Өмірбаяны Ақын елін жырлайды



Дата31.12.2019
өлшемі29,07 Kb.
#54201
Қазақстан Республикасы

Алматы облысы

Ұйғыр ауданы

«Жаңабай Құдайбергенов атындағы орта мектеп мектепке дейінгі

шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

С.Сыпатаевтың

поэзия әлемі

Зерттеу жүргізген: Батжан Аяулым

5«а» сынып оқушысы

Шонжы
2014 жыл


Мазмұны
Жұмыстың тақырыбы:С.Сыпатаевтың поэзия әлемі


Зерттеудің мақсаты:Өлең ,сөз құдіреті арқылы ой түйіп өлең жазуға машықтану.
Зерттеудің жоспары:
Кіріспе

1.Ақын деген кім?

1.1.Ақын – халық адамы

1.2.Қазақ ақындарына шолу.

1.3.С.Сыпатаев ақындар туралы

2.С.Сыпатаев шығармашылығы

2.1.Өмірбаяны

2.2.Ақын елін жырлайды

2.3.Табиғат лирикасы

2.4.Арнау өлеңдерінің кейіпкерлерін қалай таңдаған?

2.5.Ақынның ойлы сөздері

Қорытынды

КІРІСПЕ

Қазақты ақын жанды халық дейді.Өйткені ақынын бағалай білген, ал ақыны соған сай халықтың мұң-мұқтажын, бірлігін, елдігін, жырлаған.Өсетін елдің патшасы ақынына барады,өшетін елдің ақыны патшасына барады» деген қазақ даналығы бар.



Соның дәлелі ретінде бүгінде қазаққа белгілі болған жерлес ақынымыз С.Сыпатаевтың жыр кешін айта аламыз.

Республика деңгейіндегі қонақтар келіп, журналистер мен әдебиетшілдердің қатысуымен,аудан әкімдігінің қолдауымен 2013 жылы қазан айында Шонжыда өткен жыр кеші бәрімізді бір қуантып тастады. Осы шығармамды жазуға сол кеште бекінген едім.

Ақын ағаға еліктеп өзім де өлең жазып жүрмін.

1 тарау Ақын деген кім?


Ақын-халық адамы
Ақын деп біз өлең жазатын адамды айтамыз. Ақын болу үшін көп еңбек ету керек. Оңайлықпен ақын болу мүмкін емес. Ақын сыпайы, ақылды, елге қамқор, елдің жағдайын ойлайтын адам. Өз ойы, пікірі, сезімі және мінезі жоқ адамдар ешқашан ақын бола алмайды.Әзіргі заманда өтіріктен өлең

жазып немесе біреудің өлең – сөзін ұрлап алып газет бетіне шығарып елге мақтанатын адамдар артық болмаса кем емес. Ақын тек шындықты айтады.

Әлем қандай әдемі көңілдегі,

Өлең қандай десеңші өмірдегі!

Дүниенің жүзінен өтеді ақын

Бір-ақ рет жарқ етіп көрінгелі! –деп ақын Сәбетай Сыпатаев атамыз айтқандай болса керек. Осы шумақ ол кісінің ішкі ойының әдемілігін, осы әлемде жүргенімізге шаттана білу керектігін, әлем, өлең және ақын үшеуі ажырамас бірлікте екендігін көрсетеді. Мынау әлем жоқ болса сендер бұлай тайраңдап жүрмес едіңдер дегені. Адам бұл өмірде бір-ақ рет жарқ етіп елге көрінеді. Әрине халықтың алдына шығу үшін көп-көп еңбек ету керек. Біреуі биші, біреуі әнші, ақын, күйші т.б. болып көрінеді. Ақын деген кім? Ақын деген міне менің айтқанымдай-ақ шығар!

Қазақ ақындарына шолу

Абай атамыз өз даналығын бізге өлеңмен, қара сөздерімен мұраға қалдырған. Ол кісі өлеңге бөтен, артық сөз қоспаңдар, «жұп-жұмыр тегіс келсін айналасы» деп айтып кеткен. Ал ақын М. Мақатаев өзінше бір әлем. Ақын қарапайым халықтың мұң-мұқтажын, мінез-құлқын, өмірін өткір тілмен өлеңге айналдырған. Ал Махамбет бабамыз әрі батыр, әрі от ауызды ақын болып елін-жерін жырлаған да , найза ұшымен қорғаған да.

Сондай-ақ қазақ ақындарынан Ы.Алтынсарин, М.Жұмабаев, С.Сейфуллин, І.Жансүгіров, С.Торайғыров, Ы.Алтынсарин, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж Нәжімеденов,Қ.Аманжолов, О.Сүлейменов, М.Шаханов және тағы басқа көптеген ақындарды атап өтуге болады.

С.Сыпатаев ақын туралы

Ақынды ақын бағалай біледі. Өйткені олар тағдырлы адамдар, мақсаты да бір ғой. С.Сыпатаев ақындарды жырына қосып «Абай мен Шәкәрім», «М.Мақатаевтың 60 жылдығына», «Тағы да Мұқағалиға», «Сүйінбай зираты басында» атты және тағы басқа өлең-жырлар жазған.

Ол кісі «Ақын» деген өлеңінде нағыз ақын қандай екендігін былай көрсетеді :

Ақын

Дүниенің жүзімен келеді адам,



Басы қара,дені сау,кемел,аман!

Дүниенің мұңымен барады ақын,

Қалатұғын түрі жоқ өлең одан.

Күніменен,түнімен жанады ақын,

Өлең-сөзден іздейтін ғаламатын.

Сәулеленіп кетеді сәулеге еніп,

Әуреленіп жасайды салауатын.

Кележатыр бір ақын тағдырымен,

Дауылымен,қарымен,жаңбырымен.

Келе жатыр күллі әлем таң нұрымен,

Бара жатыр бір адам ән-жырымен.

Ақын деген кіршіксізсәби,бала,

Батырың сол көнбейтін қағидаға.

Тербететін оны тек Жер-анасы,

Жылататын оны тек фәниғана.

Жалғыз өзі жабығыпбарадыақын,

Ел-жұртының арқалап аманатын.

Өткелдерден өткеріп келеді адам,

Көшеде қар.Ойда мұң.Далада түн.

Келе жатыр бірпенде ән-көңілмен,

Орын таппай өзіне жер-көгіңнен.

Бара жатыр бір адам сенделумен,

Өлең іздеп барады мәңгі өмірден.

Келед іақын дүние жүзіменен,

От алатын сәтімен тізіп өлең.

Көктемімен,жазымен,күзіменен,

Бабалардың қалдырған ізіменен.

...Жаңа ғана жайлауда гүл кешіп ем,

Дүниеден тағы біркүн көшірем!..

Бара жатыр бір адам «сүлдесімен»,

Келе жатыр бір ақын жыр,кешімен.

Тіршіліктің дәм-тұзын татып алып,

Келе жатыр бір адам асу алып .

Бара жатыр бір ақын өз еліне,

...Келе жатыр жасынның отын алып!

Әлем қандай әдемі көңілдегі,

Өлең қандай десеңші өмірдегі!

Дүниенің жүзінен өтеді ақын,

Бір-ақ рет жар қетіп,көрінгелі!

Міне,ақын деген осындай болады екен. Ақын болу да оңай емес қой.

2 тарау С.Сыпатаевтың шығармашылығы

Өмірбаяны


Ақын Сәбетай Сыпатаев 1963 жылы қыркүйекте Алматы облысының Ақсу ауданындағы Жансүгіров ауылында дүниеге келген.Ұйғыр ауданы, Ақтам ауылында мектепті бітіріп,әскери борышын өтеген соң ауыл шаруашылығы, құрылыс, мәдениет, журналистика салаларында Қызметтер атқарған.

Тұңғыш жинағы 1993 жылы «Жұлдыздардың бағыты өзгермейді» атпен жарық көрді. «Көкбөрім көкке ұлыған!» поэмасы 2000 жылғы Қазақ радиосының жыр-мүшәйрасында Бас бәйгені жеңіп алған.Сондай-ақ «Көкбөрім көкке ұлыған!», «Тағына қойдым патшасын сөздің»,-деген кітаптары шыққан.2013 жылы «Жер салмағы» кітабы жарық көрді.Республи-калық телеканалдардағы «Шабыт шыңы», «Тұлға мен тағдыр», «Айтуға оңай» бағдарламаларында, қазақ радиосында сыр-сұхбат беріп, ой пікірлерін айтқан, өлеңдері оқылған. 2013 жылы «Жерді аяла, балам!» атты шығармашылық жыр кеші өтті.

Ақын елін жырлайды

Ақын елін жырлайды деген рас.Ақын ең бірінші, әрине, елін жырлайды.Елі-нің бірлігін, татулығын, ынтымағын, қайғысын, қуанышын жырлайды. С.Сыпатаев қазақтың даналарын көсемдерін, батырларын, шешендерін, хандарын «Көкбөрім қөққе ұлыған» поэмасында толық көрсетіп шыққан. Бұл нағыз патриоттық шығарма. Дәл осы поэмасы 2000 жылғы Қазақ радиосының жыр сайысында Бас бәйгені жеңіп алған . Бұл шығарма әр түрлі теледидарлық бағдарламаларда, кештерде айтылады. Осы шығырма 10 тараудан тұрады.Поэмада Үш жүздің батырлары мен билері тең жырланады.



Қабанбаймын! Бөгенбаймын!
Райымбекпін, жауымды жендім!
Төленің даналығымын,
Қазыбек даралығымын,
Әйтеке тілегіндемін,
Құрманғазы күйлеріндемін,
Қажымұқан білегіндемін,
Бауыржанның жүрегінде едім... ...Домбыра серігім менің, Өренімін Жамбылдың. Қара өлең өмірім менің Қожасымын тағдырдың,-бұл сөздер неткен керемет еді.Өзі Қазақтың атынан сөйлеп, жауын жеңгендігін, Төленің , Қазыбектің, Әйтекенің даналығын, көсемдігін, Құрманғазының, Қажымұқанның, Бауыржанның дара тұлғаларын жыр етеді. Ал мына жерінде халық басына күн туғанда қиналған кезі толық айтылады: Қиырлап шет жерде жүрдім,

Сағыныш,шерім көп.

Ызғарлы өткелде тұрдым,

Арқылы шеру боп.

Аттың жалында жүрдім,

Көшпенді өмір боп.

Ойдың жонында жүрдім,

Еңіреп «Елім» деп.

Басыма күн туғанда

Етігіммен су кештім.

Үмітім қырқылғанда,

Әруақтармен тілдестім.

Қанатым қырқылғанда:

Ән – «Назар – Базармын».
Тағымнан айырылғанда

«Желтоқсан»… көз алдым...

Ел-жұртым тоналғанда

Аралдай суалдым.

Тәуелсіздігім оралғанда,

Баладай қуандым.



Табиғат лирикасы
Ақындар табиғатты көп жырлайды.Олар орманда, тауда жүріп өлең шығарады, қайыңмен, гүлмен сөйлеседі.С.Сыпатаевтың Шонжыдағы жыр кеші өткенде оның тақарыбын «Жерді аяла, балам!»-деп қойыпты.Маған айтып тұрған сияқты.Содан кейін «Жер салмағы» деген өлеңін оқып шығып жаттап алдым.Сол өлеңді келтірейін.
Жер салмағы

Жерге түкірме, балам,

Анаң ғой, жер сенің анаң!

Табаныңның астынан,

Басталады ұлы далаң .

Жерді қастерле , балам,

Біле біл саулығың содан.

Барлығың, байлығың содан,

Ән-жырың, тағдырың содан.

Әкең де, шешең де бабаң,

Үйіңде, күйің депанаң.

Бәрі де, бәрі де содан,

Сол берген әмбесін саған.

Жерді аяла, балам,

Сол ғой ең, аяулы ғалам!

Сүйеді өсетін жерін,



Ертеңін ойлайтын адам.
Бұдан Жер ананы қадірлейік, аялайық, гүлдейікдеген қорытынды шығады.С.Сыпатаев тау мінезді ақын ба деп қалдым. Тауды қозғай алмайсың,тау биік, тау үлкен болады. Мына өлең шумақтары соны дәлелдейтін сияқты:

Қалдырып өлеңімді-серігімді,

Ұмытып елге мықты көрінуді.

Мен ертең жалғыз өзім тауға кетем,

Көтеріп қайту үшін көңілімді.
...Жарасар тағы мінез тау ұлына,

Жуынып серігемін бір жауынына.

Дауылы мінезімнің басылған соң,

Қайтадан ораламын ауылыма.
Ақын тауды тағы былайша жырлайды:

...Таудан көрдім биіктігін қыранның

Таныс маған салған әні ұлардың.

Тау самалы, таңғажайып тау түні,

Тауда тұнған тазалыққа құмармын.



Өр кеудемде жай отынан жанды ұшқын,

Ә, дегенде таудың тасын жаңғырттым.

Тауға кетем арманымды арқалап,

Керегі жоқ таудан басқа хандықтың.
Жөні бөлек таудағы нұр-ағынның,

Тау самалы көкесі ғой дәуірдің.

Мен-таулықпын, тауға ғана ғашықпын,

Одан артық не сыйы бар Тәңірдің!
Ақын «Көктем айшықтары» деген өлеңінде былай суреттейді:

Бау-бақшаға көгілдір нұр қамалып,

Дархан дала құлпырды гүлге оранып.

Таулы өңірге тағы да көктем келді,

Қараторғай, қарлығаш, тырнаны алып.

...Көктем келді кестелеп небір өрмек,

Көкке самғап барады көңіл өрлеп.

Ақ көйлекті алмалар назданада,

Қараңдаршы, қараңдар мені көр деп.
Ерке бұлақ маңайын әнге бөлеп,

Қол бұлғады белең де әлде не деп.

Қызыл гүл мен ақ гүлдің арасынан,

Сары гүлін таппай жүр сары көбелек.

Ақынның өлең арнаған адамдары
Барлық ақындар адамдарға өлең арнайды.Абай атамыз байларға, кедейлерге арнап өлең шығарады.Мұқағали атамның да көп өлеңдерін оқығанмын. Ал С.Сыпатаев президентіміз Н.Назарбаевқа әнші Гаухар Әлімбе-коваға, София Ротаруға, ақын Айнұр Тұрсынбаеваға, Тоқтарқан деген атаға, Ғазизге, Айданаға, тағы көп адамдарға өлең арнаған. Сен өлең арнаған адамың жақсы, мықты болуы керек.Жаман адамдарға жек көрсін деп қана өлең шығарады. Біздің ауданда Сәуле Досжан тәтеге арнап «Сәулелі Сәулеге» деп өлең шығарған, сондай-ақ әнші Әлия Жанбаеваға арнаған және «Қырмызы», «Гүлім», «Анама», «Әкеме арнау» деген өлеңдері бар.

Мына өлеңді біздің президентімізге арнапты.
Дауыс
(Н.Назарбаевқа)


Таң боп тұрған тұрпатына қараймын,
Хан боп тұрған Абылайға балаймын.
Ұлығынан айнымайсыз даланың ,
Ілімімен қаруланған Абайдың.

Ойыңызда шарпуы бар жасымның,


Бойыңызда алғырлығы лашынның.
Даналықпен дараланған ожданы,
Сұңғыласы сияқтысыз ғасырдың.

Қай кездеде бауырмалы бауырдың,


Асқақтығын айқындаған тауымның.
Қазағымның тілеуінен айналдым,
Алыптарын алып келген дәуірдің.

Ниет қандай, жақсылыққа бастаған,


Тілек қандай, көпшілік боп қоштаған.
Әрқашан да азын-аулақ жұртымыз
Пейілімен биік тұрған басқадан.

Мұрат қандай, ата-баба көксеген,


Арман қандай- айтуға тіл жетпеген.
Кемеңгерін қадір тұтқан халықтың,
Өзгеге дес бермесіне бек сенем.

Ерледіңіз теңіз кешіп, тау асып,

Темірқазық бағытына жол ашып.

Мерейіңіз үстем болып лайым,

Өсе берсін, биіктермен таласып.

Жұлдызыңыз дараланып көрінсін,

Шапағаты туған елге төгілсін.

Ұлылығын нығайтыңыз даланың,

Ғұмырыңыз өлең болып өрілсін.
Ақынның ойлы сөздері

С.Сыпатаевтың кейбір сөздері мақал – мәтелдер сияқты айтылады екен.Қазақта мақалдар да, мәтелдер де көп қой.Ақынның мына сөздерін мысал ретінде келтірейін:

1.Ынтымақтың тұрағы қауымында,

Татулықтың құмары бауырында.
2.Сәбидің патшалығы бесігінде,

Перзенттің қожалығы несібінде.
3.Жаратқанның нұры бар кешірімінде.
4.Бірісі өсіп-өркендеп өсиеттен,

Бірісі жүр ұрлықты кәсіп еткен.
5.Биік тұрып сынаймын мен досымды,

Биік тұрып дұшпанымды сыйлаймын.
6.Көңіліме гүл өсірген еркіндік,

Мінезіме жол іздеген өр-төрлік.
7.Тірлігіме тысыс берді ұл-қызым

Сол ғой менің шаттығым.
8.Биіктіктің қайғысы да тәттірек

Азабы да сүйікті.
9.Қажет кезде дауала адам жанын

Кімге керек шет жүріп тазарғаның
Кітапта осындай жолдар көп екен.Осы ойымды С.Сыпатаевтың мына жақсы сөздерімен аяқтағым келіп тұр:

«Бірінші боп жетем десең сөреге

Ел-жұртыңды көтеріп ал төбеңе!»

Қорытынды
Мен Шонжыдағы кітапханадан С.Сыпатаевтың бір өлеңін «Туыңды көтер!» деген кітаптан көрдім.Ол кітапта тудың, елтаңбаның суреттері бар.Сол өлеңі сөйтсем осы кісінің кітабынан алыныпты.Осы өлең «Мен қазақпын» деп басталады.Сонда білдім Сәбетай атаның мықты екенін.

Мен бұл шығарманың барлығын бенкерден бекер жазған жоқпын.Адамдар осы жазғандарымды оқысын дедім.С.Сыпатаевтың қазір жазып жатқан «Дүние жалған» деген поэмасы бар екен.Сұрап едім ақын оны маған былай айтып берді:

«Адамдар осыдан миллиондаған жылдар бұрын пайда болған. Енді тағы миллиодаған жылдар өмір сүреді.Сонда адамның өмірі осыған қарағанда аз-ақ уақыт, бір секунд қана.Адам жарық дүниені бағалау керек, уақытты бағалау керек»,- деген еді.

Осы сөзіме сенесіздер ме?


Каталог: uploads -> doc -> 0085
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0085 -> Ай Жердің серігі


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет