Н.Ә. Назарбаев айтқаныдай



Дата18.02.2018
өлшемі40,95 Kb.
#37810
«Білімді ұрпақ – Ел болашағы»

«Қазақстанның болашағы – білімді ұрпақ.

Азаматтардың білімді де сергек болуы – денсаулыққа байланысты» деп елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқаныдай.

Мақсаты: Оқушылардың биология,химия туралы білімдерін нығайта отырып, табиғатты сүюге, берекелі тіршілігін қорғауға, отан сүйгіштікке тәрбиелей отыра, оқушыларды топпен жұмыс жүргізу арқылы бірлікке тәрбиелеу.

Бұл сыныптан тыс іс - шара сайыс түрінде өтіледі. Сайысқа үш топ қатысып отыр. Бірінші топ «Саңырауқұлақтар» тобы, екінші – «Денсаулық» тобы, үшінші – «Алтын» тобы. Сайыс болған соң әділқазыларсыз болмайды. Енді әділқазылармен таныстырып өтейін:

Бұл топтардың арасындағы сайыс мынандай бөлімдерден тұрады:


1. Сергіту (сұрақ - жауап, әрбір сұрақ 1 балл)
2. Кім жылдам? (5 балл)

3. Ол кім? (5 балл)


4. «Мақал сөздің мәйегі» берілген мақал – мәтелдерді жалғастыр (1 балл)
5. Үй жұмысы (1 балл)

6. «Егер де мен ...» қысқаша эссе жазып, оқып беру:


7. Жарнама (5 балл)
8. Ағаш егіп, гүл егіп, қамқор болып жүрелік (5 балл)

І) сайыс: Өте жақсы, сонымен сайысымыздың 1 бөлімі «Сергітуді» бастаймыз.


1. Дүниедегі ең биік ағаш (Эвкалипт)
2. Жапырағынан көбейетін қандай өсімдіктер (фикус, бегония)
3. Барометр - гүл (акация)
4. Суықтан да, биіктен де қорықпай, таудың ұшар басында өсетін қай өсімдік (эдельвейс)
5. Өте ертеде барлық гүлдерден бұрын белгілі болған қандай гүл (хризантема)
6. Дүниедегі ең алып гүл (раффлезия Арнольд 10 кг)
7. Өсімдіктің қай мүшесі «жасыл асхана» деп аталады (жапырақ)
8. Ағаш неше жыл жасайды (300 - 500 жыл)
9. Қар астында қандай гүлдер қыстайды (қоғажай, шытыр)
10. Ең тез өсетін өсімдік (бамбук)
11. Қазақстанның өсімдіктерге арналған «Қызыл кітабы» нешінші жылы шықты (1981 ж.)
12. Ең жеңіл элемент (литий)

13. Мыстың латынша атауы? (купрум)

14. Темірдің атомдық массасы? (56)

15.қиын балқитын металл? (вольфрам)

16. Ең қатты металл? (хром)

17.Еі оңай балқитын металл? (сынап)

18.эритроциттердің ұзақтығы неше күн? (120 күн)

19. бүйректің салмағы неше грамм? (150г)

20.асқазаның пішіні неге ұқсас? (алмұртқа)

21. жүрек неше қабаттан тұрады? (үш)




ІІ) «Кім жылдам?»

(берілген әріптер ден көбірек құс, аң және өсімдік, химиялық элементтердің аттарын құрастырыңыздар)



К, І, А, Т, И, Ш, Л, Ғ, С, Ә, З, Б, Е, Р, М, Й, П.

(сәбіз, піл, терек, шағала, ит, темекі, шит, кірпі, алма, марал, кит, ешкі, шіл, керік, алша, калий, титан, алюминий, алтын, күміс, бор, магний, йод, күкірт т.б)




ІІІ) «Ол кім?» деген сұрақ қоям. Сендер қысқаша ол адамның кім екенін ашып айтасыздар екі ауыз сөйлеммен. Одан кейін өсімдіктің суретін көрсетіп, «Ол не?» деген сұрақ қоямын. Сендер суреттегі қандай өсімдік екенін айтып, сол өсімдік туралы екі - ақ сөйлеммен қысқаша түсінік бересіздер.
1. Күдерин Жұмақан – ол кім? (ол қазақтан шыққан тұңғыш биолог ғалым)
2. Ыбырай Жақаев – ол кім? (ол – ақ күріштің атасы)
3. В. Вавилов – ол кім? (ол – мәдени өсімдіктерді жүйелеп, топтарға бөлді)
4. Бокарев Денис – ол кім? (ол күнбағыстан алғаш рет өсімдік майын алған орыс шаруасы)
5. Мұсақұлов Тәліп – ол кім? (ол биология терминдерінің орысша - қазақша сөздігінің авторы)
6. Тарабаева Гүлбахрам – ол кім? (ол дәрмене өсімдігінің дәрілік қасиетін ашқан қазақтан шыққан алғашқы ғылым докторы)
7. Теофраст – ол кім? (ол грек ғалымы, өсімдіктің 500 түрін алғаш рет ғылыми түрде анықтаған)

8. Мечников – ол кім? (фагоцитоз құбылысын ашқан ғалым)

9.Ч.Дарвин – ол кім? (ағылшын ғалым сқұрыптаудың жаңа түрлерін шығарған)1

10.Мендель – ол кім? (тұқым қуалау заңын ашқан ғалым)

11.Д.И.Менделлев – ол кім? (химиялық периодтық ашқан ғалым)


IV.«Мақал сөздің мәйегі» берілген мақал – мәтелдерді жалғастыр.

1) Күтебілсең – жержомарт.

2) Қаражер – қарызарқаламайды.

3) Жерібайдың – елі бай.

4) Бейнетіңқаттыболса,

Тапқаныңтәттіболады.

5) Жігітті – намысөлтіреді,

қояндықамысөлтіреді.

6) Қазаққуғақосылмас,

Қыранғабүркітқосылмас.

7) Жер – қазына, су – алтын.

8) Ынтымақ – елдіңырысы,

Ылғал – жердіңырысы.

9) Бір тал кессең,

Он тал ек.

V.Үй жұмысы (әр топ дайындап келген плакаттарын қорғайды)

VI. «Егер де мен ...» қысқаша эссе жазып, оқып беру:

а) Орманшы болсам…

ә) Министрболсам…

VII.Жарнама (әр топқа әр түрлі заттар беріледі олар оны жарнамалайды) (10 балл)



VII. Ағаш егіп, гүл егіп, қамқаор болып жүрелік
1. Қар астында қыстайды, ақпен бөркін тыстайды (бәйшешек)
2. Өзіне шап - шақ, киген қалпағы аппақ, балалар тұр қаптап (бақ - бақ)
3. Бек тұрған белін буып тек тұрған (бидай)
4. Бауыздасаң қан орнына су ағар (қауын)
5. Арбиған әкесі бар, тарбиған шешесі бар (шие ағашы)
6. Түсі бар ақты - көкті қызылала,
Пайдасы адамзатқа тиген жаңа,
Қойыпты ортасына қазық қағып,
Сүйкімді көреді екен бала - шаға (алма ағашы)
7. Бір ағашта қырық бұтақ,
Қырық бұтақта қырық ұя,
Қырық ұяда қырық жұмыртқа,
Қырық жұмыртқада қырық балапан (бидайдың масағы)
8. Сусыз піскен ас көрдім, домаланған бас көрдім (қауын)
9. Көк лағым көгенде тұрып семірген (қарбыз)
10. Пішіні бар домалақ, көріп қойдым сығалап, жақсы болса тұрмысы, шығады екен қоғалап, бес ай уақыт өткенде қаптап алдым құмалақ (картоп)

Сайыстың жеңімпаздарын анықтау үшін сөзді әділ – қазылар алқасына береміз – Марапаттау рәсімі.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет