Үміт Битенова ауады да тұрады аңсарым тараз



бет1/11
Дата02.07.2018
өлшемі0,77 Mb.
#45386
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Үміт Битенова

АУАДЫ ДА

ТҰРАДЫ

АҢСАРЫМ

Тараз

«сенім»

2006

ББК 84(5Каз)

Б 59

Битенова Ү.

Б 59 Ауады да тұрады аңсарым. Тараз «Сенім» баспасы, 2006-328 бет.

ISBN 9965-548-24-2

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстан Республикасы Білім беру ісінің үздігі, ақын, әнші-сазгер Үміт Битенованың бұл жинағына әлеуметтік-қоғамдық, өнер мен мәдениет, руханият және мәңгі жастық тақырыптарын қамтитын түрлі жанрдағы шығармалары топтастырылып отыр.

Кітап қалың оқырман қауымға арналған.

ББК 84 (5 Каз.)



ISBN 9965-548-24-2

Битенова Ү., 2006.



Үміт Битенова

Алғы сөз орнына

«... Бұл күнде Республика көлеміне өнерімен танымал Үміт тек қана ақын ғана емес, сан қырлы талант. Ол ауылда тұрады. Дарындар тек Алматы мен Астанада тұратығындығымен емес, елге қаншалықты қажеттілігімен өлшенеді. Ел – бәріміздің киелі құндығымыз. Мен де әр жылдары елге барып тұрамын.

Бүгінгі Тараз, Талас, Қаратау, Жаңатас...

Мемлекетімізге ақ тілеу, асыл үмітпен талпынып жатқан сол бір қасиетті өлкенің халқына күнделікті рухани демеу болп жатқан кімдер? Сол елдің өзі. Сол елдің қайсар ұл-қыздары. Сол көптің алдында жүрген Үміттің орны бөлек. Ол – ана, жар, ұстаз, ақын, әнші, сазгер.... дарынды жаратылған қызын елі мақтаныш тұтады.»



Күләш Ахметова, ақын.

ҚР Жастар сыйлығының лауреаты.



Ауады да тұрады аңсарым

* * *

«... Дәл сол сияқты Үміт Битенова да махаббат тақырыбында қалам тербейді:

Мейлі, сен мені сүймесең сүйме,

Мен сені мәңгі жырлаумен өтем.

Таңдарды күтіп ойланған күйде,

Ұйқымды түннен ұрлаумен өтем!

(62 бет)

«Ғашықтық алдамайды» деп ұлылар айтқандай бұл автор да барлық өлеңінде ешкімді алдамайды.

Қанағат қып барды мына,

Қалса-дағы құр сүлдем,

Мен ризамын тағдырыма,-

Сен ше, налып жүрсің ба?

(64-бет)

Деуі де сол шынайы сарын. Топырағы суымайтын, табанды, тұрақты сарын.»



Жанат Ахмади, ақын.

«Қазақстан жас қындарының

антологиясы» туралы,

«Қазақ әдебиеті», 16.11.2001ж.



«Үркіп қарайды

кірпік астынан

Он жетім

маған сығалап.....»

Ауады да тұрады аңсарым

«Әдеби жиын не үшін керек? Ол не істеп, не бітіреді? Ол бойында шын мәнінде талант ұшқыны барларға жөн сілтейді, демеп, жебеп жібереді. Жалғыз сол ма екен. Е жоқ. Оның бір көзі кезінде жарқ етіп көрініп, кейін «жоғалып» кеткендеріді іздейді. Іздегенде, қара сөздің қайнары, өлең сөздің оты көрінген жерге қарай олардың өздері қанат қағады. Үміт Битенова сөйтті.»

Мен бұл есімді еміс-еміс еститін едім. Ақпан айында (2003ж.) өткен жиында өзін де көрдім, өлеңімен да таныстым. Ол ақын екен.



Қор болды жаным ақмақтарға...

Бастығым емес, бірақ, бұл.

Сорғалап тамып жапырақтарға

Мен үшін жаңбыр жылап тұр... – деп жәй өлеңші айта алмайды, бұл ақын жүректің кестесі.

Үміт енді осы кестесін жоғалтып алмасын. Біз одан жақсы жырлар күтеміз береміз. Қанат ұшса ғана қатая береді.»



Несіпбек Дәутайұлы,

Қазақстан Жазушылар одағы

Жамбыл облыстық филиалының

директоры. «Ақ жол», 29.03.2003.

Үміт Битенова

Музаны жоқтау

немесе Мұқағали рухына мұң шағу
МҰҚАҒАЛИ –қайран АҒА,...

Ғашық болып ақ қарға,

Сен туылған ақпанда

Мені де анам туыпты.

ЕСЕНИНДЕЙ сергелдеңге

Өзің түсіп сенделгенде

Айтшы, Сені кім ұқты.

Біздің жұрт тақызық жұрт – ау,

Жұбатудың орнына,

Лайлауға дайын тұрады

Мөлдіреген тұнықты...
Қайран АҒА!

Сен секілді...

Мен де жалғыз қалғандаймын

Айдалада.

Ұрпағың ба ем мен сен күткен,

Арыла алмай меңзеңдіктен,

Жаңылдым да жүрісімнен,

Жоғалтып ап өз «Менімді»,

Адасып қалдым жолдан,

АҒА!

Содан бері кезікпеген

МУЗАНЫ іздеп, кезіп келем.

Барым – базар,

Ойым – ойран,

Ал,


Ақылым – айран,

АҒА!
СЕН ТІРІСІҢ, БІРАҚ,

АҒА,

Өшпес,


Өлмес

Жырларыңмен!

Ал мен!...

Менен сұрама,



АҒА...

Танығанмен...бір қауым ел

Іздемейді шарақ ала...

Қарайтындар қырдан кілең,

Төріне оңай шығара ма,

Ұсынбаса мырза біреу,

Ұмтылмаймын сыбағама.
Белгісіз боп кейде мүлде

Өлі-тірім, сөнгенім де,

Сенгендерім опасыздық

Жасап жатты ертеңімде.


Сарқылғанша шауқ – күнім,

Тартылғанша бұлақ тілім,

Кеше ұнамай, ұнап бүгін,

Бірің жамап, құрап бірін,

ШАРАНА – ЖЫР туылғанда,

Оралмастай жуыр маңда,

Тастап кетіп қарамастан,

Бақыр басын ала қашқан

Мен-

КӨКЕК құс сияқтымын...



...Білем, күнә. Ұят мұным...
МӨЛДІР МУЗАМ,

МҰҚАҢ – АҒАҢ!

Жігерлі жас мұқала ма,-

деп күлерсің,ұғам,

АҒА!

Келісерсің сөзімменен,

Жүйке деген жұқа ғана?!

Жыр киесі ұрса егер

Дауа бар ма бұған,

Аға...
Мойындаймын, шыным,

Аға!

Сүйінуші ем шұғылаға,



Иілуші ем құбылаға,

Бәрі соның бүгін – ада.


Шабыт буып шаттанғанда,

Мен де өзімше бөлек үнді,

Әнімді арнап ақ таңдарға,

Жаздым талай өлеңімді.


Шағынғаным бір бүгін бе,

Шағыстырам кімді – кімге...

Өзім туған өлеңімнің

Өзім кестім кіндігін де.


Қиялда алған өшін менен

Жыр –керуен көшін көрем.

...тыңдар құлақ,

Оқыр көз жоқ,

Қор болды бұл Есіл де Өлең.
Көріп жүрек – отымды өшкен,

Өзің болсаң кешірмес те ең...

...Тұншығуда қанша жырым

Тұсауы әлі кесілместен...


17.02.2003жыл

Дүйсенбі, 235 сағ.



«Алып ой» аралығындағы жалғыздық

Ақ арман – айдынында

Ақ желкен – Үмітім

Құс Көңіл – кемеге байланып,

Адаспай апарар тербетіп күні-түн

Ағарған аралға – «Ойға алып».


Адамзат баспаған аралда

Робинзон Крузо не істеген.

Тарихта қалса да ол, басынан

Алайда,


Дәл мендей қиындық кешпеген.
Рас, менің Аралым-Ойымның бағында

Кездеспес кокостың жаңғағы.

Қайғы ғой-кермек дәм,

Уайымның барында

Сағыныш, сары Мұң нәр-дағы.
Аш құрсақ Қиялға талғажау етемін

Ұшы жоқ шексіздік-қиырды.

Байқасам, өзіме-өзім жау екенмін,

Түбі-бос кеңістік бұйырды.


Талғажау дегенім бекер-ақ.

Төзімнен


Тойынсам томпиып тұрар ем.

Суалған жағыммен,


Кіртиген көзіммен, Сұлу боп кетпес па ем, жүдә, мен.

Алып ой- Аралға табанды тіредім,

Әзірге қайта жоқ шамам.

Белгісіз қанша күн,

Қанша күн жүрерім,

Білерім-


Әйтеуір тоқтаман!
Қаламым-қауқарсыз қалпымда қалдырған.

Емес бұл мен үшін тосын жай.

О, Муза

Серігім, шыға кел алдымнан



Крузоның «Пятница» досындай!..

15.01.2001жыл,

дүйсенбі, 350 сағ
Жырларым
Жүректі тербеп жарыққа шыққан жырларым,

Жанымның әсем сырларын сенде жырладым.

Жырладым ойда тоқылған өрнектерді де,

Жырладым дәмді – ащыны, кермектерді де.


Әлдебір жанның айта алмай кеткен сыры ма?-

Бақытты іздеп, жастықты қостым жырыма.

Жырладым бірде жалынын жарқын жиырманың,

Жылаған мұңды ғашық боп бірде жырладым.


Мазалап ойлар, шырмайды сансыз сұрақтар,

Шын ақын болсаң бүркемей ашық сыр ақтар!

«Таптым ба екен шешуін түйін жұмбақтың,

Жаздым ба жырдың арзанын емес, қымбатын?»


Өтінем, маған ол үшін кінә тақпаңдар,

Көп емес дейді көңілін жырдың тапқандар.

Мың ойлар қаптап, сезімдер мейлі орасын,

Жабықсам, жырым, жаныма демеу боларсың.


Тоқтама, жүрек, жел тұрып, дауыл соқса да,

Жаңадан туар жырларым үшін тоқтама!

Жазармын әлі жырларды небір өлмейтін,

Жазармын талай... Шабытым болғай тек ғана...

1983 жыл.

Он жеті жас
Еліккіш кезім,

Еріткіш сезім

Алыстап менен кеткен бе?...

Көгім де бұлтсыз.

Көңілде – шық, сыз.

Қол жетпес енді көктемге.


Алып ұшпаймын.

Албырт емеспін,

Жастықтың буына мастанар.

Салқынқандымын.

Көделек-елесті

Қуып жүр қазір басқалар.


Суық сөзіммен

Сұқ көзіммен

Жайнаған жанар жасқанар.

Емін – еркін.

Шат.

Көрінер бір сәт



Кеткендей ұят,

Жастан –

Ар.
Іркіп бар ойды,

Кірпияз күмән

Сананы басар сыналап үркіп қарайды

Кірпік астынан

Он жетім

Маған


Сығалап.
Көзі де талды-ай,

Жолға әбден қарай.

Жақтырмай тұрмын мұны түк.

Өзім де сондай

Болмап па ем,

Қалай,


Кеткенмін демде ұмытып.

10.07.2001жыл,

сейснбі, 500 сағ
Жан құрбым
Әлемде жалғыз қалғандай

Сезіндім сенсіз өзімді.

Селт етіп жанға алданбай,

Тауысып біттім төзімді.


Білмеймін қалай екенін,

Өзіңе мықтап шырмалдым.

Түбіне бойлап кетемін

Тұңғиық терең сырлардың.


Жүректен жайлы тауып,

Достықтың шамын жандырдың.

Сыр шертіп, сергіп қайталық,

Қолыңды созшы, жан құрбым.


20.05.1982 жыл.

Ұмыт мені
Бөлек кетіп, бөтенді іздеп,

Араға көп жыл салып,

Кездесерміз екеуміз деп

Ойлаппыз ба мұншалық.


Еске салып бір кездегі

Албырт, алау шықтарды,

Маған таныс нұр көздерің

Көңіл сырын ақтарды...


Күйетінбіз, жанатынбыз,

Шарлап сезім әлемін,

Келіспей де қалатынбыз,

Тым кінәмшіл жан едің.


Тапсаң енен шөкімдей мін,

Алатынсың қысымға.

Мен өткенге өкінбеймін

Сен ше, бақыттысың ба?


Қиналамын жүрегімде

Үміт оты сәл сөнсе.

Мен ғашықпын бұл өмірге,

Мен ынтықпын. Ал сен ше?


Өткен күннен, кешегіңнен

Елес беріп бір мүсін,

Суынып жар төсегінен

Бармақ тістеп жүрмісің?


Бәрі өзіңнен, бекер еттің,

Білмей кім, не ұтарын.

Мен бардым дамекен еттім,

Бәйтеректің бұтағын.


Енді қазір өсіп-өнген

Бағбанымын гүл бақтың.

Тіршіліктің көшіне ергем...

Ұмыт мені, қымбаттым!


24.06.1997 жыл.
* * *
Көрікті көктем келді,

Көк-жасыл белдерді өтіп,

Кимеген көптен бергі,

Көйлегін көлбеңдетіп.


Күн-Ару көкжиектен

Күлімдеп қарайды бір,

Төгілген көп жібектен

Көңілге тарайды нұр.


Жылыстап қыр-белеңнен,

Кәрі қым қысталаңы.

Жерді әсем түрге енген,

Тербейді құстар әні.



Сен маған өкпелеме
Ренжіме,

Сен маған өкпелеме,

Жұмбақ

Сырлы сандыққа



Көп теңеме.

Түсіне алмай жүрмін мен

Өзімді-өзім,

Түсінбедім

Сенің бұл өкпеңе де.
Көңіл сырын мен саған жая алам ба?

Ұқсамайсың,-

Дейсің сен,-

Жай адамға.

Көңілге тым түрпідей тиеді екен

Жұбатқансып,

Жаны ашып

Аяған да...


1981 жыл.

Көктемнің сағындырған
Көктем келді кештеніп,

Көптен күткен.

Жаймашуақ төгілді көк кеңдіктен.

Қонып жатыр үйімнің шатырына

Қанаттарын қаққыштап кептер біткен.
Айлар бойғы

Дауылдан толас күткем.

Байқалмаған көзге еш оғаштықпен,

Жапырағын жоғалтқан былтыр күзде,

Бүр жарыпты қайтадан

Ағаш біткен.


Бұл кезеңді басынан сан кешіріп,

Қырды гүлдер жатқандай сәнге шығып.

Аққу да айдын көліне қайтып келді,

Жылдағыдан жетсе де сәл кешігіп.


Көктем келді

Кештеніп,

Сағындырып,

Жердің жасыл шапанын жамылдырып.

...Ауыр мұңнан мыс басқан арылар ма ем,

Кетсем егер қыр асып, сағым қуып.


30.03.1986жыл.

Ғашықпын саған
Сөзімді ұқсаң айқын,

Таппадым теңеу саған.

Ешкімге ұқсамайтын

Жан ба едің мен аңсаған?!


Бұлбұлын бағындағы

Бар адам тыңдайды екен.

Мен сені жанымдағы

Басқаға – қимай кетем.


Бір сен деп құрақ ұшсам,

Жаным жай табар ма екен!

Жүрегім қуаныштан

Жалын боп жанар ма екен!...


Сен тұрасың қарсы алдымда,

Келеді қарай бергім.

Көзіңнен тайсалды да,

Шашымды тарай бердім.


Күнменен тең дидарың,

Самал боп өбейінші.

Бақыттың менде дәмін

Бір татып...көрейінші...


1981 жыл.

Бал өмірдің бір сәті
Жатақхана. Бесінші қабат. Шеткі бөлме тұрағым.

Жайраңдаған жарқын жүзді құрбылармен тұрамын.

Ортасында жастық оты жалын атқан достардың,

Жүрегімде тербеледі айтылмаған жыр – әнім.


Көп ортасы- тың баспалдық, бұл мен үшін баспаған,

Гитарамды баяу шертіп, сырлы бір ән бастағам.

Жаздың ұзақ кешеуілдеп атқан күнін жыр етіп,

Елсіз түнде айқын шығар шырқай салған асқақ ән.


Жиып алып жымыңдасқан жұлдыздарды арайлы,

Пердесі ашық терезеден Ай сығалап қарайды.

Сығылысап отырсақ та шағын ғана бөлмеде,

Жанға жайлы таза ауадан көңілге нұр тарайды.


Жастар жүрген, достар жүрген жер қашан да көңілді.

(Кешіріп пе ең өз басыңнан студенттік өмірді?)

Әрнені айтып, ән де айты, әзіліміз жарасып,

Бөлме іші сыңғырлаған күлкілерге көмілді.


Шіркін, уақыт жүйрік-ау тым, жете бермес ой да анық,

Сағат тілі зырылдайды өз осін сан айналып.

Таң да атты, көк жүзінде сынық жарты орнына,

Ауыстырып дөңгелектеу, жарық, үлкен айна алып...


1984 жыл.

Ізде мені
Бейуақытта саған кез болып,

Раушандай ерте гүлдеп ем.

Жалт етіп бейнем, жоқ болып,

Түсіңе еніп жүр ме екен.


Арманды қуып бір шырын,

Жүрсің бесен де мені іздеп,

Сездің бе жүрек дүрсілін,

Тек қана соққан өзің деп.


Айырылып төзім, сабырдан,

Сағынсаң мені шексіз сен,

Ұзамай сенім-бағыңнан

Іздеумен күндер өткіз сен.


Мен болам ұяң, жасықпын.

Тек менен көрме түңіле,!

Арманда болған ғашықтың,

Құлақ сал жүрек үніне.


1983 жыл.


Кейбіреулер
Қалжыратып, шаршатқанда көңілді нала-мұң,

Мынау әсем дүниеге келмейді екен қарағың.

Өзгелердің көңіліне қарап өмір сүргенше,

Кейде, жеке өз бақытың артық па деп қаламын.


Бірі келер ғашықтығын, мұңын шертіп, сыр айтып:

Жұбата алмай отырғаның кездерінде жылайтын.

Бірі келер: «жолы болмас сорлымын» деп егіліп,

Айта алмайсың қатты оған, жылы сөз ғой ұнайтын.


Бірі келер «неге олай», «неге бұлай емес»деп,

Жұмыс бабы, кішісің ғой, ұлықпен кім теңеспек.

Бірі келер «не істеймін» деп, ақыл сұрап, қиылып,

Жауап таппай жібересің «қабырғаңмен кеңес» деп.


Бірі келер «не білдің? – деп – жатыр сені өсектеп».

Күліп қоя саласың сен кім екенін есептеп.

Бірі келер мақтап сенің болмысыңды, барыңды,

Ал көзінен оқисың сен бек тұрғанын «Есек!» деп.


Бірі келер, әр нәрсені айтып түкке тұрмайтын,

Қынжылтады осындайлар уақытыңды ұрлайтын

(Сосын барып бұйымтайын сұрап келген білдірер,

«Аз сыр жетпей қалғандығын орындығын сырлайтын»)


Бірі-бірінен айнымайтын жылжып күндер өткенде,

Көңіл толмас жабырқаулы күй қалады тек менде.

Жаныңды ұғып, жүрегіңе үңілгісі келмейтін,

Түсінбейтін кейбіреуге болмайды екен өкпең де...

1989 жыл.

* * *
Жаным құрғыртым нәзік екен менің,

Тақпайды екен жұрт маған бекерге мін.

Күттіріп қойғаныңды көңілге алып,

Кешігіп келгеніңді көтермедім.
Көтермедім – көңілге алып қалдым,

(Ашу түбін асығыс байыптар кім).

Жан-дүнием «жолдастық сот» ашты да,

Кінәлі боп сен іштей айыпталдың.


Емін-еркін тіліме ерік беріп,

Жақсы еді ғой айтқаным төгіп-төгіп.

Бөгде жанның көзінше бата алмадым,

Халім сұрап тұрған соң еріп келіп.


Болсам – дағы ұстамды, бір ұғымды,

Жратпадым бүгінгі қылығыңды.

Ашу-өкпе бүгінгі көкейіме,

Тұншықтырды көз жасым, тығып үнді...


20.07.1989 жыл.


Сырыңды ақтарғын, қысылма
Жаным-ау мұңайдың неліктен?...

Түскенім жаңа еді көліктен;

Сағынып жеткенде,

Қамыққан

Жүзіңді көруге келіп пе ем?
Айтшы сен, неліктен мұңайдың,

Ұнаймай тұр ма әлде мынау күн.

Түсінбей көңілсіз күйіңді,

Сырыңды ашшы деп сұраймын.


Дала-шық. Көктеммен таласып,

Жатыр ғой бүршігін тал ашып.

Жетті енді, жасырмай ап-ашық,

Жүрейік екеуміз жарасып.


1987 жыл.
Ой іздеп отырамын
Түсінбеймін;

Өзіме шәктерім көп.

Үміт-ойлар ұшады кептерім боп.

Көппен бірге қосылып күлгенімнен

Мұңға батқан

Оңаша сәттеріп көп.


Ми түбінде әлдене қраңдайды,

Елестетіп қара түн, қараңғы айды.

Жарқын даусы көңілді құрбылардың,

Жалғыздықтан құтқарып қала алмайды.


Тереңіне ойлар батырады,

Тіпті таңды-таңдарға атырамын

Түбі мөлдір көрінген шыңыраудан

Жырға азық-ой іздеп отырамын.


1984 жыл.

Қыз – сезім
Тасаланып жаңбырдан,

Тұр екенсің дал болып.

Кесіп өттім алдыңнан

Байқамаған жан болып.


Көрмегендей болсам да,

Қарағыштап келемін.

Су жиналып сортаңға

Сүрінгіштей беремін.


Тосын жайдан бір сәттік,

Діріл билеп бойымды,

Тағат тауып, мұрсат қып,

Жия алмадым ойымды.


Жылт етті ой сенімсіз,

Шақырардай болдың сен.

...Кете бардым мен үнсіз,

Қарап тұрып қалдың сен...


1984 жыл.
* * *

Маспын мен, басымда жоқ жөндем ерік,

Барады дүние біткен дөңгеленіп...

Маспын мен махабаттың бал буына,

Баққа да, бақытқа да тең келерлік!
О, ғажап!

Неткен қызық мына өмір,

Гүл жайнап тербеліп тұр

Бұла көңіл.

Жүрегім атой салып алып – ұшты,

Жарыса, қиялдарды қуа небір.


Қалайша

Бұрын – соңды кезімде мен,

Бақытта дәл осылай сезінбегем.

Мас етіп адам жанын шырмап алар не деген құдіретті

Сезім деген!...

1982 жыл.



* * *
Жалғызбын мен, - дейсің сен, - жалғыз қалғам,

Бақытыңды болды ма жан қызғанған?

Жалғыз шауып озу жоқ, көргенім бар,

Құлағаның жұлдыздың жалғыз жанған.


Шын бақытың алдыңнан шықпады ма,

Адал досың сырыңды ұқпады ма.

Жараспайды деседі

Жалғыз гүлдің

Топырақтан қылтиып шыққаны да.
Жалғызбын мен, демеші,

Батпа мұңға.

Жұбата алар сені жан жоқ па мұңда.

Бәрі екеуден өмірде.

Бәрі кезек –

Ай туады кешке

Күн батқанында.
1984 жыл.


Қыз сыры
Жігіттің көргеніндей боп арыстанын,

Сезімді саған деген пәк ұстадым.

Түсінбей түкпірдегі жүрек сырын.

Сен, бірақ, бірте-бірте алыстадың.


Өзіңді кінәліге санамаймын,-

Десем де, үнсіз қарап қала алмаймын.

Сен – бейне бастап кеткен архитектор,

Мен – өркен жая алмаған қаладаймын.


Жазығым – саған шексіз сенгенім бе?

Тазалық болса деуші ем сөздеріңде.

Сен – бейне геологсың, тауып тұрып,

Назарын айдармаған кенге мүлде.


Саяңда жүріп сғым бір сынбаған,

Өмірде таңсығым ең сыр сыйлаған.

Сен – бейне бағбаны балғын бақтың,

Мен – гүлмін өз қолыңнан сусыңдаған.


1983 жыл.


Күту
Балапан болып бұл уақыт

Көрініп сылбыр құр көзге,

Апыл да тапыл басып

Қоятын өтпей біз кезде.


Тынышсызданып, шамданып,

Шыдамым тозып жетуге,

Отырғам талай қамданып,

Уақыттан озып кетуге.


Өткінші, сөйтсем, екен ғой,

Олардың бәрі жай маған.

Жыстықтың буы екен ғой,

Қызулық екен қайнаған!


Бөгде ой жоқ-тын түк менде,

Кезгенде арман аралын.

Сезбеппін сонда, күткенде,

Уақыттың тоқтап қаларын.


«Келмесе бүгін, кеп қалар,

Ертең де күн бар» дейменен,

Көңілді құс боп кеп қонар,

Төзіммен тербеп демдеген.


Шапақты шашын жиып таң,

Атқанша, төніп тұратын

Қараңғы, қапас тұйықтан

Албырттық алып шығатын.


Үлгермесем да саралап,

«Керегің менен «бекерін»,

Түсіндім жанды жанды жаралап,

Күтумен ғұмыр өтерін.

Қас-қағым сәттік бақытпен

Десем де озам есе мың,

Ұқтырды өмір уақытпен

Жарысу қиын екенін.


1985 жыл.

Қыс
Таңғы қала қалың қарға оранып,

Қозғалысқа түскен жаң оянып.

Желдеткіштен соққан самал сергітті,

Айна алдында тұрған қызды таранып.


Қарықтырып аппақ қар көз шағады.

Машиналар даусы құлақ жарады.

Жарқыраған тайғақ көше бойымен,

Жүргіншілер жылдам басып барады.


19.01.1987 жыл.
Табыну
Мейлі, сен мені сүймесең сүйме,

Мен сені мәңгі жырлаумен өтем.

Таңдарды күтіп, ойланған күйде

Ұйқымды түннен ұрлаумен өтем!


Мейлі, сен мені сүймесең сүйме,

Мен сені мәңгі сыйлаумен өтем.

Ешкімге мойын бұрмаған күйде,

Өзімді-өзім қинаумен өтем!


Мейлі, сен мені сүймесең сүйме,

Дейсің ба «Маған жалынбақ екен.»

Азап отына күймеген күйде,

Өмірдей мына жалындап өтем!


Ауысса жазға байқалмай көктем,

Есіңе ала жүрерсің, жаным!

Сырымды саған айта алмай кеткен

Жырымнан оқып білерсің, жаным!


1985 жыл.

Кешіксең де...
Уақыт болды түнгі жарым.

Бүгін тағы ешіктің.

Тыпыршиды мұңды жаным

Қағылуын күтіп есіктің.


Дөңбекшимін төсегімде

Іліне алмай кірпім:

Бүгін де,

Осы кешегің де-

Бір күніме ұқсас бір күнім.
Қаперіне түк кірмейді,

Тәтті ұйқыда ұлдардың.

Ойды оятып түкпірдегі

Тынышымды ұрладың.


Жатын бөлме тас қараңғы,

Қаумалайды мен үрей.

Шығарып түн масқарамды

Бас салардай – меңіреу.


Құтылар одан бір ғана амал –

Жарқ еткіздім жарықты.

Сағат тілі сырғанаған

Үшке барып қалыпты.


Кірпік қақпай күтерімді

Ылғи-ақ өзің білесің.

Тек ғана үзбей күдерімді

Төзімімді сынап жүресің.


Білемін мен де сенің осы

Әдетіңнің қалмасын.

Өшпеген соң сенім оты

Ашу табар арнасын.


Білемін, қанша кешіккеніңмен

Кіршіңсіз сендер ар, көңіл.

Көргенде сені есіктен енген-

Сабама түсем әйтеуір...

21.08.2001жыл

300сағ



Сезбейсің...
Терезеңе қараумен өтіп жатыр әр күнім.

Терезеңе қарап күнде сені ойлаймын, жарқыным.

Терезеңнің ар жағынан көрінгенмен қараңдап,

Сезбейсің – ау,

Жүрегімнің жалындаған жарқылын.

Сезбейсің -ау,

Тілдесіге жургенімді зар болып,

Жүрек шіркін,

Тыпыршиды,

Тынши алмай дал болып.

Жаздарда да шың басында жататына сияқты,

Жатыр ма, әлде, көңіліңнің көктеміне қар қонып...


Қиын сұрақ
«Ғашық боп көрдің ба?» - дедің

Тосыннан асыл ағажан,

Бүр ашпай солар гүл ме едім,

Сезімсіз бе едім жаралған.


Армансыз ба едім,

Көр ме едім,

Айырмам жоқ па наданнан?...

Жан аға,


Неге тергедің,-

Сұраққа жауап таба алман.


Бәлкім,

Бұл


Жанға ашпаған,

Жүрегімдегі сыр шығар.

Сезімсіз болу-жат

Маған,


Көктемей жатып,

Мың сынар.


Тұнығы қашты ойдың да,

Күтпеген жерде қозғадың.

Қиын сұрақты қойдың да,

Өкпелетіп ала жаздадың.


Ғашық боп көрдің бе дедің,

Тосыңнан,

Асыл, жан аға,

Көтерілмеген көк едім,

Шикіге бірақ санама...
16.09.1982 жыл.


Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет