Оқыту сапасын ақпараттық технологияны қолдану арқылы арттыру



Дата04.05.2017
өлшемі34,81 Kb.
#15489
Оқыту сапасын ақпараттық технологияны қолдану арқылы арттыру
Ибажанова Б.К.

Ш.Батталова атындағы жалпы орта білім беру мектебінің химия пәнінің мұғалімі.

Елбасы Н.Назарбаевтың 2030 жылға арналған стратегиялық жоспарында, оқу іс – әрекетінде айшықты орны бар жеке тұлғаның өзіндік білім алуы, өзін – өзі дамытуы бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі екені айтылған. Мектептің негізгі мақсаттарының бірі

Химияны оқыту, оның пән ретінде ерекшеліктеріне сай, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдануға жайлы сала болып келеді. Химия сабақтарында ақпараттық коммуникативтік технологияны жаңа тақырыпты өткенде, қортынды қайталау сабақтарында, курс бойынша қортынды лекцияларда және т.б. сабақ түрлерінде қолдану өте тиімді. Лекция барысында слайд- фильмдерді «Power Point» пайдалану, дәстүрлі әдістермен салыстырғанда, сабақтың динамикасын, көрнекілігін, ақпараттың өте жоғары деңгейін және көлемін қамтамасыз етеді, сонымен қатар,тақырыпқа және жалпы химия пәніне қызығушылықты арттырады. Сабаққа дайындық барысында электрондық оқулықтар, Internet желісінің ақпараттары қолданылады және оқытушы мен оқушыларға арналған дидактикалық материалдар, оқу – әдістемелік құралдар жасалады.

Слайд – фильмдерді, буклеттерді, сабаққа арналған қосымшаны жасау- мұғалімнің кәсіби шеберлігін арттыратын шығармашылық процесс.

Әрине, қазіргі заманғы ақпараттық технологияны қолдану арқылы сабаққа дайындық ізденіске, ақпаратты безендіруге және жүйелеуге көп уақытты талап етеді. Осы атқарылған еңбектер толық сабақтар циклдары түрінде жинақталады және мұғалімнің интеллектуалды байлығы ретінде оқушыға беріледі. Мұғаліммен оқушылардың ортақтасып жасаған еңбегінің нәтижесінде 8 сынып химия оқулығына арналған электрондық қосымша жасалды.

Химия сабақтарында ақпараттық технологияны тәжірибеде қолданудың екі бағытын айқындауға болады.



  1. Жаңа тақырыпты өту барысында әсіресе, ешқандай жағдайда өткізуге мүмкін емес демонстрацияларды, оқушыларға кейбір процестерді , құбылыстарды , олардың өзара қатынастарын түсіндіретін моделдерді жобалауды айта кетуге болады.

  2. Орындалған тапсырманың дұрыстығын тексеру. Мысалы, игерілген білім мен дағдылар негізінде заттарды құрайтын молекулалар мен атомдар екенін компьютер арқылы тексеру.

2014 жылы мектебімізде химия кабинетінде интерактивті тақта орнатылды. Интерактивті тақта мұғалім мен оқушының жұмысы мен шығармашылығына қайталанбас мүмкіндіктер береді.

Интерактивті тақта – компьютерге қосылған сенсорлық экран, бейне тақтаға проектор арқылы беріледі. Компьютерде жұмыс бастау үшін тақтаға қаламды тигізу жеткілікті. Арнайы бағдарламалар мәтін және объектілермен, аудио және видео материалдармен, Internet ресурстарымен жұмыс істеуге, сонымен қатар, ашық құжаттар үстінен қолмен жазба жазып, ақпаратты сақтап қоюға мүмкіндік береді. Интерактивті тақта ақпаратты әртүрлі түрде (мәтін, графика, анимация, дыбыс, цифрлы бейне) көрсетудің қуатты құралы. Ақпараттық материалдар – бұл бейнелер (слайдтар), дыбысты және видеофрагменттер, ал, бейнелер (слайдтар) – бұл фотографиялар, суреттер, графиктер, сызбалар, диаграммалар.Видеофрагменттер – бұл лекцияға, толық немесе жеке бөліктерімен, қосылған фильмдер, ал дыбысты фрагменттер- бейнелер және видеофрагменттермен қоса жүретін дикторлық мәтін, музыкалық және басқа да жазулар.

Мұғалім интерактивті тақтаның мүмкіндіктерін пайдаланып, ақпаратты жеткізуге арналған уақытты үнемдеумен қатар, жаңа тақырыпты түсіндіруге уақытын көбейтеді. Химияны оқытуда интерактивті тақтаны қолдану- пәнге деген қызығушылықты арттыруға тағы бір қадам болып келеді, өйткені осы ғылымның арқасында осындай құралдар дүниеге келеді.

ХХ1 ғасырда әлем «ашық ақпараттық» қоғамға айналып отыр. Болашақ білім ошағы – бұл «ақпараттық ғасыр» ордасы. Оның негізі- өз бетінше жетіле алуға қабілетті, жалпы және кәсіби мәдениетті меңгерген кәсіби білікті, бәсекеге қабілетті және ынталы маман. Жаңа ақпараттық технологиялар, мультимедиялық өнімдер- бұл оқытудың сапасын көтеруге, жауапты,білімді, жаңа шешімдер таба алатын, қажетті білімді тез және тиімді қолдана алатын жаңа тұлғаны тәрбиелеудің бірден- бір жолы.

Аннатация

Жаңартылған әдістемелік жүйенің оқыту үрдісінде іске асуы үшін оны технологияландыру қажеттігі туады. Ұсынылып отырған баяндама химиялық білімнің мемлекеттік стандартының талаптарына сай.


Аннатация

В данной статье рассматриваются методы повышение эффективности уроков химий через использование информационных технологий.


Annotation

This article describes methods for increasing the efficiency of chemistry lessons through the use of information technology.




Каталог: uploads -> doc -> 0854
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0854 -> Тақырыбы: Әдептілік – адамгершілік бастауы Мақсаты: Білімділік
0854 -> Азоттың периодтық жүйедегі орны, электрондық құрылысы, қасиеттері. Аммиак, аммоний тұздары. Азот оксидтері
0854 -> Сабақтың тақырыбы: «Бізді қоршаған әлемдегі төртбұрыштар»
0854 -> Сабақтың мақсат міндеттері: а проблеманы шешу
0854 -> Сабақтың көрнекілігі: Слайд, кітаптар, суреттер т б Сабақтың барысы: Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық ахуал


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет