Модульдік технологиясы



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі18,51 Kb.
#123213
  1   2
Байланысты:
8-жумыс
2013-06-06 10-46-43

Модульдік технологиясы оқушылардың оқу мотивациясын күшейтіп, шығармашылық ізденістерге жетелейді, бұл технология жеке оқушының білім сапасын анықтауға бағытталады. Оқушыға берілетін білімді алдын-ала модульге бөліп алып, үйрету өзінің тиімді нәтижесін береді. Білім алушының мүмкіндігіне қарай модульдік оқытуда мәтіннің мазмұны бөліктерге бөліп беріледі. Демек, модуль – іріленген мазмұнды дидатикалық бірлік деп саналады.
Атап айтқанда, модуль арқылы білім алушылардың өздік ізденісіне жол ашылады, олар әр бөліктер бойынша ойланады, қосымша материалды пайдаланады, тұжырым, қорытынды жасайды. Бөлінген мәтіндермен жұмыс жасай отырып, оларды толықтырады, қысқартады, мазмұнға сай өзгертулер жасайды. Сөйтіп, олар оқу материалының дербес бөлік екеніне көз жеткізіп, дәстүрлі оқыту мен модуль арқылы оқытудың ерекшеліктерін танып біледі.
Модульдік оқыту берілетін білімнің оқушылардың жеке бастарының ерекшеліктеріне, іскерліктеріне, жұмыс істеу қабілетіне, белсенділігі мен пәнге қызығушылығына бағыттауға, оқыту жүйесін оқушының жеке басының игеру қабілетімен үндестіру мәселесін іске асыруға мүмкінік туғызады. Ең бастысы мұнда пәнді мазмұнға қарай модульге бөлу, оның мақсатын нақтылау және модульдің тексерілуі, жүйелілігі, тиімділігі, нәтиженің айқындығы, оқушының шығармашылықпен ойлауға қалыптастындығы байқалады.
Модуль оқу материалының мазмұнын сапалы, көрнекі түрде меңгеруге ықпалын тигізеді.
Модульдің мазмұны оқу үрдісінде төмендегідей бірнеше блогқа жіктеледі:
Модульге кіру блогы. Мұндағы мақсат оқушылардың тақырыпқа қатысты бұрынғы білетіндерін толықтыру, еске түсіру, білім деңгейін тексеру, қайталау сұрақтары гипермәтінге сәйкес беріледі.
Проблемалық блокта оқушыларды ойландыратын, іздендіретін құзыреттілік түріндегі сұрақтар мен тапсырмалар беріледі.
Тереңдету блогында білім алушыларға ұсынылған ақпараттық мәліметтер, жазба жұмыстары, әдеби-теориялық ұғымдар тереңдетіп талдауды қажет етеді, ізденушілік бағыт басым болады. Қорыту,бекіту блогы. Оқытушы оқушылардың әр алған теориялық білімдерін іс жүзінде қолдана алуына бақылау жасайды.Тексеру блогы. Мұнда берілетін тапсырмалар білім, білік, дағдылардың мақсатқа сай орындалуын, оқушылардың оқу жетістігінің нәтижелілігін тексереді.
Сөйтіп, берілетін білім мазмұнының модульға топтасуы білім алушылардың білімін нығайтуда, мазмұндық интеграцияны нығайтуда ұтымдылық байқатады. Модульдік оқытуда оқушылардың оқу материалын тұтас, жүйелі ұғынуына жағдай туады, ақпараттық білімдік орта құру арқылы модульден мәтінге, тапсырмалар мен тестерге өтуге болады. Модульге ену оқушылардың ақпаратпен жұмыс істеу, оны өз іс әрекеттерінде пайдалана алу біліктіліктері мен құзыреттіліктерін жетілдіреді. Модульдік оқытуда оқытушы өз міндетін нақты жоспарлайды, берілген тақырыптар төңірегінде әртүрлі әдеби тапсырмалар орындатуды ойластырады. 
Модульдік оқыту технологиясының мақсаты мен ерекшеліктері. Жаңа педагогикалық технологияның XX ғасырдың 60 жылдарында пайда болған түрі – «Модульдік блокпен оқыту жүйесі». Бұның дүние жүзінде 4 жолы бар:
- Американдық модуль
- Неміс модулі
- Скобиннің орыс модулі
- Алексюк пен Фурманның украиндік модулі
Бүгін таңда М.Чошановтың мәселелік модульді оқыту технологиясы, П.Третьяковтың, К.Вазинаның модульді оқыту технологиясы, жан-жақты қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет