«Қолданбалы программалық жабдықтар»



бет2/6
Дата10.06.2017
өлшемі1,91 Mb.
#18793
1   2   3   4   5   6

Cұрақтар:

  1. Ақпаратты енгізу құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?

  2. Ақпаратты шығару құрылғыларына қандай құрылғылар жатады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Под ред. С.В. Симоновича. Информатика. Базовый курс. 2-е издание. -СПб.: Питер, 2005

Петров М.Н., Молочков В.П. Компьютерная графика: Учебник для вузов. -СПб.: Питер, 2003

Рейнбоу В. Компьютерная графика. Энциклопедия, пер. с англ.- СПб.: Питер, 2003


4-дәріс «Шығармашылық баспа жүйесі PageMaker программасы. Программа қызметі, интерфейсі, құрамы. MSWord текстік редакторымен ұқсастығы және айырмашылықтары.»

Дәріс жоспары:

  1. Баспа жүйесінің қажеттігі.

  2. Баспа жүйесі – РageMaker және мәтіндік процессор қызметтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтары.

  3. Adobe PageMaker программасының интерфейсі.




  1. Өте жоғары сападағы баспа макетін жасау үшін беттеу (верстка) жүйесін пайдалану қажет. Баспа жүйелері құжаттарды типографиялық тұрғыдан өңдеу үшін қолданылады. Баспа жүйелерінің қакзіргі қолданыстағы түрлері: QuarkXPress, РageMaker. РageMaker кез келген түрдегі публикациялардың түпнұсқа-макеттерін құруға арналған мүмкіндіктердің барлығын қамтиды: газет, журналдар, жарнамалық өнім, кітаптар. Әсіресе күрделі әсемдеулермен болатын көппарақты шығаруларды – көптеген мысалдары, иллюстрациялары, белгілеулері бар оқулықтар, өлеңдер жинағы.




  1. Баспа жүйесі – РageMaker және текстік процессор қызметтерін салыстырайық.

    Қызметі

    Adobe PageMaker

    MS Word

    Мәтін енгізу

    Қарапайым мәтіндік редактор және макет режимінде енгізіледі

    Макет режимінде және құжат құрылымын көрсететін мүмкіндігі бар өте күшті редактор.

    Орфаграфияны тексеру

    Бар

    Бар

    Грамматиканы тексеру

    Жоқ

    Бар

    Кернинг

    Мәтін бөлігін баптауға арналған және жеке символдарға арналған кернингтерді баптау.

    Автоматты түрде берілетін кернинг

    Трекинг

    Трекингті жайлап баптау

    Жоқ

    Сөз аралық интервал

    Максимальды, минимальды және қажетті интервалды баптау.

    Жоқ

    Символдар арасындағы интервал

    Максимальды, минимальды және қажетті интервалды баптау

    Жоқ

    Ажыратқыш

    Сөз аралық, символдық интервалдарға байланысты жіңішке ажыратқыш қою.

    Сөздер акрасындағы интервалға байланысты автоматты өте өлкен ажыратқыш.

    Сұйық қатарларды қадағалау

    Бар

    Жоқ

    Интерлигьяж

    Бар

    Бар

    Абзац стильдері

    Бар

    Бар

    Абзацтар шегінісі

    Бар

    Бар

    Табуляциялар

    Бар

    Бар

    Сызғыштар

    Бар

    Бар

    Монтажды стол

    Бар

    Жоқ

    Мәтін блоктарын еркін орналастыру

    Бар

    Жоқ

    Бағаналар

    Бар

    Бар

    Мәтін блоктарының еңкеюі, айналуы

    Бар

    Жоқ

    Кестелер

    Кестелердің сыртқы редакторы бір беттен артық болмайды

    Бар, кез келген бет саны болуы мүмкін

    Сурет салу құралдары

    Бар

    Бар

    әртүрлі түстер модельдері арқылы түсті анықтау

    Бар

    Жоқ

    Графика импорты

    Бар

    Бар

    Импортталған графикамен байланыс

    Бар

    Бар

    Графиканы ендіру

    Бар

    бар

  2. РageMaker интерфейсіне келесілер жатады:

А) Программаның негізгі терезесі және меню жүйесі;

Ә) Құжаттар терезесі. Құжатты көрсету режимдері және масштабтау;

Б) Сызғыштар және бағыттауыштар;

В) РageMaker құралдары.;

Г) палитраларды ұйымдастыру және олармен жұмыс;

Д) Пернетақта және жанама менюмен жұмысты жылдамдату.



Программаның негізгі терезесі:

  • Жүйелік меню;

  • Тақырып қатары;

  • Терезені басқару батырмалары;

  • Меню қатары (программаның барлық функцияларына жол сілтейді);

  • Палитралар (программа құралдарына немесе олардың функцияларына жол сілтейді);

  • Терезенің негізгі жұмыс аймағы.

Құжат параметрлері терезесінде келесілерді баптауға болады:

  • Парақ параметрлері және оның өлшемдерін;

  • Парақтың ориентациясын (альбом немесе кітап түрінде);

  • Опциялар (екі жақта баспалау, титульдық парақ ашу, номерлеуді қою);

  • Барлық бет санын және нешіншіден бастау қажеттігін;

  • өрістерді (поля);

  • баспаға жіберетін принтер атын көрсетуге.

Құжаттарды көрсету режимдері және масштабтау. Вид (Түр) менюінен парақтарды көрсету масштабын таңдауға болады.

  • Вид (Түр) – реальный размер (нақты өлшем);

  • Вид (Түр) – целая станица (толық бет);

  • Вид (Түр) – монтажный стол (монтаждық үстел);

  • Вид (Түр) – масштаб – 25%, 50%, 75%, 100%, 200%, 400%.

Алғашқы үш варианттарды бағыттауыш құралын таңдағандағы жанама менюден көрсетуге болады. Сонымен қатар кез келген жанама менюде «Тапсырма масштаб (заказной масштаб)» командасы бар, одан 14% дан 731% ға дейін кез келген масштабты алуға болады.

Пернетақта арқылы:

  • Ctrl+5 - 50%;

  • Ctrl+2 – 200%;

  • Ctrl+7 – 75%;

  • Ctrl+4 – 400%;

  • Ctrl +1 – 100%;

  • Ctrl++ - үлкейту;

  • Ctrl+ - - кішірейту.

Палитралар

  • Құралдар палитрсасы. Орындалатын жұмыс типін анықтайды;

  • Түстер палитрасы. Макет элементтеріне түс таағайындайды және түстерді анықтайды;

  • Стильдер палитрасы. Стильдер арқылы абзац форматтауды жеңілдетеді;

  • Қабаттар палитрасы. Көп қабатты макет құруды іске асырады және қабаттарды басқарады;

  • Гиперсілтемелер палитрасы. Публикациялар ішінде және олардың арасында элементтердің қиылысу сілтемелерін, сонымен қатар жергілікті және желілік құжаттарға сілтемелер құруға мүмкіндік береді;

  • Сценарилер палитрасы. РageMaker сценариіне жылдам қатынас құруды қамтамасыз етеді және олардың орындалуын басқарады;

  • Парақ шаблоны палитрасы. Парақ шаблондарын құруды ұйымдастырады.

  • Басқарушы палитрасы. Абзацтар және символдарды форматтау функцияларына жылдам қатынас жасайды.


Cұрақтар:

    1. Баспа жүйесінің қажеттігі дегендіқалай ұғасыз?

    2. Баспа жүйесі – РageMaker және мәтіндік процессор қызметтерінің айырмашылықтары мен ұқсастықтарынатаңыз.

    3. Adobe PageMaker программасының интерфейсіне нелер жатады?.

Қолданылатын әдебиеттер:

Вовк Е.Т. PageMaker 6.5.- Москва. Диалог мифи. 2001.


5дәріс «PageMaker программасында мәтіндер және абзацтармен жұмыс.»

Дәріс жоспары:

  1. Форматтау атрибуттарын беру тәсілдері;

  2. Абзацтарды форматтау

Құралдар тақтасындағы Т- текст батырмасын шерткенде курсор мәтіндік режимге көшеді. Содан кейін символдарды теруге, ерекшелеуге және форматтауға болады. PageMaker программасында мәтінді форматтау атрибуттарын үш тәсілмен беруге болады:

    • «Шрифт параметры» сұхбат терезесі арқылы;

    • Мәтін менюіндегі ішкі менюлер арқылы;

    • Басқарушы палитрадағы командалар арқылы.

«Шрифт параметрлері» сұхбат терезесі арқылы біруақытта бірнеше форматтау атрибуттарын беруге болады. Ал кейбір форматтау атрибуттарын тек осы сұхбат терезеде ғана өзгерте аламыз, мысалы қатардың үстіңгі жағындағы, қатардың төменгі жағындағы индекстердің өлшемі, капители өлшемі. Бұл сұхбат терезені Мәтін—Шрифт командасы немесе <Сtrl+T> пернелер комбинациясы арқылы ашамыз. Шрифт параметрлері сұхбат терезесі арқылы атрибуттар қою өте баяу әдіс болғандықтан, мәтін менюі және оның ішкі менюлер жүйесі арқылы бірнеше форматтау атрибуттарына тікелей қатынас құруға болады. Бұл мәтін өңдеу жұмысын жылдамдатады. Басқарушы палитра арқылы PageMaker-дің барлық командаларына өте жылдам қатынас жасауға болады. Басқарушы палитраны шақыру: Терезе – басқарушы палиитраны көрсету командасы немесе комбинациясы.

Форматтау атрибуттары:



  • Гарнитура – шрифт түрлерін таңдау (мысалы: KzArial, Batica т.с.с.);

  • Кегль – шрифт өлшемі (4-60 пункт). Пика және пункт полиграфияда қолданылатын шрифт өлшемдері. Бағаналардың және сызықтардың ені мен ұзындығы пикамен көрсетіледі. Пика═4,236 мм немесе 1/6 дюйм. Интерлиньяж және шрифт литері пунктпен өлшенеді. Пункт ═0,353 см.

  • Интерлиньяж – жол аралық интервал;

  • Символдар ені – символдың горизонталь өлшемі;

  • Түсі – символ түсін таңдауға болады;

  • Мәтін позициясы - жекелеме символдарды негізгі мәтіннен сәл төмен немесе сәл жоғары орналастыруға болады;

  • Регистр - мәтінді форматтау барысында бас әрітерді кіші әріптерге немесе керісінше ауыстыруға тура келеді, осы жағдайда қолданылады;

  • Трекинг – символдардың тығыздығы;

  • Символдар – белгіленген сөзді екі жолға тасымалдау керек пе, әлде керегі жоө па екенін қоюға болады;

  • Жазылуы – алты түрін таңдауға болады: қалыпты, жартылай қарайтылған, курсив, асты сызылған, сызылып тасталған, инверсті.

  1. Абзац – мәтіндік материалдан тұратын публикацияның ең кіші элементтері. РageMaker жүйесінде абзац деп «Enter» пернесін басқаннан кейін пайда болған маркермен аяқталатын кез келген мәтінді ұғады.

Форматтау элементтерін белгіленіп тұрған абзацқа немесе курсор қойылған абзацқа жүргізуге болады. Форматтау үшін «Абзац параметрі» немесе мәтін менюі немесе басқарушы палитра қолданылады. «Абзац параметрі» сұхбат терезесін Мәтін—абзац командасы немесе пернелер комбинациясы немесе мәтіннің кез келген жерінен жанама менюдегі Абзац бөлімінен шақыра аламыз.

Абзацтарға қойылатын шегігністер түрлері:



  • Сол жағынан;

  • Оң жағынан;

  • Абзацтық.

Аралық түсінігіне абзацтардың аралығы қолданылады. Олардың екі түрі бар:

  • Дейін – жоғарыда орналасқан мәттінен ағымдағы абзацқа дейінгі шегініс;

  • Кейін – Ағымдағы абзацтан төмен орналасқан мәтінге дейінгі шегініс.

Туралау – мәтіннің тік шекараларға қатысты қатар бойынша орналасуы. Олардың түрлері:

  • Сол жаққа;

  • Ортаға;

  • Оң жаққа;

  • Формат бойынша;

  • Толық.

Абзацты көлденең сызықтармен әсемдеу үшін «Параметры абзаца» терезесінде «Линии» батырмасын шертсе «Линии абзаца»резесі ашылады. Осы терезенің параметрлері арқылы абзацтың үстінен және соңынан көлденең сызықтар қоюға болады және оған стиль, түс, ұзындығын, шегініс шамасын беруге болады.

Абзацты жаңа параққа көшіру үшін «Параметры абзаца» терезесіндегі «Варианты» бөлімі арқылы абзацты парақтан параққа тасымалдауға болады.



Cұрақтар:

  1. Форматтау атрибуттарынқалай беруге болады?

  2. Абзацтарды форматтауқалайша іске асады?

Қолданылатын әдебиеттер:

Вовк Е.Т. PageMaker 6.5.- Москва. Диалог мифи. 2001.


6-дәріс «PageMaker жүйесінде графикамен жұмыс. PageMaker жүйесіндегі фреймдер, стильдер, түстер. PageMaker жүйесіндегі кестелік және текстік редакторлар.»

Дәріс жоспары:

  1. Объектілерді салу және объектілерге амалдар қолдану.

  2. Фреймдер.

  3. Стильдер.

  4. Түстер.

  5. PageMaker жүйесіндегі мәтіндік редактор.

  6. PageMaker жүйесіндегі кестелік редактор.

Түзулер. Тік, көлденең түзулер - құралы арқылы, ал еңкейген түзу - құралы арқылы салынады. Түзудің қалыңдығын және түрін өзгерту үшін Элемент – Линия командасы пайдаланылады.

Тіктөртбұрыш. Тіктөртбұрыш фигурасы - құралын таңдау арқылы, ал шаршы фигурасы осы құралды таңдағаннан кейін Shift пернесін басып тұру арқылы салынады. Кез келген геометриялық фигураны бояу үшін Элемент-Фон и линия командасы қолданылады. Ашылған сұхбат терезе екі бөлімнен тұрады. Оң жақ бөлімінде сызыққа сипаттама, сол жақ бөлігінде фонға сипаттама беріледі. Тіктөртбұрыштың өлшемін өзгерту үшін тышқан батырмасымен жан-жағынан созады және сығады. Тіктөртбұрыштың бұрыштарын дөңгелектеу үшін Элемент-Скругленные углы командасын таңдау қажет.

Овал. Овал салу үшін - құралын пайдаланады. Шеңбер салуға Shift пернесін қолданады. Овалды редактрлеу тіктөртбұрыш фигурасына ұқсас орындалады.

Көпбұрыштар және сынық сызықтар. Құралдар палитрасынан көпбұрыш батырмасын таңдау арқылы және Элемент-Многоугольник командасынан таңдағаннан кейін «многоугольник» сұхбат терезесі арқылы көпбұрыш параметрлерін беру арқылы қажетті көпбұрышты немесе сынық сызықты салуға болады.

Объектілер тобын белгілеу. А) Бағыттауыш арқылы барлық объектілердің сыртын ала қоршау арқылы белгілеуге болады; Ә) Объектілердің кез келген біреуін белгілеп алып SHIFT пернесін басып тұру арқылы қалғандарын белгілеуге болды; Б) Егер жұмыс үстеліндегі және монтаждық үстелдегі объектілердің барлығын белгілеу керек болса, онда Редактирование-Выделить все командасын таңдайды.

Объектілерді топтау. Барлық объектілерді белгілеп алып Элемент-Сгруппировать командасын таңдау арқылы орындалады.

Топтан шығару. Топталған объектіні белгілеу- Элемент- Разгруппировать.

Объектілерді бекіту. Объектіні белгілеу – Элемент – Закрепить. Бекітілген объектіні жылжытуға, жоюға, қиюға рұқсат етілмейді, тек көшірмесі алынады. Көшірмесі бекітілмейді.

Объектілерді маскілеу. Бейнені немесе мәтіндік блокты жиекке орналастырып, жиек ішіндегі ішіндегі бөлігін қиып алуға болады. Осы орналастыруды масклеу деп атайды. Масклеу контуры ретінде Тіктөртбұрыш, овал немесе көпбұрыш алынады. Орналастыру тәсілі: 1) Бейнені қажетті өлшеммен орналастыру; 2) Оның жанына қажетті фигураны (Овал, тіктөртбұрыш немесе көпбұрыш) сәйкесінше өлшеммен қою; 3) Бейненің қажетті бөлігі фигура ішінде болатындай етіп фигураны бейне үстіне орналастыру. Фигура фоны болмау керек; 4) Екі объектіні SHIFT пернесі арқылы ерекшелеу; 5) Элемент – применить командасын пайдалану. Осыдан кейін жиек сыртындағы объект жоғалады; 6) Бейнені жиек ішінде жылжытуға болады. Ол үшін «Бағыттауыш» құралы пайдаланылады; 7) Бейнені дұрыс қойғаннан кейін Екеуін белгілеп Элемент-группа командасы арқылы топтайды; 8) Масканы алып тастау үшін оны белгілеп Элемент – Отменить маску командасын таңдайды.

Объектіні жиектеу. Объектіні белгілеу керек, содан кейін Сервис – дополнения – Создать рамку командасын таңдайды. Ашылған сұхбат терезесінде жиек параметрлері беріледі.Жиек құру опреациясы объект пен жиекті топтайды.

Объектіні бұру. Публикациядағы кез келген объектіні 00-3600 бұруға болады. Ол үшін басқару панелі қолданылады.

Объектіні еңкейту. Объектіні еңкейту операциясы арқылы өте жақсы эффектлерді алуға болады. Ол үшін басқарушы палитрасы пайдаланылады. Онда -850 тан +850 еңкейтуге болады.

Объектінің айналық кескінін алу. Ол үшін оны ерекшелеп алу керек, содан кейін горизонталь кескін үшін басқарушы палитрасындағы оң жақ шеткі жоғары құралды, ал вертикаль кескін үшін оң жақ шеткі төменгі құралды пайдаланады.

Фреймдер. Осы уақытқа дейін үш түрлі объектпен таныс болдық – мәтіндік блок, бейне және графикалық объект. Бірақ бұдан басқа да объект типі бар – фрейм. Бір жағынан, фрейм графикалық объектіні еске түсіреді, дәл сондай фон және сызық атрибуттарына ие болады, бірақ одан мәтін немесе бейнемен толтырылуы арқылы ерекшеленеді. Тағы бір жағынан, фрейм мәтіндік блокты еске түсіреді: мәтіндік материалдар бір фреймнен екіншісіне жалғасуы мүмкін. Мәтіндік блоктан ерекшелігі фреймдерге кез келген форма беруге болады. Бос фреймдер әдетте резервтегі орынды толтыру үшін қолданылады. Фреймдерді газет, журнал бетіндегі материалдар құрылымы қайталанған жағдайда қолданған көкейкесті. Сонымен қатар фреймді мәтінге қалыпты емес форма бергенде қолданады. Фреймді құру үшін құралдар палитрасында 3 түрлі құрал қолданылады: овальды фрейм, тіктөртбұрышты фрейм, көпбұрышты фрейм. Бұл құралдар беті айқасқан екі сызықпен сызылған.

Стильдер. Айталық сіз өте көп тақырыпшалардан, ерекшелейтін сөйлемдерден тұратын мәтінді форматтадыңыз делік. Баспадан шығарып алғаннан кейін оның көңіліңізден шықпағанын ұқтыңыз. Енді оны қайта форматтау үшін уақыт қажет етеді. Осындай жұмыстарды жеңілдету үшін стиль ұғымы енгізілген. Стиль абзац көлемінде мәтінді форматтау параметрлерін өзіне біріктіреді: оң және сол жақтан шегіністер, азат жол шегінісі, қатарлар арасындағы қашықтық, абзацқа дейін және одан кейінгі шегіністер, символдар гарнитурасы, сызылуы, өлшемі және басқа да сипаттамалар. Абзацқа сттиль қою арқылы оған осы параметрлердің барлығын бір уақытта бересіз. Стильді жаңадан құруға болады немесе PageMaker жүйесінде құрылған стильді пайдалануға болады.

Түстер. Түсті дәл сипаттау үшін түстік модельдер бар. Кез келген түс осылардың көмегімен бірнеше базалық ұғымдарға негізделе отырып қатаң математикалық сипатталады. Келесідей түстер модельдері бар.

RGB моделі. Осы модельге сәйкес кез келген түсті негізгі үш түстің қосындысы ретінде көрсетуге болады: қызыл (red-R), жасыл (green-G) және көк (blue-B). Бұл модель суреттерді монитор экранында бейнелеу үшін қолданылады. Адамзат көзі түстердің оптикалық қосылысын көреді.Негізгі түстердің қанықтылығын баптай отырып кез келген түсті алуға болады.

CMYK моделі. CMYK түстер моделі полиграфиядағы негізгі болып табылады, мұнда түстердің оптикалық емес, физикалық қосылысын көреміз. Түстер төрт бояу көмегімен құрылады: көгілдір (cyan-C), қошқыл (magenta – M), сары (yellow – Y) және қара (black-K). Қара түс үштікке қосылған, себебі үш түстің бірігуі практика жүзінде қара түс емес, тек қара-қоңыр түсті береді. Барлық бейнелер толықтүсті баспада CMYK моделіне өңделу керек. Егер сіз жұмыссты типографиялық баспаға дайындасаңыз, онда барлық иллюстрациялар мен түстер CMYK моделі көмегімен көрсетілуі керек.

HSB моделі. Бұл модельмен кез келген түс үш компанентпен сипатталады: H-түстер реңімен (Hue), S – қанықтылықпен (Saturation), B – жарықтылығымен (Brightness). Модель адамзаттың қабылдауына әлдеқайда жақын, сондықтан кәсіпқой компьютерлік художниктер қолданады.

Өте көп көлемдегі мәтінді құру және редактрлеуді теру жолағында жүргізген тиімсіз. Себебі әрбір жаңа символ енгізген сайын немесе ескіні жойған кезде, жүйе мәтінді қайта форматтайдфы-оны жаңашы қатарларға және парақтарға орналастырады. Үлкен көлемдегі мәтіндік материалдар үшін, әсіресе әртүрлі параққа орналасқан, осы жұмысты орындау көп уақытты алады. PageMaker жүйесі мәтінмен жұмыс істейді экономдау үшін арнайы мәтіндік режим енгізген. Кейде мсәтіндік режимді мәтіндік редактор деп те атайды. Мәтіндік режимде тек қана жылдам форматтау ғана емес, сонымен қатар :


  • мәтіндегі сөздердің дұрыс жазылуын автоматты тексеру;

  • кез келген сөзді немесе әріпті оның форматын ескере отырып табу және алмастыру;

  • бірмезгілде бірнеше мәтіндік материалдарды қарап шығу, әрқайсысын өз терезесінде;

  • баспады көрінбейтін арнайы символдарды экранда көру.

Мәтіндік режимге көшу үшін Редактирование – Текстовый режим командасын немесе пернелер комбинациясын пайдалану керек.

PageMaker жүйесінде кестелік редактор бар. Ол арқылы:



  • кестелерді құру;

  • оларға мәтіндік ақпараттарды енгізу;

  • қажетті форматтауларды жүргізу;

  • кестені қажетті жерге орналастыру әрекеттерін жасауға болады.

Кестелік редакторды шақыру тәсілдері:

  1. Table 3.0. exe файлын іске қосу. Ол Table 3.0бумасында болады. Оны сілтеуіш немесе Менің компьютерім арқылы іздеп табады. Алайда PageMaker жүйесін орнатқанда кестелік редактор автоматты түрде Программалар мәзіріне орнатылады. Яғни Пуск-Программы-Adobe-PageMaker-Adobe Table 3.0.

  2. PageMaker программасының ішінде тұрып, Редактирование-вставить объект - Adobe Table 3.0.-Да.

Cұрақтар:

  1. Объектілерді салу және объектілерге қандай амалдарқолданылады?

  2. Фреймдер қандай жағдайда қолданылады?

  3. Қандай стильдерді білесіз?

  4. Түстермодельдерінің ерекшеліктерін атаңыз.

Қолданылатын әдебиеттер:

Вовк Е.Т. PageMaker 6.5.- Москва. Диалог мифи. 2001.


7-дәріс. «CorelDRAW графикалық редакторымен жұмыс істеу негізі»

Дәріс жоспары:

1.Редактор жайлы түсінік.

2. Редактор терезімен танысу.

3. Құралдар тақтасы.



CorelDRAW 13 графикалық редакторы векторлы графикамен жұмыс істеуге арналған және ұқсас программалардың ішіндегі ең танымалы болып есептеледі. CorelDRAW–ң танымалдығы графикалық образдарды құруға және редактрлеуге арналған құралдардың көптігімен, ыңғайлы интерфейсті және алынатын бейненің жоғары сапалығымен анықталады. Әсіресен CorelDRAW 13 көптеген суреттерден, фотографиялардан және жазбалардан тұратын иллюстрацияларды құруға ыңғайлы. Қажетті орынға бейненің компаненттерін CorelDRAW орналастыру әлдеқайда жеңіл. CorelDRAW программалар пакетіне өз редакторынан басқа Corel Photo-Paint растрлы графика программасы да енеді. Екі программаның интерфейстері ұқсас. Ал мүмкіншіліктері бойынша бірін-бірі толықтырып отырады. Осы екі программаны қолдану арқылы кез келген, ең күрделі, графикалық жұмысты орындауға болады. CorelDRAW пакетіне енетін тағы бір программа Corel R.A.V.E. деп аталады, ол анимациялар құруға арналған. Осы векторлы графика көмегімен мультфильдер құруға болады. Corel R.A.V.E. программасы нәтижені ең танымал форматтарға экспорттауға мүмкіндік береді, соның ішінде Macromedia Flash форматына. Сонымен қатар стандартты CorelDRAW 10 пакетіне көптеген дайын суреттер енеді, оларды иллюстрациялар салуда қолдануға болады.
CorelDraw 13 графикалық редакторының негізгі

терезесімен танысу
CorelDraw 13 іске қосқаннан кейін редактрленген және жаңадан құрылатын құжаттарға жылдам қатынас жасауды жүзеге асыратын заставка-меню (1 сурет) ашылады.

1- сурет. CorelDraw 13-ң заставка-менюі



Жаңа (Новый) командасын таңдағаннан кейін экранда бос құжаты бар негізгі терезе (2 сурет) ашылады. CorelDraw 13 терезелерінің негізгі элементтері Windows - тың стандартты терезелерінің элементтеріне ұқсас.




Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет