Ойшиева Акмарал №1 орта мектеп әлеуметтік педагогы Жамбыл облысы, Меркі ауданы



Дата08.09.2017
өлшемі305,78 Kb.
#30010
Ойшиева Акмарал

1 орта мектеп



әлеуметтік педагогы

Жамбыл облысы, Меркі ауданы

"Өмір ешқашан шешуі табылмас жұмбақ

Ешкім шығара алмас қиын есеп"

Мен өмірді қалай түсінемін?

(тренинг)


Сабақтың мақсаты: оқушылардың өмірге деген ой-пікірін танып білім, өмірге құштарлығын арттыру; оларды адамгершілікке, шындыққа, достыққа, махабатқа, сыйластыққа үйрету; өз күшіне сенімділігін арттыру.

Сабақтың түрі: тренинг-сабақ

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың әдіс-тәсілі: топтық пікірталас, ойын-жаттығу, тест, кеңес.

Сабақтың көрнекілігі: визитка, магнитофон, арнайы әуен, А4 қағаз беттері, доп, тренингтік ереже, қалам, қарындаш.

Ұзақтығы: 1 сағат

Сабақтың болжамданған нәтижесі:

Сабақтың жоспары

Сәлемдесу. 1. Менің тренингтік есімім, визитка.

2. Мен қандай адаммын?

3. Менің мақсатым

4. Менің өмірдегі қиыншылықтарым

5. Есте қалған қызықты оқиға

6. Мен саған сенемін!

7. «Мейірімділік алаңы» жаттығуы

8. «Менің көңіл күйім қандай?»

9. «Ақиқат орындығы»

10. «Ойлануға арналған балықтар»жаттығуы.

11. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

12. «Биіктік» жаттығуы.

13. «Сенімділік» жаттығуы.

14.«Күн шуағы»

15.«Сыйлық» жаттығуы

16. Кеңес: «Табысқа жетудің жолдары»

17. Жаттығу: «Жоғалған уақыт туралы ертегі»

18. Ашық айтсам...

19. Қорытынды



Сабақтың барысы:

Кіріспе сөз.

Психолог: Өмірді әр адам әр түрлі түсінеді. Әр адамның өз өмірі, тағдыры болады. Өмір бірақ рет беріледі, оны бос өткізбеуіміз керек. Бұл жалған өмірде әр адам таңдауға құқұлы. Қазақта сөз бар өмір базар сияқты, қалағаныңды алыпта, алалмайсын". Бұл шынға жатады, расыменде біз өмірден қалағанымыз алғанменен, кейде ойлағанымыз жүзеге аспай қалады. Сондықтан алға қойған мақсатымызды да, арманымызды да жүзеге асыруға тырысайық. Бүгін бармыз,ертен жоқпыз дегендей өмірді бос өткізбейік.

Топтағы қатысушыларға төмендегі тренингтік ережені оқып, түсіндіру:

2. Қатысушылардың жақсы, тату қарым-қатынастары.

3. Қарым-қатынастың ашық, әділ болуы.

4. Белсенді қатысу.

5. Осы жерде айтылғандар, топтың сыртына шығарылмайды

Сәлемдесу.

1. Менің тренингтік есімім

Шарты:

Топ дөңгелек болып отырады, қатысушылар кезектесіп сәлемдесіп, өздерінің тренингтік есімін визиткаға жазып қояды. Әрбір сәлемдесуге 3 минут уақыт қажет.



2. Мен қандай адаммын?

Шарты:
Әр қатысушы өзінің жағымды, жағымсыз қасиеттерін айтады. Ойлануға 5 минут уақыт беріледі. Топ қатысушыларының айтылған қасиеттері бойынша, жаттығу соңында, қорытынды жүргізіледі.
3.Менің мақсатым

Шарты:

Қатысушылар өзінің алға қойған мақсатын айтып, сол мақсатты қалай іске асырудың жолдарын түсіндіруі қажет. Уақыт 4 минут және сол мақсатқа жете ала ма? деген сұраққа жауап беруі қажет.


4. Менің қиыншылықтарым

Шарты:

Бұл жаттығуда қатысушылар бастарынан өткен қиыншылықтарды еске түсіріп, ортаға салады. Сол қиыншылықты айтқаннан кейін, әр қатысушы өз пікірлерін айтады.



5. Есте қалған қызықты оқиға

Шарты:

Топ дөңгелек болып отырып, қатысушыларға доп беріледі. Допты бір-біріне кезектесіп беріп, есте қалған қызықты оқиғаларды айтады. Әрбір қатысушыға 4 минут уақыт беріледі.



6. Мен саған сенемін

Өзіне, өзінің күшіне деген сенімділік – ашық-жарқын, көңілді, өмірге қуанышты көзбен қарайтын адамдардың ерекшелегі. Сіздің өмірге сенімділік деңгейіңізді тексерейік. Берілген пікірлерді зер сала оқып, өзіңізге сәйкес нұсқаның әрпін белгілеңіз.



1. Сіз таңертең үйқыдан ояғанда мынаны ойлайсыз:

А) бәрінен жақсы көретін ісіңізді;

Ә) орындалуға тиісті, бірақ сізге ұнамайтын істерді;

Б) өзіңізге сүйкімді және жақын адамыңыз туралы;

В) өзіңіз ұнатпайтын адамды.

2. Таңерттеңгілік ас кезінде сіз үнемі:

А) асықпай, дастархан мәзірін ісіркелейсіз,

Ә) уақыттың жетпегенінен тағы қйұым қанбады деп ашуланасыз;

Б) жақындарыңызбен сөйлескенді қнатасыз;

В) үнемі кешігіп қалам деп тамақ ішуге асығасыз.

3. Таныс емес адаммен алғаш кездескенде сіз:

А) оған сеніммен қараймыз;

Ә) сізге сұрақ қоя ма деп күтесіз;

Б) оған қызықтап қарайсыз;

В) өзіңіз әңгіме бастайсыз.

4. Егер сізге (театрда, кинода, көшде) біреу ұзақ қарап тұрғанын байқасаңыз:

А) мені мазақ етіп тұр ма деп ойлайсыз;

Ә) сізге оның қарағаны ұнайды;

Б) өзіңізге айнадан өарайсыз,

В) мән бермейсіз.

5. Сіз бейтаныс ауданда (қалада) бір мекен-жайды іздеп жүрсеңіз:

А) бірден анығтама бөліміне хабарласасыз;

Ә) өзіңіз іздеп табуға тырысасыз;

Б) өзіңіз тппай қалам ба деп қорқасыз.



6. Оқу күні басталғанда сіз:

А) бұл күн сәтті болады деп ойлайсыз;

Ә) сабақ тезірек аяқталуын кутесіз;

Б) өз достарыңызды көретіндігіңізге қуанасыз;

В) бұл күні қолайсыз жағдайлар болмайды деп үміттенесіз.

7. Егер бір ойыннан ұтылып қалсаңыз, сіз:

А) ренжисіз, "мен үшін бұл күн сәтсіз”, деп ойлайсыз;

Ә) қашан ұтқанша ойынды жалғастыра бересіз;

Б) ойын болған соң бәреу жеңілу көрек қой деп есептейсіз;

В) жеңудің тәсілдерін ойлап табуға тырысасыз.

8. Сіз өзіңізге құрметті адамды ренжітіп алсаңыз, онда:

А) онымен қатты ренжесіп қалудан қорқасыз;

Ә) бұған қалыпты қарайсыз;

Б) тез түсінісеміз, бәрі де жақсы болады деп ойлайсыз;

В) өте “жайлы” қарым-қатынас жалықтырады деп есептейсіз.

9. Дәрігерлік тексерудің нәтижесін күтіп отырып, сіз:

А) сәзден қауіпті дерт шыға ма деп қорқасыз;

Ә) дәрігер бәрібір шындықты айтпайды деп ойлайсыз;

Б) егер ештеңе болмаса, неге қорқоуым керек деп ойлайсыз;

В)ә р нәрсенің шындығын өз уақытында білген дұрыс деп ойлайсыз.

10. Шешім қабылдар алдында мынаған сенесіз:

А) сәттілікке;

Ә) тек өзіңізге;

Б) қара мысықпен жолықпауға”;



В) тағдырға.
Тест “кілті”

Сұрақтар

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

А

5

5

4

1

2

5

2

1

2

2

Ә

2

1

1

5

5

2

1

3

1

5

Б

5

4

3

2

3

4

5

5

4

1

В

1

2

5

3

1

2

4

4

3

2

Нәтижелерді түсіндіру

11-17 ұпай. Сізде өмірге деген сенімділік аз, уайымшыл адамсыз. Өзіңізді өзгертуге ұмтылыңыз.

18-24 ұпай. Кейбір сәтте өмірге сеніммен қарағаныңызбен, көбіне ұйымшалсыз. Көңіл-күйіңізді көтеріп, өзіңізге ұнайтын істеп айналысыңыз.

25-30 ұпай. Сіздің өмірге көзқарасыңыз өте жақсы, бірақ сенімсіздік көңіл-күйден арыла алмайсыз.

31-41 ұпай. Сіз қандай қиындыкта да өмірге деген сеніміңізді жоғалтпайсыз. Бұл дұрыс! Бірақ осы қасиетіңіз сіздің қателеріңізді түзекге кедергі жасайды. Өкінішті-ақ!

Өмір суреті

7. «Мейірімділік алаңы» жаттығуы

Мақсаты: өз бойындағы жаман, жақсы қасиеттерін жазу. Іштегі жағымсыз жайттарды сыртқа шығарту.

Әр адам сиқырлы жасыл айнасыз-ақ өзіңің жақсы-жаман қасиеттерін біледі.

Қатысушылар түрлі түсті қағаздан жасалған гүлге жақсы (плюстарын +) жақтарын жазады да тақтада ілінген табиғаттың суреті жасалған плакатқа әр бала жапсырады. Ал жаман қасиеттерін (минус- ) шоғайнаға арам шөпке жазады да ортада тұрған қоқыс жәшігіне умаждап лақтырып тастайды.


8. «Менің көңіл күйім қандай?»

Балалар өз көңіл күйлеріне сәйкес келетін суретті тауып айтады. (Көңілді, көңілсіз, ренжеулі, қорқынышты, ...т.с.с.). Сол кездегі өздерінің көңіл күйлерін баяндайды.



9. «Ақиқат орындығы»

Мақсаты: оқушылардың қорқыныштары мен стресстерінен арылту, ашық болуға шақырту.

Жүргізуші: Алдарыңызда топтың ортасында карточкалар жиыны тұр. Енді сендер кезекпен ортаға шығып, аяқталмаған ойлары бар карточкаларға жауап берулеріңді сұраймын.

Карточкадағы сөйлемдер

-Ең үлкен қорқыныш –бұл...

-Мен мынадай адамдарға сенбеймін...

-Мен ренжимін, егер...

-Мен ұмытпаймын, егер...

-Маған көңілсіз, егер...

-Егер маған дауыс көтерсе, мен...

-Мен қарсыласқанда...

-Егер мен сенімсіз болсам...

Жүргізуші: Сөйлемді аяқтағанда сіз қандай сезімде болдыңыз? Әрине, әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсізідік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз.

10. «Ойлануға арналған балықтар»жаттығуы.

Бір-бірімізді жақын тану үшін әрбіреулеріңе балық аулауды ұсынамын.

Топтың әр қатысушысы «балық аулайды», өзенде жүзіп жүрген аяқталмаған сөйлемі бар үлестірмелі балықтарды алады да, өз сөздерімен аяқтайды.

Үлестірмедегі сөйлемдер:

Ең үлкен қорқыныш - бұл...

Мен мынадай адамдарға сенбеймін ...

Мен ренжимін, егер ...

Егер мен сенімді болсам, ...



Психолог: Сөйлемді аяқтағанда қандай сезімде болдыңдар? Әрине әрқайсымыз қорқыныш, сенімсіздік, сәтсіздік сезімдерінен өттік. Ренжіген, нашар көңіл-күй немесе көңілсіздік болған шығар. Бұл сәтте қолдау мен сүйенішті қажет етеміз. Ежелгі кезде адамдар өздеріне бойтұмарлар ойлап табатын.

11. «Өзіңді теңей біл» жаттығуы.

Мақсаты: қатысушылардың көңіл-күйін көтеріп, өмірге көзқарасын кеңейту.

Психолог: Сендер өздеріңді бір затқа немесе табиғат жаратылысына теңейсіңдер. Ол «МЕН» деп есептейсіңдер.

Қатысушы: Мен өзімді бұлаққа теңеймін. Өйткені мен бұлақпын.

Психолог: Не үшін бұлақсың?

-Мен жануарларды, адамдарды қоректендіремін. Менің бұл өмірге пайдам көп. Өйткені мен өмірге қорекпін.



12. «Биіктік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушылардың өмірлік жетістіктеріне жету мақсатына талпындыру, сенімділігін нығайту.

Жаттығу барысы: қатысушылардың біреуі шығады. Оған мынадай нұсқау беріледі. «Қабырғаға жақын тұр, сосын секір. Қай жерге дейін секіргенін белгілеу. Енді барынша жоғары секір.Төбеге дейін жетуге тырыс. Секіріп жеткен жеріңді белгіле».

Талдау: 1-ші және 2-ші белгі салыстырылады. Қатысушылар төмендегі сұрақтарға жауап береді:

-Белгі қойылған биіктіктердің айырмашылығы болды ма?

-Бұл айырмашылыққа не әсер етті?

-Қойылған талап пен мақсат нәтиежіс жақсарды ма, әлде нашарлады ма?

-Қалай ойлайсыңдар, өмірде де осындай жағдайлар кездесе ме?

13. «Сенімділік» жаттығуы.

Мақсаты: оқушыны стресстік жағдайдан арылтып, сенімділікке үйрету.

Шарты: оқушыларға бос ақ парақ таратылады. Сол парақты теңдей етіп екіге бөлу ұсынылады. Ол бөліктерді 1,2 деп белгілеп, 1-ші бөлікке жағымды қасиеттерін, 2-ші бөлікке жағымсыз қасиеттерін жазуы керек. Жағымды қасиеттерін өздерінде қалдырып, жағымсыз қасиеттерін жыртып, қоқыс жәшігіне салады.

Рефлексия: бүгінгі тренингтен алған әсерін және достарына, өздеріне арналған тілектерін жазып, «тілек» ағашына апарып жапсырады.

14.«Күн шуағы»

Балалар «Мен өмірді таңдаймын» деп отырып өмірге деген құлшыныстарыңды біздің мектеп оқушыларына үндеу жолдайық. Әр қайсымыз өз ойларымызды мына күннің тұсына ілейік.

Күн - денсаулықтың, қуаныштың, жылулықтың символы. Ал сендер мемлекетіміздің болашағысыңдар. Республикамыздың ертеңгі жағдайы сендердің қандай азамат болып өскедеріңе байланысты. Бұл сөз жоғары пафоспен айтылса да, шындығын да мемлекетті құрайтын адам, ал ертеңгі күні сендер әрқайсың әр мамандықтың иесі боласыңдар, белгілі бір қызмет атқарасыңдар.





15. «Сыйлық» жаттығуы

Мақсаты: оқушыларды өмірге деген ынтасын арттыра отырып адамдарға, қоғамға керектігін сезіндіру (ата-анасына, туыстарына, достарына т.б.).



  • Әр бала өзінің кімге керектігін айтады.

  • өзі жақсы көретін адамға қимыл мен ым арқылы қасында отырған оқушыға сыйлаған затты көрсету керек, ал көршісі затты алып алғыс білдіре отырып қабылдайды.



16. Кеңес: «Табысқа жетудің жолдары»




Нақыл сөздер:



«Кез-келген қиындықтың астында

үлкен мүмкіндіктер жатыр»

(Шагармэн)


17. Жаттығу: «Жоғалған уақыт туралы ертегі»

Нұсқаулық: Евгений Шварцтың «Жоғалған уақыт туралы» ертегісі Сіздің есіңізде ме?

10-шы сынып оқушысы үнемі «кешігіп қалып, қалып қояды, қалып қойып, кешігіп қалады, сөйтсе де түк саспады…», бір тамаша күні қалтыраған қартқа айналып шыға келді, өйткені «уақытын босқа өткізген адам қалай қартайғанын білмей де қалады».

Ал сіз қанша уақытыңызды текке жоғалтасыз? Сіз кешегі күніңізді ой елегінен өткізе аласыз ба? Күні бойы іс-әрекетіңіздің ең болмаса 15 минуты дәл болды ма? Жолда қанша уақыт болдыңыз, әңгімеге қанша уақыт жоғалттыңыз, ас ішуге қанша уақыт бөлдіңіз, нақты жұмысқа қанша уақыт кетті? Сізге 1 сағат аралық уақытымен берілген «Күн фотосуреті » кестесін толтыру қажет.

Уақыты 7.00- 24.00 ге дейін аралықта.

Уақыты әрекет мазмұны

7.00- 8.00

Жүргізуші: Сонымен, өз ойларымызбен бөлістік, пікірлестік. Өмір сүру үшін күйрететін ойлардан аулақ болуымыз керек. Мазасыз жаман, жағымсыз, мағынасыз ойлар адамды психикалық, тәндік жарақатқа шалдықтырады.

Өмірдегі кездесетін сәтсіздіктерді уақытша қиындық деп қабылдау керек. Әр нәрсенің ақырын шыдамдылықпен күтіп, не істесеңде ойланып істеуге үйрену керек. Сабырлы, шыдамды, төзімді болуды үйрен. Өмірде бәріде өткінші екенін ұмытпа.

18. Ашық айтсам...

Шарты:

Төмендегі сұрақтар бойынша, бланк беріледі. Осы жаттығу сұрақтарына жауап беру керек және өтілген тренингтік сабаққа қорытынды жасалады.

Сұрақтар:

Сабақтың жүргізілген күні

Менің тренингтік есімім

Сабақ үстінде мен не түсіндім

Мен еркін бола алдым

Сабақ үстінде маған мүмкіндік болмады

Бәрінен маған мына жаттығу ұнамады

Келесі сабақта мен былай істер едім

Жүргізушіге мынадай ескерту

Қолы


19. Қорытынды. Тренингтің аяқталуы:

Өкпелеме, өкінбе өміріңе

Өмір,өмір болмайды түңілуге

Мәңгі сені жазбаған сүрінуге

Қайта тұрып хақың бар жүгіруге.

(Мұқағали Мақатаев)



Бізге келгеніңізге, бізбен бірге болғаныңызға, тыңдағандарыңызға рахмет.
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет