Оббөж тақырыбы



бет1/3
Дата07.02.2022
өлшемі35,78 Kb.
#95116
  1   2   3
Байланысты:
педагогика 10 Сейтқасым Күмісхан н

Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті



ОББӨЖ
Тақырыбы: Отбасының педагогикалық процесінің құрылымын ашу.
Тобы: МДШ – 911
Орындаған: Сейтқасым К
Тексерген: Құлахметов Б

Түркістан – 2020
Қазіргі заманғы отбасының өсіп келе жатқан ұрпақтың тәрбиесі мәселелерін шешудегі ерекшелігі –ата-ананың білім және жалпы мәдени деңгейінің жоғары болуы.Балалардың отбасындағы тәрбиесі оның белгілі бір тұрақты әлеуметтік институт ретінде анықталады, ол отбасы мүшелері арасындағы өзара қатынастардыңқалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін адамдардың жақындығы, туыстық қатынастар, өзара тұрмыстық өмір. Отбасы тәрбиесінің артықшылығы да осы қатынастарда, оны тәрбиенің ешқандай да түрі алмастыра алмайды.Отбасы –болашақ азаматтың әлеуметтену жолындағы алғашқы қадамдарын жасайтын бастапқы ұя. Ол балаға моральдық қалпы туралы алғашқы түсініктер береді, оны еңбекке баулып, өз-өзіне қызмет ету дағдыларын қалыптастырады. Ата-ананың іс-әрекеті мен мінез-құлқы, өмір сүру салты арқылы балаға дүниетанымдық, адамгершілік, әлеуметтік-саяси құндылықтар беріледі.Отбасы тәрбиесінің қоғамдық және мемлекеттік тәрбиеге қарағанда артықшылығы басым. Алайда, қазіргі қоғамдық өмірде болып жатқан әлеуметтік, экономикалық және демографиялық өзгерістер отбасыға белгілі бір қиыншылықтартуғызады.Өркениеттіқоғам дамыған сайын отбасындағы бала саны азайып келеді. Аз балалы отбасында, негізінен, бір баласы бар отбасында ішкіотбасылық тәрбиенің ең басты жағдайы жоқ, ол –балалар қарым-қатынасы. Бір баланың тәрбиесі қосымша педагогикалық күш салуды талап етеді. Жалғыз балаға деген ата-ананың, әжесі мен атасының артық көңіл бөлуі оны белсенділігінен айырып, оның эгоистік жақтарының басым болуы.Толық емес отбасыларда, яғни ата-анасының біреуі жоқ отбасыларда тәрбиелік мәселелерді шешуде кейбір адамгершілік-психологиялық ыңғайсыздықтар болуы мүмкін. Мұндай отбасылардың көбінде ана және бала ғанаболады.Отбасы тәрбиесінің проблемасы –ананың отбасы тұрмысынан қолы босамауы. Ананың уақыты жетпеуі көбінесе насихат, жазғыру, ұрсу сияқты тәрбиелік ықпалдың нәтижесіз әдістерін пайдалануға мәжбүр етеді.
Микроклиматы жағымсыз, отбасы өмірі ұрыс-керіске, ата-ананың бір-біріне, балаларына деген шағымдарына, айқай-шуға, қорлық сөздер мен іс-әрекеттерге толы отбасыларда тәрбие проблемалары туындайды.Ата-ана құқығынан айырылғалы тұрған ата-аналар әлеуметтік және педагогикалық проблемалар тудырады. Мемлекет олардың ата-аналық құқықтарынан айырғандабалалардың мақсат-мүддесін басшылыққа алады. Алайда бұл ретте олардың өмірі өз мәнін барынша жоғалтады, өйткені өмір сүру мен дамудың маңыздылығы кемиді.Елдегі түбегейлі әлеуметтік-экономикалық өзгерістерге, жекеменшіктің пайда болуына, жеке адамныңбаю мүмкіндігінің тууына байланысты материалдық жағынан ауқатты отбасылар пайда бола бастады. Мұндай отбасыларда тәрбие белгілі бір проблемаға кездеседі. Көбінесе бұндай отбасындағы бала балалық ұжымдардан алшақ болады, оның ерекшелік сезімі қалыптасып, қоршаған адамдарға деген жөнсіз наразылық эгоизмі тууы мүмкін.Отбасы тәрбиесінің, ата-ананың әлеуметтік-жауапкершілік қызмет-әрекеті ретінде басты құқықтық негізі бар. 1989 жылдың 20 қарашасында БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдаған «Бала құқығы туралы конвенция»маңызды негізгі құжат болып табылады. Онда «Балаға, дене жағынан және ақыл-ойының жетілмегендігінен, арнайы қорғау мен қамқорлық, соның ішінде, оны туылғанға дейін және туылғаннан кейін тиісті құқықтық қорғау керек», -деп жазылған.Баланың өмір сүру, тіршілік ету және салауатты даму құқығын жариялай отырып, Конвенция баланың жекетұлғалық дамуында өзінің дербестігін, даралығын сақтау құқығына ерекше көңіл бөледі. Сондай-ақ баланың ата-анаға деген құқығы да ескеріледі. Ата-ана «баланың мақсат-мүддесі үшінқажетін» орындамаған жағдайда ғана өз құқықтарынан айырылады.Осы Конвенцияға қол қойған мемлекеттер мына міндеттерді орындауы тиіс: ақысыз және бәріне міндетті бастауыш білім енгізу, орта және кәсіби білім алуға жағдай жасау, жоғары білім алуға жол ашу. Конвенцияның 28 тарауында «мектептегі тәртіп баланың адами қадір-қасиетіне құрмет көрсететін әдістер арқылы жүргізілуі тиіс» деп, ерекше аталып кеткен.Конвенция, сондай-ақ БҰҰ Бас Ассамблеясының 1959 жылдың 20 қарашасында қабылдаған «Бала құқығының декларациясы»; «Адам құқықтарының жалпы декларациясы» және басқа да көптеген халықаралық құжаттарҚР Конституциясының ішкі отбасылық қатынастарды, баланың отбасы мен қоғамдағы тәрбиесі және ағартушылығы мәселелерін қамтитын тарауларына негіз болды. ҚР Конституциясының 27 тарауында былай делінген:1. Неке мен отбасы, аналық, әкелік және балалық мемлекет қамқорлығыныңаясында;2. Балаларды қорғау мен тәрбиелеу ата-ананың табиғи құқығы және міндеті;3. Кәмелетке толған және еңбекке жарамды балалар еңбекке жарамсыз ата-аналарына қамқорлық жасауы тиіс.ҚРКонституциясында бекітілген отбасы тәрбиесінің құқықтық принциптері «Неке және отбасы туралы» заңда (17.12.1998ж) нақтыланған. Онда қазіргі заманға отбасы құқығының бір некелік, некеге тұрудың
бостандығы мен еркіндігі, ажырасу еркіндігі, ерлі-зайыптылардың отбасы қатынасындағы тең құқығы сияқты негізгі принциптері жазылған. Бұл құқықтаротбасы өміріндегі, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократияға жол ашады. 52 тарауда баланың отбасылық тәрбиесі, оның құқығынжәне мақсат-мүдделерін қорғаудың баптары келтірілген: «Баланың өз ата-анасы тарапынан тәрбиеленуіне, оның тілек-қалауларының орындалуына, жан-жақты дамуына, оның адами қадір-қасиетінің сыйлануына құқығы бар». Бала ата-ана билігіне тәуелді объект ретінде емес, өзіндік құқық субъектісі ретінде қарастырылады.ҚР«Білім туралы» заңында (07.06.1999ж) елдегі білім беру-тәрбиелік процесті мемлекеттік-құқықтық реттеудің мәселелеріне айрықша көңіл бөлінген. Бұл құжаттың нақты жасалған құқықтық негізі бар, ол ата-аналарға және балаларға олардың қазіргі заманның талабына сай зиялы білім алуларына құқықтықкепіл береді. Ата-ана және басқа құқық өкілдері балаларға өмір сүру мен білім алу үшін салауатты және қауіпсіз жағдайлар жасау керек, бала жеке тұлғасының интеллектуалды, дене-күш және адамгершілік қасиеттерінің дамуын қамтамасыз етулері керек. Жалпы алғанда, Қазақстан Республикасында елдегі білім беру-тәрбие процесін жүзеге асыратын дамыған, қызмет етіп тұрған құқықтық негіз бар, отбасының дамуына кепіл беретін және отбасы өмірінің, отбасы ұжымындағы өзара байланыстың терең демократиялы қамтамасызететін құқықтық нормалардың жүйесі жетілген.Отбасында педагогикалық процесті ұйымдастырудың теориялық негіздеріОтбасы тәрбиесі туралы алғашқы педагогикалық түсініктермен идеялар халық педагогикасында пайда болған. Педагогикалық ғылымның дамуы барысында отбасы тәрбиесінің мәселелері нақты ғылыми-теориялық және әдістемелікмазмұнға ие бола бастады. К.Д. Ушинский, Л.Н. Толстой, П.Ф. Лесгафт және басқалар балалар тәрбиесін ұйымдастыруда олардың даралық ерекшеліктерін, бейімділіктерін, дене-күш және психологиялық даму денгейін ескеру керектігіне ерекше көңіл бөлген. Н.К. Крупская, А.С. Макаренко, В.А. Сухомлинский бала тәрбиесінің теориясын атап көрсеткен. Қазіргі зерттеушілердің еңбектерінде баланың отбасындағы қарым-қатынасындағы қызмет-әрекетін ұйымдастыру, салауатты өмір салтын құру, мектеп пен отбасы ара қатынасы т.б. мәселелері қамтылған.Отбасының тәрбие өмір салты, оның барлық құрылымдық элементтері бір-бірімен тығыз байланысты, өйткені олардың мақсат-міндеттері ортақ іс-әрекеттерінің жалпы тәсілдері, әдістері және бағыттылығы бар. Отбасындағы тәрбиенің субъектілері –ата-ана мен бала, әлеуметтік мақсат, міндет, педагогикалық тәсілдер, әдістер. Осы элементтерді біріктіретін негіз –іс-әрекет.Ұйымдастырылғанмақсатты жүзеге асыруда іс-әрекет болмаса, тәрбие де болмайды. Отбасындағы тәрбиенің маңыздылығы ата-ананың басшылығымен, бақылауымен әртүрлі іс-әрекетке (оқу, еңбек, ойын, эстетикалық, т.б.) балаларды араластыруда.Баланың отбасында орындайтын тапсырмалары оларды орындауға қатынасы. Баланың отбасындағы орындайтын тапсырмалары оның деңгейі
педагогикалық процестің бірлігі. Бұл деңгей арқылы ата-ананың ұйымдастыру және бағыттаушы ролін; ата-ана мен бала арасындағы өзара қатынастың сипатын; бала тәрбиесіне әсер ететін отбасының мақсатты адамгершілік бағыттарын; баланың отбасындағы араласатын іс-әрекетінің алуан түрлілігін; ата-ананың тәрбие құралдарын, әдістерін, тәсілдерін пайдалана алу қабілеттерін; баланың белсенділігінің дәрежесін көруге болады.Ата-ананың тәрбие жұмысының сапасын оқушының күн тәртібін ұйымдастыруынан көруге болады, онда отбасы тәрбиесінің маңызды ерекшеліктері көрініс табады, отбасының әдет-ғұрыптарының бір бөлігі болып табылады. Күн тәртібі баланың уақыт аралығындағы іс-әрекетінен тұрады: дене және еңбек қызметі, ой белсенділігі, бос уақыт, дер кезінде тамақтану, гигиена, ұйқы. Олардың ара қатынасы баланың жасына, оның жеке тұлғасының психикалық ерекшеліктеріне және тілек-қалауларына байланысты өзгеріп отырады. Баланың бос уақыты оның күн тәртібінің құрамды бөлігі болып табылады. Оқушының бос уақытын пайдалануы, оның іс-әрекетінің түрлері отбасының тәрбие мүмкіндіктерінің айқын көрсеткіші.Отбасының бос уақыттағы бірлескен іс-әрекетінің оқушы үшінмаңызы өте зор. Отбасы мүшелерінің өзара әрекеттестігіретінде, түсінісу, сезім әсерлері негізіндегі бір-біріне ықпал етуі. Қарым-қатынас кезінде іс-әрекетпен, тәжірибемен сезім әсерлері қатар жүреді. Ата-ана мен баланың ара қатынасы отбасы өмірінің айқын көрінісі, оның микроклиматын қалыптастырып, отбасының даму мүмкіндіктері. Педагогикалық мәдениеті төмен отбасыларда бос уақыттың педагогикалық мәні болмайды, ол тек көңіл көтеру мақсатында ғанапайдаланылады. Педагогикалықпроцестіңқызметіндегі іс-әрекеттің маңыздылығын, оның жеке тұлғаның өмірлік болашағын анықтаудағы мақсаттылық сипатын көрсете отырып, оның нәтижелілігі оқушының белсенділік дәрежесі.Ата-ана арасындағы, ата-ана мен бала арасындағы, балалардың арасындағы өзара қатынас педагогикалықпроцестің тәрбиелік механизмдері болып табылады. Олар жеке тұлғалық мән беріп, олардың адамдарға деген қатынасынаәсер етеді. Отбасындағы өзара қатынас сипаты әдет-ғұрыптармен, ата-ананың өзінің бұрынғы отбасынан алған тәрбие-нұсқауларымен, темперамент ерекшеліктерімен, ерлі-зайыптылардың эмоционалдық деңгейімен, олардың адамгершілік және педагогикалық мәдениетімен анықталады. Осының бәрі ата-ананың балаға деген қатынасында орын алады.Отбасы және мектептің ынтымақтастығының түрлері. Қазіргіуақытта мектеппен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастырушылық –педагогикалық жұмыс; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.Ата-аналармен ұйымдастырушылық –педагогикалық жұмыс ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады. Ата-аналар комитеті –ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол
жалпы мектептік (жалпы мектептік ата-аналар комитеті) немесе сыныптық жиналыстарда (сыныптық ата-аналар комитеті) сайланады. Ол 5-6 адамнан (өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын председательден және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.Дұрыс және жақсы қызмет ететін ата-аналар комитеті –сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы (ұйымдастырушылық, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың отбасылары арасындағы байланысты орнатуға, сыныптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхатты, т.б.) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.Ата-аналар комитеті жұмысының жемістіболу шарттары –оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру (алғыстар, грамоталар, жұмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетендер шығару арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.Мектеп пенотбасылардың ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастырушылық–педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыстары мен конференциялары жатады. Олар жалпы мектеп бойынша да, жеке сыныптар бойынша да өткізіледі. Жалпы мектептік ата-аналар жиналысы немесе конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту-тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте, жылына 2-3 рет өткізіледі.Отбасымен ұйымдастырушылық-педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сыныпоқушылары ата-аналарының жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімі мен тәртібін сынып өміріжайлы, ұжым міндеттері туралыақпарат береді. Жиналыстар отбасы мен мектептің тәрбие жұмысында ортақ мақсаттарды анықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірігіп өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүрлі болуы мүмкін: тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытынды, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т.б. Жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізінде ата-аналар жиналысы (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл процестің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және отбасындағы шынайы жайды анықтау үшін керек.Отбасындағы бала тәрбиесінде көмек көрсетудің ықпалды тәсілі –ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ұйымдастыру. Мектеп ата-аналардың педагогикалық сауатын дамытуды ата-аналар жиналысын, консультациялар, сұрақ-жауап кештерін, әкелер конференцияларын, т.б. өткізу арқылы ұйымдастыруға тырысады. Бұл орайда, әрбір мектеп өз жағдайына, «отбасы суреті» ерекшеліктеріне, оқушылар тәрбиелілігіне сәйкес ата-
аналардың педагогикалық сауатын дамытудың нақты жүйесін жасайды. Көбінесе оқушылар ата-анасымен бала тәрбиесін жақсартудағы педагогикалық консультацияларжәне практикалық кеңестер сипатындағы жеке дара жұмыс жиі қолданылады.Отбасыны мектеп жұмысына тартудың нәтижелі формасының бірі «кіші педагогикалық кеңестер», ата-аналардың белсенді мүшелерімен бірігіп мұғалімдердің нақты бір сыныптың оқыту-тәрбие процесінің әртүрлі мәселелері бойынша ерекше кеңестер өткізуі.Осылайша, мектеп пен отбасының сынып жетекшісі арқылы реттелетін педагогикалық процестерінің ара қатынасы мұғалім қызметінің диагностикасы негізінде қойылған міндеттерімен анықталады. Сынып жетекшісі қалыптастырған мақсат пен міндеттер оның оқушылары мен олардың отбасыларымен әрі қарай жұмысының бағыттарын да анықтайды.Отбасылық тәрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тәрбие қоғамдық тәрбиемен бірлесіп нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам –бір жүйенің кіші және үлкен үлгілері. В. Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір-бірі туралы бәрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасы туралы жаңа ұрпақтарды қоғамдық тәрбиелеудің бөлігі ретінде айта отырып, оның осы жүйедегі мәнділігін назардан тыс қалдырмау керек. Ата-ана балаларының әлеуметтік құндылықтар кешенін, дүниеге деген көзқарасын, бағдарын, қажеттіліктерін, қызығушылықтары мен әдеттерін қалыптастырады.Отбасындағы алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқасы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге, меңгеруге немесе қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үдемелігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан-жақты әсер етеді, көп жылдарға жалғасады, отбасындағы байланыстардың тұрақтылығына, балалардың да, ата-аналардың да өзара эмоционалдық қарымқатынасына негізделеді. Мұнда сүйіспеншілік пен сенім тәрізді табиғи сезімдер туралы ғана сөз болып отырған жоқ, сонымен қатар балалардың өз қауіпсіздігін, қорғалғандығын, өзін мазасыздандырған ойлармен бөлісу мүмкіндігін, көмек алатындығын сезіну туралы айтылады. Отбасылық қарым-қатынас, тәрбие барысында балаға аға ұрпақтың өмірлік тәжірибесі, сезім мәдениеті мен мінез-құлқының деңгейі беріледі.Отбасылық тəрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар:үздіксіздік; тәрбиелік әсер етудің көп факторлығы мен қайшылығы; тәрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы; тікелей әсер ету (көмекші бөлімшесіз, көмекші адамсыз); қарым-қатынастың жекелігі;өзара қарым-қатынастың табиғилығы мен көпқырлығы;


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет