Муханова Ардак Куандыковна «Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп.Өткізгіштер мен диэлектриктер» 8 сынып сабақ



Дата18.02.2017
өлшемі110,4 Kb.
#10319
түріСабақ
Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы

4 орта мектебінің физика пәнінің мұғалімі



Муханова Ардак Куандыковна

«Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы.

Электроскоп.Өткізгіштер мен диэлектриктер»

8 сынып сабақ жоспары



Күні: 08.12.2015 жыл сыныбы:8

Сабақ тақырыбы:Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп.Өткізгіштер мен диэлектриктер

Сабақ мақсаты:. Электроскоп пен электрометрдің құрылысымен,жұмыс істеу принципімен таныстыру.Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.

Сабақ міндеттері:

Білімділік:Денелердің электр заряды туралы ұғым енгізу. Электроскоп пен электрометрдің құрылысымен,жұмыс істеу принципімен таныстыру.Электр өткізгіші мен өткізбейтін материалмен таныстыру.

Дамытушылық: Оқушының көркемдік талғамын арттырып, өз ойларын сауатты қорытындылай білуге үйрету.

Тәрбиелік: Ұжымдық, топтық жұмыстарды атқаруға тәрбиелеу.

Сабақ типі: меңгерту

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі:түсіндірмелі, сұрақ-жауап

Сабаққа қажетті құралдар: эбонит,шыны, пластмасса таяқшалар,жүн,тері,жібек мата, гильза, электроскоп, интерактивті тақта, үтік, ноутбук

Сабақ барысы:

І.Ұйымдастыру

А)сәлемдесу

Ә) Психологиялық дайындық

Оқушылар дөңгелене тұрып, бір-біріне сыйлық сыйлайды.

Б) топқа геометриялық фигураларды таңдау арқылы бөлінеді.

«Электр» тобы

«Заряд» тобы

«Элетроскоп» тобы



ІІ.Үй тапсырмасын сұрау

«Электр» тобы Термодинамиканың І заңы



  1. Термодинамика нені зерттейтін бөлім

  2. Термодинамиканың бірінші заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Термодинамиканың І заңының математикалық өрнегін жаз

  4. Термодинамикалық процестерді ата

«Заряд » тобы термодинамиканың ІІ заңы




  1. Қайтымсыз процесс дегеніміз не?

  2. Термодинамиканың ІІ заңы қалай тұжырымдалады?

  3. Қайтымсыз процестерге мысал келтір.

  4. Термодинамиканың ІІ заңы неге тыйым салады?

«Электроскоп» тобы Жылу қозғалтқыштары.



  1. Жылу қозғалтқыштары дегеніміз не?

  2. Жылу қозғалтқыштарының негізгі бөліктері

  3. Жылу қозғалтқыштарының түрлері

  4. Жылу қозғалтқыштарының қоршаған ортаға әсері


ІІІ. «Миға шабуыл»

Құралдар көру арқылы тақырыпты ашу.

Алдарыңдағы құралдар туралы не білесіңдер?Олар қайда қолданылады?

Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын айтады.



І V.Мағынаны тану

Олай болса, балалар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Денелердің электрленуі. Электр зарядының сақталу заңы. Электроскоп.Өткізгіштер мен диэлектриктер»

Оқушыларға мәтінді оқу беріледі.

Топқа түсінгендерін айтып, талқылау.

Оқушылар постер қорғайды.
Электр” тобы
1. Электрлену дегеніміз не?
2.Күнделікті өмірден электр құбылыстарына мысал келтір.
3. Денелердің электрленуі неге байланысты ?

“Заряд” тобына:


1.Заряд дегеніміз не?
2. Заряд түрлері
3. Электр зарядының сақталу заңы

“Электроскоп” тобына:


1.Электроскоп қандай аспап?
2. Өткізгіштер дегеніміз не?
3.Диэлектриктер дегеніміз не?

Мұғалім толықтырып кетеді.

Бұл құбылыстар өте ертеден белгілі болған. Біздің заманымызға дейін 600-жылдары ертедегі гректер сары янтарьдың ерекше қасиеті бар екенін байқаған. Яғни янтарьды теріге немесе жүнге үйкегенде оның әртүрлі денелерді өзіне тартанын байқаған. Сол кезде гректер сары янтарьды өндірген.

«Янтарь» - Жер бетінде әлденеше жүздеген мың жылдар бұрын өсіп-өрген қылқан жапытарқы ағаштардың қатып тасқа айналған шайыры. Грек тілінде «янтарь» -электрон дегенді білдіреді. Гректер осы шайырды «электрон», ал оған қатысты денелердің электрленуі деп атаған. Янтарь өзіне басқа денелерді тарту қабілетіне ие болғанда, оны электрленген күйде деп атайды. «Электрон» сөзінен «электр» деген сөзі шықты. Электрлену барысында пайда болатын күштерді электр күштері деп атаған.

Тәжiрибеге сүйенейiк. Шыны таяқшаны алып қағаз түйiршiктерiне жақындатайық. Бiз ешқандай өзгерiс болмағанын көремiз. Бұдан қалыпты күйде басқа заттар сияқты шыны да электрлiк бейтарап болатындығын көремiз. Ендi шыны таяқшаны қағазға үйкегеннен кейiн, тағы да қағаз түйiршiктерiне жақындатамыз. Бiз олардың таяқшаға тартылатынын көремiз Электрленген таяқшаны жіңішке су ағынына жақындатып, тек қана қатты денелер емес сұйықтардың да тартылу қасиетiне ие болатындығына көз жеткiзуге болады

Денелердің электрленуі құбылысы түрлі тектегі екі дененің жанасуы кезінде ғана байқалады. Оны жоғарыда келтірілген мысалдардан байқаған боларсыңдар. Күнделікті өмірде мұндай құбылыстар жиі кезедеседі. Көп жағдайда жанасқан заттардың бір-біріне тартылатындығын байқауға болады. Денелер өзара электрленеді де, олардың арасында электр күштерінің тартылысы пайда болады. Бұл құбылыс үйкелу арқылы электрлену деп аталады.

Үйкеліс арқылы электрлену нәтижесiнде екi дене де электр зарядын алатынын есте ұстау керек. Мысалы, шыны таяқша мен резина үйкелгенде шыны да, резина да электрленедi. Демек, резина да шыны таяқша сияқты өзiне ұсақ денелердi тарта бастайды

Денелердi электрлеу үшiн бiр-бiрiне жай ғана бiр рет тигiзу жеткiлiксiз. Денелердi бiр-бiрiне қатты қысып үйкелеу керек. Сол кезде олардың арасындағы ара қашықтық азайып, беттесу ауданы ұлғаяды.

Денелер соқтығысқанда және жарылыс кезінде де электрленуі мүмкін. Қолымызды электрленген затқа немесе iстеп тұрған телевизор экранына, экран бетiнде электр заряды бар, жақындатқанда шытырлаған дыбыс естуге болады, ал қараңғыда кiшкентай ұшқындарды көруге болады. Бұл да электрлiк құбылыс көрiнiсi.

Жоғарыда қарастырылған құбылыстар электрлену кезінде түрлі заттардан жасалған денелердің электрлі өзара әрекеттесу қабілетіне ие болатындығын дәлелдей түседі. Деннелердің осы қасиетін электр заряды деп аталатын физикалық шамамен сипаттайды. Денелердің өзара электрлік әрекеттесу қабілетіне ие болуы –олардың электрленуі деп аталады.

Бұл мысалдардың барлығы, беттер арасындағы үйкеліс нәтижесінде электр зарядының пайда болатынын көрсетеді. Әр жағдайда екі денеде қарама –карсы зарядтарының бірдей мөлшері пайда болады.

Электр зарядтарының өзара әрекеттесу сипатын анықтайық. Мынадай шағын тәжірибе жасап көрелік. Жіңішке жіпке екі жеңіл бузин шарларын іліп қоялық. Оларға жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізейік, шарлар бір-бірінен тебіле бастайды. Шарлар таяқшадан да тебіле бастайды.

Сонымен, электрленген таяқшадан екі шар да бірдей электр зарядына ие болады. Мұндай бірдей электр зарядтарын аттас зарядтар деп атайды. Демек, электрленген аттас зарядтар бір- бірінен тебіледі. Бұл қорытындыны эбонит таяқшаны сол шарларға тигізгенде де олардың бір-бірінен тебілуі арқылы дәлелдеуге болады. Егер шарлардың біреуін теріге үйкелеген эбонит таяқшаны тигізіп, ал екіншісіне жібекке үйкелген шыны таяқшаны тигізсе, онда олар бір-біріне тартылады.

Оң және теріс зарядтардың болуы үйкелген денелердің электрлену табиғатын түсінуге мүмкіндік береді. Эбонит таяқшаны жүн матаға үйкегенде –теріс заряд, ал жүн мата мөлшерде-оң заряд алады. Бұл зарядтар жоқтан пайда болмайды және ешқайда жоғалып та кетпейді. Олар өзара жанасатын денелерде болады. Екі зарыдтың беттік жанасуынан зарядтар бір денеден екіншісіне немесе оның белгілі бір бөлігіне беріледі.

Эбонит-жүн, шыны-жібек сияқты денелердің жүйелері басқа қоршаған денелермен әрекеттестпейді деп есептейік.

Қоршаған ортаның денелерімен әрекеттеспейтін денелер жүйесін оқшауланған немесе тұйықталған деп атайды.

Бұл жүйедегі электрлену құбылысы электр зарядының сақталу заңына бағынады:

Тұйықталған жүйедегі денелердің электрленуінің барлық құбылыстарында электр зарядтарының қосындысы сақталады:


q1 + q2 + … + qn = const

Осы заң бойынша, егер бір дене оң электр зарядына ие болса, онда екінші дене одан модулі бойынша өзара тең, бірақ теріс заряд алады.

Бейтереп денелерде бірдей мөлшерде оң және теріс зарядтарда болады. Бейтарап денелердегі қарама-қарсы зарядтардың қосындысы нөлге тең болғандықтан, оларды байқау қиын.Заттардың электрленуiн бақылау үшiн жүргiзiлген тәжiрибелер нәтижесiнде барлық заттардың электрлену тегіне қарай қатарларға қоюға болатындығы анықталды. Мұндай қатарда бiрiншi дене екiншiсiне үйкелгенде оң, ал екiншiсi терiс зарядталады. Мысалы, сондай қатарлардың бiрi мынадай: қоян терiсi, шыны, кварц, жүн, жiбек, мақта, ағаш, янтарь, каучук.

Электрленуді байқауға арналған ең ыңғайлы аспап электроскоп деп аталады. Электроскопта ұшына екi жеңiл жапырақша iлiнген металл өзекше, металл сақинаға кигiзiлген пластмасса тығын арқылы өткiзiлген. Металл сақинаның екi жағы да шынымен жабылған.

Электрленген таяқшаны электроскоптың өзекшесiне тигiземiз. Жапырақшалар таңбасы бiрдей зарядтар (таяқшадағы заряд) алып бiр-бiрiнен ажырайды (8, б-сурет). Жапырақшалардың ажырау бұрышы, оларға берiлген зарядқа тәуелдi. Оларға берiлген заряд неғұрлым көп болса, олар соғұрлым күштiрек тебiледi, демек соғұрлым үлкен бұрышқа ажырайды

Құрылысы басқаша болып келетін электроскоптарда бар. Суретте электрометр деп аталатын тағы бiр құрал көрсетiлген. Мұнда жапырақшалар орнына бағыттауыш орнатылған. А өзекшеге (немесе, сол өзекшеге орнатылған металл шарға) заряд берiлгенде, оның бiр бөлiгi В бағыттауышқа өтедi. Өзекшеден тебiлген бағыттауыш белгiлi бiр бұрышқа бұрылады. Осы бұрыштың өзгерiсiне қарай электр зарядының көбеюiн немесе азаюын бақылауға болады.

Электрофор,электроскоп,электрометр арқылы металл пластинка, стержень мен сымның электр зарядтарын,яғни электр тогын өткізетіндігін, ал резеңке,шыны, эбонит денелердің зарядтарды өткізбейтіні тәжірибемен көрсетіліп,денелердің өткізгіштер, өткізбейтіндер болып бөлінетіндігі айтылады.


Өткізгіштер

Металдар,қышқылдар мен тұздар ерітіндісі, ылғал топырақ, адам денесі т.б.

Өткізбейтіндер

Резеңке, шыны,эбонит, фарфор, жібек, керосин, ауа т.б.


Биология пәнінің мұғалімі: денелердің электрленуі нәтижесінде электр құбылысы әсерлері кейбір ауруларды емдеу мақсатында қолданылады. Медицинада синтетикалық киімдерді киіп жүргенде үйкелістен электрленіп, электр өрісі пайда болуы радикулит, полиартрит ауруларын жазады. Электрлеу арқылы адамды ұйықтатуға болады.Кейбір балықтар мен жәндіктердің денесінде электр өрісі бар екендігі анықталған. Мысалы, сом, скат, угорь балықтарының өте күшті электр өрісі бар.

Сергіту сәті

V. «Дәлелдей біл!»

«Электр » тобына:

1.Екі полиэтилен пленканы аламыз, партаның үстіне (бір-бііне параллель) орналастырамыз, олардың үстінен бір рет қолымызбен сипаймыз. Пленкаларды ұшынан ұстап көтереміз, арасын алшақ ұстаймыз және жайлап жақындатамыз да, олардың арасындағы құбылысты байқаймыз.

Полиэтилен пленкамен қағаз кесіндісін пайдаланып ұқсас тәжірбие жасаймыз. Оларды электрлендіру үшін қағаз кесінді үстіне полиэтилен пленкасын қоямыз да үстінен үйкейміз ( алғашқысында жай бір жұргіземіз, кейін қатты үйкелейміз). Әр кезде кескіндерді алшақтатып кейін жаілап бір-біріне жақындатыңдар, олардың әрекеттерін байқаңдар.

Зарядталған полиэтилен мен полиэтилен қалай әрекеттеседі?( тебіседі)

Зарядталған полиэтилен мен қағаз кесіндісі қалай әрекеттеседі? (тартылады)

«Заряд» тобына:

Қаламсапты шашқа үйкелеп қағаз қиындыларын жина

«Электроскоп» тобына:

Шашыңды тарақпен тара да, құбылысты түсіндір - Шашты тарай отырып, тарақ пен шаштың арасындағы үйкеліс нәтижесінде тарақты зарядтадық.


VІ.Ой толғау

«Электрон» тобы

Синквейн әдісі

Электр сөзіне 5 жолды өлең

Зат есім

Сын есім сын есім

Етістік етістік етістік

4 жолды сөйлем

Синоним
«Заряд» тобына:

«Біздің өміріміздегі электр құбылыстарының рөлі» эссе жазу


«Электроскоп» тобына:

Электр құбылыстарына сурет салу



VІІ. Кері байланыс

«Тазалық ойыны»

Бір параққа керекті ақпаратты чемоданға салыңыздар.керек емес болған , артық дүниені қоқыс жәшігіне салыңыздар. Бүгінгі ақпарат ішінде әлі оқуым керек дегендерің болса еттартқышқа салыңыздар.
VІІІ.Бағалау

Р/с

Аты -жөні

Үй тапсыр

масын сұрау



Жаңа сабақ

«Дәлелдей біл»

«Ой толғау»

Кері байланыс

Жалпы бағасы


































































































































































































ІХ.Үйге тапсырма: §28§29 оқу.

Қолдан электроскоп жасап, өз беттеріңше зерттеу жүргізіңдер (шығармашылық тапсырма)

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев Қазақстанның ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы. Ғарышкер, техника ғылымдарының докторы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Жердегі сұлулықтың мекені
2015 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
2015 -> Абай және кітапхана
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты Абайтанушы
2015 -> Абайдың ақын-шәкірттері Ақылбай Абайұлы
2015 -> Реферат kz Қазақша рефераттар сайты
2015 -> 1961 жылы 12-сәуiрде Юрий Гагарин «Восток» кемесiмен ғарышқа ұшты Юрий Гагарин
2015 -> Абай және кітапхана


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет