Мұқышева Айзаданың 10 "Ә" сынып оқушысы Ғылыми жетекшінің аты-жөні



Дата01.12.2016
өлшемі76,18 Kb.
#2968
  • ғылыми жұмысы
  • Мұқышева Айзаданың
  • 10 "Ә" сынып оқушысы
  • Ғылыми жетекшінің аты-жөні:
  • Биология пәнінің мұғалімі
  • Қасымова Ләзім Талғатқызы
  • Жұмыстың тақырыбы:
  • Ауданымызда жиі кездесетін
  • паразит құрттар
  • Жұмыстың ғылыми бағыты:
  • Медицина және денсаулық
  • Секция: Өлкетану
  • Новоишим қазақ орта мектебі
  • 2006 жыл
  • Мазмұны:
  • І. Кіріспе.....................................................................................................................
  • 1.1 Паразит құрттар және олардың тіршілігі..................................................
  • ІІ. Зерттеу бөлімі
  • 2.1 Ауданымызда кездесетін жануарлардағы паразит құрттар.....................
  • 2.2 Адам ағзасында кездесетін паразит құрттар.............................................
  • 2.3 Құрттардың көбеюі мен дамуы..................................................................
  • 2.4 Жұғу түрлері мен аурудың белгелері........................................................
  • 2.5 Кездесу жиілігі.............................................................................................
  • 2.6 Күресу шаралары........................................................................................
  • ІІІ. Қорытынды..........................................................................................................
  • ІV. Пайдаланған әдебиеттер....................................................................................
  • Аңдатпа (аннотация)
  • Бұл тақырыпты алудағы басты себебіміз қазіргі таңда ең бір маңызды өзекті мәселелердің бірі. Бұл мәселе бүкіл дүниежүзілік , мемлекеттік, облыс, аудан, ауылдық денсаулық сақтау мекемелері мен атқарушы органдардың тарапынан ғана орындалып жүзеге асатынын көруге болады. Зерттеу мақсаты: адам денсаулығы үшін аса зиянды паразит құрттардың тіршілігін, жұғуын, олардан сақтану жолдары талқыланды. Осы жұмысты орындаған кезде мынадай тұжырымдар шықты:
  • дүние жүзі бойынша паразит құрттардың адам денсаулығы үшін зияны
  • паразит құрттармен күресу шаралары
  • қазіргі таңдағы ауданда кездесетін құрттар
  • осы кезде құрттармен қандай шаралар қолданып жатыр
  • Зерттеу жұмысымен айналысудың негізін санитарлық эпидимиологиялық станцияның анықтамалық материалдары құрайды.
  • Негізі ауданымызда жиі кездесетін қандай паразит құрттардың бар екенді туралы толық мағлұмат берілген, оған анализ жасалынған.
  • Зерттеу барысында сәйкестендіру, салыстыру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерді қолданылды. Зерттеу барысында осы ауданның 2002-2006 жыл аралығындағы паразит құрттарды кездесу жиілігі диаграмма кесте түрінде көрсетілген. Үшкірқұрт пен ішексорғының дамуы мен жұғуын анықтау үшін Като әдіс арқылы 2006 жылғы зертханалық жұмысқа қатысып микропрепарат дайындалды.
  • Зерттелген жұмыстан мынадай қорытынды шығады
  • біздің ауданда 2002-2006 жылы аралығында 431 адамның ауырғандығы шықты
  • бұл аурулар әсіресе балаларда көп кездесті
  • ересек адамдарға қарағанда балалар үшін өте қауіпті болдатындығы
  • бұл аурулуардың жеке бас гигиенасын дұрыс ұстамағандықтан, жануарлар мен құстар арқылы, шикі ет пен балық арқылы жұғатындығы туралы анықталды
  • Аннотация
  • Наше богатсво-это наше здоровье. Я выбрал эту тему , потому что здоровье- это главное в жизни человека. А паразитные черви важнейшая проблема здравоохранении. Эту проблему нужно решать всей нашей республикой, областью , районом, с поселковыми округами. Заболевания, вызываемые паразитами животного происхождения, встречаются еще достаточно широко, и чем лучше налажена работа соответствующих лаборатории, чем выше квалификация лаборантов, чем совершеннее применяемые ими методы исследования, тем чаще диагностируются указанные болезни.
  • Постоянное совершенствование организации и методов выявления больных инфекционными паразитными болезнями является краеугольным камнем всей лечебной и профилактической деятельности органов и учреждений здравоохранения.
  • Цель иследования: узнать о распространении и пути заражения паразитных червей в человеке. Наша главная цель обнаруживать паразитных червей в нашем районе и узнать пострадавших от них людей. Исследовать виды этих червей , и при этом показать глобальные проблемы.
  • Во время исследовательской работы мы выявили вот такие гипотезы:
  • паразитные черви очень опасны для человека
  • в нашем районе за 2002-2006 годы заболело 431 человек , из них 425 дети
  • эти болезни встречаются чаще у детей
  • по сравнению со взрослыми дети тяжелее переносят
  • эти болезни передаются и появляются:
  • если не соблюдать личную гигиену
  • через животных и птиц
  • употребление сырого мясо и рыбы
  • В исследовательской работе использовала анализ, сравнение, доказательства, отчёты. В работе показана за 2002-2006 год диаграммы , таблицы, рисунки и графики в виде заключения. Также я работала по методу Като по выявлению глистов и аскаридов у детей.
  • Мы должны попасть в число 50-ти наиболее конкурентноспособных стран мира .
  • Кіріспе
  • Зерттеудің өзектілігі.
  • Қазіргі таңда барлық денсаулық сақтау мекемелерінің және дүниежүзілік денсаулық қорғау және зерттеу мекемелерін толғандырып отырған жайт - адамның келешегі мен денсаулығы үшін өте қауіпті аурулардың етек алып жайылып кетуі. Бұл аурулардың көбі паразит құрттардың салдарынан болатыны зерттеліп отыр.Паразит құрттардың бүкіл дүние жүзін кең көлемде алып кеткені соншалықты, тіпті барлық зертханалық орындары және зерттеуші адамдардан да көп. Бүгінгі күнгі басқа мемлекеттермен қарым-қатынас жасап,бір елдің екінші елмен байланысы паразиттердің таралуы мен жайылуына жол ашып отыр. Міне сондықтан да санитарлық эпидемиялық мекеменің «Паразитология және паразитті аурулардың» саласы үлкен жұмыс істеуге талап қойылып отыр. Ол үшін осы саладағы ғылым мен кітаптар, зерттеу үшін зертханалық құралдар осы заман талабына сай сапалы болу керек
  • Қазіргі таңда паразит құрттар бүкіл дүние жүзіне кең етек жайып жатыр. Олар барлық өздеріне қолайлы жерде өмір сүреді. Паразиттердің санының көптілігі соншалықты , тіптен оны зерттейтін мекемелер мен зертханаларданда көп. Қазақстан елінің медицинасы әлі ақсап келе жатқаны өтірік емес, ал олай болса бұл мәселені шешу бізге оңай келмес.
  • Зерттеудің мәселесі.
  • Менің осы ғылыми жобаны алу себебім: адам денсаулығы үшін паразит құрттардың қаншалықты зиян екенін және олардың қандай түрлері бар екендігін көрсету.Бұл құрттардан болатын аурулардан қалай сақтанып, қалай болдырмау керектігін үйрену. Олардың қай жас аралығында көп кездесіп, балалар қандай құрттармен жиі ауратынын көрсету.
  • Өзімнің тұрып жатқан жерімде қандай паразит құрттар бар, олар қандай жағдайда жұғады, неше аралық жастарда көп болды, ересек адамдар үшін әлде жасөспірімдер үшін қауіпті ме екенін зерттеу. Ауданымызда осы құрттармен қандай күресу жолдары бар, ал жалпы осы ауруларды болдырмау және оның алдын алу қандай екенін үйретіп, адамзат баласының денсаулығын нығайту жолында еңбек ету болып отыр.
  • Ол үшін мен 2002-2006 жылдар аралығындағы ауруларды, қай жаста көп кездесетінін зерттеймін. Зертханалық жұмыстарға қатысып паразит құрттардың түрлерімен , тіршілігімен таныстыру. Олардың қауіптісін зерттеп, оларға күрес жолдарын үйрену. Кітаптан, интернет жүйесінен паразит құрттарды жаздым ,салыстырмалы кестелерді талқылап отырмын.
  • Зерттеу болжамы:
  • Бұл жұмыс кезінде мен салыстыру, сәйкестендіру, тұжырымдау, анализдеу және нақты материалдарды қорытындылау әдістерімен жұмыс істедім. Қанша құрт барын Като әдісі арқылы тексердім.
  • Зерттеу бөлімі 7 бөлімнен тұрады. Алдыңғы үш бөлімде жалпы паразит құрттар дегенім не, олар қалай тіршілік ететінін , олардың көбеюі мен дамуы қалай жүзеге асатындығына тоқтадық. Таралу және жұғу себептеріне тоқталып, анық сипаттама және мәселені шешудің жолдарына анықтама берілді.
  • Зерттеу пәні
  • Биология пәні бойынша адам денсаулығы мен медицина бағыты .
  • Зерттеу объектісі
  • Ауданда кездесетін паразит құрттар.
  • Зерттеу мақсаты
  • паразит құрттардың ауданда қандай түрлері кездесетінідігі туралы деректер іздеу. Олардың адам ағзасы үшін қандай қауіп төнетіндігі туралы анықтау. Қай құрт қандай ауруды әкелетіндігін білу.
  • Зерттеу міндеттері
  • Менің міндетім барша адамға паразит құрттардың адам үшін зияндылығын көрсету. Олардың санын азайтуда мәселе қозғау. Балалар мен ересек адамдарға осы аурулардың жұғуы мен болдырмауы туралы үйрету.
  • Зерттеу кезеңдері
  • Осы ғылыми жұмыс мынадай кезеңдерден тұрады. Дүние жүзі бойынша паразит құрттардан болатын ауруларды кездесу жиілігі(1996 жылғы Женева қаласында өткен бүкіл дүниежүзілік денсаулық сақтау мекемелерінің анализі бойынша) адамдар мен жануарлар ағзасында кездесетін құрттар туралы материалдар. Өзімнің зертеу жұмысым( диаграммалар, кестелер) арқылы паразит құрттардың аурулары туралы мағлұматтар. Соңында күресу шаралары мен қорытынды шығарылды.
  • І. Кіріспе бөлімі
  • 1.1 Паразит құрттар және олардың тіршілігі
  • Дүние жүзі бойынша 10 жыл ішінде 4,5 млрд адам паразит құрт ауруымен ауырған. Оның 95%-ы паразит құрт бойынша. Санақ бойынша Еуропада үш адамның бірінде паразит құрт тіршілік етеді. Росс Андерсонның зерттеуі бойынша АҚШта болатын аурулардың 85% паразиттен болады. Жыл сайын дүние жүзі бойынша 14млн адам өледі.
  • Дүние жүзі бойынша 4млрд адам үшкірқұрттан, 102 млн адам ішексорғымен, 900млн адам анкилостомоздан, 700млн адам трихоцефалоздан ауырған.
  • Бүкіл дүние жүзілік денсаулық сақтау мекемесінің 1996 жылы Женева қаласында мынадай салыстырмалы кестені талқылаған. Мұнда осы жылға дейінгі (рак) ісік аурумен ауырған.
  • 1-кесте
  • Ісік аурулары
  • Бір жылда қанша адам ауырады
  • Қаншасы паразит құрттан болады
  • бауыр
  • 527
  • 82%
  • өкпе
  • 1020
  • 90%
  • қуық
  • 500
  • 100% (шистосомоз)
  • жатыр ісігі
  • 200
  • 100% (шистосомоз)
  • әйел адамдағы
  • 529-390
  • 80-83%
  • Осы кестеден мен мынадай тұжырым шығарамын. Біріншіден паразит құрттар ішкі мүшелерді соның ішінде бауырды, өкпені , қуықты және жыныс мүшелерін зақымдайды. Адамға ауыз арқылы еніп асқазанға түскесін, оның қабырғаларын жыртып қан арқылы өзіне қажетті мүшелерге барып, ісік тудырады.
  • Жалпы омыртқасыз жануарлардың құрттар тобы үлкен үш класқа жатады. Жалпақ, жұмыр және буылтық құрттар. Олар қоректену тәсілі бойынша паразит және сапрофит деп екіге бөлінеді. Паразит түрлері тек қана тірі ағзалардың дайын тамағымен қоректенеді. Олар дың қосымша, аралық және негізгі иелері болады. Негізгі иелеріне көбіне адам немесе ірі қара малдар, ал қосымша иеге былқылдақденелер немесе жәндіктер жатып, оның ішінде құрттар уақытша өмір сүреді. Осы паразит құрттарды 1931жылы Скрябин мен Щульц паразит құрттарды биогельмент және геогельмент деп бөлді.
  • Биогельмент дегеніміз-олар жануар арқылы адамға беріледі, ал геогельмент дегеніміз-топырақ арқылы адамға беріледі.
  • Құрттарды 2класқа бөледі:
  • 1.Немотод класы.
  • 2.Цестода класы.
  • 1.Құрттар олар немотод класына жатады. Олардың аталығы мен аналығы бөлек болады. Немотодтың дамуы тура жолмен жүреді. Немотод тудыратын ауруларды-немотодоз деп атайды.
  • 1.Үшкірқұрт
  • 2.Ішексорғы
  • 3.Влагослав
  • 4.Анкилостома және некатор
  • 5.Стронгилоид
  • 6.Трихинелла
  • 7.Трихостронгилид
  • 8.Филярии
  • 2.Цестода класы.
  • Цестодалар-олар жалпақ жіпше пішіндес болады. Құралған мүшелерін-проглатид деп атайды. Ұзындығы мен мүшелерінің айырмашылығы бір-бірінен өте көп. Оларда асқорыту жүйесі, демалу жүйесі жоқ. Олардың көбі биогельменттерге жатады. Адамның ағзасын бірнеше ондаған цестод түрі мекендеп зақымдайды.Цестодадан пайда болатын ауру-цестодоз деп аталады.
  • 1.Мысық сорғыш құрт
  • 2.Клонорх
  • 3.Диклоцерий
  • 4.Фасциол
  • 5.Парагоним
  • 6.Метагоним.
  • 7.Нанофит
  • 8.Шистосома
  • 9.Сиыр цепені
  • 10.Шошқа цепені
  • 11.Егеуқұйрық цепені
  • 12.Эхинококк
  • 13.Альвеолакокк жатады
  • Құрттар барлық өзіне қолайлы жерлерде кездеседі. Олардың саны миллионға дейін барады.
  • Сорғыш құрттардың барлығы дерлік қосжынысты болып есептеледі. Олардың көбі дерлік аталығы мен аналығы бір ағзаның ішінде кездеседі. Ол қасиет олардың өздігінен емін еркін қосылып ұрықтануына жол ашады. Яғни олар тек тірі ағзаларда ғана көбейіп дами алады. Олардың бас бөлігінде және құйрық бөлігінде екі түрлі сорғыштары бар. Оның бірі сору үшін, ал бірі бекіну үшін керек. Бұлар адамның ішіне енген кезден бастап-ақ, өзінің өкімін жүргізе бастайды. Олар өте қауіпті құрттар , себебі жыл сайын барлық елдерде бұл құрттармен кездесіп өлімге душар болып жатады.
  • Сондықтан бұл паразит құрттарға немқұрайлы қарамауымыз керек, олардың жер бетін жайылып кетпеуі үшін алдын ала дабыл қағуымыз керек.
  • ІІ.Зерттеу бөлімі
  • 2.1.Ауданымызда кездесетін жануарлардағы паразит құрттар.
  • Кейбір паразит құрттар тек қана жануардың ағзасында ғана дамып , көбейе алады.Мал шаруашылығына зиянды құрттарға тоқталып кетейік. Солардың бірі -бесноитиоз.
  • Бесноитиоз(Besnoitia besnoiti) Бұл құртты ең бірінші 1959 жылы Всеволодов Қазақстан территориясынан тапқан. Оны «тынымсыз қышыма » деген ауру тудыратынын айтқан. Бұл құрт тек қана ірі қара малда ғана, яғни сиырда тіршілік етіп сиырдың ағзасына зиян келтіреді. Адам онымен ауырмайды. 6-45 күнге дейін созылып, малдың тәбеті болмай, өте арып, мойыны мен аяғындағы лимфа жіпшелері ісіп кетеді. Осы аурудан өлген малдың терісі сұр түске айналады. Оны тек қана қанын 600-800 есе үлкейтетін микроскоп арқылы ғана көруге болады. Бұл құрт батпақтар мен көл-тоғандарда кездеседі де, кей кездері масалар мен шыбындар таратушы болады. Күресу жолдары: әрқашан қанын тексертіп отыру, қора ішін 3 проценттік хлорофоспен немесе хлорлы ізбеспен сылап отыру керек.
  • Иттің эхинококкозы (Echinococcus granulosus) таспа құрт. Ол иттің, қасқырдың және шибөрінің ішегінде өмір сүреді. Дене тұрқы 3-5 мм, 4 сорғышы бар екі қармалауышты басы және 3-4 таспасы бар. Соңғы таспасы дамып жетілген дене бөлігі болып саналады. Оның жұмыртқасы нәжіс арқылы шығып терісіне жұғады. Аралық иесі- сиыр мен қой, шошқа. Дернәсілі- онкосфера деп аталады. Ішке кіргесін қан тамырлардың қабырғасын жыртып ішке еніп, өкпеге, бауырға, сүйек пен бұлшықетке өтеді. Мүшелерге барған соң бірінші, екінші және үшінші реттік көпіршіктерге айналады. Өте қауіпті гельминт.
  • Тауықтын паразиті Eimeriamitis өзінің барлық даму кезенін (шизогония, гаметогания, ұрықтану, ооцистаның түзілуі) ішек эпителиінде өтеді.Бірақ кей жағдайда кокцидияның кейбіреуі ішек қабырғаларының терең қабатында дәнекер ұлпада өтетіндігі байқалды.
  • Үй қоянда паразит ететін Eimeria mаgра-ның тек қана гамонтты емес, ал шизонттары да суб эпителий қабатында дамиды екен. Кокцидияның әртүрлі даму кезендерінің дәнекер ұлпада жайласуы паразиттің зақымымен эпителий жасушаларының эпителилдық пласт түсіп кетіп өзі төменде жатқан ұлпаға қатып кетумен байланысты. Сол жерде ұзақ уақыт дамиды.
  • Жалпақ құрттар типіне жататын паразит құрттар:
  • Миқұрт .
  • Бұл жалпақ құрттар типінің, таспа құрттар типінің өкілі болып табылады.Миқұрт иттің, қасқырдың, түлкінің және т.б. жыртқыштардың ішегінде, көпіршікті сатысында қойдың миында тіршілік етеді. Жыртқыштар ішін босатқан кезде ондағы миқұртының жұмыртқалары сыртқа шығып, шөпке жабысады. Жайылып жүрген қой шөп жегенде оған қоса миқұрттың жұмыртқасы да қарынға өтіп, одан қан арқылы миға орнығып, финканың бірнеше бастары орналасады. Көпіршіктің көлемі де , салмағы да артып, ми сауытының ішкі жағына қысым түсіреді. Көпіршікті финканың орналасуына қарай қой басын кекжитеді, тұқыртады немесе бір орында тұра алмай , шыр айналады.
  • Сондықтан миқұрттың дернәсілі зақымдаған қойды айналма немесе тентек деген аурумен аурады деп есептейді.
  • Ғылым тілінде бұл ауруды ценуроз деп атайды.
  • Қой- миқұрттың аралық иесі, оның негізгі иесі- қасқыр тұқымдас жыртқыштар.Жыртқыштар миқұрттың дернәсілімен зақымданған қойдың басын жеп , өзіне жұқтырады.
  • Миқұрттың дернәсілі жыртқыштардың ішінде дамып , тұрқы 40-100 см, жалпақтығы 5см –ге дейін жетеді де , көбейіп , жұмыртқалайды. Жұмыртқадан дамыған көпіршік тәрізді финканыңм үлкендігі көгершіннің жұмыртқасындай болады. Айналмамен ауырған қой отығудан қалады да , мүлде азып , ақыры өледі. Айналмамен ауырған қойға емде қонбайды, сондықтан аурудың алдын алу үшін ауырған қойдың басын ит немесе басқа жыртқыштар жей алмайтындай етіп жерге көму керек.
  • Қой, ешкі, сиырда кездесетін – таспа сорғышқұрт. Дикроцелиоз ауруын тудырады. Таспаша сорғыштың жұмыртқасы құрлықта тіршілік ететін ұлу денесіне түседіде , өсіп жетілісімен сілімейге шыланып, тыныс тесігі арқылы сыртқа шығады. Ұзындығы 8-10мм.
  • Айырдененің басқа сорғыш құрттардан ерекшілігі- дара жынысты. Айырденені сорғыштың тұрқы 10-15мм. Аналығының қармақшалары бар ірі жұмыртқа салады да , қуыққа түсуі мүмкін. Ол шистозоматоз ауруын тудырады. Ол суы баяу ағатын Қазақстан суларында көп кездеседі.
  • Қоздырғыш диплустумум туысына сорғыш құрттар кіреді.Олар негізінен көз және шыны тәрізді денелерде тіршілік етеді. Гельминттердің ересек кезендері балық жеуші құстардың , шағалалардың бірнеше түрінде, ал үйректерде сирегірек кездеседі. Аралық иенінің қызметін таспа ұлулары, қосымша қызметін тұқымтектес балықтар болып есептелінеді. Ақыры иесі шағалалар, диплостумумның митоцерка рилердің зақымданған балықтарды жеп, өздеріне осы аурудың дернәсілдерін жұқтырады. Ауру баланың көз бұршағы мөлдір болмаса, лайлана бастайды. Инвазия қарқынды өтсе және жоғары болса балық соқыр болады. Су бетіне қалқып шығады, қозғалысы бұзылады, көзі көрмей қалған балықтар балық жеуші құстардың жеміне айналады.
  • 2.2Ауданымызда кездесетін адамдағы паразит құрттар .
  • Ішексорғы (Enteobius vermicularis)
  • Ол ақ түсті ондай үлкен емес. Құйрықты.Ол майысып келген. Аталығының ұзындығы 9-12 мм, ал аналығының ұзындығы 2-5мм.
  • Үшкір құрттың жұмыртқаларының түсі - түссіз, жіңішке, ұзындықтары 1,05 мм, тегіс және сырттқы қабаты жақсы жетілген.
  • Оның жұмыртқасының бір жағы тегіс, ал екінші жағы дөңес және
  • жұмыртқаның ішінде қоймалжың зат бар.
  • 1-аузы
  • 2-жұтқыншағы
  • 3-6-жыныс мүшелері
  • 7-аналь есігі
  • Власоглав(Trchocephalus)
  • Ол өте жіңішке, ұзындығы 3-5см. Жұмыртқасын сары, қоңыр түсті, пішіні лимон тәріздес болып келеді.Артқы бөлігі толығырақ болып келеді. Ал аналығының жатыры жұмыртқаға толы болады.
  • 1- сурет
  • Власоглав(Trchocephalus)
  • Ол өте жіңішке, ұзындығы 3-5см. Жұмыртқасын сары, қоңыр түсті, пішіні лимон тәріздес болып келеді.Артқы бөлігі толығырақ болып келеді. Ал аналығының жатыры жұмыртқаға толы болады.
  • а)аналық
  • б)аталық
  • 1)алғы бөлігі
  • 2)артқы бөлігі
  • Анкилостома және некатор.(Ancylostoma duodenale and Necator ameicanus)
  • Ол тым үлкен емес , ұзындығы 1-2 см, ақшылт қызыл және сарғыш түсті болып келеді. Оның алдыңғы жағында ауызы бар.Олардың жұрмыртқалары ұсақ болып келеді және олар түссіз, аяқ жағы оралған болып келеді. Анкилостомада 4 тісі , ал некаторда 2 кесуші кеміргіштері бар.Олардың жұмыртқаларын айыру өте қиын. Сыртқы қабықшалары өте жіңішке .Жаңа пайда болған жұмыртқаларда 4-8 бластометр немесе дернәсіл жасушалары.
  • 3- сурет Некатордың суреті кескінделген
  • Стронгилоид.(Strrongylus vulgaris)
  • Ол ұсақ болып келеді. Ұзындығы 2-3мм. Оның аналығы ішек - қарында жұмыртқа салады. Дене тұрқы 0,2 -0,5 мм. Әрбір аналық тәулігіне 50 жұмыртқа шашады.
  • 3- сурет
  • 2- сурет
  • Стронгилоид.(Strrongylus vulgaris)
  • Ол ұсақ болып келеді. Ұзындығы 2-3мм. Оның аналығы ішек - қарында жұмыртқа салады. Дене тұрқы 0,2 -0,5 мм. Әрбір аналық тәулігіне 50 жұмыртқа шашады.
  • Трихинелла(Trichinella spiralis)
  • Өте ұсақ болып келеді. Ұзындығы 1-4 мм. Ірі гельминттар адам ағзасында тез дамиды.
  • Трихинелла аталығы мен аналығы а)аналық в)аталық
  • Трихостронгилид(Trichostrongylidae)
  • Өте кішкентай жұмыр құрт. Дене тұрқы 6мм. Жұмыртқа пішіні майысқан, дөңгелек. Сыртқы қабаты жұқа , түссіз. Жұмыртқа құрамында 8-10 бластомер бар.
  • Таспа құрт(ленточный,Diphyllobothrium latum )
  • Ол ең үлкен паразит және өте қауіпті. Ұзындығы 10м-ге дейін барады. Басы 3-5 мм. Ол өте жіңішке болып келеді. Оның ортасындағы қара дақ ол – оның жатыры. Онда оның жұмыртқалары болады. Оның жұмыртқаларының ірісінің ұзындығы 75мкм. Түстері сарғыш немесе сұр болып келеді.
  • 4- сурет
  • 5-сурет Таспа құрттың денесі
  • Сиыр цепені.(Taeniarhynchus saginatus)
  • Ұзындығы 4-10м . Басының диаметрі 1-2мм. Ол 1000-2000 бөліктен тұрады.Жас бөліктері бас жағында болады. Оның жатыры жұмыртқаға толы болады.Жұмыртқа саны -157000. ол адам ағзасында 20 жылдай өмір сүре алады.
  • Шошқа цепені.(Taenia solium)
  • Ұзындығы 3м. Жатыры 8-12 талшықтан тұрады.Оның басында 4 сорғыштан басқа 22-23 қармалауыштары бар. Шошқа цепені мен сиыр цепенінің
  • онкосферасын айыру қиын.
  • 6-сурет Шошқа цепенінің құрылысы
  • а)қармалауыш
  • б)сорғыштары
  • в)мойны
  • 5- сурет
  • 6- сурет
  • Альвеококк (Аlveococcus)
  • Оның құрлысы эхинококкқа ұқсайды. Айырмашылығы оның басында қармалауышы бар. Эхинококк ол ұсақ және көп көпіршіктен құралады, ал альвеококк тек қана жасушалы нағыз денешіктен құралады.
  • 7-сурет Альвеококк
  • «14»
  • Фасциол(Fasciola)
  • Ол 2-ге бөлінеді:
  • 1.Кәдімгі фасциол(Fasciola heratica)
  • 2.Үлкен фасциол(Fasciola gigantica)
  • Кәдімгі фасциолдың өлшемі 2-3см. Үлкен фасциолдың ұзындығы 7см. Жұмыртқалары ірі болады. Ұзындықтары 130-145мкм. Жұмыртқаларының түсі сары және қоңыр болып келеді.
  • 7- сурет
  • Үшкірқұрт.(Enterobius vermicularis)
  • Өте үлкен және аталығы мен аналығы бөлек орналасқан нематод. Аталығының ұзындығы 20-40см, ал аналығының ұзындығы 15-25см. Үшкірқұрттың ұшқы жағы үшкірлеу және ақшылт болып келеді. Бас жағын микроскоппен қарағанда үш ірі ерні болады. Аналығының құйрығы әрдайым майысып тұрады. Жасушаның ішінде бір жасуша бар , ол қара түсті болып келеді.
  • 8-сурет Баладан табылған үшкірқұрт
  • 8 - сурет
  • 2.3 Паразит құрттардың көбеюі мен дамуы
  • 1. Үшкірқұрт (Острица.Еnterobius vermicularis)
  • Адам ұйықтағанда жаңа өсіп келе жатқан аналық зәр шығару мүшесі арқылы шығады да, сосын адамда қоздырғыш ауру пайда болады. Әрбір аналық 1200 жұмыртқа басып шығарады. Зақымданған адамның аналь тесігі қышиды. Егер адам құйрығын тырнаса, ол адамның тырнағының ішіне острица жұмыртқалары еніп, одан төсек орынға, ойыншыққа, ыдыс-аяққа, тамаққа түседі де , сосын қандай да бір жағдаймен адамның ағзасына енеді. Оның адам ішінде өмір сүру уақыты бір ай , бірақ кейде острица кейбір адамда бірнеше айға немесе бірнеше жылға созылуы мүмкін.
  • 2.Власоглав.(Trichocerhalus trichiurus)
  • Оның жұмыртқасы топырақта дамиды, бірақта ол төмен температурада өсе алайды. Топырақ беті +150,+370 С болғанда ол дамиды. 3-4 айда ол дамып шығады. Ол адамға кір жеміс-жидектер арқылы, бақшада топырақты қопсытқанда немесе кішкентай балалар топырақта ойнағанда , егер қолдарын ауызға салатын болса, адам ағзасына енеді. Ол адам ағзасында бірнеше жыл бойы өмір сүреді.
  • 3. Анкилостома және некатор.(Ancylostoma duodenale)
  • Ол жылы топыраққа енеді де 10-15 күн немесе бірнеше ай бойы топырақта өмір сүре алады.
  • Ол адам ағзасына топырақты қолмен ұстап оны аузына салса, ондаоның жұмыртқалары адам ағзасына енеді. Ол адам ағзасында 15 жыл өмір сүре алады.
  • 4. Странгилоид.(Strongyloides stercoralis)
  • Оның жұмыртқалары топыраққа түскеннен кейін, адам жеміс-жидек жесе немесе көкөністі жесе ол адам ағзасына енеді. Ол адам ағзасына енгеннен кейін қыл тамырларға түседі одан альвеолдың ішіне еніп, одан бронхыға барады. Кішкене өскеннен кейін ішек қарынға енеді, ол адам ағзасында бір айдай дамып шығады.
  • 5. Трихинелла.( Trichinella spiralis)
  • Ол адамның, қасқырдың, түлкінің, иттің, мысықтың, шошқаның, аюдың, борсықтың ішек қарнына еніп, зақымдайды. Трихинелла бір айда 2000 тірі личинка шығарады. Ол ішектің қабырғасы арқылы қанға одан бұлшықетке өтеді. Ол адам ағзасына шикі, шала піскен жабайы жануарлар еті арқылы адам ағзасына енеді.
  • 6. Трихостронгилид.(Trichostrongylus)
  • Ол кішкентай және үлкен жануарлардың ішін зақымдайды. Оның
  • жұмыртқалары қоймалжын заттан бастап дамиды.
  • Адам лас,қайнамаған суды ішкенде, қымыздық және т.б өсімдік жегенде енеді. Жұмыртқасы сыртқы ортада тез дамиды.
  • 7.Жіпшеқұрт.(Diphyllobothrium latum)
  • Ол балық жейтін тірі ағзаны зақымдайды. Ол адамның, мысықтың, иттің шошқаның ішек –қарнын зақымдайды. Ол ішек қарын ауруларын тудырады. Ол балықтың уылдырығында көп кездеседі. Егер адам зақымданған шортанды, балықты жесе ол адам ағзасына еніп, зақымдайды.Оның жұмыртқасы тірі ағзаға енген соң екі айдан кейін ұзын лентаға айналады. Бұл паразиттің өмір сүруі 10 жыл.
  • 8. Сиыр цепені (Taeniarhynchus saginatus)
  • Ол топырақта, шөпте, сабанда кездесуі мүмкін.
  • 9. Шошқа цепені.(Taenia solium)
  • Шошқа цепені адам ағзасына еніп миды, көзді, бұлшықетті зақымдайды. Шошқа цепені тудыратын ауруды цистицерхоз деп атайды. Ол бір адамнан екінші адамға тез жұғады, бірақ тез емделіп жазылып кететін құрт. Егер адам емделмесе онда 18 жыл бойы 600 миллион жұмыртқа салады, ал өмір бойы 11миллиард жұмыртқа салады екен. Бұл құртты табу қиын емес, нәжісті тексергенде қаруланбаған көзбен оңай-ақ құрттың қармалауыштарын байқап қалуға болады.
  • 10. Эхинококк.( Echinococcus granulasus)
  • Ол иттің, қасқырдың ішек-қарнына еніп, тіршілік етеді. Эхинококк жұмыртқалары иттің кір жүнінің үстіне түседі, ит өзенге барып шомылса жұмыртқалар суға түседі, одан топыраққа сосын шөпке және т.б жерлерге түсіп, дамуын бастайды. Эхинококк жұмыртқалары жақсы сақталады. Оның жұмыртқалары су, тамақ арқылы үй жануарларының ішіне оңай енеді. Одан ішек-қарынға, бауырға барады. Ол ағзаға енгеннен кейін оның қоймалжын заты эхинакокк көпіршігіне айналады. Ұзындығы 10-20см. Көпіршіктің іші ақ сұйықтыққа толы. Оны эхинококк құмы деп атайды.
  • 2.4 Жұғу жолдары мен ауру белгілері
  • Паразит құрттар адамға мынадай жолдармен жұғады:
  • 1.Көбі ауыз арқылы.
  • а)геоорально- қолды жумағандықтан, тамақпен, жануардың жүнінен, құстың қауырсынын ұстағанда, топырақ ұстағанда жұғады.
  • ә)ксентотрофты- шала пісірілген ішінде құрттың жұмыртқасы бар ет және балық арқылы.
  • 2. қарым-қатынас жасау арқылы:
  • а)жыныстық жолмен
  • ә)лас су арқылы
  • б)ауа арқылы
  • 3.траноплацентарлы жолмен.
  • Балаға ана құрсағында жатып жұғу жолы.
  • 4.Транамиссивті - маса, қоңыз , ұлу жәндіктердің жұғуы арқылы.
  • Паразит құрттар өте көп жұмыртқа салады.Сондықтан олармен дер кезінде күресу керек. Олар адамға жұққан күнінен бастап ағзаны уландырады, ал олардың ағзаға жұқандығын оның белгілері арқылы білеміз.
  • Құрттардың мынадай белгілері бар.
  • Ауру белгілері:
  • 1. Шаршау
  • 2. Тәбеттің болмауы
  • 3. Ашуланшақтық , жүйкенің тозуы
  • 4. Құсу ,іші өтуі, іштің үрленуі, газдың болуы
  • 5. Сілекейдің көп бөлінуі
  • 6. Қан аздық
  • 7. Бұлшықет пен буынның ауруы
  • 8. Бас ауруы
  • 9. Дене температурасы(37-380) көтерілуі
  • 10. Ұйқының қашуы
  • 11. Денеде аллергиялық бөрту
  • 12. Ұйықтап жатып тіс қайрау
  • 13. Өкпе , (әсіресе бронхо, астма) ауруы.
  • Ал екінші кестеден паразит құрттардың жұғуы мен олардың ауру түрлері және зақымдайтын мүшелері жайында айтылған
  • Құрт және ауруы
  • Жұғу түрлері
  • Зақымдайтын мүшесі
  • Кездесетін ел
  • Мысық сорғыш (описторхоз)
  • Былқылдақдене , балық, ауыз арқылы
  • өт, бауыр, ұйқы безі
  • Батыс Сібір,Қазақстан, Еуропа
  • Фасциол(фасциолез)
  • Былқылдақдене, су, өсімдік, ауыз арқылы
  • Бауыр, өт
  • Орта Азия, Қазақстан,Кавказ
  • Қысқа цепень (гименолепидоз)
  • Кір қол, ойыншық, тамақ
  • Ащы ішек
  • Түгел жерде
  • Егеуқұйрық цепені
  • Ұн, ұннан жасалған тағамдар
  • Ащы ішек
  • Түгел жерде
  • Шошқа цепені (тениоз)
  • шикі ет
  • Ащы ішек
  • Түгел жерде
  • Эхинококк
  • (эхинококкоз)
  • Кір қол , лас су
  • Ішкі мүшнлер
  • Түгел жерде
  • Ішексорғы
  • (бөсір)
  • Топырақ, көкөніс арқылы
  • Ішекті
  • Түгел жерде
  • Анкилостома (анкилостомоз)
  • Топырақ, лас жеміс, кір қол
  • Он екі елі ішек арқылы
  • Орта Азияда
  • Паразит құрттар адамның ағзасын зақымдап , өлімге апаруы мүмкін. Әрбір паразит құрттардың адамның қай мүшесін зақымдайтынын және оның белгілеріне тоқталайық.
  • 2 - кесте
  • 1.Мысықсорғыш (Opisthorchis felineus)
  • Мысықсорғыш ол- описторхоз ауруын тудырады. Ол адам ағзасына еніп , адамның бауырын , ішек – қарнын, өтті, ұйқы безін зақымдайды.
  • 2.Парагоним.(Paragonimus westermani)
  • Осы паразит адамның ішек-қарнын зақымдайды.
  • 3.Шошқа цепені.(Taeniarhynchus saginatus)
  • Ол адам ағзасына еніп , миды, бұлшықетті , көзді ,ащы ішекті зақымдайды.
  • 4.Ж іпшеқұрт .(Diphyllobothrium latum)
  • Адам ның ішек-қарнын зақымдайды.
  • 5.Ішексорғы.(Askaris lumbricoides)
  • Адамның ішек-қарнын зақымдайды.
  • 6.Фасциол.(Fasciola)
  • Ол ішек- қарынды , бауырды, тамырларды зақымдайды.
  • 7.Эхинококк.(Ehinococcus granulosus)
  • Ол адамның миын, бауырын ішкі ағзасын зақымдайды.
  • Эхинококкозбен ауырған сиырдың бауырындағы көпіршік тәріздіфинканың салмағы 12кг жеткені мәлім. Демек, бұл- қауіпті ауру. Ересек эхинококк қасқыр тұқымдас жыртқыштардың қарнында тіршілік етеді және иесіне залалы жоқ. Оның тұрқы 2-6мм аспайды.
  • 8.Үшкірқұрт.(Enterobius vtrmicularis)
  • Адамның тік ішектерін зақымдайды.
  • 9.Анкилостома.(Ancylostoma duodenale)
  • Он екі елі ішекті зақымдайды.
  • 10.Егеуқұйрық цепені.
  • Ащы ішекті зақымдайды.
  • 2.5 Кездесу жиілігі
  • Мен паразит құрттардың ауданымызда кездесу жиілігін жасау үшін санитарлық эпидемиялық бақылау мекемесіне барып 4 жыл ішіндегі жиналған құжаттарды талқыладым. Бұл жұмыста 2002мен 2006 жылғы аралықтағы паразит құрттардың санын мына кесте бойынша көрсеттім.
  • жылдар
  • ішексорғы
  • Үшкірқұрт
  • Сиыр цепені
  • эхинококк
  • описторх
  • 2002
  • 2003
  • 2004
  • 2005
  • 2006
  • 5
  • 7
  • 6
  • 7
  • 5
  • 84
  • 102
  • 86
  • 59
  • 60
  • 1
  • 1
  • -
  • -
  • -
  • 1
  • 1
  • 1
  • 1
  • -
  • -
  • -
  • -
  • 2
  • 1
  • Осы төрт жыл ішінде аудан бойынша 431 адам тіркелген. Оның 6-сы ересек адам, ал 425-і балалар. Менің санауымша 98,6% балалар, ал 1,39 % ересек адамдар ауырған. Мұның себебі не? Менің ойымша балалардың жеке бас гигиенасын сақтамауынан болып отыр. Ал ересек адамдар сиыр және балық еті арқылы жұқтырған.
  • Ең көп кездесетін құрт үшкірқұрт.
  • Оны мына диаграмма арқылы қарайық.
  • Үшкірқұрт тудыратын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 331 бала ауырған.
  • Жалпы үшкірқұрттан 90,7 % бала ауырған.
  • Ауданымызда ішексорғы құрты да балалар ағзасында кездесіп,
  • бөсір ауруына шалдықтырғаны туралы №2-ші диагаммадан көруге болады.
  • №2 диаграмма
  • Ішексорғы құртынан туатын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 30 бала ауырған.
  • Жалпы ішексорғы құртынан ауырған балалар 6,96 %-тін құрайды.
  • №3 диаграмма
  • Эхинококк құртынан туатын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 4 ересек адам ауырды.
  • Жалпы эхинококк құртынан болған аурулар 0,92 %-тін құрайды. Бұдан 4 адам ауырғанын азғантай деп санауға болмайды. Себебі, олар адамның ең негізгі мүшелерде мекен етіп, бір жылда 400 000 000 жұмыртқа салаты-нын еске тұтқан жөн.
  • Құрттардың ішіндегі ең қауіптісі эхинококк екенін білеміз. Жыл сайын біздің дәрігерлер онымен кездесіп отырады. Ондай құрттар мида және бауырда қатерлі ісіктер тудырып, ағзаны уландырады. Эхинококктың кездесу жилігін №3-ші диаграммадан көруге болады.
  • №4 диаграмма
  • Мысықсорғыш құртынан туатын аурудан 2002-2006 жылдар аралығында жалпы 3 ересек адам ауырды.
  • Жалпы мысықсорғыш құртынан болған аурулар 0,69 %-тін құрайды. Мысықсорғыш құртының ауруынан науқас-танған адамдар басы ауырып, дене қызуы көтеріліп, бауыр-ларының қызып ауырады.
  • Ауданымызда мысықсорғыш құртынан науқастанған адамдар да кездесті. Олардың адамға мысық жүні және балық арқылы жұққаны анықталды. Мысықсорғыш ауруының жиілігін №4 диаграммадан көруге болады.
  • №5 диаграмма
  • Сиыр цепенімен ауданымызда 3 адам тіркелген. Екеуіде құрты бар сиырдың бауырынан жұқтырған. Сиыр цепені бауыр мен бұлшықетте оратылып, ұзындығы 10 метрге дейін жеткенше жатады
  • Финноз ауруына шалдыққан науқастар тек қана 2002 жылы және 2003 жылы ғана тіркелді. Жалпы 0,69 %-тін құрайды.
  • Ал енді паразит құрттардан әйел адам ба, әлде ер адамдар ауырады ма екенін мына диаграмма арқылы қарайық.
  • 2002-2006 жыл аралығында паразит құрттардан болатын аурулар бойынша 15 ер адам және 1 әйел адам тіркелген.
  • №6 диаграмма
  • Бұл адамдардың барлығы да емделіп жазылып кетті. Тек қана бір әйел адам ғана эхинококкоз ауруынан көз жұмды. Ол адам Астана қаласында тіркелген.
  • Осы көрсеткіштер арқылы мен адам ағзасы үшін құрттардың өте қауіпті екенін көрсетіп отырмын. Олардың санын жыл сайын азайтып отыру керек, ол үшін мектепте бастауыш сыныптарда және жоғары сыныптарда осы құрттар туралы мәлімет беріп, олардан ауруды болдырма үшін ең бірініші жеке бас гигиенасын ұстау екендігін миға тоқытқызу.
  • «21»
  • Мен 2006 жылы (СЭС) зертханашысы Людмила Григориевнамен бірге 5-6 жас аралығындағы балалардың ағзасынан ішексоғы мен үшкірқұрттың жұмыртқалары бар ма екенін тексердік.
  • Осы зертханалық жұмысты мынадай тәсілдермен жасадық:
  • Құрал – жабдық: терезе әйнегі, заттық әйнек, 50% глицерин араласқан су, жұқа салафан, әйнек қасықша, пробка жәнеде микроскоп.
  • Терезе әйнегін алып , оған заттық әйнекті қойып заттық әйнектің үстіне каллды әйнек қасықшамен үстіне қойып , каллдың бетіне 50% глицерин араласқан судағы салафанды бетіне жабыстырып , бетін пробкамен тегістейміз . 30-40 мин өткеннен кейін микроскоппен х7х8 өлшеммен қарағанда . сол каллдағы қандай құрттың бар екені анықтауға болады .
  • Осы Като әдісін немесе басқада зертханалық жұмыстар істегенде міндетті түрде медициналық қолғап кию керек!
  • Мен осы зертханалық жұмысты жасағанда 2006 жылда аудан бойынша 65 бала тіркелді.60 бала үшкірқұрттан, ал 5 бала ішексорғыдан ауыратыны анықталды. Олардың барлығы дәрігерге жіберіліп, емдеуге тіркелді.
  • 2.6 Күресу шаралары.
  • Адам мен ауыл шаруашылық малдардың ішқұрттардан құтқарудың мынадай әдістері белгіленді:
  • ішқұрт таратушыларды паразиттерден құтқару, яғни ішқұрттарды жою.
  • Сыртқы ортадағы ішқұрттарды жою, ол мыналарды қамтиды:
  • а ) коңді биотермиялық жолмен зиян келтірмейтіндей ету мұңдайда көң дұрыс төгілсе , бактериялардың тіршілік әрекетінен температурада +500С. Тіпті +700С –ге дейін көтеріліп, ішқұрттардың жұмыртқасы мен дернәсілдері өледі.ә ) тынайтқышта дайындалған адам нәтежиесіне шымтезек немесе жылқының тезегін салып өңдку.
  • б ) мал жайылымын жүйелі түрде алмастыру, сонда көптеген ішқұрттардың дернәсілдері тиісті иесі болмағандықтан өледі.
  • в ) сойылан малдың ұшасы мен ет өнімдерін малдәрігерлік тексеруден өткізіп, тазалығын анықтау.
  • Мектептерде ішқұрттардың жұмыртқасы таралмау үшін ай сайын оқушыларды дәрігерлік тексеруден өткізу- міндетті іс. Сондай –ақ оқушылардың тазалық сақтауын , әсіресе көкөністерді алдын ала жуып , тек соңынан ғана тамаққа пайдалануды, кез келген суды қайнатпай ішпеуді, шала піскен ет пен балықты жемеуді талап еткен жөн.
  • 3. Паразиттердің аралық иесі моллюскілерді ол үшін балық өсіретін көлшелерде мезгіл-мезгіл құрғату, химиялық реактивтерді пайдалану керек. Хлорды немесе сөндірілген ізбесті пайдалану керек. Бұл әдіс тоғанмен суды жіберген соң, тоғанның ылғал тобына сеуіп шығамыз. Сондай-ақ пайдалы әдістің бірі хлорофос 0,1 -1,0 % ерітіндісі болып есептеледі.
  • 4. Биологиялық әдіс өте тиімді. Ол үшін тоғанға қара амурды жіберу керек. Ол былқылдақденелерді жеп, биологиялық милоятордың қызметін орындайды.
  • 5. Торлы қоқыс жинағышты жинау керек.
  • ІІІ. Қорытынды.
  • Осы жұмысымды қорытындылап кетсем. Біріншіден паразит құрттар адам денсаулығы үшін өте қауіпті ауруларды туғызады, оған немқұрайлы қарауға болмайды. Себебі: бұл жерде адамның денсаулығы жөнінде сөз қозғалады. Ал халық мемлекеттің негізгі байлығы, ал балалар ертеңгі Қазақстанның болашағы. Екіншіден паразит құрттар барлық жерде кездеседі. Қазақстан мемлекетінің басты байлығы – адам.біз қазақстан мемлекетінің азаматы, болашағы болғандықтан біз денсаулығымызды сақтап , паразит құрттардан әрдайым сақтанып жүруміз керек.
  • Мен біздің ауданымызда жиі кездеметін паразит құрттарды зерттеп , олардың түрлерін , тудыратын ауруларын , кездесу жилігін анықтап , оларды зерттедім. Менің зертеуім бойынша біздің ауданымызда 2002-2006 жылдар аралығында 431 адам ауырғаны анықталды. Сонда олардың 425 жас бала екені, ал 6 ересек адам ауратынын анықтадым. Осы көрсеткіште көрсетілгендей 98,6% бала ауыратыны көрсетілген.
  • Сонда паразит құрттардан көбіне жас балалар зардап шегетіні көрсетіліп тұр. Әрине бұл бізге қуанышты жайт емес, себебі балалар Қазақстанның болашағы емес пе!
  • Паразит құрттардан балалар зардап шекпеу үшін менім ойымша біз ол үшін төмендегі шараларды қолдануымыз керек:
  • әрдайым мектеп оқушыларының даярлық тобынан бастап, бесінші сынып аралығындағы балаларға паразит құрттар жайында лекция оқып отыру
  • ай сайын балаларды медициналық тексерістен өткізу
  • шала піскен ет пен балық етін жемеуге тырысу
  • қайнатылмаған суды ішпеу
  • әрдайым ас алдында қолды иіс сабынмен жуу
  • жатар алдында төсек орынды үтікпен үтіктеу
  • Міне осы мен ұсынған шараларды қолданып отырса онда біз паразит құрттарға қарсы тұра аламыз деп үміттенемін.
  • Қазіргі кезде Қазақстан мемлекеті көптеген дәрежеге жетуде . Біз 15 жыл ішінде тәуелсездігімізді алып , өзіміздің конституциямызды қабылдап , БҰҰ –на кіріп , ал енді 50 мемлекет қатарына кіруге ұмтылудамыз. Осы 50 мемлекет қатарына кіру үшін бізге денсаулығы мықты , білімді азамат керек. Сондықтанда біз жеке бас гигиенасын ұстап, денсаулығымызға көңіл бөлуіміз керек. қазақ« Денсаулық зор байлық» дегендей , мен ғылыми жобамды осы мақалмен аяқтағым келеді.
  • 1. «Паразиты –вон!: Избавление от глистов , лямблий, червей.»авторы: Медведев Б.А. Феникс -2006, 124 бет.
  • 2. «Паразиты мозга» Авторы : Сергей Преображенский . «Паразиты и их хозяева:Свищева.Т.
  • 3. «Ветеринария и медицинская паразитология» авторы: А.И.Ятусевич, И.В. Расковская, В.М. Каплич.2001 жылы басылып шыққан. 316 бет.
  • 4. «Медицинская паразитология» Автор:БарышниковЕ.Н.144бет.
  • 5. «Медицинская паразитология» Авторы: Д.Е.Генис.
  • ІV Пайдаланған әдебиеттер:
  • Соңы



Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет