Қожды қҰймалардың ТҰТҚырлығын анықтау зертханалық жұмыстың мақсаты



бет1/4
Дата20.04.2020
өлшемі211 Kb.
#63106
  1   2   3   4
Байланысты:
жеңіл атлетика (копия), жеңіл атлетика (копия)

Зертханалық жұмыс №13
ҚОЖДЫ ҚҰЙМАЛАРДЫҢ ТҰТҚЫРЛЫҒЫН АНЫҚТАУ
Зертханалық жұмыстың мақсаты: Домна пешінің төменгі жағындағы үрдістерге құймалардың тұтқырлығының әсерін тәжірибелік түрде анықтауды үйрену.
Кілт сөздер: Қож, құйма, тұтқырлық, ротациялық әдіс.
Материалдар мен құрал - жабдықтар:
1. Тұрақтандырылған түзеткіш Б1 - 21

2. Аккумулятор БСТ - 128

3. Түрлендіргіш ПАГ - 1ФП

4. Кедергі

5. Қозғалтқыш - генератор ДГ - ЭТА

6. Шпиндель

7. Түзеткіш

8. Тегістеуші сүзгі

9. Кедергі көпір М0 - 61

10. Потенциометр ЭПП - 09М3

11. Термопарлар ПР - 30 / 6

12. Молибденді тигель

13. Тамман пеші

14. Трансформатор

15. Қожды құйма
Қауіпсіздік техникасы:
1. Жұмыс алдында барлық аспаптардың жұмысқа жарамдылығын тексеру.

2. Тәжірибені тек желдеткіш қосылған кезде жүргізу.

3. Тамман пешіне қожды құйманы салу үшін қысқыш құралдарды және басқа да қорғаныс жабдықтарын (көзілдірік және қалқанша, мауыт (шұға) қолғап, мауыт (шұға куртка)) қолдану.
Теориялық бөлім
Тұтқырлық деп әртүрлі жылдамдықта қозғалатын сұйық бөлшектердің арасында пайда болатын ішкі үйкеліс күшін айтады. Тұтқырлықпен шартталатын ішкі үйкеліс күші Ньютон теңдеуімен анықталады:
Р = η · F · (dω / dτ),
мұндағы, Р - үйкеліс күші; F - сұйықтың жанасқан беті, см2; dω / dτ  - сұйықтың қозғалыс бағытына нормаль бойымен жылдамдық градиенті, с -1; η - тұтқырлық коэффициенті.
Тұтқырлық бірлігі мынадай шартқа жауап береді, пуазбен: пуаз белгілі бір өлшемге ие г · с-1. Қожды құйманың маңызды физико - химиялық сипаттамасы тұтқырлық өлшемі болып табылады. Ол бізге үлкен немесе кіші құйма аққыштығы туралы мәлімет береді және ол домна пешіндегі шикіқұрам материалдарының қозғалысы мен температуралардың үлестірілумен тығыз байланысты. Сонымен қатар, қождың тұтқырлығы сондағы диффузиялық үрдістердің өтіп жатқан жылдамдығына кері пропорционал, ал ол өз кезегінде шойынның десульфурациясы кезінде тотықтардың тотықсыздануын шектейді.

Нағыз жұмыс кезінде қож құймасының тұтқырлығы электро - ротациялық әдіспен анықталады. Тұтқырлық микрогенератор кернеуінің өлшемімен есептеледі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет