Оңайбаева Қанша Еримханқызы Өзін-өзі тану пәні мұғалімі



Дата27.12.2016
өлшемі62,73 Kb.
#6043
түріСабақ
Оңайбаева Қанша Еримханқызы

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

«Мамандандырылған экономикалық лицей» ММ

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
ІЗДЕГЕНДЕ ТАБЫЛАТЫН ҚАСЫҢНАН


28.11.2014ж.

Өзін-өзі тану

1-сабақ

1-күн


8-сынып


Сабақ тақырыбы:

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері: мейірімділік, ізгілік, рақымшылдық



Жалпы мақсат:

«Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Өзін-өзі тану оқулығы. 8-сынып Ж.Ж.Әкімбаева. Р.О.Ізғұттынова. Ж.Б.Қажығалиева

3.Ғаламтор материалдары


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Диалогтік әңгіме арқылы сөздік қоры дамиды

Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Топта бірлесе жұмыс жасайды.



Негізгі идеялар:

Топта бірлігі жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін-бірі үйретеді.

ЖАДА жүзеге асады. Оқушылар жұптағы бірлескен әрекетке икемделеді



Сабақта қолданылатын материалдар:

1.А-3 флипчарты

2.Стикерлер

3. Маркерлер, қаламдар

4. . Роwer point таныстырылымы




Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

СТО


Формативті бағалау

Power Point бағдарламасы презентациясы арқылы ақпарат беру және алмасу



1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

4. Диалогтік әңгіме,

5. Ой толғау

6. Зерттеушілік әңгіме



Тапсырмалар:

Оқу, талдау,постер қорғау, сұрақ-жауап,

Сабақ барысы: Т-5 тәртіп, тазалық, татулық, тыныштық, талап.

І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

Тыныштық сәті Нұрға бөлену



Қызығушылық

ты ояту

Тапсырма №1

10 минут


Үй тапсырмасын тексеру:

А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты аңыз әңгімені оқып келу.

Мәтіні бойынша сұрақтар.

1.Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

2.Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

3.«Кешіру-өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Өкпелеп, ренжігенде өздеріңізді қалай сезінесіңдер?


II Ой толғаныс

Тапсырма №2

5-минут


«Достық негізгі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады» Цицерон

Достар туралы бейне таспа көрсету

«Жау жүрек мың бала» фильмінен үзінді

Сұрақ –жауап Кері байланыс



III. Мағынаны ашу

Тапсырма №3

15 мин

Тапсырма №4



10 мин

Шығармашылық жұмыс

Топпен жұмыс

I Ақыл тобы «Адал досым», екі шумақ өлең шығару

II Жүрек тобы «Достық нұры» кластер

III Адал тобы «Дос жүрегі- шар айна» Эссе

IV Күш тобы «Дос іздеймін» газет шығарады
Әңгімелесу ( Мұғалімнің сыйы)

Екі дос
«Бағытталған оқу» стратегиясы.

Кері байланыс Сұрақ –жауап


  1. Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

  2. Достар қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

  3. Досына рақымшылдық жасауының себебі неде?


Жағдаятты талдау 

1- жағдай:

Сенің досың сеннен көйлек алды да, оны жыртып тастады.

Сен досыңа не айтасың ?

Мен .....сезінгенде, мен...... жасар едім.

2-жағдай:

Сенің мұғалімің сенің диктантты көшіріп алды деп ойлап саған екі қойды.

Сен мұғалімге не айтар едің?

Мен....сезінгенде, мен.... Жасар едім.

3-жағдай:

Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолығып кездесіп қалдыңдар. Әңгіме -дүкен құрып дәмханада отырғанда кентет анаңның «тез қайт»- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?

4-жағдай:

Сенің ең жақын досың саған берген уәдесін орындамады.

Сен жақын досыңа не айтар едің?

Мен....сезінгенде, мен....жасар едім.

5-жағдай:

Сарман қанша әуреленсе де, есепті шығара алмай қойды. Мектепке келе сала көршісі Зейнептің дәптерін сұрап, одан көшіріп алды. Алғашқыларын көшіріп, келесі есепке келгенде, Зейнептің қатесін байқап қалды. Бірақ Сарман өз дәптеріне есептің шешуін дұрыстап жазды. Алайда ол бұл туралы Зейнепке айтқан жоқ.

Сіздің көзқарасыңыз қандай?




VІ. Үй тапсырмасын беру

1 минут


Үй тапсырмасы

  1. Әр оқушы өзінің досына мінездеме жазу.

  2. Тіршілікте құрыштай бол төзімді, әл-Фараби

Ондағы түйінді ойды тауып, дәптерге жазып келу.

Өзін-өзі тану дәптері 26 бет



Бағалау

1-минут


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыларды формативті бағалау Мадақтау.



Рефлексия

2-минут


Топпен ән айту

«Жан досым»

     Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар екен бала күнгі досыңнан!

 



Қайырмасы:  

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпесін!

 

Қос бұтағы секілденіп ағаштың,



Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.

 

Жан досым, үстем болсын мерейің,



Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпесін!

1-минут

Соңғы тыныштық сәті

Сонымен балалар бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта дос жайлы, достық жайлы пікірлер мен ойларыңды ортаға салдыңдар. Келген қонақтарға да, сендерге де көп рахмет!




Пайдаланған әдебиеттер

1. «Самопознание» журналы №5 2011ж



2. Жантану мәселелері журналы №3 2010ж


Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі
2016 -> Сабақтың атауы Бейнелеу өнерінің түрлері Сілтеме Сабақтың жабдығы
2016 -> Сабақтың тақырыбы: Менің Отаным Қазақстан


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет