Ойын-сауық «Тілім барда-дәстүрім бар, салтым бар!» Тәрбиеші: Абдрахиева А. Т. Петропавл 2012 Ойын-сауық «Тілім барда-дәстүрім бар, салтым бар!»



Дата07.02.2022
өлшемі33,5 Kb.
#85469
Байланысты:
Тілдер күніне сценарии
ертегі универ, тақырыптық жоспар 2 топ

МКҚК «Салтанат » бөбекжай-бақшасы
Ойын-сауық «Тілім барда-дәстүрім бар, салтым бар!»

Тәрбиеші: Абдрахиева А.Т.


Петропавл 2012


Ойын-сауық «Тілім барда-дәстүрім бар, салтым бар!»


Мақсаты: Балалардың өз тіліне деген қызығушылықтарын, сүйіспеншіліктерін нығайту, қазақша дұрыс сөйлеуге үйрету, сыйластыққа тәрбиелеу.
Тәрбиеші: Балалар біздің отанымыз қалай аталады?
Балалар: Қазақстан.
Тәрбиеші: Ал біз қай тілде сөйлейміз?
Балалар: Қазақша.
Тәрбиеші: Өте дұрыс айтасындар балалар. Біздің туған тіліміз- қазақ тілі. Біз бір-бірімізбен қазақ тілінде сөйлесуіміз керек. Балалар бізге біруе келе жатқан сияқты, кәне қарайықшы.
Түлкінің келуі.
Түлкі: Балалар қандай тамаша сендер қазақ тілінде сөйлейді екенсіңдер. Мен сендердің дауыстарыңды естіп келдім. Ал, мен дұрыс қазақ тілінде сөйлей алмайтындығымнан мені балабақшаға алмады. Сендер мені қазақ тілінде сөйлеуге үйретесіңдер ме?
Тәрбиеші: Балалар түлкіні қазақ тілінде сөйлеуге үйретеміз бе? Олай болса біз қазір ойын ойнайық. Ал түлкі сен ойнада үйрең.
Ойын: Түлкі сен орыс тілінде айт, ал балалар қазақ тілінде айтады. Мысалы: Осень-Күз, Хлеб-Нан.
Тәрбиеші: Тамаша. Ал енді түлкі сен біздің балалардың тақпақтарын тындап үйренші.



Құралай: Ана-тілі елдігім
Ана-тілі ерлігім.
Ана-тілім болмаса
Бүтінделмес кемдігім.

Санжар: Ана-тілім ырысым
Ана-тілім қылышым.
Ана-тілсіз тарылар
Кең дүниеде тынысым.



Тәрбиеші: Тамаша, жарайсыңдар, балалар! Ал түлкі енді сен бізбен келесі ойынды ойнауға дайынсың ба?
Ойын: Ақ серек, көк серек бізден сізге кім керек?
Ақ серек, көк серек сізден бізге Ерсал керек.
Тәрбиеші: Түлкі біздің балалар саған арнап тақпақ айтамыз дейді.
Тақпақ: Түлкі, түлкі, түлкішек.
Түнде қайда барасың
Апам үйіне барамын
Апаң саған не береді?
Ешкі сауып сүт береді.
Оны қайда қоясың?
Жалпақ тасқа қоямын.
Ит ішіп кетсе қайтесің?
Жылап, жылап қоямын.
Тәрбиеші: Түлкі біздің балалар тағы бір ұлттық ойын ойнағанды жақсы көреді.
Ойын: Оқтау тартыс.
Түлкі: Балалар мен сендерге таң қалып отырмын. Сендер қазақ тілінде тақпақ білесіңдер, ұлттық ойын білесіңдер. Рахмет сендерге! Енді мен де қазақ тілін үйренемін.
Тәрбиеші: Түлкі сен енді бізге қонаққа күнде келіп жүр. Біз балабақшада қазақ тілінде тақпақ айтамыз, ұлттық ойын ойнаймыз, ертегілер тыңдаймыз. Ал балалар сендер өздеріңнің туған тілдерің, қазақ тілін құрметтеп, ұмытпай жүріңдер.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет