«музыкалық білім» кафедрасы



бет1/2
Дата26.08.2017
өлшемі5,07 Mb.
#28648
  1   2

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ


СЕМЕЙ қаласының ШӘКӘРІМ атындағы МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«МУЗЫКАЛЫҚ БІЛІМ» КАФЕДРАСЫ

СМЖ 3 дәрежелі құжаты

ПОӘҚ


ПОӘҚ

042-18.1.32/03-2015


ПОӘК оқу-әдістемелік материалдар

«Дауыс қалыптастыру» пәні

Баспа1 27.08.2015 ж.

«Дауыс қалыптастыру»

ПӘНІНЕН ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ

5В010600 «Музыкалық білім» мамандығы үшін

ОҚУ – ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛДАРЫ


Семей


2015


ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 2/ 27





Мазмұны:





1










1 Глоссарий




2

2 Дәріс

3 Практикалық және зертханалық сабақта

4 Білімалушылардың өздік жұмыстары














3

















































































ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 3/ 27

1.ГЛОССАРИЙ

«Агогика» – (грек тілінде – қозғалыс, қимыл). Әндегі агогика суреттеу құралдарына жатады



«Акапелла» - музыкалық аспаптың сүйемелдеуінсіз айтылатын көп дауысты хор немесе жеке ән.

«Ария» - италиян сөзінде ән деген сөз.

Ария-опералық музыкада әрбір кейіпкердің ішкі жан дүниесіне байланысты айтылатын әуен. Орыстың классиякалық опера музыкасында шығарманың идеясын ашып, бас кейіпкердің бейнесін беретін ұлттық тамаша ариялар бар.

«Артикуляция» -сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметі.

«Ән» – үнділік, көркемдік қасиеттері бар әуеннен құралады «Баркаролла» – (Италия тілінен қайық) қайықшылардың, балықшылардың әні. Өте салмақты, өлшемі көбінесе 6/8 (мысалы: «Венецианская ночь» М.Глинки, «Спит безмятежно моря», Моцарттың «Идоменей» деген операсынан алынған.

Вокализ” – дауысты дыбыстардың көмегімен әуенді айту



«Вариация» - құбылту деген сөз. Вариацияда алынған негізгі әуен сақталады да, оның өлшемі, ырғағы, екпіні немесе тональдігі өзгеріп, үнемі құбылып отрады.

«Вокалдық» музыка – (вокале-дауыс деген сөз). Музыка аспабының сүйемелдеуімен немесе сүйемелдеуімен жеке әншіге, хорға арналып жазылған музыкалық шығарма.

«Дикция» – (латынша) – айтылу, айту деген мағына.

«Дауыс биіктігі» - әншінің дауыс желбезектерінің бір секунд көлеміндегі тербеліс жиілігімен (амплитудасы) анықталады. Дауыс тембрі (әуезділігі) дыбыс желбезектерінің тербелісі нәтижесінде обутондармен байытылуы барысындағы әрленуі.



«Дауыс күші» - дыбыс желбезектерінің амплитудасы, яғни тербеніс қозғалысының қорқындылық кеңдігі.

«Дыбыс» - әуеннің ең бір кішкене белгісі.

Әнші дауыстары ерлер дауысы, әйелдер дауысы, балалар дауысы және әліңішпе дауыстар, жуан, төменгі дауыстар болып бөлінеді.



«Лад» – тұрақты және тұрақсыз дыбыстардың үндесеінен пайда болған дыбыс қатары. Түрлері:

«Екпін, темп (жылдамдық, шапшаңдық)» – музыкалық шығарманың ойналу жылдамдығын желісі.

Екпін түрлері: Presto - шапшаң, тез

Allegro – екпіні жылдам жүруін.

Moderno - умеренно, орташа, асықпай

Andante – не спеша, спокойно, асықпай, байсалды.

Gento – медленно, жай

Yardo – широкий, өте жай, кең, шалқыта.



ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 4/ 27

Acce Merando – ускоряя, шығарманың шапшаңдығын жылдамдату;

Pitenuto – замедляя, шығарманың шапшаңдығын жайлату;

Allarando – расширяя, замедляя, шығарманың шапшаңдығын кеңейту, жайлату;

PuuMosso – более подвижно, жылдамдата;

MeneMosso – менее подвижно, жайлата;

«Мажорлық лад» - ашық, көңілді, салтанатты сезімді білдіреді.

«Минорлық лад» - жұмсақ, мұңды,ұяң, ой туғызады. Лад башқыштары жетеу болады. (Тоника, қосымша басқыш, медианта, субдоминанта, доминанта



субмедианта және қосымша басқыш). Олар I-II-IV-V-VI-VII болып рим сандарымен белгіленеді.

«Кантата» – (латын тілінен аударғанда Kantate - өлең айту). Ең басында аспаптық сүйемелдеу жалғыз дауысты айтылатын пьеса түрінде пайда болады. ХҮ – ХҮІ ғ.ғ. басқа еуропалықтар сияқты италияда кәсіби музыкалық қалыпта, үлкен полифониялық стильде дамыды. Контатада операдан кейін дамып кең ауқымды тарала бастады. Ол өзіндік ерекшелігімен қалыбы жағынан арниялық, мінезі жағынан речитативтік жағынан операға жақын болады.

ХҮІ ғ. Аяғында Флоренцияда композиторлар мен әншілердің қауымдастығы мен көркем үйірме ашылып, өнердің көне түрін қалпына келтіруге үлкен жұмыс жасады. ХҮІІ ғ. Италия контантаның маңызы, бөліктері махаббат лирикасымен ерекшеленеді. Кантата жанры пайда болғаннан кейін оның жаңа түрлері пайда бола бастады. Мысалы, рухани кантатада.

Кантата кең қанат жайды. Көбінесе Германия мен Англияда хор кантаталары көп тарады. Кантата немістің атақты композиторы И.С.Бахтың мәдени шығармашылық өте жоғары орын алады. Бах шіркеудің жанынан кеңсе ашып, кұдайға сыйына отырып әуен шығарады. Осылайша Бахтың 300-ге жуық кантатасы жарық көреді. Олар философиялық, лирикалық, рухани, комедиялық кантата болды. Бахтың кантаталарының тақырыбы терең ойлы және халықтың үміті мен күресі қайғы – қасіреті жайында болады.

«Оратория» – қуатты католик шіркеуі әлсіреп тұрған кезде католиктер өздерінің дінін қалпына келтіру үшін әр түрлі шаралар қолдана бастады. 16 ғасырда Рим шіркеушілері халықты бибилия оқуға тарта бастады. Бос уақыттарында шіркеуден тыс бір ерекше жерлерде, яғни «ораторияларда» библия оқып отырып ерекше бір сарынмен рухты жандандыратын әуендер шығарған. Сондықтан бұл шіркеу әндерін оратория деп атап кеткен.

«Орфоэпия» - грек тілінде «огfоc» - дұрыс, «eроэ» - сөз.

«Регистр» - лауыс диапозонының дыбыс қатарының өзінің дыбыс бояуымен ерекшеленуі

«Резонатор» - дыбысты маңғыртып күшейтуші қызмет атқаратын мүше, немесе күшейткіш орынды, аумақ. Резонаторлар кеуде және бас резонаторлары болып екіге бөлінеді.

«Романс» – испан тілінен алынған. Орта ғасырда Испанияда жергілікті роман тілінде айтылатын лирикалық әндер пайда болып, ХҮІ ғасырдан бастап

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 5/ 27

«романс» жанр болып тұрақталып, басқа европалық елдерге тарайды. ХҮІІІ – ХІХ ғасырларда романс деген сөз мағынасы кеңейіп, жеке дауысқа арналған, музыкалық сүйемелеумен жазылған күрделі де кең екпінді шығармалардың қатарына енеді.

Романстың әннен айырмашылығы, екі – үш бөлімнен құралып, кең ауқымды, терең сезіммен, баяу екпінмен орындалатын ән. Жай әндер мен романстардан

басқа көлемді әндер де бар, олар ария, ариетта, аризо, каватина, баллада және т.б.

«Сопрано» – лирикалық, драмалық және лирика – драмалық болып жіктелетін әйелдердің жіңішке дауысы.



«Тенор» – лирикалық және драмалық болып бөлінетін, ерлердің әліңішпе дауысы. Тенордың дауысдиапозоны 1 октаваның ре – кейде кіші октаваның «ми» дыбысы мен 2 октаваның «ре», «ми» дыбыстары аралығын қамтиды.

Бас және баритон ерлердің жуан дауыстары. Борибоның диапозоны үлкен октаваның «ЛЯ» және І октаваның «ФА», «СОЛЬ» дыбыстары, ал бас дауысының диапазоны үлкен октаваның «МИ» және І октаваның «ФА» дыбыстарының ауқымын алады. Бас дауыстылардың контроктаваның «СОЛЬ» және кіші октаваның «СИ», «СИ» «СИ-БЕМОЛЬ» дыбыстарының аралығында еркін ән сала алатындар ең төменгі жуан дауыстылар «бас неофунде» немесе октавиеттер деп аталады.

Әйелдер дауыстары сопрона, мецо – сопрано, контральто деп бөлінеді. «Тональдік» – лад дыбыстарын өзара бірмстігінің қандай биіктікте тұратын білдіретін ұгым. «Фальцеттік» (италия тілінде жасандылық деген мағына береді) - қасиет тон.

«Фонема» - тілдегі сөздің мағнасын және сөздің тұлғалық көріністің түрлендіруге себеп болатын тіл дыбыстары

«Фонация – (phone)» – (звук., грек тілінде) - дыбыс алу.

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы. Ырғақтың музыкада атқаратын ролі ерекше

«Ырғақ» - дыбыстардың әр түрлі ұзақтық ара қатынасы «Элегия» – (грек тілінен аударғанда арыз айту әні). Ән көңілсіз, терең ойлы мінезі болады. Фортепианоға арналған атақты элегиялар С.Рахмановтың,

Чайковскийдің шекті оркестрге арналған Серенададан алынған элегия, дауысқа, фортепианоға, виоленчельге арналған Вик.Калинкованың элегиясы жатады.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 6/ 26


ЖЕКЕ САБАҚТАРДЫҢ ЖОСПАРЫ

Жеке сабақ № 1,2, Дауыс аппаратының құрылымы.

1.Вокалдық техникалық жаттығулар.



2.Студенттің дауыс көлемін анықтау. 1. Ән өнері жайлы әңгіме Дауыс аппараттарымен таныстыру

Ән өнеріне кіріспе. Ән салудың тәрбиелік маңызы:

Көптеген алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам өміріндегі ролін жоғары бағалапп келеді. Н.Г.Чернышевский әншілікті “жоғары” жетілген өнер қатарына жатқыза отырып “Ән айту – сөйлеудің әуелі және елеулі негізі іспеттес” деп атап айтқан. Ән тыңдаушыға жарасымды музыка мен сөз арқылы әсер ете отырып, айтушының өзіндік сезімін білдіруге мумкіндік тұгызып қана қоймайды, сонымен қатар өзгелерді де эмоциялық ұлгі, түсіну сезімдерін оятады. Оның балалардың қабылдауна айрықша оңай болатыны да осыдан. Адам дауысының әсерлі ырғақтары мен бет – бейнесінің тиісті жерде құбелеп отыруыбулдіршіндері елітіп әкетеді. Балалар бүлдіршін шағында – ақ, әннің мазмұнын толық түсінбесе де онан әсер алады. Ойы мен сөйлеүінің жеті – лүіне қарай жинақтаған жаңа ұғымдарының молаюына байланысты баланың толғаныстары күрделіленеді, сөйтіп, ән айтуға талаптанғаны сияқты оның айтылуына да ынтасы артады.


  1. Ән – төңіректегі шындықты терең тусінудің, жарқын, бейнелі формасы. Ән айту баланың әсемдік атаулының бәріне, ізгілікке деген дұрыс көзқарасын, ықылас – ілтипатын тұғызады, ал кейде оған басқа информациялардан гөрі өзгеше қуатты сенімге бөлейді. Отан туралы, бақытты балалық шақ туралы, Астана туралы әндер аса бір асқақтықпен орындалады.

  2. Ән айтуға үйрету процесс баладан үлкен белсенділікті және ой қуатын талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардың ән айтумен салыстыруды, фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалық фразалардың, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннің орындалу сапасын бағалауды үйренеді.

  3. Ән айту бала организміне жайлы тиіп, сөйлеу қаблетін жетілдіруіне, тынысын тереңдетуіне, дауыс аппаратын шынықтыруына көмектеседі.

  4. Ән айту үйрету процессінде баланың негізгі музыкалық қаблеттері: эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық естү қаблеті, ырғақты сезінүі айрықша тез дамиды.



ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 7/ 26

суретте адамның тыныс алу мушелері салыңған. Ол үш салады тұрады:

Енді сендерге және сөз “диафрагма” – кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі. Оны міне өзі денемізде көруге болады. №1,1-40с



    1. Қолданылатын әдебиеттер:

    2. №2, 1-40с

    3. №3, 1-37с

    4. №5 1-137с

    5. № 14, 16-30с


Жеке сабақ № 3,4 Әуедегі тыныс алу оның түрлері: тыныс алу, бекіту, шығару.

Сабақ мақсаты: тыныс алудың ережесімен таныстыру және оны дұрыс қолдану әдісі

1) Білімділік: Оқушылардың вокалдық білімділігін жетілдіру

2) Дамытушылық: Орындаушылық шеберлігін дамыту

3) Тәрбиелік мәні: Вокалдық өнерге деген қызығушылықтарын арттыру



Сабақтың түрі: Аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: тыңдау, орындау, жаңа вокалдық техникалық әдістерімен танысу вокалдық терминологиямен танысу.

1) тыныс алудың түрлері;

2) ережелерді айту;

3) плакат пен видео көрсету (диафрагма)

4) балалармен осы жаттығуларды көрсету (практич.)

5) шығармалар



ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 8/ 26

ІV. Бекіту, қортынды

V. Үйге тапсырма

Әнді орындамас бұрын бір қалыпты ұстап, денені тік, басты жоғары, екі қол ыңғайлы екі жағына турғаны дұрыс. Бұл тәртіп әншінің эстетикалық көрініуіне ғана емес, ол дауыстың ашық және еркін шығуына көмектеседі.

1) жаттығулар: жабық ауыз, иекті төменге қарай түсіру, ерін еркін, жұмсақ болуы тиіс, ауз суға толы сияқты, дыбысты жоғары жіберіп “мыйға”- қарай до-ре – дыбыстарын кезек, кезек “қайық” – (бір октава ішінде).

2) дауысты дыбыстарды айту – ма, ме, ми, мо, му – ашық дыбыстарды жинақы (үш дыбыстың біктігінде).

3) дауыс аппаратын қыздыру үшін, легатоға, стоккатоға, диапозонды кеңейтуге.

Мына суретте адамның тыныс алу мушелері салыңған. Ол үш салады тұрады:

І – тыныс мүшелері.

ІІ – тамақ.

ІІІ – қуыс мүшелері.

1) Тыныс мушелеріне ең басты - өкпе, екінші қолқаның, көмекейдің және жоғарғы резонаторлардың құрылысы.

2) Тамақ және дауыс шымылдығы. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кенірдектің екі жағынан бір біріне қарсы біткен жиырмалы қыртысты ет.

3) Қуыс мүшелеріне мұрын қуысы, ауыз қуысы жатады

а) ауыз қуысына: тіл, ерін, тіс, таңдай, кішкентай тіл, иек

б) мұрын қуысының дыбыс шығарудағы қызметі кішкене тілмен тығыз байланысты (суреттерді көрсету, анықтау)

Тыныс алудың 3 түрі:

1. Мұрын арқылы – ол шулы естіледі – қолайлы емес

2. Ауыз қуыс арқылы – ол тамақты кептіреді – қолайлы емес

3. Аралас – мұрынмен және ауыз қуысы арқылы “гүл искегендей” – қолайлы және қажетті тыныс алу.

Плакаттағы жазуларды оқытып оқушыларға жаттығулар көрсету



Тыныс алу ережесі

1. Тыныс алу шулы болмау керек

2. Тыныс алғанда оны бекіту

3. Тыныс шығару экономно болуы керек

Енді сендерге және сөз “диафрагма” – кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі. Оны міне өзі денемде көрсетейін. Осыған байланысты сендерге “Мастер класс” бейнефильм көрсетейін

Енді сіздердің назарларыңызға сол сабақтардың үзіндісін ұсынамын.. (Мысал келтіру)



ПОӘК

042-18.1.32/03-2015



Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 9/ 26

Пайдаланатын әдебиеттер:



      1. № 4, 4-17с

      2. №9, 347-365с

      3. №9,435-365с

Сабақ тақырыбы: Дыбыс шығаруы.

Дыбыс тіреуі және оны атакалау.

Сабақтың мақсаты: Орындаушылық шеберлігін дамыту.

Тәрбиелік мәні: Көркемдік, мәнерлік, шеберлікті теориялық біліммен ұштастыру.

Дауысты дыбыстарды жинақтау және ауыз қимылын калыптастыру жаттығулары.



А – дыбысы – О дыбысына жақын

Е – дыбысы – Э дыбысына жақын

И – дыбысы –Ы дыбысына жақын

У – О – дыбыстары өзекті орындалады.

  • Әнші ән салғанда немесе дыбыс шығарғанда қандай дене мүшелері қызымет етеді?

  • Ауыз, мұрын қуыстары, тіл, жұтқыншақ, дыбыс желбезектерінің көмегі бар, кеңірдек, бронхалар, өкпе, диафрагма және дем алуға қатысатын кеуде қуыс бұлшықтары, қарын бұлшықтары, дауыс аппаратын құрайды.

Өткен сабақтарды еске түсірейік.

  • “Диафрагма” дегеніміз не? Кеуде қуысы мен асқазан ортасындағы дене мүшесі .

ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 10/ 26

Студенттің суреттерге назар аударуы, дауысты дыбыстарды айтқанда ауыздың дұрыс ашылуын, дыбыстың анық естілуін қадағалап отыру қажет.

А” – дыбысының айтылуы 4 сурет

Ә” – дыбысының айтылуы 5 сурет

И” – дыбысының айтылуы 6 сурет

О” – дыбысының айтылуы 7 сурет

Ө” – дыбысының айтылуы 8 сурет

У” – дыбысының айтылуы 9 сурет

Осы айтылғандар ән техникасын дұрыс меңгеріге септігін тигізеді.



2. Тәжірибелік бөлім. Тақырыпқа байланысты бейнетаспаны көру.

Дыбыстау мүшелері, олардың дыбыс шығарудағы қызыметі.

Сөйлеу тілдің дыбыстары қалай болса солай тәртіпсіз, кездейсоқ жасала бермейді. Тіл дыбыстарының әрқайсысының жасалу жолы, белгілі бір тәртібі бар. Бір – бірімен айтылуы, жасалу жағынан айырмашылығы бар тіл дыбыстары (фонемалар) белгілі дыбыстаушы мүшелердің қызметі арқылы шығады. Сөйлеу дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы дыбыстаушы мүшелердің қызметін артикуляция дейді. Тіл дыбыстарын шығарудағы, жасаудағы адамның дыбыстаушы мүшелерінің қызыметін жақсы білмейінше, белгелі тілдегі дыбыстардың артикуляциясы (дыбысталуын) дұрыс түсіну қиын.

Адамның дыбыстаушы мүшелері негізгі үш саладан тұрады:


  1. Тыныс мүшелері.

  2. Тамақ.

  3. Қуыс мүшелері.

  1. Тыныс мүшелері. Дыбыс шығаруда қатысы бар тыныс мүшелері деп аталатын мүшелердің ең бастысы - өкпе. Өкпе екі тарам қолқа арқылы кеңірдекпен жалғасады. Өкпе ауаны ішке тартқанда кеңейіп, ауаны сыртқа шығарғанда семіп отырады. Тілдегі дыбыстар өкпедегі ауаны сыртқа шығуына байланысты. Сөйлеу процесінде ауа өкпеден біртіндеп баяу




  1. шығады да, өкпеге бірден тез өнеді. Өкпенің, қолқаның, көмекейдің және жоғары резонаторлардың құрылысы.

  2. Тамақ және дауыс шымылдығы. Тамақ деп кеңірдектің кеңейген жоғары тұсы аталады. Тамақ сыртқы жағында жұтқыншақ немесе өңеш – тамақ жүретін жол болады. Оның ішкі жағында дауыс шымылдығы болады. Дауыс шымылдығы тамақтың ішкі жағында кеңірдектің екә жағынан бір – біріне қарсы біткен жиырылмалы ет. Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің сыртқы екеуі жалған дауыс шымылдығы деп аталады. Бұлар дыбыс шығаруға қатыспайды, ал тамақ ішкенде, екі жағы қатты жымдасып, асты өңешке асырып жіберіп тұрады. Тек нағыз дауыс шымылдығы ауырған жағдайда қарлыққан, баяу дыбыс шығаруға шамасы келеді.




ПОӘК 042-18.1.32/03-2015

Баспа. № 1 27.08.2015 ж.

Бет 11/ 26

Тамақтың ішкі жағындағы қабаттасып жатқан екі пар бүршіктің жиырылмалы астыңғы екеуі нағыз дауыс шымылдығы деп аталады. Дауысшымылдығының аралығы қуысы немесе дауыс түтігі делінеді.

Дауыс шымылдығы өкпеден келген ауаны тосқауылдап, бірде керіліп, екеуінің арасы жымдасып тұрады да діріл пайда болып, үн шығады. Бірде жиырылып, екеуінің арасы ашылып тұрады да діріл пайда болмай, үн шықпайды. Дауысты дыбыстар дауыс шымылдығының керіліп тұрып діріл пайда болуы арқылы жасалады. Үнді дауыссыз дыбыстар мен ұяң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы сәл ғана керіледі де дауыс шамалы болады. Ал, қатаң дауыссыз дыбыстарды шығаруда дауыс шымылдығы жиырылып тұрады да ешқандай діріл пайда болмайды, міне сондықтан да ол дыбыстардың құрамында үннің “қатысы болмайды”.



Қуыс мүшелері. Өкпеден келген ауа керіліп тұрған дауыс шымылдығына соғылып, дірілдің әсерінен пайда болған дауыс неме үн тікелей қуыс мүшелеріне түседі де, белгілі резонанс (жаңғырық) пайда болады.
Қуыс мүшелеріндегі кедергі мүшелердің қызметі арқылы дыбыстарға әртүрлі өң “рең” беріледі, тіл дыбыстары бірінен бірі ерекшеленеді.

Қуыс мүшелеріне:



  1. Ауыз қуысы.

  2. Мұрын қуысы жатады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет