базасында ЖСН бойынша сәйкестендіру жүргізіледі.

Егер құжаттанушы адам 16 жасқа толғанға дейін жеке басын куәландыратын құжат алған жағдайда, онда ол 16 жасқа толуы бойынша электрондық формулярды толтыру кезінде бұрын берілген құжаттың деректері көрсетіледі.

Электрондық формуляр туу туралы куәліктің негізінде толтырылған кезде ата-анасының біреуінің жеке басын куәландыратын құжатының нөмірі, күні және оны берген орган туралы мәліметтер «қосымша негіздеме» жолына енгізіледі.

«03» коды – Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктер азаматтығы елін өзгерткен кезде. Бұл ретте, 9, 10, 11-жолдарда шетелдіктің бұрынғы тұру ықтиярхатының деректері жазылады, «қосымша негіздер» жолында ұлттық паспортының нөмірі, берілген күні және берген орган көрсетіледі;

«04» коды - Т.А.Ә (ол болған кезде) өзгерткен кезде көрсетіледі. Неке қию, бұзу, айқындамалық деректерін өзгерту, туу туралы куәлікті қайтадан алу туралы куәліктің (олар болған кезде) нөмірін, күнін және оны берген органды, анықтамалық деректерін өзгерту туралы ішкі істер органы қорытындысының нөмірі мен күнін, шетелдіктің ұлттық паспортының нөмірі және күнін уәкілетті қызметкер электрондық формулярдың «қосымша негіздеме» жолына енгізеді;

«05» коды - туған күнін өзгерткен кезде көрсетіледі. Анықтамалық деректерін өзгерту, туу туралы куәлікті қайтадан алу туралы куәліктің (олар болған кезде) нөмірін, күнін және берген органды, туған күнін ауыстыру туралы ішкі істер органы қорытындысының нөмірі мен күнін уәкілетті қызметкер «қосымша негіздеме» жолына енгізеді;

Шетелдіктерді «04» және «05» кодтары бойынша құжаттандыру шетелдіктің ұлттық паспортына сәйкес жүргізіледі, бұл ретте жеке басын тексеру ішкі істер органдары мен Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық және арнайы есепке алу комитетінің (бұдан әрі – ҚжАЕАК) есептері бойынша жүргізіледі.

«06» коды - анықтамалық деректерінде, туған жері туралы мәліметтерде айырмашылықтар анықталған жағдайда, тексеріс аяқталғаннан кейін «қосымша негіздеме» жолында электронды формулярға енгізілген өзгерістерді растайтын құжаттардың деректері енгізіледі.

Деректердің ақпараттық базасындағы құжаттанушы адамның фотосуретінің жеке басын куәландыратын құжаттағы фотобейнесімен сәйкес келмейтіні анықталған кезде уәкілетті қызметкер құжаттандырылушының жеке басын және құжаттардағы сәйкес келмеушіліктің себептерін тексереді.

Тексеріс нәтижелері бойынша мүмкіндігіне қарай танылушы адаммен сыртқы түрі ұқсас, кемінде үш басқа адамның фотокарточкаларымен бірге біруақытта ұсынылған оның фотокарточкасы бойынша жақын туыстарының не азаматты кемінде 10 жылдан бері білетін адамдарды тарта отырып, осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша азаматтың жеке басын тану хаттамасы жасалады, содан кейін екі жұмыс күні ішінде қорытынды шығарылады және формулярмен, жою туралы актімен бірге Қазақстан Республикасы ІІМ КҚПД-ге жіберіледі. Қорытындыны тіркеу қорытындыларды тіркеу журналында жүргізіледі. «қосымша негіздеме» жолында жеке басын анықтау жөніндегі қорытындының нөмірі мен күні көрсетіледі, ал «қосымша ақпарат» жолында фотосуреттердің сәйкес келмеу себептері көрсетіледі.

Азаматтың фотосуреттерінің сәйкестігі расталған жағдайда «қосымша ақпарат» жолында «№ құжаттағы және № электрондық өтінімдегі Т.А.Ә. (ол болған кезде) фотосуреттерінің сәйкестігі Ішкі істер басқармасының (бөлімінің) (хаттаманың жасалған күні) жеке басын тану хаттамасымен расталады» деп көрсетіледі, ал «қосымша негіздеме» жолында жеке басын анықтау жөніндегі қорытындының нөмірі мен күні көрсетіледі;

«07» коды - құжат пайдалануға жарамсыз болған (бүлінуі, ескіруі, техникалық ақаулар, паспорттың барлық беттерінің пайдаланылуы, жеке басын куәландыратын құжатта ЖСК-ның болмауы және т.б.) жағдайларда көрсетіледі. Электрондық формулярды ресімдеу негіздемесі ретінде жарамсыз құжаттың деректері жазылады, ал «қосымша ақпарат» жолында құжаттың жарамсыз болуының нақты себебі көрсетіледі. Бүлінуіне, жеке адамды сәйкестендірудің мүмкін болмауына байланысты пайдалануға жарамсыз құжат формулярды толтыру кезінде алынады, азаматтың қалауы бойынша уақытша жеке куәлік беріледі;

«08» коды - Қазақстан Республикасының азаматы ұлтын өзгерткен кезде көрсетіледі. Ұлтын өзгерту туралы қорытындының нөмірі мен күні электронды формулярдың «қосымша негіздеме» жолына енгізіледі, сондай-ақ басқа елдің азаматтығы жоқ немесе басқа елдің азаматтығы тоқтағаны туралы құзырлы орган берген анықтама бар болған кезде азаматтығы жоқ адамның куәлігін алу барысында.

«09» коды - жеке басын куәландыратын құжатын жоғалтқан кезде көрсетіледі, құжаттанушы адамның өтінішінің тіркеу нөмірі мен күні «қосымша негіздеме» жолына енгізіледі;

«10» коды - тіркелген мекенжайы өзгерген кезде көрсетіледі, егер жеке басын куәландыратын құжатта көрсетілген толық заңды мекенжайы (қала, аудан, көше, үй, пәтер) жаңа тіркелген мекенжайымен сәйкес келмеген жағдайда, жеке куәлікті ауыстыру қажет болады.

Электрондық формулярды ресімдегенге дейін ХҚТ ТП және ШҚТ ТП ақпараттық жүйесі арқылы тіркеу жасалады;

«11» коды - шетелдікдің тұру ықтиярхаты не азаматтығы жоқ адамның куәлігі алғаш рет ресімдлеген кезде көрсетіледі, бұл ретте «қосымша негіз» жолында ішкі істер органдарының қорытындысының күні мен нөмірі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растайтын 5-нысанды анықтама ұсынған кезде көрсетіледі. Осы жағдайда Қазақстан Республикасының немесе шет мемлекеттің уәкілетті органдары берген азаматтығы жоқ адамның куәлігі электрондық формулярды толтыру үшін негіз болып табылады. 5-н анықтаманың нөмірі және күні, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығына тиесілігін растау туралы ішкі істер органдарының қорытындысы «қосымша негіз» жолында көрсетіледі;

«12» коды -  электронды формулярды толтыру үшін Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы анықтама негіз болып табылады. Жарлық нөмірі немесе Қазақстан Республикасы азаматтығына жеңілдетілген тәртіппен қабылдағаны туралы ішкі істер органының қорытындысы «қосымша негіздеме» жолында көрсетіледі;

«13» коды - Қазақстан Республикасының азаматының паспорты жоғалған кезде көрсетіледі, «қосымша негіздеме» жолына азаматтың жоғалған паспортын қайта қалпына келтіру туралы арызының тіркеу нөмірі мен күні енгізіледі.

34. Электрондық ақпарат тасымалдағышы бар жеке куәлікті ұсынған кезде азаматтардың жаңа тұрғылықты орны бойынша Қазақстан Республикасының паспортын алуы үшін электрондық формулярды толтыру микросхемаға (чип) мекенжай ақпаратын қайта жазу рәсімінен кейін жүргізіледі.

35. Азаматтың анықтамалық деректерін ағылшын тіліне транскрипциялау ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да автоматты түрде жүргізіледі. Қажет болған жағдайда транскрипция осы Қағидалардың 10-тармағында белгіленген тәртіппен жүргізіледі және оны ХҚТ ТП және ШҚТ ТП-да уәкілетті қызметкер өзгертеді. «Қосымша ақпарат» жолында азаматтың өтінішінің тіркеу нөмірі және күні енгізіледі.

36. Электрондық формулярды толтырғаннан кейін азаматтарға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеру және жеке қолын растау үшін ақпараттық парақ басылып шығарылады.

Ақпараттық парақ ішкі істер органдарының көші-қон полициясы бөліністерінде азаматтар дайын құжатты алғанға дейін сақталады және акті толтырусыз жойылады.

37. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарды бергені үшін мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекте өтінімді тіркеу талонының нөмірі жазылады.

38. Толтыру аяқталғаннан кейін электрондық формулярлар уәкілетті қызметкерлердің тексеру жүргізуі үшін жергілікті деректер базасында сақталады.

Қателер немесе айырмашылықтар анықталған жағдайда уәкілетті қызметкер түзету енгізеді және ол қол қоятын ақпараттық парақ қайта басып шығарылады. Бірінші және екінші санаттағы жеделдік бойынша толтырылған электрондық формулярлар үшін тексеру мерзімі бір жұмыс күнін, үшінші санатты жеделдік бойынша екі жұмыс күнін, жалпы тәртіппен толтырылған электронды формулярлар үшін оларды толтыру күнінен бастап бес жұмыс күнін құрайды.

39. Электрондық формулярдың негізділігі мен толтыру дұрыстығы тексеруден кейін уәкілетті қызметкердің ЭЦҚ-мен расталады, содан кейін электронды формуляр ХҚТ ТП-ның орталық торабына тізілімдеме толтырусыз жөнелтіледі.

40. Деректер базасындағы электрондық формулярлардағы мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған, ресімдеу кодтары сәйкес келмеген, графикалық ақпарат сапасыз жасалған жағдайда «АӨО» РМК қайтару себебін көрсете отырып электрондық өтінімдерді ХҚТ ТП, ШҚТ ТП-ға қайта ресімдеу үшін оны орындамай қайтарады.

41. Жол берілген қателер үшін немесе сәйкес келмеуіне байланысты қайта ресімдеуге жіберілген электронды формулярлар олардың аумақтық ішкі істер органдарына келіп түскен күннен бастап кемінде үш жұмыс күні мерзімінде өңделеді, содан кейін олар құжаттарды дайындау үшін қайта жолданады.

42. Түзетулерді жасау, дайындалған жеке куәліктер мен паспорттарды «АӨО» РМК-дан ІІМ КҚПД-ге, ІІД-ге жолдау тәртібі, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтарына дайындалған паспорттарды және (немесе) жеке куәліктерді беру осы Қағидалардың 51, 53, 54, 55, 56, 57-тармақтарында бекітілген тәртіпте жүргізіледі.




3-параграф. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын әзірлеу үшін формулярларды ресімдеу, толтыру

43. Бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдарға Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін беру үшін формулярды ішкі істер органдары қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан жері бойынша ресімдейді.

Жеке куәлік 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортын көрсету немесе оны жоғалтуына байланысты қалпына келтіру кезінде бірінші рет ресімделген жағдайда, сондай-ақ жеке басын куәландыратын құжаттарды алу үшін алғаш рет өтініш жасаған және туу туралы куәлігін ұсынған 18 жасқа толған адамдарға олардың азаматтығын, жеке басын анықтау, құжаттардың берілгенін растау және фотосуретінің сәйкестігін анықтау үшін тексеру материалын қалыптастыруды қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жүзеге асырады.

Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттары жоғалған кезде, жазасын өтеуші адамнан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі аумақтық ішкі істер органының басшысының атына жеке куәлігінің жоғалу жағдайлары көрсетілген жазбаша өтінішін қабылдайды.

Жеке басын растау және жеке басын куәландыратын жоғалған құжат туралы мәліметтерді беру үшін тексеруді уәкілетті қызметкер картотека бойынша екі жұмыс күні ішінде немесе деректер базасы арқылы жүргізеді.

Жеке басын растау және жоғалған жеке басын куәландыратын құжаттың туралы мәліметтерді беру үшін тексеруді деректер базасында жүргізу мүмкін болмаған жағдайда, қылмыстық-атқару жүйесінің мекемесі жоғалған жеке куәлікті бұрын ресімдеген ішкі істер органынан паспорттық елтаңбалы мөрмен және лауазымды тұлғаның қолымен расталған формулярдың көшірмесін сұратады.

Көрсетілген құжаттар қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің жазасын өтеуші адамды құжаттандыру туралы қолдаухатымен, мемлекеттік бажды төлегені туралы түбіртекпен бірге тиісті көші-қон полициясы бөлінісінің уәкілетті қызметкеріне ұсынылады.

Жоғарыда көрсетілген адамдарға жеке басты куәландыратын құжаттарды беру үшін формулярды уәкілетті қызметкер олардың орналасу орындары бойынша толтырады.

Бұл ретте «тұрғылықты жері» жолында сотталушы жазасын өтеп жатқан қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің орналасқан орны (облыс, қала, аудан, елді мекен, қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінің атауы) көрсетіледі.

Формуляр жеке басты куәландыратын құжатты әзірлеу үшін толтырылған күннен кейінгі келесі күні жолданады.

Жазасын өтеуші адамдарға құжаттарды «АӨО» РМК-да әзірлеу мерзімі өндіріске келіп түскен күннен бастап 2 жұмыс күнін құрайды.

Құжаттар әзірленгеннен кейін формулярлар оларды ресімдеген ішкі істер органдарының картотекаларына орналастырылады.

Әзірленген жеке куәлік сотталған адамның жеке ісінде сақталады және ол бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған кезде беріледі.

Электрондық ақпарат тасымалдағышы (чип) жоқ жеке басты куәландыратын құжат азамат тұрғылықты жеріне келгеннен кейін ауыстыруға жатады.

Әкімшілік қадағалау белгіленген бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын немесе мерзімін өтеуі бойынша босатылғандарды тұрғылықты жері бойынша тіркеу кезінде қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің профилактикалық есепке алғаны туралы белгісі бар босатылғаны туралы анықтама сұратылады. Босатылғаны туралы анықтама жоғалған жағдайда, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адам қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің профилактикалық есебіне алынғаны туралы анықтамасын ұсынады.

4-параграф. Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттарын дайындау үшін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнына формуляр бланкілерін беру
44. Формулярларды толтырылғаннан кейін аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөлімдері деректер базасы немесе формулярлар картотекасы бойынша азаматтарға бұрын берілген жеке басты куәландыратын құжаттардың, сондай-ақ қызметтік белгілердің бар болуына тексерісті жүзеге асырады. Барлық деректер мен фотосуреттердің сәйкестігі салыстырылады.

Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға ресімделген формулярлар үшін тексеру мерзімі – 6 жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға ресімделгендер – бір жұмыс күні, бұл ретте формулярды толтыру күні есептелмейді.

45. Тексеру жүзеге асырылғаннан кейін, аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөліністері осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес нысан бойынша төрт данада формулярларды жөнелту үшін аудандық (қалалық) ішкі істер органдарында тізілім толтырады, онда тізілімге енгізілген формулярлардың нөмірлері, азаматтың Т.А.Ә. (ол болған кезде), толтыру күні, себебі, формулярлар саны көрсетіледі. Бұл ретте тізілімдерді толтыру себептерінің кодтары бойынша ресімделген формулярларға бөлінеді:

«01»;


«00», «07», «09», «10», «13», «14», «15», «16», «17», «18»;

«03», «04», «05», «08»;

«06»;

«11»;


«12»;

«пысықтау»;

«тергеу-қамауындағылар»;

«сотталғандар».;

«ШЫХ»;

«АЖА».


Тiзiлiмнiң үш данасы формулярлармен бiрге Ішкі істер департаментiне жолданады.

1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспортының ауыстырылуына, олардың жойылуына байланысты, 18 жасқа толған адамдарға туу туралы куәлігінің негізінде ресімделген формулярлар Ішкі істер департаменттеріне бөлек тізілімдермен тексеру материалдарын қоса бере отырып, құжаттарды жедел дайындағаны үшін төлемсіз жоданады.

Тексеруден кейін, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттар бойынша, 18 жасқа толған адамдарға туу туралы куәліктері бойынша, 1974 жылғы үлгідегі бұрынғы КСРО паспорттарының жоғалуы бойынша, олар болған кезде, істер бойынша материалдарда: тексерген күні, ІІД халықты құжаттандыру және тіркеу бөлімінің оларды ресімдеудің негізділігі мен дұрыстығын тексерген қызметкердің тегі, лауазымы және қолы қойылады, одан кейін материалдар аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөліністеріне қайтарылады.

46. Формулярлардың толтыру негізділігін және дұрыстығын тексергеннен кейін, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға байланысты ресімделген адамдарды Жарлықпен және оңайлатылған тәртіпте Қазақстан Республикасы азаматтығын қабылдаған адамдар бойынша тізімдермен салыстыра тексергеннен кейін ІІД аудандық (қалалық) бөлiністерден алған тiзiлiмдер мен формулярлардың негізінде формулярларды ІІМ КҚПД-ге жөнелту үшін аудандық, қалалық көші-қон полициясы бөлiнісінің атауын, аудандық, қалалық тiзiлiмдердiң шығыс нөмiрлерiн және толтырылған күнiн, оларға енгізілген формулярлардың санын көрсете отырып, осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес нысан бойынша үш данада жиынтық тiзiлiм толтырады.

Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға ресімделген формулярларды ІІД-де тексеру – келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға ресімделгендер – келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

Жиынтық тiзiлiмге ІІД халықты құжаттандыру және тіркеу бөлiмiнiң бастығы қол қояды және аудандық (қалалық) бөлiністер тiзiлiмдерiнiң екi данасын қоса бере отырып, ІІМ КҚПД-ға жолданады, жиынтық тізілімнің бір данасы және аудандық (қалалық) бөлініс тізілімінің бір данасы ІІД-ның жеке номенклатуралық iсiнде қалады.

ІІД-да тексеру кезінде анықталған пысықтау үшін кері қайтаруға жататын формулярлар алу себебін көрсете отырып, аудандық (қалалық) бөлiністер тiзiлiмдерiнен алып тасталады және жиынтық тiзiлiмдерді құрастырған кезде есепке алынбайды.

47. ІІМ КҚПД формулярларды деректер базасындағы адам туралы мәліметтердің сәйкес келмеуіне байланысты «АӨО» РМК-дан кері қайтару кезінде негізсіз құжаттандыру фактілерін анықтау бойынша жұмыс жүргізеді.

Формулярдың дұрыстығына және толтыру негізділігіне, сондай-ақ (қағаз тасымалдағышта толтырылған) іздеудегі адамдар автоматтандырылған база бойынша тексерілгеннен кейін формулярлар аудандық (қалалық) бөліністердің тізілімдерімен және ІІД бөлімінің жиынтық тізілімімен құжаттарды дайындау үшін ІІМ КҚПД-дан «АӨО» РМК-ға өндіріске беріледі, бұдан кейін формулярлармен және дайын болған құжаттармен бірге оларды бұдан әрі ІІД-ге жолдау үшін қайтарылады.

Қазақстан Республикасында шетелдіктің тұру ықтиярхаты және азаматтығы жоқ адамның куәлігін алуға ресімделген формулярларды ІІМ КҚПД-де тексеру – келіп түскен күнінен бастап алты жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды, Қазақстан Республикасы азаматының паспортын және (немесе) жеке куәлігін алуға ресімделгендер (қағаз тасымалдағышта) – келіп түскен күнінен бастап бір жұмыс күніне дейінгі мерзімді құрайды.

«АӨО» РМК-дан дайындалған құжаттар «Іздеуде» белгісімен келіп түскен кезде ІІМ КҚПД оларды іздеудегі адамды ресімделген орны бойынша ІІД Көші-қон полициясы басқармасына бөлек тізіліммен жолдайды.

48. «АӨО» РМК-да жеке куәліктер мен паспорттарды әзірлеу мерзімі: құжаттарды жеделдетіп әзілеуге толтырылған формулярлар үшін – бір жұмыс күнді, жалпы тәртіпте толтырылғандарға – формулярлардың өндіріске келіп түскен күнінен бастап екі жұмыс күнді құрайды.

Қазақстан Республикасындағы шетелдіктің ықтиярхатын және азаматтығы жоқ адамның куәлігін әзірлеу мерзімі формулярлардың өндіріске келіп түскен күнінен бастап жеті жұмыс күнді құрайды.

49. ІІМ КҚПД, «АӨО» РМК және ІІД жiберiлген қателерi және сәйкес келмеулері, сапасыз графикалық ақпараты үшiн аумақтық ішкі істер органдарына пысықтауға қайтарған формулярлар аудандық (қалалық) көші-қон полициясы бөліністеріне келіп түскен күннен бастап кемiнде үш күн мерзiмде пысықталады, содан кейiн олар құжаттарды дайындауға жеке тiзiлiмдермен қайта жiберiледi. Бұл ретте iлеспе хатта пысықтауға қайтарылған осы формулярлар тiзiлiмдерiнiң бұрынғы шығыс нөмiрлерi көрсетiледi (әрбiр формуляр бойынша шығыс нөмірі жеке көрсетiлуі тиіс). ІІД, ІІМ КҚПД, «АӨО» РМК-дан пысықтауға қайтарылған формулярлар осы Қағидаларға 18-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пысықтауға қайтарылған формулярларды тiркеу журналында есепке алынады. 

50. Айқындамалық деректеріндегі және туған жеріндегі мәліметтердің сәйкес келмеуі анықталған жағдайда тексеру аяқталғаннан кейін «қосымша негіз» жолында не формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға формулярға енгізілген өзгерістерді растайтын құжаттардың деректері көрсетіледі. Қажеттігіне қарай жеке басты куәландыратын құжаттағы деректер дұрыс емес болған жағдайда қосымша «06» коды қойылады.

51. Егер бұрын дайындалған құжаттарға «заңсыз берілген», «қайтыс болуына байланысты», «азаматтықтан шығу», «Қазақстан Республикасынан тыс жерге тұрғылықты тұруға шығу», «жоғалғандар» және тағы басқа себептер бойынша жарамсыз құжаттар қатарына енгізілген, ал құжаттардың жарамсыздығы туралы деректер тексеріс барысында расталмаған жағдайда, түзетулер енгізу қажет.

Қалалық (аудандық) ішкі істер органдары тексеріс аяқталғаннан кейін екі жұмыс күні ішінде ІІД-ға тексеріс материалдарын қоса бере отырып, түзету енгізудің қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды. Аумақтық ішкі істер органдарынан келіп түскен сәттен бастап екі жұмыс күніне дейінгі мерзімде ІІМ КҚПД-ге тексеріс материалдарының көшірмелерін қоса бере отырып, түзету енгізудің қажеттігі туралы жазбаша хабарлама жолдайды.

Деректер базасына түзетулер енгізгеннен кейін формуляр құжат дайындауға жіберіледі.

«АӨО» РМК үшін деректер базасына түзетулер енгізу мерзімі ІІМ КҚПД-ден түзетулер енгізудің қажеттілігі туралы жазбаша негіз келіп түскен сәттен бастап бір жұмыс күнін құрайды.

Егер дайындалған құжаттар «талап етілмеген құжаттар» себебі бойынша жарамсыз құжаттар қатарына енгізілген болса, формулярды ресімдеу бұған дейінгі құжаттың (оның ішінде жарамсыз) негізінде, талап етілмеген құжатты ресімдеу себебін көрсете отырып, жүргізіледі. Егер жалғыз бір құжат «талап етілмеген құжаттар» себебі бойынша жарамсыз құжаттар қатарына енгізілген болса, формулярды ресімдеу осы құжаттың негізінде «07» ресімдеу себебін көрсете отырып жүргізіледі.

52. Құжаттар пысықталғаннан кейінгі формулярлар және жазудың нақты болмауы бойынша «АӨО» РМК-да: өндіріске келіп түскен күннен бастап – бір жұмыс күні ішінде дайындалуға жатады.

53. Дайындалған жеке куәлiктер мен паспорттарды Ішкі істер департаментiне жiберу кезiнде ІІМ КҚПД осы Қағидаларға 19-қосымшаға сәйкес нысан бойынша екі данада дайын болған құжаттарды, формулярларды жолдау үшін тiзiлiм құрастырады. Бiр данасы ІІМ КҚПД-де қалады, ал тiзiлiмнiң екiншi данасы тiзiлiмге енгiзiлген құжаттар дайындау және формулярларды жөнелту үшін «АӨО» РМК-ның ілеспе хатымен ІІД-ге жiберiледi.

54. ІІД-ге келiп түскен дайындалған құжаттары мен формулярлары бар тiзiлiмдерді ішкі істер органдары жалпы тәртіппен тiркейдi, аудандық (қалалық) бөлiністер бойынша бөледi және дайындалған құжаттарды жөнелтуге арналған тізілімдер бойынша береді.

55.  Пысықтау бойынша құжаттарды дайындауға формулярларды жөнелтуге, дайындалған құжаттарды жөнелтуге арналған тізілімдер «АӨО» РМК-ның ілеспе хатымен бірге аудандық (қалалық) бөліністерде, ІІД, ІІМ КҚПД-да жеке номенклатуралық iсте сақталады.

56. Дайын құжаттарды беру азаматтың жеке өзі немесе оның заңды өкіліне не өкілдікке өкілеттігін растайтын құжаттары наториалды расталған сенімхаты бойынша сенім білдірген адам өтініш білдірген кезде формулярды толтыру орны бойынша жүзеге асырылады.

Дайын жеке куәліктер мен паспорттарды алу үшін азамат паспорт пен жеке куәлікті алуға түбіртекті немесе өтінімді тіркеу талонын, алып қоюға жататын құжаттарды ұсынады.

Азамат ішкі істер органдарына өткізуге жататын құжаттарды жоғалтқан жағдайда, азаматтан құжаттарды жоғалту жағдайы көрсетілген еркін нысанда жазылған өтініш алынады, оның тіркеу нөмірі электрондық формулярдың «жарамсыз құжаттар» жолында немесе формулярдың сыртқы бетіндегі бос орынға жазылады.

57. Жеке басты куәландыратын құжатты беру фактісін тіркеу үшін ХҚТ ТП жүйесінде машина оқитын аймақты оқыту үшін электрондық құрылғы қолданылады. Уәкілетті қызметкер азамат және дайын құжаттардың бар-жоғы туралы ақпаратты алу үшін өтінімді тіркеу талонының нөмірін ХҚТ ТП жүйесіне енгізеді. Азамат өтінімді тіркеу талонын жоғалтқан жағдайда оның нөмірі ақпараттық парақтан оқылады.

Біруақытта дайын құжаттарды беру күнін тіркей отырып, бұрынғы құжаттар жаңа құжаттың шығуына байланысты автоматты түрде жарамсыздар қатарына көшіріледі.

Принтерде электрондық формуляр басылып шығарылады, оған азаматтың және құжаттарды берген қызметкердің қолтабасы қойылады, одан кейін ақпараттық парақ акті жасаусыз жойылады.

58. Азаматқа дайындалған құжаттарды бергеннен кейін формулярлар осы Қағидалардың 59-тармағында көзделген тәртіпте картотекаға енгізіледі.

Талап етілмеген жеке басты куәландыратын құжаттар дайындалған күнінен бір жыл өткеннен кейін уәкілетті орган оларды талап етілмеуіне байланысты жояды.


5-параграф.  Жеке басты куәландыратын құжаттарға арналған формулярларды сақтау
59. Берiлген жеке куәлiктерге, паспорттарға арналған формулярлар ішкі істер органдарында арнайы картотекаларда сақталады. Бұл ретте бір азаматтың анықтамалық деректеріне түрлі себептер бойынша ресімделген формулярлар бекітіледі және бірге сақталады. Азаматтың тегін ауыстыруы бойынша ресімделген формуляр картотекада әліпби бойынша басқалардан бөлек қойылады, соңғы формулярда формулярдың нөмірі мен азаматтың жаңа анықтамалық деректерін көрсете отырып, анықтамалық деректердің өзгергені туралы белгі қойылады.

Картотека оларды толтыру орны бойынша ішкі істер органдарының өрт-күзет сигнализациямен, терезелерi торлармен жабдықталған, есiктері металмен қапталған жеке оқшауланған үй-жайларында орналасады.

Дайындалған құжаттарға арналған формулярларды жоғалтпау, картотекамен жұмыс iстеу үшiн оның сақталуына жауап беретiн функциялық мiндеттер жүктелетiн қызметкерлер бөлiнедi. Функционалдық мiндеттерiне осы жұмыстар жатпайтын қызметкерлердiң картотекаға қолжетімді болуына қатаң тыйым салынады.

Формулярды картотекаға орналастыру құжаттарды иелерiне негізді беру фактiсiн ішкі комиссия тексергеннен кейiн және 2-н нысанды кітаппен салыстыра тексергеннен кейiн жүргiзiледi.

Формулярларды картотекаға орналастыру қатаң түрде әлiпби бойынша жүргiзiледi.

Тегi бiрдей әрiптен басталатын адамдарға арналған формулярлар терiлiп алынады және тегiнiң екiншi әрпi бойынша, одан кейiн үшiншi т.с.с. әліпби ретiмен орналастырылады.

Мысалы: Абдыхалықов, Авдеев, Ағыбергенов;

Базаров, Байытов, Бақтұрсынов және т.б.

Тегi бiрдей адамдарға арналған формулярлар картотекаға аты мен әкесiнiң аты бойынша әлiпби ретiн сақтай отырып, орналастырылады.

Мысалы. Азаров Алексей Антонович, Азаров Алексей Артемович, Азаров Алексей Васильевич және т.б.

Формулярда тегi, аты, әкесiнiң аты бiрдей болған жағдайда туған жылы бойынша өсу ретiмен, одан кейiн туған жерiнiң қала, аудан, елдi мекендерi бойынша әлiпби ретiмен орналастырылады.

Мысалы: Баринов Аркадий Исаевич, 1963 ж. т., туған жерi Алматы,

Баринов Аркадий Исаевич, 1963 ж.т., туған жерi Балқаш,

Баринов Аркадий Исаевич, 1966 ж. т.

Мемлекеттiк тiлде толтырылған формулярлар мынадай тәртiппен әліпби бойынша орналастырылады:

Ә әрпi А әрпiне орналастырылады, бұдан әрi сәйкесiнше:

Ғ-Г; I-И; Қ-К; Ң-Н; Ө-О; Ү-Ұ-У; Һ-Х.

ІІМ КҚПД деректер базасындағы фотосуреттерді қалпына келтіру үшін, сондай-ақ ішкі істер департаменттерінің заңсыз құжаттандыру фактілері бойынша қызметтік тексеріс жүргізуі үшін сұрау салуларды қоспағанда, формулярларды анықтама алу, көшiрмесiн түсiру, қызметтiк белгiлер қою үшiн картотекадан 1 жұмыс күннен артық мерзiмге алуға жол берiлмейдi. Уақытша алынған формуляр жұмыс күнiнiң соңында картотекаға қайтарылуы тиіс. Формулярды картотекадан уақытша алған кезде алынған формулярдың орнына формулярдың алу себебi және күнi, формуляр уақытша қолында болатын адамның Т.А.Ә. (ол болған кезде) мен лауазымы жазылған қызметкердiң қолымен куәландырылған формулярдың көшiрмесi салынады. Формулярды басқа мемлекеттiк органдардың қызметкерлеріне және өзге де адамдарға беруге тыйым салынады.

Қазақстан Республикасының құжаттандырылатын халқының деректер базасы қалыптастырылатын формулярлардың көшірмелері сұрау салулар бастамашыларына «Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабына сәйкес беріледі (жіберіледі). Азаматтарға формулярдың көшірмесі берілмейді.

Формулярдың түпнұсқасы картотекада болмай шыққан жағдайда, формулярдың түпнұсқасының жоғалғандығы туралы акт жасалады.

Картотекаға енгізу үшін ІІМ КҚПД-ның деректер базасынан ІІМ КҚПД-ның паспорттық елтаңбалы мөрімен расталған фотосуреті бар мәліметтер сұратылады.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды

(босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін

формулярдың нысанын және оны ресімдеу,

толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына

1- қосымша            


Нысан
Жеке басты куәландыратын құжаттарды дайындауға арналған



формулярларды есепке алудың

2 НЫСАНДЫ КІТАБЫ




Формулярлар №

(кіріс)


Формуляр

ларды


толтыру күні

Азаматтың Т.А.Ә.

(ол болған кезде)

(шығыс)


Туған жылы, айы, күні

Формулярды толтырудың себебі
(кодпен белгіленеді)

Алынатын құжаттың түрі



Төлем сомасы
(жеңілдікке негіз болатын құжат)

Құжаттың нөмірі және дайындалған күні
























































































































































ЖИЫНЫ: формулярлар ___________________

оның ішінде жеке куәлікке________________

паспортқа_______________________________

жеке куәлік пен паспортқа________________

ықтиярхатқа________________

азаматтығы жоқ адамның куәлігіне________________

жеңілдікпен_______________________


Ескертпе: банкноттық фабриканың орауын ашу кезінде, 2-нысанды кітапқа ораудың ішіндегі барлық формулярлардың нөмірлері енгізіледі.

Жеке басты куәландыратын құжаттарды

(босқын куәлігінен басқа) дайындау үшін

формулярдың нысанын және оны ресімдеу,

толтыру, есепке алу, сақтау, тапсыру, жұмсау, жою қағидаларына

2- қосымша            

Қысқартулар мен кодтар

АНЫҚТАМАЛЫҒЫ
1. Әкiмшiлiк-аумақтық объектiлер атауларының қысқартуы;

2. Әлем елдерi және азаматтық кодтарының анықтамалығы;

3. Ұлттар кодтарының анықтамалығы;

4. Қазақстан Республикасының облыстары, аудандары кодтарының анықтамалығы.



ӘКІМШІЛІК-АУМАҚТЫҚ ОБЪЕКТІЛЕР АТАУЛАРЫНЫҢ ҚЫСҚАРТУЫ
      Барлық мекенжайлар қолданыстағы әкiмшiлiк-аумақтық бөлініске сәйкес толтырылады.
      Уақытша мәнге ие немесе қызметтiк мақсаттағы (дала қосы, қыстау, жайылым, қорықшы кордоны, орманшы, жол шеберлерінің, бакенщиктердің үйлері, метеостанция) және дербес елдi мекен болып табылмайтын объектілер, олармен әкiмшiлiк және аумақтық тұрғыда байланысатын елді мекендердің атаулары бойынша жазылады.

Елдi мекендер үшiн мынадай қысқартулар қолданылады:


- с. - село;
- к. - кент;
- қтк - қала типтес кент;
- жк - жұмыс кентi;
- т.ж.ст. - темiржол стансасы;
- разъезд - қыстартусыз жазылады;
- ауыл - қысқартусыз жазылады.

      Қалалар атауында "қала" деген сөз қысқартылып «қ.» немесе «қал.» болып жазылмайды, тиісті жолда оның атауы жазылады.


      Көше атауындағы «көше» деген «к.» деп жазылмайды, тиісті жолда оның атауы жазылады.

Даңғылдар, орамдар, алаңдар т.б. үшін мынадай қысқартулар (немесе жоқ) қолданылады:

- д – даңғыл;
- ор. – орамдар;
- ш.а - шағын аудан;
- проезд - қысқартусыз;
- шоссе - қысқартусыз;
- буль. - бульвар;
- қалашық - қысқартусыз;
- алаң - алаң
- к. - кент (қала құрамына енгiзiлген);
- разъезд - қысқартусыз;

- ст. – станция;


- жол - жол;
- тракт - қысқартусыз;
- саябақ  - қысқартусыз;
- түа - тұрғын үй алабы;
- сквер - қысқартусыз;

- ә/б – әскери бөлім.


Осы  тiзбеге енбеген атаулар қысқартусыз жазылады.

ӘЛЕМ ЕЛДЕРІ МЕН АЗАМАТТЫҒЫ АНЫҚТАМАЛЫҒЫ



Код

Атауы (қазақша)

Атауы (орысша)

4

АУҒАНСТАН

АФГАНИСТАН

8

АЛБАНИЯ

АЛБАНИЯ

12

АЛЖИР

АЛЖИР

16

АМЕРИКАН САМОАСЫ

АМЕРИК.САМОА

20

АНДОРРА

АНДОРРА

24

АНГОЛА

АНГОЛА

28

АНТИГУА ЖӘНЕ БАРБУДА

АНТИГУА И БАРБУДА

31

ӘЗЕРБАЙЖАН

АЗЕРБАЙДЖАН

32

АРГЕНТИНА

АРГЕНТИНА

36

АВСТРАЛИЯ

АВСТРАЛИЯ

40

АВСТРИЯ

АВСТРИЯ

44

БАГАМ АРАЛДАРЫ

БАГАМСКИЕ О-ВА

48

БАХРЕЙН

БАХРЕЙН

50

БАНГЛАДЕШ

БАНГЛАДЕШ

51

АРМЕНИЯ

АРМЕНИЯ

52

БАРБАДОС

БАРБАДОС

56

БЕЛЬГИЯ

БЕЛЬГИЯ

60

БЕРМУД АРАЛДАРЫ

БЕРМУДСКИЕ О-ВА

64

БУТАН

БУТАН

68

БОЛИВИЯ

БОЛИВИЯ

70

БОСНИЯ МЕН ГЕРЦЕГОВИНА

БОСНИЯ И ГЕРЦЕГОВИНА

72

БОТСВАНА

БОТСВАНА

76

БРАЗИЛИЯ

БРАЗИЛИЯ

84

БЕЛИЗ

БЕЛИЗ

86

БТИО

БТИО

90

СОЛОМОН АРАЛДАРЫ

СОЛОМОНОВЫ О-ВА

92

БРИТАН ЖӘНЕ ВИРГИН АРАЛДАРЫ

БРИТАНСКИЕ ВИРГИНСКИЕ О-ВА

96

БРУНЕЙ

БРУНЕЙ

100

БОЛГАРИЯ

БОЛГАРИЯ

104

МЬЯНМА

МЬЯНМА

108

БУРУНДИ

БУРУНДИ

112

БЕЛАРУСЬ

БЕЛАРУСЬ

116

КАМБОДЖА

КАМБОДЖА

120

КАМЕРУН

КАМЕРУН

124

КАНАДА

КАНАДА

132

КАБО-ВЕРДЕ

КАБО-ВЕРДЕ

136

КАЙМАН АРАЛДАРЫ

КАЙМАНОВЫ О-ВА

140

ОРТАЛЫҚ АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫ

ЦЕНТРАЛЬНО-АФРИКАНСКАЯ
РЕСП.

144

ШРИ-ЛАНКА

ШРИ-ЛАНКА

148

ЧАД

ЧАД

152

ЧИЛИ

ЧИЛИ

156

ҚХР

КНР

162

РОЖДЕСТВО АРАЛЫ

РОЖДЕСТВА О-В

166

КОКОС АРАЛДАРЫ

КОКОСОВЫЕ О-ВА

170

КОЛУМБИЯ

КОЛУМБИЯ

174

КОМОР АРАЛДАРЫ

КОМОРСКИЕ О-ВА

178

КОНГО

КОНГО

180

ЗАИР

ЗАИР

184

КУК АРАЛЫ

КУКА О-В

188

КОСТА-РИКА

КОСТА-РИКА

191

ХОРВАТИЯ

ХОРВАТИЯ

192

КУБА

КУБА

196

КИПР

КИПР

203

ЧЕХИЯ

ЧЕХИЯ

204

БЕНИН

БЕНИН

208

ДАНИЯ

ДАНИЯ

212

ДОМИНИКА

ДОМИНИКА

214

ДОМИНИКАН РЕСП.

ДОМИНИКАНСКАЯ РЕСП.

218

ЭКВАДОР

ЭКВАДОР

222

САЛЬВАДОР

САЛЬВАДОР

226

ЭКВАТОРДАҒЫ ГВИНЕЯ

ЭКВАТОРИАЛЬНАЯ ГВИНЕЯ

230

ЭФИОПИЯ

ЭФИОПИЯ

233

ЭСТОНИЯ

ЭСТОНИЯ

234

ФАРЕРН АРАЛДАРЫ

ФАРЕРСКИЕ О-ВА

238

ФОЛКЛЕНД АРАЛДАРЫ

ФОЛКЛЕНДСКИЕ О-ВА

242

ФИДЖИ

ФИДЖИ

246

ФИНЛЯНДИЯ

ФИНЛЯНДИЯ

250

ФРАНЦИЯ

ФРАНЦИЯ

254

ФРАНЦУЗ ГВИАНАСЫ

ФРАНЦУЗСКАЯ ГВИАНА

258

ФРАНЦУЗ ПОЛИНЕЗИЯСЫ

ФРАНЦУЗСКАЯ ПОЛИНЕЗИЯ

262

ДЖИБУТИ

ДЖИБУТИ

266

ГАБОН

ГАБОН

268

ГРУЗИЯ

ГРУЗИЯ

270

ГАМБИЯ

ГАМБИЯ

274

ГАЗА СЕКТОРЫ

СЕКТОР ГАЗА

276

ГЕРМАНИЯ

ГЕРМАНИЯ

288

ГАНА

ГАНА

292

ГИБРАЛТАР

ГИБРАЛТАР

296

КИРИБАТИ

КИРИБАТИ

300

ГРЕЦИЯ

ГРЕЦИЯ

304

ГРЕНЛАНДИЯ

ГРЕНЛАНДИЯ

308

ГРЕНАДА

ГРЕНАДА

312

ГВАДЕЛУПА

ГВАДЕЛУПА

316

ГУАМ

ГУАМ

320

ГВАТЕМАЛА

ГВАТЕМАЛА

324

ГВИНЕЯ

ГВИНЕЯ

328

ГАЙАНА

ГАЙАНА

332

ГАИТИ

ГАИТИ

336

ВАТИКАН

ВАТИКАН

340

ГОНДУРАС

ГОНДУРАС

344

ГОНКОНГ

ГОНКОНГ

348

МАЖАРСТАН

ВЕНГРИЯ

352

ИСЛАНДИЯ

ИСЛАНДИЯ

356

ҮНДIСТАН

ИНДИЯ

360

ИНДОНЕЗИЯ

ИНДОНЕЗИЯ

364

ИРАН

ИРАН

368

ИРАК

ИРАК

372

ИРЛАНДИЯ

ИРЛАНДИЯ

376

ИЗРАИЛЬ

ИЗРАИЛЬ

380

ИТАЛИЯ

ИТАЛИЯ

384

КОТ Д ИВУАР

КОТ Д ИВУАР

388

ЯМАЙКА

ЯМАЙКА

392

ЖАПОНИЯ

ЯПОНИЯ

396

ДЖОНСТОН АРАЛЫ

ДЖОНСТОНА О-В

398

ҚАЗАҚСТАН

КАЗАХСТАН

400

ИОРДАНИЯ

ИОРДАНИЯ

404

КЕНИЯ

КЕНИЯ

408

КХДР

КНДР

410

ОҢТҮСТІК КОРЕЯ

ЮЖНАЯ КОРЕЯ

414

КУВЕЙТ

КУВЕЙТ

417

ҚЫРҒЫЗСТАН

КЫРГЫЗСТАН

418

ЛАОС

ЛАОС

422

ЛИВАН

ЛИВАН

426

ЛЕСОТО

ЛЕСОТО

428

ЛАТВИЯ

ЛАТВИЯ

430

ЛИБЕРИЯ

ЛИБЕРИЯ

434

ЛИВИЯ

ЛИВИЯ

438

ЛИХТЕНШТЕЙН

ЛИХТЕНШТЕЙН

440

ЛИТВА

ЛИТВА

442

ЛЮКСЕМБУРГ

ЛЮКСЕМБУРГ

446

МАКАО

МАКАО

450

МАДАГАСКАР

МАДАГАСКАР

454

МАЛАВИ

МАЛАВИ

458

МАЛАЙЗИЯ

МАЛАЙЗИЯ

462

МАЛЬДИВ АРАЛДАРЫ

МАЛЬДИВСКИЕ О-ВА

466

МАЛИ

МАЛИ

470

МАЛЬТА

МАЛЬТА

474

МАРТИНИКА

МАРТИНИКА

478

МАВРИТАНИЯ

МАВРИТАНИЯ

480

МАВРИКИЙ

МАВРИКИЙ

484

МЕКСИКА

МЕКСИКА

488

МИДУЭЙ

МИДУЭЙ

492

МОНАКО

МОНАКО

496

МОНҒОЛИЯ

МОНГОЛИЯ

498

МОЛДОВА

МОЛДОВА

500

МОНТСЕРРАТ

МОНТСЕРРАТ

504

МАРОККО

МАРОККО

508

МОЗАМБИК

МОЗАМБИК

512

ОМАН

ОМАН

516

НАМИБИЯ

НАМИБИЯ

520

НАУРУ

НАУРУ

524

НЕПАЛ

НЕПАЛ

528

НИДЕРЛАНДЫ

НИДЕРЛАНДЫ

530

АНТИЛЬ АРАЛДАРЫ

АНТИЛЬСКИЕ О-ВА

533

АРУБА

АРУБА

540

ЖАҢА КАЛЕДОНИЯ

НОВАЯ КАЛЕДОНИЯ

548

ВАНУАТУ

ВАНУАТУ

554

ЖАҢА ЗЕЛАНДИЯ

НОВАЯ ЗЕЛАНДИЯ

558

НИКАРАГУА

НИКАРАГУА

562

НИГЕР

НИГЕР

566

НИГЕРИЯ

НИГЕРИЯ

570

НИУЭ

НИУЭ

574

НОРФОЛК

НОРФОЛК

578

НОРВЕГИЯ

НОРВЕГИЯ

580

СОЛТҮСТІК МАРИАННА АРАЛЫ

СЕВ.МАРИАННА О-В

583

МИКРОНЕЗИЯ

МИКРОНЕЗИЯ

584

МАРШАЛ АРАЛДАРЫ

МАРШАЛЛОВЫ О-ВА

585

ТЫНЫҚ МҰХИТЫ АРАЛДАРЫ

ТИХООКЕАНСКИЕ О-ВА

586

ПӘКIСТАН

ПАКИСТАН

589

ПАЛЕСТИН

ПАЛЕСТИНА

591

ПАНАМА

ПАНАМА

598

ЖАҢА ПАПУА ГВИНЕЯ

ПАПУА НОВАЯ ГВИНЕЯ

600

ПАРАГВАЙ

ПАРАГВАЙ

604

ПЕРУ

ПЕРУ

608

ФИЛИППИНЫ

ФИЛИППИНЫ

612

ПИТКЭРН

ПИТКЭРН

616

ПОЛЬША

ПОЛЬША

620

ПОРТУГАЛИЯ

ПОРТУГАЛИЯ

624

ГВИНЕЯ-БИСАУ

ГВИНЕЯ-БИСАУ

626

ШЫҒЫС ТИМОР

ВОСТОЧНЫЙ ТИМОР

630

ПУЭРТО-РИКА

ПУЭРТО-РИКА

634

КАТАР

КАТАР

638

РЕЮНЬОН

РЕЮНЬОН

642

РУМЫНИЯ

РУМЫНИЯ

643

РЕСЕЙ

РОССИЯ

646

РУАНДА

РУАНДА

654

ӘУЛИЕ ЕЛЕНА АРАЛЫ

СВ.ЕЛЕНЫ О-В

659

СЕНТ-КИТС ЖӘНЕ НЕВИС

СЕНТ-КИТС И НЕВИС

660

АНГИЛЬЯ

АНГИЛЬЯ

662

СЕНТ-ЛЮСИЯ

СЕНТ-ЛЮСИЯ

666

СЕН-ПЬЕР ЖӘНЕ МИКЕЛОН

СЕН-ПЬЕР И МИКЕЛОН

670

СЕНТ-ВИНСЕНТ ЖӘНЕ ГРЕНАДИН

СЕНТ-ВИНСЕНТ И ГРЕНАДИНЫ

674

САН-МАРИНО

САН-МАРИНО

678

САН-ТОМЕ ЖӘНЕ ПРИНСИПИ

САН-ТОМЕ И ПРИНСИПИ

682

САУД АРАБИЯСЫ

САУДОВСКАЯ АРАВИЯ

686

СЕНЕГАЛ

СЕНЕГАЛ

690

СЕЙШЕЛЬ АРАЛЫ

СЕЙШЕЛЬСКИЕ О-ВА

696

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ

СЬЕРРА-ЛЕОНЕ

702

СИНГАПУР

СИНГАПУР

703

СЛОВАКИЯ

СЛОВАКИЯ

704

ВЬЕТНАМ

ВЬЕТНАМ

705

СЛОВЕНИЯ

СЛОВЕНИЯ

706

СОМАЛИ

СОМАЛИ

710

ОАР

ЮАР

716

ЗИМБАБВЕ

ЗИМБАБВЕ

724

ИСПАНИЯ

ИСПАНИЯ

732

БАТЫС САХАРА

ЗАПАДНАЯ САХАРА

736

СУДАН

СУДАН

740

СУРИНАМ

СУРИНАМ

744

СВАЛЬБАРДА АРАЛЫ

СВАЛЬБАРДА О-В

748

СВАЗИЛЕНД

СВАЗИЛЕНД

752

ШВЕЦИЯ

ШВЕЦИЯ

756

ШВЕЙЦАРИЯ

ШВЕЙЦАРИЯ

760

СИРИЯ

СИРИЯ

762

ТӘЖIКСТАН

ТАДЖИКИСТАН

764

ТАИЛАНД

ТАИЛАНД

768

ТОГО

ТОГО

772

ТОКЕЛАУ

ТОКЕЛАУ

776

ТОНГА

ТОНГА

780

ТРИНИДАД ЖӘНЕ ТОБАГО

ТРИНИДАД И ТОБАГО

784

БАӘ

ОАЭ

788

ТУНИС

ТУНИС

792

ТҮРКИЯ

ТУРЦИЯ

795

ТҮРІКМЕНСТАН

ТУРКМЕНИСТАН

796

ТЕРК ЖӘНЕ КАЙКОС

ТЕРКС И КАЙКОС

798

ТУВАЛУ

ТУВАЛУ

800

УГАНДА

УГАНДА

804

УКРАИНА

УКРАИНА

818

МЫСЫР

ЕГИПЕТ

826

ҰЛЫБРИТАНИЯ

ВЕЛИКОБРИТАНИЯ

830

КАНАЛА АРАЛДАРЫ

КАНАЛА О-ВА

833

МЭН АРАЛЫ

МЭН О-В

834

ТАНЗАНИЯ

ТАНЗАНИЯ

840

АҚШ

США

850

ВИРГИН АРАЛДАРЫ

ВИРГИНСКИЕ О-ВА

854

БУРКИНА-ФАСО

БУРКИНА-ФАСО

858

УРУГВАЙ

УРУГВАЙ

860

ӨЗБЕКСТАН

УЗБЕКИСТАН

862

ВЕНЕСУЭЛА

ВЕНЕСУЭЛА

872

УЭЙК

УЭЙК

876

УОЛЛИС ЖӘНЕ ФУТУНА

УОЛЛИС И ФУТУНА

882

САМОА

САМОА

887

ЙЕМЕН

ЙЕМЕН

891

ЮГОСЛАВИЯ

ЮГОСЛАВИЯ

894

ЗАМБИЯ

ЗАМБИЯ

990

АЗАМАТТЫҒЫ ЖОҚ ТҰЛҒА

ЛИЦО БЕЗ ГРАЖДАНСТВА

999

ШЕТЕЛ

ЗАГРАНИЦА

  

  

  


Каталог: portal -> page -> portal -> mvd -> mvd page -> mvd norm baza current -> mvd nb doc
mvd nb doc -> № исх: 39-6-06/1547-И/вн от: 07. 09. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Ұйымдардың қызметкерлері мен халықты өрт қауіпсіздігі шараларына
mvd nb doc -> Көлiк құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерiн мемлекеттiк тiркеу және есепке алу, Механикалық көлік құралдарын жүргізушілерді даярлау
mvd nb doc -> Ерікті өрт сөндірушілерді бастапқы даярлаудың оқу бағдарламасы
mvd page -> Көлiк құралдарын басқару құқығын алу, емтихан қабылдау, азаматтарға жүргiзушi куәлiгiн беру тәртiбi туралы ережелерді” бекiту туралы
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы
mvd nb doc -> Көшіп келушілердің паспорттарын тіркеу, қабылдаушы тұлғалардың өздеріне келген көшіп келушілер туралы ақпаратты беру, көші-қон карточкаларын жасау және беру, көшіп келушілердің орын ауыстыру
mvd nb doc -> № исх: 8-5-47/2450-И/вн от: 07. 12. 2015 Қазақстан Республикасы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет