Наурыз мерекесіне арналған сценарии Тақырыбы: Қош келдің,әз Наурыз! «Балдырған» тобы Дайындаған: Куанышева Н. И



Дата20.06.2018
өлшемі78,22 Kb.
#43909

Наурыз мерекесіне арналған сценарии

Тақырыбы: Қош келдің,әз Наурыз!

« Балдырған» тобы

Дайындаған: Куанышева Н.И

Бакешова М.К


Тақырыбы: Қош келдің, әз Наурыз!

Мақсаты: Балаларға Ұлыстың Ұлы күні туралы мағлумат беру; Балалардың елің,Отан сүюге,ұлттық салт-дәстүрін дірәптеуге тәрбиелеу;

Имандылық,инабаттылық,ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

Мейрам өтетін жер салт-дәстүрге байлансты жабдықталады. Балалар ұлттық киімдерімен сахнаға шығады. Киіз үй керегесінен сахна жасалады. Залда әсем әуен ойнап тұрады .

Жүргізуші:Армысыздар ата-аналар,балапандар,қонақтар. Бәріміздің асыға күткен Наурыз тойымыз да келіп жетті. Тойларыңыз құтты болсын!

Наурыз-«жаңа күн» деген сөз. Бұл күн-біздің ата-бабаларымыз,арғы тегіміз мындаған жылдардан бері тойлап келе жатқан жыл басы мерекесі. Ұлыстың ұлы күні деп аталған Наурызда денсаулықтарыңыз мықты,тілектеріңіз қабыл болсын! Бұл айда жылдың алғашқы айы есебінде күн мен түн теңеледі.



Жүргізуші: Наурыз келсе құт келгені халайық!

Есік ашып шашу шашып,

Ел боп қарсы алайы

(Балалар орындықтарында отырады)

Осы кезде Әжесі мен немере кіріп келеді. Балаларды құттықтайды,шашу шашады, «Тұсау кесу» тойына қонаққа шақырады.

Жүргізуші: Балалар,ата-аналар біз бүгін әжемізге қонаққа барамыз.

Жүргізуші:1)Наурыз келді алақай

Кел билейік балақай

Бізде қарап тұрмайық

Тойға шашу шашайық

(Әже балаларға, ата-аналарға шашу шашады)

2) Ұлы күні кәрі-жас

Құшақтасып көріскен

Жаңа ағытқан қозыдай

Жамырасып өсірген

Наурыз тойы құтты болсын.

(Балалар,ата-аналар бір-бірімен төс қағыстырып,аман-саулық сұрасады)

3) Ұлы күні ұлыстың Науырыз тойы әдемі

Күн мен түнді тенеген Әжем еске түсірді

Тәтті дәмін ырыстың Біздерге арнап әдемі

Таттық наурыз көжеден Наурыз көже пісірді

(Наурыз көже әкелінеді,балаларға,ата-аналарға дәмін татқызады)



Жүргізуші: Жиналдық наурыз тойға бәрімізде,

Үлкен-кіші кәрімізде

Ән мен күйді,жыр мен биді шалқытып,

Өнерден інжу-маржан шашайық-деп бүгінгі ертеңгілігімізді тақпақтармен жалғастырайық.Балалардың дайындаған тақпақтары бар.




Аслан:Наурыз келді еліме Ибрагим:Жыл басы-Наурыз мереке

Науырыз келді жеріме Ақ нұрға әлем бөлінді

Байлық бақыт тілеймін Науырыз тойы береке

Бұл қазақ еліне Тіршілік жаңа оянды




Нұрғали:Науырызбен құттықтап Айбын:Науырыз тойы елдің тойы

Алыс жақын кауышты Көктемтойы төлдің тойы

Көктемдегі жарқын сәт Ән айтатын күні бойы

Көктемдерге ауысты Жақсы көрем Наурыз тойы


Алуа:Наурыз жауын, наурыз сән Санжар:Ата-бабам тойлаған,

Әсем әуен,сәнді ән Наурызым армысың

Қыз бозбала қыдырған Қызығына тоймаған

Жасыл желек,көк аспан Дархан дала,қарлы шың



Дамир:Жылдың басы Наурыз Али:Көктем келді наурыз келді

Жердің басы Наурыз Жер көгерді,ел көгерді

Мерекеге арналсын Дастарханым жайып дархан

Бүгінгі жыр әніміз. Жақсылық пен бақыт шақан.


Нұрхан:Көктем келді балақай Жанерке:Ал,балалар келіңдер

Жасарды жер алақай Той қызыығын көріңдер

Наурыз тойын тойлайық Наурыз тойға бас иіп

Әсем әнге салайық Күнге сәлем беріңдер


Мөлдір:Оу ,халайық,халайық Диар:Қарды ертіп жылғасы

Әсем әнге салайық Наурыз келді жыл басы

Наурыз тойы көңілді Шуақ төкті жарық күн

Бірге қарсы алайық. Мейрамында халықтың.


Ислам:Наурыз келді сан құрып Тамирис:Қыс өтіп қар кетіп

Жасарып жаңғырып Шырайлы жаз жетіп

Құлпырды жер мен көк Шаруаның кенелген

Мейірім таң күліп Мейрамы ежелден

Құтты болсын бұл Наурыз.
Жанерке:Наурыз тойы салтанат Мадина:Жайдарымыз бәріміз

Наурыз тойы мархабат Дастарханда дәміміз

Әр жүректен нұр тарап Көжесі көп қыры көк

Шаттанды шартарап Қандай жақсы наурыз



Жүргізуші: Наурыз тойым,Наурыз тойым.

Құтты болсын халайық!

Қане достар,қане достар

Шырқап әнге салайық.

(Балардың орындауында ән «Наурыз»)

Жүргізуші:Сымбатты да өнерлі

Қайратты да жігерлі

Біздің топтың балалары

«Көкпар» биін биледі

(Ұл балалардың орындауында би «Көкпар» )

(Осы кезде Қыдыр ата келеді қонақтармен амандасады мерекемен құттықұтайды.)



Жүргізуші: Жаңбырмен жер көгерер

Батамен ел көгерер

Балалар,ата-аналар,қонақтар бүгінгі мейрамға бізге келген Қыдыр атамыздан бата сұрайық.

Қыдыр ата:Азамат болып ержетіңдер

Ақылды болып ержетіңдер

Азамат болыңдар көрікті

Ғұмырың болсын берікті

Азамат болыңдар ардақты

Мінездерің болсын салмақты

Өнерлі болыңдар жан-жақты

Осы айтқаныңның бәрі қабыл болып

Алла берсін сендерге зор бақыт!Амин

Жүргізуші:Ата төрлетіңіз бізбен бірге той тойлаңыз.

Құлақтан кіріп бойды алар

Әсем ән мен тәтті күй

Көңілге түрлі ой салар

Әнді сүйсен менше сүй,-деп Абай атамыз айтқандай кезекті әнге берейік.

(Балалардың орындауында «Қошақаным қайда екен?»)



Жүргізуші:Бүгінгідей Наурыз тойында

Тамашалайық өнерді.

Қыздарымыз ортада

Ұлттық биді билейді.

(Қыздардың орындауында би «Шашу»)

Жүргізуші:Балалар қазақ халқының көптеген салт-дәстүрлері бар. Соның бірі тұсау кесер дәстүрі. Бүгін біз тұсау кесу тойына келіп отырмыз. Осы дәстүрді тамашалайық.

Кең даланың етегі

Қазақ дейтін халқымыз

Өзге ұлттай біздің де

Бар дәстүр мен салтымыз

(Осы кезде әже немересін ортаға әкеледі,тұсауын кеседі)

Әже: Рахмет,қонақтар осындай немере сүйіңіздер. Енді өлең айтып тәй-тәй басқызайық.

Қаз-қаз балам қаз балам

Қадамыңа мәз болам

Балтырыңды түре ғой

Тай құлын боп шаба ғой

Озып бәйге алағой...........



Жүргізуші: Ал халайық тұрмайық

Әндетейік жырлайық

Ортамызды ашайық

Ұлдарымызды ойынға шақырайық

(Ойын «Арқан тарту») ұлдардың күшін сынап көрейік.

Жүргізуші:Бабамнан қалған мол мұра

Қасиетті домбыра

Домбыраммен таныттым,

Қазақтың кім екенін.

( Би «Домбыра» ұл,қыздардың орындауында)

Әже: (Домбырамен ән шырқайды) Тілек айтады.



Тәрбиеші: Наурыз құтты болсын!

Деңдеріңіз сау,мықты болсын!

Наурыз тойы келе берсін

Барлық халық бақытты болсын

Қош сау болыңыздар халайық!

Көріскенше күн жарық болсын!



Барлықтарыңызды Наурыз дастарханына шақырамыз.
Каталог: F863CACAA44A73CE
F863CACAA44A73CE -> 2 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> «Балбөбек» бала бақшасы. «Қарлығаш» І кіші тобы. Тәрбиеші: Сарманова. С. Е. Білім беру саласы: Таным Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> Бағдарламасы бойынша 3-4 жасар (ортаңғы топ) балалармен жұмыстың 2014-2015 жылға арналған күнтізбелік жоспары
F863CACAA44A73CE -> «Балбөбек» балабақшасы «Қарлығаш» І кіші тобы Тәрбиеші: Сарманова С. Е. Білім беру саласы
F863CACAA44A73CE -> Егіндікөл ауданы, Егіндікөл ауылы, «балбөбек» мкқМ
F863CACAA44A73CE -> Сабақ жоспары Білім беру саласы: Шығармашылық
F863CACAA44A73CE -> 4 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> 5 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> 1 технологиялық карта. Күні: Білім беру саласы: Қатынас. Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің түрі
F863CACAA44A73CE -> Қош келдің, төрлет Наурыз!


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет