Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңы



бет1/7
Дата08.10.2019
өлшемі124,82 Kb.
#49385
  1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары
fd5gd1s4f, fd5gd1s4f

  1. 1 билет Неолит ескерткіштерінің шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. 2. Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын талдаңыз. 3. Қарахан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Неолит ескерткіштері шоғырланған аймақтары, олардың негізгі белгілері. Қазақстан аумағында 800-ге жуық неолиттік тұрақтар табылған. Шоғырланған аймақтары негізінен Оңтүстік Қазақстан ( Қараүңгір, Сексеуіл) Солтүстік Қазақстан (Пеньки), Орталық Қазақстан ( Зеленая Балка, Қарағанды, Жезқазған) Қараүңгір Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданы жерінде орналасқан. Бұл жерде шақпақтастан жасалған құралдар, сүйек бұйымдары олардың ішінде көзі бар инелер, біз, тескіштер т.б. болған. Қызылорда облысындағы Сексеуіл тұрағында қой мен сиырдың, жабайы жылқылардың қаңқалары табылғандықтан олардың мал өсірумен жəне аңшылықпен айналысқанын айтамыз.Солтүстік Қазақстандағы Пеньки селосы маңындағы тұрақта тас шапқылар, жалпақ пышақтар, жаңқадан жасалған қырғыштар көбірек кездеседі. Тұрақты мекендеген адамдардың негізгі шаруашылығы орман, көлден, құс балық аулау, терімшілік болған.Орталық Қазақстан Қарағанды, Зеленая Балка тұрақтарынан үй малының сүйектері табылғандықтан, олар мал шаруашылығымен айналысты. Жезқазған жерінен 150-ге жуық тұрақ, көне кен жəне жерлеу орындары табылды. Қабірдің қабырғасы тас плиталармен қоршалған. Адамның басының солтүстік-батысқа қаратып шалқасынан жерлеген. Бұл – неолит дəуірі адамдарының өзіндік дүниетанымы, о дүниеде өмір жалғасады деген сенімі болғандығының куəсі. Шығыс Қазақстандағы қоныстардан ұсақ тастардан өткірленіп жасалған ұштар, кескіштер құрамалы құралдар жасау үшін пайдаланған жəне де жалпақ пышақ, жонғыш, қашаулар мен тас балталар да табылған. Неолит дəуірінде бұл аймақты мекендеушілер егіншілікпен, балық аулау жəне терімшілікпен айналысқан. 2.Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдардың атқаратын қызметтерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары. 1980 жылдың аяғы-1990 жылдың басындағы экономикалық, əлеуметтік жəне саяси салалардағы реформалар əртүрлі əлеуметтік топтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау үшін қоғамдық бірлестіктерді құруға ынталандырды.1991ж. 27 маусымда «Қазақ КСР-індегі қоғамдық бірлестіктер туралы» Қазақ КСР Заңы қабылданды. 1996 жылы Қазақстан Республикасының «Қоғамдық бірлестіктер туралы» жəне «Саяси партиялар туралы» Заңдары, 2002 жылы Қазақстан Республикасының «Саяси партиялар туралы» Заңы қабылданды.Біртіндеп елде «Қазақстанның халық конгресі», «Алаш», Қазақстанның социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Социалистік партиясы,Қазақстанның Республикалық партиясы жəне «Лад» республикалық славяндар қозғалысы, «Азат» Қазақстанның азаматтық қозғалысы, «Единство» қозғалысы, «Əділет» тарихи-ағартушылық қоғамы, «Поколение» зейнеткерлер қозғалысы т.б. құрылды. Айырмашылықтары: Қозғалыс, ұйым – азаматтардың саяси, əлеуметтік, экономикалық, мəдени салаларға байланысты көзқарастарын білдіретін, мүдделерін қорғайтын бірлестіктер. Олар қоғамдағы белгілі-бір проблеманы шешу үшін құрылып, сол проблема шешімін тапқан жағдайда өз жұмыстарын тоқтатуы мүмкін.Ал, ұйым кей жағдайда өзге мəселені көтеру үшін жұмысын жалғастырып немесе партия болып қайта құрылады. Партия –саяси ұйым, оның мақсаты билікке қол жеткізу. Партия қоғам мен мемлекет арасындағы дəнекерлеуші буын қызметін атқара алады.Өйткені ол, ең алдымен, өз қызметінде халықтың мұңын мұңдап, жоғын жоқтауы тиіс.Партиялық жүйе қоғамды демократияландыру мен ішкі саяси тұрақтылықты нығайту үрдістерінде маңызды рөл атқарады. Ұқсастықтары:Қандай салада құрылмасын ең алдымен халықтың мүддесін көздейді, қоғамдағы белгілі-бір мəселелерді шешуге бағытталады.Оны алдарына қойған мақсаттары мен партиялардың бағдарламаларынан аңғаруға болады.Қоғамдық қозғалыстар да, саяси партиялар да қоғамда түрлі көзқарастарды, көптүрлілікті, демократияландыруды дамытуға үлестерін қосады. Маңызы:Саяси партиялар мен қоғамдық қозғалыстардың дүниеге келуі халықтың қалың көпшілігінің саяси сана-сезімін, сондай-ақ саяси мəдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

  2. 2-билет 1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер. 2.Қасым мен Тəуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды талдаңыз. 3.1920 жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз жəне болған жылдарын анықтаңыз. Жауабы: 1.Мезолит адамдарының өміріндегі өзгерістер. Мезолит дəуірі палеолит пен неолиттің ортасы . Бұл уақытта рулық қауымда «Саналы адам» өмір сүрген. Туыстық қарым-қатынастар яғни жақынына көмектесу, қорғау, туысым деп сезіну пайда болды. Мезолит заманында рулық қауым күшейді. Ерлер мен əйелдердің арасында еңбек бөлінісі қалыптасты. Оның мəнісі ер адамдар, негізінен аң аулаумен шұғылданса, əйелдер көбінесе терімшілікпен айналысты. Қоғамда қауым мүшелерінің құқығы тең болды. Бірақ балалар мен ересектердің жас ерекшеліктеріне қарай міндеттері əртүрлі еді. Қариялар қауым ішіндегі берекені сақтады, əдет-ғұрыптарды іске асырды, ақылшы болды. Ересектер тамақ тапты, баспана салды, қауым мүшелерін жаудан қорғады. Балалар қауымнан өзіне тиісті үлестін –тамақ, киім алғанымен, қауым жиалысына қатыса алмады. Балалар тобынан ересектер тобына өту – бағыштау (инициация) ғұрыптары арқылы жүзеге асырылып отырды. Мысалы, ұлдар аң аулау əдістерінен, садақ атудан,қыздар үй шаруасы, тамақ дайындаудан сынақ тапсырды. Əдетте мұндай сынақтарға ұлдар мен қыз балалар кішкене кездерінен бастап дағдылана бастады. Қауым: қариялар, ересектер, балалар болып үш топқа бөлінді. Біздің топқа тіркел: 2.Қасым мен Тəуке хандардың билігін салыстыра отырып, ішкі, сыртқы саясатындағы ұқсастықтарды анықтаңдар. Қасым хан (1511-1518) Тəуке хан (1780-1715(1718)) Таққа отырмастан екеуі де қазақ елі арасында танылған даңқты жауынгерлер болды.Ішкі жағдайы екеуі де заң арқылы реттеуге тырысты. Екеуі де «Жарғы» заңын күшейткен. Қасым ханның «Қасым ханның қасқа жолы»заңдар жинағында: мүлік заңы, қылмыс заңы, егіншілік жоралары, жұртшылық заңы қарастылған. Тəуке ханның «Жеті жарғысында»: жердауы, үй іші мен бала тəрбиелеу, ұрлық-қарлық, бір халық пен басқа ру арасындағы дау, ұлтын жаудан қорғау, құн дауы, жер дауы қарастырылған.Екеуінің де сыртқы саясатындағы ортақ белгі Ресеймен сауда-саттық дипломатиялық қарым-қатынастың жасалуы. Территориялар үшін күрес жүргізілді;Екеуі де қайтыс болған соң, қазақ жері алауыздықтан, тұрақсыздықтан əлсірей бастайды. 3.1920 жылдардан бастап Қазақстанның астаналары болған қалаларды карта бойынша көрсетіңіз жəне болған жылдарын анықтаңыз.

  3. 3-билет 1.Алғашқы орта ғасырдағы Түрік қағанатын құрылуы мен саяси жағдайы. 2.1822 ж. «Сібір қырғыздары туралы ережесінің» қабылдануы, оның мəні мен мақсатын анықтаңыз. 3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Алғашқы орта ғасырлардағы Түрік қағанатының құрылуы мен саяси жағдайы. Алғашқы орта ғасырда Еуразияда құрылған Түрік қағантының жер аумғы шығыста Алтайдан бастап, батыста Каспий теңізіне дейінгі аралықты алып жатты. оңтүстік-шығысында Қытаймен, оңтүстік-батысында парсы елімен шектесіп, ұлан- байтақ аумаққа билік жүргізід. Түрік қағанаты жеріміздегі ірге тепкен алғашқы феодалдық мемлекеттің бірі. 545 жылы түрік қолбасшысына Қытай елшісі келіп, көп ұзамай екі ел арасында бейбіт қарым-қатынас орнайды. Алайда ұзақ уақыт жужандардың (авар) тепкісін көрген түріктер оларға қарсы баскөтере бастайды. Түрік қолбасшысы Бумын Жужан əміршісі Анағұй қағанға қалай тиісудің жолын іздейді. Ол үшін Бумын Анағұй қағанға маған қызын əйелдікке берсін деп елші жібереді. Мұны естіген Анағұй ашуланып, менің есігімде темір балқытушы болып жүрген құлдың қызымды сұрауға қалай дəті барды екен деп Бумын қағанды кемсітеді. Түрік қолбасшының да күткен жауабы осындай болса керек. Ол жəбірленуші ретінде, енді Жужан қағанымен ешбір келісімге келуге болмайды деп шешіп, онымен шайқасудың сəтін күтеді. Бумын қаған Қытай елімен саяси байланысты бұрынғыдан да нығайта түседі. Оның белгісі ретінде Қыта əміршісінің қызына үйленеді. Бұл жағдай түріктердің билігін басқа елдердің алдында бұрынғыдан да көтере түседі. Сөйтіп Түрік қағанаты біртіндеп күшейе түседі.552 Жужан қағандығы жеңіліс табады. Бумынның орнына Қара-Еске қаған келеді. Аварлар мен ұрыста Қара-еске қазаға ұшырайды, билік Мұқан қағанға көшеді. Осы уақытта Солтүстігі Саян тауынан шығысы Сары өзенге дейінгі аралықтағы тайпаларды бағындырады. Олар: қидан,арабтар, оғыз-татар т.б. тайпалар. Батысты бағындарған кезде билікке Иштеми келеді, ол 10 түмен қол бастаған Батыс түрік тайпаларының қолбасшысы болды.VІ ғасырдың 70-жылдарында Түрік қағанаты Солтүстік Кавказ бен Қара теңіздің солтүстік жағалауына дейін үстемдік етті. VІ ғасырдың екінші жартысындағы Түрік қағанатының билігін Азияның біраз аймағын қамтыды. Қытай, Иран, Визнтия сияқты атақты ірі мемлекеттермен терезесі тең түсіп, оларға өздерінің саяси жағынан ықпал жүргізген күшті мемлекеттің біріне айналды. 2. 1822 ж. «Сібір қазақтары туралы ережесінің» қабылдануы,оның мəні мен мақсатын анықтаңыз. Мал шаруашылығымен шұғылданған қазақ елінің XIX ғасырдың бірінші жартысындағы дамуында 1822 жылы қабылданған Сібір қазақтарының Жарғысы елеулі рөл атқарды. Бұл реформаның тарихи алғышарттары Қазақстандағы XVIII ғасырдың соңы мен XIX ғасырдың басында қалыптасқан əлеуметтік-саяси өзгерістерге байланысты. Қазақтардың 1773-1775 жылдары Пугачев басқарған шаруалар соғысына қатысуы, батыр Сырым Датұлының көтерілісі Қазақстандағы хандық билеу жүйесінін əлсірей бастағанын көрсетті. Халық арасында ықпалы кеміген қазақ хандары патша өкіметінің билеп-төстеу саясатына ойдағыдай қарсылық ұйымдастыра алмады.1781 жылы Орта жүз ханы Абылайдың дүние салуына байланысты таққа отырғызылған оның үлкен ұлы Уəлидің катыгездігі халықтың наразылығын туғызды. 1815 жылы патша үкіметі оған қосарлап екінші ханды - Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей, 1819 жылы Уəли қайтыс болғаннан кейін Орта жүзге хан тағайындалмады. Бұл жағдай Орта жүздегі билеу жүйесінің жаңа тəртібін кажет етті. Сібір генерал-губернаторы М.М.Сперанскийдің декабристермен жасырын байланыста болған Г. С. Батеньковтың мəлімет-кеңестеріне сүйене отырып дайындалған "Жарғының" басты мақсаты -Қазақстанның солтүстік-шығыс өңірін əкімшілік, сот, саяси жағынан басқаруды өзгерту, рулық-феодалдық тəртіпті əлсірету еді. Орта жүз əкімшілік жағынан ауыл, болыс, округ болып бөлінді. Ауыл - 50-70 шаңырақтан, болыс - 10-12 ауылдан, округ - 15-20 болыстан құралды. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына Тобыл, Том жəне Омбы облыстарымен бірге Сібір қазақтарының облысы да кірді. Орталығы Тобыл, ал 1839 жылы Омбы болды. Жарғы бойынша батыс шекарасы Орынбор даласына, оңтүстігі Шу өзеніне дейін созылған Сібір қазақтарының округі сыртқы жəне ішкі округтерге жіктелді. Бұлар - Қарқаралы, Көкшетау (1824 ж.), Баянауыл (1826 ж.), Аякөз (1831 ж.), Ақмола (1832 ж.), Үшбұлақ (1833 ж.), Аманқарағай (1834 ж.), кейінгі 40-50-жылдарда қүрылған Көкпекті, Құсмұрын, Алатау округтері еді. Округтер Омбы облыстық басқармасына бағынды, оларды басқару округтік приказдарға жүктелді. Сөз жүзінде округті билеу аға сұлтанның қолына берілсе де, патша өкіметінің іс шешуде көпшілік пікір алысу жүйесін енгізуі, сол аға сүлтандардың рөлін əлсіретіп, оларды сырттай бақылап отыруға мүмкіндік жасады. Аға сұлтанды тек сұлтандар ғана сайлады, оларға ресейлік майор əскери шені, ал он жылдан кейін дворяндық атақ берілді. Аға сұлтанды хан сияқты ақ киізбен көтеретін. Біртіндеп аға сұлтан бар болғаны Омбы облыстық басқармасының сойылын соғушы отаршылдық биліктің тірегіне айналды. Аға сұлтандар үш жылға сайланды. Болыс сайлау мерзімі өмірлік болды. Болыстық билік мұрагерлікпен берілді. Егер болыс сұлтанның мұрагері болмаса, оның орнын інісі немесе облыстық басқарма бекіткен туысы басатын. Болыстық сүлтандар Ресейдің əкімшілік сатысы бойынша 12-класқа жататын шенеуніктерге теңелді. Ауыл старшындары да аға сұлтан секілді үш жыл сайын сайланатын. Болыстық сұлтандарға бағындырылған болыстық старшындар құқықтары жөнінен Ресейдегі селолық старосталармен теңестірілді. "Жарғы" бойынша сот істері үшке бөлінді: қылмыстық істер, талап ету, болыстық басқармаға шағым айту. Қылмыстық істер империя заңдары негізінде округтік приказда каралды. Істі алдын ала тексеруге қазақ биімен қатар бір орыс шенеунігі қатыстырылды. Қазақтардың талап етуі бойынша қаралатын істер жергілікті ескі заң бойынша шешілетін. Округтік приказ шешімдерді қайта қарауға құқылы болды. Кейін Сібір казақтарын билеу Шекаралық басқармаға жүктелді. Оның төрағасын тағайындау үшін арнайы жарлық шығарылатын. Шекаралық басқарма Батыс Сібір губернаторына бағындырылды, оның төрағасы шетелдермен келіссөз жүргізу қүқығына ие болды. Жалпы алғанда, 1822 жылғы "Жарғы" Қазақстанның бай өлкесін шаруашылық жағынан игеруге қолайлы алғышарт жасады; екіншіден, патшалы Ресейдің отаршыл саясатын кеңейте түсуге жол ашқаны тез арада байқалып қалды. 3.Ақ Орда мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

  4. 4-билет 1. Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы , мəдениеті ) 2.«Үш жүз» бен «Алаш» партиясын салыстырыңдар. Сипаты, алдына қойған мақсатында қандай айырмашылықтар болды? 3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Қимақ қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы, мəдениеті) Қимақ қағанаты ІХ ғасырдың соңы-ХІ ғасыдың басында өмір сүрген. Моңғолияның солтүстік батысында мекендеген. Батыс Түрік қағанатының ыдыраған кезінде қимақтар өз алдына тайпа ретінде көріне берді. Қимақ қағанаты Қазақстанның солтүстік –шығыс , орталық аймақтарын алып жатты. Орталығы Имақия қаласы, екінші астанасы - Карантия қаласы болды. Қимақ қағанаты көбінесе көрші мемлекеттерге шақыншылық жасап отырды. Х ғасырда қимақтар тоғыз-ғұздардың шекаралық қаласы – Шығыс Түркістандағы Жамлекес қаласын басып алды жəне де Енесей бойындағы қырғыздарға шабуыл жасап тұрған.Сыр бойындағы оғыздармен бейбіт тұрып-ақ, олардың жерлеріне кіріп алған. Осыған байланысты қимақ, қыпшық, оғыздардың тіл жəне тұрмыс-салт жағынан бір-біріне ұқсас жақтары көп. Х ғасырдың ІІ жартысында қимақтарға қарсы Қарахан мемлекеті шабуыл жасайды. Деректер бойынша олар Ертіс өзеніне дейін жеткен. ХІ ғасырда қарахандықтардың шабуылы жиілей түсті. Қағанат сыртқы жорықтардан əлсірей бастайды. Қимақ қағанатының құлауына екі себеп болды. • Қыпшақтардың билікке таласуы. • Сыртқы қайшылық, ол əсіресе шығыстан бастықа қарай қоныс аудара бастаған түрік тілдес тайпалардың əсерінен болды. Шаруашылығы, мəдениеті-қағанаттың халқы негізінен мал өсірумен айналысты. М.Қашқаридің дерегінде малы аз, көшіп-қонуға мүмкіндіктері жоқтарды жатақ деп атады. Олар қолөнерді, балық аулауды кəсіп еткен.Гардизи былай деп жазған : «шаруалар мырзаларының малын бақты, əркім қысқа арнап шамасы келгенше қой, сиыр, жəне жылқы етін сүрлеп алды» . Бұдан қимақтар қазақтардың ата-тегінің бірі екендігі көрінеді. Қағандар мен ақсүйек-феодалдар өздерінің ордаларын айналдыра биік дуалдармен қоршап, қамалға айналдырған. Қамалдың жұмысын малы жоқ кедейлер істеген. Қимақ кедейлері егіншілікпен айналысып, тары, арпа, бидай өсіріген. Кейбір деректерде олардың жүзім өсіргендігі айтылады. Қимақтар басқа тайпалар сияқты о дүниедегі өмірге сеніп, ата-баба аруағына сиынды. Қимақтар өлген адамның мəйітін өртеп, күлін жерлеген. Көкке (аспанға), Тəңірге табыну белгілері сақталды. Х ғасырда қимақ шонжарлары ислам дінін қабылдай бастады. Оған дəлел қимақ қағаны Жанақтың ибн Хакан əл-Қимақи аталуы, сондай-ақ жерлеу дəстүрінен көреміз. Қимақтардың рухани мəдениеті екі түрлі деректерден көрінеді. Зираттардан табылған археологиялық материалдар, жазба деректер. 2.«Алаш» жəне «Үш жүз» партияларының сипаты жəне алдына қойған мақсаттарының айырмашылықтары. «Алаш партиясы» 1917 жылы 21-26 шілде Орынбор қаласында І Жалпықазақ съезінде құрылды. Партия 1917 жылы 5-қазан «Алаш» деп аталды. «Алаш» партиясының облыстық ұйымдары қазан айында құрылды. Партияның бағдарламасының жобасы 1917 жылы 21-қарашада «Қазақ» газетінде жарық көрді. Жетекшісі: Ə.Бөкейханов болды, партияны құруға А.Байтұрсынов, М.Дулатов т.б. алаш зиялылары атсалысты. Бағдарлама 10 пункттен(бөлімнен) тұрды(мемлекет қалпы,жергілікті бостандық, негізгі құқық, дін ісі, билік жəне сот, ел қорғау, салық, жұмысшылар, ғылым-білім, жер мəселесі). «Үш жүз»партиясы 1917 жылы қараша айында Омбы қаласында құрылды.Төрағасы – Мұқан Əйтпенов, орталық комитет құрамы Көлбай Тоғысов, Ысқақ Қабенов кірді.«Үш жүздің» бағдарламалық тезистері шашыраңқы болды. Онда еңбекшілердің талаптарын ескеретін пункттер: қазақ шаруаларына жер беру, отырықшы өмір салтына ауысу, мектеп ашу,тұрғындар арасына білім тарату т.б. енгізілді.Бұған қоса «Үш жүз» заңдар жинағын құқық пен шариғатты негізге ала отырып құруды ұсынды.Олардың ойынша, Құранның қатал пункттерін алып тастап, оның некеге, отбасына, мұраға қатыстыларын қалдыру керек деп жазды. К.Тоғысовтың басшылыққа келуімен «Үш жүз» партиясының саяси бағдары өзгерді. Кеңес өкіметіне сенім білдірді. Айырмашылықтары: «Алаш» партиясының сипаты - ұлттық партия, олар қазақ халқын ешқандай тапқа, топқа жіктемей ұлт мүддесін білдірді. «Үш жүз» партиясының сипаты – социалистік партия, олар еңбекші халықтың мүддесін білдіріп, кеңес өкіметін қолдады.Əлеуметтік құрамы – Омбының қала кедейлерін, шеберлерді, жəмшіктерді, бақташыларды біріктірді. «Алаш» партиясының мақсаты – тəуелсіз, эволюциялық жолмен дамитын, ұлттық мемлекет құру болды. «Үш жүз» партиясының мақсаты - түркітілдес халықтардың біртұтас автономиясын – Түркістан Федерациясын құруды ұсынды. Алаш автономиясын - «контрревоюциялық автономия» деп сынады. «Алаш» партиясының баспасөз органы- «Қазақ» газеті болды «Үш жүз» партиясының баспасөз органы – «Үш жүз» газеті, 1917ж. желтоқсаннан Петропавл қаласында шыға бастады. 1918 жылдан бастап Кеңес билігі платформасында мығым тұрған «Үш жүз» «Алашқа» қарсы белсенді күрес жүргізді. 3.Ноғай Ордасының аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

  5. 5-билет 1.Түркеш қағанаты (саяси жағдайы, шаруашылығы , мəдениеті ) 2.«Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жəне оның тарихи маңызы. 3.Əбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз. Жауабы: 1.Түркеш қағанатының саяси жағдайы (саяси жағдайы,шаруашылығы,мəдениеті) Саяси билік қаған қолында болды. Қағанат жиырма əкімшілік аймаққа бөлінді. Аймақтар 7 мыңнан əскер жинады. Үшлік өзін қаған етіп жариялаған күннен бастап елдің саяси - əкімшілік басқару ісіне ерекше назар аударған. Қаған 706 жылы қаза болды. Билік үшін сары жəне қара түргеш тайпаларының арасында талас – тартыс басталды. Оны Шығыс Түрік қағанатының қағаны Қапаған пайдалануға тырысты. Сұлу қаған (715 – 738 ж.) билікке келгеннен кейін түргештер қайта күшейеді. Екі тайпаның арасындағы тартыста қара түргештер жеңіске жетіп, Сұлу қаған орданы Талас қаласына көшіреді.Сұлу қаған шығыстағы жағдайын əскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық арқылы да дұрыс жолға қоюға тырысқан. Осы жолда қағанның 717 жылы Тан империясына барып қайтуы сəтті сапар болды. Ол шығыстағы өзіне қауіп төндіріп отырған Шығыс Түрік қағаны Білгенің қызына үйленеді. Сөйтіп қаған шығыстағысаяси жағдайын күшейтеді.Ендігі мəселе, батыстағы басты жау арабтар еді. Қаған арабтарға қарсы Орта Азиядағы халықтардың күресін пайдаланып, оларды қолдап, жəрдем беруге тырысты.Мəселен, Самарқан, Бұхара тұрғындарымен күш біріктіріп, бұл қалалардан арабтарды қуып шыққан . Қаған Тоқарстандағы арабтарды да біржолата талқандау үшін 737 жылы ондағы қарлұқтармен бірлесе отырып, арабтарға ойсырата соққы берді. Алайда жеңіске қуанған тоқарлықтар мен түргеш əскерлері ертерек тарап кеткен еді. Мұны пайдаланған арабтар шағын əскерімен қалған Сұлу қағанға күтпеген жерден шабуыл жасап, жеңіліске ұшыратады. Еліне оралған Сұлу қаған Навакет қаласында өз қолбасшысы Баға тарханның опасыздығынан қаза болған. Оның шайқастарға тікелей қатысуына əрі ылғи жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған «сүзеген», «мүйізді қаған» деп ат қойса керек. Сондықтан арабтар Сұлу қағанмен ашық майданда соғысудан сескенген. Ал Сұлудың əскербасысы Кули шор 720-721 жылдары Соғды жеріндегі арабтарды қуып шығып, жеңіске жеткен. Сұлудың орнына оның баласы Тұқарсан Құтшар қаған болған. Оның билігі бар болғаны бір – екі жылға созылған. Бұл кезде сары жəне қара түргештердің арасындағы күрес 20 жылға созылып, қағандықтың саяси жəне əкімшілік жағдайы мүлде əлсірейді. Қағандықтың мұндай жағдайын біліп отырған Қытай империясы Куш қаласындағы (Шығыс Түркістан)əскерлерін Жетісуға аттандырып, 748 жылы Суябты жаулап алады. Одан соң Шашты (Ташкент) алып, оның əмірін өлтіреді. Шаш əмірінің баласы арабтарды көмекке шақырады. 751 жылы Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген араб əскерлерімен түргештер бірлесе отырып, қытай əскерлеріне күйрете соққы берді. Аман қалған қытайлар Жетісудан біржолата кетуге мəжбүр болды. Мұндай шайқастардан кейінгі ел ішіндегі қиын жағдайды өз пайдасына шешуге əрекет жасаған қара түргештердің тарханы Жыпыр 749 – 753 жылдары қағандықты өз қолына алды. Бірақ оның билік құрған кезінде де жағдай жақсара қоймады. Жікке бөлінушілік тоқтамайды, бұрынғыдан да ушыға түседі. Талас-тартыс жылдан – жылға шиеленісіп, Түргеш қағандығы біржолата əлсірейді. Бұл сəтті Атлах шайқасына қатысқан қарлұқ тайпасының көсемдері пайдаланып, 756 жылы Түргеш қағандығын құлатып, билікті өз қолдарына алды. 2. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы жəне оның тарихи маңызы. Елбасымыз осыдан 12 жыл бұрын, яғни 2003 жылы сəуірде Қазақстан халқына жолдауында арнайы «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған болатын. Елбасының жолдауымен 2004 жылы «Мəдени мұра»мемлекеттік бағдарламасы қабылданды. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ə.Назарбаев бастамасымен іске асырылуда. Бағдарлама халықтың үлкен мəдени мұрасын, оның ішінде заманауи ұлттық мəдениет, фольклор жəне салт-дəстүрлерін; ұлттық тарих үшін ерекше маңызы бар тарихи-мəдени жəне сəулет ескерткіштерін қалпына келтіру; ұлттық əдебиет пен жазбаның ғасырлар бойындағы тəжірибесін жалпылау; мемлекеттік тілде əлемдік ғылыми ойлар, мəдениет жəне əдебиет жетістіктерінің үздіктері негізінде толымды қор жасауды зерттеу жүйесін құруды қарастырады. «Мəдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы – мəдени, экономикалық жəне əлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мəдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау жəне қорғау бағдарламасы. Бағдарламаны қабылдағаннан кейін 2004 жылы 51 тарихи жəне мəдени ескерткіштің реставрациялық жұмысы аяқталып, 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізілді. 218 нысанды қамтыған Қазақстанның тарихи- мəдени жəне тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мəдениет үшін аса маңызды 30 сəулеттік жəне археологиялық қосымша ғылыми. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей жəне Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар жəне Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сəулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба жəне баспалар алынды. 350- ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Бағдарламаның жүзеге асуын мəдениет, əдебиет, философия, тарих, этнография, жəне тіл білімі т.б. бойынша академиялық институттар құрылуынан, бағдарламаның тиімді жоспарларының орындалуынан көреміз. Ұлттық кітапхана елдің жоғары оқу орындарының бірі. Нұрсұлтан Назарбаев «Мəдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мəдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп атаған 3.Əбілқайыр хандығы (Өзбек хандығы) аумағын карта бойынша көрсетіңіз.

  6. 6-билет 1. Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы) 2. Дүние жүзі қазақтарының құрылтайы жəне оның тарихи маңызы. 3. Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз Жауабы: 1.Қарақытай мемлекеті (қоғамдық құрылысы, саяси тарихы) Моңғол тілді кидан тайпалары б. з. IV ғасырында Қытайдың солтүстік жағында Маньчжурия мен Уссури аймағын мекендеген.X ғ. басында Солтүстік Маньчжурия мен Моңғолияда Киданның Ляо мемлекеті (907–1125) құрылды. Кидандықтар Сұн (960–1279) империясы жерінің бір бөлігін жəне Селенгі мен Орхондағы Ұйғыр қағанатының жерлерін басып алып мекен етті. Көрші тайпалардың соғыстарына жəне ішкі талас-тартыстарға байланысты Ляо империясы əлсірей берді. 1125 жылы ол тұңғыс-маньчжур тайпаларының соққысынан бас көтере алмайтындай жеңіліске ұшырады. Осыдан кейін Кидан тайпалары Елюй Дашының басшылығымен батысқа қарай көшіп, олардың саяси ықпалы Жетісу жеріне, Сырдарияның оң жағалауына жəне басқа аймақтарға тарады. Жергілікті жерлердегі түркі тайпалары кидандарды қарақытайлар деп атады. 1128 жылы Қарахан əулетінен шыққан Баласағұнның билеушісі Арслан өздеріне қысым жасап, тыныштық бермеген қаңлылар мен қарлұқтарға қарсы күреске қарақытайларды көмекке шақырады. Қарақытайлар көсемі Елюй Даши Баласағұнды басып алып, Жетісуда өз мемлекетін орнатады. Олар қарлұқтарды бағындырып, Шығыс Түркістандықосып алды. 1137 жылы қарақытайлар Ходжент қаласы жанында Мəуеренахрдың билеушісі Махмудхан əскерін талқандады. Қарақытайлар Орта Азияға қарай жылжып, Салжұқ сұлтаны Санжарға соққы беріп, 1141 жылы Самарқанд қаласын басып алды. Осыдан кейін Елюй Дашы өзін ең жоғарғы лауазымды атақ гурхан (ұлыхан) деп жариялады. XII ғасырдың 30–40 жылдарында қазіргі Оңтүстік Қазақстанның, Бұқара мен Самарқандты қоса алғанда, Мəуереннахр аймағының жері қарақытай иелігіне кірді. Карахандар əулетін қарақытайлар өз боданына (вассал) айналдырды. Қарақытайлар Жетісу жəне Орта Азия жерлерін басып алған кезде, ондағы қалалар мен отырықшы қоныстарды қиратпады. Өйткені олар бұл жерлердегі қалалармен жəне егіншілік аймақтармен сауда жүргізуге мүдделі болды. Қарақытай мемлекеттік бірлестігінің қалыптасуымен қатар басқарудың патриархаттық-феодалдық принциптері нығая түсті. Мұнда жоғары билікті мұраға қалдыру жүйесінің өзіндік ерекшелігі болды. Мəселен, гурхан өлген жағдайда оның мұрагері болып əйелдері тағайындалу орын алды. Мұның өзі жергілікті мұсылман халқының түсінбеушілігі мен наразылығын туғызды. Қарақытай билеушілері өзі орналасқан қалаларда хан сарайларын, будда ғибадатханаларын салдырды. Қалаларда қолөнер мен сауда дамыды. Көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданған аймақтарда егіншілік етек алды. Қарақытай мемлекетінде тұратын түркі халықтарының көпшілігі ислам дінін қабылдады, сонымен бірге онда будда дініне сенушілер де, христиандық несториан дінін ұстанушылар да кездесті. Елюй Дашы 1143 жылы қайтыс болды. Баласы Иле жас болғандықтан хандықты Елюй Дашының əйелі Табұян басқарды. Жеті жылдан соң Дашидың ұлы Иле əкесінің тағына отырып, 1150–1164 жж. гурхан болды. Ол қайтыс болған соң, қарындасы Бұсұған таққа отырып, 1164–1177 жж. билік жүргізді. Оның хандығының соңғы кезінде Бұсұған өлтірілді Оның орнына Иленің баласы Жилугу гурхан болды. Жилугу өзінің билігін 1213 жылға дейін жүргізді.Қарақытай шонжарларының басқаруы халықты үлкен ауыртпалыққа ұшыратты, олардың қысым жасауы, салықтар жинау кезіндегі шамадан тыс талаптары бұқараның наразылығын туғызды. Нəтижесінде Қарақытай мемлекеті əлсіреп, Орта Азияда басып алған жерлерінен айырыла бастады. 1198 жылы Ауған аймағынан шыққан гурид билеушілері қарақытайларға күйрете соққы берді. 1210 жылы Хорезмшахы Мұхаммед Тараз қаласының жанында қарақытайларға күйрете соққы берді. Бұл жағдайды Жетісу жеріне көшіп келген наймандар пайдаланды. 1213 жылы қарақытайлардың иеліктері наймандардың қолбасшысы Күшліктің қолына көшті. Сөйтіп, Қарақытай мемлекеі ыдырап тарады. 2.Дүниежүзі қазақтарының құрылтайы жəне оның тарихи маңызы. Тəуелсіз мемлекетке айналған Қазақстан , отаршылдық езгіге түскен соңғы 200 жылдан астам уақыттан кейін Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайын өткізуге мүмкіндік алды. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш құрылтайы 1992 ж 29 қыркүйекте Алматыда ашылды. Құрылтайға түрлі кезеңдерде Отанынан кетуге мəжбүр болған дүние жүзінің 33 елінен қазақтар қатысты. Отандастар əр түрлі жағдайларға байланысты,негізінен мемлекет тарапынан жасалған күш көрсетудің нəтижесінде,туған жерлерін тастап,шет елдерді мекендеуге мəжбүр болған еді. Қазақстаннан тыс жерлерде қоныс аударушылар кемсітушілікке де ұшырап,көптеген қиыншылықтар көрді. -Əлемнің 70-ке жуық елдеріндегі қазақ диаспорасы – 3 млн 200 мың (32%) Қонақтардың арасында көрнекі діни қайраткерлер, ғалымдар,кəсіпкерлер мен студенттер болды. Құрылтайға көптеген елдерден,үлкен диаспорасы бар Ресейден(660 мың), Өзбекстаннан (870мың)делегациялар келді.Барлық қатысушылар -800 адам. Құрылтайда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ə.Назарбаев,көрнекті ақын жəне қоғам қайраткері О.Сүлейменов, Түркиядан келген дінтанушы ғалым Халифа Алтай,Ресейден келген қонақ Аман Төлеев т.б. сөз сөйледі. Дүниежүзі қазақтарының құрылтайына қатысушылардың Қазақ халқына Үндеуі жарияланды. Құрылтайда Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру шешімі қабылданды.Төрағасы-Н.Ə.Назарбаев. 30 қыркүйек-Ұлттық бірлік күні. 2002 жылы 23 қазанда Түркістанда дүниежүзі қазақтарының екінші құрылтайы өтті. (400-ге жуық адам қатысты) 1993 жылы 17 желтоқсанда Қазақтардың дүниежүзілік қауымдастығының тұсау кесер салтанаты болды. 1993 жылдың өзінде-ақ Қазақстанға Монғолиядан,Түркиядан,Ираннан жəне ТМД елдерінен 7,5 мың қазақ отбасы көшіп келді. 1992 ж 14 желтоқсанда Алматыда Қазақстан халықтарының тұңғыш форумы өткізілді. 3. Моғолстан мемлекетінің аумағын карта бойынша көрсетіңіз


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет