Монография түркістан, 2010 жыл Пікір жазғандар: Ә. Жолдасбеков- педагогика ғылымдарының докторы,профессор



бет2/17
Дата04.11.2016
өлшемі4,7 Mb.
#236
түріМонография
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

- педагогика тарихы – педагогикалық идеялар мен тәрбие істерінің әрқилы тарихи дәуірлердегі даму желісін айқындайды;

- салыстырмалы педагогика – түрлі елдердегі білім ұсыну мен қабылдау және тәрбие жүйелерін салыстыра анықтап, олар арасындағы ұқсастықтар мен ерекшеліктерді ашады;

- жас ерекшеліктері педагогикасы – адамның әрқилы жас кезеңдеріндегі тәрбие ерекшеліктерін зерттейді. Жас кезеңдері сипатына тәуелді сәбилік педагогика, мектеп алды педагогикасы, бастауыш мектеп педагогикасы, орта мектеп педагогикасы, ЖОО педагогикасы, ересектер педагогикасы, кәсіби-техникалық тәлім педагогикасы – дербес ғылымдар ретінде танылуда.

- арнайы педагогика – тән-дене және ақыл-ес дамуында ауытқулар орын алған адам (балалар және ересектер) тәлім, тәрбиесінің теориялық негіздерін, принциптерін, әдістерін, формаларын және құрал-жабдықтарын анықтайды. Арнайы педагогика (дефектология) бірнеше салаларға жіктеледі: сурдопедагогика - мылқау және саңыраулар тәрбиесін зерттейді; тифлопедагогика - зағиптер мен көру қабілеті төмендер тәрбиесімен шұғылданады; олиғофренопедагогика – ақыл-есі кемдер тәрбиесімен айналысады; логопедия-сөйлеу мүмкіндігі шектеулІ бала және ересектер тәрбиесі заңдылықтарын ашады.



- әр түрлі пәндерді меңгеру әдістемесі құрамына нақты пәндерді игертудің жекелеген заңдылықтарын қамтиды, қандайда пән мазмұнын игерудің ұтымды әдістері мен құрал-жабдықтарын, технологиялық тәсілдерін жинақтайды, заттасқан іс-әрекет тәжірибесі мен бағалау-байқастыру қатынастары жолдарын үйретеді.

- кәсіби педагогика болмыстық накты кәсіп саласына бағытталған тәрбие заңдылыктарын зерттеп, оған теориялық негіздеме береді, технологиялық принциптерін айқындайды. Жалпы тәлімдік дайындыктан кәсіпке дайындаудың өзгешелігі-ол адамның тұлғалық мүмкіндіктерін нақты еңбек саласында орай дамытуға бағытталады. Кәсіп иесінің тұлғалық мүмкіндігі - бұл оның белгілі кәсіп (мамандық) саласындағы еңбегінің табысты боларын айқындаушы жалпы және кәсіби даму дәрежесі. Жұмысшының тұлғалық мүмкіндіктерінің қандай да дамуы кәсіптік тәрбие, және кәсіптік тәлім үдерісінде іске асады. Кәсіптік қызмет саласына байланысты әскери, инженерлік, өндірістік, медициналық және т.б. педагогика болып ажыратылады. Қызмет бабындағылырды нарықтық дағдарыс жағдайларына байланысты қайта дайындау, оларды жаңа өндіріс құралдарына бағдарлау, біліктілігін арттыру, жаңа кәсіптерге бағыттау - өндірістік педагогиканың міндеттері;

- әлеуметік педагогика балалар мен ересектерді мектептен тыс тәрбиелеудің теориялық және қолданбалық негіздерін қамтиды. Көп бағытты тәлім және тәрбиелеу мекемелері, клубтар, спорттық секциялар, ән-күй және театр өнері үйірмелері (студиялары) тұлғаның қоғамдық мәдениеті мен білім деңгейін көтеру, кәсіби ептілік дағдыларын және шығармашылық қабілеттерін шыңдау құралы ретінде қызмет етеді.

- түзету-еңбектік педагогика орын алған қылмыстары үшін қамауға түскен адамдарды кайта тәрбиелеудің теориялық негіздерін жасап, оларды іске асырудың практикалық жолдарын көрсетеді;

- емдеу педагогикасы денсаулығы нашарлаған әрі сырқатты балалармен жүргізілетін тәлім, оқу-тәрбие жұмыстарының сырын айқындап, педагогтарға нақты ұсыныстар береді. Икемді де үйлесімді жағдайдағы емдеу және тәрбиелеу үдерістеріне негізделген бірігімді медициналық-педагогикалық ғылым саласы пайда болуда.
1.8. Тұлғалық педгогиканың басқа ғылымдармен байланысы
Көптеген тәлім, тәрбиелік сұрақтарды шешуде пәнаралық байланыстар мен педагогиканың баска ғылымдармен сабақтастығын білу қажет болып жатады. Осыдан, педагогиканың теориялық ойластыру үдерісінде әдіснамалық бастау алдымен философияға беріледі. Философиялық тұжырымдар әрқандай ұғым негізі ретінде қызмет етеді. Философия тарапынан ұсынылатын теориялық таным принциптері заңдар жалпылығының арқасында жанама түрде оқу-үйретім, танымдық іс-әрекет заңдылықтарын, олардың тетіктерін ұтымды пайдалануға мүмкіндік береді. Философияның әдіснамалық талаптарына сәйкес педагогиканың категориялық және ұғымдық қоры жинақталып, жетіле түседі.

Аса тығыз байланыс педагогика мен психология арасында орныққан. Бұл байланыс зерттеулер нысаны деңгейінде өз көрінісін ежелден тапқан, ол адам психологиясы, өз ішінде тұлғаның кемелдену заңдылықтарын қамтыған психологиялық үдерістер. Ал педагогика тұлға қалыптасуы мен дамуын басқару заңдылыктарын зерттейді. Адам тәрбиелілігі, біліктілігі – бұл адам психикасының (көңіл-күй – еріктік және ақыл-ес сапаларының да) белгілі мақсат бағдарында өрістеп, нәтижеге келуі. Психология педагогикаға психика дамуын басқарудың әдіснамасын да (мысалы, іс-әрекет принципі) дәл нақтылап ұсынады. Педагогикалық деректерді ашу, сипаттау, түсіндіру, жүйелеу үшін де психологиялық зерттеу әдістері пайдаланылады. Педагогика мен психолоғияның табиғи тығыз байланысты болатынының жарқын дәлелі аралық пәндерден көрінеді: педагогикалық және жас ерекшеліктері психологиясы, кәсіби пвдагогикалық іс-қызмет психологиясы, педагогикалық жүйелерді басқару психологиясы және т.б. Педагогиканың қай саласы болмасын, өз зерттеулерінде өзіне сәйкес психологиялық білімдер қорына арқа сүйейді.

Педагогика физиологиямен тығыз байланыста. Балалардың тән-дене және психикалық даму тетіктерін түсіну үшін бүкіл ағзаның, оның жеке бөліктері мен қызметтік жүйелерінің тіршілік заңдылықтарын жете білген жөн. Жоғары жүйке қызметтерінің орындалу заңдылықтарын білуден педагогика дамытушы оқу-үйретім технологиясын құрастыруға, тұлғаның тиімді дамуын қамтамасыз етуші құрал-жабдықтарды пайымдауға мүмкіндік алады.

Педагогиканың әлеуметтанумен (социология) қызметтік байланысы көптеген ғылыми жетістіктердің көзін ашады. Олар – тәлім, тәрбиенің қоғамдық негіздері, тұлғаның әлеуметтену зандылықтары жөнінде жалпы теориялық түсініктер беру, отбасы тәлімі және тәрбиесі мәселелері бойынша қолданбалы зерттеулер жүргізу. Келесідей әлеуметтану салалары: отбасы социологиясы, тәлім социологиясы, тәрбие социологиясы, шәкірт-студент жастар социологиясы және т.б. педагогика ғылымының сыбайлас салаларымен тікелей сабақтас келеді. Тәрбие және оқу-үйретім үдерістерін зерттеуде педагогикаға информатика мен кибернетика жаңа қосымша мүмкіндіктер ашып беруде. Бұл ғылым көздерін пайдалана отырып, педагогика оқу-білім игеру үдерістерінің жаңа формаларын ашады (мысалы, қашықтан оқыту), тәрбие және оқу-үйретім іс-әрекетін басқарудың тәсілдері мен тетіктерін жетілдіреді.


1.9. Тұлғалық қалыптасуы жөніндегі теориялық ағымдар

Педагогика ғылымында әзірге дейін баланы қалай тәрбиелеу жөнінде ортақ бір пікір қалыптасқан емес, қалыптаспайтын да сияқты. Ежелгі заманнан біздің күнімізге дейін бір-біріне текелей қарсы келген тәрбие бағыттары жасап келуде: 1) балаларды қорқыту мен бағындыру арқылы тәрбиелеу қажет. 2) балаларды қайрымдылық және мәпелеумен тәрбиелеу керек. Егер өмір осы көзқарастардың қайсы бірін қаламаған күнде, ол әрқашан-ақ қолданымнан шығып қалған болар еді. Мәселенің қиындығы сонда: бір жағдайларда (мысалы, нарықтық бәсеке) үлкен қоғамдық өнімді қатаң ережелер мен тәртіп құрсауында тәрбиеленген, өжет, қайтпас пікірлі адамдар келтіреді, екінші жағдайларда – қоғам мүдделерін жұмсақ, қайрымды, зиялы, Алланы мойындаған және барша адамға құшағын аша білген тұлғалар орындайды. Халықтың жасап жатқан жағдайларына, мемлекеттің ұстанған саясатына тәуелді тәрбие салт-үрдістері қалыптасады. Ұзақ мерзім, бейғам, тоқ өмірмен жасап жатқан қоғамда тәрбиенің ізгілікті (гуманистік) бағыты үстем болады. Ал ұдайы күрес жүргізіп жатқан қауымдардың тәрбиесі қатал сипатта болып, ересектердің бедел, абыройына және өсіп келе жатқан әулеттің көзсіз бағыныштылығына негізделеді. Соғыс, аштық, әлеуметтік қақтығыстар мен дағдарыс жағдайларында да балаларды жұмсақ тәрбиеге алу мүмкін, бірақ мұндай жағдайларда әлпештеп өскен бала өз тіршілігін қорғай алмайды. Сондықтан да балалар тәрбиесі жайлы мәселе тек ғылымдық қана емес, ол тікелей өмірге байланысты шешімін тауып барғаны жөн.

Әміршіл-әкімшіл (авторитарлы) тәрбие өз сипатына сай ғылыми дәлелдерге негізделеді. Бұл бағытты ғылым сахнасына келтірген И.Ф.Гербарт (1776-1841) балаға туған күнінен бастап «жыртқыштық бітістер» тән деген тұжырымды алға тартып, мүмкін болғанша тәрбиені қаталдықпен жүргізуді талап етті. Тәрбие тәсілдері ретінде ол қорқыту, балалар ізіне бақылау қою, бұйрықтар және шектеулерді пайдалануды орынды деп есептеді. Тәртіп бұзған балалар үшін ол мектепте арнайы айып журналын ашуды ұсынды. Гербарттың педагогикалық ұсыныстары ықпалында бір топ шектеулер мен жазаларды қамтыған біртұтас тәрбие жүйесі қалыптасты. Балаларды түскі тамақсыз қалдыру, бұрышқа кою, карцерге қамау, айып журналына тіркеу сияқты қатаң тәртіп тәсілдері тәрбие тәжірибесіне енді. Әміршіл тәрбие ережелерін толығынан құптап, қолданған елдердің ішінде Ресей бұл тәсілге ерекше ынта танытты.

Әміршіл тәрбиеге тікелей қарсылық білдіріп, еркін тәрбие теориясын ұсынған француз педагогы Ж.Ж. Руссо болды. Ол және оның ізбасарлары өсіп келе жатқан балада болашақ тұлғаны танып, оны сыйлауға шақырды. Оның табиғи даму мүмкіндіктерін тәрбие барысында пайдаланып, оған барынша қолдау көрсету қажеттігін талап етті. Біздің дәуірмізде жақсы нәтиже беріп, барша дүниеде өзіне көптеген тараптарлар тартып, бұл теория гуманистік пелагогиканың күшті де куатты ағымына айналды.

Барша кезеңдердегі педагогтар қауымы гуманистік тәрбиемен дуниені қайта түлету үмітін ешбір жоғалтқан емес. Егер барлық адамдар қайырымды, адал, әділетті болған жағдайда, олар арасында дау-дамай өршімей, соғыс, қақтығыс, қарсы тұру себептері әлдеқашан жойылар еді. Әлемде тоқшылық, жылылық пен жақсылық жайлаған болар еді. Бірақ бұл үшін адамның өзін өзгерту қажет. Мұның бірден-бір жолы – тәрбие.

Тәрбие, тәлімді гуманизациялау Қазақстан Республикасының қазіргі кезең педагогикасының басты бағытына айналып отыр. Кешегі кеңес дәуірінен қалған мектеп өзінің қатал бағытын жұмсартьш, бала пайдасына орай гуманистік тәрбиеге бет бұрды. Бірақ мектепті ізгілендіру істері әлі орныға қойған жоқ, бұл бағыттағы ұнамды ізденістер жүргізілуде.

Гуманизм (адамгершілікті) – әлемде адамды ең жоғары құндылық деп таныған біртұтас теориялық тұжырымдама. Бұл тұжырымдаманың басты ережесі - тұлға қадір-беделін қорғау, оның еркіндікке, бақытқа, дамуға және өз қабілеттерін байқата алуға еркіндігін тану және мойындау, бұл үшін колайлы (өмірлік, еңбектік, тәлімдік және т.б.) жағдайлар түзіп беру. Гуманизм - бұл жалпы адам болмысының, сонымен бірге әрбір жеке тұлғаның әмбебап маңыздылығына қолдау-қуаттау беретін идеялар мен құндылықтар жиынтығы. Құндылықты бағыт-бағдар және нұсқау - көрсетпелер жүйесі ретінде гуманизм қоғамдық мұратқа айналып отыр.



Ізгілікті (гуманистік) педагогика – бұл өз мүмкіндіктеріне орай кемелденуші балаларды тәлім, тәрбие үдерісінің белсенді, саналы, тең құқықты қатысушылары ретінде танытатын ғылыми теориялар жүйесі. Гуманизм тұрғысынан тәрбиенің ізгі мақсаты - әрбір тәрбиеленушіні іс-әрекеттің, таным мен қатынастың толыкқанды субъекті деңгейіне көтеріп, еркін, өзіндік басқарымға ие тұлға дәрежесіне жеткізу. Тәрбиелік үдерістің гуманизациялық өлшемі тұлғаның өз мүмкіндіктерін іске асыра алу дәрежесімен, оның бойындағы өзекті табиғи нышандардың ашылуымен, оның еркіндікке ұмтылу қабілеті мен жауапкершілігі және шығармашылығымен бағаланады. Гуманистік педагогиканың басты нысаны тұлға бітістері: басты назар ақпарат көлемі мен нақты ептіліктер және дағдылар дамытудан гөрі тұлғаның психикалық, тән-дене, ақыл-парасат, адамгершілік және басқа да инабаттық-ізгілік сапаларын дамытудың маңыздылығын алға тартады, бар күшін әрқилы өмір жағдайларында өз таңдауын қажеті мен қабілетіне сәйкес еркін, дербес толғастырып, іс-әрекетке келе алатын гуманист тұлға, азамат қальштасуына шоғырландырады; оқу-тәрбие үдерісін жаңаланған бағдарламаларға келтіруде табыстарға жету үшін қажетті ұйымдастыру шарттарын қамтамасыз ете алады.

Оқу-үйретім, тәрбие үдерісін гуманизациялау – шәкіртке болған педагогикалық үстемдігімен танылған, педагог пен тәрбиеленуші арасындағы қоғам күткен ізгілікті қатынастар орнату мүмкіндігін жоққа шығарған әміршіл педагогикадан бас тартып, тұлға еркіндігі мен жеке іс-әрекетіне аса жоғары мән беретін инабаттылық бағдарлы педагогикаға бет бұрыс. Бұл үдерісті ізгілендірудің басты мақсаты – балалардың мектеп дәрістерін жатсынуына, өз мүмкіндіктерінен төмен үлгеріміне, тәрбиелік істердің бейтарап қатысушысы немесе бұрқасын тасыған өмірдің сырттай бақылаушысы болып қалуына мүмкіндік бермейтін жағдайларды жасау. Гуманистік педагогика әрдайым мектеп тәлімін шәкіртке икемдестіру тарапында, балаға қолайлы жағдай түзіп, оның «психологиялық қауіпсіздігін» қамтамасыз етуге ұмтылады.

Гуманистік педагогиканың талаптары: 1) тәрбиеленушіге адамгершілік қатынас; 2) баланың еркіндігі мен кұқына құрмет; 3) шәкірт күшіне сай және түсінікті талаптар кою; 4) тәрбиеленушінің көзқарас - бағытын, тіпті ол қойылған талаптарды орындауға қарсылық білдірген жағдайда да - сыйлай білу; 5) балаға шынайы өз болмысын танытуына мүмкіндік жасау; 6) тәрбиеленушінің санасына тәрбиенің нақты мақсаттарын жеткізе білу; 7) бала тәрбиесіне қажет болған сапа-қасиеттердің зорлықсыз қалыптасуына мүмкіндік ашу; 8) тұлға намысы мен беделіне нұқсан келтіруші әдістерді қолданбау; 9) баланың өз наным-сенімдеріне қайшы келетін сапа-қасиеттерден бас тарту құқын тану.

«Адамдар құқы жалпы декларациясының» бірінші бабы: «Барлық адамдар бедел және құкық тұрғысынан еркін және тең. Олар ақыл-парасатты және намысты, сондықтан да өзара туысқандық рухында қатынас жасауы тиіс». Тәрбиеленушілерде қорыққан, үріккендерді емес-тәуелсіз, еркін тұлғаны танып, тәрбиеші-педагог оның үстінен ала таяқ ойнатып, күш көрсету ниетінен бас тартады, нәтижеде өз тәрбиеленушісімен бірлесе өздерінің жарқын болашағы үшін қосылып, ат салысады.

Гуманистік педагогика жүйесін уағыздап, бүкіл дүниеге белгілі болған педагоггар - М.Монтессори, Р.Штайнер, С.Френе. Олар түзген тәрбие бағыттары бұл күнде атаулы - педагогика лауазымын алған.

Мысалы, М.Монтессори педагогикасы тәрбиенің еркін, табиғи сәйкестік идеясына негізделген. Мұндағы басты шарт-баланың өз белсенділігі. Тәрбие ең алдымен әртүрлі міндеттерді атқаруға бағытталған дидактикалық материалдарды практикада қолдану тәсілдеріне сүйенеді. Сонымен бірге, оқу-үйретім мен тәрбиені даралап жүргізуге, тұлғалық ерекшеліктерді ескеруге үлкен мән береді.

Р.Штайнер Вальфдор педагогикасын дәріптеді. Бұл тәрбие ағымы әрбір баланың даму ерекшелігін ажырата отырып, оның даралығын, яғни ойлау, мінез, ерік, ес және т.б. психикалық қасиеттерін түсінуді басты қажеттік деп білді.Осы негізде даралап тәрбиелеудің әдістері мен формалары жобаланды. Баланың іс-әрекеті оның көңіл-күйі және ой - өрісімен ажырамас тұтастыққа келтіріледі.

Батыс елдерде С.Френе педагогикалық тұжырымдамасы кең тараған. Оның басты белгілері: 1) балалардың жастық психологиясындағы, қабілеттері мен қызығуларындағы әртүрлілікті міндетті түрде ескеру; 2) олардың интеллектуал, көңіл-күй белсенділігін мақсатты түрде ынталандырып бару; 3) барлық мектептік оқу-үйретім,үйренім кезеңдерін қоғамдық пайдалы еңбекпен байланыстыру; 4) мектептің өзіндік басқару жүйесінің тиімділігін көтеру; 5) жоғары моральдық және азаматтық мұраттар рухында тәрбиелеу.

Сонымен, әлемде кең дамыған педагогикалық ойдың екі бағыты танылған - үлкендердің бедел-абыройына және балалардың бағыныштылығына негізделген авторитарлы ағым, шәкірт құқығы мен еркіндігін кұрметтеуші -гуманистік ағым. Олардың арасында - санқилы педагогикалық бағыттар жасауда. Әлемнің прогрессив педагогикасы өзінің гуманистік таңдауын қабылдады.

2. ТҰЛҒАЛЫҚ ПЕДАГОГИКА ӘДІСНАМАЛАРЫ ЖӘНЕ ОНЫ ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ

2.1. Тұлғалық педагогика білімі және оны зерттеу
Педагогикалық теорияны зерттеушілердің әрбірі ерте не кеш қандай да теоретикалық қорытындылар қалай алынған, қаншалықты олар шынайы болмысты дұрыс сипаттай алады, оларға сенуге бола ма? – деген сұрактарға кезігеді. Қандай да нақты шешімге жеткізген зерттеушінің ойлау желісі мен жолдары сол шешімдер мен қортындылардың сапасына күшті әсерін тигізетіні белгілі. Сондықтан да, педагогика пәні мен мәнін тану әрекетін ол жөніндегі ақпарат алу әдістерінен ажырата, қарастыру ешқандай табысқа жеткізбейді. Шынайы болмысты тану жолдары мен тәсілдері зерттеу әдістері деп аталады. Әдістер жәрдемімен әрқандай ғалым зерттелуші нысан жөнінде ақпарат табады, алынған деректерді талдайды және өңдейді, белгілі білімдер жүйесіне қосады. Осыдан ғылым дамуының карқыны мен деңгейі онда қолданылатын зерттеу әдістеріне орасан тәуілді келеді. И.П. Павлов айтқандай:әлі де айтылып жүр әрі ол орынды да: «Ғылым әдістемелер жетістігіне тәуілді дүмпүлі қозғалысқа келеді. Әдістеменің әрбір қадамына байланысты бұрын көрмеген заттарымызды қамтыған ауқымды көкжиек ашылып, біз бір саты жоғарлағандай боламыз.» Ғылыми қортындылардың шынайылығы мен сенімділігі сонымен бірге зерттелуші құбылыстар мен үдерістерді түсінуге болған жалпы бағытқа да тәуелді. Педагогикалық болмысты зерттеудің әдіснамалық негізі - таным теориясы (гносеология). Талаптары әмбебап сипатқа ие ғылыми танымның жалпы әдістері бағыттаушы қызмет атқарады.

Ғылыми зерттеу әдістері әрқашан таным нысандарымен тығыз байланысты. Ақпарат теру құралдары зерттелуші пән ерекшеліктеріне сәйкес болуы шарт. Бұл әрбір ғалымның зерттелуші құбылыстар ерекшеліктерін бақылау мүмкіндіктері бар өзінің меншікті әдістерін ойлап тауып, пайдалануы тиіс екендігін білдіреді.

Педагогикалық зерттеу әдістері тәлім, тәрбие жөніндегі ғылымның қандай ерекшеліктерімен сабақтас келеді?

Педагогикалық үдерістерге тән бітіс – олар жүрісінің бір мәнді болмауы. Тәрбие, тәлім, оқу-үйретім және дамудың нәтижелері бірдей уақытта бірлікті әсер жасайтын көптеген себептерге тәуелді. Бір не екі жағдай әсерінің өзгеруінен алынатын нәтижелер өзара ұқсамастық хәлге түседі. Педагогикалық үдерістердің екі ұшты келіп, әрі бір мәнді болмауынан ғылымда белгілі әдістердің колданылуы шектеледі, осыдан педагогтар ақиқат ақпараттарды алу үшін әрқилы ой тәсілдерін іске қосады.

Педагогикалық үдерістер өзінің қайталанбастық сипатымен ерекшеленеді. Жаратылыстану ғылымдары (физика, химия, делік) саласында зерттеуші бірдей материалдарды пайдаланумен, жағдайларды өзгерте бермей-ақ, экспериментін көп мәрте қайталай беруі мүмкін. Нәтижеде ол зерттелуші құбылыстар арасындағы байланыс тұрақты ма, жоқпа деген бір қортындыға келе алады. Ал зерттеуші-педагогтың мұндай мүмкіндігі жоқ. Қайта зерттеуде ол ауысқан, жаңқа «материалға» кезігеді, жағдайлар да, әлбетте, бұрынғыдай болмай шығады. Алғашқыда жүргізілген жұмыстар нәтижесінде пайдаланылған деректер сипаты түбегейлі өзгеріске түседі. Осыдан да педагогикада қаншалықты мұқият дайындалып, өткізілгенмен «тап-таза» эксперимент болуы мүмкін емес. Осы жағдайды ескере отырып, бұрынғы нәтижелер алынған жәйіттердің салыстырмалы екендігін түсінуден педагог өз қорытындыларын үлкен ептілік және байыппен қолданымға салады.

Педагогикалык үдерістің және бір маңызды жағдаяты: оған сәбиден бастап, түрлі жастағы адамдар қатысады. Педагогикалық зерттеулерге

қойылатын басты талап: сынаманың зерттелушілердің денсаулығы мен дамуына нұқсан келмейтіндей етіп жоспарлануы, ұйымдастырылуы және өткізілуі қажет, осылайша педагог оқу-үйретім, тәрбие ықпалын жасай алады.

Педагогикалық үдерістердің ауыспалы өзгермелілігінің орнын толтырып, оларды зерттеу барысында шынайы қорытынды алудың бір-ақ жолы бар, ол - бақылаулар санын мейлінше көбейту. Осы жағдайда жекеленген зерттеудің кемшіліктері көп бақылаулар есебінен мейлінше азаяды. Қоғамдық ғылымдарда, олар арасында педагогикада да қорытындылар орташа, жалпыланған формада жасалады. Мұнан басқа жол жоқ, шектен тыс ауысымдар қателікті көпшіл бағыт нәтижелеріне орын беріп, есептен шығарылады.

Қалаған педагогикалық зерттеулердің ізгі мақсаты - зерттелуші үдерістегі ретті байланыстар мен жүйелілікті табу, яғни заңдылықтар ашу. Басты ғылыми педагогикалық категория ретіндегі заңдылық мәні – құбылыстар арасындағы өзара тұрақты және қажетті байланыстардың болуы. Белгілі жағдайларға орай олар өзгеріссіз, әрдайым көзге еленетін болса, онда бұл шынайы заңдылық. Ғылым танушылар бұл категория шектерін нақтылауды мақсат тұтып, өзара мәндес келетін «заңдылық» және «заң» ұғымдарының ара жігін айырумен әлек. Заңдылық жөнінде сөз қозғалса, ең алдымен құбылыстар арасындағы тұрақты да қажетті байланыстардың болуы ескеріледі, дегенмен, сол байланыстың өзі әлі ақырына дейін зерттелінбеуі де мүмкін, кейде, заңдылық – бұл ақырына дейін танылмаған заң немесе шектері мен формалары толықтай белгілі болмаған заң деп те анықталады. Көп жағдайда заңдылық ұғымы құбылыстар арасында қарқынды жиілігімен ерекшеленетін байланысты аңдатады. Шынайы болмыс құбылыстарындағы белгілі жүйелілікті де осы заңдылық ұғымымен түсіндіруге әбден болады. Заңдылық ұғымы педагогикада дәл осы мәнде қолданылып жүр.

Заң – қатқыл нақтыланған заңдылық. Философтардың пайымдауынша, заң кұблыстар, үдерістер және жүйелер араларындағы тұрақты да қажетті ішкі, астарлы байланысты аңдатады. Сонымен бірге, ғылыми заң болмыс құбылыстары арасындағы шынайы, мәнді, қажетті, жалпы тұрақты және белгілі жағдайларда қайталанып барушы байланыстарды өрнектейді.

Заңдылықтар мен заңдар мүмкін болғанша білімдерді «тығыздыққа» келтіреді, ғылымда бар білімдер көлемін ықшамдайды. Мұндай тарылту механикалық немесе «артық» ақпаратты «жауып тастау» жолымен емес, бар мәліметерді ірілете топтастырып, жекеленген тәуілділіктерді мәндік қатынастарға түсіру арқылы орындалады. Әрқилы құбылыстарды мәндік-мағыналыққа келтірумен зандар мен заңдылақтар білімдерді қарапайымдастырады, түсінімділікке келтіреді, сақтау және ұсынуға қолайлы саналылық кейіпке түсіреді, заңдылықтар мен заңдардың арқасында адамзат шағын, бірақ жоғары сападағы ақпарат көлемін пайдалана алады.

Акиқатты танудың диалектикалық жолы - заңдылықтар мен заңдарды ашу. Заңды түсіндіру-бұл келесідей сұрақтарға жауап беру: неге ол солай, ол қалайынша бар, бір нәрсенің өзі неліктен болмыстағыдан басқаша бола алмайды? және т.б. Заңды жоққа шығару мүмкін емес, дегенмен, оны жеке мүддеге орай дұрыс пайдалануға болады.

Ғылыми заңдар өз ықпалдарының қай құбылыстар аймағында таралуына тәуелді жалпылық күйі бойынша ажыралып, топтастырылады. Бірінші топ заңдары ыкпал аймағы салыстырмалы тар – нақты, қандай да бір құбылысқа ғана тән, ерекшеленген заңдар. Екінші топқа - ықпал аймағы біршама кең, бір не бірнеше құбылыстар түрімен жіктелмейтн жалпы заңдар. Ықпал әсері барша салада байқалатын, заттасқан дүниенің жалпыланған заңдары - үшінші топты құрайды.

Ғылыми заңдар басқа да белгілері бойынша ажырытылады: мысалы, уақыт шегінде және кеңістікте құбылыстар арасында болатын байланыстарды өрнектеуші заңдар; динамикалы, яғни қозғалмалы және статикалы (мызғымас) заңдар. Іс-қызметтік (функцияналды), ықтималды, статистикалы (есеп-қисапты) зандар да бар. Сондай-ақ заңдар сандық және сапалық болып ажыратылады. Алғашқысы үдерістер өзгерісін математикалық есептеулер жолымен анықтайды да, соңғысы-сандық амалдарға тіпті де қарсы. Алайда, бұл заң бұрыстығын білдірмейді. Заң шынайылығы оның өрнектелу формасына тәуелді емес. Егер ол байланыстарға орай дұрыс өрнектеліп жатса, оның қандай формада көрінетіні елеуге тұрмайды.
2.2. Тұлғалық педагогика ғылымының әдіснамалары

«




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет