Нұрғазиев Ермек Ұйқасұлы



Дата26.06.2018
өлшемі35,99 Kb.
#44888
Тараз политехникалық колледжі

Нұрғазиев Ермек Ұйқасұлы

Педагогика ғылымдарының магистрі
Педагогика ғылымын қалыптастырудағы саяси қуғын-сүргін құрбандары болған қазақ зиялыларының рөлі.

Тарихи тұлғаларды тірілту-тарихи тәжірибенің таңдауы мен тәсілін саралау, тарихи ағымдардың сабақтастығын іріктеу, ұрпақтардың үндестігін жалғастыру болып табылады. Ал тұлғалардың тарих арнасындағы орнын айқындау- елдің беделді қайраткерлерінің өмірлік жолын бағалау мен олардың халық өмірінің тар жолында шығармашылық еңбегімен, қайсар іс-әрекетімен, білікті өнегесімен көзге түскен тұлғалардың ісәрекеттері айқын үлгі , ашық сабақ болып қала бермек. ХХ ғасырдың 20-30 жылдары қазақ халқының тарихында аса құндылығымен және қасіретімен де мәңгі қалатыны даусыз. Себебі, Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында қазақ даласы жаңа тұрпатты мемлекет құруға қадам жасады. Ал оынң жемісті дамуына барныша ат салысып, ана тілінде тұңғыш оқулықтар жазып, қазақ ғылымының қалыптасып дамуына, отандық мәдениетіміздің ілгерлеуіне барынша ат салысқан бір топ қазақ зиялылары сталиндік тоталитарлық режимнің қысымына ілінді. қазақстанда 30-жылдардың екінші жартысынан бастап, қоғамдық өмір салаындағы қателіктер мен әкімшілік-әміршілдік басқару әдісінің күшеюі, жеке адамның басына табынудың шектен шыққан тұсында қазақ жеріндегі ағартушылық және басқа да әлеуметтік жағдайлар саласында елімізідің бірқатар зиялы қауымы өздерінің қызметтері мен оқу-ағарту саласындағы еңбектері арқылы қосқан үлестерінің жарқын көрінісі болды. Ел тарихындағы зобалаң қуғын-сүргін заманының үшінші кезеңінде, яғни 1931-1938 жылдары саяси қуғын-сүргін құрбандары болған Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, құдайберген Жұбанов, Темірбек Жүргенов , Телжан Шонанов, Санжар Асфендияров, Нәзір Төреқұлов сиқяты қазақ зиялыларының оқу-ағарту ісі педагогика ғылымын дамытуда сіңірген еңбектері ерекше. қазақтың зиялыларының ішінде ағарту саласында халқымыздың әдебиеті, мәдениеті, жалпы руханиятының дамуына, сол жолда бірін-бірі толқытырып жүрген «үш алып, үш мәуелі бәйтерек» деп танылған С.Сейфуллин, І.Жанүгіров, Б.Майлин болды.



Соның ішінде қазақтың жазушысы,қазақ әдебиетінің қалыптастырушылардың бірі Ілияс Жансүгіров (1894-1938) 1894 жылы қазіргі Талдықорған облысы, Ақсу ауданында дүниеге келген. Жастайынан шешесінен жетім қалып, әке тәрбиесінде өседі. қатал мінезді әкенің тәрбиесінде өскен Ілияс жас кезінен бастап-ақ өткір мінезді, өжет, еңбек құмар және зерек болады. өйткені оның әкесі Жансүгір қолөнеріне мейлінше жетік болған. Мұнымен қатар ескіше хат танитын, арапша суатты кісі болғандықтан, халық ауыз әдебиетін көп оқып, жинаған. Бір сырлы, сегіз қырлы осындай шебер әке өз қолынан келетін бар өнерін Ілиясқа жас кезінен үйреткен. Сондықтан Ілияс те әкесіндей әрі ұста, әрі әнші, домбырашы болады. Бір жағы әкесінен оқып, арабша хат таниды. Осының өзі Ілиястың әдебиетке қызғуы мен өмірге деген көзқарасының қалыптасуына көп көмегін тигізеді. Халық өлеңдері мен ертегілері мен оны халық өмірімен,арман-тілегімен, зор болашағымен тереңірек танысуына мүмкіндік туғызады. Күнде өзі көріп жүрген айт пен тойдағы өлең-жыр, айтыс, жыршылар төгілтіп айтатын қисса қанша қзыық болғанмен, оның жас қиялына ерекше әсер етіп, орасан зор ықпал жасаған Абайдың шығармалары еді. Жас ақынның сұлулық мұраттарының орнығуына, көркемдік талғамының қалыптасуына, өлең мәдениетін игеруіне реалистік Абай поэзиясының ықпал жасауы-ел қазынасы, фольклоры өкілдері тәжірибелерінің сабақтары мен жазба әдебиеті үлгілері ақын туындыларының жаңа келісім тауып, өзіндік арна іздей бастайды. қазақ тілінде шыққан газет-журналдарды, кітаптарды құныға оқу жас ақынның жазба әдебиет дәстүрлерін үйренуіне, ой-өрісінің кеңейіп, білімінің артуына, саяси-әлеуметтік көзқарасының қалыптасуына ықпал жасаған факторлар болды. І.Жансүгіров бұл туралы: «Бала жасымнан сөзге үйрену, құйма құлақтау едім. қонақ айтатыны әңгіме, балалар айтысқан жұмбақ, кемпірлердің ертігісі, қыз-жігіт айтысқан қара өлеңдер... менің ааңқиып тыңдаған нәрселерім. Хат білген соң өлең оқығыш болдым. «Қыз Жібек» қиссаларын мен оқығанда талай жан жылайтын. Кейін аймағымыздың өлеңшісі болдым. Жарып той бастап, таңдап әріптес алып айысып... ауыл әлеуметті ауызға қаратқан күндер өтті [2,1],-деп жазады. әрі зерек, әрі ұғымтал бала мұнымен де қанағаттанбай 1905 жылы жергілікті жердегі қарағашта ашылған орталау мектепте оқып, оны 1911 жылы бітіріп шығады. Осы кездерден бастап өлең жазумен айналысады. Өз білімін көтеру үшін 1920 жылы Ілияс Ташкентке барады. Онда жаңадан ашылған мұғалімдер дайындайтын қазақ-қырғыз институтына оқуға түседі. Оқумен бірге «Ақ жол» газетінде кооректорлық қызметті қоса атқарады. Ақынның өлеңдері 1920 жылдан бастап сол кездегі «Тілші», «Кедей еркі» газеттері мен «Жаңа мектеп», «Әйел теңдігі» журналдарында жариялана бастайды. 1927 жылы «Беташар» атты үгіт өлеңі, 1928 жылы «Сағанақ» деген тұңғыш кітабы басылды. Институттың екі жылдық курсын бітірген соң 1921 жылы Жетісуға қайта оралады. өз еліне келісімен қапал уезі, Ақсу болысына қарасты Белтоған мектебіне мұғалім болып орналасады. 1922 жылы Алматыда «Тілші» газетіне әдеби қызметкер болып орналасады Ілиястың алғашқы қызметі халық ағарту жұмысына араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған өзіндей қазақ жастарының басын құрап, хат танытып, сауатын ашуды өзіне үлкен міндет етіп қояды. Сол кездің өзінде-ақ «Белтоған» мектебінде оқитын оқушылар Ілиястың өлеңін әнмен шырқап, бүкіл елге тартататын. 1923 жылы Жетісу облыстық партия комитеті қазақ әйелдерінің тұңғыш баспасөзі-«Жетісу әйелі» журналын шығаруды қолға алады. Оны көркемдеп әсерлі етуге ол белсене қатысты. Журналдың әдебиет бөлімі материалдарының көбін өзі жазады. Осы бөлімде оның «Кім екен?» деген өлеңі, «Ақын Сара кім еді» атты мақаласы, «Күң өлімі» әңгімесі басылады. Ілияс мұғалім болған кезінде ауылды советтендіру ісіне белсене ат салысады. Ауыл еңбекшілерінің алғашқы ұйымы-жергілікті қосшылар одағының шақыруымен Алматыға келеді. Мұнда Алматы облысының қосшылар одағы комитетінің хатшысы болып орналасады. Сонымен бірге облыстық «Тілші» газетінде істейді. Адамшылықты, тіршіліктің негізгі тұтқасы өнер-білімде екенін түсінген І.Жансүгіров 1923 жылы «Тілші» газетінің өзінде бірнеше материал жариялады. «Жетісуде оқу мәселесі» [3,4] деген мақаласында елді ағарту мәселелеріне батыл қойды Ескі мектептерді есептен шығаруды,жер кесіп беріп жаңа мекптер салдыруды, жарақсыз, жарасыз мұлғалімдерді босатуды, оларды жабдықтауды, ағарту мәселелері туралы үгіт, түсінік жұмыстарын кең жүргізуді, әр мектептің өзіне, жалпы оқу ісіне арнап қор жинауды ұсынды. Шала мұғалімдерге пысықтау курсын ашуды, басқа жердегі үлігі, үлкен мектептерге оқушылар жіберуді талап етті. Бұларды Жетісу. өкімет орындарының, азаматтарының жалпы халқының алдында тұрған міндеттер деп қойды. Ал 1925 жылы «Ауылдағы оқытушылар міндеті» деген бас мақаласында «Мұғалім-ауылдағы мәдени қазық. Оның міндеті-мінезін түзеу, өзін-өзі ұстай білу, жаман әдет-ғұрыптан, сасық салт-санадан таза болу, елдің дау-шатағынан, үй арасындағы ауылжан, атқа мінерліктен аулақ жүру» деп ескертті. Көрінген ауылдан тамақ, тамаша, өсек-әңгіме іздейтін, балаларға үліг-өнеге, білім-тәрбие бере алмайтын, айналасын түтін айналдырып үркітіп жексұрын болған мұғалімдерге кеңес мектебінде орын жоқ. Мұндайлардың оқу жұмысының маңынан күреп тастауумыз керек деп міндет қойды. Автор: «мұғалімдер жас баланың ғана емес. жалпы қара бұқараның тәрбиешісі, тіршілік шаруа, саяси, мәдени көсемі болуға тиіс. Бұл үшін әлеумет жұмысына араласу, ысылу, газет, журнал оқу керек. өйтпеген мұғалім салдыр-салақ, ынжық болады. Жұрт сауатсыз, шаруа шабан, шалағай, қоныс шашқын, елде нешетүрлі жегіштер, саудагерлер жұртты тонап жатыр. Осының бәрен мұғалімдер араласып, бас-көз болуға тиіс. Мұны істемеген мұғалім емес, молда»[3],-ашына айтты. Ағартушы журналистің жоғарыда айтқан үлігі мектептердің озық тәжірибесін пайдалану, оқу ісін мектеп және тағы басқалар туралы көп ойлары бүгінгі оқу мен оқыту талаптарына үндесіп жатыр. «Мұғалім 1924 жылы партия қатарына кіреді. Осы жылы ол Қазақ ағарту институтының директоры болып қызмет атқарады. Осында шәкірттер үшін «қызыл суаат» деген қолжазба журналы мен «Бұлақ» атты қабырға газетін ұйымдастырады. 1925 жылы І.Жансүгіров Мәскеудегі журналистика институтына түседі. Мұнда ола оқумен қатар, өзінің ақындық шығармашылық жұмысын күннен-күнге дамытып, өлеңдерінің көркемдік жағын жетілдіріп, сапасын арттырады. Жазушы білім жағынан да, ақындық талантымен енді тек қазақстан көлемінде ғана емес, бүкіл Одаққа таныла бастайды. Ақынның әдеби еңбегі өте жоғары бағаланды. Орыс, Еуропа классиктерінің шығармаларын зерттей оқу, тексере үйрену тәжірибесі ақын талантының жарқырап ашылуына мүмкіндік береді. Журналистика институтын 1928 жылы бітірп шығады. Елге оралған І.Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газеті редакциясына қызмет істеп, қазақ баспасөзінің қалыптасуына көп үлес қосты. 1933-1936 жылдары КАССР Орталық Атқару Комитетінің мүшесі болды. Ол 1934-1938 жылдары КСРО Жазушылар Одағының қазақ ұйымдастыру комитетінің төрағасы болып, Қазақстан совет Жазушылары одағының төрағалығына сайланады. Осы кезеңде қазақ қаламгерлеріне. Жас ұрпақ тәрбиесіне қамқорлық жасап, әдебиеттің дамуына әр алуан жанрлар арқылы ерекше ат салысқан. 1935-1937 жылдарда көркем баспасында поэзия бөлімін басқарып. Республиканың әлеуметтік өміріне араласады. Алғашқы қадамын ұстаздықтан бастаған І.Жансүгіров – әдебиет пәнінен алғаш оқулық жазған авторлардың бірі. Ақын Ақан сері, Сүйінбай ақындардың өлеңдерін, Ш.Құдайбердиев жырлаған «Ләйлі-Мәжнүн» поэмасы т.т. жинап жеке кітап түрінде шығарған. І.Жансүгіров орыстың классик жазушылары-Пушкиннің, Лермонтовтың, Крыловтың шығармларын қазақ тіліне аударғандардың бірі. Пушкин, Лермонтов, Крылов, Некрассо, Державин еңбектерін аудару, солардан үйрену арқылы талантын дамытып, шеберлігін шыңдаған. Ол А.С.Пушкиннің «Евгений Онегин» романын, Крыловтың «Жапырақтар мен тамырлар», Лермонтовтың «Тұтқын», «Қанжар», Некрасовтың «Шойын жол», Горькийдің «Дауылпаз» еңбектерін қазақ тіліне толық күйінде аударған. І.Жансүгіров алғашқы қызметі халық ағарту жұмысында араласудан басталғандықтан, ол ең алдымен қараңғыда қалған қазақ жастарының басын құрап хат танытып, сауатын ашуды үлкен міндет етіп қояды. Ең алдымен балаларға арналған шығармалардың тәрбиелік рөлі соншалық күшті де ықпалды болуын басты міндет етеді. Балаларды баласынбай-ақ олардың алдына кәдімгі күрделі мақсаттарды қоя білу керектігін айтады. өйткені тәрбие мен білімнің және оқытудың арасындағы үрдіс балаға жас кезінен үйретілуі тиіс. 1930 жылдарына қарай партиялық елімізді қызқа мерзім ішінде индустриялы елге айналдыру жайындағы жоспарын жүзеге асыра отырып, қайта жасарған қазақ елнің өндірісі ілгері дамыды. қазақ халқының өміріндегі өндірісі ілгері дамыды. қазақ халқының өміріндегі ері оқиғаның бірі Түркістан- Сібір темір жолының іске қосылуы болды. қазақтың ақын-жазушылары қазақстанда индустрияландырудағы қол жеткен осындай табыстар, өнекәсіп орындарындағы еңбек қарқыны , жаңа техниканы меңгерген еңбек озаттары және тағы басқалар туралы көптеген өлеңдер жазды. І.Жансүгіров осы кезде «Отарба», «Жаңа дала», «Серт», «Алтын қазан», «Социалды қазақстан» т.б. өлеңдерін жазды. 1933 жылы І.Жансүгіров Алматыда орта мектептің 6 оқу жылы үшін жазылған «Көркем әдебиет жинағы» атты еңбегін шығарады. Аталған еңбектің сөзбасында «Бұл жинақ 1933- жылдың орта мектептің 6-оқу жылына арналған қазақ әдебиеті сабақтарының программасына жазылды. Бұл жинақ жаңа әдебиет жинағы. Бұл жинақта енген әдебиет жинақтары төңкерістің алдындағы жылдардан бастап (1914-1915-1916) бірінші бес жылдық аралығындағы мезгілді алады. Жинақта программ бойынша қазақ әдебиетінің басқа Кеңес Одағы елдерінің жаңа әдебиет үлгілері кіргізілді. Бұл жинақ бұған соңғы жылдарда болатын тұрақты кітап дерегіне жататын, керегіне жарайтын жинақ деп санау керек. Бұл жинақ-әдебиет сабағы туралы оқу құралы емес, оқу құралына материал. Осы материалға таяна отырып әдебиет сабағы туралы оқу құралы жазылуға тиіс»[2]. Аталған еңбекте қазан төңкерісі алдындағы бұқаралық әдебиет, азамат соғысы тұсындағы әдебиет, 1923-1928 жылдар мезгіліндегі кеңес әдебиеті, қайта құру дәуіріндегі кеңес әдебиеті, шет елдердің төңкеріс әдебиеттерінің шығармалары берліген. 1927-1937 жылдар арасында поэзия, проза, драматургия, сын, аударма салаларында кітап шығарып, артына аса бай әдеби мұра қалдырды. Оның лирикалық шығрамалары «Дала». «Күй», «Күйші», «Құлагер» поэмалары, «Жолдастар» романы, «Кек», «Түрксіб»,

«Исатай-Махамбет» пьесалары-қазақәдебиетінің алтын қорына қосылған өлмес туындылар болып табылады. 1933 жылы І.Жансүгіров Қазақстан баспасында басылған Абайдың толық жинағына алғы сөз жазды. Ұлы Абай құнанбаевтың еңбектерін оқып өскен І.Жансүгіров: «Абай-біздің ескі әдебиет қазынамыздың бір күрделісі. Бұл жинақ Абайдың толық өзін бермесе де, сөзін толық беруге таянып шыққаны; сондықтан осы басылған «Абай» оқушыларға бұрынғыдан кең «Абай», мол «Абай» болып келеді. Бұл «Абай» Абайды сынаушыларға да кеңірек жол ашып, көбірек мүмкіндік береді...»[6],-деп, І.Жансүгіров толық жинақтың одан кең, ауқымы мол оқырмандардың көңілін толтыратыны жайлы сөз етеді. Аталған алғы сөзде І.Жансүгіров Абайдың тарихи туысын, өмір сүрген кезеңіне де тоқталады. «Абайдың қолымыздағы бар өлеңдерінің, сөздерінің барлығында да қазақ еңбекшілерінің мұңы, мұқтажы, қайғысы, тілегі ашық көрінбейді. Оны жақтаған Абай жоқ. Ол-қазақ халқын нашар, өнерлі бол, еңбек қыл, жалқау



болма- дегендерінде жалпылап айтады. Аштық зарын, жалаңаштың халін, әлсіздің қалың бұқараны сорып отырған сұр жыландарға айбар қылып, қарсылық қылмайды. Абайша,қазақ кедейінің кедейлігі өзінен, мінезінен, жалқаулығынан, қазақтың өнерсіздігігнен, алауыздығынан...»[6],- деп, Абай шығармаларындағы өзекті тақырыптарына көз салып, талқылай келе: «сондықтан Абайдың өз сөзіне сеніп, сынамай оқыған адам Абайды таниды. Бұдан-Абай өтірік айтты, ол бізді алдап кетті, ол залым еді, оған сенбеңдер-деген пікіп шықпайды. Оны айтақан кісі Абайдың қазағынан да надан болып шығар еді»[6],-деп ақын Абайдың еңбектерінің мәнділіген көз жіберуде ұстанады. Қазақ әдебиетінде лиро-эпостық жырлар жанрының бүгінгі күні беретін тәлімдік мәндері айқын берілуі ерекше. Осы ретте ақын І.Жансүгіров қазақтың әйгілі «Қозы Көрпеш-Баян сұлу» поэмасының кітап болып шығуына сөз басы ретінде өз мақаласын жазған. Аталған мақаласында ақын поэма туралы өз ойын былай білдірген: «Песнь о Козы Корпече и Баян-Слу является одним из лучших образцов творчества казахского народа. Она наиболее старая и популярная поэма среди казахских масс. Поэма подобна эпосу других народов передавалась веками из уст в уста из поколоение в поколение»[7],- дей келе, ақын эпосты әйгілі батыс пен шығыстың поэзияларымен салыстыруын былай деп: «...Поэма своего рода творчество об беззаветной любьви, схожая с такими литературным европейским и восточными литературными образцами как «Ромео и Джульетта» на западе и арабской поэзии «Лейле» и «Межнюн. Поэма это замечательный памятник кочевого быта, в ее были влиты все творческие соки, вся народная мудрость, его страсти, философия, идеалы...»[7],- деп өте жоғары деңгейде баға берген. Қасіретті де қаралы 1937 жылы «Жансүгіровтің редакциясымен 1935 жылы Сүйінбайдың ұлтшылдық кітабы шықты. Ол кітаптың ішінде қазақты қырғызға өшіктіріп айдап салады» деген айыптаулар мен жала жабулар негізінде 1938 жылы жазықсыз атылды. Ақын І.Жансүгіров ел есінде сақталып келеді. Еліміздің көптеген жері І.Жансүгіров есімі мен еңбегіне байланысты аталды. Талдықорған қаласында І.Жансүгірұлы атында университет бар. Мәдениет сарайы мен әдеби мұражайы, көпшілік кітапхана жұмыс істейді. Ақсу, қапал аудандарындағы орта мектептерге ақын есімі берілген.

Бейімбет (Бимағамбет) Жармағамбетұлы Майлин (1894-1938) қазіргі қостанай облысы Таран ауданында 1894 жылы кедей шаруаның отбасында дүниеге келген. Екі жасынан әкесінен айырылған Бейімбетті шешесі Күлғизар мен әжесі Бойдастың тәрбиесінде өседі. әжесі кезі келгенде өлең шығарып жіберетін сөзге ділмар жан болғандықтан, Бейімбетті ауыл молдасынан хат таныған соң ұзақ таңға жыр-дастандар оқытып, тыңдайтын болған. Осының барлығы жас Бейімбеттің сөз өнерін сүйіп, әдебиет жолына түсуіне ықпал жасайды. әуелі ауыл молдасынан сауат ашқан Бейімбет кейіннен Арғын-бай қажының медресесінде екі жылдай дәріс алады. 1913 жылы Троицкідегі «Уазифа» мектебінде, оны бітірген соң Уфадағы «ғалия» медресесінде оқиды. Медреседе оқып жүргенде татардың ғалымжан Ибрагимов, Мәжит ғафури сияқты белгілі жазушыларымен танысады. Осында шығып тұрған «Садақ» атты қолжазба журналған белсене араласып, өзінің алғашқы прозалық туындысы «Шұғаның белгісі» әңгімесін жариялайды. өлеңдері «Айқап» журналында, басқа да басылымдарға шыға бастайды.Сол жылдары Б.Майлиннің осы жураналмен танысу, оның беттерінен М.Сералин, С.Торайғыровтардың мақалаларын. Көркем туындыларын оқу үлкен әсер етеді. Аталған журналдың белсенді мүшелерінің бірі болады. Кейін сол журналдың редакторы етіп сайланады. әлеуметтік маңызы бар, дінді әжуа-сықақ ететін «Мұсылмандық белігісі» атты өлеңі, жазушылық талабының зор екендігін танытқан «Шұғаның белгісі» атты ұзақ әңгімесі осы «Садақ» журналында жарияланады. Медреседе Б.Майлин орыс тілі сабағына ерекше зейін аударды. Орыстың атақты жазушылары – Пушкиннің, Гогольдің, Чеховтың, Толстойдың шығармаларын үзбей оқыды. Мұның өзі жас талапкердің білімін тереңдетіп, ой-өрісін кеңейтуге, алдағы жазушылық шеберлігінің арта түсуіне зор көмегін тигізді. Осы жылдарда ол қазақ, татар, башқұрт, орыс әдебиеттерімен кеңірек танысып, әдеби сауаты арта түседі. Денсаулығына байланысты Бейімбет медресені аяқтай алмай, 1916-1921 жылдарда ауылда бала оқыту, мұғалімдікпен айналысты. Халық ағарту жұмысына араласады. Осы кезде ауыл мектептерінің қиын жағдайларын ескеріп ауылға мектеп салдыру жұмысымен айналысады. Осы кездерде ағартушылық қызметте жүріп, балаларға арнап көптеген өлеңдер мен әңгімелер және 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалысына арналған, төңікерістен кейінгі кездердегі қазақ ауылының тұрмысын суреттейтін бірсыпыра өлеңдер жазды. Мұғалімдік қызметте жүріп алдымен халық ағарту жұмыстарын жолға қоюдың тарихи мәні барын ерекше сезінді. 1927 жылы шыққан «Ел көркі» деген кітабының мұқабасында:

Оқыса білім бұлағы,

Оқыса елдің ұланы.

Тірілтіп елге жан беріп,



Ел ішін жұмақ қылады.-[] - деп мектеп пен ағарту жұмыстарына ерекше мән беріп, қазақ ауылын тез көтеріп, ғылым-білім асқарына шығару мәселесін қолдайды. 1922-1923 жылдары қазақстанның сол кездегі астанасы-Орынбор қаласына келіп, ондағы газет-журналдарда Кеңес өкіметін идясын, қазақ ауылының тұрмысын және қоғамдық мәселелер, ұжымдастыру кеңестік шарушылық, оқу-білім, мәдениет жайлы өлеңдермен публицистикалық мақалаларын халық алдына ұсынады. Қазақ ССР Оқу халық комиссариатының мектептер тыс бөлімі 1920 жылы ликбездің көшпелі пунктері мен мектебі ауыл адамдарына арналған кітапхана жәшігін ұйымдастыру туралы қаулы алған. Көшпелі халықтың арасында мәдени-ағарту жұмыстарын жүргізуде 1921 жылы «қызыл керуендер» ұйымдастырылды. 1923-1925 жылдары Қостанайда уезінде мұғалімдік қызметте жүріп, ә.Жангелдиннің қызыл керуенінің отрядында болған. Сондай-ақ сол жердегі «Ауыл» газетінде жұмыс істейді. өзінің осы тұста жазған әңгіме, очерктері, өлеңдерімен партия саясатын ел арасына жеткізді. Кеңес өкіметі алып келген жаңалықтың жалынды жаршысы болды. «Раушан-коммунист» повесі осы кезде жазылады.1919 жылы В.И.Ленин «РСФСР-дың ересек халқының арасындағы сауатсыздықты жою туралы» декретке қол қойды. 1914 жылы қазақстанда «Сауатсыздық жойылсын!» қоғамы ұйымдастырылды.Ауылда мәдени революцияға жасауға шақырған Б.Майлин партияның осы үндеуіне дер кезінде үн қосып, өзінің көптеген шығармларын жазды. Мәселен, «Бекберген мектебі», «Ленин мектебі», «Алғашқы сабақ», «ұлбосын» әңгімелері жазушының аса көп көңіл бөлген мәселесі сауатсыздықты жою жұмысына және ауылға мәдениет, жаңалықққа шақырушы, халықты өнерге үйретуші мұғалімдердің қызметіне белсене араласқан. 1925 жылы республикамыздың жаңа орталығы қызылорда қаласына «Еңбекші қазақ» газетінің редакциясына қызметке шақырылады. Газетте редактор болып істейтін ақын Сәкен Сейфуллиннің қарамағына жұмыс жасау Бейімбеттің шығармашылық жолына үлкен өзгерістер әкеледі. Осыдан бастап газеттің әр кезде редакторы болып істеген С.Сәдуақасов, Т.Рысқұлов, О.Жандосов, Ғ.Тоғжанов, Ғ.Мүсіреповтермен бірге жұмыс істеген. Еңбекші таптың саяси мүддесін көздеген өлеңдер жаза бастайды. «Еңбекші қазақ» газеті бетінде «Шаңқан» бүркеншік атымен өлең-әңгімелері жиі жарияланады. Б.Майлин «Еңбекші қазақ» газетінде жүріп республикалық партиялық орган «Қызыл Қазақстан» журналын шығарып отыруға да белсене араласқан. Бұл журнал қазақ облыстық партия комитетінің органы ретінде бірінші саны 1921 жылы жарық көрген қазақ тіліндегі алғашқы кеңестік журнал болды. 1927 жылы «Сағындық», «Байшұбар», «Хан күйеуі» атты поэмаларын жазады. 1931 жылы «Қара шелек», «Ұлбосын», «Даудың бас Дайрабайдың көк сиыры» (1931), әміржанның әңгімесі» (1932), «Он бес үй» (1933), «Берен» (1935), «Қырманда» (1936) сиқяты әңгімелер жазған. Мұның өзі Б.Майлиннің халықпен күшті байланыста болудың, ел өмірін бас саусағындай біліп отырудың қаншалықты маңызды екенін танытады. 1925 жылы Қазақстан өлкелік партия Комитеті РКП(б) Орталық Комитетінің «Партияның көркем әдебиет саласындағы саясаты туралы» қаулысын басшылыққа ала отырып, КАЗАПП ұйымын құру жөнінде қаулы алып, ұйымдастыру бюросын бекітеді. Оған С.Сейфуллин мен бірге Б.Майлин да енеді. КАЗАПП құрылғанда Б.Майлин оның президиумы мүшесі болады. 30-жылдары латын әліпбиіне бет бұрған Қазақстанда сол кезде жаңа әліпби комитеті құрылып, оның органы ретінде «Жаршы» журналының екінші саны Б.Майлиннің қолымен жарық көрді. 1929 жылдардан бастап Б.Майлиннің мерзімдік басылымдарда кейбір мақалалары жиі беріліп тұрды. 1928-1931 жылдары Қазақстан мемлекеттік баспасында редактор болып қызмет атқарады. 1934-1937 жылдары «Қазақ әдебиеті» газетінде редактор болды. Б.Майлин 1933-1934 жылдары өнеркәсіп тақырыбына, жұмысшы өмірінен

шығарма жазу мақсатында республикамыздың алып өндріс орталықтарын ұзақ іс-сапарға шығап тұрды. Бұл туралы Б.Майлин: «Менің бұл күнге дейін жазған тақырыбым ауыл туралы ғана болып келді. өндіріс өмірін суреттеуге мен әлі күнге дейін кірісе алғаным жоқ. өйткені әлі күнге өндіріс өмірінен таныстығым жоқ. Жазуымдағы басты кемшілігімнің бірі осы деп білемін. Ендігі бір ойым-осы кемшіліктерді жоюға күш салу»[135,34]. Көрнекті жазушы латын әрпін үйренушілер үшін «Шала сауаттылар үшін оқу кітабы» (1929) деген еңбегін жазды. Ол 80 мың дана таралыммен бір жылда екі рет басылып шықты[9]. Бұдан кейін шала сауаттыларға арнап «Күш» (1930) атты тарихи-танымдық оқулық шығарды. 1931 жылы «Жаңаша оқу, жаз!» кітабы әліппе үлгісінде жарық көрді. Абдолла Асылбеков екеуі «1929 жылдың шаруа календары», Әбдірахман Мұстафин үшеуі «1930 жылдың шаруа календары» деген кітаптар құрастырды. Жазушының «Қанжар» өлеңдер жинағы (1932), төрт томдық «Толық жинағы» (1933-1936), «Мырқымбай» өлеңдер жинағы (1935) жарық көрді. 1933 жылы Бейімбет Майлиннің Ғабит Мүсіреповпен бірге жазған «Сауат ашу» деген кітабы жарық көрді. Аталмыш еңбек 1935 жылы «Букварь для ликбезников» деген атпен орыс тілінде де жарық көрді. Сонымен бірге ол жалызуға тиісті жаңа оқулықтың негізін қалады. Бұл Б.Майлин, Ғ.Мүсірепов, Ә.Сыдықов үшеуі жазған «Сауаттандырғыш» деп аталған сауатсыздар әліппесі еді. осы оқулық үші жылда (1934-1936) 475 мың дана таралыммен шығап тарады[136,4] Алғашқы рет 1933 жылы жеке кітап болып шыққан «Майдан» пьесасы отызыншы жылдардағы қазақ драматургиясының елеулі туындысы деп бағаланған.Б.Майлиннің зор шығармашылық әлеуетін танытып, оның бұдан да ауқымды әрі күрделі туындылары жарық көрді. Қазақ әдебиетінің ХХ ғасырдағы жаңа дәуірін бастаған «алыптар тобындағы» ірі ақын, прозаик және драматург Б.Майлиннің таңдаулы поэзиялық, прозалық, драмалық шығармаларының маңызы зор. Осы дәуірдегі қазақ прозасын дамытуда алғашқы күннен бастып қызмет еткен Б.Майлин қазақтың көркем әңгімесінің шебері саналды. М.әуезов: «қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбеттің өзгеше мұрасынан танылатын»[10],-деп оған аса зор баға берген. Шығармаларына ауыл өмірін, кедейлердің мұң-қайғысын, қасірет-қуанышын арқау еткен Б.Майлин біраз өлеңдерін әйел теңдігі тақырыбына арнаған. «Қыздың сәлемі», «Қашқан келіншек», «Ақсуаттың жанында» сияқты өлеңдерінде кертартпа салтқа негізделген қазақ қыздарының аянышты тағдырларын суреттеген. Ақын әйел теңсіздігін әлеуметтік теңсіздіктің бір көрінісі ретінде қарап, бұған кінәлі байлыққа масс болған бай-феодалдар деп біледі. «Азат әйел», «Ғазиза», «Шал мен қыз,«Ажар» сияқты өлеңдерінде жаңа заманда теңдікке жетіп, бақытты өмір сүре бастаған жастарды жырға қосты. Поэмаларының дені әйел тақырыбына арналған. Алғашқы поэмаларының «Рәзия қызда» (1919) махаббат еркіндігі жырланады. Бейімбет поэмалары көбіне қысқа көлемді келіп, оқушысын жалықтырмайды. Б.Майлиннің жазушылық үлкен дарын иесі екендігі, шеберлігі оның алғашқы туындысы, әйел теңсіздігі тақырыбында жазылған «Шұғаның белгісінен» айқын көрінеді. Жазушының қаламгерлік қызметінен туған шығармаларға баға берген М.Әуезов былай дейді:«Дүниежүзілік әдебиеттің баршы мәдениеттік дәстүріне сүйенетін релаистік прозамызды жасаған жазушылар-роман жазушылар мен әңгіме жазушылар. Мысалы, қазақ әңгімелерінің аса көркем үлгілері Бейімбет Майлиннің өзшеше мұрасынан танылады» 1937 жылы Кеңес үкіметін құлатып, қазақ мемлекетін құрау мақсат еткен ұлтшылардар ұйымның мүшесі болды, ұйым Қазақстанды Кеңес Одағынан дербес мемлекеттерге айналдыруды көздеді және тағы басқа айыптаулар тағылып, халық жауы деген жаламен ұсталып, 1938 жылдың 25-і күні атылып кетті.Қазақстан Республикасындағы жалпы білім беретін мектептердің тәрбие, оқыту және білім беру мәселелері белгілі бір мақсатпен жүргізіледі


Қолданылған әдебиеттер тізімі:

1.Омарбеков Т. 20-30 жылдардағы Қазақстан қасіреті. – Алматы.- Санат.-

1997.- 241б.



2.Кәкішев Т. Сәкен сүйген сұлулар. – Алматы.- Атамұра.- 1997.-165 б

3.Ахметов. Ш. Қазақ совет балалар әдебиет».- Алматы.-Мектеп.- 1976.24 б.

4.Кәкішев Т.Қызыл сұңқар. Алматы.- Қазақстан.-1968.-227 б.

5.Қайратұлы.Б Алаштың ардақтысы Сәкен. // Астана хабары. №180.-19

қазан.- 2006.- 3б.



6.Әбдірахманова Т. Ақын сыры. І.Жансүгіровтың лирикасы туралы. Жазушы.- Алматы. –1965.- 100 б.

7.// Жұлдыз. қоғамдық-саяси журнал. №2.- 1990.- 196 б.

8.Жансүгіров І. Көркем әдебиет жинағы. – Алматы. –1933. – 2 б.

9.Бейісқұлов Т. Қанатты қаламгер. Алматы.-Жазушы,- 1983.- 34 б.

10.Байменше С. Салақ қарауға болмайтын салмақты іс. // Егеменді

Қазақстан. №300. 6 желтоқсан. 2006. 4 б.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет