Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар



Дата14.09.2017
өлшемі149,07 Kb.
#32124
Музыкалық

дидактикалық ойындар



Музыкалық дидактикалық ойындардың бірнеше түрлері бар:

1.Дыбыс биіктігін естуге арналған музыкалық – дидактикалық ойындар

2.Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар.

3.Диатоникалық естуге арналған ойындар.

4.Тембрлік естуге арналған ойындар.

5.Есте сақтау және естуге арналған ойындар.

6.Музыкалық бейнені, қиял мен шығармашылық қабілеттерін ажыратуға арналған ойындар.

Түрлі сипаттағы музыкамен байланысты музыкалық – ойындарды ойнағанда: байсалды, асықпай және көңілді, шаттанған көңілді жеткізуге талпындырады. Балалардың ой-өрісін, есте сақтау, қабылдау, орындаушылық қабілеттерін арттырады және де музыкаға деген қызығушылықтарын оятады.

Әр ойынды ойнағанда әр баланың шығармашылық бастамасын, ойынды өз бетінше құру және ойлаған ойын іске асыру, өзін ойын желісі мен ережесін сәйкес ұстау қасиетін қалыптастырады. Ойын құру үдерісінде жолдастарына тілектестік қарым-қатынасын, олармен санаса білуді, қиын жағдайларда көмекке келуді, ойын материалын қолдануда келісім жасауды, дауларды әділ шешуді қалыптастырады.Ән-күй сабағында музыкалық дидактикалық ойындарды қолданудың мәні өте зор. Әнді орындағанда ойнап айтуға болады. Мысалы, екінші сәби топтарында әнді тірек сызба арқылы және де әнге сәйкес қимыл-қозғалыстар жасап орындауға болады, осы сәтте балалардың ой-өрісі дамып әнді тез жаттап алуларына мүмкіндік тудырады.Осы музыкалық дидактикалық ойындарды ән-күй сабағында, топта, серуенде, үйде ойнауға болады.

Мысалы: «Аңшы мен қояндар»

Ойын шарты: Бір - бір сәбіз ұстаған қояндар музыкамен жерге жатып аунап, аяқтарын тыпырлатып немесе би қимылдарын жасап секіреді. Сәбіз ұрлап жатқан қояндарды аңшы көріп қалып. Пух! "Пух" - деп атады. Қояндар орындарынан тұрып, жан - жаққа қашады. Музыка тоқтағанда тырп етпей отыра, не жата қалады. Қозғалған қоян айыпты болып, ән немесе би билейді.

«Сылдырмақ»

Ойын шарты: Музыка жетекшісі бөлменің ішінде сылдырмақты сылдырлатып, тығып қояды ал балалар сылдырмақтың үнін естіп тауып алулары керек.

Сиқырлы текше

 Мақсаты:Текшедегі аңдардың дауысын келтіріп, тембырын өзгерту мүмкіндігінше жоғару көтеру.

 Ойын шарты:Көңілді қиын емес әуен ойналады. Педагог және    балалар шеңберге тұрады. Текшені бір біріне қолдарына беріп, тақпақ  айтады.

–      Алма кепті домалап,

–      Көше бойын аралап.

–      Кім алманы табады,

–      Сол ойыннан шығады.

Қай баланың қолында текше қалып қойса, сол бала текшені ортаға лақтырады. Педагог текшеде қандай сурет екенін балалардан сұрайды. Балалар жауап береді. Егер текшеде мысықтың суреті болса, педагог ол балаға мысықтың қалай амандасатын көрсетуін сұрайды. 

 

   НЕ  ҚАЛАЙ ДЫБЫСТАЙДЫ? 



Құстар.

Суреттерге қарап, қай құс қандай дыбыс шығаратынын аңықтап, олардыңқимылдарын келтіріп, музыкамен қимылдау. 



МУЗЫКАЛЫҚ ҮЙШІК 

Педагог үйшікті көрсетіп, онда әртүрлі аспапта ойнайтын музыканттар тұратынын айтады.



Ойын шарты:Педагог жабылғыштың артында тұрып музыкалық аспапта ойнап әндетеді.  Аспан үнін таныған бала аспаптардың суреті бар карточканың сәйкесін алып, үйдің бір бос әйнегін жабады. Осылайша барлық терезелер талың жабылуы керек.

Мақсаты:Аспаптардың тембрін ажырата білу. 

 

Ырғақ сезімдерін дамытуға арналған ойындар



Біздің саяхат

Ойын шарты:Балалар шеңберде отырады, ән – күй жетекшісі балаларға саяхатқа баратындарын айтады.Бізге музыкалық балға көмектеседіКөз алдарыңа елестетіп, қимыл қозғалыстарды орындаймыз

1.  Баспалдақтан баяу, асықпай түсеміз;

2.  Далаға шықтық күннің көзіне қуанып жүгірдік;

3.  Айгерім допты алып жерге соға бастады;

4.  Балалар тез секірді;

Бірақ күн күркіреп жаңбыр жауа бастады, алдымен ақырын, сосын қатты жауды.Балалар қорқып тез-тез балабақшаға оралды.(осы қимылдардыңбарлығын ән-күй жетекшісі музыкалық балғамен ойнайды. 

 

 Әнді орналастыру 



Ойын шарты:Музыкалық үйшік, осы үйшіктің ішінде әндерге сәйкес суреттер,балалар ең алдымен күйсандықта берілген әуенді тындап, дұрыс шешімін тауыпбарып керек әннің карточкасын апарып салады.

Диатоникалық естуге арналған ойындар

Қатты және ақырын ән

 

Ойын шарты:Топтан бір бал ортаға шығады.Қалған балалар ойыншықты залдың бір жеріне тығып қоюға кіріседі.Тандалған бала шығып ойыншықты іздей бастайды, балалар егерде қатты әндетсе, соғырлұм ойыншық жақын жерде, ал егерде балалар ақырын әндетсе ойыншық алыста дегенді білдіреді.

Тандалған бала омыны пайдалана отырып, ойыншықты тауып алуы керек. 

 

Тембрлік естуге арналған ән



Музыкалық жұмбақтар

 

Ойын шарты: Балалар шеңбер жасап отырады, жүргізуші бір бала ортаға шығып, ширманың артына барып, музыкалық аспапта немесе музыкалық ойыншықта ойнайды. Ал қалған балалар тез арада ойлап табулары керек.Қай бала тез және дұрыс шешімін табады сол бала жүргізуші болып ойынды жалғастырады.

 

 

 «Музыкалық текше»



Ойын шарты:

Ән- күй жетекшісі:

Текше кетті айнала

Бере ғой сен досыңа

Текше саған тоқтаса

Сал өнерді ортаға – деп әндетеді, ал балалалар шеңберде тұрып бір-біріне текшені жібереді, ән аяқталған кезде қай балаға текше келіп тоқтайды, сол бала ортаға өз өнерін салады.

 

 

 



1,2 сәбилер тобына арналған музыкалық дидактикалық ойындар

«Сылдырмақтар» М.Раухвергер

 

Ойын шарты:Балалар шеңбер жасап тұрады,сылдырмақты оң қолдарында ұстайды.Қоян – шеңбердің ортасында.Музыка сүйемелдеуімен барлығы сылдырмақта ойнайды,екі аяқпен секіреді.Музыка аяқталуымен балалар сылдырмақтарын тығады,қоян сылдырмақтарды іздейді.Ойын осылай жалғасады.Келесі жолы қонаққа қуыршақ келеді, ол балаларға орамал таратып, ойнауға ұсынады. 

 

Қазақ хандығының 550 жылдығына арналған 174 бөбекжай-балабақша-

сы балаларының орындауындағы

«Ұлы көштің басталуы» атты театрландырылған көрінісі.
Мақсаты: 1.Қазақ халқының тәуелсіздік жолындағы тарихына шолу.

2.Балаларды ата-бабаларының тәуелсіздік жолындағы ерлігі үлгісінде.

Отанына, халқына адал қызмет етуге, халқының тегі мен тарихын білуге тәрбиелеу.

3.Рухы мықты азаматтық қасиетті дәріптеуге қалыптастыру.



Көрнекілігі: интерактивті тақтадан «Қазақ елі» слайд, көрме, қазақ хандарының портреттері, 3 бидің қанатты сөздері.

Рольді сомдайтындар: Есен-бұға (Санжар), Уәзір(Мади), Керей(Рамазан), Жәнібек(Асылжан), үлкен Абыз ақсақал(Алиби),

Абылайхан(Рамазан), Төле би(Санжар), Қазыбек би(Алихан), Әйтеке би(Мардан)

2-жүргізуші:
Қазақ өз тарихында ұлт ретінде талай мәрте жойылып кете жаздап, тағдырдың талай ащы зары мен тауқыметін тартты.Әдетте, біз қазақ ұлысының қалыптасуын, Қазақ хандығының жеке орда тігуін Жәнібек пен Керей хандардың есімімен байланыстырамыз. Бұл кезең қазақ халқының болашағы үшін шешуші тарихи сәттердің бірі болғаны рас.
1-жүргізуші:

Арғы атаңыз арыстандай сақтар да,

Ет жүрегі саған сырын ақтарған.

Сыр шертейін мына балғын ұрпаққа,

Сонау шалғай, сол бір шалғай шақтардан.

2-жүргізуші:

(күй ырғағында)

аттың шабысы естіледі

Сахнаға Есен-бұға, ақсақалдар мен билері шығып отырады.
Уәзір: Алдияр тақсыр, сізге Әбілқайыр хандығынан Керей мен Жәнібек сұлтандар келіп тұр.
Есен-бұға: Кірсін!
Керей мен Жәнібек Ассалаумағалейкум! – деп бастарын иіп амандасады.
Есен-бұға: Келген шаруаларыңды айтыңдар!
Керей: Ойраттардан жеңілген Әбілқайыр хан ашу-ызасын қоластындағы халықтардан алып, жазалай бастады.
Жәнібек: Салықты көбейтіп, тайпамыздың берекесін алуда.
Керей: Сондықтан да біз, бауырымыз Жәнібек екеуіміз, сізге бұйымтаймен келіп отырмыз.

Есен-бұға: Бұйымтайың болса айт!
Керей: Бір аймағыңыздан бізге жер бөліп берсеңіз, сол жерде өзіміздің тайпамызбен қоныстанып, өсіп-өнсек деген ойдамыз.
Есен-бұға: Я, солай-де; Керей, Жәнібек, мен өзімнің ақсақал, сұлтандарыммен ақылдасайын. Сендер барып демалыңдар!
(Керей мен Жәнібек шығып кетеді)
(қыздардың қазақша биі орындалады)

Уәзір: Керей, Жәнібек сұлтандар, кіріңіздер!
Есен-бұға: Ойлана, ақылдаса келе былай шештік: Шу мен Талас өзенінің бойындағы Қозыбас аумағы сендердің мекендерің болсын!
Керей: Алдияр, біз бұл жерді құт мекенге айналдырамыз.

- Бар қазақты біріктіретін уақыт келгенін халық та түсінді, соңымыздан ереді деп сенемін.

Есен-бұға:

Уа сұлтандарым қазақпен қонсы болсаң қол етіне алынбас деген , ежелден келе жатқан сөз бар еді сол болып, соған анық көз жетті.


Жәнібек: Уа, Сүйінші, халқым! Көптен күткен арманымыз орындалды. Бір ту астына жиналар күн туды!(барлығы дауыспен күн туды-деп айқайлады)
(Сахнада халық мәре-сәре болып бірін-бірін құттықтап жатады)
Қария сөзі:

Уа жұртым әр жұрттың жұмағы өз ордасы, бодансыз аспаны, бағынышсыз байрағы екен, иесіз жер, киесіз жер хансыз орда болмайды, басымызға бақ қайырған сәтінде кешегі онтарлы көшкен, көшінің тізгінін ұстаған Керей мен Жәнібек еді. Ақ тілек пен аға жолы деп Керейді ақ орданың ханы етіп көтерейік. (басына бөрік, үстіне шапан жабады, барлығы дауыспен Керей хан-3)




1 - жүргізуші:
1465 - 1466 жылдары Керей мен Жәнібектің Батыс Жетісуды құтты мекен етіп, Шудағы Қозыбасыдағы қазақ хандығының ұлттық туын тігіп, Орда құруы ең алдымен, көшпелі қазақтардың ел болып, еңсе көтерсек деген ынта - үмітін жүзеге асырды.

(бірінші көрініс аяқталады)

(күй ойналып тұрады)

1-жүргізуші:

Қалмаққа барлық қазақ қарсы тұрды, 


Бас қосып хан мен билер ақыл құрды. 
Орыс, қытай қалмақтан аман шығар
Ұлт тағдырын ойлайтұғын күн туды. 


Ән « Атамекен толғауы» орындайтын дуэт

(слайд Абылайхан үш би Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)

2-жүргізуші:

Бізге жеткен тарихта көп бар дерек, 


Өз тұсында әр ханның орны бөлек. 
Төле бидей данадан тәлім алған, 
Хан Абылай қазаққа болды керек. 

1-жүргізуші: Қазақты ел еткен Әз Жәнібек, Тәуке хан, Абылай хандар, жерін қорғаған Қабанбай, Бөгенбай, Наурызбай сынды батырларымыз. Елге ақыл айтқан, дауларын шешкен Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер еді.

(3D-мен мен хандар кіреді)

Абылай: Уа, халқымның көсемдері, осынау қиын- қыстау заманда ел басына «жоңғар» деген атпен қара бұлт төніп тұрған жағдайда, халықты біріктірер қариялар өздеріңіздер. Маған сіздердің ақыл- кеңестеріңіз керек.

Төле би: Дұрыс, ел болып біріксек, ешқандай жау бізді ала алмайды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді».

Қазыбек би: Әр руға шабандоздарымызды жіберейік, халыққа хабар айтсын.

(3D-мен шабандоздар атпен шауып кетеді)

Әйтеке би: Жөн. Ел ішінен қол жинауымыз керек. Рулар арасындағы кикілжіңді артта қалдырып, айбарлы батырларымыздың басын біріктіріп, қас жауымызға қарсы шығайық.

Абылай: Бүгінгі бас қосуымыздың үлкен себептері болып тұр.Елдің елдігін, ерлігін сынайтын күн туды. Жауға соққы беріп, елді аман алып қалу үшін батырларымыз жорыққа аттанбақшы. Батырлардың жеңіске қол жеткізуіне күш- қуат беріп, ақ тілек батамен шығарып салайық.

Төле би:Халықтың қамын ойлайтын күн туды.

Қазыбек би:Елдің кегін қайтаратын күн туды.

Әйтеке би: Келсін алдымызға батырлар, берейік ақ батамызды.

Абылай хан: Шақырыңдар батырларды!

(батырлар биі)

Төле би: Бір үйдің баласы болма,

Көп үйдің санасы бол.

Бір үйдің атасы болма,

Бір елдің санасы бол.

Өзегің талса, өзен бойын жағала.

Басыңа іс түссе, көпшілікті сағала.

Халқыңа әділ бол,

Жауыңа қатал бол,

Досыңа адал бол.

Қазыбек би:

Жеріміздің шетін жау баспасын деп,

Үкіге найза таққан елміз.

Дәм- тұзды ақтай білген елміз!

Досымызды сақтай білген елміз.

Атадан ұл туса, құл боламын деп тумайды,

Анадан қыз туса, күң боламын деп тумайды.

Ұл мен қызды қаматып отыра алмайтын елміз!



Әйтеке би:

Бай болсаң халқыңа пайдаң тисін.

Батыр болсаң жауға найзаң тисін.

Бай болып елге пайдаң тимесе,

Батыр болып елге пайдаң тимесе,

Елден бөлек күйің күйсін.



Абылай: Туған жерді өзгелерге бермейміз, туған елді басқаларға билетпейміз. Үш жүз алаш бірігіп, жерімізді қорғаймыз. (барлығы Әумин)

1-жүргізуші: Елін- жерін қорғауда күрескен батырлардың ерлігі- кейінгі ұрпаққа үлгі.

2-жүргізуші: Азаттық, теңдік, тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады?

«Желтоқсан әні» орындайтын Ирем

(музыка ырғағында үш қыз ортаға шығып өлеңдерін оқиды)

Ең басты маңызды іс әрі мәнді, 


Қуанышпен қарсы алу нұрлы таңды. 
Сайладық Қазақстан Президенті деп -  (Айша, «Бәйтерек тобы»)
Назарбаев Әбішұлы Нұрсұлтанды. 

Тарихта Есімханда болды ескі жол, 


Тұсында Қасымханның бар қасқа жол.  (Дәмелі, «Сұнқар тобы»)
Бүгінде бар Нұрсұлтанның кең даңғылы, 
«Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» 

Нұрлы жолмен біз алысқа барамыз, 


Даму үшін бірліктен қуат табамыз.  (Мәди, «Сұнқар тобы»)
Тоныкөк абыз кеткендей айтып өсиет, 
Қазақ елі – Мәңгілік ел боп қаламыз.(БАРЛЫҒЫ ХОРМЕН АЙТАДЫ)



Тұрлығазы Аминаның орындауында «Қазақ елі осындай» әніне би компазициясы орындалады.

(компазиция биі аяқталысымен, ән «Отан» басталады)

(ән «Отан» орындайтын Асылжан Дәмелі)

(екінші топтан кейін жалау ұстаған балалар ортаға шығады)

(ән орындалып болғаннан кейін музыка ырғағымен көрініске қатысқандар шығады).

Ту тігілді халқымның бүгін бағына
Жас өрендер желбіретіп нық ұста
Ғасырларға жалғастырып елдікті
Дақ түсірме ата баба рухына
Үлгі бізге аталардың ерлігі
Ұлағаты өнегесі еңбегі
Тәуелсіздік туын ұстап жоғары
Бүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 24 жылдығына, қазақ хандығына 550 жыл құрылғанына арналған, № 174 бөбекжай балабақшасы бүлдіршіндерінің орындауындағы сахналық көрінісіміз өз мәресіне де келіп жетті.

Рольдерді сомдағандар: Есен-бұға(Санжар), Уәзір(Мади), Керей(Рамазан),

Жәнібек(Асылжан), Абыз-қария(Әліби), Абылайхан(Рамазан), Төлеби(Санжар), Қазыбек би(Алихан), Әйтеке би(Мардан) т.б.


Қазақ елім! Туды жастық дәуірің. 
Алғандайсың жұлдызыңның жарығын. 
Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым, 
Туған күнің құтты болсын, алыбым! 
Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Сценарийді жазып дайындаған музыка жетекшісі: Керимбаев Б.Ж


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет