О. И. Матаева сараманды және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісінің есебі



бет1/22
Дата29.11.2016
өлшемі6,55 Mb.
#2791
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің Ғылыми кеңесі
4 желтоқсан 2009 жыл

Күн тәртібінде:


  1. 2009 жылғы университет бітірушілердің жұмыспен қамтылу жайы туралы. О.И.Матаева - сараманды және жұмысқа орналастыруды ұйымдастыру бөлімінің жетекшісінің есебі.

  2. Магистранттардың диссертациялық зерттеу жұмысы тақырыптарын және ғылыми жетекшілерін бекіту туралы. Ш.Т.Мұқанбетова - ЖОО -дан кейінгі дайындық бөлімінің жетекшісі

  3. Күндізгі және сырттай оқу бөлімі студенттерінің және колледж оқушыларының диплом жұмыстарының (жобалардың) тақырыптары, жетекшілері мен сарапшыларын бекіту туралы. Ә.С.Тасмағамбетов – бірінші проректор

  4. Ағымдағы мәселелер


2009 жылдың 27 қарашасындағы Ғылыми Кеңестегі есеп

«2009 жылғы түлектердің жұмыспен қамтылуының қорытындысы»
2008-2009 жылы жас мамандарға деген жаңа талаптар мен еңбек нарығындағы сұраныстарын есепке ала отырып, бөлім келесі жұмыстарды атқарды: «Мамандарды дайындау аясында әлеуметтік серіктестікті дамытудың мәселелері» атты тақырыпқа дөңгелек үстел өткізілді, БҚО әкімдігімен екіжақты және «Атамекен» Одағы» Қазақстан ұлттық экономикалық палатасының БҚО филиалы мен «БҚО кәсіпкерлік және өнеркәсіп департаменті» ММ-мен үшжақты меморандумға қол қойылды; әр түрлі мамандықтар студенттері мен шетелдік компаниялары, мемлекеттік мекемелер, Атырау облысының білім беру бөлімінің өкілдерімен кездесулер ұйымдастырылды; «Мансап күні»; түлектерді тарату шарасы және қалалық бос орындар жәрменкесіне қатысу.

Қазан айында БҚО әкімдігімен облыстағы жоғары дәрежелі маманды даярлаудағы қарым-қатынас меморандумына қол қойылды. 18 желтоқсанда ұйымдастырылған дөңгелек үстел шарасына 32 мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, шетел компаниялары КПО б.в, «AMEC», БҚО «Атамекен» Одағы, облыстық және қалалық білім беру бөлімдері қатысты. Дөңгелек үстел жұмысының барысында 3-жақты меморандумға қол қойылып, отырыс қатысушылары ұсыныстар қабылдады.

Ақпан айында 4 курс студенттері университет ұйымдастырған аудандар әкімдері мен «Нұр Отан» жастар қанатымен өткізілген «Жас маман- ауылға» атты шараға қатысты. Студенттер білім және мәдениет аясында ауылға баратын жас маманға көрсетілетін әлеуметтік бағдарламалар туралы мәліметті жетік меңгерді.

2009 жылдың 9 сәуірінде 4 курс студенттері мен қала және облыс мекемелерінің өкілдері қатысқан «Мансап күні» шарасы өткізілді. Шараның басты мақсаты түлектердің жұмыс берушілермен бетпе-бет кездесуі және олардың негізгі талаптарымен танысып, қызықтырған мекемелерге түйіндемелер тапсыруға мүмкіндік алуы болып табылды. Шараға әр түрлі саладағы 40 мекеме (банктер, мемлекеттік мекемелер,туристтік фирмалар, мұнай компаниялары, мәдениет және басқа) өкілдері қатысты.(өткен жылға көз салсақ 27 мекеме болған).

Жастар практикасы мен «Жас маман-ауылға» атты бағдарламаны түсіндіру мақсатында Облыстық жұмыспен қамту, «Нұр Отан» демократиялық партиясы және «Атамекен» Одағы экономикалық палатасының мүшелерімен 4 курс студенттерінің кездесуі өткізілді.

«Мансап күні» шарасы аясында «Аударма ісі», «Аймақтану», «Халықаралық қатынастар» мамандықтары студенттерімен шетел компаниялары «КПО б.в» және «AMEC» қызметкерлерінің кездесуі өтіп, олар бітіруші түлектерге жұмысқа қабылдаудағы шарттары, бос жұмыс орындары және түйіндемелер толтырудағы ережелер туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

ММ «Жайық-Каспий экология департаменті» әкімшілігімен «Экология» мамандығының студенттерінің кездесуінде мемлекеттік қызметке жұмысқа орналасудағы басты талаптар мен міндеттері түсіндірілді.

Түлектерді тарату шарасын ұйымдастыруда бөлім келесі жұмыстарды атқарды:



  1. Қазан-қараша айларында қала және аудандық мәдениет, білім беру бөлімдерінен жас мамандардың қажеттілігі туралы сұраныстары бойынша мәлімет жиналды. Бұл мәлімет кейін ақпан-наурыз айларындағы Облыстық білім беру және мәдениет басқармаларынан алынған жас мамандардың қажеттілігі туралы сұраныстармен салыстырылды.

  2. 2009 жылдың 7-8 сәуірінде бөлім педагогикалық мамандықтар студенттері мен Атырау облысы Индер ауданының білім беру қызметкерлерімен кездесу өткізді. Мұнда ауданның білім беру бөлімінен келген қызметкерлер педагогикалық мамандық студенттерін Индер ауданы мектептеріне шақырып, жас маманға көрсетілетін әлеуметтік кепілдіктері туралы сөз қозғады. Кездесу қорытындысы бойынша 12 студент көрсетілген ауданда жұмыс істеуге келісті.

  3. 14-15 сәуір айында 4 курс студенттері мен Атырау қаласының әкімінің орынбасары және білім беру бөлімінің меңгерушісімен кездесу өткізілді. Студенттерге көрсетілетін бос орындар мен әлеуметтік кепілдіктер туралы түсіндірілді. Кездесу барысында 27 студент көрсетілген аймақта жұмыс істеуге келісті.

  4. 2009 жылдың 16 сәуірінде университетте педагогикалық институт және өнер институтының 4 курс студенттеріне арналған түлектерді тарату шарасы өткізілді. Шараға облыс аудандарының білім беру бөлімдері, мәдениет бөлімдері, Орал қаласының білім беру және мәдениет бөлімі, Атырау қаласының әкімдігі мен білім беру бөлімі, Индер ауданы, Білім беру қызметкерлері кәсіподағының төрағасы қатысты.

Наурыз-маусым айлары бөлім облыстық және қалалық жұмыспен қамту мекемелерінің қызметкерлерімен бірігіп, университет өткізген шаралар қорытындысы бойынша жұмысқа орналаспаған түлектерді Жастар практикасы бағдарламасымен таныстырды.

Сонымен қатар жұмысқа орналаспаған түлектер Жастар практикасы бағдарламасын үйлестірушілер қатысқан қалалық бос орындар жәрмеңкесіне шақырылды.



2009 жылғы түлектер саны-1156 адамды құрады. Оның 723- педагогикалық институт түлектері, 233- экономика және басқару институты түлектері және 200- мәдениет және өнер институты түлектері.(62,5%, 20,1%, 17,3%). Дайындау бағыттары бойынша (1 диаграмма) бітіріп шыққан студенттер құрылымы мынадай: бәрінен көбі - «Білім беру» тобындағы мамандар-44%, «Әлеуметтік ғылымдар және бизнес» бағытын түлектердің 20% құрайды.


Түлектерді тарату шарасына 923 студент қатысса, педагогикалық институттың 461 студенті мен мәдениет және өнер институтының 167 студенті жұмыспен қамтылды ( 2008 жылы педагогикалық институттың 554 студенті, мәдениет және өнер институтының 119 студенті жұмыспен қамтылған болатын). Түлектерді тарату шарасының қорытындысы бойынша түлектердің жұмыспен қамтылуы келесіні құрайды 54,3%(1156 түлектің 628), 2008 жылы көрсеткіш 45% (1494 түлектің 673).

Педагогикалық институт бойынша жұмыспен қамтудың қорытындысы:



Түлектерді тарату шарасы кезінде жұмыспен қамтудың жоғары пайызын (диаграмма 2) мына мамандықтар көрсетті: «Информатика», «Бастапқы әскери дайындық», «География»(100%), «Математика» (97,3%), «Дене шынықтыру және спорт» (92,6%), «Физика» (91,7%), «Орыс тілі мен әдебиеті» (91,7%), «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» (91,3%), «Химия» (90,9%). Жұмыспен қамтудың ең төменгі пайызын «Экология» (19,6%), «Аударма ісі»(14,2%), «Әлеуметтану» (18,8%), «Халықаралық қатынастар» (15,6%), «Құқық және экономика негіздері» (0%). Бірақ 2009 жылдың 17 қазанындағы мәліметке сай көрсеткіш көтерілді (диаграмма 3): «Экология» (60,8%), «Әлеуметтану» (50%), «Халықаралық қатынастар» (20%), «Құқық және экономика негіздері» (59%), өйткені бұл мамандықтардың жұмысқа орналасуы диплом алғаннан кейін іске асады. Мысалы, «Экология» мамандығының түлектері мектептерге жұмысқа орналасты, өйткені диплом қосымшасында сараманның және әдістеменің бағалары бар.



Каталог: dmdocuments
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 15 сағ. Емтихан 4 Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Әдеби өлкетану Преподаватель Ақболатов Айдарбек Ахметұлы Вопросы: Вопрос №1
dmdocuments -> 2009ж. «Қазақ филологиясы» кафедрасы
dmdocuments -> Семинар ожсөЖ 5 сағ. СӨЖ 15 сағ. Емтихан Барлығы 45 сағ Орал, 2010
dmdocuments -> Жаратылыстану математикалық факультет
dmdocuments -> Барлығы – 45 сағат
dmdocuments -> 2007ж. Қазақ тілі мен әдебиеті және оқыту теориясы кафедрасы
dmdocuments -> Қазақ филологиясы кафедрасы 050205
dmdocuments -> Барлығы – 90 сағат


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет