Мухамеджан айганым асхатовна



Дата29.02.2020
өлшемі2,05 Mb.
#59298
Байланысты:
М.Айганым макала ВАК 1 (1)

МУХАМЕДЖАН АЙҒАНЫМ АСХАТҚЫЗЫ

магистрант

БЕЙСЕНБАЕВ САДЫБЕК ҚАЛМАХАНҰЛЫ

П.ғ.д., доцент, ҚР Суретшілер және дизайнерлер одақтарының мүшесі
М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті
e-mail: aiganym.mmm@mail.ru

тел.нөмері: 87021400177

МУХАМЕДЖАН АЙГАНЫМ АСХАТОВНА

Магистрант

БЕЙСЕНБАЕВ САДЫБЕК КАЛМАХАНОВИЧ

Д.п.н, доцент, член союза художников и член союза дизайнеров РК
Южно-Казахстанский государственный университет

имени М.Ауэзова
Адрес: ЮКО, г.Шымкент, мкр Нурсат 35/12

e-mail: aiganym.mmm@mail.ru

тел.номер: 87021400177

MUKHAMEJAN AIGANYM ASKHATKYZY

Masters

BEISENBAEV SADYBEK KHALMAHANOVICH


Doctor of pedagogical sciences, member of associate professors of Unions of Artists and Designers RK
South Kazakhstan State University named after M.Auezov

Address: SKP, Shymkent, microdistrict Nursat 35/12

e-mail: aiganym.mmm@mail.ru

phone number: 87021400177

УДК 677.026.11



ЭТНОДИЗАЙН АРҚЫЛЫ ЖАСТАРДЫ ОТАНСҮЙГІШТІККЕ ТӘРБИЕЛЕУ
Аңдатпа

Жетпіс жылдан аса кеңестер одағы құрамында болған біздің еліміздің сәулет өнерімен қатар басқа да дизайн салалары секілді ішкі көрініс дизайны да біркелкілік, бір стилдік болып қалыптасты. Осыдан барып бір-біріне ұқсаған төрт бұрышты қораптар секілді көп қабатты үйлер жаңбырдан кейінгі қозықұйрық секілді бүкіл кеңес одағында оның ішінде әрине біздің елімізде де көптеп салынды. Бұл ғимараттардың сыртқы дизайны секілді ішкі көрініс дизайны да бір сарында жасалынды. Мұның арты көп елдердің өз тілін жоғалту қаупіне дейін әкелгені сияқты тұрмыс-тіршілігенде салт-дәстүрінің, өз бейнесін жоғалтып алуға шейін алып келді.

Қазіргі таңда еліміз егемендігін алып, ұлттық өнерге бет бұра бастадық. Сонда да болса ою-өрнекке толы төл өнеріміз бола тұра, ұлттық болмысты дизайнымыздың келбеті «мынандай еді» дейтіндей нақты бір ізге түсе қойған жоқ. Әлі де болса еуорпаға, мысалы итальян, ағылшын, грек стильдеріне еліктеушілік басымдау. Бұл әрине бүгінгі күнде қазақстандықтардың талғамының артуын білдіреді. Сондықтанда ақшалы кісілер тапсырыс бергенде жаңашыл бағыттағы модернизм, ар-деко, кантри стилдерін таңдауы қалыпты жағдай. Бұл біздің отандық дизанерлердің қолтаңбаларының әлі де болса қалыптаспағандығын білдіреді. Біз жоғарыда келтіріп отырған мәселелер ішкі көрініс дизайнына қатысты мәселелер. Сонда қазақтың ұлттық нақыштағы дизайны ше?.. Көбіміздің осы мәселеге тірелгенде күмілжитініміз анық.
Кілтті сөздер

Этнодизайн, отансүйгіштік, ішкі көрініс дизайны, тәрбие, ұлттық дәстүр.
Жалпы ғимараттар немесе тұрғын үйлер келбеті туралы сөз қозғалса әр жаңа жыл алдында көгілдір экраннан беріліп жүрген әйгілі «Тағдыр тәлкегі немесе жеңіл буыңызбен» (Ирония судьбы или с легким паром) көркем-суретті фильмі еске түседі.

Жетпіс жылдан аса кеңестер одағы құрамында болған біздің еліміздің сәулет өнері де тура осы қалді бастан кешірді. Әрине сәулет өнерімен қатар басқа да дизайн салалары секілді ішкі көрініс дизайны да біркелкілік, бір стилдік болып қалыптасты. Осыдан барып бір-біріне ұқсаған төрт бұрышты қораптар секілді көп қабатты үйлер жаңбырдан кейінгі қозықұйрық секілді бүкіл кеңес одағында оның ішінде әрине біздің елімізде де көптеп салынды. Бұл ғимараттардың сыртқы дизайны секілді ішкі көрініс дизайны да бір сарында жасалынды. Мұның арты көп елдердің өз тілін жоғалту қаупіне дейін әкелгені сияқты тұрмыс-тіршілігенде салт-дәстүрінің, өз бейнесін жоғалтып алуға шейін алып келді.


Әрине «Әр елдің салты басқа, иті қара қасқа» деп мақалда келтіргендей әр елдің салт-дәстүрі, ол елдің ата-бабасынан мирас болып қалған тарихы, өнері, мәдениеті сол елдің шекарасына кіргеннен бастап сезілуі тиіс деп ойлаймыз. Біз өз еліміздің төл перзенті, өз отанын қадірлей, қастерлей білетін патриоты ретінде Қазақстан елінде де кез-келген өнер туындысынан өз салт-дәстүріміздің иісі аңқып тұрса, біздің ұлттық бет-ажарымызды көрсетіп тұрса деп армандаймыз, ол үшін мүмкіндігінше өз үлесімізді қосамыз.


Қазіргі таңда еліміз егемендігін алып, ұлттық өнерге бет бұра бастадық. Сонда да болса ою-өрнекке толы төл өнеріміз бола тұра, ұлттық болмысты дизайнымыздың келбеті «мынандай еді» дейтіндей нақты бір ізге түсе қойған жоқ [1]. Әлі де болса еуорпаға, мысалы итальян, ағылшын, грек стильдеріне еліктеушілік басымдау. Бұл әрине бүгінгі күнде қазақстандықтардың талғамының артуын білдіреді. Сондықтанда ақшалы кісілер тапсырыс бергенде жаңашыл бағыттағы модернизм, ар-деко, кантри стилдерін таңдауы қалыпты жағдай. Бұл біздің отандық дизанерлердің қолтаңбаларының әлі де болса қалыптаспағандығын білдіреді. Біз жоғарыда келтіріп отырған мәселелер ішкі көрініс дизайнына қатысты мәселелер. Сонда қазақтың ұлттық нақыштағы дизайны ше?.. Көбіміздің осы мәселеге тірелгенде күмілжитініміз анық [2].

Ішкі көрініс дизайнының иісі мұрынымызға келмейді емес, ұлттық нақышты дизайн өнеріміз бояуға бай. Бірақ бүгінгі күнге бейімдей алмай жатқан сияқтымыз. Біз осы көтерген мәселелердің барлығы еліміздегі этнодизайнының кенжелеп тұрғандығын білдіреді.

Біздің де зерттеп жүрген саламыздың бірі осы – этнодизайн саласы. Ізденіс жұмыстарымыз ғимараттардың, оның ішінде жоғары оқу орындарының ішкі көрінісінде ұлттық-салт дәстүріміздің сипатында бейнелеу, яғни этнодизайнды қолдану. Өйткені жоғары оқу орындарында еліміздің болашағы жастарға білім берумен қатар, патриоттық тәрбие беруге, отансүйгіштікке баулуға эстетикалық безендірудің септігі тигізері анық.

Жоғары оқу ғимараты ішкі көрінісінің этно стилінде безендіріліуі - бұл жастарды әсемдікке, сұлулыққа, өз ұлтының дәстүрін, өнерін танып білуге тәрбиелеуге қызмет ететін материалдық орта. Өкінішке орай жастарды тәрбиелеудегі ғимараттардың ішкі көрініс дизайнының ролі көп жерде ескеріле бермейді. Ал әсем безендірілген ғимараттардың ішкі көрініс дизайнының жастар тәрбиесіне тікелей немесе жанамалай болса да тигізер пайдасы зор.

Сондықтан да бізді қоршаған орта, соның ішінде мектеп болсын, білім беру ошақтарында орта арнаулы оқу орны немесе жоғары оқу орны болсын, оқу - эстетикалық тәрбиенің ажырамас бөлігі болып табылады.

Ғимараттардың ішкі көрінісінің кез келген элементі - мейлі ол картина, тіпті ілінген сағат болсын, жиһаз, қабырғаға жағылған бояу болсын адамның психикасына әсер етеді. Яғни жастардың жеке басының қалыптасуына, қоршаған әлемді танып білуіне, сұлулықты сезініп тұщынуына осылардың бәрі зор ықпал етеді [3].



Қазіргі кезде білім мен ғылымға үкімет тарапынан көңіл бөлініп, студенттерге дәріс беру үшін шет елдерден ғалымдар шақырылуда. Біздің ойымызша шет елдік ғалымдар мен қонақтар елімізде болған күндерінен үлкен әсер алып қайту керек деп ойлаймыз. Бұл жерде де ғимараттарымыздың этно стилде безендірілуі көмегін тигізеді. Бұл тақырып бойынша ұсынылатын біздің кафедра студенттері мен магистранттары дайындаған үлгі жобаларымызда бар.














Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстандағы көркем білім беру саласында көптеген еңбектер жазған Қуандық Ералин ағамыз өзінің «Этнодизайн» оқу құралында этнодизайн термині туралы: «Бейнелеу өнерінің өндіріспен, өнім өндірумен байланысты саласы дизайн болып табылады. Этнодизайн - дәстүрлі өнер бұйымдарын қазіргі дизайнерлік жоба жасау талаптарына сай жаңа үлгіде дайындалған бұйым» деп түсіндірме береді [4].

Қазақстандағы этнодизайны туралы ғылыми еңбектерде қолөнер шебері Мұханбетқали Рахалиев: – Қазақтың киіз үйінің ішкі көрінісі бүгінгі кез келген стильден артық. Олай дейтінім, біздің қазақы интерьер қонақ жайлылықты, кеңдікті, дархандықты көрсетіп тұрады. Ал қазіргі көптеген жаңа типтегі үйлердің төрі қайсы екенін білмейсің кейде. Киіз үй ауа райының қандай жағдайында да пайдалануға өте ыңғайлы ғой. Ішіне жарық жақсы түседі, шеңбердегі ауа айналымы да талапқа сай. Оның мәнін, пайдасын дұрыс ұғынбайтындар мұрын шүйіре қарайды. Шаңырағы – күн, уықтары одан тараған нұр іспеттес, отбасымыз күндей жарқырап, ұрпағымызға нұр құйылсын деген мағынаны білдірсе керек. Киіз үйдің өзін, ішкі келбетін қазіргі архитектурадан көргім келеді. Алайда негізгі үлгісін, ұлттық ажарын жоғалтып алмаса болғаны. Біз секілді азаматтардың міндеті – ұлттық дизайнымызды насихаттау, дамыту, – деп түйіндейді [5].

Жалпы дүние жүзінде дизайнның екі жүзден артық түрі кездеседі екен. Қазақстанда дизайн саласы кенже дамыған өнер түрі, сондықтан дизайнның төрт түрі ғана даму үстінде: киім дизайны, ішкі көрініс дизайны, баспа дизайны, этнодизайн. Әйтсе де, киім дизайнынан басқасы қазақтың болмысын танытарлық деңгейге жетпеген сияқты.

Этнодизайн саласында еңбек етіп, осы саланың дамуына зор үлес қосып жүрген Аманжол Найманбай ағамыз еліміздегі этнодизайнның қазіргі жағдайы туралы: «Көлік дизайны жоқ елімізде. Тіпті ыдыс-аяққа дейін сырттан келеді. Өйткені өндіріс жоқ. Соны қазір біз зерттеп жатырмыз. Тұтынатын дүниелердің барлығының бізге қатысы бар. Үстіміздегі киім, отырған орындық, жиһаз, шай ішіп отырған шәйнекке дейін дизайны бар. Бір ғана шәйнектің мыңдаған түрі шығарылады. Әрқайсысының авторы бар. Бірақ біз кезінде осыны мойындамадық. Жапонның техникасы, немістердің «Мерседесі» деп құлай жығылдық. Соның кесірінен артта қалып қойдық. Енді өндіріс дизайнын өркендету керек. Менің еңбек етіп жатқан салаларымның біріншісі – мұражай, екіншісі – ұлттық өнер, киіз үй, үшіншісі – дизайн. Қазір ұлттық дизайн саласы бойынша жастарға дәріс оқып, үйретіп жүрмін.

Бабаларымыздың көзіндей болған қасиетті өнерді ұмыт қалдырмай, өркендету үстіндеміз. Елімізде дизайн саласы біртіндеп дамып келеді. Негізі, дизайн экономиканың көзі, керек десеңіз идеология да. Қазақтың дизайны дүниежүзіндегі прогресті дизайн. Киіз үйдің өзі дизайнның классикалық формасы» - деп өз ойын білдірген.

Әрине этнодизайн тақырыбы төңірегінде сөз қозғалған соң, бұл саланың қалай қалыптасуы мен дамуына да тоқталуымыз керек. Этнодизайнның қалыптасуына қазіргі осы салада жүрген мамандар өз үлесі қосса этнодизайнның дамуы үшін болашақ жас мамандар тәрбиелеу, оларды дайындау мәселесіне тірелеміз. Біз көтеріп отырған мәселеге қатысты көпшілік сын тағатын келесі бір мәселе – мамандарды даярлау. Бірқатар жоғары оқу орындарында дизайн факультеттері бар болғанымен, ондағы оқу бағдарламалары сәулет өнерінің төңірегінде жасалынған. Тағы бір айта кететін нәрсе, дизайн мамандықтарын барлық жекеменшік оқу орындарының барлығында дерлік дайындайды. Жекеменшік жоғары оқу орындарының барлығында оқытушы құрамының біліктілігінің және базасының сәйкестігінің жеткілікті деңгейде емес екендігі барлығымызға аян. Осыдан барып деңгейі төмен дизайнер мамандардың дайындалуы, олардың күні ертең сапасыз, мағынасыз, талғамға сай келмейтін дүниелердің туындатып жататынына алып келеді.

Жоғарыда айтып өткендей дүние жүзіндегі екі жүзден аса дизайн түрлерінің басқа да түрлері бойынша мамандықтар ашу көркем білім беретін жоғары оқу орындарының үлесінде.

Қалың көпшілік түгілі өнер саласында жүрген мамандардың өзі дизайнның түрлерін түрін түстеп, атын атап берулері екі талай. Мұның бәрі ұлттық салт-дәсүрімізді, ұлттық өнерімізді насихаттаудың төменгі деңгейде екенін білдіреді. Шындығында солай. Өз пікірін білдірген өнер жанашырлары - мамандардың сөздерінің жаны бар. Ұлттық идеологияны санамызға сынамалап алмасақ, құндылықтарымызды өгейсіте береміз. Дизайнның қай саласы болмасын, сол дизайн саласы бойынша орындалған дүние «мынау қазақтікі» дейтіндей болуы үшін еңбек етуіміз керек деп санаймыз [6].


Қолданылған әдебиеттер:

  1. Жәнібеков Ө. Уақыт керуен. – Алматы: Жазушы, 1992.

  2. Ақпанбек Ғ. Қазақтардың дүние танымы. - Алматы: Қазақ университеті, 1993ж.

  3. Еркінбек Г. Қазақ халқы бар жерде ұлттық өнер ешқашан өлмейді. «Дәстүр» журналы, 2014 ж. наурыз-сәуір, №2 (33)

  4. Ералин Қ. Этнодизайн : Оқу құралы/Түркістан: ХҚТУ Тұран, 2014.- 200 б.

  5. http://kyzmet-gazeti.kz/suhbat/913-l-r.html

  6. http://alashainasy.kz/culture/amanjol-naymanbay-etnodizayner-murajay-unszdkt-kalaytyin-ozgeshe-alem-64017/



ПАТРИОТИЧЕСКОЕ ВОСПИТАНИЕ МОЛОДЕЖИ ПОСРЕДСТВОМ ЭТНОДИЗАЙНА
Аннотация

В статье указывается что оформление интерьера зданий в стиле этнодизайна способствует воспитанию молодёжи, воспитывают молодое поколение к патриотизму.



Ключевые слова

Этнодизайн, патриотизм, дизайн интерьера, воспитание, национальные традиций.
Summary

The article pointed out that the interior design of buildings in the style of ethnic design helps educate young people, educate the younger generation to patriotism



Keywords

Ethnic design, patriotism, interior design, education, national traditions.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет