Өмірбаяны туралы мәліметтер беру, түсіндіру,ойнап көрсету



Дата26.06.2018
өлшемі60,5 Kb.
#44506


Сабақтың тақырыбы: Халық күйі «Кеңес» (Мөңке биге арналған) күйімен жұмыс.

Мақсаты: «Кеңеc» күйлер топтамалары , Мөңке би өмірбаяны туралы мәліметтер беру, түсіндіру,ойнап көрсету.

Білімділігі: Күйшілік дәстүрдің қыр-сырын меңгерудегі әдіс- тәсілдерді, «Кеңес » күйлер топтамасы туралы деректерді меңгеру.

Дамытушылығы: Оқушыны күйді талдап, жұмыс істеу білуге, тезірек жаттау әдісін үйрету, күй ойнау арқылы ой өрісін дамыту, музыканы сезінуге, түсінігін дамыту.

Тәрбиелігі: «Кеңес» күйлер топтамасын еркін ойнауға, түрлі ойналу тәсілдерін игеріп, оқушының күй өнеріне деген сүйіспеншілігін арттыру.

Сабақтың әдіс – тәсілдері: Түсіндіру, ойнап көрсету, сұрақ – жауап, қолма – қол ескертпелер, оқушының қабылдау қабылетін бақылау.

Көрнекі құралдар: Плакат, табиғат суреттері, әдебиеттер, ноталар.

Оқытудың техникалық құрал – жабдықтары: домбыра, пульт, үнтаспа.

Сабақтын барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі:

II.Техникалық жаттығу кезеңі:.

Y – dur гаммасын төкпе дәстүрінде ойнату. Оң қол саусақ қойылымына, дыбыс алу ерекшеліктерін үйрету.



II. Үй тапсырмасын тексеру: М.Өскенбаев «Жеңіс»

Оқытушы: Мұрат Өскенбаев туралы не білесің?

Оқушы: Мұрат Өскенбаев (1904-1984)- домбырашы, композитор. Қазіргі Атырау (бұрыңғы Гурьев) облысында туған. Оның әкесі Өскенбай, белгілі ақын және күйші, Мұраттың бірінші ұстазы болған.

Оқытушы: Күйшінің шығармашылығы туралы не білесің?

Оқушы: Мұрат Маңғыстау домбыра мектебін бітірген. Оның репертуары өте үлкен және 300 күйді, жырды Абыл, Есір, Естай, Күлшар, Қашаған, Сәулебай, Арал, Досат, Тастемір, Жылқыкелді, Сәттіғұл сияқты авторлардың термесі бар.Мұраттың өз жанынан шығарған 30 шақты күйі бар. Ұзақ жылдар бойына ол Жамбыл атындағы Республикалық филормонияда солист-домбырашы болып қызмет істеген. Мұраттың күйлерін терең ой, азаматтық лиризм, адами көңіл-күй иірімдері даралайды. Оның орындау мәнері тыңдаушыларын шыншылдығымен тамсандырады.

Күй мәтінін толық ойнатылып, оң қол қимылдарына, динамикалық белгілерге , дыбыс күшін үнемдеу жолдарымен жұмыстар жүргізілді.



Жаңа сабақ. «Кеңес » күй атаулары туралы түсіндіру.

Қазақ күйлерінің көне тарихын көрсететін деректердің қатарына – күй атаулары да жатады. Күй атаулары екі түрге бөлінеді. Бірі – күйдің өз атына байланысты, екіншісі- күйшілік дәстүрде қалыптасқан тұрақты сөздерді көрсетеді. Көне күйлердің қолда бар тарихи нұсқасы 400-500 дей. Осы күйлердің бәрінің да аттары бар. Ал, аты жоқ күйлердің қатарына – көне сарындар, көне әуен- ырғақтар, автордың өз атымен жеткен сарын- саздар жатады. Күй атауларының тарихи мазмұны төмендегідей:

1.Күй аты- жер-суға байланысты: « Сары өзен», « Ертіс толқыны», « Өгіз өлген» т.б

2.Күй аты- жануарларға байланысты: « Боз айғыр» , « Боз інген», « Желмая» « Ақсақ құла», «Ақсақ құлан», « Телқоңыр», « Тепеңкөк», « Шұбар ат» т.б

3.Күй аты- аң- құстарға байланысты «Шыңырау», «Ақсақ қаз», «Жорға аю» т.б

4. Күй аты- адамдарға байланысты: «Айжан қыз», «Келіншек», «Қамбар батыр», «Қобыланды батыр» және т.б күйлер

5. Құбылыстарға, көңіл- күйге байланысты « Ақжелең», «Ақ боран» т.б

6.Іс-қимылға,ұғым- түсінікке байланысты:«Кеңес»,«Қоңыр»,«Ел айырылған» және т.б

Оқиғаның суреттелуі мен баяндалуына қарай күй аттары алуан түрлі боп шығады. Күй аттары, кейде ертеде болған оқиғалардың өңі өзгерген түрін де жалпы мазмұнына қарай да, аңызға айналған нұсқасын да көрсете алады. Негізінен алғанда күй аттары нақты оқиғаның өзіне арнап қойылады. «Шыңырау» күйінің «Шыңырау» деген аңызы ертеде алып самұрық құс болғанын айтады. Мұндай алып құстар мен жануарлар бір кездерде жер үстін мекендегені ғылымда дәлелденген. Күй аты үш мың жылдың ар жағындағы көне дүниені меңзейді.

«Кеңес» сөзінің күй атауына айналу себептерін бағзы замандардан іздейміз. Ғұндардың арғы ата- бабасы Шоң би заманынан бастап үш мың жылдық көшпелілер тарихында ру- тайпа көсемдерін кеңесте сайлаған. Ең маңызды мәселелерді кеңесіп отырып шешкен. Бұған Моде тәңір құтының «жүйрік аты» туралы аңызы, Түрік қағанаты көсемдерінің кеңестері, Қазақ хандарының кеңесі, «үш би кеңесі» атанған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би кеңесі т.б толып жатқан тарихи мәні зор кеңестер мысал болады.Көне күйлердің аттарын жайдан жай қоя салмайды. Оның төркінінде тарих ізі сайрап жатқанын көреміз. «Кеңес» деп аталатын күйлердің халық күйшілерінің жадында сақталған ондаған түрі кездеседі. Күйлердің нұсқалары бір- біріне ұқсамайды. Бұл күйлер сыбызғы мен домбырада көбірек тартылады.

Бабамыз Мөңке би, көнекөз қариялардың айтуынша, асқан әулие, көреген. Алдын бірнеше жылдар бұрын болжап білетін текті кісі болған. Оны ел аузында қалған бабамыздың толғауларынан байқауға болады.

Барлық өңірге тараған «Кеңес» деген күй топтамасының көптеген нұсқаларында күйді шығарушы, орындаушы ел ағасы билер, батырлар, хандар (Мөңке би, Абылай хан, Бейсембі би, Қожеке т.б) болып келеді. Бұл күй үлкен жиында, тарихи оқиғалардың шиеленіскен кезінде тартылған.

Бейсенбі күйлерінің ішінде «Кеңес» күйлерінің алатын орны ерекше. « Бежең күйлерінде кеңес күйлері мен атқа арналған күйлердің саны көп»[4,32] екені шындық. Әрине, кеңес күйлері Бейсенбіде ғана кездесетін құбылыс емес, қазақ күйшілерінің көбінде кеңес күйлері бар. Деседе, басқа күйшілерде бірді-екілі кездесетін «Кеңес» күйлер Бежең күйшілігінің негізгі арнасы. Бұның да өз себебі болса керек. Бежең өз заманында аты шыққан би болған. Ал, кеңесті қашанда би бастайтыны белгілі. Бейсенбі күйлерінде кеңес күйлерінің санының көптігін ғана емес, кеңес күйлерінен басқа күйлерінің де көбі кеңес сарынды, құрылымы да кеңес күйлерінің өлшемінде шыққан, кеңес күйлерінің формасы сақталғанын көреміз. Мысалы, «Кер бұлан», «Кербез,сылқым»,«Ажар»,т.б.
Халық арасында Бейсенбінің «Қырық кеңес» күйі болған дейді. Бұған қарап Бейсенбінің «Кеңес» күйлерінің саны қырық деп кесіп айтуға болмас, қырық саны қазақта қасиетті, киелі сан. Сондықтан, «40 кеңес» — кеңес күйлерінің көптігі мен қасиетін меңзеп айтқан сөз болуы да мүмкін. Бейсенбі күйлерінің көбінің құрылымы ауыспалы пернемен негізгі тондық құрылымы өзгеріп тұратын күй үлгісінде болып келеді. Бұны жалпы Алтай күйлерінің негізгі ерекшелігі деуге болады. Тіпті оң бұраудағы көне күйлердің бәріне
ортақ ерекшелік болуы да мүмкін.

Осыған қарамастан, Бейсенбінің кейбір күйлерінде төменгі сағадан қайыратын қосымша қайырма кездесіп отыратыны бар («Кеңес басы»).


Бізге жеткен «Кеңес» күйлерінің көбі ХІХ ғасырдың күйшілерінен қалған мұралар. Бұл ретте Бейсенбі сол күйшілердің бәрінен жасы үлкен, аға күйші екені белгілі.Осы ерекшеліктер Бежеңнің біздің заманға жеткен «Кеңес» күйлерінің негізін қалаушы екенін айқындайды.

Күйдің құрылысымен жұмыс.

1.«Кеңес» күйлерінің ерекшеліктері жөнінде түсінік беру.

2.Күйдің өлшемі, ырғағы, қағыстары ерекшеліктерін нотадан қарап, ауызша талдап аламыз.

3.Фразаларды , музыкалық бөлімдерді қарындаш арқылы белгілеп аламыз.

4.Домбыраны қолға алып, ерекше жерлерді көрсетіп, жаттығу есебінде ойнап аламыз.

5. І-сағаны нотаны бірден оқу арқылы баяу екпінмен тартып шығу,


6. Екінші рет нотаны тікелей оқу арқылы мұғаліммен тоқтамай баяу екпінде қосылып орындау.
7. ІІ- сағасының І-сағамен ұқсас жерлерін тауып, көрсетіп белгілеу.Мөңкенің «Өттің, жалған-ай», «Шалқыма», «Қиқу дәурен», «Жиын-алқа, кеңес» күйлерінде күйшінің өзіндік қолтаңбасы бар. Музыка тілімен айтқанда, қағысы шалма қағыс және ритмі (ырғағы) үзік-үзік (пунктирный ритм) болып келеді. Күйдің төртеуі де өмір туралы цикл күйлер, яғни бір кісінің қолынан шыққан екендігіне дәлел бола алады. Мажор мен минор тональсі көңілді, мұңды әуендер алма-кезек кезектесіп отырады. Әдетте, бұл күйлер серпінді әуенде тартылады. Үлкен сағаны көп маңайламай, тұжырымды, жұп-жұмыр, көңілге жеңіл қонады.

Бағалау:

Сабақ сонында оқушының белсенділігі,музыкалық сауаттылығы, зеректігі үшін «өте жақсы» деген баға қойды.



Үй тапсырмасы:

М.Өскенбаев «Жеңіс» күйін әлде де мәнерлеп, шебер ойнауға үйрен. Халық күйі «Кеңес» ( Мөңке биге арналған) күйінің мәтінін талдап, Мөңке би туралы мәліметтер біліп келу.



Қорытынды:

Мөңке биге арналған халық күйі «Кеңес» батыстағы Қызылқоғаның тумасы, қазақтың талантты композиторларының бірі Мәкәлім Қойшыбаев өзінің үш бөлімнен тұратын «Ре-Мажор» d-dur» симфониясында негізгі тақырып ретінде пайдаланған. Күй симфонияны өне бойы жарқыратып ашып тұрады. Қазір осы күй Құрманғазы ұлт-аспаптар оркестрінің репертуарында және симфониялық үлкен оркестрдің алтын қорына мәңгілік сақтауға алынған.



\
Каталог: uploads -> doc -> 115e
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
115e -> Мақсаты: Кәсіби және термин сөздердің жасалуы және пайда болуы жайлы тереңінен түсінуге материалдар негізінде бағыт беру


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет