«Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі» Кіріспе



Дата29.03.2017
өлшемі235,79 Kb.
#12465
«Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін

дамытудың бір тәсілі»
Кіріспе
Елбасының «Қазақстан жолы — 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ атты Жолдауында «Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуға бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. Осыған орай,үлкен жауапкершілік жүктеліп отырған мұғалімдерге жаңашылдықпен жұмыс жасауға тура келеді. Ең алдымен барлық пәндер бойынша білім сапасын арттыру керек.» деп айтылған.

Функционалдық сауаттылық тұжырымдамасына негізделген анағұрлым танымал халықаралық бағалау зерттемелерінің бірі Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (ЭЫДҰ) қолдауымен өткізілетін 15 жастағы оқушылардың оқу жетістіктерін бағалаудың халықаралық бағдарламасы (Programmer for International Student Assessment – РІSА) болып табылады. РІSА 15 жастағы жасөспірімдердің мектепте алған білімдерін, іскерлігі мен дағдыларын адами іс-әрекеттердің әртүрлі салаларында, сондай-ақ тұлғааралық қарым-қатынас пен әлеуметтік қатынастарда өмірлік міндеттерді шешу үшін пайдалана алу қабілеттерін бағалайды.


РІSА зерттеулері қазіргі уақытта әлемде мектептік білім берудің тиімділігін салыстырмалы бағалаудың әмбебап құралы ретінде қарастырылады. Зерттеу барысында алынған деректер тұтастай оқытудың мазмұны мен әдістері ретінде, сондай-ақ контексті факторлардың (басқару моделі, оқыту тілі, отбасының және т.б әлеуметтік мәртебесі) мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамыту деңгейіне әсері ретінде білім беру жүйесін дамыту стратегиясын анықтауға негіз болады.
РІSА шеңберіндегі тестілеу барысында функционалдық сауаттылықтың үш саласы бағаланады: оқудағы сауаттылық, математикалық және жаратылыстану-ғылыми сауаттылық

Еліміздің егемендік алуына байланысты жалпы білім беру жүйесі айтарлықтай дәрежеде кайта қаралып,  оны  жетілдіру жолдары іздестірілуде. Болашақ коғам мүшелерінін өмір сүріп нәтижелі қызмет етуінде математикалық білімдердің жасайтын ықпалы мол.

«Мұғалім көп әдісті білуге тырысуы керек. Оны өзіне сүйеніш, қолғабыс нәрсе есебінде қолдануы керек »,- деп Ахмет Байтұрсынов айтқандай қазіргі заман талабына сай білім беру мәселесі сол қоғам мүддесіне сай болуы керек. Өз ісінің щебері ғана жоғары жетістіктерге жетеді .

Математика пәнін жақсы, терең білетін, күнделікті сабақтағы тақырыпты толық қамтитын, оны оқушыға жеткізе алатын, әр түрлі деңгейдегі есептерді шығара білу іскерлігі , оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс – амалдарын, құралдарын еркін меңгеретін , оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыра отырып дарындылығын дамытудағы іздену-зерттеу бағытындағы тапсырмалар жүйесін ұсыну өмір талабы

Орта мектепте математиканы оқытудың білімділік мақсаты барлық оқушыларды математика ғылымының негізі болатын білімдер жүйесімен және ол білімдерді саналы түрде шығармашылықпен қолдана алудың іскерлігі мен дағдыларын берік қалыптастыру мен ой-өрісін дамыту болып табылады.

Ал оның негізгі бастауыш сыныптарда қаланбақ. Сондықтан да бастауыш сынып математика сабагында әр түрлі тиімді әдіс-тәсілдерді қолдана отырып, оқушылардың білім сапасын арттыру көкейкесті мәселе.




Шығармашылық тақырып: «Ойын технологиясы – оқушылардың математикалық біліктілігін дамытудың бір тәсілі»

Мақсаты: ойын технологиясы арқылы оқушылардың математикалық біліктілігін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру

Міндеттері:

  1. Ойын технологиясын оқып білу;

  2. Ойын технологиясының оқушыға ықпалын көрсету және білім сапасын көтеру;

  3. «Математикалық ойындар» атты әдістемелік шығару.

Күтілетін нәтиже:

  1. Сабақта тұрақты белсенділік, қызығушылық пайда болады;

  2. Оқушы тұлға ретінде өзін көрсете біледі, оның іс – әрекеті өзінің қабілеті мен деңгейіне байланысты болады;

  3. Ойын арқылы оқушылар бір – бірімен тез тіл табысады, жақыс ұғысады, бір – бірінен ептілікті, сергектікті үйренеді;

  4. Оқушылардың математикалық қабілеттері айқындалады.

Тақырыптың өзектілігі: Егер математика сабағында,

  1. ойын элементтері жиі және жүйелі пайдаланса;

  2. уақытты тиімді пайдаланса;

  3. тапсырма әр оқушының мүмкіндігіне қарай берілсе, онда оқушылар сабаққа белсене қатысады, пәнге деген қызығушылығы, танымдық белсенділігі білім сапасы мен үлгерімі артады

І. Ойын технологиясының теориялық негіздері

1.1. Ойынның педагогикалық және психологиялық ерекшеліктері

Қазіргі кезде ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір оқушыға сапалы және терең білім мен іскерліктің болуын, олардың шығармашылықпен жумыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Математика пәні  оқушылардың өз ойын қысқа, дәл және дұрыс айтып бере алуы үшін зор мүмкіндіктер туғызады. Білім сапасын арттыру әр мұғалімнен шығармашылықпен жұмыс жасауды талап етеді. Мұғалімнің басты мақсаты оқушыларға терең де тиянақты білім беру. Сабақты қызықты, тартымды өткізу  мұғалімнің білімділігіне, қабілетіне, тапқырлығына және сабақтың әр түрлі әдіс тәсілдерін орынды қолдана білуінде. Оқушының математикадан білімін көтерудің ең басты шарты пәнге деген қызығушылығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығы жоғары болса ғана бала оған көңіл қойып тыңдап, тереңдете оқып үйрене бастайды. Мұғалім үнемі оқушының ойлау белсенділігін арттырып, білімге қызығушылығын тудырғанда ғана сабақ мақсатына жетеді. Мұғалім математика сабағында оқушылардың  қызығушылығын тудыру үшін ойындар ұйымдастыруына болады.Ойын-әрекеті арқылы баланың дағдысын қалыптастыру кезінде ойын арқылы, көңіл–күйі ,баланың тілін дамытумен қатар пәнге деген қызығушылығын қалыптастыру: оларды сергіте, қуанта отырып, белсенді әрекетке жұмылдыру, ойын таңдаудағы ойланғанын жүзеге асырудағы дербестігін жетілдіру, ойын түрін қолдану арқылы баланың жеке қасиеттерін қалыптастыру. Ойын арқылы оқыту технологиясы дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық болып бөлінеді. Ойын оқушының ойлау қабілетін арттырады.Физика, химия, тарих т.б. пәндерімен байланысып білім – білік дағдылары артып, пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасының артуына ықпал етеді. Бала дамуындағы ойынның рөлі туралы әр кезде де педагогика ғылымының майталмандары үнемі көрсетіп отырған. Ойын арқылы балалар әлем есігін ашады, шығармашылық қабілеттері артады. Ұлы педагог В.А. Сухомлинский ойын ойнамай бала толыққанды дамымайды деп жазған. Ойынға да басқа оқыту формалары сияқты арнайы психологиялық қағидалар талап етіледі. Басқа да кез- келген іс-әрекеттер сияқты ойын әрекеті де сабақ кезінде ынталандыруды қажет етеді, ең бастысы оқушылар ойынның қажеттілігін сезінуі керек.



1.2. Ойын технологиясының негіздері

Ойындар оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге дағдыландырады, ойлау қабілеттерін, ізденімпаздығын арттырады, сөздік қорларын молайтады. Ойынды қолдану сынып оқушыларының пәнге деген қызығушылығын арттырады, белсенділік танытып, материалды қажетті деңгейде игеруіне ықпал етеді. Ойындар мазмұны баланы қызықтыра алатындай құнды болуы керек. Ойын әрекеті сабақта игерілген білім, білік, дағдыға сүйене отырып оқушылардың өзіне және басқаға сын көзбен қарап, тиімді шешім қабылдауына мүмкіндік туғызады. Ең бастысы әлеуметтік психологиялық талаптардың бірі – шынайы қарым-қатынас практикасы мен ойынның логикалық үйлесімінің болуы. Ойын сабақтары түрлерін таңдап алу, оны жүргізу мұғалімнен үлкен шығармашылық ізденісті талап етеді.


Ойын – баланың қажетті әрекетінің бірі. Ойынды кіші жастағы балалардың табиғаты керек етеді. Балалардың еңбегі, оқуы ойыннан басталады. Ойын арқылы оқушы білім алуға, оқуға қызықтыра отырып, тұлғалы дамуын қалыптастыруға болады. Математика сабағында қолданылатын ойын түрлері оқушылардың математикалық ұғымдарын кеңейтіп, ойлау қабілеттерін арттырып, есептеу дағдыларын шыңдай түседі. Ойын сабақтарында берілетін тапсырмалар қарпайымнан басталып, біртіндеп қиындап оқушылардың танымдық қызметін белсендіруге назар аударылады. Білім бағалаудың бұл әдісі оқушылардың математика пәніне қызығушылығын арттыруы, мектепте өткізілетін әр түрлі жұмыстардың атқарар рөлі зор.

Ойын технологияларының белгілері: ойын үлгісінің бар болуы, ойын қойылымдары, рольдік позициялар, альтернативалық шешімнің мүмкіндіктері, жобаланған нәтижелер, бағалау критерилері, сезім әрекетінің серпілуінің бар болуы. Ойынды топтастырудың әртүрлі ыңғайы бар. Өңделген үлгіленген жағдайдың мінезделуіне қарай, ойын процесінің мінезіне қарай, ақпаратты өңдеу және тарату тәсілдеріне қарай, танымдық, қызықты театрланған, рөлдік, имитациялық еліктеу және т.б. ойындар қолданылады.

Педагогикалық процесс мінезіне қарай ойынды келесі топтарға бөлуге болады:



  1. Оқыту, жаттығу, бақылау және талдап қорыту;

  2. Танымдық, тәрбиелік, дамытушылық;

  3. Репродуктивті, продуктивті, шығармашылық.

  4. Коммуникативті, диагностикалық хабардар ету және т.б.

Сабақта дидактикалық тапсырмалар арқылы ойынды оқыту, бақылау және талдап қорыту деп бөлген дұрыс.

Оқыту ойыны – бұл ойында оқушылар жаңа білім, ептілік пен дағдыны алады (үйренеді). Жаңа білімді меңгерген кезде ойын мүмкіндіктері дәстүрлі емес оқу формасына жол береді, сондықтан оқыту ойыны салыстырмалы түрде аз қолданылады.

Бақылау ойыны – бұл ойын өтілген білімді тексеру және бекіту, қайталау кезінде дидактикалық мақсатта құрылған. Пысықтауға арналған ойындар интеграциялық білімді талап етеді, пәнаралық байланысты анықтауға мүмкіндік береді, әр түрлі жағдайларда епті әрекет етуге бағытталған.



Ойын технологиясын оқытудың сатылары

  1. Ойынға кіріспе: берілген ойынның мазмұнын анықтау, алынған ақпаратты талдау, ойын топтарын құру, рөлдерді бөлу;

  2. Баяндалған дайын объектіні құрастыру; топтардағы ролдік қатынас, форматтық баяндалған объектіні оқып білу;

  3. Топ жобаларын бағалау; ұсынылған жобаларды талқыға салу.

  4. Ұсынылған жобаларды экспериментальды жүзеге асыру; ойыншы әрекеттері мен жобаларды бағалау, ойындарды талдау.



ІІ. Математика сабағында ойын технологиясының пайдалануы

2.1. Ойын технологиясының маңызы

Ойын оқушының негізгі іс-әрекеті ретінде психологиялық, анатомиялық-физиалогиялық, педагогикалық маңызы зор қызметтер атқарады. Ойын оқушының даму құралы, таным көзі, тәрбиелік дамытушылық мәнге ие бола отырып, адамның жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етеді. Ойынның тәрбиелік маңызын жоғары бағалай келіп, А.С.Макаренко былай деп жазды: «Бала өмірінде ойынның маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Бала ойында қандай болса, өскен соң жұмыста да көп жағынан сондай болады». Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу ең алдымен ойыннан басталады .


Ойын өзінің тек мазмұнымен оқушыларды бірден жаңа бір өлшемге шығарып, жаңа психологиялық жағдайға әкеледі. Тәжірибе көрсеткендей, әдеттегі бірсарынды сынып сабағындағы үңдемес оқушылар ойын кезінде өте белсенді болады. Өйткені ойын кезінде ол тең құқықтыққа ғана қолы жетіп қоймай, алдыңғы қатарлы, әрекетшіл болып басқаларды өзіне тартатын мүмкіндікке ие болады. Мұғалім балалар ерекшеліктерін – мінез, темперамент, ұжымшылдық, тәртіп, ерік т.б. жағдайларын ескеріп ұйымдастыруы қажет және ойынның мақсаты, міндеттері, мазмұны мен жүрісін анықтау керек. Мұғалім ойынды ұйымдастырушы, ойынның мазмұны жөніндегі ақыл-кеңесшісі, балалардың даулы нәрселерін шешіп беретін әділ төрешісі,сонымен бірге ойын барысында олардың жолдасы бола алады. Мұғалімнің міндеті - ойын барысында балалар арасында адамгершілік қарым-қатынастарды талдап, зерттеу, оны тиімді әдістермен басқару, балалардың достығын қолдау. Ойынның мақсаты бағдарламада анықталған білім, білік, дағдылар жайында түсінік беру, оларды қалыптастыру, тиянақтау және пысықтау немесе тексеру сипатында болып келеді. Ойынның міндеті баланың қызығушылығын оятып, белсенділігін арттыру мақсатында іріктеліп алынған нақты мазмұнмен анықталады. Сабақта тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалын оқушылардың аса зор ықыласпен тыңдап, жемісті меңгеруіне әсер етеді. Балалар тез сергіп, тапсырманы жылдам, дұрыс орындайтын болады.

2.2. Дидактикалық ойындар

Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.


Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.
Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым - қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым - қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым - қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.
Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинскийдің «егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейде көтеріле алмас едім, шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді» деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оны дұрыс түсіне алмай жүргенін, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.

Математикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай.


Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт. Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған.
Мысалы; үлестірме екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады.
Оқушылардың міндетті сұраққа жауапты дұрыс тауып, үлестірме қағазын дұрыс құрастыру. Егер тапсырма орындалса, үлестірме қағаздың екінші жағынан белгілі бір сурет немесе мақал - мәтел шығуы керек.
Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.

Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын – айналадағы дүниені тану тәсілі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймайды, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. А. С. Макаренко: «Ойын - балалар өмірінде өте маңызы зор нәрсе, үлкендердің қайраткерлігі, жұмысы, қызметі қандай маңызды болса, балалардың ойыны да сондай маңызды. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, көбінесе, сондай болады. Сондықтан болашақ қайраткер, ең алдымен, тәрбиені ойын арқылы алады,»- деп балалар ойынын жоғары бағалаған.

Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:


  • Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдар күн ілгері дайындалып, оңтайлы жерге қою.

  • Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға әбден түсіндіру.

  • Ойынға сыныптағы оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету.

  • Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне жетелеу.

  • Ойын түрлерін бағдарламаға сай іріктеп алу.

  • Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп пайдалану.

  • Қарапайым ойыннан қиын ойынға көшу.

  • Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау қажет.

Өз іс-тәжірибемде өтетін сабақтарым көрнекіліксіз, ойынсыз өткен емес. Қай сабақ, қай тақырыпқа болмасын тиімді көрнекілік, ойынды ойластырып, алдын ала дайындалуға тырысамын. Ойынмен өткен сабақ қызықты өтіп тақырыпты жеңіл игеріп, оңай еске сақтайды, оқуға деген қызығушылығы, ынтасы арта түседі. Қазіргі кездегі қолданылып жүрген жаңа технологиялар   «Сын тұрғысынан ойлау» бағдарламасының кейбір элементтерін сабақта қолданып жүрмін және «Ойын арқылы оқыту» технологиясында қолдануды дұрыс көремін. Бірінші сынып оқушыларын оқуға тек ойынмен ғана қызықтыруға болады. Ойын ойды қозғайды. «Баланың ойынын тыйғаның – ойлауын тыйғаның» деген қағида бекер айтылмаған. Қазақ халқының ұлы ақыны  А. Құнанбаев: «Ойын ойнап ән салмай, өсер бала бола ма?»-деп айтқандай, бала өмірінде ойын ерекше орын алады. Ойын арқылы оқушының білім алуға, оқуға қызығушылығы артады. Ойын – адамның өмір танымының алғашқы қадамы. Сондықтан ойын арқылы балалар өмірден көптеген мәліметтер алып, білімін жетілдіреді. Ойын бір қарағанда қарапайым құбылыс не іс әрекет іспетті.

Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін, есін, ойлауын, қиялын қалыптастыруда зор маңыз атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қалай қанағаттандыра алатынын, қандай қабілеті бар екенін байқап көреді. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі бір ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, байқағыштығын, зейінділігін арттыруы мен қатар, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу – танымдық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығу жәрдемімен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, дарыны ұшталады, өз күшіне мүмкіндігіне сенімі артады, кісілігі қалыптасып дара тұлғалық сипаттарға ие бола бастайды. Қызығуды туғызу үшін ойын түрлерін пайдаланудың орны бөлек. Тиімді қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың зор ынтамен тыңдап, берік меңгеруіне көмектеседі. Өйткені төменгі сыныптағы оқушылардың аңсары сабақтан гөрі ойынға қызығушылығы артып тұрады. Қызықты ойын түрлерінен кейін олар тез сергіп, тапсырманы ықыластана әрі сапалы орындайтын болады



Оқу процесінде ойын технологиясын қолдану оқушының оқудағы танымдық іс-әрекетін және қалыпсыз жағдайларда өз білімін қолдануға мүмкіндік береді. Ойын технологиясы арқылы мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында мәлімдеген құзіреттіліктерді оқушы бойында қалыптастыру міндеттерін шешеді. Қазіргі білім беру мазмұнындағы осы өзгерістердің барлығы оқытудың негізгі мақсаты ретінде пәндік білім-білік дағдыларды қалыптастырудың жалпы оқу біліктерін қалыптастыруға ден қою. Өзіндік оқу әрекеттерін дамыту бағалау жүйесінде өзгерістердің енгізілуін көздейді. Бастауыш сынып оқушыларын оқыту кезінде ерекше орынды ойын алады. Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Бұл жастағы балалардың ойынға қызығушылығы басым, мінез- құлқында еріктілік жеткіліксіз, алдында кездескен мысалдарды шешуге практикалық тұрғыдан қарайды. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолданамыз.

Ойындар барлық сыныптарда қолданылады. Ойын түрлерінің материалдары сабактың тақырыбы мен мазмұнына неғұрлым сәйкес алынса, оның танымдық, тәрбиелік маңызы да арта түседі. Оны тиімді пайдалану сабақтың әсерлігін, тартымдылығын күшейтеді, оқушылардың сабаққа ынтасы мен қызығушылығын арттырады. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын молайтуға, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз.

Ізденімдік ойындар – оқушыларды ізденімпаздыққа белгісізді табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойындардың бір түрі. Сабақ барысында ойындарды кірістіре оқыту сабаққа белсенділігін арттырады. Оқушыларға қазақ тілі дыбыс жүйесінің өзіндік белгілерін саралап танытуда, олардың фонетикалық біліктері мен білімдерін тәжірибеде қолдануда Ізденімдік ойындардың қызметі ерекше. Мысалы: «Дауыссыз дыбыстар» тақырыбын өткенде төмендегідей ізденімдік ойындарды өткізу оң нәтижеге қол жеткізеді.«Сөзді тап» ойыны. Ойын мақсаты: Оқушыларға дауыссыз дыбыстардың өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру, олардың сабаққа қызығушылығын ояту, шығармашылық қабілетінжетілдіру. Қазақ тілі сабақтарында қолданылатын ойындарды көркем әдебиеттермен ұштастыру жұмыстары да оқушыларды тәрбиелеуде маңызы зор. Көркем әдебиеттерді оқу арқылы оқушылардың эстетикалық, адамгершілік қасиеттері дамиды. Шығармадағы кейіпкерлерді тану барысында жақсы істерге ұмтылады. Мысалы: сабақта жұмбақ ойындарды көбірек пайдалану өте тиімді, олар оқушының ой -өрісін кеңейтуге, өз бетімен ойланып, заттар мен құбылыстардың сипатталуына баламасына қарай олардың атын табуға, сөздік қорын молайтуға үлкен септігін тигізеді. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес.

Мектеп табалдырығынан алғаш аттаған балаларға ана тілін оқытудың тиімді әдістеріне ерекше мән берілуге тиіс. Ана тілі сабақтарында ойынды ұтымды пайдалану сондай әдістерге жатады. Оқушылардың кейбір әріптерге, әсіресе « Р», «Л», «С», «Ң» дыбыстарына тілдері еркін келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш ойындарын пайдаланудың мәні зор. Ойын арқылы оқу процесін жандандырып, сабақтың сапасын арттыруға толық мүмкіншілік бар. Баланың сөздік қорын молайтып, сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға тез жылдам сөйлеуге жаттықтыруға ойын-бірден- бір таптырмайтын құрал. Ойын арқылы бала өмірден көптеген мәліметтер алады, білім алады, нашар оқитын оқушылардың өздері де ойынға араласып сабаққа ынтасы артады. Оқушының тілін дамытуда, сөйлеу мәдениеті мен ой өрісін, дүниетанымын жетілдіруде сюжетті рөлді ойындар тиімді нәтиже береді. Сабақта оқушының рөлдік ойындарды ойнау барысында іс -әрекеті әлеуметтік сипат алады. Сыныптағы өз жолдастарының алдында сөйлеп тұрған оқушы өзін шешенге, батырға теңеп, кейіпкердің жақсы қасиеттерін бойына сіңіреді. Мысалы : «Бұлбұл мен тоқылдақ» мысалы бойынша рөлдік ойын ойнаттым. Сынып оқушыларын 2 топқа бөлдім. Қай топтың оқушылары рөлін жақсы ойнап, топқа берілген тапсырманы дұрыс орындаса, сол топ жеңіске жетеді.Алғашқы болып 2-ші топ оқушылары шықты. Бір оқушы автор сөзін оқып тұрды. Тоқылдақ рөлін ойнап шыққан бір оқушы тоқылдақ секілді тоқылдатып келеді. Ойынның ережесі бойынша рөлде ойнап тұрған оқушының ненің рөлінде ойнап тұрғанын табу қажет. Осылайша барлық құстардың қимыл қозғалысын айнытпай салып шықты. Бұндай ойындарға математика сабағында «Сатушы», «Кітапханада» т.б ойындарды ойнатуға болады. Оқушылардың ойлау қабілетін дамытуға арналған логикалық ойынның бір түрі ойын жаттығулар. Ол оқушылардың белгілі бір қабілетін жетілдіруге бағытталған. «Сөзжұмбақ», «Ребус», «Ұйқасын тап» ойындары арқылы балалардың білсем деген ұғымы артады. Ребустар шешудің баланың ой ұшқырлығын дамытуға әсері мол. Сабақ үстінде ребустарды үнемі пайдаланып отырамын, сонымен бірге үйге ойдан ребустар, сөзжұмбақтар құрастырып келуді тапсырамын. Оқушының ізденушілік қабілетімен бірге белсенділігі артады. Баланы ұшқыр ойға, тапқырлыққа жетелейтін жұмбақтарды әр сабақ сайын жүйелі пайдаланып отырамын. Сабақта жұмбақтарды жатқа айтқызудың өзі тілін жаттықтырады. Сондай ақ жатқа жазуда есте сақтау қабілетін дамытады. Жұмбақ шешу ойынын жарыс түрінде өткізуге болады. Жұмбақ ойыны балалардың өздігінен ойлауына мүмкіндік жасайды, оларды дерексіз ойлаудан нақтылы ойлауға жетелей түседі.

«Қимыл –қозғалыс» ойыны белгілі бір іс-әрекеттен тұрады. Бұл ойын оқушының өмірге деген көзқарасын қалыптастырады. Мысалы: « Кім керек?»,»Көңілді поезд», «Мысық пен тышқан», « Өз орныңды тап», математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға септігін тигізеді.

Дидактикалық ойындарға сабақ материалын тереңдетуге және бекітуге арналған ойындар жатады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттері дамиды. Бұл ойындардың ережесі балалардың түсінуіне оңай қарапайым, әрі қысқа болу керек. Сабақта ойын түрлерін ретсіз, әрі жиі қолдану оқушыларды жалықтырады. Дидактикалық ойындардың ырғағын сақтау мұғалімнің шеберлігін танытады. Бұндай ойындарды сабақта түрлі әдіс–тәсілдермен қызықты, әрі мазмұнды өткізу үшін әсіресе балалардың ерекшелігіне баса зейін аударып, сабақ кезеңдерін бір –бірімен логикалық байланысқа құрып, өзара бірін-бірі дамытып, толықтырып отыратындай етіп ұйымдастырып байланыстырып сөйлеуге мынандай ойындар пайдалануға болады. Мысалы: «Балық аулау», «Кірпіге көмек», «Бәйге», «Қарлығаштың тапсырмасы», «Қайда өседі?», «Жемістер жинау» ойындары. Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретіне қарай түрлендіріп өткізуге болады. Сан аралас мақал мәтелдерді оқытамын. Бұл әдіс оқушыларды қырағылыққа, тапқырлыққа тәрбиелейді. Дидактикалық ойын барысында есте сақтау, көру, сезіну, қабылдау, ойлау, сөйлеу процестері дамып, заттарды пішініне, түсіне көлеміне қарай іріктеуге, әр түрлі қимылдарды орындауға үйренеді.

Мен, сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым. Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа,ізгілікке әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Осындай ойындарға белсенді қатынасып, қазір жетістіктерімен танылып жүрген шәкірттерім №№№№№№

Бастауыш сынып оқушыларының оқу үрдісінде ойын түрлерін пайдалану біріншіден оқушылардың білімін берік меңгерту құралы болса, екіншіден балалардың сабаққа деген қызығушылығын белсенділігін арттырып сапасын көтеру болып табылады. Өзімнің оқытып отырған сыныбымда 2012 жылы 61%, 2013 жылы 68%, 2014 жылы 71%, 2015 жылы %, 2017 жылы % оқу сапасын көрсетті.



Нәтижесінде:

Ойлау қабілеті дамиды. Білім алады. Нашар оқушылардың сабаққа ынтасы артады. Психикасына сапалы өзгерістер әкеледі. Мінез құлқы қалыптасады. Таным қабілеті артады. Ойынды ұйымдастыру мұғалімнің кәсіби шеберлігі мен шығармашылық ізденісіне тікелей байланысты. Бала ойын үстінде білімді игеріп жатқанын, ал оқу үрдісінің ойынға қалай ұласып кеткенін аңғармай қалуға тиіс. Сонда ғана ойын мен оқу табиғи үйлесімді болып, пәндік білім, білік және дағдыны игеруге толық ықпал жасайды. Әр ұстаз оқу- тәрбие жұмысына шығармашылықпен қарап, жаңа заман талабына сай, озық ұлттық дәстүр рухында тәрбиелеп, сабақты түрлендіру мақсатында оқытудың түрлі әдіс-тәсілдерін пайдаланса, игі нәтижеге жетері сөзсіз.



Енді мен алдарыңызға, өз іс –тәжірибемнен өтілген жұмыстарды ұсынамын.

1. «Қояндарды құтқару»  ойыны. Мақсаты: тапсырманы дұрыс орындап, қояндарды тордан құтқару. Бұл ойында оқушыларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеуге болады. Сонымен бірге өз ісіне деген жауапкершілігі артады.

2. «Аңшы мен үйрек» ойыны. Бұл ойынға 4 оқушы шығады. Ойынның шарты бойынша аңшы оқушылар бірінші есеп шығарып болса, үйректерді торларына түсіреді. Ал үйрек оқушылар тапсырманы бірінші орындаса тордан құтылып кетеді.

3. «Балық аулау» ойыны. Қазір балалар көктем мезгілі. Балықшылар өзеннен балық аулайды. Бізде бүгінгі сабақта балық аулаймыз. Ойынның шарты бойынша балық аулап, берілген тапсырманы орындаймыз.

4. Семантикалық карта

Кестеде тігінен тапсырмалар берілген, ал көлденеңінен жауаптары берілген.Тапсырма мен дұрыс жауап сәйкес келетін клеткадағы әріптерді тізіп жазсақ, Білім туралы жақсы ой сөйлем шығады.

5. Тірек кесте

Берілген тапсырмалардың шешімін дұрыс тауып толтырса, шеңберге қатысыты ұғым атауын оқисың.

6. «Күн шуағы» ойынының шарты.

Бетін бұлт жапқан күннің бейнесі.

Оқушылар қатар –қатар болып , жаңа тақырыпқа байланысты есеп шығарды. Дайын болған қатар күннің шуағын тақтаға жабыстырды. Әрбір күннің шуағында бір теңдеу. Қай топтың жауабы дұрыс болса, сол топтың күні шайдай ашылады.

Дұрысын анықта» ойыны.

Қате және дұрыс жазылған ереже немесе формулалардың дұрыстығын анықтайды.

 8. «Ұста,ұстама» ойыны .

Қорытынды ретінде оқушылар  бір-біріне   тақырып бойынша әр түрлі сұрақтар бере отырып, допты лақтырады, допты ұстаған оқушы тез жауап беріп, ұпай жинау керек. Егер жауап бере алмаса топтан ұпай кемітіледі. Осылай топ оқушылары кезек-кезек допты лақтырып сабақты қортындылайды.

9. «Өрмекші торы» ойыны

Оқушылар   шеңбер бойымен орналасады.  Қорытынды  ретінде оқушылар   кезекпен  бір-біріне жіпті лақтыру арқылы    сабақта  өтілген материалды қайталайды.

10. «Сақина тастау» ойыны.  Берілген мысалды тақтаға шығарып, сақинаны оқушы өзі қалаған  оқушыға  салады. Ойын  осылайша  жылдам   түрде жалғасады.

11. «Көрші-көрші» ойынының мақсаты сандардың ретін меңгеру. Яғни, мұғалім бір санды атайды, сол сан тағылған бала ілгері шығып, балалардың алдына тұрады. Сонаң соң мұғалім бұл санның көршілері қатарына тұрыңдар дейді. Сол санның көршілері орынжарына тұру керек.

Қорытынды

Педагогикалық жаңа технологиялардың барлығы жеке тұлғаның өзін – өзі дамытуына, өздігінен шығармашылықпен жұмыс істей білу қабілетін және біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға бағытталаған алға қойған мақсатқа жетудің тиімділігін, нәтижелілігін қамтамасыз етуді көздейтін, берілген материалды жедел әрі сапалы меңгертуге бағытталған.

Оқу ойыны – бұл оқуды ойын арқылы ұйымдастыру. Зерттеулер көосеткендей, дәстүрлі ұйымдастырылған оқу процесіне қарағанда, оқушылар ойынға қатыса отырып, неғұрлым аз шаршайды, оқу қызметінен көбінесе жағымды эмоциялар алып, қанағаттанады. Бүгінгі таңда оқушы біліміне қойылатын талап өте жоғары. Оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін бағдарлама бойынша тиісті білімді беру жеткіліксіз. Оқушының ой – өрісін кеңейтіп, қабілеттерін ерекшелеуде, білімдерін нығайтуға математикалық ойындардың атқарар рөлі өте зор. Өйткені, математиканы оқып үйренуге деген қызығушылығы мен танымдық белсенділігін арттыруда, алған білімдерін қолдана білуге, қабілеттерін дамытуға ойынның мәні зор екенін көрсетеді.

Ойын арқылы оқыту технологиясы ойын элементтерін қолдану арқылы оқушылардың белсенділігін арттырып, тиімді нәтижеге жетуге көмектеседі.

Сонымен, математика сабағында ойынның ерекше екендігіне көз жеткізе отырып, мынадай қорытындығы келдім:


  1. Математика сабағындағы ойын технологиясының пайдасы, қазіргі кездегі математиканы терең меңгеруге, жаңа тәсілдерді қолдануға мүмкіндік береді;

  2. Қызықты тапсырмалар мен жаттығулар түрлері білімді меңгерумен қатар, оқушылардың танымдық, интеллектуалдық, шығармашылық қабілеттерін арттырады.

  3. Оқушылардың оқу қабілеттерін күшейтеді, күрделендіреді. Соның әсерінен ойлау жүйесін дамытады.

  4. Оқушылардың алған білімдерін тереңдетеді, сабақтың сапасын жақсартады;

  5. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығы, сүйіспеншілігі артады.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:



  1. Ахметов Н.К. Игра как процесс обучения. Алматы, 1985

  2. «Бастауыш мектеп», № 3, 2014 ж

  3. Беспалька В.П. Слагаемые педагогической технологий. М 1989

  4. Коваленко В.Г. «Дидактические игры на уроках математики», М 1990

  5. Сопецкая Е.С. дидактические игры как средство организации обучения учащихся и активизация их позновательной деятельности.

Мазмұны


Кіріспе .......................................................................................................................... 1

І. Ойын технологиясының теориялық негіздірі

1.1. Ойынның психологиялық және педагогикалық ерекшеліктері ....................... 2

1.2. Ойын технологиясының негіздері ....................................................................... 3

ІІ. Математика сабағында ойын технологиясының пайдалануы

2.1. Ойын технологиясының маңызы ......................................................................... 5

2.2. Дидактикалық ойындар ........................................................................................ 6

ІІІ. Қорытынды .............................................................................................................. 10



Қолданылған әдебиеттер тізімі .................................................................................... 11



Каталог: 2016
2016 -> Дәріс №1 Тақырыбы: Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде
2016 -> ОҚУ Әдістемелік кешен пәН «Қазақ Әдебиетін жаңа технология бойынша оқыту әдістемесі» мамандық
2016 -> Жырымен елін қуантқан Т.Әбдірахманова – 95ж
2016 -> Қазақстанның ірі мемлекет қайраткері, ұлт жанашыры, ел қамқоры, халқымыздың біртуар перзенті
2016 -> Сабақтың тақырыбы Үш бақытым. Мұқағали Мақатаев Туған тілім. Дихан Әбілов Жалпы мақсаты
2016 -> «Алаштану негіздері» таңдау курсы Түсінік хат «Алаштану негіздері»
2016 -> Сабақтың атауы Н.Әлімқұлов Қоңырау Мақсаты
2016 -> Силлабус Пән: Педагогика тарихы Курс: 4 Мамандық: 5В010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» Кредит саны: 2 Экзамен: 7 семестр Семей-2015 «Педагогика тарихы»
2016 -> Қазақстан республикасының білім және ғылым министрлігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет