Негізгі орта білім беру деңгейінің «Технология» білім саласы пәндерінің



бет2/5
Дата18.02.2018
өлшемі0,86 Mb.
#38039
1   2   3   4   5

6. Оқу пәнінің 9-сыныптағы базалық білім мазмұны
43. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, еңбекті қорғауға байланысты жалпы талаптар, өндіріс санитариясы, электр және өрт қауіпсіздігі;

2) практикалық жұмыстар: еңбекті қорғауға, электр және өрт қауіпсіздігіне байланысты талаптармен таныстыру;

3) еңбек нысандарының түрлері: еңбекті қорғауға, электр және өрт қауіпсіздігіне байланысты нұсқаулықтар.

44. Ауыл шаруашылығы өндірісінің техникасы мен технологиясы – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, ауылшаруашылық техникасы түрлері мен олардың мақсаттары жайлы жалпы мәліметтер;

2) жер өңдеуге, өнімді егуге және жинауға арналған машиналар, механизмдер мен аспалы құралдар. Ауылшаруашылық өнімін өңдеу және сақтау;

3) практикалық жұмыстар: жер өңдеуге арналған ауылшаруашылық техникасымен таныстыру;

4) еңбек нысандарының түрлері: соқа, тұқымсепкіш, қопсытқыштың құрылысын зерттеу.

45. Ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы – 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, кесу арқылы ағашты механикалық түрде өңдеудің негізгі әдістері;

2) кесу процесі туралы негізгі мәліметтер, ағаш өңдеуге арналған электрлендірілген қол саймандары, үстінгі қабаты күрделі;

3) бұйымдардың графикалық бейнесі, күрделі үстінгі қабаттарды қайрап жетілдіру әдістері, күрделі үстінгі қабаттарды маршруттық және операциялық карталар бойынша қайрап жетілдіру, ағаш бұйымдарын өңдеу және өңдеуге арналған материалдар;

4) практикалық жұмыстар: әшекейленген кәдесый бұйымдарын ағаштан және қолда бар материалдан токарь станогында немесе қолмен жасап шығару;

5) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар.

46. Металлды қолмен және механикалық түрде өңдеу– 8 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, фрезерлеу арқылы металлды өңдеу, фрезерлік станогінің құрылысы;

2) негізгі фрезерлік операциялары, бөлшектерді өңдеудің дәлдігі,

3) өңделетін бөлшектер беттерінің кедір-бұдырлығы;

4) металлөңдеу өндірісіндегі өндірістік және технологиялық процесі туралы түсінік, металлдан бөлшек қалыптастыру әдістері;

5) практикалық жұмыстар: жазықтық-фрезерлік станогі құрылысымен және оны басқару әдістерімен таныстыру, негізгі фрезерлік операцияларын қолдана отырып, жазықтық-фрезерлік станогында технологиялық карта бойынша бұйымдар жасау;

6) еңбек нысандарының түрлері: металл кесегінен тікбұрышты және сатылы аралық жасау.

47. Сәндік-қолданбалы өнері элементтерін қоса отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, туған өлкенің көркем халықтық кәсіптері;

2) күбе мен сандықты жасау технологиясы, домбыра тарихынан, музыкалық аспаптардын құрылысы ерекшеліктері, кәдесыйға арналған домбыраны жасау технологиясы;

3) кәдесый бұйымдарын ағаштан немесе қолда бар материалдан жасау, бұйымдарды көркем әшекейлеу, ағашты көркем ою түрлері, ағашқа арналған токарь станогында сәндік-қолданбалы мақсатындағы бұйымдар жасау;

4) практикалық жұмыстар: бұйымдардың және оларды сәндік әшекейлеу эскиздерін әзірлеу, құрылымдау және өндіру материалдарынан қолмен және машина арқылы өңдеу технологияларын қолдана отырып бұйымдар жасау.

5) еңбек нысандарының түрлері: шаруашылық-тұрмыстық мақсатындағы бұйымдар, сандық, кәдесыйға арналған домбыра, ойыншықтар, асүйлік аспаптар, интерьер бұйымдары, әшекей заттары.

48. Электротехника және электроника негіздері – 3 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметте, халық шаруашылығының дамуына электротехниканың маңыздылығы;

2) электротехникалық жұмыстарының негізгі түрлерінің жалпы сипаттамасы: монтаждау, орау-оқшаулау, құрастыру, пайдалану, жөндеу;

3) электротехника материалдарының жіктелуі: салыстырмалы электр кедергісі, тығыздығы, балқуы, тот басуға қарсы төзімділігі, дәнекерлеу арқылы бірігу қабілеті. Өткізгіш материалдарын қолдану аймақтары, электр оқшаулау материалдарының негізгі қасиеттері;

4) электр құрылғылардың жалпы сипаттамасы: мақсаты, негізгі сипаттамасы, электр құрылғыларын монтаждау және тексеру ережелері. Жартылай өткізгіш құралдары: жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторлардың қасиеттерінің сипаттамасы (бір жақты өткізгіштік, электр дабылдарын күшейту қасиеті) және схемаларда олардың шартты белгілеулері. Жартылай өткізгіш диодтар мен транзисторларды тексеру әдістері, құрылу және монтаждау ерекшеліктері;

5) практикалық жұмыстар: әр-түрлі электротехникалық жұмыстарды орындау: монтаждау, орау, оқшаулау, құрастыру, тұрмыстық құралдарын жөндеу. Қарапайым электр құрылғысын монтаждау, фильтрлеу тізбектері, тербеткіш контур;

6) еңбек нысандарының түрлері: дыбыс генераторы.

49. Шығармашылық жобалау іс-әрекеті. – 5 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, зерттеу шығармашылық жобалау іс-әрекеті, оңтайландыру және ойлап табушылық;

2) қолмен және токарь әдісімен қазақ сәндік-қолданбалы элементтері бар бұйымдарды ағаштан, металлдан, теріден және басқа қолда бар материалдан асүйлік аспаптарды, тұрмыстық заттарды, ойыншықтарды, кәдесый бұйымдарын жасау жобасын өз бетінше орындау;

3) практикалық жұмыстар: тұынушының қажеттілігіне байланысты болашақ бұйымның функционалдық ерекшеліктерін және таңдауын дәлелдеу, жобаны әзірлеу және орындау;

4) еңбек нысандарының түрлері: жеке тұлғалық және қоғамдық маңыздылығы бар бұйымдар.

50. Қазіргі заманғы өндірісі мен техникалық және кәсіптік білім беру – 1сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінің түрлері, кәсіптік іс-әрекетке деген қазіргі заманғы талаптар, кәсіп пен мамандық және жұмысшының біліктілігі туралы түсінік, мамандық таңдау кезінде жеке тұлға қасиеттерін ескеру, еңбек пен білім беру қызметтерінің аймақтық нарығы, кәсіптік білім алу және жұмысқа орналасу жолдары туралы мәлімет іздестіру;

2) практикалық жұмыстар: аймақтық еңбек нарығындағы жұмыс берушілердің ұсыныстарын зерттеу, әр-түрлі көздерден кәсіптік және техникалық білім алу мүмкіндіктері туралы мәлімет іздестіру, анықтамалық әдебиетпен жұмыс істеу, өмір жоспарын құру және резюме жазу;

3) еңбек нысандарының түрлері: басқарушы қызметтердің, мамандардың және басқа кызметшілердің біліктілік анықтамалығы.



7. Оқу пәнінің 5-сыныптағы базалық білім мазмұны

Технология қыз балаларға арналған
тақырыптық жоспар: кесте 1



Бөлім атаулары

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Кабинетте жалпы тәртіп сақтау, қауіпсіздік техникасы ережелері, санитарлық-гигиеналық талаптар және еңбек қауіпсіздігі

1

1



2

Тағам әзірлеу технологиясы

4

1

3

3

Маталармен танысу. Мата өңдеу технологиясы. Тігін машинасымен жұмыс жасау

17

4

13

4

Тұрғын үйдің ішкі көрінісі

2

1

1

5


Киім және аяқкиім күтімі. Жеке бас гигиенасы

1

1





6

Көкөніс өсіру – өсімдік шаруашылығының бір саласы

3

1

2

7

Жоба

6

1

5




Барлығы:

34

10

24

51. Қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау – 1 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер,мектеп шеберханасындажалпы тәртіп сақтау ережелері, құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің қауіпсіз тәсілдері, күйік және басқа да жарақат алғандаалғашқы медициналық көмек көрсету, қолмен жұмыс істейтін құралдармен жұмыс кезіндегі қауіпсіздік ережелері (қайшы, ине, біз, және т.б.).

52. Тағам әзірлеу технологиясы – 4 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тамақтану физиологиясы, тамақтану режимімен танысу, тиімді тамақтану, азық-түлік өнімдерімен жұмыс. Асүй мен асүйдің жабдықталуына; тағам дайындайтын адамға; тағамдардың дайындалуына; азық-түліктер мен дайын тағамдардың сақталуына қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар;

2) ыстық ыдыс-аяқтар мен сұйықтықтарды пайдалану кезіндегі; электрқыздырғыш аспаптарды қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Ішкі тәртіп ережелері, ас үй ыдыстары және оларды күту, тамақтанудағы көкөністердің маңызы, экологиялық таза өнімдер;

3) көкөністердің жіктелуі, көкөністердің қоректік құндылығы, көкөністерді алғашқы өңдеу ережелері, тамақтың түйсіктік (органолептикалық) көрсеткіштеріне баға беру, азық-түлікті үнемді және тиімді пайдалану, жұмыртқадан жасалған тағамдар, жұмыртқаны пісіру тәсілдері, бутерброд түрлері, бутерброд дайындауға арналған азық-түліктер;

4) ыстық сусындар: шай, кофе, какао, кисель. Шай түрлері, таңғы ас дастарқанын жабдықтау, майлықтарды қаттап салу тәсілдері, дастарқан басындағы мәдениет, қазақ халқының қонақжайлылығы туралы;

5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): жаңа піскен көкөністерден тағамдар дайындау, көкөністерді турау, тағамдарды әсемдеу, көкөніс винегреті, жұмыртқадан жасалған тағамдар дайындау, ашық, жабық бутербродтарды дайындау, қазақтың ұлттық тағамдары, шай дайындау (қазақша), таңғы ас дастарқанын жабдықтау, тамақтың дәмін татып көру, түйсіктік (органолептикалық) көрсеткіштеріне баға беру. Ыдыс-аяқтар мен аспаптар: пышақ, үккіш, шикі және пісірілген көкөністерді турауға арналған тақтайлар, тегеш, кастрөл, қасықтар, стақандар, шанышқылар, табақ,кондитер қабы, тостер, су қайнатуға арналған шәйнек, шай қайнатуға арналған шәйнек;

6) көрнекіліктер: оқулық, технологиялық карталар, табиғи өнімдер;

7) көрсетілім (үлгі бойынша көрсету): нан және тағы басқа да азық-түліктерді турау тәсілдері, плакаттар, кестелер, сызбалар, піскен және шикі көкөністерден дайындалған тағамдарды әсемдеу, бутерброд түрлері. Шай түрлері, қапталуы, сақталуы.

53. Маталармен танысу – 1 сағат:

54. Мата өңдеу технологиясы – 10 сағат:

55. Тігін машинасымен жұмыс жасау – 6 сағат:

1) негізгі теориялық мәліметтер, тоқыма талшықтарының жіктелуі, мата өндірісі, мақта және зығырдың қасиеттері, маталарды дайындау технологиясы, мата құрылымы, мата тоқудың қарапайым түрі, қол жұмыстарын орындауға арналған жұмыс орнын ұйымдастыру, қол жұмыстарын орындауда қолданылатын аспаптар мен құралдар;

2) қауіпсіздік техникасы ережелері, қол жұмыстары, инешаншым мен тігім түрлері, қол жұмыстарын орындауға қойылатын талаптар, ылғалдық-жылулық өңдеу, қазақтың ұлттық ою-өрнектері, ою түрлері және дайындау реттілігі, жапсырма өрнектер, ұлттық кестелер, композиция, ою-өрнек, узор, раппорт, мата, жіп, инелерді таңдау, қолмен кестелеуге арналған тігіс түрлері, тігін машиналарының түрлері, тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс істеу ережелері, машинамен жұмысты орындауда техникалық қауіпсіздік ережелері;

3) машина тігістерінің түрлері, терминологиясы, машина тігістеріне қойылатын талаптар;

4) сарамандық жұмыстар: мақта және зығыр талшықтарын зерттеу, қағаздан қарапайым жаймалық өрім тоқу макетін жасау, матаның өңі жағын анықтау. Қол жұмысы кезінде қолданылатын аспаптармен, құралдармен танысу. Қолмен орындалатын инешаншымдар мен тігімдер, тігіс түрлерінің орындалу технологиясы;

5) қарапайым тігістерді орындау: көшіру, көктеу, бүгіп көктеу, көктеп тігу, жапсырып тігу, торлау, айқас және тізбек тігіс. Жапсырма өрнекті торлау тігісімен өңдеу, тігін машинасын жұмысқа дайындау, тігін машинасымен жұмыс;

6) машина тігістерін орындау: сырып тігу, ашық және жабық қиықты бүгіп тігу, жабық қиықты жапсырып тігу, жөрмеу, шеттіктеу тігісі. Жапсырма өрнекті ирек тігіммен өңдеу;

7) қажетті құралдар мен жабдықтар: «Мақта», «Зығыр» коллекциясы, лупа, оқулық, қағаз, қайшы, мата үлгілері мен қиындылары, желім, түйрегіштер, инелер, фурнитура, жіптер.

8) көрнекіліктер: тігін машинасының сызбасы, тігін машинасының түрлері, үтіктеу тақтасы, үтік, тоқыма үлгілері, технологиялық карталар;

9) көрсетілім (демонстрациялау): талшықты күйдіру жолымен матаның талшық құрамын анықтау, матаның негізгі және арқау жіптерінің бағытын анықтау, тігін машинасын жұмысқа дайындау.

56. Тұрғын үй интерьері – 2 сағат:

1) тұрғын үйдің (үй, пәтер) сипаттамалық ерекшеліктері, пәтердің жабдықталуы (жиһаздар мен жабдықтарды орналастыру), үйде жайлы жағдай жасау, үйдің ішкі көрінісі, дизайнер мамандығымен танысу, дизайнер міндеті, жеке тұлғалық қасиеттері;

2) салт-дәстүрлерге байланысты бұйымдар (ұлттық ою-өрнекті қазіргі жағдайға бейімдеп қолдану), қонақ күту ережелері, қазақ халқының қонақ күту ерекшелігі;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): ас үй, жатын бөлме, асхананың ішкі көрінісін дайындау. Кітапша дайындау: қонақ қабылдау ережесі, сенің туылған күнің (көңіл көтеру бағдарламасы);

4) материалдар: қатырма қағаз, түрлі түсті қағаз, ермексаз, мата қиындылары, түрлі түсті қаламдар, қайшы, желім, күнделікті қажетті материалдар;

5) көрнекілік: түрлі түсті қағаз, «Интерьер» журналы. Көрсетілім: ас үй, жатын бөлме, асхананың ішкі көрінісін дайындаудың үлгілері.

57. Жеке бас гигиенасы, киімді және аяқкиімді күту – 1 сағат:

1) салауатты өмір салты, салауатты өмір салтының факторлары, денсаулыққа зиянын келтіретін факторлар, рухани денсаулық, киім және аяқкиім гигиенасы, киім мен аяқкиімге қойылатын гигиеналық талаптар, киім мен аяқкиім күтімі, шартты белгілер (кір жуу, үтіктеу). Киімді: термоаппликациямен, сәндеп жамаумен жөндеу;

58. Көкөніс және өсімдік шаруашылығының саласы – 3 сағат:

1) маңызды көкөніс дақылдары, нәрлілік және емдік қасиеттері, пияз тектес өсімдіктер, асқабақ тектес өсімдіктер, асханалық тамыр жемісті өсімдіктер, ақпараттар мен тарихи анықтамалар;

2) көкөніс дақылдарын өсірудің ерекшеліктері: пияз, сарымсақ, қияр, қызылша, шалқан, қызанақ, қырыққабат. Көшет отырғызу негіздері (қырыққабат, қызанақ, бұрыш, баклажан, кәді);

3) сарамандық жұмыс: бөлме жағдайында көшеттер отырғызу, көкөністерді өсірудің реттілігі (жәшікте немесе гүлсауытта), көкөніс отырғызу, күту, көшіріп отырғызу, топыраққа көшіріп отырғызу, жинау және есептеу, күнделік арнау;

4) құрал-саймандар, жабдықтар, көрнекілік: плакаттар, кестелер, слайдтар, жәшіктер, сауыттар, күрек, кетпен, тырнауыш, айыр, шелек, су құйғыш, бақша қайшысы;

5) тұқым коллекциясы: қызанақ, қырыққабат, пияз. Жұмсақ мата, астау немесе түбі терең ыдыс;

6) топсеруен: көкөніс сақтайтын орын, жылыжай, мектеп алды алаңы.

59. Жоба – 6 сағат:

1) шығармашылық жобаны таңдау және негіздеу, жоба тақырыбын таңдау, мақсаты мен міндеті;

2) шығармашылық жоба нысандары: кілемше, панно, көрпе, үйкек (зат астына қоятын бұйым), майлық, жастық дайындау. Ине қыстырғыш жастықшаны жобалау және дайындау. Әшекейлеу тігістерімен безендірілген, кестеленген шағын сумка қалташа;

3) құрал-саймандар, жабдықтар, материалдар, инелер, қайшы, сызғыш, сантиметрлік таспа, бор, түйрегіш, қорап, папка, полиэтиленді пакет, тігін машинасы, үтіктейтін тақта, үтік, қатырма қағаз, аралық төсем материалдары (синтепон, ватин, флизелин), мақта мата қиындылары, «мулине» түрлі түсті жіптері;

4) күтілетін нәтиже: технологияның жаңа интегративті білім беру саласын оқып-үйрену, оқушыларды арнайы және жалпы еңбекке баулуға мүмкіндік туғызып, интеллектуалды, физикалық, этикалық, эстетикалық дамуын және кәсіптік өзін-өзі анықтауы мен қазіргі әлеуметтік-экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз етеді;

5) шығармашылық тапсырмалар оқушыларға жеке адамдардың, әлеуметтін қажеттіліктерінде және оларды орындауда, бұйым жасауға мүмкіндік береді.
8. Оқу пәнінің 6-сыныптағы базалық білім мазмұны
тақырыптық жоспар: кесте 2



Бөлім атауы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы. Көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар

3

1

2

2

Тағам әзірлеу технологиясы

6

2

4

3

Маталармен танысу. Тігін машинасымен жұмыс жасау. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу

16



3



13



4

Тұрғын үй интерьері. Тұрғын үй гигиенасы. Киім және аяқкиім күтімі

3



1

2

5

Жоба

6

1

5




Барлығы:

34

8

26

60. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру технологиясы – 3 сағат:

1) көкөніс саласындағы күзгі жұмыстар, өнім жинау, тұқымдарды іріктеу және сақтауға қою;

2) көктемдік көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, оны көктемде отырғызу. Орамжапырақ, сәбіз, қызылша тұқымын іріктеу, жинау. Көкөніс дақылдарын арамшөптерден, зиянкес жәндіктерден, аурулардан сақтау шаралары. Жеміс ағаштары мен жидек дақылдарына жалпы сипаттама, жеміс ағаштарын отырғызу ережесі, бақша күтімі;

3) жидек дақылдары: қойбүлдірген, қарақат, қарлыған, таңқурай. Жидек бұталарын вегетативтік көбейту, отырғызу ережесі. Жемістердің пісіп жетілу мерзімін анықтау, жеміс-жидек дақылдарын жинау, өнімдерін есепке алу;

4) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): жидек бұталарын вегетативтік көбейту, күздік көкөніс дақылдарының көшеттерін өсіру, оны көктемде отырғызу, жидек бұталарын кесу, тұқым жинау, қысқа жидек бұталарын, бақшаны дайындау, күнделік жүргізу;

5) құрал-жабдықтар: жәшіктер, күрек, тырма, кетпен, шелектер, бау қайшы, секатор;

6) көрнекілік: бөлім бойынша кестелер, плакаттар, тұқымдар коллекциясы, «Жер өнімі» кітабы, слайдтар.

Топсеруен: жылыжай, мектеп жанындағы учаске, көкөніс қоймасы.

61. Тағам әзірлеу технологиясы – 6 сағат:

1) қазіргі ас үй бөлмесі, электр жабдықтарын қолдану ережесі, қауіпсіздік техникасы ережесі, өзін-өзі ұстау мәдениеті, қонақ күту ережелері, қазақ халқының үй керек-жарақтары мен киіз үй жиһаздары, күнделікті үй керек-жарақтары, азық-түлік өнімдерін және ыдыс-аяқтарды сақтау, тағам әзірлеу және тамақтану бойынша жалпы мәліметтер;

2) минералды тұздар, макроэлементтер, микроэлементтер олардың азық-түлік түрлеріндегі құрамы. Аспаздық өңдеу кезінде азық-түліктердегі минералдық тұздарды сақтау әдістер, азық-түліктерді жылумен өңдеу, көкөністерден тағам әзірлеу технологиясы, қуырылған және қайнатылған көкөніс тағамдары;

3) макарон, бұршақ, жарма өнімдерінен дайындалған тағам. Макарон, бұршақ, жарма өнімдерін қайнатуға әзірлеу. Жармадан (қарақұмық, арпа, сұлы) үгілмелі, тұтқыр (жабысқақ) және сұйық ботқа дайындау ережесі.

4) ыдыс және құрал жабдықтар. Ботқадан келесі тағам түрлерін дайындаудың қысқаша сипаттамасы: пісірмелер, котлет, жармалық, пудинг. Тағамды пісіру мерзімі және дайын болуын анықтау тәсілдері, бұршақтұқымдастардан тағам дайындау ережесі. Жарма, бұршақ және макарон өнімдерін пісіру кезінде жүретін процестер. Түрлі консистенциялы ботқалар мен гарнирлер пісіру кезіндегі жарма, бұршақтұқымдастар және макарон өнімдері мен судың арасындағы арақатынас мөлшері. Ботқа, жарма, бұршақтұқымдастар және макарон өнімдерін пісіруге қолданылатын ыдыстар мен аспаптар. Тағамның дайын болуын анықтау тәсілдері, дайын тағамды дастарқанға ұсыну, сүт және сүт өнімдері, сүт және сүт өнімдерінің адам тамақтануындағы маңызы, Қазақтың ұлттық тағамдарының ішінде сүт тағамдарының алатын орнының ерекшелігі, сүт және сүт өнімдерінің аспаздық маңызы;

5) сүттің қоректік құндылығы, химиялық құрамы: майлар, белоктар, сүт қанты, дәрумендер. Сүт ассортименті, сақтау шарттары мен мерзімі, сүтті сақтау тәсілдері;

6) ұлттық тағамдар: жент, ашыған көже, қымыз, шұбат, айран, шалап;

7) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): ағзаның тәуліктік қажеттілігін қанағаттандыратын ас мәзірін құру, азық-түлік мөлшерін есептеу. Түскі, кешкі асқа дастарқан әзірлеу. Қазақ халқының дастарқан жабдықтау ерекшелігі, қуырылған және қайнатылған көкөністен тамақ дайындау (картоп езбесі және сәбізден жасалған котлет), сұлы жармасының ботқасы, макарон қайнатпасы, мнтақ ботқасы, бұршақтан әзірленген езбе, томат қосылған үрмебұршақ, сүтпен пісірілген ботқалар. Ыдыс-аяқ және құрал-жабдықтар: кастрөлдер, қасық, стақандар, шұңғыл табақ, қазан, кепсер, сонымен қатар ұлттық тағамдар дайындауға арналған ыдыстар мен керек-жарақтар;

8) Көрнекілік: Қазақ халқының тұрмыс мәдениеті жөніндегі кітап, технологиялық және нұсқаулық карталар, ұлттық ыдыс-аяқтар мен аспаптар: зерен – қымыз бен шұбат құюға арналған терең ыдыс, шара немесе тегене – қымызға арналған ыдыс, ожау – қымыз құюға арналған ұзын сапты аспап, кепсер – қазанға бауырсақ пісіруге және оны қалқып алуға арналған аспап, құмыра – сүт, айран, шұбат және су сақтауға арналған ыдыс.

62. Маталармен танысу – 1 сағат:

1) жануарлардан алынатын табиғи талшықтар: жібек, жүн, мамық, түбіт. Алу тәсілдері, бұл талшықтардан жіп алу жіп иіру өндірісінде және үй жағдайында жүргізіледі, жануарлардан алынатын табиғи талшықтардың және де олардың негізіндегі жүн, жібек жіптер мен маталардың құрамы, экологиялық қасиеттері. Маталардағы саржалы, сәтенді, атластық өрімдер. Өрім раппорты туралы түсінік. Матаның өңі мен теріс жағы, мата ассортименті туралы қысқаша мәлімет;

2) сарамандық жұмыс: жүн, жібек, зығыр, мақта талшықтарын және жіптерін айыра білу;

3) құрал-жабдықтар мен материалдар: жүн және жібек маталардың бір-бір үлгілері, жуан ине, дәптер, мата түрін анықтауға арналған кесте;

4) көрнекілік: «Жібек», «Жүн» коллекциялары (салыстыру үшін), «Талшықтар, мата түрлері қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы» кестесі, маталар ассортименті.

5) көрсетілім: маталарды талшықтық құрамы бойынша айыру, негіз бен арқау жіптерінің өрім түрлерін (жаймалық, саржалық, атластық) отқа жағу және тоқыма жіптерінің өрімі арқылы анықтау.

63. Тігін машинасымен жұмыс жасау – 2 сағат:

1) тігін машинасының қызметі, құрылымы және жұмыс істеу принципі: жоғарғы және төменгі жіптердің керілісі, инешаншым ұзындығын реттеу, табанды бастыру. Жоғарғы және төменгі жіптердің керіліс күшін өзгерту арқылы машинаның тігім сапасын реттеу;

2) машина инесінің құрылысы және инені орнату, мата түріне байланысты ине мен жіп жуандығын таңдау, машина инесінің ақаулары немесе оны дұрыс орнатпау себебінен болатын ақаулар, тігін машинасының күтімі, тазалау және майлау, ирек тігімді қолдану;

3) сарамандық жұмыс: әр түрлі маталарға арналған машиналық тігім сапасын реттеу, машина инесін таңдау және орнату, қиықтарды торлау, жапсырманы орындау;

4) құрал-жабдықтар мен материалдар: мата қиықтары, қайшы, машина инелері (әр түрлі нөмірлі), жіптер;

5) көрнекілік: кестелер - «Ине құрылысы», «Тігін машинасының күтімі», «Дұрыс тігім», «Тігін машинасындағы ақаулар», үлестірме материал, тігім үлгілері;

6) көрсетілім: тігін машинасының жұмысындағы инені, жіпті дұрыс таңдамау, сонымен қатар жіптердің керілісін дұрыс реттемеу салдарынан пайда болатын ақаулар;

7) топсеруен: тігін фабрикасына, тігін салонына.

64. Киімді жобалау, дайындау және көркем әшекейлеу –13 сағат:

1) киім және оған қойылатын талаптар, киімнің мақсатты арналуы, жобалау, алжапқыш сызбасын жасауға арналған өлшемдер, өлшем алу ережелері, негізгі сызықтар, киімді модельдеудің негізгі кезеңдері, эскиз, алжапқыш үлгілері, фасон, түс және әрлеу,

2) конструкциялау, пішу жұмыстары, матаны үнемді пайдалану,

3) алжапқыш дайындаудағы технологиялық реттілік, қауіпсіздік техникасы, санитарлық-гигиеналық талаптар.

4) сарамандық жұмыс: өлшем алу, М 1:4 шынайы өлшемде алжапқыш сызбасын жасау, сызбаны оқу, алжапқышты модельдеу, матаны және пішімді пішуге дайындау, матаға пішімді жаю (3 нұсқада), матаны бүктеу және терістеме жағында төсеу, пішім бөлшектерін өңдеуге дайындау, уақытша және тұрақты біріктіруге арналған инешаншымдар мен тігімдер, алжапқыш пен үшкіл орамал дайындау.

5) құрал-саймандар мен материалдар: пішімдер, альбом парақтары, қимаүлгі, түрлі түсті қағаздар, үлкен форматты қағаз, қайшы, қарындаш, бор, түйрегіштер, ине, жіп, оймақ.

6) жабдықтар: тігін машинасы, оверлок, үтік.

7) көрнекілік: технологиялық карталар, кестелер, алжапқыш фасондары.

8) көрсетілім: матаның негізгі және арқау жіптерінің бағытын анықтау, әрлеу түрлерінің үлгілері.

65. Тұрғын үй ішкөрінісі – 2 сағат:

1) ішкікөріністегі композиция түсінігі, ұлттық өмір салты мен тұрмыс-дәстүріне сай келетін тұрғын үй интерьерінің өзіндік сипаттары, тұрғын үй гигиенасы;

2) тұрғын үй интерьерін: эстамптармен, картиналармен, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдарымен әсемдеу. Қолөнер, ішкікөріністегі перделер, ішкікөріністегі жарықтың рөлі, тұрғын үй орынжайларын жинастыруға қойылатын санитарлық-гигиеналық талаптар, жиһаз күтімі, киіз үй және оның жасауы, қазақ халқының тұрмысындағы кілем бұйымдары, қазақ халқының әдет-ғұрыптары, дәстүрлері;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): киіз үй, балалар бөлмесінің дизайны. Киіз үй керек-жарақтары мен жиһазы, әшекейлері (қолда бар материалдардан М 1:4 көлемінде жиһаз дайындау және орналастыру), қабырға кілемі – түскиіз элементтерін тізбек тігіспен кестелеу;

4) көрнекілік: плакаттар, тұрғын үй ішкікөріністегі иллюстрациясы, картиналар, сәндік-қолданбалы өнер бұйымдары, кинофильмдер слайдтар.

5) көрсетілім: киіз үй макеті, көркем кітапшаларды.

66. Киім мен аяқ киім күтімі – 1 сағат:

1) жүн және жібек матадан тігілген киімдер күтімі. Мата, киім күтімі символдары. Былғары, күдері, велюрден тігілген киімдер күтімі ережесі. Былғары аяқ киімді тазалау, былғары аяқ киімге май немесе кастор майын сіңіру. Аяқ киімге суға төзімділік беруге арналған гидрофобиялық майлар, аяқ киім тазалауға арналған бір және бірнеше рет қолданылатын арнайы салфеткалар. Аяқ киім ішін дезодорациялау, аяқ киім формасын сақтау тәсілдері, аяқ киім кептіру ережесі, күдері аяқ киімді тазалау, күдері мен велюр түгін қалпына келтіру тәсілдері, лакталған былғарыдан, матадан тігілген аяқ киім және резеңке аяқ киім күтімі, аяқ киімді үй жағдайында кеңейту.

67. Жоба – 6 сағат:

1) жоба таңдау және негіздеу. Жобаның мақсаты мен міндеттері, нәтижесі. Жоба тақырыптары, бұйымды жарнамалау;

2) зерттеушілік қызмет, дизайнерлік және конструкторлық қабілеттер;

3) ізденіс жұмысы, шығармашылық жұмысқа арналған жұмыс орны;

4) шығармашылық жоба нысандары (таңдау бойынша), ішкікөрініс тарихы, қазақ ұлттық киіз үйі жиһаздары, ыдыстары, аспаптары (М 1:4 көлемінде дайындау және орын-орнына орналастыру, ұмытылған қазақ халқының ұлттық тағамдары рецептерін қайта жаңғырту жөніндегі ізденіс жұмыстары, кітапша жасау, қазақ ұлттық киімін әшекейлеу үшін қолданылатын кестелер (тізбек тігіc, қабырға тігіс, таңдай тігіс), техникасы және технологиясы, панно, картина және басқа да бұйымдар жасау. Кестеленіп жасалған қабырға кілемі – түскиіз элементтері, кесте тігуге арналған негізгі маталар (зығыр, жүн, сора, мауыт, жібек, мақта және аралас – үй және фабрикалық өндірістік маталар) мен әр түрлі сұрыпты жіптер. Сәнді жастықты жасау технологиясы;

5) құрал-жабдықтар мен материалдар: ине, қайшы, сызғыш, сантиметрлік таспа, масштабтық сызғыш, тігінші боры, түрлі-түсті қарындаштар, бояулар, тігін машинасы, үтіктеу тақтайы, үтік, картон, желім, кестелеуге арналған жіптер, мата қиықтары, киіз үй, жиһаз, ыдыс-аяқ жасауға арналған қолда бар материалдар.


9. Оқу пәнінің 7-сыныптағы базалық білім мазмұны
тақырыптық жоспар: кесте 3



Бөлім атауы

Сағат саны







барлығы

теория

практика

1

Тағам дайындау технологиясы

4

1

3

2

Мата түлерімен танысу. Киімді күту

2

1

1

3

Тігін машинасымен жұмыс жасау

2

1

1

4

Киімді жобалау және дайындау

12

2

10

5

Тұрғын үй интерьері

2

1

1

6

Қолөнер

6

1

5

7

Жоба

6

1

5




Барлығы:

34

8

26

68. Тағам дайындау технологиясы - 4 сағат:

1) балық және теңіз өнімдері, Қазақстан халықтарының дәстүрлі тағамдары, дастарқан жабдықтау түрлері (негізгі алты түрі), дастарқан жасауға арналған құралдар (негізгі және қосымша құралдар) асхана ыдыс-аяқтары, мерекелік дастарқанды жабдықтауға арналған майлықты әртүрлі пішімде бүктеу нұсқалары, қонақжай дастарқан (салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар), этикет ережелері, балық және теңіз өнімдерінің тағамдық құндылығы туралы түсінік, балық пен теңіз өнімдерін аспаздық өңдеу мүмкіндіктері, сақтау жағдайлары мен мерзімі, консерві банкілеріндегі шифр, балық сапасын анықтау тәсілдері, балықты алғашқы өңдеу, балық және балық өнімдерін алғашқы өңдеудің санитарлық шарттары, ас үй бөлмесіне, ыдыстарға және ас үй жабдықтарына қойылатын санитарлық талаптар;

2) тұрмыстық электр қыздырғыш құралдармен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік техникасы ережелері, балық және теңіз өнімдерінен тағамдар даярлау, тағамды жылу тәсілімен өңдеу, жаңа ауланған және тұздалған балықты бөлшектеу, жартылай дайын өнімдер даярлау.

3) сарамандық жұмыстар (таңдау бойынша): балықты еріту және бөлу, тұзды балықтарды бөлу, күріш және көкөніс қосылып, қуырылған теңіз балығы, картоппен пісірілген балық, қазақша пісірілген балық, балықтың жон етін фритюрде қуыру, консервіленген балықтан жасалған котлет.

4) ұн ұнтағы, кептірілген нан ұнтағы, кляр. Балықтан жасалған котлет, домалатпа, тефтели. Консервіленген балықтан жасалған котлет, дайын тағамдардың сапасына қойылатын талаптар;

5) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): өрік қосылған құймақ, балық фаршы қосылған құймақ. Қаймақ немесе тосаппен құймақ.

6) ыдыс – аяқ және құралдар: кастрөлдер, қаңылтыр табалар, тегеш, қасықтар, терең тостағандар, қазан, бөлшектеу тақталары, тарелка, шанышқы, кепсер.

7) көрнекі құралдар: қазақ халқының дәмді және құнарлы тағамы, тұрмыстық мәдениеті туралы кітап, технологиялық және нұсқамалық карталар, плакаттар, кестелер: «Түскі асқа дастарқан әзірлеу».

69. Мата түрлерімен танысу, химиялық талшықтардан тігілген киімді күту- 2 сағат:

1) химиялық талшықтар, олардың қасиеттері, химиялық талшықтарды өндіру технологиясы, химиялық талшықтардың қасиеттері (жасанды және синтетикалық), жасанды және синтетикалық талшықтардан жасалған маталар (ассортимент), химиялық талшықтардан жасалған бейматалар, аралықтөсем материалдары, киім өндірісінде маталарды пайдалану, химиялық талшықтардан жасалған киімдерді күту, адам организміне матаның экологиялық әсері.

2) сарамандық жұмыстар (таңдау бойынша): химиялық талшықтардан жасалған маталардың қасиетін анықтау (зертханалық-сарамандық жұмыс), табиғи және химиялық талшықтардан жасалған маталар құнының салыстырмалы талдауы, химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарға күтім жасау белгілерін үйрену, табиғи және химиялық талшықтан жасалған бұйымдарды жуу үшін кір жуатын ұнтақты таңдау.

3) материалдар мен құралдар: химиялық талшықтардан жасалған маталардың үлгілері, қиындылар, ине, дәптер, кестелер, аралық төсем материалдары (желімді аралық төсем, корсаж төсемі, желімдік өрмек, флизелин, синтепон), бейматалар үлгілері, жылулыққа салынатын материалдар;

4) көрнекі құралдар: химиялық талшықтар топтамасы, «Талшық, мата қасиеттерінің салыстырмалы сипаттамасы», «Мата түрлері» кестелері, «Жуу және ылғалдық-жылумен өңдеу тәсілдері», «Химиялық талшықтардан жасалған бұйымдарға күтім жасау белгілері» кестелері, жасанды және синтетикалық маталардан тігілген киім белгілері, оқулық, дәптер;

5) көрсетілім: аралық төсем және жылулық материалдары, маталардың құрамын анықтау, топсеруен, маталар салоны, тігін салоны.

70. Тігін машинасымен жұмыс жасау - 2 сағат:

1) машина тігістерінің түрлері: біріктіру, шет, әрлеу тігістері;

2) жөрмеу және шеттіктеу тігістерін орындаудың технологиялық процесі;

3) сарамандық жұмыстар: жөрмеу тігісін орындау, қиғаш жиекпен шеттіктеу тігісін орындау, қосарлы тігісті орындау;

4) көрнекі құралдар және жабдықтар: тігін машиналары, «Машина тігістерінің түрлері» кестесі, машина тігістерінің үлгілері, нұсқаулық карталар.

71. Киімді жобалау және дайындау – 12 сағат:

1) иық бұйымдарын конструкциялау және модельдеу (түнгі жейде, камзол);

2) қазіргі заманғы киім үлгілері және оған қойылатын талаптар, иық бұйымдарының түрлері мен сипаттамасы, киім силуэті, қазіргі киімдердегі негізгі стильдер, Қазақстан халықтарының ұлттық киімдері, қазақ халқының ұлттық киімдері, киімді дәстүрлі әсемдеу және ұлттық талғам, қазақ халқының ұлттық ою-өрнектері, киімді кестемен;

3) ою-өрнекпен көркемдеп әшекейлеу (жилет, камзол, баскиімдер), қамзол тігу кезінде бөлшектерді қатырмалау, жеңі тұтас пішілген иық бұйымының сызбасын жасау үшін өлшем алу, жеңі тұтас пішілген иықты бұйымның сызба негізін құрастыру, түнгі жейде негізінде иық бұйымының пішімін дайындау. Камзол, түнгі (ұйықтағанда киетін) жейде конструкциясын есептеу үшін қажетті формулалар;

4) иық бұйымдарын модельдеу ерекшеліктері. Әртүрлі формадағы иініш, бұйым ұзындығын, жеңін, мойын ойындысы пішінін өзгерту жолымен бұйымды модельдеу;

5) бұйымды әрлеу түрін және мата таңдау, түнгі жейде әзірлеуге кететін мата мөлшерін анықтау, пішімді пішуге дайындау, бұйымды пішу ережесі, бұйымды өлшеуге дайындау. Өлшеу жұмысын жүргізу, ақауларды жөндеу. Түнгі жейде тігу реттілігі технологиясы. Бұйым дайындауда қазақ халқының ұлттық өрнегін қолдану. Өрнекті тігу, жапсыру, қатырмамен өңдеу. Оқушылардың білімдері мен біліктіліктерін бақылау;

6) сарамандық жұмыс: бұйым әзірлеуге кететін мата мөлшерін есептеу, пішім жайылмасын матаға орналастыру, бұйымды пішу, бұйымды өлшеуге дайындау. Өлшеу жұмысын жүргізу, ақауларды жөндеу. Мойын ойындысы қиықтарын пішімдік әдіппен өңдеу, жең қиығын өңдеу, жейде бөлшектерін қосарлы тігіспен біріктіру, бұйым етегін өңдеу;

7) көрнекі құралдар: «Жеңі тұтас пішілген иықты бұйым сызбасы» кестесі, суреттер, буклеттер, ұлттық киім иллюстрациялары;

8) материалдар мен құралдар: пішімдер, шаблондар, қалың қағаз, түрлі-түсті қағаз, қайшы, қарындаштар, тігінші боры, түйрегіштер, инелер, жіптер, оймақ. Желімді төсем материалдары;

9) жабдықтар: тігін машинасы, оверлок, үтік;

10) көрсетілім: қамзол, түнгі жейде үлгілері, тігістер үлгілері, түйіндік өңдеу, сәндік әрлеу түрлері, флизофикспен өңделген өрнек үлгілері;

11) тігін фабрикасына, тігін салонына, ұлттық мұражайға топсеруен.

72. Тұрғын үй ішкөрінісі – 2 сағат:

1) пәтер ішкөрінісіндегі бөлме өсімдіктері. Бөлме өсімдіктерінің түсі, жапырақтарының формасы мен түстерінің жиһазға, түсқағазға және бөлменің жалпы түстік шешіміне сай келуі;

2) бөлме гүлдерінің орналасуы. Бөлме өсімдіктерінің түрлері, көбеюі және күтімі. Табиғи материалдардан жасалған бұйымдар;

3) сарамандық жұмыс (таңдау бойынша): табиғи материалдардан жасалған бұйымдар: қабырғаға ілінетін кашпо, панно, картиналар. Гүлдерден композиция құрау, икебана;

4) көрнекілік: буклеттер және ашық хаттар, бөлме гүлдері, балкон, лоджиялардың безендірілуі, «Менің үйім» («Мой дом»), «Таңдаулы Үй» (Элит Дом) журналдары, құрастырылған икебаналар;

5) топсеруен: оранжереяға, гүл салонына, гүлдер көрмесі.

73. Көркем әрлеу, ілгек бізбен тоқу - 6 сағат:

1) қолөнер тарихынан қысқаша мәліметтер, ілгек бізбен тоқуға арналған материалдар мен құралдар, ілгек біздерді таңдау;

2) тоқу тәсілдері, қолды дұрыс ұстау;

3) шалудың негізгі түрлері, айналдыра шеңберлеп тоқу, жіп және ілмек жіптің санын анықтау;

4) түрлі ілмекті орындау технологиясы, ілмекті бізбен іліп алу (шалмасыз бағанша, бір шалмалы бағанша, екі және көбірек шалмалы бағанша, жартылай бағанша);

5) шеңберлеп тоқу, селдір тоқыма, ілгек бізбен тоқу кезінде қолданылатын шартты белгілер;

6) сарамандық жұмыстар: шартты белгілерді үйрену, тізбекті бос ілмекпен, жарты ілмекпен, шалмасыз бағанша, бір шалмалы бағанша техникасымен тоқу, төсеніш, түскиіз «Шаршы», «Шеңбер» (жоба), «Алма» ұстағышын дайындау (жоба);

7) көрнекі құралдар мен жабдықтар: ілгек бізбен тоқу журналдары, ілгек бізбен тоқылған бұйымдар, тоқу үлгілері, ілгек біз жиынтығы, өрнектердің үлгілерін тоқуға арналған жіптер, шартты белгілер. «Ілгек бізбен тоқу тәсілдері» көрсетілген буклеттер, суреттер;

8) көрсетілім: тоқуға арналған жіптер, ілгек біздер, тоқу бойынша сән журналдары, дайын бұйымдар, тоқу үлгілері.

75. Жоба – 6 сағат:

1) жоба тақырыбын таңдау, мақсаттары мен міндеттері, сарамандық және зерттеушілік іс-әрекет, экономикалық және экологиялық талаптарды ескере отырып жобаны орындау идеясын жасау;

2) шығармашылық жоба: проблемалық жағдайлар (толғаныс, шешім қабылдау), жобаның мақсаты мен міндеттері, зерттеу;

3) бұйымдар идеясын таңдау критерийлері, ең жақсы идеяны таңдау, бұйымды әзірлеу үшін жұмсалатын материалдар;

4) бұйымды әзірлеу жоспары, дайын жұмысқа баға беру және өзін-өзі бағалау, өнімді өткізу;

5) шығармашылық жоба нұсқалары (таңдау бойынша): «Өз қолыңмен жасалған сыйлық» кепкен гүлдерден дайындалған пайдалы заттар, ілгек бізбен тоқу, қобдиша – құрақты әшекей, құрақтардан жасалған панно, гофра қағазынан жасалған көлемді панно (тығыздалып жасалған ұсақ дөңгелектер), дымқыл жүннен моншақ дайындау техникасы, тұзды қамырдан жасалған бұйымдар, бисермен әшекейленген жұмыртқа (панно, шырша ойыншықтары), өнердің керемет туындысы – коллаж;

6) құрал- жабдықтар мен материалдар: бұйымды дайындауға арналған маталар, түсі мен құрылымы әр түрлі жіптер. Киіз, драп, шұға, шибарқыт, ызба, шашақ, қайшы, ине, оймақ, желім, қарындаштар, қатты қағаз, бояу, түрлі-түсті қағаз, панно мен коллаж жасау үшін қолда бар материал, тігін машинасы, оверлок, үтік.


10. Оқу пәнінің 8-сыныптағы базалық білім мазмұны
тақырыптық жоспар: кесте 4



Бөлімдердің атауы

Сағат саны

барлығы

теория

практика

1

Тағам әзірлеу технологиясы

8

3

5

2

Машинатану элементтері. Тігін бұйымдарын жобалау және дайындау (белдемше)

10

2

8


3

Отбасы экономикасы. Кәсіпкерлік

4

2

2

4

Тұрғын үй интерьері

1

1




5

Қолөнер

6

1

5

6

Жоба

5

1

4




Барлығы:

34

10

24

Каталог: files -> blogs
blogs -> Тақырыбы: Ленинград қорғанысы Мақсаты: Білімдік
blogs -> Программа по предмету «Русский язык»
blogs -> Сабақ түрі : Аралас сабақ Әдіс-тәсілдері : баяндау, түсіндіру, сұрақ-жауап, ой туғызу, қызығушылығын ояту,топпен жұмыс
blogs -> «Мұрагер»» бағдарламасы жайлы
blogs -> Негізгі орта білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы пәндерінің
blogs -> Оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында ғылым негіздерін оқытудың ерекшеліктері туралы
blogs -> Национальная академия образования им. Ы. Алтынсарина
blogs -> Бастауыш білім беру деңгейінің «Өнер» білім саласы бойынша
blogs -> Сабақ тақырыбы: Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа»
blogs -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет