Оқыту мақсаттары



бет1/4
Дата18.06.2017
өлшемі0,5 Mb.
#19399
  1   2   3   4
Түсінік хат
Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес дайындалған.

2. «Бейнелеу өнері» курсы эмоциялық-бейнелі, көркемдік ойлау түрін қалыптастыруға бағытталып тұлғаның рухани қызметі қалыптасуының шарты болып табылады.

3. Оқыту мақсаттары:

1) эстетикалық сезімдерді тәрбиелеу, өнегелі тәжірибесін байыту, адамгершілік сезімдерін тәрбиелеу, Қазақстан және басқа елдердегі халықтар-дың мәдениетін құрметтеу;

2) қиялын, өнер мен қоршаған әлемді қабылдау қабілетін, көркемдік іс-әрекетте бірлесіп жұмыс істеу шеберліктері мен дағдыларын дамыту;

3) халық шығармашылығына деген қызығушылығы мен сүйіспеншілігін тәрбиелеу;

4) аңғарымпаздығы мен көріп есте сақтау қабілетін дамыту.

4. Оқыту міндеттері:

1) өзінің қоршаған әлемге көзқарасын шығармашылық жұмыстарында көрсете білу қабілетін дамыту;

2) сурет, кескіндеме, композиция бойынша бейнелеу сауаты негіздерімен таныстыру;

3) жылы және суық түстермен таныстыру және оларды айыра білуге үйрету;

4) бейнелеу өнерінің түрлерімен (графика, кескіндеме, сәндік-қолданбалы өнер, мүсін, дизайн, сәулет өнері) және жанрларымен (пейзаж, портрет, натюрморт, анималистика және т.б.) таныстыру;

5) көркемдік дағдыларды меңгеру (әртүрлі материалдармен жұмыс істеу және әртүрлі бейнелеу техникасын игеру);

6) шынайы өмірде көркем мәдениеттің көрінісін байқай білу қабілетін дамыту (мұражайлар, сәулет, дизайн, мүсін және т.б.);

7) сезімдік-эмоциялық белгілерді дамыту: зейін, есте сақтау, қиял, елестету;

8) оқушылардың қолдарының моторикасын, иілгіштігін, икемділігін және көзбен шамалау дәлдігін жақсарту.

5. Оқу материалы 4 блок бойынша ұсынылады:

1) көркемдік іс-әрекет түрлері;

2) көркемдік сауат негіздері;

3) қоршаған әлемді тану;

4) көркем-шығармашылық іс-әрекет мазмұны.

6. Блоктарға бөлу ерекшелігі:

бірінші блок оқу материалының мазмұнын ашады;

екінші блок оны іс жүзінде іске асырудың құралдарын береді;

үшінші блок тапсырма тақырыбының рухани-адамгершілік, эмоциялық-құндылық бағыттылығын болжамдайды;

төртінші блок іс-әрекет түрлері мен шарттарынан тұрады.

7. Блоктар өнердің әртүрлі: типологиялық, тілдік, құндылыққа бағдарланған, іс-әрекеттік қырларын ашады, әр сабақта әртүрлі шамада оқытылады, барлық блоктар кешенді түрде бастауыш көркемдік білім мен тәрбие міндеттерін шешуге бағытталған.

8. Оқыту процесінде пәндермен пәнаралық байланыстар жүзеге асырылады:

1) «Сауат ашу», «Қазақ тілі»: өнер туындыларын талдау кезінде мәнерлі, дұрыс, логикалық сауатты сөйлеу тілін қалыптастыру, бейнелеу нысан-дарын бақылау кезінде шығармашылық елестету мен қиялын дамыту;

2) «Әдебиеттік оқу»: суреттер материалы негізінде сөздік қорын байыту, оқыған мен көзбен көргенді салыстыру, салғастыру қабілеттерін дамыту, оқылған мәтінге сай келетін суреттерді сипаттау қабілетін дамыту, оқылған мәтін материалын бейнелеу;

3) «Музыка»: суретпен жұмыс істеу кезінде музыкалық шығармаларды пайдалану;

4) «Дүниетану», «Өзін - өзі тану»: табиғаттағы, қоршаған әлемдегі нысаналарды сурет салу нысандары ретінде пайдалану, ойша, өз қиялымен сурет салу процесінде өмірлік тәжірибені, экскурсия материалын пайдалану;

5) «Математика»: кеңістік ұғымдарын (жоғары, төмен, алыс, жақын, оң жақ, сол жақ және т.б.), ұзындық пен ен ұғымын, геометриялық пішіндерді суретте пайдалану, тілді математикалық терминдермен толықтыру;

6) «Еңбекке баулу»: қол саусақтарының ұсақ бұлшықеттерін дамыту, көркем еңбек туындыларын сурет салу және мүсін жасау үшін пайдалану;

7) «Дене шынықтыру»: жаттығулар жасау, қозғалыс ойындарын ойнау.



9. Типтік оқу жоспарына сәйкес оқу жүктемесінің жалпы көлемі 135 сағатты құрайды.

Оқу пәнінің базалық білім мазмұн
10. Блок 1. «Көркемдік іс-әрекет түрлері»:

1) өнер туындыларын қабылдау;

2) көркем шығармашылық ерекшеліктері: суретші және көрермен;

3) өнердің бейнелік болмысы: көркем бейне, оның шарттылығы, жеке бейне арқылы жалпы бейнені беру;

4) әсем өнер туындыларындағы адамгершілік пен эстетика туралы жалпы адамзаттық идеялардың көрініс табуы: табиғатқа, адам мен қоғамға деген көзқарас;

5) көркем мәдениеттің байлығы мен алуан түрлілігі туралы түсінік (Қазақстан халықтарының мәдениеті мысалында), Қазақстан халықтары бейнелеу өнерінің көрнекті өкілдері (таңдау бойынша), Қазақстан және әлемдік өнер жауһарларын қабылдау және эмоционалдық тұрғыдан баға-лау;

6) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі, оның материалдық ортасын ұйымдастырудағы рөлі туралы түсінік;

7) сурет, сурет салу материалдары мен техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, борлар және т.б.;

8) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері, суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

9) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

10) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

11) кескіндеме, кескіндеу материалдары, кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

12) түс – кескіндеу тілінің негізі, алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескінде-медегі табиғат пен адам бейнелері;

13) мүсін, мүсіндеу материалдары және олардың мәнерлі бейне жасаудағы рөлі, мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдары-мен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру), көлем – мүсіндеу тілі-нің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, мүсіндеу құралдарымен бейнеленген адам және жануарлардың әсемдігі;

14) көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет, көркемдік құрастыру және модельдеуге арналған материалдардың алуан түрлілігі (ермексаз, қағаз, картон және т.б.), мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру; қағаз бен картон – жұмсарту, бүктеу, кесу), көркемдік құрастыру және модельдеу дағды-ларын адам өмірінде қолдану мүмкіндіктері туралы түсінік;

15) сәндік-қолданбалы өнер, сәндік-қолданбалы өнердің бастауы және оның адам өміріндегі рөлі, халық мәдениетінің сипаты туралы түсінік (бас-пананы, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімді әшекейлеу), әдет-ғұрыптар, салт-дәстүрлер;

16) бейнелеу өнерінде, ертегілерде бейнеленген халықтардың ер мен әйел сұлулығы туралы түсініктері;

17) халық мәдениетіндегі және сәндік-қолданбалы өнердегі ертегілік бейнелер, қолданбалы өнердегі сәндік пішіндердің негізі ретінде табиғаттағы пішіндердің алуан түрлілігі, Қазақстанның халық және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен танысу.



11. Блок 2. «Көркемдік сауат негіздері»:

1) композиция, жазықтық пен кеңістіктегі композицияның қарапайым тәсілдері;

2) ұғым: композиция құрудағы көлденең, тігінен және диагональ;

3) ұғым: көкжиек сызығы, жақын – алыс, үлкен – кіші, алдын бөгеу;

4) қарама-қарсылықтың композициядағы рөлі: төмен және биік, үлкен және кіші, жұқа және қалың, қара және ақ, байыпты және қарқынды және т.б.;

5) композициялық орталық, композициядағы басты және екінші дәрежелі, симметрия және асимметрия;

6) түс, негізгі және құрамдас түстер, жылы және суық түстер, түстердің араласуы, эмоциялық бейнелеу мен бейненің мәнерлілігіндегі ақ және қара бояулардың рөлі, түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

7) сызықтардың көп түрлілігі (жіңішке, жуан, тік, толқынды, байсалды, үшкір, спираль түрінде оралған) және олардың белгілік сипаты, штрих, дақ және көркем бейне;

8) сызықтың көмегімен табиғаттың, адамның, жануардың эмоциялық жай-күйін көрсету;

9) пішін, заттай әлемдегі пішіндердің алуан түрлілігі және оларды жазықтық пен кеңістікте көрсету, пішіндердің ұқсастығы мен қарама-қарсылы-ғы, қарапайым геометриялық пішіндер, табиғи пішіндер, зат пішінінің оның сипаты туралы түсінігіне әсері, нұсқа;

10) көлем, кеңістіктегі көлем және жазықтықтағы көлем, көлемді беру тәсілдері, көлемді композициялардың мәнерлілігі;

11) ырғақ, ырғақ түрлері (байсалды, баяу, шұғыл, беймаза және т.б.);

12) сызықтар ырғағы, дақтар, түс ырғағы;

13) кескіндеме мен суреттегі композицияның эмоциялық дыбысталуындағы ырғақтың рөлі, элементтер ырғағы арқылы композициядағы қозғалыс-ты көрсету, сәндік-қолданбалы өнердегі ырғақтың ерекше рөлі.

12. Блок 3. «Қоршаған әлемді тану»:

1) жер – біздің ортақ үйіміз, табиғатты және табиғи құбылыстарды бақылау;

2) жылдың, тәуліктің әртүрлі мезгілінде, әртүрлі ауа-райында табиғатты бейнелеудегі айырмашылық;

3) пейзаж жанры, табиғаттың мәнерлі бейнесін жасау үшін әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану, табиғаттағы құрылыстар: құстың ұясы, індер, құмырсқаның илеуі, тасбақаның сауыты, ұлудың үйшігі және т.б.;

4) табиғатты бейнелеген қазақстандық және шетел өнері жауһарларын қабылдау және эмоциялық тұрғыдан бағалау (мысалы, Ә. Қастеевтің, А.Г. Ғалымбаеваның, К.Т. Телжановтың, А.К. Саврасовтың, И.И. Шишкиннің, К. Моне, В. Ван Гогтың және т.б. туындылары);

5) әртүрлі халықтар мен дәуірлердегі әлемнің бірнеше аса жарқын мәдениеттерімен танысу (мысалы, Ежелгі Грекия, ортағасырлық Еуропа, Жапония және т.б.);

6) әлемдегі әртүрлі халықтардың мәдени салт-дәстүр сипатындағы табиғи жағдайлардың рөлі, әртүрлі халықтардың өнеріндегі адам бейнесі, сәу-лет және сәндік-қолданбалы өнер бейнелері;

7) менің туған Қазақстаным, Қазақстан халықтарының дәстүрлі мәдениет сипаттамасындағы табиғи жағдайлардың рөлі, туған табиғат пейзажда-ры, киіз үйді, тұрмыс заттарын, еңбек құралдарын, киімдерді безендірудегі сәндік құрылым тұтастығы;

8) бейнелеу өнерінің билермен, ертегілермен байланысы;

9) дәстүрлі мәдениеттегі адам бейнесі, өнерде бейнеленген адамның сұлулығы (сыртқы және рухани) туралы халық түсінігі;

10) адам бейнесі, әлемнің әртүрлі мәдениеттеріндегі адам бейнесі, замандас бейнесі, портрет жанры, өнердегі махаббат, достық, отбасы тақырып-тары;

11) адамдағы ең ізгі сезімдер мен қасиеттерді: қайырымдылық, рақымдылық, сүйеніш, қамқорлық, ерлік, риясыздық және т.б. сезімдерді оятатын кейіпкерлер бейнесінің эмоциялық және көркемдік мәнерлілігі;

12) ашу-ыза, шіміркену, жеккөрініш тудыратын кейіпкерлердің бейнелері;

13) өнер адамдарға әсемдік сыйлайды, біздің айналамыз тұнған өнер, тұрмыстағы әсем, жайлы әрі мәнерлі заттар, көлік түрлерін жасауда әртүрлі көркемдеу материалдары мен құралдарын пайдалану;

14) бейнелеу (әсем) өнерінің адамның күнделікті өміріндегі рөлі туралы түсінік, табиғи, географиялық жағдайлардың, әртүрлі халықтардың салт-дәстүрлерінің әсем өнерлерде көрініс табуы;

15) натюрморт жанры;

16) үй-жайларды, ыдыс-аяқты, жиһаз бен киімді, кітаптар мен ойыншықтарды көркемдік құрастыру және безендіру.

13. Блок 4. «Көркем-шығармашылық іс-әрекеттің мазмұны»:

1) бейнелеу, сәндік-қолданбалы және көркемдік-құрастыру іс-әрекетінің алуан түрлеріне қатысу;

2) сурет, кескіндеме, мүсін, сәндік-қолданбалы өнер негіздерін меңгеру;

3) натурадан, есте қалғанын және көзге елестету арқылы бейнелеу (натюрморт, пейзаж, адам, жануар, өсімдік);

4) көркемдік сауат негіздерін: композицияны, пішінді, ырғақты, сызықты, түсті, көлемді, фактураны меңгеру;

5) адамның тұрмыстық орта заттарының модельдерін жасау, мүсін жасау және қағаз пластикасының қарапайым дағдыларын меңгеру;

6) суретте, кескіндемеде, жапсыруда, мүсіндеуде, көркемдік құрастырудағы өз ойын іске асыру үшін мәнерлеу құралдарын таңдау және қолдану;

7) түс, рең, композиция, кеңістік, сызық, штрих, дақ, көлем, материал фактурасының көмегімен шығармашылық жұмыстарды орындау;

8) жеке және ұжыммен жұмыс істеу кезінде әртүрлі көркемдік техникалар мен материалдарды: коллаж, граттаж, жапсыру, қағаз пластикасы, гуашь, акварель, пастель, балауыздан жасалған борлар, қарындаш, фломастерлер, ермексаз, сазбалшық, көмекші және табиғи материалдарды пай-далану;

9) бейнелеу өнері туындыларының мазмұны мен мәнерлеу құралдарын талқылауға қатысу, өзінің туындыға қатысты көзқарасын білдіру.
Оқу пәнінің 4-сыныптағы базалық білім мазмұны

Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат)

1) мектепте өнерге ықпалдастырып оқыту;

2) қазіргі заманның әлеуметтік, мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру;

3) бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу;

4) мәдени құндылықтар: адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілері.

Кескіндеме (10 сағат)

1) түс – кескіндеу тілінің негізі;

2) кескіндеу құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

3) алға қойылған міндеттерге сәйкес кескіндік бейне жасау үшін көркемдік мәнерлеу құралдарын таңдау, кескіндемедегі табиғат пен адам бейнелері, композициялық орталық (композицияның көру орталығы);

4) түстің эмоциялық мүмкіндіктері, түстердің араласуы, түстің көмегімен кейіпкердің мінез-құлқын, оның эмоциялық жай-күйін көрсету;

5) пастозды кескіндеме, композициялық орталық, қозғалыс;

6) «Достық пойызы», «Серуен», «Менің аулам», «Наурыз», «Астана – бейбітшілік пен бақыт қаласы» атты тақырыптарға сурет салу;

7) кескіндеу материалдары: акварель және гуашь, палитра;

8) әртүрлі тақырыптарға композициялар салу (натюрморт, пейзаж, портрет және т.б.);

9) 20 ғасырдың 70-80-жылдарындағы қазақстандық суретші-кескіндемешілердің туындыларымен танысу.



Графика (6 сағат)

1) әртүрлі графикалық материалдармен жұмыс істеу тәсілдері;

2) суреттің өнердегі рөлі: негізгі және қосалқы;

3) сурет құралдарымен бейнеленген табиғаттың, адамның, ғимараттардың, заттардың әсемдігі мен алуан түрлілігі;

4) ағаштарды, құстарды, аңдарды бейнелеу: ортақ және өзіндік сипаттары;

5) сурет салу материалдары және техникасы: қарындаш, қалам, фломастер, көмір, пастель, борлар және т.б.;

6) тақырыптық графика, «Менің жазым», «Бізге тағы да күз келді», «Теңіздегі дауыл», «Сүйікті ертегі» атты тақырыптарға сурет салу;

7) суретші-графиктер В. Антощенко-Оленевтің, Е. Сидоркиннің, С. Романовтың, М. Қисамединовтың және т.б. туындыларымен танысу.



Мүсін (6 сағат)

1) көлем – мүсіндеу тілінің негізі, мүсіннің негізгі тақырыптары, жұмыр мүсін (ұсақ пластика, пластика, композицияның тұтастығы, типтендіру;



2) халық ертегілерінің сарынымен екі, үш тұлғалы композициялар жасау;

3) мәнерлі бейне жасау үшін пластикалық мүсіндеу материалдарымен жұмыс істеудің қарапайым тәсілдері (ермексаз, сазбалшық – илеу, көлемін жинастыру, пішінді созу және құрастыру);



4) суретші-мүсіншілер Н. Журавлёвтің, Е. Мергеновтың, Х. Наурызбаевтың, М. Әйнековтың, Т. Досмағамбетовтың және т.б. туындыларымен танысу.

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет (6 сағат)

1) жаттығулар мен тапсырмалар жүйесі арқылы көркемдік құрастырудың өзгешелігін ашу, соның негізінде пішін мен материалдармен тәжірибе жасау, түс тану және композиция элементтерімен танысу;

2) функция мен пішін тұтастығы, пішін жасаудың жалпы заңдылықтары негізінде заттай орта бұйымдарын модельдеу.

Сәндік-қолданбалы өнер (4 сағат)

1) Қазақстанның (тұскиіз, қапшағай күйіктасы және қазіргі заманғы басқа да қолөнерлер), Ресейдің дәстүрлі қолданбалы өнері және басқа республикалардың қолөнерлері;

2) Қазақстанның халық қолөнері шеберлері;

3) жиһаз, музыкалық аспаптар, киім, аяқ киім және тұрмыста қажетті басқа заттар;

4) қолөнерді дамыту және Қазақстанның халық көркем өнерін қайта жаңғырту;

5) икебана, коллаж;



6) әлемдік өнердегі негізгі ою-өрнек нақыштары, адам және табиғат, әлем халықтарының өнеріндегі су, от, жер, ауа символдарының туындау тұтастығы мен жалпы сипаттары;

7) символдарды пайдаланумен шығармашылық ою-өрнекті композиция орындау, сурет композициясы мен мәтін мазмұнындағы өзара байланыс;

8) Қазақстанның және әртүрлі елдердің халық шеберлерінің және сәндік-қолданбалы өнер суретшілерінің туындылары-мен танысу.


2–4-сынып

Барлығы – 34 сағат, аптасына 1 сағаттан


Оқу материалы

Сыныптар бойынша сағаттар саны

1-сынып

2-сынып

3-сынып

4-сынып

Өнер туындыларын қабылдау

2

2

2

2

Кескіндеме

8

8

8

10

Графика

6

6

6

6

Мүсін өнері

4

6

6

6

Көркемдік құрастыру, дизайн және сәулет өнері

8

6

6

6

Сәндік-қолданбалы өнер

5

6

6

4

Барлығы

33

34

34

34


4- сыныбында бейнелеу өнері пәнінен орта мерзімді жоспар

(барлығы 34 сағат, аптасына 1 сағат)
4-тоқсан (8 сағат)
1-тоқсан /9 сағат/

Өнер туындыларын қабылдау (2 сағат)

Тарау мақсаты: Өнерге ықпалдастырып оқыту. Мәдени, тілдік, рухани көптүрлілігін ескеретін, тұтас дүниетаным қалыптастыру.

Бейнелеу өнері арқылы өзін, өзінің ішкі жан дүниесін көрсете білу. Адамгершілік және эстетикалық мұраттар, мінез-құлық нормалары мен үлгілерін білу.



р/с

сабақ реті

Тақырыбы:

Негізгі мақсаттар.

Тізбектелген сабақтардың жиынын аяқтағанда оқушы бойында қалыптасатын білім, білік, дағды(идеясы)

Белсенді жұмыс түрлері

әдіс-тәсілдері (жеке, жұппен, топпен) АКТ-ны қолдану мүмкіндіктері.

Оқыту үшін бағалаудың қолданылуы



Сабақ барысында сынып оқушылардың қамтылуы Оқытуды жақсарту үшін (дарынды және талантты, СТО )

Жоспарлан-ған және күтілген нәтиженің оқушылар-дан анықталуы

Қосымша ресурстар

Сағат саны

Өткізілу мерзімі

1

1

Тақырыбы:Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары.

Мақсаты: «Бейнелеу өнерінің түрлері мен жанрлары» тақырыбы бойынша үш жылда өткен материалды бекіту.

«Еркін жауап» стратегиясы

Топтық, жұптық, дараланған жұ-мыс түрлері



Қалыптасты-рушы бағалау

«Бағдаршам»

бағалау


СТО, АКТ, дарынды және талантты,  жас ерекшелік, көшбасшылық, ОүБ.

 

 



Бейнелеу түрлерінің жанрларын ажырата алады.

Фличарт, маркер

кесте


1




2

2

Тақырыбы: Түс гаммасының қанық-тығы.

Мақсаты: туындының эстетикалық және эмоционалды эффектілерін көрсе-те отырып, түстік гаммаларын анықтау.


Венн диаграм-масы

Жабық және ашық сұрақ-жа-уап, «Радиоға қоңырау шалу» ойыны



Қалыптасты-рушы баға-лауы 

Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер, СТО, ОүБ, АКТ, Талантты және дарынды бала-ларды оқыту, жас ерекшелік, көшбасшы-лық.  

Қанық және қанықпаған түстерді ажырата бі-леді.

Флипчарт суреттер

Кесте


Тірек сызба

1




Каталог: uploads -> doc -> 12ff
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
12ff -> Сабақ типі: Жарыс сабақ Сабақ әдісі: Баяндау, сұрақ жауап. I. Ұйымдастыру: Амандасу, түгендеу, сергіту сәті
12ff -> Тақырыбы: Тұлғаға бағытталған білім беруде оқу тәрбие үдерісін жаңаша ұйымдастыру кіріспе
12ff -> Сабақ №27 Тақырыбы: Қазақтың музыкалық мұрасын жинаушы А. В. Затаевич Мақсаты: Халық күйлерін, аңыз-күйлерінің шығу тарихын насихаттау
12ff -> Сабақ № Мерзімі: Сабақ тақырыбы: Тақырыптық қайталау Көрсеткіштік теңсіздіктер және оалрдың жүйелері
12ff -> А. Байтұрсынов атындағы №139 мектеп-гимназиясы. Коучинг тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет