Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы



бет1/2
Дата03.02.2017
өлшемі415,4 Kb.
#8745
  1   2
Қазтұтынуодағы

Қарағанды Экономикалық Университеті

ӘЛЕУМЕТТІК САЛАНЫ РЕТТЕУ

пәні бойынша

СӨЖ (СӨЖO) бойынша әдістемелік нұсқаулар

050510- Мемлекеттік және жергілікті басқару

«Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы

Қарағанды 2010
СӨЖ бойынша әдістемелік ұсынысты құраушылар:

э.ғ.к., аға оқытушы Жанбекова З.Х «Әлеуметтік саланы реттеу» пәнінің типтік бағдарламасы КЭУК-МИ-85-04.01-2007 пәннің оқу әдістемелік кешенінің құрылымына қойылған талаптар негізінде құрылған.


Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу – әдістемелік семинарының отырысында қарастырылған.

«10» маусым 2010 ж. Хаттама №10


«Экономикалық теория және ХЭ»

кафедра меңгерушісі, э.ғ.к., профессор Жетпісбаева М.К.

Оқытушы туралы мағлұмат:

Э.ғ.к., аға оқытушы Жанбекова З.Х. «Экономикалық теория негіздері», «Әлеуметтік саланы реттеу», Муниципалды менеджмент т.б. пәндерінен дәрістер және семинарлық сабақтар жүргізеді.


Офисі: Экономикалық теория және ХЭ кафедрасы, оқытушылар аудиториясы №266

тел: 44 16 24 (143)

Қарағанды қ. Академиялық көшесі 9

СӨЖ (СӨЖО) БОЙЫНША ӘДІСТЕМЕЛІК ҰСЫНЫСТАР
СӨЖ тапсырмалары оқытушының қатысуынсыз және аудиториядан тыс орындалады. СӨЖ-дің негізгі міндеті семинарлық сабақтар мен дәрістерге дайындау. Семинарлық сабақтарда тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинарлық сабақтың тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттер тізімі, семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестер не және қалай істеу керек деген сұрақтарға жауап береді. Семинарлық сабақ тақырыптарына қатысты әдістемелік кеңестерді мұқият талдап, семинарлық сабақтың тақырыптық жоспарының сұрақтарына жауаптардық өздерің дайындаңдар. Әрбір сұрақты дайындау барысында қысқаша әрі сызба жүзінде негізгі ережелер мен жауап тезистерін дайындап, формулалар мен символдарды СӨЖ дәптеріне жазыңдар. Дайындалып болғаннан кейін өзін-өзі тексеріге арналған сұрақтар көмегімен өз білімдеріңді тексеріңдер. Өздерің талдай алмаған сұрақтарды жазып алып, дәрісте немесе СӨЖО процесінде оқытушыға қойыңдар.

СӨЖ тапсырмалары дәріске дейін орындалу керек. Ал дәрісте дербес алынған білімдер тереңдетіліп, кеңейтілуі керек.

Алайда семинарлық сабақта қарастырылатын сұрақтар көлемі тақырыптың толық мазмұнын қамтымайды. Сондықтан студент өз білімін одан әрі тереңдету мен кеңейту бойынша жұмыс жасауы қажет. Бұл СӨЖО процесінде жүзеге асырылады. Сондықтан СӨЖО-да тақырып мазмұнын толық ашатын қосымша сұрақтар мен есептер, жаттығулар қарастырылып, талдау жасалады.



СӨЖ формалары мен мазмұнын өңдеу.

«Өндіргіш күштерді орналастыру проблемалары» курсының ерекшеліктері СӨЖ формаларының кең жиынымен байланысты. Бұл мынадай формалар:



  • оқытушы берген дәріс конспектілерін талдау;

  • семинарлық сабаққа негізгі оқулық бойынша дәріс конспектісін дайындау;

  • белгілі тақырып бойынша реферат дайындау;

  • реферат, эссе, баяндамаларды өзара рецензиялау;

  • курс терминдері бойынша сөздіктер мен сөзжұмбақтар құру;

  • аса жоғары есептерді шығару;

  • статистика мәліметтерін талдау;

  • кәсіпоын іс - әрекетін модельдеу;

  • топтық жобаға қатысу;

  • таңдалған тақырып бойынша презентация жасау;

  • глоссарий жасау;

  • тақырып бойынша шолу жасау.

Жоғарыдағылардың кейбіреулерінің мазмұны мынаған байланысты:

Тақырып бойынша шолу жасау – бұл дегеніміз басылым мен Интернеттің ақпарат ресурстарын тартумен ұсынылатын тақырып бойынша жазбаша 1-2 бет қысқаша шолу жазу дегенді білдіреді.

Глоссарий – қазақ және орыс тілдерінде, мүмкін болса шет тілдеріне аудару арқылы терминдер мен түсініктердің қысқаша түсіндірмесі; ол берілген тақырып бойынша орындалады. Глоссарийді құру макроэкономиканың түсініктілік аппараты білімінің қалыптасуына және оны пайдалану дағдыларының өңделуіне ықпал етеді.

Реферат, СӨЖ-дің неғұрлым кеңейтілген формасы бола отырып, әдебиетке міндетті түрде шолу жасау арқылы белгілі тақырыпқа баяндама жасауды немесе ғылыми жұмыс, кітап мазмұнын баяндауды білдіреді. Рефератты оппонирлеу неғұрлым қызықты да ғылыми жұмыс болып табылады. Осының нәтижесінде жұмысқа талдау жасау, пікір – талас жүргізу дағдысына ие болады.

Коллоквиум білімді, әңгімелесу формасында нақты оқытылатын пәннің түрлі тақырыптары бойынша дайындық деңгейін айқындауға мүмкіндік береді.

Өзін - өзі бақылауға арналған сұрақтар, тәртіп бойынша, ерекше құрылымға ие, сондықтан жауаптар жиналған материалды талдау негізінде ғана берілуі керек.

Эссе – бұл сын мен публицистиканың түрлі жанрларында өзекті әлеуметтік – экономикалық мәселелерге деген өз ойларын білдіру, баяндау.

Дәріс конспектілеріне талдау жасау, өткен материалды қайталау бағдарламалық материалды игеруге, теориялық білімдерді нығайтуға мүмкіндік береді.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Оларды орындаудың мақсаты тәжірибелік сұрақтарды шешуде теориялық білімдерді пайдалану дағдысы мен ептілігіне ие болу болып табылады.

Мақсаттар бұтағын құру – ол үшін тыңдаушыларға тақырыпты таңдап, деңгейлер бойынша мақсаттарды белгілеу, барлық деңгейлердегі тапсырмалар мен жоспарларды анықтау, осы мақсаттарға қол жеткізуде кәсіпорындардың ұйымдастырушылық құрылымдарын анықтау, жұмыс сапасының өлшеуіштері мен тапсырманы бақылау формаларын таңдау ұсынылады.

Презентация – тыңдаушы өзінің презентациясы үшін кез – келген тақырыпты таңдап, презентацияда қарастырылатын кез – келген аспектіні түсінуін не түсінбеуін білдіре алады; презентация тақырыптың неғұрлым ашылғаны және сырт көздерден қаншалықтықызығушылық тудырғаны, сондай – ақ тыңдаушының қарастырылып отырған мәселені қаншалықты кәсіби деңгейде қарастыруы тұрғысынан бағаланады.

Оқытушылық нақты жағдайлар (кейстер) – тыңдаушыларға сұрақтарға жауап беру немесе мәселеге қатысты өз көзқарасын білдіру бойынша көптеген қарапайым да күрделі жағдайлар ұсынылады; неғұрлым дайындалған тыңдаушыларға өз кейсін жазуға болады.

Іскерлік ойындар тыңдаушыда болашақ кәсіби іс - әрекеті үшін қажетті дағдыны өңдеуге көмектеседі; кейбір ойындар бойынша үйде дайындалып немесе кітапхана мен өндірісте аяқтау қажет.

Топтық жоба (мысалы, кейстік жағдайды құру немесе шешу бойынша)– топта 3-5 адамнан артық болмауы керек, әрбір топ өз жобасын өңдеуі керек.



Жеке жоба – неғұрлым дайындалған тыңдаушылар өз қалауы бойынша орындайды; жұмыс тақырыптың әмбебаптылығымен, зерттеушілік сипатымен ерекшеленуі керек; жоба нәтижелері ғылыми конференцияда ұсынылуы мүмкін.

СӨЖ (СӨЖО) тиімді ұйымдастыруға қатысты тыңдаушыға ұсыныстар

Өткен материалды қайталау. Өткен дәріс материалын қайталау өзіндік жұмыстың неғұрлым маңызды түрі болып табылады. Материал неғұрлым терең де толығырақ өңделсе, соғұрлым өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындауда оңайырақ болады. Бірінші сабақтан бастап, өткен дәріс материалымен жүйелі де үнемі жұмыс жасау кейінгі дәріс материалын түсіну мен тәжірибелік және лабораториялық сабақтар материалдарын игеру үшін қажетті жағдай болып табылады.

Материалды өңдеуге кірісе отырып, мыналарды жүзеге асыру керек:



  • жұмыс орнын анықтау;

  • егер үйде жұмыс жасау үшін қажетті жағдайлар болмаса, университет пен қалалық кітапхана қызметтеріне жүгіну;

  • дәріс конспектісіне ие болу;

  • курс бағдарламасына ие болу;

  • ұсынылатын әдебиетке ие болу (оқулық, есеп кітапшалары), қажет болған жағдайда материалдар мен құрал – жабдықтарға ие болу.

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалын дереу қайталау (кейінге қалдыруға болмайды, себебі дәріс мазмұнын ұмытып кетуге болады);

  • конспектімен жұмыс жасай отырып, әдебиетке сілтеме жасап (бұл емтиханға дайындалу барысында қажет), қажетті толықтырулар мен түзетулерді енгізу;

  • тақырыппен жұмыс жасау материалды толық түсіну мен сете сақтауға дейін жалғасуы керек,

  • тақырыппен жұмыс жасау оқулықтар мен пособияларда келтірілген есептер мен мысалдарды талдаумен аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасаудан кейін түсініксіз сұрақтар қалса, онда оларды оқытушыға кезекті дәріс барысында қою керек.

Есептер мен сандық тапсырмаларды шығару. Тапсырманы орындау әдістемесі:

  • аталмыш тапсырмаларды орындауды аталмыш тақырып бойынша дәріс материалын қайталаудан кейін ғана бастауға болады;

  • есептерді шығаруға кірісе отырып, оның шартын мұқият оқу;

  • шығару жоспарын ойластыру;

  • есепті шығару барысында қолданылатын формулаларды анықтау;

  • формулаға кіретін шамалардың мағынасына тағы бір рет үңілу;

  • шығаруды алдымен жалпы түрде жүзеге асырып, содан кейін әріптік шамалардың сандық мәндерін қою керек;

  • аралық және соңғы шешім нәтижелерінің өлшем бірліктерін көрсету;

  • дұрыс шешімге талдау жасау.

Коллоквиумдарға дайындық. Кейбір пәндер бойынша курс тарауының теориялық бөлімін меңгеру дәрежесін бағалау үшін колоквиум өткізіледі.

Осыдан шығатыны:



  • коллоквиумда қарастырылатын сұрақтар бойынша теориялық материал тағы бір рет қайталануы керек;

Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты:

  • бакалаавриаттың ағымдық үлгерімін тексеру;

  • топ бакалавриаттарының дайындығын анықтау;

  • үлгерімділігі нашар тыңдаушылармен жұмыс әдістемесін ұйымдастыру;

Тыңдаушылар бақылау жұмысына дайындала отырып, мыналарды жүзеге асыруы қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • теориялық материалды, аталмыш тақырыптағы негізгі формулалар мен есепті шығару әдістерін ойға түсіру;

  • оқулықта талданған есептер мен мысалдарды, және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарастыру,

Егер студент бірінші дәрістен бастап, өткен материалмен жүйелі түрде жұмыс жасаса, онда бақылау жұмысына дайындалу еш қиындық тудырмайды және ол көп уақытты алмайды.

Жобаны орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау барысында кафедраларда тапсырмалармен бірге берілетін әдістемелік нұсқамаларды басшылыққа алу керек.

Тапсырманы орындау тәртібі:



  • тапсырманы орындауға өзіндік жұмыс графигімен бекітілген мерзімнен кеш кіріспеу керек;

  • егер тапсырманы орындау барысында қиындықтар туындаса, онда курстың сәйкес тақырыбына оралып, толықтырып, тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • осыдан кейін де қиындықтар болса, онда оқытушыға қосымша сабақтарға келу керек;

  • алынған шешімге талдау жасау,

  • тапсырманы қорғауға дайындала отырып, теорияның сәйкес ережелерін тексеріп, кейбір мәліметтердің өзгеруі жағдайындағы шешімді ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында қолданылған әдісті түсінгенге көз жеткізу;

  • тапсырма графикпен бекітілген мерзімнен кеш қорғалмауы керек, өйткені ол академиялық берешек болып саналады.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт айтарлықтай шектелген болғандықтан, өзіндік жұмысты тиімді жоспарлауға үйреніп, өзіндік жұмыс дағдыларын меңгеруге ұмтылып, тәжірибе алып, тиімді түрде жұмыс істеп және жұмысқабілеттілігін сақтау үшін саналы түрде демалу керек. Сондықтан әрбір оқытушы мен кафедраның тыңдаушылардың өзіндік жұмыс әдістемесіне үйрету жауапкершілігі артуда.
Әлеуметтік саланы реттеу” курсы бойынша СӨЖО өткізу формалары



Тақырып аты

СЖ өткізу формалары

1-тақырып.

Әлеуметтік саланың объективті қажеттілігі және мәні.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, глоссарий құру, эссе жазу, презентация өткізу.*

2-тақырып.

Әлеуметтік саланың негізгі түсініктері және әлеуметтік-экономикалық процесстерді басқару.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, рефераттар жазу, кейсті талқылау.*

3-тақырып.

Әлеуметтік саланы қаржыландарудың негіздері мен механизмдері.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, рефераттар жазу, топтық жобаны құру, қосымша глоссарий құру.*

4-тақырып.

Әлеуметтік саланы реттеудің салалық ерекшеліктері



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, академиялық эссе жазу, топтық жобаны құру, топтық жобаны қарсы талқылау, қосымша глоссарий құру.*

5-тақырып.

Әлеуметтік-экономикалық процесстерді жоспарлау.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, есептер шығару, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, рефераттар жазу, қосымша глоссарий құру.*

6-тақырып.

Нарық жағдайындағы адамзат капитал дамуының әлеуметтік аспектілері.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, есептер шығару, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, қосымша глоссарий құру, тақырып бойынша презентация немесе шолу жасау.*

7-тақырып.

Әлеуметтік сала дамуының негізгі модельдері.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, рефераттар жазу, презентация.*

8-тақырып.

Халықтың өмір деңгейін болжамдау және мемлекеттік реттеу



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, қосымша глоссарий құру, тақырып бойынша презентация жасау.*

9-тақырып.

Еңбек нарығы мен халықтың жұмысбастылығын мемлекеттік реттеу



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, қосымша глоссарий құру.*

10-тақырып.

Әлеуметтік инфрақұрылымын қаржыландыру мен дамытудың аймақтық мәселелері.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, рефераттарды жазу, қосымша глоссарий құру.*

11-тақырып.

Әлеуметтік саланы дамыту мен жетілдірудің потен-циалды мүмкіндіктері



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, презентация, мақсатты ағашты құрастыру, қосымша глоссарий құру.*

12-тақырып.

Нарықтық экономикасы дамыған елдерде әлеуметтік саланың реттелуі.



Дәріс конспектілерін және қосымша әдебиетінің конспектілерін қарастыру, тапсырмаларды, өзіндік бақылауға арналған, тесттік сұрақтарға жауап беру, топтық презентация, қосымша глоссарий құру.*

*-СӨЖ (СОӨЖ) қосымша немесе баламалы форманы тақырып бойынша қолданудың студентртердің инициативті ұсыныстарына алдын-ала мүмкіндік беріліп отыр.



1-тақырып. Әлеуметтік саланы объективті қажеттілігі және мәні.

СӨЖ тапсырмалары.

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру.

  5. Тақырып бойынша глоссарий құру.

  6. Академиялық эссені жазу.


Өзіндік бақылауға арналғын сұрақтар.

  1. Әлеуметтік саланың түсінігі.

  2. Әлеуметтік саланың объективті қажеттілігіне түсінік беріңіз.

  3. Әлеуметтік саланың ғылыми-теоретикалық аспектісі.

  4. ҚР-дағы әлеуметтік саланың даму проблемалары.

  5. Әлеуметтік саланың тиімді дамуының жолдары.

  6. Әлеуметтік саланың құраушы элементтері.

  7. Әлеуметтік саланың дамуын жақсарту жолдары мен проблемелары.


Тест сұрақтары


  1. Әлеуметтік сала ... негіздеуге қатысады.

А. Жалпы ішкі өнімді

Б. Жалпы ұлттық өнімді

В. Ұлттық экономиканы

Г. Шетел экономикасын

Д. Ауыл шаруашылығының жаңа типін


  1. Әлеуметтік сала ... қатысты

А. Материалды өндірске

Б. Материалды емес өндіріске

В. Өндірістік аяға

Г. Қызмет көрсету аяға

Д. Өндірістік емес аяға


  1. Әлеуметік саясат келісімді қамтиды:

А. Тұрғындардың өмір дегейі

Б. Жастардың еңбек нарығы

В. Қаржы-ақша механизмі

Г. Несие-есеп саясаты

Д. Барлық жауап дұрыс


  1. Еңбек-әлеуметтік саланың басты мониторингтік бағыттарына жатады:

А. Миграциялық және әлеуметтік-демографиялық процестер

Б. Экономиканы реттеу негізі

В. Халықтың ақша кірісі мен шығысының тепе-теңдігі

Г. Тұтыну құрылымын болжау

Д. Барлық жауап дұрыс


  1. Әлеуметтік саланы қаржыландыру көзі

А. Шетел кәсіпорының демеушілік көмегі

Б. Банк несиесі мен басқа несиелер

В. Мемлекеттік және жергілікті бюджеттер

Г. Кәсіпкерлік қызмет

Д. Халық салығы


  1. Ұлттық нарықтық экономиканың әлеуметтік бағдары мен әлеуметтк бағдарының негізделуі болжайды

А. Мемлекеттің шығыс құралдарына қатаң бақылау жасау

Б. Қоғамдық игіліктерді бөлудің оптималды моделі

В. Нарыққа минималды шығынмен көшу

Г. Мемлекеттік сектордағы халықты тікелец және жанама құралдарымен қамтамасыз ету

Д. Дұрыс жауабы жоқ


  1. Әлеуметтік саланы қаржыландырудың басты принциптері

А. Экономикаға мемлекеттің араласуы

Б. Шаруашылықта шетел тәжірбиесін қодану

В. Дамудың әлеуметтік индикаторы

Г. Жеке меншік еркін нарықты қызметі

Д. Барлық жауап дұрыс


  1. ҚР-ның жұмыссыздықтың қай түрі жатады?

А. Уақытша

Б. Жасырын

В. Мезгілдік

Г. Табиғи

Д. Барлық жауабы дұрыс
Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті қарастырудан бастау дұрыс болады. Дайындық кезінде әлеуметтік ортаның салаларының даму мәселелері мен олардың шешілу жолдарына назар аударыңыз. Балама дайындау.

2 тақырып. Әлеуметтік саланың негізгі түсініктері және әлеуметтік-экономикалық процестерді басқару
СӨЖ тапсырмалары.


  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру.

  5. “ҚР қазргі әлеуметтік саланы жағдайы” атты тақырыпқа реферат дайындау.


Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар.


  1. “Әлеуметтік саланың” түсінігі, басты терминдері мен жалпы жағдайы

  2. Пәннің ғылыми әдістері курс тапсырмалары мен басты түсініктері

  3. “Әлеуметтік саланы реттеу” пәніні басқа экономикалық пәндермен байланысы

  4. Пәннің ғылыми әдістері

  5. Әлеуметтік ортаның салаларын жіктеу

  6. Әлеуметтік ортаны салаларының шетелдік жіктелуі


Тест сұрақтары


  1. Әлеуметтік салаға келесі көрсеткіштердің қайсысы жатады?

А. Демографиялық, өмір деңгейі, жұмыс бастылық, мәдениет

Б. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау, экологиялық жақсаруы

В. А және Б дұрыс жауаптары дұрыс

Г. Қаржыландыру, сақтандыру, несиелеу




  1. Әлеуметтік нарықтық шаруашылықты алғашқы моделі қашан және кім ойлап тапты:

А. Ресейде, Волков А.М.

Б. Германияда Л. Эрхард

В. Белгияда, О. Хан

Г. Англияда, Л. Файол




  1. Шведтік модельдің ерекшеліктеріне не жатады?

А. Төмен жұмысссыздық

Б. Маңызды мемлекеттік сектор

В. Салықтың болмауы

Г. Жалақы бойынша орталықталықтандырылған қатынастар




  1. Өмір салтының қай саласында әлеуметтік дамуының факторлары пайда болды?

А. Әлеуметтік, өндірістік салада

Б. Айырбастау және айналыс саласына

В. Мемлекеттік басқару саласына

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. І-топқа өмір деңгейінің ай көрсеткіштері жатады?

А. Тамақатану, денсаулық және денсаулық сақтау, тұрғын үй мәдениет

Б. Көрсеткіштері жалпылау, құндылықтары

В. Интегралды көрсеткіштер

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. “Даму профилі” әдісі қай кәсіпорын шығады

А. МОТ

В. ВОЗ


Г. ЮНЕСКО

В. БҰҰ кезіндегі НИИ әлеуметтік дамуы




  1. Қандай көрсеткіштері бойынша АРДИ саналады?

А. Жанбасына шақандағы ЖІӨ, өмір сүру ұзақтылығы және білім дегейі

Б. ЖІӨ, халық табысы мен білім деңгейі

В. Білім дегейі, табыс деңгейі мен жұмыс басты халықтың деңгейі

Г. Бұл көрсеткішті санау мүмкін емес




  1. Бүкілодақтық ортаның өмір сүру мониторингі қай бөлімнен тұрады?

А. Табыс пен баға, шығын

Б. Тұтыну нарығы

В. Өмір деңгейінің интегралды және критериалды көрсеткіштері

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Халықтың ақша табыстарға қайсысы жатады?

А. Зейнетақы, пособие, стипендия, әлеуметтік трансферттер, жалақы және т.б.

Б. Құнды қағаздар, дивиденттер, шетел валютасын сатудағы табыс

В. А және Б жауаптары дұрыс

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Халықтың жақсы тұрмысын мен ақпарат көздері

А. Кіріс әне шығыс ақша балансы

Б. ҚР-ң Госкомстатымен жүргізілетін, үй шаруашылықты бюджеттерін қарау

В. Пластик карточкасы немесе есеп кітапшасы

Г. А және Б жауаптары дұрыс


Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті қарастырудан бастау дұрыс болады. Дайындық кезінде алдымен әлеуметтік саланың экономикасымен байланысына қарау.
3 тақырып. Әлеуметтік саланы қаржыландырудың негіздері

мен механизмдері

СӨЖ тапсырмалары.

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру.

5. Әлеуметтік саланы аймақтық деңгейде қаржыландыру тақырыбына реферат дайындау.

  1. Тақырып бойынша қосымга глоссарий құру.


Өзіндік бақылауға арналғын сұрақтар.

  1. Қоғамның интеллектуалды потенциал түсінігі.

  2. Адам капиталына инвестиция болып не табылады?

  3. Қоғамның интеллектуалды потенциал өсімінің факторлары.

  4. Қоғамның интеллектуалды потенциалын қорғаудыңқұқықтық аспектілері

  5. “Адамзат дамуының индекс” көрсеткішінің мәні

  6. Еңбектің заттары мен қаруларын тиімді пайдалану жолдары

  7. Еңбек ресурстары



Тест сұрақтары


  1. Қоғамдағы басты өндіріс күші болып не табылады?

А. Жұмысшы, жалпы және кәсіптік білім иегері

Б. Адам қабілеттілігінің физикалық сана жиынтығы

В. Мемлекет халқы

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Экономикалық жүйедегі адамның ролі

А. Еңбек нарығындағы адамның орны

Б. Еңбек қабілеттілігі

В. Тұрақты жетілу

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. 2005 жылы ҚР халық саны

А. 15 млн. адам

Б. 16 млн. адам

В. 17 млн. адам

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Урбандалу – бұл ...

А. Ауыл тұрғындарының халық сапасы

Б. Ауыл халқының қалаға кетуі

В. Қала тұрғындарының ауылдық жерге кетуі

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Адам потенциалының даму индексіне қандай көрсеткіштер жатады?

А. Критикалық мөлшердегі шығындар

Б. Жұмыссыздық және инфляция деңгейі

В. Білім және денсаулық деңгейі

Г. Өмір ұзақтылығы, білім деңгейі және өмір деңгейі



  1. Орта топқа кімді жатқызады?

А. Жұмыс күші және қарапайым шаруа

Б. Министрлер мен шенеуніктер

В. Ғылым және денсаулық сақтау қызметкерлері

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Адам капиталына инвестиция түсінігін қалай түсінесіз?

А. Өндіріс саласы және инвестиция

Б. Инвестиция және құрылыс

В. Инвестиция және білім

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Өндіріс күшіне қандай ресурстар жатады?

А. Пайдалы қазбалар

Б. Халық

В. Еңбек құралы

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Кедейлік деңгейі қандай коэфицент көмегімен есептелінеді?

А. Джини коэфицентімен

Б. Туудың сомалық коэфицентімен

В. Лоренц коэфицентімен

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Өндіріс күшінің негізгі прогрессивті формасы

А. Табиғи

Б. Қоғамдық

В. Жалпы қоғамдық

Г. Барлық жауап дұрыс


Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті қарастырудан бастау дұрыс болады. Ауыл және қала тұрғындары бойынша тұрғылықты жерлер санын зерттеу. “Адамзат даму индексі” көрсеткішінің мәні мен адам адам капиталына инвестициялар арасындағы байланысты орнату.
4-тақырып. Әлеуметтік саланы реттеудің салалық ерекшеліктері
СӨЖ тапсырмалары.

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру.

  5. Экономикалық жүйелердің әр типі бойынша академиялық эссе жазу.

  6. “Адам дамуының индексі” көрсеткіші бойынша топтық жоба дайындау.

  7. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құрастыру.


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.


  1. Қазақстандағы экономикалық реформаның негізгі талдамасы.

  2. ҚР экономикасындағы либерализация процессі.

  3. Экономикалы-өндірістік жүйенің көп қырлығы мен оның қоғамдық өндірістік күштерінің даму әсері.

  4. Қазақстандағы экономикалық реформаның негізгі жолдамасы.

  5. Халық шаруашылығының салалары бойынша еңбек ресурстарын құру және бөлу.



Тест сұрақтары

  1. Қазақстандағы экономикалық реформа жүзеге асырылған жылды атаңыз?

А. 1992-1993

1993-1996

1996-1998

1999ж. бастап


Б. 1990-1992

1992-1994

1994-1996

1997-1999

В. 1991-1993

1993-1995

1995-1997

1997-1999

Г. Дұрыс жауабы жоқ


  1. Өндіріс күшіне қандай ресурстар жатады?

А. Пайдалы қазбалар

Б. Халық


В. Еңбек құралы

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Қоғамдағы басты өндіріс күші

А. Жұмысшы, жалпы және кәсіптік білім иегері

Б. Адам қабілетінің физикалық сана жиынтығы

В. Мемлекет халқы

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Орта тапқа кімді жатқызады?

А. Жұмыс күші және қарапайым шаруа

Б. Министрлер мен шенеуніктер

В. Ғылым, білім және денсаулық сақтау қызметкерлірі

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. Кедейлік деңгей қандай коэфицентпен есептелінеді?

А. Джини коэфицентімен

Б. Туудың сомалық коэфицентімен

В. Лоренц коэфицентімен

Г. Дұрыс жауабы жоқ




  1. АДИ қандай көрсеткіштер қоланылады?

А. Техникалық

Б. Экономикалық және техникалық

В. Экономикалық және математикалық

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Экономикалық жүйедегі адамның ролі

А. Еңбек нарығындағы адамның ролі

Б. Еңбекке қабілеттілік

В. Үнемі жетілу

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Қоғамдақ өндіргіш күштер болып не табылады?

А. Қоғамдық қатынастарды жиынтығы

Б. Өндіргіш және өндіргіш емес саланың жиынтығы

В. Өндіргіш-экономикалық саланың жиынтығы

Г. Дұрыс жауабы жоқ


Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті қарастырудан бастау дұрыс болады. Адамзат даму индекс көрсеткішінің мазмұныны толық ашу керек. Содан кейін, осы көрсеткіш ҚР бойынша қалай есептелінетінін қарастыру керек. “Қазақстандағы экономикалық реформалардың негізгі бағыттары” мазмұнын толық ашу, экономикалық реформаларға мінездеме беру керек. Адам ресурстарының дамудағы негіздеу жүйесіндегі мемлекеттік қызығушылыққа көшу керек.

5-тақырып. Әлеуметтік-экономикалық процесстерді жоспарлау.

СӨЖ тапсырмалары.

  1. Тақырып сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу.

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру.

  3. Берілген тапсырмаларды орындау.

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру.

  5. “Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік саланың дамуы” тақырыбына реферат дайындау

  6. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру.



Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар.


  1. ҚР-ғы әлеуметтік-экономикалық процесстерді жоспарлау қалай жүзеге асырылады.?

  2. Аймақтық деңгейдегі әлеуметтік саланы жоспарлау сұрақтары

  3. Әлеуметтік саладағы еңбек ресурстарын орналастыру концепциясы

  4. Әлеуметтік саладағы еңбек нарығының әдістемелік проблемелемалары

  5. Әлеуметтік саладағы жаңа жұмыс орындары

  6. Мемлекет территориясындағы және оның бекітілген аудандары бойынша еңбек ресурстарын орналастыру негіздері

  7. Еңбек ресурстарын орналастыру проблемеларын шешу жолдары


Тест сұрақтары


  1. Әлеуметтік сала ненің бөлігі болып табылады?

А. Нарықтық экономиканың

Б. Ұлттық экономиканың

В. Әміршіл-әкімшіл экономиканың

Г. Дәстүрлі экономиканың




  1. Әлеуметтік аяның салалары болып -

А. Мәдени, білім беру, медициналық, рухани қажеттіліктерді қанағаттандыру

Б. Материалды игіліктерді құру процесін аяқтау

В. Материалды игіліктерді тұтынушыға жеткізу

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Қандай механизмдердің көмегімен мемлекет әлеуметтік саланың мекемелері мен кәсіпорындардың қызметін реттейді?

А. Құқықтық

Б. Қаржылық

В. Әкімшілік

Г. Барлық жауап дұрыс




  1. Халыққа әлеуметтік-мәдени қызметті жатпайтынды ата

А. Ғылым және ғылыми қызмет

Б. Ағартушылық

В. Мәдениет және өнер

Г. Денсаулық сақтау, спорт, әлеуметтік қамтамасыз ету




  1. Экономиканың аялары мен салаларының жіктелуі қандай белгілер бойынша жүзеге асырылады?

А. Халық шаруашылығының жалпы қажеттіліктерін қанағаттандыру бойынша

Б. Адамның айналасындағы адамның әсер ету бойынша

В. Еңбек белгілерінің мінезі бойынша

Г. Ұлттық табысты құруға қатысу бойынша




  1. Қызмет көрсету аясына бейімделген жаңалық ктегориясында өңдеген мына америкалық ғалымдар:

А. Хини, Лавлек

Б. Беккер, Кейнс

В. Кларк, Фридман

Г. Дұрыс жауабы жоқ


Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті қарастырудан бастау дұрыс болады. Әлеуметтік-экономикалық процестерді жоспарлау әдістемесін зерттеу және жоспарлау концепциясының принципі мен қағидасының мағынасы неде екенін білу керек. Жоспарлаудың кемшіліктері мен артықшылықтарын талқылауға назар аударыңыз.
6-тақырып. Нарық жағдайында адамзат капиталы дамуының әлеуметтік аспектілері

СӨЖ тапсырмалары.

  1. Тақырыптың сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырыпқа берілген тапсырмаларды орындау

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру

  5. Тақырып бойынша қосымша глоссарий құру

  6. “Адам капиталына инвестиция салу” тақырыбына реферат жазу


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар

  1. Адам капиталының мәні

  2. “Адам дамуының индексі” қалай есептелінеді?

  3. Адам капиталы дамуының аспектісі неде?

  4. Адам капиталына инвестиция салу түсінігіне анықтама беріңіз

  5. ҚР-да әлеуметтік салаға инвестиция қалай жүзеге асырылады?


Тесттік сұрақтар

  1. ҚР-дағы білім берусаласының дамуын тежеуішінің негізгі себебі:

А. Қаржылық құралдарының жеткіліксіздігі

Б. Берілген салаға халық қызығушылығының жоқтығы

В. Экономиканың дамусыздығы

Г. Білім берудің бекітілген стандарттардың жоқтығы



  1. Білім беруге мемлекеттік инвестиция қай функцияны орындамау керек?

А. Оқу мекемелерінің тиімді инвестициялық жобаларын талдау құралы ретінде қызмет ету

Б. Оқуда, орта білім беруде, жоғары білім беруде мемлекеттік приоритетті қамтамасыз ету

В. Оқу мекемелерімен бюджеттен тыс табыстарды тиімді қолдануды ынталандыру

Г. Жеке кіспорындарды қаржыландыру




  1. Жоғарғы оқу орнымен салыстырғанда орта мамандақ мектептің қандай артықшылықтары бар?

А. Профессионалды білім берудің жалпы және қол жетерлікті қамтамыз етеді

Б. Халықтың аз қамтылған бөлігін қолдау

В. Аймақты ебек нарығының қажеттілігін қамтамасыз ету

Г. Территориялды аспектідегі қол жеткізу




  1. Жоғарғы білім беру құрылымында жаа модельде орнатылған:

А. 1 саты

Б. 2 саты

В. 3 саты

Г. 4 саты




  1. Кадрлардың біліктілігімен дайындалуын жаңа білім моделімен көтеру.

А. Білім деңгейімен міндетті түрде емес.

Б. Профессионалды білім беру қосымшасы негізгі формалар арқылы қарастырылады.

В. Республикалық нарық еңбегін тұтынуын қамтамасыз етуге бағытталған.

Г. Жоғары ғылыми-педагогикалық білімге теңестіру(магистратура)




  1. Жоғары білім беру аясында талапкерлерді қабылдау жаңа жүйесіне көшу пайда болды. Қандай негізде?

А. Аукцион

Б. Конкурс

В. Тест

Г. Экзамен




  1. Халықаралық еңбек ұйымы тұрғындардың әлеуметтік қорғау жүйесін шаралар кешені арқылы анықтайды, ол өзіне қоспайды:

А. Әлеуметтік қорғау механизмі көмегімен әлеуметтік тәуекелдің табыс бөлігі кезінде алдын алу жолдары

Б. Қызметтерге тұрақты төлемдерді ынталандыру

В. Үкіметтегі шығын бөлігін азайту

Г. Қызметтер мен негізгі ережелерге азаматтардың қол жеткізуі(білім беру,медициналық көмек)




  1. Тұрғындардың әлеуметтік қорғау концепция негізіне:

А. Әлеуметтік қамтамасыз ету аясында халықаралық тәжірибені үйрену

Б. Әлеуметтік қамтамасыз етудегі отандық жүйелер негізіне бағытталған

В. Азаматтар табысын есеп бойынша әдістемелік базамен жетілдіру

Г. Әлеуметтік сұрақтар мемлекеттік реттеу ролін сапалы жаңа деңгейге көтеру.


Әдістемелік нұсқаулар. Семинарға дайындықты ұсынылған әдебиетті қарастырудан бастау дұрыс болады. Ең алдымен, Қ.Р-ғы адам ресурстарының өсіміне анықтама беріңіз және кәсіпорын салаларына әсер ететін тиімділігін анықтау.

7-тақырып. Әлеуметтік сала дамуының негізгі модельдері


СӨЖ тапсырмалары.

  1. Тақырыптың сұрақтарын ауызша талқылауға дайындалу

  2. Өзіндік бақылауға арналған сұрақтарға жауап беру

  3. Тақырыпқа берілген тапсырмаларды орында

  4. Тесттік сұрақтарға жауап беру

  5. “Әлеуметтік сала дамуының моделі” атты тақырыпқа презентация құру

  6. Берілген тақырыпқа реферат жазу


Өзіндік бақылауға арналған сұрақтар


  1. Қ.Р-ғы әлеуметтік сала дамуының негізгі моделін атаңыз

  2. Шетелдегі әлеуметтік сала дамуының негізгі моделін атаңыз

  3. Біздің республикамыздағы мен шетеодің тәжірибесін анықтау, яғни әлеуметтік сала дамуы бойынша

  4. Әлеуметтік сала дамуының сапалы жағдайын өкрсететін көрсеткішткр

  5. Қазақстан облысы мен аймақтардың ірілену ерекшеліктері

  6. Қ.Р-ғы әлеуметтік сала дамуындағы проблемалар

  7. Қ.Р-ғы әлеуметтік сала дамуындағы проблемаларға экономикалық баға беру




Каталог: attachments -> article -> 694
694 -> «мемлекеттік қызмет этикасы» пәні бойынша
694 -> Reu 4306 «аймақТЫҚ экономика және басқару» ПӘні бойынша сөЖ (СӨЖО) материалдары мамандықтар: 5В051000 – Мемлекеттік және жергілікті басқару
694 -> Нұсқаулар 050510- мемлекеттік және жергілікті басқару «Экономикалық теория және халықаралық экономика» кафедрасы
694 -> СӨЖ (СӨЖО) бойынша әдістемелік нұсқауды 50510 «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығының жұмыс оқу бағдарламасы негізінде, «Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау» пәнінің типтік бағдарламасы және ҚҚэу-ми-85-04. 01
694 -> «адамзат ресурстарын басқару» пәні бойынша
694 -> Экономикалық теория және халықаралық экономика кафедрасының оқу-әдістемелік семинар отырысында талқыланды
694 -> Нұсқаулар Пән : mik 1203: «Микроэкономика»
694 -> «Әлеуметтік экономикалық жоспарлау» курсы бойынша СӨжо өткізу формалары


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет