Оңайбаева Қанша Еримханқызы Өзін-өзі тану пәні мұғалімі



Дата25.12.2016
өлшемі66,75 Kb.
#4936
түріСабақ
Оңайбаева Қанша Еримханқызы

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі

«Мамандандырылған экономикалық

лицей» ММ

Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы
ІЗДЕГЕНДЕ ТАБЫЛАТЫН ҚАСЫҢНАН


28.11.2014ж.

Өзін-өзі тану

1-сабақ

1-күн


8-сынып


Сабақ тақырыбы:

Іздегенде табылатын қасыңнан

Құндылық: Қиянат жасамау

Қасиеттері: мейірімділік, ізгілік, рақымшылдық, қамқорлық.


Жалпы мақсат:

«Дос», «достық» ұғымдарының адамгершілік құндылық ретіндегі достар арасындағы рухани жақындықтың мәнін ұғындыру

Сілтеме:

1.Мұғалімдерге арналған нұсқаулық

2.Өзін-өзі тану оқулығы. 8-сынып Ж.Ж.Әкімбаева. Р.О.Ізғұттынова. Ж.Б.Қажығалиева

3.Ғаламтор материалдары


Оқушылар үшін оқу нәтижелері:

Диалогтік әңгіме арқылы сөздік қоры дамиды

Сыни тұрғыдан ойлауға үйренеді. Топта бірлесе жұмыс жасайды.



Негізгі идеялар:

Топта бірлігі жұмыс жасау арқылы оқушылар бірін-бірі үйретеді.

ЖАДА жүзеге асады. Оқушылар жұптағы бірлескен әрекетке икемделеді



Сабақта қолданылатын материалдар:

1. А-3 флипчарты

2. Стикерлер

3. Маркерлер, қаламдар

4. Роwer point таныстырылымы




Оқыту әдістері:

Жаңа әдістер

СТО


Формативті бағалау

Power Point бағдарла-масы презентациясы арқылы ақпарат беру және алмасу



1. Диалог

2. Жеке жұмыс

3. Топтық жұмыс

4. Диалогтік әңгіме,

5. Ой толғау

6. Зерттеушілік әңгіме



Тапсырмалар:

Оқу, талдау,постер қорғау, сұрақ-жауап,


Сабақ барысы: Т-5 тәртіп, тазалық, татулық, тыныштық, талап.


І. Оқушыларға психологиялық ахуал туғызу

2минут


1.Тыныштық сәті Нұрға бөлену

2. «Ақыл», «Жүрек», «Адал», «Күш» топтарға бөлінеді.




II.Қызығушылық-ты ояту

Тапсырма №1

2 минут


Достық туралы мақал-мәтелдерді айтқызу

Дос — ажарың, жолдас — базарың.


Азаматпен дос бол, қадіріңді біледі.

Айрылмастай досыңа қайрылмастай сөз айтпа.

Дос — ажарың, жолдас — базарың. 

Дос басқа қарайды, дұшпан аяққа қарайды. 

Дос бергеннің түсіне қарама.  

Айтулы достың малы бір, 


Кемедегінің жаны бір.


Үй тапсырмасын тексеру:

Тапсырма№2

3минут


А. Бейсебайдың «Кешірімнің күші» атты аңыз әңгімені талдау.

Мәтіні бойынша сұрақтар:

1.Өсиет әңгіменің басты мағынасы неде?

2.Кешіре білу үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек деп ойлайсыңдар?

3.«Кешіру-өзгені түсінуге тырысу» дегенді қалай түсінесіңдер?

4.Өкпелеп, ренжігенде өздеріңізді қалай сезінесіңдер?




III. Мағынаны ашу

Тапсырма №3

15 минут

Тапсырма №4

8 минут


Дәйексөз

«Достық негізгі талғамның, көзқарастың толық үндесуінен туады» Цицерон

Достар туралы бейнетаспа көрсету

«Жау жүрек мың бала» фильмінен үзінді

Сұрақ –жауап Кері байланыс

Екі дос

( Мұғалімнің сыйы)


«Бағытталған оқу» стратегиясы.

Кері байланыс Сұрақ –жауап

  1. Достардың бір-біріне деген адал ниеті мен достығын қалай бағалар едіңдер?

  2. Достар қандай болуы керек деп ойлайсыңдар?

  3. Досына рақымшылдық жасауының себебі неде?


Жағдаятты талдау (үлестірмелі карточкалар тарату)

1- жағдай:

Досың сенен көйлек алды да, оны жыртып тастады.

Досыңа не айтасың ?

Мен .....сезінгенде, мен...... жасар едім.



2-жағдай:

Мұғалімің диктантты көшіріп алды деп ойлап, саған екі қойды.

Сен мұғалімге не айтар едің?

Мен....сезінгенде, мен.... жасар едім.



3-жағдай:

Бір күні көптен бері кездеспеген досыңмен жолықтың. Әңгіме -дүкен құрып дәмханада отырғанда кенет анаңның «Тез қайт!»- деп бұйырғаны есіңе түсе кетті. Сен осы кезде не істер едің?



4-жағдай:

Сенің ең жақын досың саған берген уәдесін орындамады.

Ол досыңа не айтар едің?

Мен....сезінгенде, мен....жасар едім.




II. Ой толғаныс

Тапсырма №2

10 минут


Шығармашылық жұмыс

Топпен жұмыс

I. «Ақыл» тобы «Адал досым» атты екі шумақ өлең шығару

II. «Жүрек» тобы «Достық нұры» кластер құрау

III. «Адал» тобы «Дос жүрегі- шар айна» Эссе жазу

IV. «Күш» тобы «Дос іздеймін» газет шығарады

Әңгімелесу (Мұғалімнің сыйы)




VІ. Үй тапсырмасын беру

1 минут


Үй тапсырмасы

  1. Әр оқушы өзінің досына мінездеме жазу.

  2. Тіршілікте құрыштай бол төзімді Әл-Фараби

Ондағы түйінді ойды тауып, дәптерге жазып келу.

Өзін-өзі тану дәптері 26- бет



Бағалау

1минут


Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушыларды формативті бағалау. Мадақтау.




Рефлексия

2 минут


Топпен ән айту

«Жан досым»

     Іздегенде табылатын қасыңнан,

Көңілі бар қызғалдақтай ашылған.

Көріспесек сағыныштан жүдейтін,

Кім бар екен бала күнгі досыңнан!

 



Қайырмасы:  

Жан досым, үстем болсын мерейің,

Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпесін!

 

Қос бұтағы секілденіп ағаштың,



Қатар жүріп сырымызды сан аштық.

Жол тапсақ та бірге жүріп жол таптық,

Адассақ та бірге жүріп адастық.

 

Жан досым, үстем болсын мерейің,



Әрқашан жеңісіңді көрейін,

Сырымыз да бітпесін,

Жырымыз да бітпесін, жырымыз да бітпесін!

1 минут

Адал жүр! Адал тұр! Өтірік айтпа! Біреуге қылдай қиянат жасама! Өтірік мақтану да қиянат. Қиянатпен елді алдап, қылмысты болғым келмейді.

Б.Момышұлы

Соңғы тыныштық сәті

Сонымен, балалар, бүгінгі сабақ өз мақсатына жетті деп ойлаймын. Бүгінгі сабақта дос жайлы, достық жайлы пікірлеріңмен ойларыңды ортаға салдыңдар. Келген қонақтарға да, сіздерге де көп рахмет!




Пайдаланған әдебиеттер:

1.Өзін-өзі тану 8сынып Б.А.Әрінова, Ж.Б. Қажығалиева, Ж.Ж. Әкімбаева, Р.О.Ізғұттынова



2. «Самопознание» журналы №5 2011ж

3. «Жантану мәселелері» журналы №3 2010ж
Каталог: upload -> iblock -> e3f
iblock -> М.Құсайынов атындағы Ақтөбе облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-интернат
iblock -> Өзі де, сөзі де бөлек дара тұлға Ауызша журнал: Талғампаз өнер иесі
iblock -> №4 қалалық кітапхана Құрастырған
iblock -> Аты-жөні Марапаттау кезіндегі қызметі
iblock -> Абай Құнанбаев- қазақ жазба әдебиетінің
iblock -> Абай Құнанбаев қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Мақсаты
iblock -> Составитель: библиограф цгб
iblock -> Сабақтың тақырыбы: Шортанбай Қанайұлы
iblock -> Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет