Өмірді тану өзіңді тану Өмір дегенің



бет1/2
Дата10.06.2017
өлшемі407,29 Kb.
#18394
  1   2




Өмірді тану - өзіңді тану

Өмір дегенің

       Өмірді сенің көмегіңе мұқтаж болып, іздеген жандардың санымен немесе өмірлік серік ретінде таңдаған жанмен өрнектейтін болсаң қателескен екенсің. Өмір санға толы есеп емес.

       Өмірді бағалы киіммен, соңғы шаш үлгісімен, терісінің түсімен, ата-тегімен байланыстыратындар бар. Сосын тәлім алып жатқан оқу орындарымен, қызмет орнын өмір деп түсінетіндер бар. Өмірді жалғыздық немесе көпшіліктің ортасы деп ұғатындар да бар. Бірақ өмір дегеніміз бұл емес!

       Өмір дегенің дос-жаранға қамқор болу, санаңды торлаған тұманды ойларды шуақты қуанышқа ауыстыра білуің. Қызғаныштың отын бүркіп, сенім үдесінен шыға білу. Уәделі сөздеріңе берік болуың. Кісінің сыртқы емес, ішкі болмысына үңіліп қадірлеу. Ең бастысы, өзгеге жақсылық тілеуші бола білу.


 Ұлылар өмір туралы

           Дән көтерген құмырысқаға тимеңдерші, алысқаны өмір ғой, өмір сондай абзал ғой.

                                                                                                                               Фирдоуси

                                                 Өмірдің алды – ыстық, арты – суық,

                                                 Алды – ойын, арт жағы мұңға жуық.

                                                                                                  Абай

                                                                              

                                  Өмірді сүйсең уақытты оздырма – ол тіршілік арқауы.

                                                                                                         Венналин Франклин

                     Уақыттың босқа кеткеніне оны бағалайтын адам ғана қиналып, қынжылады.

                                                                                                                              Иоганн Гете 
ӨМІР СҮРУДІҢ ЕҢ ЖАҚСЫ ЖОЛЫ

     Шағын ғана бір ауылда орта жастағы бір кісі дүкен ашып сауда жаамақ болады. Сөйтіп алға қойған жоспарын бастап та жібереді. Ол ақ көңіл, жайдарлы болғандықтан, ауылдың адамдарының бәрі оны жақсы көретін. Оның дүкеніне барып сауда жасайтын. Ауылдың тұрғындары тамыр-таныстарын да сол адамнан сауда жасауға кеңес беретін. Шаруасын кішігірім дүкеннен бастаған адам, бір жылдың ішінде Американың түкпір-түкпірінен сондай шағын дүкендер ашып тастайды.

         Бір күні ауыр науқастанып, бұл дүниеден өтерін сезген адам, артында қалған үш ұлын қасына шақырып:

- Үшеуіңнің біреуі барлық дүкендерімнің иесі болады. Мирасымды соған қалдырамын. Менің арттағы дүние-мүлкіме қайсысың лайықты екенін білу үшін үшеуіңе де бір-бір доллардан беремін. Осы долларға бір нәрселер алыңдар. Кешкісін келгенде алған нәрселерің менің осы бөлмемді толығымен толтыруы керек. Шартым осы.

         Ұлдары үлкен компанияны басқару мүмкіндігінен айырылып қалуды ойлап, не істерлерін білмей қатты абыржиды. Қалаға барып үшеуі де долларын жаратты. Кешкісін әкелерінің қасына келген кезде, үлкен баласы:

         - Досымның шаруашылығына барып екі қап сабан сатып алдым – деді де, қаптарды ашып сабанды әр тарапқа шаша бастады. Алайда көп ұзамай сабандар еденге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

         Екінші баласы:

         - Дүкенге барып екі жастық алдым – деді де, жастықтарды сөгіп, ішіндегі жүнін бөлменің ішіне шашып тастады. Бірақ жүн де көп ұзамай жерге түсіп, бөлмені толтыра алмады.

         Үшінші ұлы:

- Долларды ұсақтап, 50 центін мешітке бердім, 20 центін қайырымдылық қорға бердім, 20 центін да садақа ретінде тараттым. Қалған 10 центке екі нәрсе алдым – деді де, қалтасынан сіріңке мен шырақты шығарды. Бөлменің жарығын сөндіріп, шырақты жақты. Сабан мен жүнге толмаған бөлме аз уақыттың ішінде шырақтың нұрына бөленді.

Әке баласына риза болып:

- Мирасымды саған қалдырамын. Өйткені өмір сүрудің ең жақсы жолы – айналаңа жарық тарату!

Ф.Тайтелиев

ТАМАША ӨМІР СҮРУДІҢ 10 КІЛТІ

     Әрбір халықтың даналарының артындағы ұрпақтарына қалдырған ұлағатты сөздері бар. Бұл сөздердің барлығы сол халықтың асыл қазынасы болып табылады. Мұны сол елдің азаматтары сөздерінің арасына қосып, әңгіменің көркін келтіріп жатады. Филип Е.Хумберт деген атақты психиатр, профессор «Адамдарға бақытты ғұмыр кешудің кілтін 10 тармаққа қарастыратын болсақ, қандай сөздерді таңдар едім» деген тақырыпта біраз зерттеу жұмыстарын жүргізіп мынадай қорытындыға барған екен:

1.      Өзіңді таны – Сократ.

Өз ішіңе саяхат жаса. Күнделік жаз. Жүрегің, көңілің, ар-ұжданың не дейді? Не нәрсені алдыңғы қатарда ұстайды? Мына әлемге терең үңіліп, сыры мен қырын меңгерудің жолы ең алдымен ішкі жандүниеңе сапар шегумен басталады.

2. Қалай болсаң сол қалпында көріп немесе сырттай қалай болсаң сол қалыбыңды сақта – Мәулана.

Шыншыл, әділ бол да дұрыс ойла. Жүрегіңнің даусына құлақ сал да соны қорға. Өмірде бір нәрселерді қорғау үшін ат салыспасаң, барлық нәрсе сенің мәртебеңді түсіреді.

3. Ең жоғарыда ғашықтық бар – Азиз Паул.

Үнді ырғаққа айналдырған ғашық-дүр. Ғашықтық, сүйіспеншілік болмаса, тартымдылық кем болса өмірің құрғап қалған бұтақтан ешқандай айырмашылығы қалмайды.

4. Дүниені қиял-ойдың күші шыр көбелек айналдырады – Альберт Энштейн.

         Істеген амалдарыңның барлығы ең алдымен қиял-ойдан бастау алады. Өмір деген барлық адамдар үшін, ойлағандарын жүзеге асыру, істеген ісінің әрі істейтін ісінің ең дұрысына жету. Боббю Кенедидің айтқанындай: Адамдар дүниеге қарап «Не үшін?» деп сұрайды. Мен басқа бір жүние жайлы ойлап «Неге ондай болмасын?» деп сұраймын.

         5. Асқан әдемілік көзді шығармаса керек – Мае Вест.

         Тамаша өмірді неге рахаттанып өткізбеске. Бақытты бөлісу керек. Өмірді сүйіспеншілік сезімі одан сайын қызыққа айналдырады. Жанның ырғағында «қанекей алға, өзіңді көрсет» деген леп бар. Тәкаппарлық емес, ұмтылыс!

         6. Мүмкіндіктерді қалт жібермеген сайын көбейе түседі – Сун Цзу.

         Жеңіс қайсарлықты қажет етеді. Бастапқы кездегі қайсарлық кейіннен сенімге айналады. Сенім адам бойындағы қызметке деген ынтаны ояндырғанда, мүмкіндіктер одан сайын жоғарлай береді.

         7. Не істе не істеме. Сынауға болмайды! – Иода.

         Өмір жылдам қозғалыс, шешім мен шешімді болуды талап етеді. Күдіктенгендер артта қалады. Өмірдің үстімен жүрмесең, өмір сенің үстіңнен жүретін болады.

         8. Кемелдік, қосатын нәрсе қалмаған кезде емес, алынатын бір нәрсе қалмаған кезде пайда болады – Антоние де С.Ехуперю.

         Өміріңді жеңілдет. Жеңілдете түс, тағы да тағы да ... Сол кездегі жағдайға бір қара. Арман-тілектеріңнің тізімін азайт. Егер азайтатын болсаң, жетістікке жетесің. Ол күннің сәулесіне лупа ұстаған сияқты болады, егер сәулені жинақтай алмасаң өмірді жаға алмайсың.

         9 Қабілет болмаса өнерші болмайды, алайда еңбек етіп, тер төкпесең қабілетің түкке де жарамайды – Эмиль Зола.

         Тек қана ақылды, саналы әрі ұқыпты әрекеттердің нәтижесінде үлкен жетістіктерге жетуге болады. Алмасты жонбасаң қолыңда тек тастың түйірі қалады.

         10. Өмір сүрудің екі жолы бар. Ешқандай нәрсе мұғжиза емес сияқты өмір сүру ... Екіншісі, барлық нәрсе мұғжиза сияқты өмір сүру – Алберт Энштейн.

         Шүкір етуді ұмытпау керек!

Ф.Тайтелиев

СЕНІҢ ЖАЛҒЫЗ ҒАНА «АНАҢ» БАР

         - Сенің бір жасыңда, анаң сені емізді, артыңды жуып, тазалады. Бұның рахметіне сен түні бойы жыладың.

         - Сен екі жасқа толғаныңда, анаң саған жүруді үйретті. Ал сен болсаң, анаң шақырғанда қашатын едің.

         - Сен үш жасқа толғаныңда, анаң саған ең дәмді тағамдар әзірледі. Ал сен болсаң, табақтарды жерге лақтырдың.

         - Сен төрт жасқа келгеніңде, қолыңа қалам беріп, жазуды үйретті. Ал сен болсаң, дуалдарды шимақтадың.

         - Бес жасқа толғаныңда, анаң саған әдемі киімдер киіндірді, бұның рахметіне сен үйге кір-қожалақ болып оралар едің.

         - Алты жасқа толғаныңда, анаң сені мектепке алып барды. Ал сен болсаң, «оқымаймын» деп, «бақырып жылап» сабақтан қаштың.

         - Он жасқа толғаныңда, анаң сені құшақтағысы келіп мектептен қашан келер екен деп, сарғая күтіп отырды. Ал сен болсаң дереу бөлмеңе қарай асықтың.

         - Сен он сегізге толып, ер жеткеніңде, анаң балам «есейді» деп көзіне жас алды. Ал сен болсаң мен «машина» мінгім келеді дедің.

         - Жасың жиырмаға толғаныңда, анаң «балам біршама уақыт үйде отыршы» деп өтінді, ал сен болсаң, бар уақытыңды достарыңа бөлдің.

         - Сен жиырма беске келгеніңде, анаң той жасап сені үйлендірді.  Ал сен болсаң, «лажы болса үйден ұзақ болйын» деп анаңды тастап, әйеліңмен бірге еншіңді алып кеттің.

         - Жасың отызға толып бала-шағалы болғаныңда, анаң «бала тәрбиесінде» көмек бергісі келді. Ал сен болсаң, «менің жеке басымның тірлігіне, жеке өміріме» араласпа дедің.

         - Сен отыз беске келгеніңде, анаң сені «тамақтануға» үйіне шақырды. Ал сен болсаң, «тығыз шаруаларым көп, уақытым жоқ» дедің.

         - Сен қырыққа келгеніңде, анаң саған телефон соғып «балам мен науқаспын, сенің қолғабысыңа мұқтажбын» дегенде, сен «ата-ананың проблемалары балаларын мазалайды» дедің.

         - Бір күні «анаң» о дүниеге аттанады. Ананың балаға деген махаббаты өзімен бірге кетеді.

         Ананың о дүниеге аттануымен, сен үшін «жәннат есіктерінің» бірі жабылатындығын ұмытпа. Егер де сенің анаң әлі күнге дейін тірі болса, оны жалғыз қалдырма. Қолыңнан келгенше анаңа жақсылық жаса. Ол қандай сөз айтса да, анаңды бақытты қылуға тырыс. Ешуақытта анаңа ашуланушы болма. Оның саған деген махаббаты орналасқан «жүрегін» жаралайтын ауыр сөздер айтушы болма.

         Сенің жалғыз ғана «анаң» бар.

Ф.Тайтелиев



Сабақтың  тақырыбы:   Қайырымдылық-имандылық

Мақсаты :    Қайырымдылық,  имандылық  туралы  түсінік беру, балалардың бойына  рухани  адамгершілік қасиеттерді   ұялату.   Өз халқының   салт дәстүрінде  негізделген  адамдық асыл қасиеттерді  ажырата  біліп  игеруге  баулу.



Сабақтың  түрі :  Кездесу  сабағы.

Сабақтың  көрнекілігі:  Нақыл  сөздер. Слайд презентация, Суретті  плакат.

Сабақта  қолданылған  әдіс - тәсілдер:  талдау-жинақтау,  баяндау, сұрақ – жауап, ситуация  құру, ой қозғау, ВЕНН  диаграммасы 

Сабақтың  барысы.

1.     Ұйымдастыру.

І.Қызығушылықты  ояту.



                                             

2. Мұғалімнің кіріспе сөзі:

 Қайырымдылық - мейірімділіктің іс жүзіндегі бір көрінісі. Қайырымдылық - мүдделі, кіріптар, көмекке құштар адамдарға іс жүзінде жақсылық жасау.

Қазіргі заманда байыған дамдар «қайырымдылық қауымдастығын» ұйымдастырып, сол арқылы жеке адамдарға, әрі асса, бүкіл елге қайырымдылық жасайды. Халқымыз көмекке мұқтаж адамға көмек көрсетіп, қайырымдық жасау,кіріптарға қайыр беру, қарттарды аялау, мүгедектерді қорғап қоршау әрбір қайырымды 

адамның адамгершілік борышы деп есептейді. 

Елімізде қайырымдылық жасаудың негізі   ретінде құрылған   «Бөбек» қоры. «Бөбек» қорының президенті Сара Алпысқызы Назарбаева еліміздегі  көмекке мұқтаж балаларға қол ұшын беріп, аялы алақанына ұсынуда. «Адам баласы өзінің жан дүниесін қайырымдылық пен қайғыны түсіне біліу қасиеттерімен нығайтып,



шынайы өмір  сүре білу керек» деген сөзінде шынайы адам баласына деген жанашырлықтың  ең басты құндылықтарымыз екендігін жеткізеді. «Бөбек» қоры балаларды демалыспен қамту, сауықтыру орынында жылына көптеген балалар    жоғары дәрежеде дем алып, оқып білім алып, емделіп   келеді.

 Соның айғағы ретінде биыл біздің  мектептің 4 сыныбынан    аз қамтылған көп балалы жанұя   балалары мен жетім балалардан бірнеше оқушы демалуда. 

   Қайырымдылық жылу беру, сыйлық ұсыну, демеуші болу, сый-сыбаға тарту, көрімдік, байғазы  бәсіре т.б жөн –жоралғылар арқылы   іс жүзінде ізеттілікпен, ілтипаттылықпен, инабаттылықпен, сыпайылықпен орындалады.

 Бір сәтсіздікке, ауыр жағдайға ұшырып, басқаларға іріптар, көмек қажет еткен адамға жұрт жиып беретін көмек - жылу деп аталады. 

 Иман – арабша сенім деген ұғымды білдіреді. Халық арасында әдептіліктің, яғни адамгершіліктің мәнін беретін ұғыммен ұштасып, әлеуметтік әдептілікті көрсететін мәнге ие болды. Өмір заңдылықтарына айқын сеніммен қарап, адамгершілік рәсімдері мен уәждерін, міндеттері мен мақсаттарын бұлжытпай орындайтын ақ ниетті, адал жүректі, көпшіл адамды – иманды адам дейміз. Иманды адам- айналасындағыларға және бүкіл адамзатқа тек жақсылық ойлап, оларға мейір-шапағатын төгіп ,жанашырлық, қамқорлық жасауға әзір тұрады, әркімге әдеппен, ізетпен ,инабатпен қарайды. Сондықтан да иманды адамды бет бейнесінен танып, халық оны иман жүзді адам дейді.

 «Тура биде туған жоқ, туысты биде иман жоқ» деп халық иманды адамның әділетті, шыншыл болатынын уағыздайды. Халқымыздың қонақжайлылығы. кең пейілділігі,көпшілігі, дос көңілділігі- әлеуметтік имандылықтың белгісі.. Имандылық дәстүрін қастерлей біліп иманды адам болу- адамдық борыш. 



 Иманды адам мейірімді болады. Мейірімділік – адам бойындағы қасиетті сезім. Ата мейірімі, әке мейірімі, ана мейірімі, отбасындағы адамдардың бір-біріне деген мейірім–шапағаты-әдептік әсем құбылыс, түйсікті баурап алатын түсінік, ұлағатты ұғым, адамгершіліктің асқар шыңы. Мейірім адамның мерейі үстем болуы үшін, ол ойлаған жақсылық, әсерленген әдептілік, жақсы көрген адамдарының жан саулығы мен денсаулығы оны қуанышқа бөлеуі тиіс.

 Халқымыз ұрпағын мейірімділікке тәрбиелеп, қатігездіктен қағып, қаталдықтансақтандырып отырған. Еліміз ер–азаматты мейіріміблса екен деген ниетпен Мейірман, Мейіржан, Мейірбек деген аттармен атап, жастарды үнемі мейірімділікке баулыған.

Енді бүгінгі сабағымыздың қонағы    көпті көрген, өмірден жиған сабағы көп дана әжелерден сұхбат алып , ақыл кеңестерін тыңдайық.

1. Балсара    әже. Иманды, көп бала тәрбиелеп өсірген   ардақты ана.

2. Сарқыт әже .Мектепте өткізілген қайырымдылық шарасына өз үлесін қосып жетім балаға   қол ұшын бергісі келетін   асыл әже.

1-сұрақ.

 Қайырымдылық –имандылық  тақырыбына  өз ойыңызды айтып  берсеңіз. 



2- сұрақ.

Өміріңізде  қайырымдылыққа  мұқтаж  болған  жандарға  көмек  көрсеткен  адамдар туралы  не  білесіз? 

3-сұрақ.

Иман жүзді  адам  деп кімдерді айтамыз. Иманды  болудың  себебі  неде? 

4-сұрақ . Адамгершілікке  жатпайтын іс әрекеттерді байқағанда не істер едіңіз? 

          Енді    қонақтар    сабағымызда   оқушылардың  қайырымдылық –имандылық  туралы   білімі ,ойы  қандай  екендігін  байқап ,  біздің  сабағымыздың соңына   ерекше  ақыл –кеңестерін  әзірлеп  отырсын.

Ал  біз  сабағымзды  жалғастыру  үшін тапсырмалар  орындайық. 

2.Ойын «Күн көзін  бұлттан  ашу.»



1 бұлттың  тапсырмасы:  Тренинг  «Жүрек  жылуы»

Әдеп  сақтап әманда

Әрбір  адал  адамға.

Жасасаң бір  жақсылық

Қайтарады  саған  да.

Ынтымаққа  қосыл  да,

Ықылас  қой  досыңа,

Ар-мақсатың  нақ  болсын,

Ақылыңнан  тосылма.

-Қазір  оқушылар ,  бәріміз  көзімізді жұмып, әдемі әуенмен  ішімізден  жақындарымызға,достарымызға,жанымызға  жақын  адамдарға  жақсы  тілек  тілейік.

-Көзімізді  ашамыз.Енді  бұл  тілекті  жасырын  ұстаймыз.Бұл  тілектің  орындалуын  тілейміз.

-Қазір  мына гүлді  бір-бірімізге  ұсына отырып,  мақтау  айтып, жақсы  тілек  жолдаймыз.

Мысалы  мен: «Сіз  бүгін  сондай  сүйкімді  болып  тұрсыз. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Достарың  көп  болсын. ...»

Мағынаны  ажырату    2 бұлт  тапсырмасы :

Ойын.  «Жақсы  мен  жаман» сөздерін  ажыратып  беру.



Каталог: uploads -> doc -> 0896
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0896 -> «Ақжар орта мектебі мектеп жасына дейінгі шағын орталығы бар» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің технология пәнінің мұғалімі Агадилова М. М


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет