Мизанбаева Балзира Ерғалиқызы мектепке дейінгі білім беруді ізгілендіру – баланың жеке тұЛҒасын қалыптастыру кепілі



бет1/10
Дата11.01.2017
өлшемі2,68 Mb.
#7243
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Құйлыс орта мектебі

Мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі



Мизанбаева Балзира Ерғалиқызы

МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БІЛІМ БЕРУДІ ІЗГІЛЕНДІРУ – БАЛАНЫҢ ЖЕКЕ ТҰЛҒАСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ КЕПІЛІ

Мектепке бару - бала өміріндегі маңызды оқиға. Баланың мінез – құлқын басқару негізі – мектеп ережелерін түсіндіруден басталады. Өзін қоршаған ортамен танысуы, кездескен қиындықтарды жеңуге талаптану, бұл мектепалды балаларына қойылатын талаптар.Осы талаптарды орындау үшін ол ұйымшылдық, өз бетімен жұмыс істей алу, табандылық, әдептілік, адамгершілік – ерік қасиеттерін иемденуі қажет. Баланың әр түрлі жағдайдағы іс- әрекетін бақылай отырып, осы қасиеттерді жеткілікті тәрбиелеу - мұғалім міндеті. Қазіргі таңда мектепалды сыныбында оқитын балалардың дамуы мен қалыптасуына жағыдай жасалып, үздіксіз білім беру жүйесі бірінші деңгейде ұйымдастырылған . Мектепке дейінгі балалықтың өзіндік құндылығын қамтамассыз етуі ойын арқылы берілуі тиіс.

Қазіргі заман талабына сай сәбидің жан-жақты дамып, адам болып қалыптасуына отбасымен бірге тәрбиеші – педагогтың ықпалы ерекше.

Мектепте жүйелі түрде оқуға психологиялық даярлық метепке дейінгі балалық шақтағы дамудың қорытынды шақтары болмақ.Оның алғы шарты – баланың мектеп жағдайына бейімделу жүйелі оқуға кірісуіне жеткілікті болуы қажет. Оған ең алдымен оқушы болғысы келу, маңызды іс – әрекет орындау, оқығысы келу талап- тілегі жатады.

Мектепке дайындықтың маңызы бала бірінші сыныпқа келгенде бірден жалпы іс- әрекетке кірісіп,мұғалім қойған талаптар жүйесін қабылдайды.Олардың көп бөлігі оқи алады, санауды, санды біледі, дыбыстар, буындар туралы түсінігі болады, қарапайым математикалық қатынастар мен таңбаларды айырады , дәптер сызықтары , қалам ұстау, түстерді ажырату дағдылары қалыптасады.

Мектепалды даярлық тобындағы тәрбие мектептегі сабақ үрдісімен мақсаттас болғанымен тұрпаты бөлек жұмыс.Мұндағы дидактикалық мақсаттар төте жолмен атқарылмайды. Олар ойын, серуен, әңгіме барысында жүзеге асады. Сондықтан баланың психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, әр сабақты ойын арқылы өткізуді мақсат етіп қойдым.Ойынның сабақтың әрбір бөлімінде оқу іс –әрекетімен кезектесіп келуін қадағалай отырып жоспарлау керек. Бала тапсырманы жеткілікті түсініп, өздігінен дербес әрекет етуіне бағыт- бағдар берілуі тиіс.

Ойын әрекеттерінде:


  1. Сюжеттік – рольдік шығармашылық ойындар: « Мақта қыз бен мысық », « Шалқан »ертегілері бойынша қуыршақ театры, кәсіптік ойындар

« Дүкенші », « Ұшқыштар », «Аспазшы », «Дәрігер » т.б ойындарды

тіл дамыту , көркем әдебиет сабақтарында қолданамын





Каталог: 2014
2014 -> Сәлім меңдібаев армысың, алтын таң! Журналист жазбалары Қостанай – 2013 ж
2014 -> Хромтау қаласы №6 Хромтау гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Кысырауова Шынар Андебековнаның
2014 -> Қазақ тілі мен латын тілі кафедрасы Қазақ Әдебиеті пәні бойынша әдістемелік өҢдеу мамандығы: Фельдшер Мейірбике ісі Стамотология Курс: І семестрі: ІІ
2014 -> Сабақ тақырыбы: Қазақстандықтардың Мәскеу,Ленинград,Сталинград шайқастарына қатысуы. Сабақтың мақсаты
2014 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
2014 -> Сабақ №3 Мәртөк орта мектебінің қазақ тілі және әдебиеті
2014 -> Жақсыбай Мусаев шығармашылығы және көркемдік Зерттеуші оқушы: Мұратбаева Назерке
2014 -> Сабақ Тақырыбы: Қазақ жеріне терме,жырлары кеңінен тараған ақын Әбубәкір Кердері Боранқұлұлының "Досқа насихат"термесі
2014 -> Тақырыбы: Ақындықты арман еткен жерлес Талапбай Ұзақбаев
2014 -> Сабақтың тақырыбы : Жетім. М.Әуезов Сабақтың мақсаттары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет