Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі20,84 Kb.
#86133
  1   2   3
Байланысты:
Инклюзив лек задания
8-с БЖБ қаз тілі 3-т

  1. Мүмкіндігі шектеулі балалардың эмоциялық еріктік аумағы.

Эмоциялық-еріктік аумақтың қалыптасуы бала тұлғасының қалыптасуындағы маңызды шарттардың бірі болып саналады. Эмоциялық аумақтың дамуына отбасы, мектеп, баланы қоршап тұратын және оған үнемі әсер ететін өмір жағдайлары ықпал етеді.


Ақыл-ойы кем балалардың эмоциялық-еріктік аумағын мақсатты түрде зерттеу мінез-құлық бұзылысының негізгі себебі баланың өз кемістігін сезіну, қолайсыз орта және басқа да жағдайлар болатынын анықтауға мүмкіндік берді.
Эмоциялық –еріктік аумақ білім, білік, дағдыларды игеруде, сондай-ақ, айналадағылармен қарым-қатынас орнатуда, баланың мектепте және мектептен тыс жерлерде әлеуметтік бейімделуінде үлкен рөл ойнайды.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан күрделі жаңалықтар, өзгерістердің кемтар балалар мәселесіне де байланысты екендігі айқын. Атап айтқанда, ақыл-ойы кем балалардың дұрыс тәрбиеленіп, жан-жақты дамуына көп көңіл бөлініп, олардың іс-әрекеттеріне және барлық қасиеттерінің ерекшеліктеріне зерттеулер жүргізіліп, өзекті мәселе ретінде қарастырылған. Сонымен қатар мұндай балалардың біліміне, іскерлігіне, қабілетіне, эмоциялық ерік жігеріне ден қойылып, арнайы мектептер, үйірмелер, бала бақшалар ашылды.
Мүмкіндігі шектеулі балалардың оқу, ойын, еңбек үстіндегі қоршаған ортасымен эмоцианалды қатынасы бақыланып, жағымсыз эмоциялардың жойылуы үшін әдістемелер пайдаланып, қолға алынған тиімді шара. Түрлі ауытқушылығы бар балалардың эмоционалды күйлерін бір-бірімен және қалыпты күйдегі балалармен салыстыру қандайда бір қорытындының щығыуына себепші бола алады. Өмірге келген әр кемтар баланың қыр-сырын білу үшін жан-жақты бақылаулар жүргізіледі.
Мінез-құлқы, эмоциясына байланысты бұл балаларды мектеп жасына жеткеннен ақ қоғамдық өмірмен, жаңа ортадағы өз міндеттерімен таныстырамыз. Осы кездерде кемтар балалардың өздерінің ішінен қабілетті, эмоциялық ахуалын қалыпты меңгере алатындарын көре аламыз.

Дамуында ауытқушылығы бар балалардың көп бөлігі оларды оқыту мен тәрбиелеу мақсатындағы ересектердің, қоғамның талпыныстарына қарамастан әлеуметтік-экономикалық өмірдегі интеграцияға дайын болмайды. Сонымен қатар дамуында кемістігі бар кез келген адам қажетті жағдайлар арқасында толық тұлға ретінде қалыптасып, рухани дамып, өзін-өзі материалды қамтамасыз етіп және қоғамға пайдасын тигізе алатынын зерттеу мен тәжірибе нәтижесі көрсетті.


Денсаулығында мүмкіндігі шектеулі бала ерекше ықпал етуді қажет етеді. Оның тұлғасының қалыптасуын тиімді басқару үшін баланың барлық жас кезеңдеріндегі дамуының спецификасын, соның ішінде эмоционалды сферасын түсіндіретін психологиялық заңдылықтар туралы терең білім қажет.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет