Н. Ж. Женсикбаева география пәнінің МҰҒалімдеріне арналған күнтізбелік жоспарлар үлгілері



бет1/6
Дата23.08.2017
өлшемі5,17 Mb.
#25642
  1   2   3   4   5   6
Ғ.С.Гарапова

Н.Ж.Женсикбаева


ГЕОГРАФИЯ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМДЕРІНЕ АРНАЛҒАН КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЛАР ҮЛГІЛЕРІ



Оқу-әдістемелік құралы

Өскемен қаласы, 2010 – жыл.

УДК 91 (075.8)

ББК 26.8я73

Г 19
Баспаға С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың әдістемелік кеңесінде

22.06.2009 ж. № 5 хаттамасы негізінде бекітілді


Пікір жазғандар:

Жоғарғы санаттағы география пәнінің мұғалімі Н.М.Жақанбаева,

педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент Г.Т.Тохтарова

Гарапова Ғ.С., Женсикбаева Н.Ж.

Қазақстанның физикалық географиясын оқытуға дайындалуы үшін ұсынылған күнтізбелік жоспарлар үлгілері:

Оқу-әдістемелік құралы. - Өскемен: С. Аманжолов атындағы ШҚМУ баспасы, 2010. - 86 б.

ISBN
Оқу-әдістемелік құралында Қазақстан физикалық пәнін оқыту үшін күнтізбелік жоспарлар үлгілері ұсынылған.

Оқу-әдістемелік құралының маңыздылығы мұғалімдердің кезекті дайындық біліктілігін арттыру үшін әртүрлі әдіс түрлерінде құрылған сабақ жоспарларына, сарамандық жұмыс түрлеріне қойылатын талаптар, мұғалімдерге қосымша көмек ретінде материалдар беріліп отыр.



МАЗМҰНЫ

Алғы сөз……………………………………………………………………………..4

I бөлім: Қазақстан физикалық география пәнінде қарастырылатын жалпы сұрақтар....................................................................................................................5

II бөлім: Қазақстан физикалық география пәні бойынша өтілетін сабақ тақырыптары

Бірінші сабақ: Қазақстан аумағын физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі.....................................................................................................................6

Екінші сабақ: Практикалық сабақ Қазақстан Республикасының географиялық орны............................................................................................................................9

Үшінші сабақ: Проблемалық-іздену сабағы, Қазақстан жер бедерінің дамуының геологиялық даму тарихы....................................................................11

Төртінші сабақ: Кластың өз бетімен жұмысы. Қазақстанның жер бедері........13

Бесінші сабақ: Ғылыми конференция: Ойпаттар, қыраттар аласа жоталы өлкелер......................................................................................................................14

Алтыншы сабақ: Биік таулы өлкелер...................................................................19

Жетінші сабақ: Проблемалық іздену сабағы Қазақстанның пайдалы қазбалары..................................................................................................................21

Сегізінші сабақ: Қазақстанның ауа райы..............................................................24

Тоғызыншы сабақ: Практикалық сабақ.................................................................26

Оныншы сабақ: Қазақстанның климаты мен жер бедері.....................................28

Он біріші сабақ: Қазақстанның ішкі сулары.........................................................30

Он екінші сабақ: Қазақстанның ішкі сулары........................................................33

Он үшінші сабақ: Көлдер........................................................................................36

Он төртінші сабақ: Қазақстанның өсімдіктері мен жануарлар дүниесі...........42

Он бесінші сабақ: Практикалық сабақ, Қазақстанның табиғат зоналары..........47

Он алтыншы сабақ: Қазақстанның шөл және шөлейт зонасы...........................49

Он жетінші сабақ: Биік таулы өлкелердің биіктік зоналары.............................52

Он сегізінші сабақ: Оқушылардың баяндамасы, Қазақстанның табиғат байлықтары мен табиғатын қорғау........................................................................55

Он тоғызыншы сабақ: Қазақстан бойынша қайталау сабағы............................60

Интеллектуальды шоу сабақ «XXI – ғасыр географы».......................................64

География пәні бойынша сабақ жүргізу әдістемесі..................................................................................................................68

1. Сарамандық жұмыс №1.......................................................................................74

2. Сарамандық жұмыс №2.......................................................................................74

3. Сарамандық жұмыс №3.......................................................................................75

4. Сарамандық жұмыс №4.......................................................................................75

5. Сарамандық жұмыс №5.......................................................................................72

ТЕСТ СҰРАҚТАРЫ................................................................................................77

ҚОСЫМШАЛАР......................................................................................................82

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ..............................................................................................86




Алғы сөз
Қазақ елі өзінің жас ұрпағын ұлттық мәдениет пен ұлттық идеология негізінде тәрбиелеу ісіне мән берген. Педагогика ғылымында мұғалім еңбегінің шығармашылығы туралы әділ көзқарастар қалыптасты. «Қазақтың қаны бір, жаны бір жанбасшысы – мұғалім, еліміздің аз ғана жылдық ояну дәуіріне баға беру үшін алты алаштың баласы бас қосса, қадірлі орын мұғалімдікі болар еді» деп есептеді М.Жұмабаев.

Шындығында мұғалімнің интеллектуальды жүгі өте ауыр. Оның атқаратын қызметі көп салалы (шамалау, мөлшерлеу, жобалау, жаңалық енгізу, есептеу, бақылау т.б.). «Мұғалімнің негізгі міндеттерінің бірі оның ойлау жүйесін ұйымдастыру» деп есептеді В.В.Сухомлинский.

Белгілі әдістеме маманы Н.Н.Баранский география мұғалімі үшін бұл проблеманы шешудің маңызы зор екенін былай дәлеледеді. «Мектептерде оқу деңгейін жоғарлатудың тәсілдерінің ішіндегі ең негізгісі және қажеттісі мұғалімнің интеллектуальды білім деңгейін жоғарлату, бұның айқындаушылығы соншалық, ешкім мұнымен келіспеуі мүмкін емес» [1].

Бүгінгі таңдағы оқу үрдісінде қабылданып отырған басты талаптарының бірі – оқушылардың тек білім алып қана қоймай, ғылым негіздерін алған іскерлік дағды, танымдық деңгейін шығармашылық ізденіспен дамыту жолдарын қарастыру.

Авторлар география мұғалімінің кәсіби еңбегінің қалыптасуына және ойлау ерекшеліктеріне талдау жасаған, ойлау мүмкіндігіне нұсқау беретін интеллектуальды істерінің логикалық жүйелігінің негізін анықтайтын көптеген жұмыстар осы проблемаларға арналған.

Ұсынылған сабақ жүйесі оқушылардың негізгі программалық материалдардың сабақ үстінде терең, берік саналы түрде игеруіне көмектеседі. Әр сабақ жалпы жүйеден өз орнын алған және оның түрлері анықталған.

Бұл оқушылардың оқу таным қабілетінің белсенділігін арттыруға бағытталған алдындағы материалдармен заңды логикалық жалғасы болып табылады.

Бұл еңбекті Қазақстан физикалық географиясы бойынша сабаққа дайындалу процесінде әдістемелік құрал ретінде пайдалануға болады.

Мұғалімнің сабаққа дайындалу жолын жеңілдетуге көмек ретінде ұсынылған қосымша материалдар интернеттен, ақпарат журналдардан, әдебиеттерден алынып өзгеріссіз сілтеме арқылы беріліп отыр.

Қазақстанның физикалық географиясы пәні бойынша сарамандық жұмыстарға қойылатын талаптар
Қазақстанның физикалық географиясы курсынан арналған сарамандық жұмыс үшін құрастырылған оқу әдістемелік құрал жоғарғы оқу орны программаларына сәйкес жасалынған.

Сарамандық жұмысты ұйымдастыруда төмендегідей мақсаттар қарастырылды.



  1. Сарамандық жұмыстың түрлері оқу жоспарына сәйкес келуі.

  2. Физикалық география, табиғи-аймақтық комплекстерді, олардың өсу өзгеру процестерін оқып білу.

  3. Ландшафттар туралы жалпы сипаттама беруде оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру.

  4. Келешек география пәнінің мұғалімдері болғандықтан география туралы нақты білім, білгірліктерін және табиғат байланыстарына дұрыс талдау жасау қабілеттерін қалыптастыру.

Кейбір тапсырмаларды орындағанда картографиялық материалдарды және көрнекілікті қолдана білу дағдыларын қалыптастыру.

Сарамандық жұмысқа арнайы дәптер басталынады.

Сарамандық жұмысқа арналған дәптерге қойылатын талап.

Қазақстан физикалық географиясы курсы бойынша бір дәптер басталынады. Сарамандық жұмыс үшін дәптер жұмысты ұйымдастыру үшін, нақтылы материалдарды таңдай білу, талдау және практикалық дағдыны дамыту үшін қолданылады.

Дәптерде төмендегі бөлімдер нақты айқындалуы керек:


  1. Сабақтың тақырыбы және тапсырмалар.

  2. Тапсырманы орындау үшін қажетті негізгі әдебиеттер, картографиялық және анықтамалар.

  3. Контурға түсірілетін графикалық жұмыстар.

  4. Өз бетінше жасалынған графикалық жұмыстарға жазбаша түрде нақтылы талдау жасау.

  5. Жоспар бойынша бағаналар, кескін түсіру.

  6. Оқушылар сарамандық жұмыстарын педагогикалық практика кезінде қолдануға болады. Осы материалдың негізінде Қазақстанның физикалық географиясы мектеп курсына тапсырмалар құрастыруға болады.



Бірінші сабақ

Тақырыбы: Қазақстан аумағының физикалық-географиялық тұрғыдан зерттелуі

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:

  1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының жалпы сипаттамасымен және оны зерттеушілерімен таныстыру.

  2. Оқушыларды өз республикасы туралы деректерге қызықтырып, көбірек білуге баулу.

  3. Тұған өлкені дүниежүзілік географияның бөлігі ретінде оқу, өз өлкесінің табыстарын мақтаныш ету және оның проблемаларын шешуге үлес қосуға тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекеті. Оқулық, сурет, карталарды пайдалана отырып түсіндіру. Слайдттар, бейнефильмдер көрсету.

Құрал-жабдықтар. Қазақстанның физикалық картасы, атлас, зерттеушілердің суреттері және Қазақстан туралы кітап көрмесін ұйымдастыру.

Сабақтың барысы. Сабақ оқытушының әңгімесімен басталады.

Қазақстан табиғаты өте бай және алуан түрлі.

Балалар! Мен сендерге бір әңгіме айтып берейін, ал сендер ол қай мемлекет туралы айтылғанын ойланып отырыңдар.

Ерте заманданда Жамшит патшасы және оның кесесі туралы әңгіме ел арасында кең таралыпты. Бір адам сол әңгіме тұғызған кесені көтеріп күнге қарай жүрген екен. Солай жүріп отырып ол көгал далаға, айнадай көлге, көгілдір тауға, шексіз егіс алқабына жеміске толы бау-бақшаға, даласы мен жайылымы мыңғырған жылқыға толған жазық алқапқа кездеседі. Халық бір-бірімен тату-тәтті бір жанұя болып ерінбей бейбіт еңбек етіп тұрып жатқан көрінеді. Осы өлкенің жер асты кенге өте бай, санап тауысу мүмкін емес. Өлкенің дәл ортасынан жұлдыздар патшасына жол басталады екен.

Енді өздерің әңгіменің қай өлке туралы екенін тыңдаңдар, және ол қай өлке? кім айтады?

Оқушылар бірінен соң бірі қол көтеріп ол адамның ғажайып әңгімесі біздің Қазақстан туралы екендігін айтқылары келеді. Оқытушы әңгімесін ары қарай жалғастырады.

Қазақстан Қазан төңкерісіне дейін соншалықты байлығына қарамастан, патшалық Ресейдің шет аймағы болып келді. Оның табиғи байлығы зерттелмеді. Өкімет оны зерттеуге қаражат босатпады. Тек кейбір оқымыстылар, өз қаражаттармен Қазақстан жерін зерттей бастады. Солардың ішінде өте көптеген жұмыс жасағандар: П.П. Семенов-Тян-Шанский (1827-1914), Н.А. Северцов (1827-1885), Ш.Ш. Уәлиханов (1835-1865), Л.С. Берг (1876-1950).

XVI ғасырдан бастап Қазақстан туралы географиялық мәліметтер орыс мемлекетінің ресми орындарында жинақтала бастады.

Енді сол зерттеушілер туралы мағлұмат беретін оқушылардың баяндамасын тыңдайық.

Бірінші баяндама: Петр Павлович Семенов 1827 жылы Рязань губерниясында туды. Ол жеті жасқа толмай әкесі қаза тауып, шешесі қатты науқас болды. Ол өз бетімен болып, ол он үш жасқа дейін мұғалімнің бетін көрмей өсті. Бірақ хат тануды өздігінен ерте бастады. Қыста кітап оқып, жазда табиғатты аралады. Осылардан білімнің нәрін алды. Он үш жасында білгір ботаник мұғаліммен танысты. Он төрт жасында Ұлан подпрапорщиктер мектебіне түсіп, оны 1845 жылы өте жоғары бағамен бітірді. Бірақ соғыс өнері оны қызықтырмады, сондықтан қабілетті және білімді профессорлар жұмыс істейтін университетке түсті. Өзінің жақсы досы Н.Я. Данилевскиймен бірге П.П. Семенов географиямен шұғылдануға берілді. Осы уақыт ішінде (1845) орыстың география қоғамы ашылып, 1849 жылы Семенов оған мүше болып сайланды. 1850 жылы Семенов физикалық география бөліміне хатшы болып, екі жылдан кейін жаратылыстану ғылымының магистр дәрежесіне десертация қорғады.

Қатты науқастанған Семеновты дәрігерлердің нұсқауы бойынша достары шетелге алып кетті. Бұл сапары сәтті аяқталып, денсаулығы дұрысталды. Оның терең білімі жарқын ойы Батыстың ғалымдарын таң қалдырды. Ол жаяу Гарцқа, Вогезге саяхат жасады, Рейн өзенін де жүзді. Францияда, Швейцарияда болып қайтты, Альпі тауының мұздықтарын зерттеді. Италияда вулканның пайда болуын зерттеп, ол он жеті рет Везувийге шықты. Осы уақытта Семеновта бір ой туды, жасырын сыры көп Тянь-Шань тауының, Хан-Тәңірі шыңына саяхат жасау сол кезеңдегі ғылым үшін баға жетпейтін іс болады. Немістің ғалымы Гумбольт Тянь-Шань тауының құпия вулкандар аймағына жататындығын оған саяхат жасаудың орындалуын қиын арман екенін айтып келді.

1856 жылы Географиялық қоғамның шешімімен Семенов алыс сапарға аттанды. Осы саяхаттың қорытындысы ғылымға ерекше үлес қосты. Сырдария өзенінің басталатын жері ашылды және өзеннің басталатын жерінен Ыстық көлге дейін геологиялық тілік (разрез) жасалынды. Семеновты Тянь-Шаньға жасаған бірінші саяхаты қанағаттандырмады. Екінші экспедициясында ол төбесі көкке жетер биік тауды кесіп өтуді көздеді. Алдына қойған мақсатын шешу мәселесіне рұқсат берілді. Біріншіден жүріп өткен жерлеріне Тянь-Шань тауларындағы қардың жоғары деңгейін, екіншіден Тянь-Шаньда Альпі мұздығына ұқсас мұздық белгілі болды, Гумбольттың айтқанындай Тянь-Шаньда вулкан оқиғасы болады деген пікірі теріске шығарылды.

Тянь-Шань тауын зерттеуде өте көп жұмыс жасағаны үшін П.П. Семеновқа – Тянь-Шанский деп аталуға рұқсат берілді.



Екінші баяндама. Лев Семенович Берг 1876 жылы Бендеры, бұрынғы Бессарабия губерниясында (қазіргі Молдава Республикасы) туды. Гимназияны Кишинев қаласынан алтын медальға бітірді. Ол кезде гимназияда ертедегі латын грек тілдерін оқытуға көп көңіл аударылып жаратылыс ғылымы оқылмайтын. Гимназияны бітірген Л.Семенович жаратылыс ғылымымен шұғылдануды араман етті. 1891 жылы Мәскеу университетінің физика-математика факультетінің жаратылыстану бөліміне оқуға түсті. Оның көп еңбектері еліміздің жер бедерін сипаттауға арналады.

Бірнеше жылдар бойында Балқаш көлін, Арал теңізін зерттеумен шұғылданды. Өзінің «Арал теңізі» атты кітабында, А.С. Берг төрт жылғы еңбегінің қорытындысын берді. Барлық зерттеу жұмыстарын кішкентай балық аулайтын қайықпен жүргізді. Ол бірінші рет Арал теңізінің температурасын әр тереңдікте, жағалауының жер бедерінің геологиялық құрылысының даму тарихын, теңіз ағысын, толқынын, су құрамын зерттеді, геологиялық, зоологиялық коллекциялар жасады. Осы еңбегінің нәтижесі бойынша 1909 жылы оған география ғылымының докторы деген ғылыми атақ берілді.



Үшінші баяндама. Шоқан Уәлиханов 1835 жылы Көкшетау облысының Айыртау ауданында туды. Ол балалық кезінде Азияның түпкі аудандарында саяхат жасауды армандады. Омбы кадет корпусында оқып жүрген кезінде Г.Н. Потанинмен қарым-қатынаста болды, кейін ол Орталық Азияны зерттеудегі аса көрнекті ғалым ретінде белгілі болды. Оларды жақын достастырған географияға деген ерекше ықылас, халыққа деген махаббат, саяхатқа сапар шегуге арналған ойларының бір жерден шығуы еді. Ең бірінші саяхатты Ыстық көлге, Тянь-Шаньның бөктеріне жасады. Құстар мен өсімдіктердің коллекциясын жинап, П.П.Семенов – Тянь-Шаньскийге көрсетті. Кейін ол П.П.Семенов – Тянь-Шаньскийдің нұсқауымен Қашғар қаласына кіру туралы жасырын тапсырма алды. Бұл екніші саяхаты еді. Қашғарияға саяхат жасау ол кезде өте қауіпті еді, қытай басшылары европалық адамдарды жібермейтін. Қауіпті екеніне қарамай ол мұсылман керуенімен саудагер болып жолға шықты. Саяхат 10 ай 14 күнге созылды. Қашғарияда керуен 5 ай болды, өте қауіпті жағдайда Шоқанға өте сақ жұмыс істеуге тура келді. Бұл жөнінде Шоқан былай деп жазды: «Мен өз керуеніммен бірге бұрын мені жақсы білетін қырғыздың аулына тап болдым, Кім екенімді білдірмеу үшін ауруды сылтау етіп 12 күн бойы шатырымнан шықпай жатып алуыма тура келді». Бұл елге Шоқанның алдында барған Адольф Шлагинвейт деген неміс ғалымын қашғарлықтар ұстап алып өлтірген. Оның бас сүйегі қашғар қожасының жауларының басы үйілген төбенің үстінде жатқан. Керуен ішінде «орыс офицер бар» деген өсек тараған соң керуенді тіміскілеп тексеріс өте қатал жүретін.

Қашғарияға баратын жол да өте ауыр болды. Бұл жөнінде Ш.Уәлиханов былай деп жазды: «Асу өте биік, биіктігі 800 сажын (1600 метр). Үйіліп жатқан жануарлардың сүйектері асудың қиындығына дәлел. Керуен асудан бір күн өте алмай тар етегінде түнеп шығуға тура келді. Жаңа жауған қар көтерілуді қиындата түсті, жүк артылған түйелер мен аттардың кейбіреуі тайғанап құлап өлді».

Қашғарияға қарай асу жолында 5 түйе, 2 ат, қайтар жолда 200 қой құзға құлап жоқ болды.

Шоқан өзінің зерттеуінің нәтижесін толық жаза алмады, ол танып қоймас үшін, садугерлердің жүріс-тұрыстарын қайталап отыруға мәжбүр болды. Осыған қарамастан ол Тақла-Мақан шөл даласы туралы деректер әкелді. Оның көрегендігі, ерекше есте сақтау қабілеті өзінің экспедициясы отчет жазуға мүмкіншілік берді. Оның көп деректері: жер бедері туралы, климат, жан-жануар, өсімдік, шаруашылық, этнографиялық және зерттеулері ғылымдағы үлкен жаңалық болды. 1860 жылы Шоқан Орыс география қоғамының мүшесі болып сайланды. Ерекше қабілеті бар қазақ ғалымы географияға бағалы мұра қалдырды. Ол П.П.Семеновтың Тянь-Шань тау жотасын зерттеуін ары қарай дамытты. Оқытушы әңгімесін әрі қарай жалғастырады.

XX ғасырдың басында патшалық Ресей геологиялық комитетінен Қазақстанға бірнеше экспедиция жіберілді. Олар Қазақстан туралы деректер жинап, кейбір ғылыми қорытындылар жасады. Бірақ толық зерттеу Кеңес үкіметі тұсында Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының тұңғыш президенті Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың басшылығымен ғана жүзеге асты. Оның Орталық Қазақстанды ұзақ жылдар бойы зерттеуінің нәтижесінде Жезқазғандағы бай мыс кенінің қорын ашуға мүмкіндік туды. Жаз кезінде жиналған мәліметтер жан-жақты зерттеліп, қыс кезінде өңделіп отырды. Осы жұмысты шағын коллектив атқарды. Қазір республика көлемі жеткілікті мөлшерде зерттелді. Қазақстан географиясы туралы көп кітаптар жарыққа шықты (оқытушы кітап көрмесіне көңіл аударады) арнаулы және жалпы карталар жасалынды. Әлі де жан-жақты зерттеу тоқтатылған жоқ.

Өз республикасының табиғат жағдайын, қорын Қазақстанда тұратын, еңбек ететін әр адам, әр ұлт өкілін білуі қажет. Балалар сендерге арнап Бейсенова Ә., Карпеков К. «Қазақстанның физикалық географиясы» деген оқулық жазды. Осы оқулық бойынша біз 19 сабақ бойы өз республикамызға экспедициямыздың қорытындысын жасаймыз, гербарий жинап коллекция жасаймыз. Қазақстан хрестоматиясына өз қол таңбамызды қалдырамыз.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақ жері және оның табиғат жағдайлары туралы алғашқы мағлұматтар қандай?

2. Ерте дәуірлердегі Қазақстан табиғаты туралы алғашқы мағлұматтарды берген оқымыстылардың аты-жөнін атаңдар.

3. 2 не 3 зерттеушілердің еңбектері туралы баяндама даярлау.



Екінші сабақ

Практикалық сабақ

Тақырыбы: Қазақстан Республикасының географиялық орны мен шекаралары

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты.

1. Оқушыларды Қазақстан Республикасының географиялық орналасу ерекшеліктерін білуге баулу.

2. Қазақстан Республикасының теңіздегі және құрлықтағы шекараларын түсіндіру.

3. Картадан географиялық координат бойынша керекті жерді анықтау жөнінде білімін тереңдете түсу.

4. Оқушылардың атамекенге, халыққа сүйіспеншілікті сезімін дамыта түсу.

Көрнекті құралдар: Қазақстанның физикалық картасы. Еуразияның физикалық картасы.

Сабақтың барысы: Оқытушы оқушылардың дәптерлерін ашып, сабақ тақырыбын жазуды талап етеді. Осыдан кейін кез келген территорияны оқып білу үшін, ең бірінші қандай сұрақты түсініп алу керек екендігіне көңіл аударады.


  • Географиялық орны.

  • Картадан географиялық орынды қандай белгілер арқылы анықтауға болады?

Параллель мен меридиан бойынша жер шарында Қазақстан территориясының орналасу жағдайы, мұхиттың, теңіздің жылы және суық ағыстарына, жылулық белдеулеріне, ірі таулы аймақтарға байланысты орнына сипаттама.

  • Қазақстанның солтүстік, оңтүстік шығысындағы, батысындағы шеткі нүктелерін бойлық бойынша оны басқа мемлекеттердің шеткі нүктелерімен салыстырайық.

Оқушылар республиканың солтүстік шеткі нүктесі Мәскеу және Қазан қалалары орналасқан ендікте жатқандығын (55,5º с.е.), оңтүстік шет нүктесі Баку қаласы орналасқан ендікте (41,5º о.е.) екендігін мөлшермен 46,5º –тан 87,3º шығыс бойлықта орналасқандығын анықтайды.

Осыдан кейін Қазақстанның мұхит пен теңіздерге байланысты орналасу жағдайы анықталады. Бұдан соң оқушылар Қазақстанның Евразия материгінің дәл ортасында, Тынық мұхиты мен Атлант мұхиты, Үнді мұхитпен Солтүстік Мұзды мұхиттан бірдей дерлік қашықтықта жатыр. Ол батыстан Еділ өзенінің төменгі ағысынан бастап, Шығыста Алтай тауына дейін, солтүстігінде Батыс Сібір жазығынан бастап, оңтүстігінде Орта Азияның шөлді зонасына дейін созылып жатыр.

Оқытушы әңгімесін жалғастырды.

Қазақстанның географиялық орналасуының ерекшелігі бар. Оның территориясы арқылы Орта Азия, Шығыс, Батыс, Сібір, Орал, Еділ жағалауына ірі экономикалық аудандарға қатынас жасайтын жол өтеді.

Қазақстан территориясының көлемі жағынан дербес республикалардың ішінде тек Ресейден кейін екінші орын алады. Оның жер көлемі 2717,3 мың текше км (тақтаға жазылады). Қазақстан территориясына Батыс Европадағы, Ұлыбритания, Франция, Финляндия мемлекеттерін түгелдей сыйдыруға болады.

Қазақстан Республикасының шекарасы оның ежелгі халқы қазақтардың қоныстануымен белгіленген. Бұл шекараның біразы Каспий, Арал теңіздері және Алтай, Тянь-Шань таулары сияқты табиғи шектер арқылы өтеді. Жалпы шекараның ұзындығы 15 мың км, оның 12000 км құрлық және 3000 км-ден көбірегі теңіздік шекара. Енді оқулықтарыңның 13 бетін ашып 1, 2, 3 тапсырманы орыңдаңдар.


Сұрақтар мен тапсырмалар:

1. Қазақстанның географиялық орнының саяси және шаруашылық маңызына сипаттама беріңдер.

2. Қазақстанның солтүстік және оңтүстік шеткі нүктелерінің ендігін және шығыс нүктелерінің бойлығын анықтаңдар.

3. Кескін картаға шекараны белгілеп, көршілес мемлекеттерді атап жазу.




Үшінші сабақ

Проблемалық-іздену сабағы
Тақырыбы: Қазақстан жер бедерінің дамуының геологиялық даму тарихы

Сабақтың оқу-тәрбиелік мақсаты:

1. Қазақстанның жер бедерінің дамуының геологиялық тарихын оқушылардың есіне түсіру.

2. Физикалық және тектоникалық карталарды салыстыру арқылы жер бедерінің геологиялық даму тарихымен қазіргі құрлысының арасындағы байланысын анықтай білуге үйрету.

3. Геохронологиялық кестенің құрлысымен мазмұнын түсіндіріп, оны оқушыларды оқи білуге үйрету.

4. Жер бедерінің қазіргі кездегі геологиялық талдау арқылы өткен дәуірдегі құрылысын қалпына келтіруге баулу.

5. Оқитын тақырыпқа оқушылардың ынтасын көбірек арттыру



Көрнекі құралдар: Физикалық, геологиялық карталар.

Қазақстанның геологиялық картасы

  • Қазақстанда жер бетінің құрылысының алуан түрлілігін қалай түсіндіруге болады?

  • Қазақстан Республикасының «Физикалық география» оқулығының 48-59 бетін ашыңдар.

II. Физикалық, тектоникалық карталарды дайындаңдар.

Кесте толтырамыз: Қазақстанның жер бедерінің дамуының геологиялық тарихы. Оқутышының тақтаңа жазған кестесін оқушылар талдау жасап, қорытындылайды, кейіннен оны дәптерлеріне түсіреді. Кесте мынадай бағаналардан тұрады. Эра, дәуір ірі геологиялық оқиғалар, ерекше пайдалы қазбалар. Пайдалы қазбалар туралы кестедегі бағананы осы сабақта толтырмауға да болады. Кестені толтырып талдау жасау оқушыларға күрделі тақырыпты меңгеруге және мына сұрақтарға жауап беруге мүмкіндік береді:

Қазақстан территориясы палеозойға дейінгі және палеозой дәуірінің басында қандай болған?

Каледон тау түзілісі қашан пайда болды және Қазақстан территориясында қандай таулар түзілді?

Герцин қатпарлығы дәуірінде Қазақстан территориясында қандай таулар түзілген?

Қазақстан территориясын қай уақыттан бастап теңіз суы баспаған?

Мезазой эрасында Қазақстан территориясында қандай өзгерістер болған?

Осы эраның аяғында жер беті қандай еді?

Альпілік қатпарлық қашан болып өтті және ол Қазақстанның жер бетіне қалай әсер еткен?

Сабақ соңында мұғалім үй тапсырмасын тақтаға жазады. Қазақстанда жер бедерінің дамуы бірнеше миллион жылдар бойында қалай жүргенін есте қалдыру керек.

Сабақтың барысы сабақ оқушылардың білімін тексеруден басталады. Мұғалім бірнеше оқушыға билет береді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет