Наурыз көктем тойымыз, Той дәмі мол, тойыңыз



Дата01.04.2020
өлшемі15,4 Kb.
#61288
Байланысты:
Наурыз

Наурыз – көктем тойымыз,

Той дәмі мол, тойыңыз.

Күн ұзарар жылынып,

Өсер біздің бойымыз.

Төлдеді де малымыз,

Тамыр жайды талымыз.

Наурыз өнер жарысын

Бастады жас, кәрі үшін.

**************
Жақсылыққа қашанда

Жан баласы тоймаған.

Жаңа жылдың басы деп

Жылда бізбен тойлаған.

Тойын жасап ед енді,

Қуанышқа бөленді.

Жарқыраған жас нұрлы

Жаса, Наурыз, дәстүрлі!


*********************
Әжем еске түсірді.

Біздерге арнап әдейі

Наурызкөже пісірді.

Ашылды да кебеже

Дәм әзірлеу басталды.

Әжем наурызкөжеге

Жеті түрлі ас салды.

Бидай, күріш, тары бар,

Бар сүт ет пен шұжығы.

Ащы құрты тағы бар,

Көже – елдің ырзығы…

*******
Наурыз – гүл көктем


Сәнді еді арайлы
Күлімдеп күн көктем
Нұр шашып қарайды.
Бусанып жерім бай
Төсінде қалқып ән
Наурыз көңілді ән
Шаттығы шалқыған.


ӘН
1.Ай күлімдеп күн шығады

Бар дүние құлпырады

Шын қүанып шаттанады

Мәз майрам боп бұл қүн бәрі


Припев: Күттік сені бәріміз

Қош келесің Наурыз!

Нұрынды шаш әлемге

Қош келесің Наурыз!


2. Жұпар дала бұрқырады

Жан тербейді бұлбұл әні

Оттан түспей қара қазан

Наурыз көже ұсынады


Припев: Күттік сені бәріміз

Қош келесің Наурыз!

Нұрынды шаш әлемге

Қош келесің Наурыз!


3. Салт дәстүрім жаңгырыды

Көзі ашылып бал бұлағым

Сыңғырлайды күмісәуен

Күй төгіліп ән шығады


Припев: Күттік сені бәріміз

Қош келесің Наурыз!

Нұрынды шаш әлемге

Қош келесің Наурыз!



ӘН: ӘЗ-НАУРЫЗ
Күннің көзі жылынып,

Көктем айы туғанда.

Тасқа бұлақ сүрініп,

Сай-саланы қуғанда.


Қайырмасы:

Ей!


Бұл, бұл, бұл, бұл маңға,

Әз наурыз келеді.

Жыл, жыл, жыл, жыл жаңа,

Төрімізге енеді.

Гүл, гүл, гүл, гүл жайнап,

Бәйшешектер өнеді.

Бұл, бұл, бұлдар сайрап,

Әнін шырқап береді.

Әз Наурыз келгенде!
2) Тал теректер тіріліп,

Тербетіліп тұрғанда.

Тау етегі түріліп,

Көркемдікке тұнғанда.

Қайырмасы:
Ей!

Бұл, бұл, бұл, бұл маңға,

Әз наурыз келеді.

Жыл, жыл, жыл, жыл жаңа,

Төрімізге енеді.

Гүл, гүл, гүл, гүл жайнап,

Бәйшешектер өнеді.

Бұл, бұл, бұлдар сайрап,

Әнін шырқап береді.

Әз Наурыз келгенде!



(2 рет)


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет