Ойын терапиясы Орындаған: Жанахметова. М. Ж. Тексерген: Акажанова. А. Т



Дата04.12.2019
өлшемі1,12 Mb.
#52980
Байланысты:
Ойын терапия

Ойын терапиясы

Орындаған: Жанахметова.М.Ж.

Тексерген: Акажанова.А.Т.

Ойын терапиясы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шетел мектептерінде (А.Фрейд, К.Роджерс, Р.Нельсон, К.Мустакас, Г.Лэндрет және т.б.) белсенді түрде әзірленіп жатқан ойынмен емдеу, бұл бастауыш мектеп жағдайында да тиімді қолданылуы мүмкін. Ойын терапиясы балалардың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ұсынылатын білімді меңгеруге қажетті дайындыққа көмектеседі.

  • Ойын терапиясы – екінші дүниежүзілік соғыстан кейін шетел мектептерінде (А.Фрейд, К.Роджерс, Р.Нельсон, К.Мустакас, Г.Лэндрет және т.б.) белсенді түрде әзірленіп жатқан ойынмен емдеу, бұл бастауыш мектеп жағдайында да тиімді қолданылуы мүмкін. Ойын терапиясы балалардың көптеген қажеттіліктерін қанағаттандыра отырып, ұсынылатын білімді меңгеруге қажетті дайындыққа көмектеседі.

Тұлғаның әрекеті ретінде ойын құрылымына мыналар жатады:

Мақсаткерлік;

Жоспарлау;

Мақсатты іске асыру;

Тұлға өзін субъект ретінде толық көрсететін нәтижелерді талдау сияқты кезеңдер жатады.

Үрдіс ретінде ойын құрылымына:

Ойнаушының өзіне таңдаған рөлдері;

Сол рөлдерді іске асыру құралы ретіндегі ойын элементтері;

Нәрселердің ойындық қолданылуы, яғни шынайы нәрселердің шартты түрде не ойын түріне ауыстырылуы;

Ойнаушылар арасындағы шынайы қарым-қатынастар;

Сюжет (мазмұн) – ойын барысында шартты түрде алынатын шындық саласы.

Тек қана нәтижесінен ғана емес, әрекет үрдісінің өзінен де ләззат алу үшін баланың тілегімен ғана қабылданатын, еркін дамытушы әрекет (әрекеттік (процедуралық) ләззат)

Елеулі мөлшерде суырып салмалық, шығармашылық, осы әрекеттің белсенді сипаты («шығармашылық аясы»).

Әрекеттің эмоцияналды көтеріңкілігі, бәсекелестік, жарыс («эмоционалдық қуат»).

Ойын мазмұнын, оның дамуын логикалық және мерзімдік, уақыт тұрғысынан бейнелейтін тікелей және жаңа ережелердің болуы.

Ойындық әрекет бағдарламасын зерттеген ғалымдар пікірінше ойын педагогикалық мәдениет феномені ретінде төмендегідей қызметтерді атқарады:

Әлеуметтендіру қызметі. Өйткені, ойын – баланы күшті қоғамдық қатынастар жүйесіне енгізу және оған мәдениет байлығын игерту құралы.

Ойынның диагностикалық қызметі педагогқа баланың әр қырынан: интеллектуалдық, шығармашылық, эмоционалдық және т.б. көрінуін диагностикалауға мүмкіндік береді.

Ойынның емдік қызметі – баланың қарым-қатынаста, оқуда, мінез-құлқында туындайтын әр түрлі қиындықтарды жеңу құралы ретінде қолданылуымен түсініледі.





Ойынның түзеу қызметі деп – баланың тұлғалық құрылымының көрсеткішіне жағымды өзгерістер, толықтырулар енгізу түсініледі. Ойын әрекетінде бұл үрдіс басқа кездегіден гөрі неғұрлым жұмсақ өтеді.

Ойынның дамытушылық қызметі, оның ең маңызды қызметтерінің бірі.

Ұлтаралық қатынас құралы қызметі. Себебі, ойын – балаға жалпы адамзаттық құндылықтарды, түрлі ұлт өкілдерінің мәдениетін игеруге мүмкіндік туғызады

Ойында бала «адамзат тәжірибесі аясында» өзін-өзі көрсету қызметін көрсетеді. Өйткені, ойын бір жағынан баланың практикада өмірлік нақты қиындықтарды жою жобасын тексеруге және құруға мүмкіндік берсе, екінші жағынан тәжірибесінің олқы тұстарын айқындауға мүмкіндік береді



Ойынның қатысымдық қызметін – балаға шынайы күрделі адамдық қатысым аясына енуге мүмкіндік беретін дерегі айқын көрсетеді.

Әрекет саласына қарай:

Педагогикалық үрдіс сипатына қарай:

Ойын әдістемесіне қарай:

Пәндік саласына қарай:

Ойнау ортасына қарай:

дене; интеллектуалдық; еңбек; әлеуметтік; психологиялық;

білімділік, тренингтік, бақылаушылық, қорытындылау; танымдық, тәрбиелік, дамытушылық; қатысымдық, диагностикалық, кәсіптік бағдарлық, психотхникалық.

пәндік; сюжеттік; рөлдік; іскерлік; иммитациялық; драмалық;

математикалық, химиялық, биологиялық, физикалық, экологиялық; музыкалық, театрлық, әдеби; еңбек, техникалық, өндірістік; дене шынықтыру, спорттық, әскери-қолданбалы, туристік, халықтық; қоғамтану, басқарушылық, экономикалық, коммерциялық

нәрселік-нәрсесіз; үстел үстінде, бөлмеде, көшеде ойналатын, жергілікті; компьютерлік, теледидарлық, ОТҚ; техникалық қозғалыс құралдарымен ойналатын ойындар деп жіктеледі

Белгілі педагог ғалым Г.К.Селевко педагогикалық ойындарды төмендегідей жіктейді:

1-ші топ – заттық ойындар – ойыншықтар мен заттар арқылы жүзеге асады. *Ойыншықтар мен заттар арқылы балалар түрді, түсті, көлемді, материалдарды, адамдар мен жануарлар әлемін, олардың арасындағы қарым-қатынастарды т. б. зерттеп таниды.

2-ші топ – шығармашылық, сюжеттік-рөлдік ойындар.

*Мұнда сюжет – интеллектуалдық іс-әрекеттің формасы.Саяхат ойындары. Бұған кітаптар, карталар, документтер бойынша жасалатын географиялық, тарихи, өлкетанушылық, ізшілер т.б. саяхаттар жатады.

3-ші топ – дайын ережелері бар ойындар.

*Бұл ойындар, әдетте, оқушыдан жұмбақты шеше білуді, тарқата білуді, болжай білуді, ең бастысы – пәнді білуді талап етеді.

4-ші топ – еңбек, техникалық, конструкторлық, құрылыс ойындары.

* Бұл ойындар ересектердің кәсіби қызметтерін бейнелейді. Бұл ойындардың барысында оқушылар өз жұмысын жоспарлауға, керекті материалдарды жинақтауға, өзінің және басқалардың жұмысына сын көзбен қарауға, шығармашылық міндеттерді тез және дұрыс шеше білуге үйренеді. Еңбек белсенділігі таным белсенділігіне ұштасады.

5-ші топ – баланың психикалық сферасына әсер етуге негізделген жаттығу ойындары, тренингтер.

*Өзара жарысқа негізделген бұл ойындар ойнаушы балаларға салыстырмалы түрде өздерінің дайындық, жаттығу деңгейін аңғартып, одан әрі жетілдіру жолдарын көрсетеді.



Баланың танымдық белсенділігін, интеллектісін дамытатын ойындардың бірнеше тобы ба. Олар

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет