Мормондар қауымының зерттелу тарихы



Дата27.05.2018
өлшемі160,91 Kb.
#41014
УДК 27-79 (574)

Әлтаева Н.С.

әл-Фараби ат. ҚазҰУ, 1 курс PhD докторанты

nursulu.altayeva@mail.ru

тел: 87011611984

Затов Қ.А.

әл-Фараби ат. ҚазҰУ, филос.ғ.д., профессор м.а.

kairat_1966@list.ru

тел: 87078913390
Мормондар қауымының зерттелу тарихы
Қазіргі күні кеңестік дінсіздіктен арылып, рухани өмірдің мәселелеріне көп қызығушылық танылуда. Руханилық тіпті сәнге айналғандай, барлығы дін туралы айтуға көшті. Бірақ та руханилық, сенім, дін - өте нәзік нәрселер, оларды қажетті білімсіз айта беруге де болмайды.

Мақалада қазіргі кезде елімізде тіркеліп, белсенді қызмет атқарып жүрген діни ұйымдардың бірі - «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі» атауымен белгілі мормондар қауымы туралы айтылады. Қазақстанда бұл тақырыптағы атап айтарлықтай ғылыми жұмыстардың жоқтығынан, негізінен ресейлік ғылыми еңбектерге, орыс және қазақ тілді ғаламтордағы мақалаларға жүргізілген шолу нәтижелері берілген.



Түйін сөздер: дін, жаңа діни қозғалыстар, мормондар, «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі», Джозеф Смит, Мормон кітабы.
Альтаева Н.С.

PhD докторант 1 курса, КазНУ имени аль-Фараби

Затов К.А.

Д.филос.н., и.о. профессора КазНУ имени аль-Фараби


История изучения общины мормонов
После многих десятилетий атеизма и бездуховности сегодня возродился большой интерес к проблемам духовной жизни. Духовность становится модой, каждый пытается рассуждать о вере. Однако вера, духовность, религия – все это предметы слишком специфические, чтобы говорить о них без знания их законов.

В статье рассматривается история общины мормонов, официально известная под названием «Церковь Иисуса Христа Святых последних дней», на данный момент является одним из наиболее активнодействующих религиозных объединений из действующих в нашей стране. В Казахстане эта область не изучена полностью, поэтому пришлось ссылаться на труды российских ученых, а также даны результаты сделанного обзора на статьи опубликованных в русскоязычном и казахоязычном интернете.



Ключевые слова: религия, новые религиозные движения, мормоны, «Церковь Иисуса Христа Святых последних дней», Джозеф Смит, Книга Мормона.

Altayeva N.S.

PhD student of 1 course, Al-Farabi Kazakh National University

Zatov K.A.

Doctor of philosophical science, professor of Al-Farabi Kazakh National University
The history of studying the Mormon community
The present-day get rid of Soviet atheism, the issues of greatest interest is the recognition of spiritual life. Spirituality and even fashion, everything started to talk about religion. However, spirituality, faith, religion is a very subtle things, in order to provide them with the necessary knowledge to say is very dangerous. The article is currently registered in the country, one of the priests who served in the «Latter day saints, Jesus Christ, the Church» tells the congregation known as the Mormons. The authors noted that the theme of the lack of significant scientific work, mainly in the Russian scientific papers, Russian and Kazakh language Online article by the survey results. Due to be less than other data had to resort to the Internet.

Key words: religion, new religious movements, mormons, «The Church of Jesus Christ of Latter-day Saints», Joseph Smith, Book of Mormon.
Өздерін католиктер мен православтарға және протестанттарға да қоспайтын, бірақ христианбыз деп есептейтін «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі» XIX ғасырдың бірінші жартысында Солтүстік Америкада пайда болған діни ұйым. Сол уақыттағы аталған діни ұйымның пайда болуына көптеген экономикалық және саяси факторлар әсер етті. Мормондық ұйымның тарихы біздің көзқарасымыз бойынша, АҚШ-тың дамуының негізгі кезеңдерімен тығыз байланысты болды.

XIX ғасырдың бірінші жартысында АҚШ-та протестантизмнің күшеюімен қатар басқа да қарқынды дамыған діни идеялар пайда бола бастады. Осындай діни ұйымдардың бірі – «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос шіркеуі». Ол сонымен қатар Мормондар шіркеуі деген атаумен де белгілі. Бұл атау «Мормон кітабынан» алынған. Аталмыш ұйым - батыстық діни ұйымдардың ішіндегі аса ірі және бай ұйымдардың бірі болып табылады. Американың діни ортасы XIX ғасырдың басында осындай түрлі, өз алдына бөлініп шыққан діни ұйымдарға есігін айқара ашты, олардың ішіндегі жолы болғаны осы мормондар. Жолы болған дейтініміз, діни ілімнің өз ішінде кездесетін қайшылықтарға қарамастан, бұл ұйым осы күнге дейін өз ерушілерін жоғалтқан емес. Мормондар шіркеуі өздерінің шіркеулерін ғана «қайта қалпына келтірілген» ең шынайы христиандық шіркеу дей отырып, басқа христиандық деноминациялардың басым көпшілігін жоққа шығарады.

Алдымен, мормондар қауымының пайда болу тарихы туралы айтып өтейік. Мормондық сенімнің бастауы мормондық ортада пайғамбар атағына ие болған Джозеф (Иосиф) Смиттің есімімен байланысты. Ол 1805 жылдың 23 желтоқсанында АҚШ-тың солтүстік-шығысындағы Вермонт штаты, Шарон елді-мекенінде, Джозеф пен Люси Мак-Смиттің кедей отбасында бесінші (кейбір деректер бойынша төртінші) бала болып дүниеге келген. XIX ғ. бірінші жартысында діни ізденіс Құрама Штаттарының азаматтарының басым бөлігіне тән құбылыс болды.

Болашақ пайғамбардың жастық шағы Нью-Йорк штаты, Пальмир қаласында өтті. Сол кездегі Пальмирде протестантизмнің 3 деноминациясы (баптистер, методистер және пресвитериандар) болды, олардың әрқайсысының өзінің қауымы болды. Джозеф Смиттің отбасы мүшелерінің басым бөлігі пресвитериандық қауымының мүшелері болатын. Джозефті осы деноменациялардың әртүрлілігі қызықтырды да, ол аз уақыт Методистік шіркеуге барып жүреді. Бірақ ол бұл шіркеулердің қайсысының шынайы екендігін түсіне алмай дал болады. Осындай протестанттық жолайырықта тұрған жас Джозеф Інжілді мұқият оқиды да, Иаков кітабының 1 тарау, 5-шумағында жазылған: «Егер де сіздердің біреулеріңіздің ақылы жетпей жатса, онда барлығына сұрағанын беретін Құдайдан сұрасын - ол жауабын алады» деген шумаққа келіп тіреледі. Бұл шумақтан ол орманға барып дұға жасауы керектігін түсінеді [1].

1820 жылдың ерте көктемінде үйіне жақын жердегі орманда Джозеф Смитке алғашқы аян келеді. Дұға жасау кезінде аспаннан жарық сәуле түсіп, оған Құдай-Әке мен Құдай-Бала көрінеді. Джозеф олардан діни ұйымдардың қайсысының шынайы екендігін, олардың қайсысына сену керек екендігін сұрайды. Мормондық ілімге сәйкес, Иисус Христос оған «олардың ешқайсысы ақиқат еместігін және ешқайсысына қосылмауын» және «олардың барлық ілімдері сыртынан Құдайдың сөзіндей көрінгенімен Оның құдіретін мойындамайды, сондықтан да олар Оның көзінше жиіркенішті» екендігін айтады. Джозеф Смиттің Құдай-Әке мен Иисус Христоспен кездесуінің нәтижесі төмендегідей: біріншіден, 14-жасар жас бала адамдар арасында күшін жоғалтқан Інжіл мен шынайы Иисус Христос шіркеуін қайта қалпына келтіруге тандап алынған болатын; екіншіден, Оны Құдай-Әке мен Иисус Христос олардың пайғамбары болуға шақырды [2].

Джозеф Смиттің айтуы бойынша, 1823 жылдың қыркүйек айының 21-нен 22-не қараған түні ол Құдайдан бар пейілімен ақиқат жолын көрсетуін сұрайды. Осы кезде оның бөлмесіне көз шағылыстырар жарық түсіп, Джозеф өз төсегінің қасында ауада қалқып тұрған аппақ қардай мантия киген адам бейнесін көреді. Екеуі тілдеседі. Ол Джозефті атымен атап, өзінің есімі Мороний - Құдайдың атынан келген хабаршы екендігін және Құдайдың ісін Джозефке тапсыруға келгендігін айтады. Бірінші күні жас жігітке алтын жапырақтарға жазылған Інжілдің толық нұсқасы бар Мормон Кітабының шежіресі туралы хабар айтады. Мороний - Христостың туылуына дейінгі V ғасырда Америка құрлығының бұрынғы тұрғындары жайлы шежіре жазып, оны Құдайдың бұйыруымен Кумора жотасында (Нью-Йорк штаты), бетіндегі қалқанына бекітілген арнайы аударма құралдары - Урим мен Туммим сиқырлы тастарымен бірге тығып қойған ең соңғы Нефийлік тарихшы болған. Мормондық ілімге сәйкес, бұрынғы заманда Урим мен Туммим тастарына ие болған адамдарға көріпкелдік қасиет дарыған, ал ол тастарды Құдай кітапты аудару үшін дайындап қойған делінеді [3].

Екінші күні Джозеф Смит аян берілгенде айтқан жерге барып, аталғанның барлығын тауып алады. Бірақ оларды ала алмайды, себебі Мороний Періште әлі уақыт келмегенін, оны 4 жылдан кейін ғана ала алатынын айтады. Сонымен қатар, періште Джозефке Құдайдың Патшалығы қалай салынатыны жайлы айтып береді. Бірақ бұл көргендерін ешкімге айтпауын бұйырады.

Мороний періште айтқандай, дәл 4 жыл өткен соң, яғни 1827 жылдың 22 қыркүйегінде ғана пайғамбар Джозеф Смитке алтын тақтайшаларды ағылшын тіліне аударуға үкім беріледі. Мормондық тарих бойынша мәтін түрі өзгертілген көнеегипеттік тілде жазылған болатын. Алаяқтардың алтын тақтайшаларды ұрлағысы келген әрекеттерінен кейін Джозеф әйелі Эммамен бірге Пенсильвания штатындағы Гармониядағы қайын атасы Исаак Хейлдың үйіне көшіп келеді. Мәтіндерді аудару кезінде түпнұсқаның мәтіні Құдайдың бұйыруымен үш куәгерге көрсетіледі. Одан соң тағы да сегіз куәгер ежелгі қолжазбаны көргендіктерін жазбаша мақұлдайды.

1829 жылдың жазында кітаптың бірінші аудармасы аяқталып, 1830 жылдың 26 наурызында Нью-Йорк штатының Пальмир қаласында «Мормон кітабының» баспа нұсқасындағы алғашқы даналары пайда болады. Осы оқиғадан соң бірнеше аптадан кейін 1830 жылдың 6 сәуірінде Джозеф Смит бес ізбасарымен бірге АҚШ-тың Нью-Йорк штаты, Фейет қаласында «Иисус Христос Шіркеуін» құрады. 1878 жылы бұл атау «Соңғы күннің әулиелері» сөздерімен толықтырылады. Мормондар ілімінің қалыптасуы осылайша өрбіген болатын.

Мормоншылдықтың қалыптасуының алғашқы қадамынан бастап Джозеф Смит көнеінжілдік арғыаталардың (Авраам, Иаков, Давид және т.б.) бірнеше әйелдері болғанына назар аударады. Осы мәселе бойынша Джозеф Смит Құдаймен тілдесе отырып, одан мынадай жауап алады: біріншіден, белгілі бір уақыт кезеңінде және арнайы мақсатта Құдай, аспан заңдарына сәйкес, жердегі көпәйелділікті мақұлдайды және марқабат етеді; екіншіден, жақын арада Құдайдан соңғы күннің әулиелерінің бір бөлігінің таңдаулы екендігі және олардың біреуден артық әйелдері болатыны жөнінде хабар келетіндігін біледі.

Протестанттық ортада пайда болған жаңа ұйым тек қана Нью-Йорк штатында ғана емес, сонымен қатар елдің Шығысы - Огайо, Миссури және Иллинойста да тез таралды. 1839 жылдан бастап Наву қаласы мормондардың рухани орталығына айналды (Иллинойс штаты). Пайғамбардың қабылдайтын шешімдерінің беделі жоғары болғаны соншалық, Джозеф Смит қаланың әкімі болып тағайындалады. Жақтаушылары оның кандидатурасын АҚШ-тың президенті постына да ұсынды. Бірақ бұл ағымнан бөлініп шыққан бір топ пайғамбардың жақтаушыларының көпәйелділік туралы көзқарасын айыптады. Әкімнің бұйрығымен газет жабылып, типография талқандалды. Бұл іске Иллинойс штатының губернаторы араласты. Сөйтіп, Джозеф Смит өзінің достарымен бірге түрмеге жабылады. 1844 жылдың 27 маусымында Картидж қаласының түрмесіне қаруланған топ шабуыл жасап, Джозеф Смит пен оның ағасы Хайрамды атып кетеді [4].

Осы қайғылы оқиғалардан кейін мормондар арасында мұрагер жөнінде мәселе көтерілді. Құдайдың пайғамбары ретінде Джозеф Смиттің орнын Бригам (Брайем) Янг (1801—1877) басты. Бірақ пайғамбар Джозеф Смиттің отбасы мүшелерінің бұл шешімге көңілі толмай, өздерінің «Қайта құрылған Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос Шіркеуі» ұйымын құрады. Бұл аталған діни ұйымның екіге жіктелуіне әкеліп соқты. Бірақ соңғысының қатары бас мормондық ұйымның санынан әлдеқайда аз болды және діндарлар арасындағы ықпалы да жоғары болмады. «Қайта қалпына келтірілген шіркеудің» рухани орталығы қазіргі күнге дейін Индепенденс қаласында (Миссури штаты) орналасқан.

Жаңа пайғамбардың басшылығымен 1847 жылдың 24 шілдесінде 15 мың мормондар тыныш, бейбіт өмір сүру үшін Үлкен Тұзды көлдің жағалауындағы адам тұрмайтын шөл далаға көшіп кетеді. 1850 жылы АҚШ-тың федералды билігінің өкімімен Бригам Янг қайта құрылған Юта территориясының басшысы болып тағайындалды. 1857 жылы мәжбүрлі түрде жұмыстан босатылса да ол Юта мен оған қарасты аймақтың шаруашылық және мәдени дамуын жалғастыра берді. Бригам Янгтың модернизацияланған, протестанттық еңбек этикасымен күшейтілген керемет ұйымдастырушылық қабілеттерінің арқасында мормондар шөл даланы гүлдалаға айналдырды. Діни ілім айтарлықтай таралған жерлерде ғибадат үйлері салынды. Мормондардың культтік ғимараттары масондық архитектураның ықпалына ұшырады. 1877 жылға қарай Бригам Янгтың тікелей қатысуымен 350-ден астам мормондық елді-мекен құрылды.

Бірақ Үлкен тұзды көлдің айналасындағы аймақ қағаз жүзінде Мексикаға тиесілі болатын. Алғашында АҚШ-тың Конгресіне аталған аймақты штатқа қосу жөніндегі ұсыныс қабылданбады. Оған себеп мормондардың көп әйел алуы болды (ресми түрде мормондарға 10 әйелге дейін алуға рұқсат етілетін). 1880 жылдың соңында АҚШ-та қосымша заңдар қабылданды, ол заңдарға сәйкес көп әйел алған азаматтар дауыс беру құқынан айырылатын және сот атқару қызметіне тағайындалмайтын. «Соңғы күн әулиелерінің Иисус Христос Шіркеуі» үшін бұл заңдар шіркеудің меншігінің көлемі мен құқығын едәуір шектеу дегенді де білдірді. 1890 жылдың 6 қазанында мормондардың Бас конвенциясында көп әйел алу тәжірибесін тоқтататын Манифест қабылданған болатын. Содан кейін көпнекелік заңды бұзғаны үшін тұтқындалған мормондар, босатылады да оларды қуғындау негізінен тоқтатылады. АҚШ үкіметі мен мормондардың әрекеттерінің арқасында 1896 жылы Солт-Лейк-Сити айналасындағы аумақ Юта штаты ретінде АҚШ-қа қосылған болатын [6].

Мормондардың ілімі бойынша, адам туыла сала күнәлі болмайды, яғни оның туыла сала тұқым қуалайтын күнәсі болмайды. Мормондардың түсінігінде күнә - адамның «прогресс негіздеріне» қарсы тұруы болып табылады.

Мормондардың ілімі бойынша Иисус Христостың құрбандығы барлық адамдарға өлімнен кейін өмір береді. Иисус Христостың араға түсуі арқылы жеке адам, егер өзі тырысса, күнәларынан арылуы мүмкін. Күнәнің өтелуі - Құдай мен адамның біріккен жұмысы болып табылады. Өлген соң адам 3 деңгейлі атаққа ие болады: 1) жерастылық; 2) жерлік; 3) аспандық.

Мормондар болашақтағы әлемдік оқиғалардың орталығы Америка деп есептейді, себебі, мормондар өздерін «соңғы уақыттағы Құдай Өсиетінің халқы» – «жаңа Израиль» деп есептейді. Мормондардағы «мәңгілік сөзі - үдерістің жалғасы» болып табылады.

1843 жылы Джозеф Смитке көпнекелілікте ерлі-зайыпты кеңестің мәңгілік жалғасы туралы «аян» келеді: «Бекітілген неке өлімнен кейін де өзінің тіршілік етуін тоқтатпайды, ол рухани патшалықта өз жалғасын табады». Бекітілмеген неке өкілдерінің барлығы мәңгілікте, яғни о дүниеде қызметші рухтар болып қалады да, некеге отыра алмайды. 1851 жылы көпнекелікті Бригам Янг ресми түрде енгізген болатын, бірақ американдық үкіметтің қысымымен мормондар оны 1890 жылы жұмсартты. Осы күнге дейін мормондар полигамияның дұрыстығына сенеді, бірақ оны ұстанбайтынын ресми түрде мәлімдейді. Дегенмен де, қазіргі уақытта да мормон қауымдарында көпнекелілік кездеседі.

Мормондардың ілімі бойынша, қол қоюмен Қасиетті Рухтың сыйы беріледі. Қол қоюды дін қызметшілері жасайды. Қол қою рәсімін олар конфирмация деп атайды.

Мормондар өздерінің сырт келбетіне аса зор мән береді: таза және ұқыпты киінеді, өздерінде жақсы мінездерді қалыптастырады, олар интеллигентті, сыпайы, білімді. Олар осы қасиеттерін одан ары жетілдіруге тырысады және де мормондардың ең түпкі мақсаты - прогресс жолымен жоғарыға қарай жүре отырып, өзін-өзі жетілдіру арқасында ең жоғарғы деңгейге жеткенде Құдай дәрежесіне теңелу, яғни, бірте-бірте аспан Патшалығына ұмтылу. Олардың түсінігінше, адам – «ұрық ішіндегі құдай» болып табылады.

Мормондар өтірікке, менменшілдікке, дүниеқоңыздыққа қарсы, олар еңбектің құндылығын бағалайды, заңды құрметтеуге үйретеді және мемлекет пен оның басшыларына адал қатынаста болуға шақырады.

Протестантизмнің дәстүріндегідей мормондар Мария Қыз, икона және әулиелердің шірімей сақталған мүрделерін қасиет тұтуға қарсы. Жиналыстарында насихаттар оқылады және хормен әнұран айтады [7].

Мормондар Христостың құрбандығы тек кейбір күнәларды ғана өтейді деп есептейді. Бригам Янг айтады: «Адамдарға осы өмірде кешірілмейтін де күнәлар бар... ол үшін олар өз қандарын да төгуге дайын. («Journal of Discourses», 4:53). Мормондардың сеніміне сәйкес, Христостың күнәларды өтеуі бәріне ортақ құтқарылуды береді, бұл құдайға сенетіндер мен сенбейтіндердің қайта тірілуі. Үшінші «Сенім символы» бойынша: «Ізгі Хабардың барлық заңдарын орындайтын болса, Иисус Христостың күнәларды өтеуімен барлық адамзат құтқарылуы мүмкін». Сонымен, кешірілмейтін күнә жасамаған барлық адамдар аспанға - мормондардың теологиясындағы бірінші деңгей «аспан мен жер ортасындағы сферасына» барады. Мормондардың сенімімен жүрмеген адамдар екінші деңгей – «жер сферасына» түседі. Адал Ізгі хабардың барлық ғұрыптары мен заңдарына бағынған Соңғы күннің Әулиелері - үшінші, ең жоғарғы деңгей, «аспан сферасына» барады.

Мормондарда канондалған дұға мәтіні жоқ. Дұға жасау кезінде адамның Құдайға сиынуы кезінде ерекше сенгіштігі байқалады.

Мормондарда шоқындыру рәсімі суға үш рет толық батырумен және үшбірлік дұғаны айтумен жасалады. Егер дененің қандай да бір бөлігі суға батпай қалса, онда рәсім қайталанады немесе рәсім орындалмады деп есептеледі. Мормондар сәбилерді шоқындырмайды. Мұның себебін, сәбилерде әлі таңдау құқығының болмауынан деп түсіндіреді. Яғни, адамдар қандай да болмасын дінге өз қалауымен, таңдауымен, саналы түрде келуі керек деп есептейді. Жазалау ретінде, мормондық қауымнан қуылған немесе шығып кеткен адамдар шоқындырылмайды.

Мормондарда Құдаймен қатысу рәсімі Құдай мен адамдардың және жалпы мормондық ағайындықтың жаңарған бірігуі ретінде көрінеді. Ереже бойынша Құдаймен қатысу рәсімі жексенбі күндері жасалады. Шарап орнына тазарушыларға қауымның президентімен қасиеттендірілген су беріледі.

Шоқыну күнәлардың кешірілуі мен шіркеуге мүшелікке қабылдауды білдіреді. Шоқындыру сегіз жастан бастап жасалады, бірақ шоқынушы Жаратушымен Кеңеске отырады. Ол құдайдың өсиеттерін орындаймын деп ант беруі міндетті.

1840 жылы пайғамбар Джозеф Смит қайтыс болғандар үшін шоқынуды көпшілікке жария етеді. Мормондарда өлгендердің орнына шоқыну қабылданады. Олар тек шоқындыру ғана құтқарылуға жеткізеді деп сенеді. Егер шоқынып үлгермеген адам қайтыс болып кетсе, онда оның орнына шоқынуға болады деп есептеледі.

Қайтыс болған ата-бабаларының орнына шоқынудан басқа қол қою мен бекіту рәсімдері жасалуы мүмкін. Бұл актілерді жасау үшін қайтыс болған адамдардың нақты мәліметтері керек. Бұл жерден түсінетініміз, мормондар осы арқылы өздерінің генеалогиялық шежіресін зерттейді. 1894 жылдан бастап американдық Солт-Лейк-Сити қаласында мормондар қалыптастырған Отбасылық Тарих Кітапханасы (Family History Library), бұрын жер бетінде өмір сүрген адамдардың есімдері жазылған метркелік кітаптар, халық санағынан және басқа да құжаттардан мәліметтер жинап өңдейді. Бұл есімдерді мормондар «бөтен», яғни, мормон еместерге кіруге болмайтын өз ғибадатханаларында құпия қатарларына қосады.

Мормондар сырттай ұлтына, дініне, сеніміне қарамастан өз қатарларына қайтыс болып кеткен адамдарды да қосады. Бұл сүйегі баяғыда кеуіп кеткен миллиондаған өлілермен өз қатарларын көбейту үшін жасалады. Бұл мормонеместерден жасырын жұмыс мормондардың бірыңғай «Әлемдік Генеалогия Орталығын» құру бойынша кеңауқымды қызметімен байланысты болып келеді. [7, 63 б.].

Мормондардың діни қағидаттарына тоқталып өтейік: мормондарда Інжілден басқа тағы да үш Қасиетті кітаптары бар:

1) Мормон кітабы

2) Ілімдер мен Өсиеттер

3) Асыл маржан

«Мормон Кітабы» - мормондар сенімінің негізі. Інжіл мен Мормон Кітабының арасында келіспей қалатын тұстарында соңғысында баяндалғандар ақиқат болып табылады. Бұл кітап өз ішінде 15 кішкентай кітапшалардан тұрады (небәрі 500 бет). Бұл кітапта жоғарыда айтып кеткендей, Американың ежелгі тұрғындарының тарихы жазылған. Шамамен Вавилондық мұнараның салыну кезеңінде Иаредиттердің бір бөлігі Америкаға келеді де екіге бөлініп, ішкі күрес пен соғыстың кесірінен жер бетінен жоқ болады. Ал б.э.д. 600 жылы Лехе пайғамбардың кезінде Америкаға Манассия халқының өкілдері келеді. Олардың ұрпақтары нефиттер мен ламаниттер болып екі топқа бөлініп кетеді. Нефиттерге Христос қайтыс болғаннан кейін қайта тіріліп келіп, оларға шіркеу құруды бұйырады. Бірақ, нефиттердің кесірінен ол шіркеу тарап кетеді. Б.з. 400 жылы Кумора жотасында нефиттер мен ламаниттердің арасында ең соңғы соғыс болады. Сол жерде пайғамбар Мормон мен оның баласы Мороний жоғарыда аталған алтын тақтайшаларды көміп тастайды.

Мормондар Мормон Кітабын шынайы ақиқат деп санайды, себебі, олардың ойынша ол Кітапта Иисустың өзінің «америкалық күндерінде» айтылған өсиеттері бар деп есептейді. Бірақ та кейбір деректер бойынша бұл кітаптағы мәліметтер тарихи, этнографиялық, археологиялық мәліметтерге қайшы келеді деген пікірлер де айтылып жүр. Сонымен қатар, бұл кітап өзінің шығуынан бастап мағынасы, сөздері және кейіпкерлеріне байланысты көптеген өзгерістерге ұшырады. Соңғы өзгерістер 1981 жылы енгізілген [8].

XX ғасырда аталған шіркеу қарқынды өсіп, халықаралық ұйымға айналды. Көпнекеліктен бас тарта отырып, мыңдаған миссионерлердің бүкіл жер жүзінде жүргізген қызметінің арқасында «Соңғы күн әулиелері» америкалық, әсіресе Латын Америкасының, тіпті әлемдік мәдениеттің бір бөлігіне айналды.

Сенушілер сонымен қатар, «Даналық сөзін» ұстана отырып, алкологольды сусындар, шай, кофе мен темекіден бас тартады. Сенушілер табысының 10 % - ын шіркеуге беруі тиіс. Олардың көбісі түрлі қызметтерде өз еркімен қызмет етеді. Одан бөлек, 19-25 жас аралығындағы барлық ер жігіттер, ерлі-зайыптылар мен зейнеткерлікке шыққан кісілерге, денсаулығы жараса, өз еркімен миссионер ретінде, Інжілді уағыздау немесе гуманитарлы көмек көрсету секілді жұмыс жасау ұсынылады. Тұрмыс құрмаған қыздар 21 жастан ары қарай миссионер ретінде қызмет ете алады, бірақ ер жігіттерге қарағанда қыздарға бұл міндетті емес. Сонымен қатар, шіркеу мүшелері інжілдік принциптерді оқуға арнайы отбасылық кеш өткізу үшін аптасына бір рет (ереже бойынша дүйсенбі) жиналады.

Кейбір деректерге қарағанда, қазіргі уақытта 10 миллионнан астам мормон тұратын Юта штатында темекі шегетіндер халықтың 12 пайызын ғана құрап, темекіден таза аймақ ретінде АҚШ-та алға шыққан. Сонымен қатар ортақ қоғамдық іске ерікті түрде жұмылатындар мен түрлі қайырымдылық шаралар өткізетіндердің саны жөнінен де бұл штат өзгелерден озық тұрғаны көрінеді.

Қорытындылай келе айтарымыз, мормондар діни ұйымының пайда болуы АҚШ-тың қалыптасу тарихымен тығыз байланысты. Мормондар ұйымының өзіндік ерекшеліктеріне: оккультизм тәжірибесін пайдалануы; христиандық ілімнің ең шынайысы деген атауға ұмтылысы; өздерінің шіркеулерін ғана «қайта қалпына келтірілген» ең шынайы христиандық шіркеу дей отырып, басқа христиандық деноминациялардың басым көпшілігін жоққа шығаруы; екі жүз жылдың ішінде ағымның діни қауымдастықтан елеулі халықаралық ұйымға айналуы; даму сатысының алғашқы кезеңдеріндегі белсенді шаруашылық қызмет, сонымен қатар қазіргі таңдағы экономикалық және миссионерлік белсенділік жатады.



Әдебиеттер мен сайтар тізімі:

1. www.edic.ru/history/art1450

2. Джозеф С. Драгоценная жемчужина. 1985

3. Книга Мормона. Новые свидетельства об Иисусе Христе. Германия 2010 г.

4. Антоненко С. Мормоны в России. Путь длиной в столетие, Родина. - М, 2007.

5. Уэсли П. Уолтерс. Книга Мормона сегодня // http://www.apologetika.ru

6. Кондратьев Ю. История и вероучение секты мормонов. // www.antimormon.narod.ru

7. Перевод Дж. Смита, Утерянная книга Авраама. – Церковь Иисуса Христа Святых последних дней, 1981. – 605 с.

8. Берснева Т., Рычкова В. Мормоны // ОБЖ. 2006. №2. С.55-57.
References:

1. www.edic.ru/history/art1450

2. Joseph S. Dragotcennaya zhemchuzhina. 1985

3. Kniga Mormona. Novie svidetel'stva ob Iisuse Hriste. 2010

4. Antonenko S. Mormoni v Rossii. Put' dlinoyu v stoletye. Rodina. - M, 2007

5. Uesli P. Uolters. Kniga Mormona segodnya // http://www.apologetika.ru

6. Kondratiev U. Istorya i verouchenie sekty mormonov. // www.antimormon.narod.ru

7. Perevod J. Smita, Uteriannaya Kniga Avraama. - 1981. - 605 s.



8. Bersneva T., Rychkova V. Mormony. OBZH. 2006. №2. S. 55-57
Каталог: sites -> default -> files -> publications
publications -> М. П. Ешимов ф.ғ. к., доцент, Р. С. Нұртілеуова аға оқытушы
publications -> Жаппарқұлова Анар Абусайылқызы ОҚмпи қазақ және әлем әдебиеті кафедрасының аға оқытушысы, ф.ғ. к. Шымкент қаласы. Майлықожа ақынның шығармашылық ықпалы
publications -> Білімнің биік ордасы. Высокий центр знании.)
publications -> Қазақ халқының шешендік өнері Абилбакиева Ғ. Т
publications -> 1903 жылы Санкт-Петербургте «Россия. Біздің Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы» деп аталатын көп томдықтың XVІІ томы қазақ халқының тарихына арналып, «Киргизский край» (Қазақ өлкесі) деген атаумен шықты
publications -> Олжастанудың деректі көздері
publications -> Өмірде өнегелі із қалдырған, халықаралық қатынастар факультетінің тұңғыш деканы Гүлжауһар Шағатайқызы Жамбатырова
publications -> С. торайғыров мұрасының ТӘуелсіздік тұсында зерттелуі
publications -> Жамбыл жабаевтың арнау өЛЕҢдері сағынған Назерке Берікқызы
publications -> Ш.Құдайбердіұлы және М.Әуезов шығармашылығындағы тұтастық Нұрланова Әсем Нұрланқызы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет