Омская гуманитарная академия



бет1/15
Дата01.05.2018
өлшемі5,02 Mb.
#40364
түріСборник
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
КОКШЕТАУСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ АБАЯ МЫРЗАХМЕТОВА

(РЕСПУБЛИКА КАЗАХСТАН)
ОМСКАЯ ГУМАНИТАРНАЯ АКАДЕМИЯ

(РОССИЙСКАЯ ФЕДЕРАЦИЯ)


VII Международная научно-практическая

конференция
«НАУКА и МЫ»
26 – 27 апреля 2016 года

II ТОМ
Сборник научных трудов


г. Кокшетау, 2016

УДК 001

ББК 72 (5 Каз)
VII Международная научно - практическая конференция «Наука и МЫ» (26-27 апреля 2016 года): Сборник научных трудов международной научно - практической конференции школьников, студентов, магистрантов и преподавателей. – Кокшетау: КУ им. А. Мырзахметова Т. II, 2016. – 184 с.
ISBN 978-601-231-919-2
Редакционная коллегия сборника научных трудов:

Досанова С.С. вице - президент Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова, доктор педагогических наук, профессор (Казахстан), академик МАИ;

Еремеев А.Э. – ректор НОУ ВПО «Омская гуманитарная академия», доктор филологических наук, профессор (Российская Федерация);

Нурмуханбет Д.Ы. – проректор по научной работе и международным связям Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова (Казахстан), кандидат юридических наук;

Патласов О.Ю. проректор по международной деятельности ОмГА, доктор экономических наук, профессор, Почетный работник Высшего профессионального образования Российской Федерации (Российская Федерация);

Ильченко С.М. – проректор по научной работе ОмГА, кандидат экономических наук, доцент (Российская Федерация);

Беранцкий В.О. доктор философских наук, профессор, действительный член Академии гуманитарных наук, академик Академии социальных наук, научный сотрудник кафедры педагогики, психологии и социальной работы ОмГА (Российская Федерация);


Лепешев Д.В. – заместитель проректора по науке Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова (Казахстан), кандидат педагогических наук, член - корреспондент Академии педагогических наук Казахстана;

Булатов Н.К. – начальник научно - исследовательского отдела Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова (Казахстан), кандидат технических наук;

Тесленко А.Н. – доктор педагогических наук, доктор социологических наук, Академик МАСР, член - корр. Международной академии психологических наук, академик АПНК, директор Центра ювенологических исследований, профессор кафедры педагогики Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова;

Рягин С.И. – доктор педагогических наук, профессор Омской гуманитарной академии (г. Омск, РФ);

Макеева Л.А. – кандидат биологических наук, заведующая кафедрой «Экологии» Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова;

Жумагулова Н.В. – кандидат педагогических наук, заведующая кафедрой «Иностранных языков и переводческого дела», Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова;

Мухамедина А.А. – кандидат филологических наук, профессор Кокшетауского университета им. А. Мырзахметова;

Иванкова Н.В. – кандидат педагогических наук, доцент, заведующая кафедрой «Социально - педагогических дисциплин», Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова;

Повстян Л.А. – кандидат психологических наук, профессор Кокшетауского университета имени Абая Мырзахметова.
В сборнике представлены научные труды школьников, студентов, магистрантов и преподавателей по ряду научных направлений.

Представленные статьи публикуются в авторской редакции.


УДК 001

ББК 72 (5 Каз)

ISBN 978-601-231-919-2

Ó Кокшетауский университет им. Абая Мырзахметова, 2016




1 СЕКЦИЯ

СОЦИАЛЬНЫЕ И ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ПАРАДИГМЫ

СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ


Сулайманов Д.Д. ОҚУ, ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

5

Султанбекова Б.Б., Тесленко А.Н. ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ ФОРМИРОВАНИЯ МОТИВАЦИИ ДОСТИЖЕНИЯ И НАСТОЙЧИВОСТИ У ДЕТЕЙ МЛАДШЕГО ШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА

8

Тауфих А., Куламбаева К.К. ЖОҒАРЫ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫН КӘСІБИ БАҒДАРЛАУДА МЕКТЕПТЕГІ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

10

Туружанова А.А., Иванкова Н.В. К ВОПРОСУ О ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ (ПРОИЗВОДСТВЕННОЙ) ПРАКТИКЕ СТУДЕНТОВ ПЕДАГОГИЧЕСКИХ СПЕЦИАЛЬНОСТЕЙ

15

Шамис В.А., Хохлова Е.А. ЭФФЕКТИВНОСТЬ ИННОВАЦИОННОЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ ВУЗА

17

Шпара И.В., Тесленко А.Н. СОВРЕМЕННОЕ СОСТОЯНИЕ АНДРАГОГИЧЕСКОГО ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ В УСЛОВИЯХ КУРСОВОЙ ПОДГОТОВКИ

21

Алхатова Т.С., Абитаева А.Б. КАЗАХСКИЙ ГЕРОИЧЕСКИЙ ЭПОС И РУССКОЕ БЫЛИННОЕ ТВОРЧЕСТВО КАК СРЕДСТВО ЛИТЕРАТУРНОГО РАЗВИТИЯ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ

24

Кампут Д.В. АКМЕОЛОГИЯ - ОСНОВА РАЗВИТИЯ ПРОФЕССИОНАЛИЗМА ПЕДАГОГА

27

Алибаева Г.А., Иванкова Н.В. ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ПОДХОДЫ К ИССЛЕДОВАНИЮ ПЕДАГОГИЧЕСКОГО МЫШЛЕНИЯ, ТВОРЧЕСКИХ СПОСОБНОСТЕЙ, УРОВНЯ СУБЪЕКТИВНОГО КОНТРОЛЯ, ПРОФЕССИОНАЛЬНЫХ ПОЗИЦИЙ КАК ПРОФЕССИОНАЛЬНО ВАЖНЫХ КАЧЕСТВ УЧИТЕЛЯ

29

Ахметжанов Б.С., Семкин А.С. СОЦИАЛЬНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ АДАПТАЦИИ И СОЦИОЛИЗАЦИИ МОЛОДЫХ ОФИЦЕРОВ

33

Ахметова Ж.Т. ЛИЧНОСТНЫЕ ИЗМЕНЕНИЯ ЖЕРТВ ТЕРРОРИЗМА И НАСИЛИЯ: СОЦИАЛЬНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ АНАЛИЗ

37

Бошанова Г.Б., Сенкубаев С.Т. ЖАҢАША БІЛІМ БЕРУДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТАНЫМДЫҚ ІС-ӘРЕКЕТІН БЕЛСЕНДІРУДЕГІ ПЕДАГОГТІҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ

40

Гилева Н.С. ВНУТРИЛИЧНОСТНЫЕ КОНФЛИКТЫ

43

Жакенова Г.А., Бекенова Д.У. ПОВЫШЕНИЕ ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ РОДИТЕЛЕЙ В ПРОЦЕССЕ ВЗАИМОДЕЙСТВИЯ ШКОЛЫ И СЕМЬИ

45

Жакенова Г.А., Бекенова Д.У. ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ МАСТЕРСТВО УЧИТЕЛЕЙ КАК НЕОБХОДИМОЕ УСЛОВИЕ РАЗВИТИЯ ПЕДАГОГИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ РОДИТЕЛЕЙ

49

Сенкубаев С.Т., Жапарова А.З. М. МОНТЕССОРИ ІЛІМІ БОЙЫНША МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ БАЛАНЫҢ ТІЛІН, ҚҰЗІРЕТТІЛІГІН ДАМЫТУ

54

Сенкубаев С.Т., Жапарова А.З. БАЛАБАҚША ТӘРБИЕСІНДЕГІ М. МОНТЕССОРИДІҢ ТӘРБИЕЛІК ІЛІМДЕРІ

56

Бекенова Д.У., Жилякова Е.Н. ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ ОСНОВЫ ФОРМИРОВАНИЯ КОММУНИКАТИВНЫХ УНИВЕРСАЛЬНЫХ УЧЕБНЫХ ДЕЙСТВИЙ В НАЧАЛЬНОМ ОБЩЕМ ОБРАЗОВАНИИ

58

Сенкубаев С.Т., Тажина Ә.Б. БАСТАУЫШ МЕКТЕПТЕ ИНТЕРАКТИВТІ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУДЫҢ ТИІМДІЛІГІ

62

Куламбаева К.К., Кaбдyшeвa A.Ж. КІPІКТІPП OҚЫТY ӘДІCІ

64

Бухарбаева И.А., Кулибекова Ә. САЛТ-ДӘСТҮРЛЕР МЕН АДАМЗАТТЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАРДЫ ТӘРБИЕ ПРОЦЕССІНДЕ ҚОЛДАНУ ТӘСІЛДЕРІ

65

Логинова Н.Э. РЕЧЕВАЯ РЕГУЛЯЦИЯ УЧЕБНОЙ ДЕЯТЕЛЬНОСТИ КАК УСЛОВИЕ ИНТЕГРИРОВАННОГО ОБУЧЕНИЯ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ С ОГРАНИЧЕННЫМИ ВОЗМОЖНОСТЯМИ ЗДОРОВЬЯ

68

Малдыбаев У.С., Иванкова Н.В. ПРОЕКТИРОВАНИЕ ИНДИВИДУАЛЬНОГО МАРШРУТА

ОБУЧЕНИЯ СТУДЕНТА - БАКАЛАВРА

72

Матюшева Г., Жанадилова Қ.Б. ҚАЗАҚТЫҢ САЛТ - ДӘСТҮРЛЕРІ АРҚЫЛЫ БАСТАУЫШ СЫНЫП ОҚУШЫЛАРЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ МІНЕЗДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРЫП ДАМЫТУ

77

Мейрахатқызы Н., Семкин А.В. ПРЕДПОСЫЛКИ И СУЩНОСТЬ ПРОФИЛАКТИКИ МЕЖЛИЧНОСТНЫХ КОНФЛИКТОВ ПОДРОСТКОВ В ДЕТСКОМ ОЗДОРОВИТЕЛЬНОМ

ЛАГЕРЕ

81

Семкин А.В., Мейрахатқызы Н. ПСИХОЛОГИЧЕСКИЙ КОМФОРТ - ВАЖНОЕ УСЛОВИЕ ЭФФЕКТИВНОГО ОТДЫХА ДЕТЕЙ

85

Сеңкібаев С., Нұрбек Б. МАҚСАТЫМ - АЙҚЫН, БОЛШАҒЫМЫЗ - ЖАРҚЫН!

87







Саттыбаева Б.А. ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ТРЕНИНГ-ТАНЫМДЫҚ БЕЛСЕНДІЛІКТІ ДАМЫТУ ҚҰРАЛЫ

90

Секенова Б.Б., Рымбекова М.Т. ОТБАСЫНДАҒЫ АЖЫРАСУ - ХХІ ҒАСЫР ДЕРТІ

95

Сахиева Э.М., Семкин А.В. СОЦИАЛЬНО-ПСИХОЛОГИЧЕСКИЕ ОСОБЕННОСТИ АДАПТАЦИИ МОЛОДЫХ УЧИТЕЛЕЙ В СЕЛЬСКОЙ МЕСТНОСТИ НА ЭТАПЕ ВХОЖДЕНИЯ В ПРОФЕССИОНАЛЬНУЮ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

97

Смагулов М.К., Семкин А.В. ОСОБЕННОСТИ ОБЩЕНИЯ РЕБЕНКА В ДИАДАХ «РЕБЕНОК - ВЗРОСЛЫЙ» ДЕТЕЙ ДОШКОЛЬНОГО ВОЗРАСТА

102

Нугманова Г.О., Антонов А.А. ЭКСКУРСИЯ КАК МЕТОД ПРОВЕДЕНИЯ ЗАНЯТИЙ С МЛАДШИМИ ШКОЛЬНИКАМИ

106

Кабепова А.А., Әбдірахманова С.У. ЗҰЛМАТ ҚАЛАЙ БАСТАЛДЫ

109

Алхатова Т.С., Иванова К.Н. ФОРМИРОВАНИЕ ЭСТЕТИЧЕСКОЙ КУЛЬТУРЫ МЛАДШИХ ШКОЛЬНИКОВ ПРИ ИЗУЧЕНИИ РАССКАЗОВ И СКАЗОК К.Г. ПАУСТОВСКОГО

111

Сёмкин А.В., Жуков А.А. СОВРЕМЕННЫЕ ТЕХНОЛОГИИ И МЕТОДИКИ ВОЗДЕЙСТВИЯ НА СОЗНАНИЕ И ПОДСОЗНАНИЕ ЧЕЛОВЕКА С ЦЕЛЬЮ ЕГО ЗОМБИРОВАНИЯ

113

Сёмкин А.В., Жукова Е.А. ПРОБЛЕМА СОЦИАЛЬНОГО СИРОТСТВА В КАЗАХСТАНЕ

117

Заика К.А., Мирошниченко А.А. СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ. БИОТЕХНОЛОГИЧЕСКАЯ ОЧИСТКА ПОЧВЫ ОТ НЕФТИ И НЕФТЕПРОДУКТОВ

120

Матбаева С.Е., Повстян Л.А. ФУНКЦИОНИРОВАНИЕ ЗАИМСТВОВАННЫХ ФРАЗЕОЛОГИЧЕСКИХ ЕДИНИЦ КАЗАХСКОГО ЯЗЫКА И ДРУГИХ ЯЗЫКОВ В АСПЕКТЕ СЕМАНТИКИ

125

Алхатова Т.С., Алхатова Р.К., Смагулова С.К. ЦЕННОСТНЫЕ ОРИЕНТАЦИИ СЕМЬИ В ВОСПИТАНИИ ПОДРАСТАЮЩЕГО ПОКОЛЕНИЯ

130

Оборин О.Л., Крыкбесов Ю.Ж. ВОСПИТАНИЕ ОТВЕТСТВЕННОСТИ И ПСИХОЛОГИЧЕСКОЕ

ОБЕСПЕЧЕНИЕ КАК НЕОБХОДИМЫЕ УСЛОВИЯ КАЧЕСТВЕННОЙ

ПОДГОТОВКИ СЕРЖАНТОВ - ПРОФЕССИОНАЛОВ

132

Оборин О.Л., Крыкбесов Ю.Ж. ПРОФЕССИОНАЛЬНО-ПЕДАГОГИЧЕСКАЯ ПРАКТИКА

И ЕЕ РОЛЬ В УЧЕБНО-ВОСПИТАТЕЛЬНОМ ПРОЦЕССЕ ПРИ ПОДГОТОВКЕ

СЕРЖАНТОВ - ПРОФЕССИОНАЛОВ

137


2 СЕКЦИЯ

СОВРЕМЕННЫЕ ПРОБЛЕМЫ ПРАВА В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН


Капышев А.К., Муканова Г.С. ИСТОРИЯ ПРЕЕМСТВЕННОСТИ ПРАВОВОЙ СИСТЕМЫ И СУДА ПРИСЯЖНЫХ АНГЛИИ В США

142

Саликова Н.М., Казбаева А.Г. ТЕОРЕТИЧЕСКИЕ АСПЕКТЫ ГРУППОВЫХ КОРЫСТНО-НАСИЛЬСТВЕННЫХ ПРЕСТУПЛЕНИЙ И МЕТОДОВ БОРЬБЫ С НИМИ

144

Сергазина М.С., Жұмабаева Қ.Ж. ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ ИНСТИТУТЫ САЛААРАЛЫҚ ИНСТИТУТ РЕТІНДЕ

147

Сергазина М.С., Жұмабаева Қ.Ж. ЕҢБЕК ҚАУІПСІЗДІГІ САЛААРАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМ РЕТІНДЕ

149

Алишпаева Л.Е., Алмуханов Б.У. РЕЦИДИВНАЯ ПРЕСТУПНОСТЬ ЖЕНЩИН, ОСВОБОДИВШИХСЯ ИЗ МЕСТ ЛИШЕНИЯ СВОБОДЫ И ЕЕ ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ

151

Сатыбалди Л., Кульмагамбетов А.М. ОСНОВНЫЕ ПРОБЛЕМЫ ПРИ ВОЗМЕЩЕНИИ НЕМАТЕРИАЛЬНОГО ВРЕДА

154

Кульмагамбетов А.М.,Сатыбалди Л. PROBLEMS AND PROSPECTS OF MEDIATION AS AN ELEMENT OF RESTORATIVE JUSTICE IN KAZAKHSTAN

158

Муканов К.Б., Сейсембаева Г.Р. ШЕТ МЕМЛЕКЕТТЕРДЕГІ АДВОКАТУРА ЖӘНЕ АДВОКАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖАҒДАЙЫ

162

Байзакова Н.Б., Жумабаева К.Ж. СОВРЕМЕННОЕ ОБЩЕЕ СОСТОЯНИЕ ПРЕСТУПЛЕНИЙ, СОВЕРШЕННЫХ В СОСТОЯНИИ ОПЬЯНЕНИЯ

164

Юмашева К.А. АКТУАЛЬНЫЕ ВОПРОСЫ УГОЛОВНО-ПРАВОВОЙ ХАРАКТЕРИСТИКИ ПРЕСТУПЛЕНИЙ В СФЕРЕ КРЕДИТОВАНИЯ

168

Нұрмұханбет Д.Ы., Балабекова А.Н. ПРЕДУПРЕЖДЕНИЕ ПРЕСТУПНОСТИ В ГОРОДАХ-КУРОТАХ

172

Тенизова А.Ж., Капышев А.К. ОБЪЕКТЫ ГРАЖДАНСКОГО ПРАВА КАК ЭЛЕМЕНТ ГРАЖДАНСКО-ПРАВОВОГО ОТНОШЕНИЯ, ИХ БЛАГА И ПРАВА В ГРАЖДАНСКОМ ПРАВЕ

175

Уразбаев Н.Б., Тлеубердина У.Т. ҚОҒАМНЫҢ САЯСИ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІКТЕРІҢ ҚҰРЫЛУЫ

178



1 СЕКЦИЯ

СОЦИАЛЬНЫЕ И ПСИХОЛОГО-ПЕДАГОГИЧЕСКИЕ ПАРАДИГМЫ

СОВРЕМЕННОГО ОБРАЗОВАНИЯ

ОҚУ, ІС-ӘРЕКЕТІНДЕ ИНТЕРБЕЛСЕНДІ ӘДІСТЕР АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ТІЛІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Астана қаласы физика-математика бағытындағы

Назарбаев зияткерлік мектебінің

қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

Сулайманов Динмухаммед Давидкулович
Білім берудің мазмұнын жаңғырту жалпы білім беретін оқу мекемелеріндегі оқыту үдерісін ұйымдастыруға біршама әсер етеді. Мектептегі білім мен тәрбие беру жүйесін жетілдірудің негізгі міндеттерінің бірі оқушылардың өзін дамытуы мен өзін-өзі жетілдіруіне мүмкіндік беріп, жағдай жасау болып табылады. Аталған міндеттің маңыздылығы өзін көрсете білуге қабілетті тұлға бүгінгі қоғамда аса қажет екенімен түсіндіріледі. Бұл мемлекеттің білім беру саясатын анықтайтын нормативті - құқықтық құжаттарда: Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында (2007 жыл), «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» (2010), «Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында» (2014) айқындалған. Білім беруді дамыту тұжырымдамасында оқушы тұлғасын дамыту мен жетілдіруге бағытталған білім беруді дамытуға баса назар аударылады. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» жолауында: «Бейбітшілік пен тұрақтылық - күн сайынғы еңбекпен қорғап, нығайтуды қажет ететін жалпыхалықтық жетістік. Мен, жастар - біздің болашағымыздың тірегі дегенді әркез айтып келемін. Мемлекет жаңа буынның алдында барлық есіктер мен жолдарды ашты! «Нұрлы Жол», міне, біздің креативті ырғақты жастарымыздың күш-жігер жұмсап, құлаш сермейтін тұсы осы!» деп айтып кеткен, осыған орай мектепте оқушылар өздерінің қабілеттерін толықтай ашуға мүмкіндік алуы керек [1].

Интербелсенді оқыту әдісі («Inter» - өзара, «act» - әрекет ету) өзара әрекеттестікті, әңгіме, сұхбат режимінде жұмыс жүргізуді білдіреді. Нақтырақ айтқанда, белсенді әдістен айырмашылығы интербелсенді әдістерді қолдану кезінде оқушылардың мұғаліммен ғана емес, бір-бірімен де белсенді өзара әрекеттестігіне және оқыту үдерісіндегі оқушылар белсенділігінің басым болуына бағытталады. Интербелсенді сабақтар барысындағы мұғалімнің рөлі оқушыларды сабақтың мақсатына қол жеткізуге бағыттауға негізделеді. Мұғалім сабақты өткізу жоспарын дайындайды (негізінен интербелсенді тапсырмалар мен жаттығулар қолданып), осы тапсырмаларды орындау барысында оқушылар материалдарын меңгереді. Сәйкесінше интербелсенді сабақтардың негізгі құраушысы оқушылар сабақ кезеңдерінде орындайтын интербелсенді тапсырмалар мен жаттығу жұмыстары болып табылады. Интербелсенді тапсырмалар мен жаттығу жұмыстарының басты ерекшелігі оларды орындай отырып оқушылар бұрын оқып кеткен материалды бекітіп қана қоймайды, жаңа материалды да меңгереді.

Оқытудың дәстүрлі түрімен салыстырғанда интербелсенді оқытуда педагог пен оқушылардың арасындағы өзара әрекеттестігі өзгереді: педагог белсенділігі оқушылар белсенділігіне алмасады, сондай-ақ педагогтың міндеті бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік беру болып табылады.

Интербелсенді оқыту әдістемелері мұғалімнің әзірлігін: ақпарат пен үлестірме материалдар әзірлеп, сабақты жабдықтауын және оқушылардың сабаққа дайындығын, мұғалім қойған талаптарға бағынуын қажет етеді. Оқу қызметі барысында өз бетінше жұмыс жасау дербестігін арттыру, сұхбат жүргізе білу дағдылары дами түседі, яғни бала білім жүйесін үйреніп қана қоймай, білім берудегі негізгі құзіреттіліктер кешенін де меңгереді.
Қазақ тілін оқыту сабақтарында белсенді қолданылатын интербелсенді оқытудың бірнеше әдістерін бөліп көрсетуге болады. Олар: «миға шабуыл», пікірталас, іскерлік ойын және рөлдік ойын түрлері, «Синкуэйн» әдісі және басқалары.

Оқытудың белсенді әдістері ретінде пікірталас (дискуссия) құбылысына психологтар ХХ ғ. 30 жылдарынан бастап тұрақты қызығушылық танытты. Сонымен қатар, бұл көрнекті швейцариялық психолог Ж. Пиаженің еңбектерімен байланысты болды. Аталмыш ғалымның еңбектерінде құрбыларымен, ересектермен, кішкентай балалармен пікір таластыру және ой жарыстыру арқылы бала өзімшілдік ұстанымдарынан арылып, басқалардың да көзқарасын қабылдай білуді үйренетіні көрсетілген. Бүгінгі таңдағы ғылыми-техникалық дамудың талаптары оқыту үдерісінің алдына топтағы басқарушылық және шығармашылық шешімдерді қабылдау мәселелерін зерттеу туралы міндеттеме қойған. Бұл тұрғыда әлеуметтік қағидаларды (қатынастар) өзгертуге топтық жағдайлық факторлар мен талқыға салудың тигізген ықпалы жөніндегі автордың ой-пікірлері маңызды рөл атқарады.

Көптеген психологиялық зерттеулерде топтық пікір алмасу қатысушыларда талқыланатын мәселелерді шешудің мотивтері мен өзіндік кірігуін жоғарылататыны көрсетілді.

Сонымен қатар, топтық пікірталастың механизмдері білім беру мен диагностика жасау, психотерапия, шығармашылық және оқыту іс-әрекетінің басқа да түрлеріндегі тұлғааралық қарым-қатынастағы белсенділікті жоғарылату үшін қолданудың оңтайлылығын көрсетті.

Oқушылардың қандай да бір жетістік пен табысқа қол жеткізіп, білімге ұмтылуына, танымдық қызығушылықтарының артуына, дүниеге көзқарасының қалыптасуына, тіл мәдениетінің жоғарылауына, өзін-өзі бағалауына септігін тигізеді, oқушылардың сабақ үстінде ізденуіне, жеке тұлға ретіндегі қасиеттерінің қалыптасуына мүмкіндік беріп, нәтижені таңдау еркіндігіне жол ашады, түрлі жағдайлардан шыға білу және қиындықтардың шешімін табуға үйретеді. Осы мақсаттарға қол жеткізу жолында сабақтың ұйымдастырылуы, сабақ өткізу барысында қолданыс тапқан әдіс-тәсілдер, педагогикалық қағидалар мен ұстанымдар дұрыс болуы тиіс. Қазақ тілін интербелсенді оқыту технологиясының дидактикалық, психологиялық талаптарына сәйкес ұйымдастырылуы да мұғалімнің кәсіби біліктілігіне тәуелді болады.

Зияткерлік мектептерде қазақ тілі пәнін оқу жоспарына сәйкес оқыту барысында сабақтың барлық кезеңдерінде интербелсенді әдістерді қолдануға мүмкіндік жоғары. Осы тұрғыда сабақ кезеңдерін психологиялық ахуал қалыптастыру мен топқа бөлуге арналған тренингтер түрінде ұйымдастыруға болады. Тренингтерге «Кім болғың келеді?», «Гүл шоқтары», «Құстар үні», «Әдебиет арулары», «Аспан әлемі» және басқа да тақырыптарды таңдауға болады. Сабақтың басында сынып оқушыларын сабаққа жұмылдыру мақсатында оқушылар алдын ала дайындалған визит карточкаларын таңдап алып, көңілді музыкамен шаттық шеңберін құрады. Әуенмен билей отырып, қалпақты бір-бірінің басына кигізіп отырады да әуен тоқтап қалғанда басына қалпақ киген бала мұғалім тарапынан қойылатын сұраққа жауап береді. Бұдан кейінгі сабаққа кіріспе немесе қызығушылықты ояту бөлімінде ой шақыру мақсатында келесі тәсіл түрлерін қолданудың тиімділігі жоғары:

«Бес қадам» - оқушылар жерге қойылған табан іздерімен қадам жасай отырып, сұрақтарға жауап береді, жауап бере алмай тоқтаған жерінен басқа оқушы жалғастырады, барлық бес сұраққа дұрыс жауап берген оқушының өткен тақырыпты меңгеру деңгейін анықтауға болады.

Үзінді көрсету - тақырыпқа сәйкес бейне үзіндісін көрсету және оның негізгі ойын бөліп алу тапсырмасын орындау барысында оқушылардың жазбаша сөйлеу мәдениеті қалыптасып, ойы ұшталады, тілі дамып, мәтінмен жұмыс жасау дағдылары шыңдалады. Мағынаны тану бөліміндегі тиімділігі жоғары әдіс «Дастархан әдісі» болып табылады. Аталған әдісте келесі сызба бойынша оқушылар топпен жұмыс жасап, нақты берілген тақырыпта ой қорытады.





«Бұрыш» әдісі де ұстаздар тарапынан кең қолданысқа ие болған интербелсенді оқыту әдісі элементтерінің бірі. Әдістің мақсаты оқушылардың өз позицияларында қалуы мен өз ұстанымдарын жақтап шығуы болып табылады.

Мұнда «қолдаймын» және «қолдамаймын» позициясын ұстанған оқушылар өздерінің шешен сөйлеуі мен терең білімге негізделген нақты фактілер келтіруі арқылы «екі ойлымын» көзқарасындағы оқушыны өз позициясына шығаруы керек. Аталмыш тәсіл оқушылардың тілін дамытудағы бірден-бір оңтайлы тәсіл болып отыр.

Сонымен қатар, «Сен-маған, мен саған» тәсілі арқылы оқушылардың жұппен жұмыс жасап, бір-біріне қойылған сауалдарына талдау жасауға, «Хаттар сөйлейді» тәсілі арқылы тақырып бойынша өз ойларын білдіріп хат жазуына мүмкіндік беру арқылы, оқушылардың тілдегі синтаксистік және лексикалық бірліктерді дұрыс қолдана білуге, ой жүйелілігін сақтай отырып, өз ойын еркін жеткізуіне дағдыландыруға болады.

Бұл жағдайда интербелсенді оқыту әдістемелері сабақтың барлық кезеңдерінде, жалпы барлық оқу тоқсандарында алдын ала жоспарланған жүйелі түрде қолдану өз нәтижесін бермек.



Сонымен, интербелсенді оқыту технологиясы - бұл ұжымдық, өзін-өзі толықтырып отыратын, сыныптағы барлық оқушылардың өзара тиімді іс-әрекеті мен қатынасына негізделген үдеріс. Мектептердің білім деңгейін көтеру және онда интербелсенді оқыту құралдарын қолдану арқылы оқу - тәрбие үдерісін тиісті деңгейге жеткізу, мектеп ұстаздарының, басшылығының, педагогикалық ұжымның жүйелі негізге алған бағыт-бағдары болуы тиіс. Интербелсенді оқыту әдістерін пайдалану негізінде мектепте гуманитарлық бағыттағы пәндерін оқыту сапасын арттырып, білім беруді ақпараттандыру жүйелі және жоспарлы түрде жүзеге асады деп айтуға болады. Заман талаптарына сәйкес қазіргі қоғамды ақпараттандыруда оқушылардың білім деңгейін жоғарылатуда ақпараттық-коммуникациялық, интербелсенді және белсенді технологияларды қолдану саласы бойынша жұмыс жүргізу негізгі міндеттерінің біріне айналды. Қазақстан Республикасының Білім туралы заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі - білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген. Солардың бірі - білім беруді ақпараттандыру үдерісінде қолданылатын дидактикалық құралдар мен оқыту құралы компьютер болып саналады. Сондықтан да, қандай да болмасын білім беру саласында мультимедиялық электронды оқыту құралдары барлық пәндерді оқытуға қолданылады. ХХІ ғасыр - бұл ақпараттық қоғам ғасыры технологиялық мәдениеттің өркендеу дәуірі, айналадағы дүниеге, адамдардың денсаулығына, кәсіби мәдениеттілігіне мұқият назар аударуды талап ететін дәуір.

Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін қорыта келе, интербелсенді оқыту әдістерінің оқыту үдерісіндегі тиімділігі оның барлық негізгі элементтерін түрлендіре отырып пайдалана білумен байланысты болып келеді. Тіл дамыту тәжірибелік сабақтарда бекітілетіні белгілі. Сол себепті интербелсенділік, яғни рөлдік және іскерлік ойындар, ой шақыру, миға шабуыл және басқа да элементтер тіл дамытудың сапасын арттырары анық, сонымен қатар, интербелсенді оқыту арқылы оқушылардың танымдылық қабілеттері, танымдық үрдістері дамып, сөздік қоры молаяды, оқыту үдерісінде жағымды әрекет қалыптасады. Осының барлығы дами келе оқушының қиялы мен ойлау қабілеті, есі мен қабылдауы, зейіні дамып қалыптасады. Танымдық қабілеттер, танымдық үдерістер әр алуан оқыту технологияларын қолдану барысында дамитыны белгілі. Ал қажеттіліктерді қанағаттандыруды қамтамасыз ету сан алуан әлеуметтік жағдайларда бағыт-бағдарын жоғалтпау, адамдардың эмоциялық жағдайы мен жеке тұлғаның өзіндік ерекшеліктерін анықтау, олармен қарым-қатынастың тепе-тең түрлерін таңдай білу, өзара іс-әрекет үрдісінде сол түрлерін іске асыру, зейіндерін бақылау мен айқындау, көпшілік алдындағы жағдайларда іс-қимылын білу, өзіне назар аударта алу, психологиялық қарым-қатынас орнату, шешен сөйлеу мәдениеті дамиды. Ал сөздік қорының дамуы мәтінмен жұмыс жасау кезінде, белгілі бір мәселенің шешімін тапқанда дамиды. Аталмыш технологияны қазақ тілін оқыту сабақтарында қолдану көптеген жетістіктерге әкелетіні сөзсіз.
Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет