Қонақтарды қарсы алу: Қатысушыларды тіркеу



Дата02.07.2018
өлшемі27,96 Kb.
#45762
Қазақ әдебиетінің калссигі Сәкен Сейфуллиннің туған күніне орай үш тілде өтетін «Сыр сандық» зияткерлік ойынының өтілу сценариийі
11.30 Қонақтарды қарсы алу:

Қатысушыларды тіркеу:

Қабырғаларды безендіру:

Мәжіліс залын безендіру:
І.Гимназияның кіре берісінде Сәкен Сейфуллиннің ескерткіші алдында іс-шараның ашылу салтанаты.

Жүргізушілер: Базылбек С.Т., Абельдинова Д.Б.

1-жүргізуші: - Армысыздар, текті елімнің текті ұрпақтары!

2-жүргізуші: - Қайырлы күн, көпшілік қауым, құрметті қонақтар!
1-жүргізуші: Қазақ әдебиетінің классигі, ақиық ақын Сәкен Сейфуллиннің туған күніне арналған қалалық іс-шарамызға қош келдіңіздер!

2-жүргізуші: Saken Seifullin was popular poet and writer, the outstanding state and public figure, a composer, the founder of modern Kazakh literature gave all his short life to struggle for happiness of the working people. He was the great humanist and the internationalist.


1-жүргізуші: ХХ ғаысрдағы қазақ поэзиясын жаңа түр, тың мазмұнмен байытқан ақиық ақын, ірі мемлекет қайраткері, сарабдал жазушы, драматург, әдебиет зерттеушісі, республика қаламгерлерінің бетке ұстар беделді серкесі, осыларға сал-серілігі мен сирек ұшырасатын сымбаттылығы қосылып, көзінің тірісінде-ақ аңызға айналған Сәкен Сейфуллиннің 15 қазан туған күні.

2-жүргізуші: The person of unique natural beauty and charm. Saken seifullin was an honest and nobel amn, the sample of better qualities of his nation. His activity was many-sided. He was active participant of the establishment of the Soviet power in Kazakhstan, the chairman of Sovnarkom of Republic, the editor of the first republican newspaper, the founder of the Union of writers in Kazakhstan. He created in all genres of the literature – poetry, prose, dramatic art, publicism, literature criticism. He lived a short, bright live its ending was tragedic. Now pupil of the … form… will tell you about the works of Saken Seifullin.


1-жүргізуші: Сәкен тағлымына, Сәкен еңбегіне, Сәкен шығармашылығына, тіпті сәкеннің сүлулығына бас имеген қазақ кем де кем. Оның күллі қазаққа ортақ, күллі түркі дүниесіне ортақ мұрасына тамсана, бас шайқай қарап, сырттай құмар болу бір басқа да, оны терең түсініп, Сәкенше сезініп, Сәкенше бойлау бір басқа.
(Әдеми монтаж) Сәкен әні баяу естіліп тұрады...
1-жүргізуші:Қадірменді қонақтар, біз сіздерді айтулы іс-шараның «сәкен рухына тағзым» атты бөлімін ағылшын тілінде тамашалауға гимназияның кітапханасына шақырамыз. Төрлетіңіздер!
ІІ. «Сәкен рухына тағзым»
Жауапты:

(Қонақтар кітапханаға барады, тамашалап болған соң, мәжіліс залына келеді)
І. Мәжіліс залына барлық қатысушылар мен көрермендер келген соң, сахналық қойылым. Бұқар А.О.
ІІ. Көркем гимнастика «Сәтбаев» Овчаренко И.Н.
«Сыр сандық» зияткерлік ойыны басталды.

1-жүргізуші:Қайырлы күн, көрермен!

2-жүргізуші: Армысыздар, ағайын!

1-жүргізуші:Бүгінгі сайысымыздың қатысуышлары мен үміткерлері бармысыздар?

«бізден қалар белгі толық

Кейінгілер көрерлік.

Апасы мен ағасының

Ісіне құн берерлік.

Біз қаладық қиындықпен

Кең сарайға іргені.

Біздің тілек: сол сарайға

Кейінгілер кіргені.

Керуен көшер, керуен қонар –

Үйреншікті әңгіме,

Бізден қалар талай белгі

Кейінгіге, мәңгіге» -

Деп жырлап кеткен аса көрнекті жазуша – драматург, дауылпаз ақын, тамаша сазгер, қазақ әдебиетін зерттеуші ғалым, мемлекет және қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің туғанына биыл ........ жыл. Бүгінгі қалалық үш тілде өтетін «Сыр сандық» зияткерлік ойыны сәкеннің өмірі мен шығармашылығына арналады.

2-жүргізуші: На древних караванных путях истории Востока было немало мыслящих людей, взявших на себя ответсвенность за народные судьбы, но не все они достигали высокой цели служения Отечеству и человечеству. Сакен Сейфуллин, один из них, сын казахских степей, испытавший на этом пути триумф победы и трагедию личной жизни. Сегодняшняя городская научно-теоретическая конференция посвящена ……-летию со дня рождения талантливого казахского писателя, поэта и мыслителя.

1-жүргізуші:Бүгінгі «Сыр сандық» зияткерлік ойынына қатысуға тілек білдірген қатысушыларды қошеметпен ортаға шақырамыз!





Қатысушы

І кезең

ІІ кезең

ІІІ кезең

ІV кезең

V кезең












































(Қатысушылар сахнаға шығады, әділ қазыларды таныстырып болған соң орнына отырады)

1-жүргізуші:Бүгінгі зияткерлік ойында сараптайтын әділ қазылар алқасының құрамымен таныс болыңыздар.


  1. Ильясова Гульнар Жумабековна – қалалық педагог қызметкерлерінің кәсіподаө кеңесінің төрайымы.

  2. Жарылғапова Құралай Абдуақасқызы – Қалалық білім бөлімінің әдіскері

  3. Суюнжанова Гульбану Қайырбекқызы – «Сәкен Сейфуллин атындағы гимназия» директоры

  4. Оразалина Фарида Тұраровна – Сәкен Сейфуллин атындағы гимназияның ғылыми-әдістемелік жұмысы бойыншы директордың орынбасары

  5. Садыкова Гульсария Саматовна – С.Сейфуллин атындағы гимназияның жоғары санатты орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі

  6. – С.Сейфуллин атындағы гимназияның ағылшын тілі пәнінің мұғалімі

  7. Софинов Алмат Саинович – сайыстың есептеу комиссиясы


2-жүргізуші: «Сыр сандық» зияткерлік ойынның мақсаты – Сәкен Сейфуллиннің өмірі мен шығармашылығын игеру, оқушылардың қызығушылығын арттыру, сонымен қатар жазушының шығармаларын көпшілікке танымал ету. «Сыр сандық» зияткерлік ойынынң міндеттері:

  • Оқушылардың шығармашылық және танымдық іс-әрекетін көтермелеу;

  • Оқу сауаттылығын, коммуникативті құзыреттіліктерін және үшитілділікті дамыту.

Зияткерлік ойынның ережесі – С.Сейфуллиннің өмірбаяны мен шығармашылық жолы туралы сұрақтардан және оның өлеңдерін мәнерлеп оқудан тұрады. Зияткерлік ойын 5 кезеңнен тұрады. 2 кезеңнен кейін аз ұпай жинаған қатысушы ойыннан шығып отырады.

І кезең – «С. Сейфуллиннің өмір жолдары» (Жазушының өмірі бойынша үш тілде сұрақтар)

ІІ кезең – «Сәкен – ақын» (жазушының өлеңдері бойынша үш тілде сұрақтар)

ІІІ кезең – «Сәкен – жазушы» (жазушының прозалық шығармалары бойынша үш тілде сұрақтар)

IV кезең – «Сәкен – сазгер» (жазушының музыкалық шығармалары бойынша үш тілде сұрақтар)

V кезең – «Сәкен шығармаларынан көркемсөз оқу» (С.Сейфуллиннің бір өлеңін мәнерлеп оқу)


1-жүргізуші:Сәкеннің асқақ тұлғасы жайлы бағалы да салиқалы пікірлер көптеп саналады. Соның бірі – Сәкеннің ең жақын досы, орыс халқының аулы қызы Галина серебрякова: «Мен Алатаудай сымбатты заңғар тауды жер-жаһанда көрген емеспін. Қазақстан – байтақ өлке, бай өлке. Құнарлы жер де, мыңғырған мал да сонда, қазыналы кен де, тасқындаған өзендер мен ғаламат сұлу таулар да сонда. Ең бастысы, онда табиғат артықша дарынды етіп жаратқан талапкер жұрт бар. Мен таныған Сәкен Сейфуллин Қазақстанның бір бөлшегі сияқты», - депті.

2-жүргізуші:Тематика произведений поэта обширна и охватывает самые важные вехи жизни местного края и страны. С.Сейфуллин – поэт-философ. Его размышления о смысле жизни нашли отражение в замечательном стихотворении «Мечта». Он писал:

О, мечта! На крылатом коне,

Вихревые взлеты метели.

Позабыв о покое и сне,

Ты летишь к неизведанной цели.

Жизненным кредо поэта звучит строка: «Пусть обнимутся люди как братья».
1-жүргізуші:Олай болса, ойынымыздың І кезеңін бастайық!

І кезең – «С. Сейфуллиннің өмір жолдары» (Жазушының өмірі бойынша үш тілде сұрақтар) Әр ұяшықта 3 тілде сұрақ жасырылған. Сол сұрақтарға жауап беру арқылы ұпайға ие болады. Егер де, 3 сұрақтың біреуіне жауап бере алмаса, 20 ұпай алатын болады.

(Ойынның І, ІІ кезеңінен кейін Ән «Көкшетау»

Ойынның ІІІ, IV кезеңінен кейін Ән «Тау ішінде»

Әділ қазылар ақылдасып жатқанда мәнерлеп оқу 7-сынып оқушысы)

1-жүргізуші:

Өзің бе?


Өзің ғажапсың!

От кешкен алғаш азапсың,

Халқыңа келген азатсың.
Сойылдарға соқтырмай

Қарулыға аттырмай

Арашалап жұртыңды

Алпауытқа аттың жай.


Өзіңе ұқсап жол басқан

Өз Отанын қорғасқан,

Жалғасуда бізбенен

Өзің жақған жыр-дастан.


2-жүргізуші: В нашем крае вам не счесть больших озер,

В нашем крае вам не счесть лесистых гор,

В нашем крае счета нет отважным людям,

Населявших с давных пор степной простор.

В нашем крае все джигиты - удальцы,

Все охотники, батыры и певцы,

Об их доблести и щедрости безмерной

По степям летит молва во все концы.

Келесі кезең – ІІ кезең - «Сәкен – ақын» (жазушының өлеңдері бойынша үш тілде сұрақтар), 2 кезең бойынша әр ұяшықта тек 1 сұрақтан қойылады. Толық жауап бергенде ғана ұпайға ие боласыздар!
Құрметті, қатысушылар! Сіздер ойынды әрі қарай жалғасытрмасаңыздар да, бүгін жақсы өнер көрсеттіңіздер! Болашақта сіздерге тек жеңіс тілеймін!
1-жүргізуші: «Сәкен – алдыңғы қатарлы жазушы, қазақ поэзиясына үлкен жаңалық, жаңа өріс тудырушы жаңашыл ақын» - деп зерттеуші ғалым Есмағанбет Исмаилов айтқан екен.
2-жүргізуші: Сәкен Сейфулиннің өмір жолы өнегелі әрі қайғылы. Ол найзағайдың жарқылы немес дауылпаздың самғауына ұқсайды.

«Оның шыншылдығы – шын жүрек шыншылдығы. Сондықтан оның жолы – әр адымын санап басқан кісінің жолы емес, ылдиы бар, өрі бар өмір жолы, ыстық қанды нағыз ақын жолы», - деп, қазақтың ұлы жазушысы Мұхтар Әуезов атап көрсеткен. Олай болса, келесі кезеңге кезек берейік.



ІІІ кезең. «Сәкен – жазушы» (жазушының прозалық шығармалары бойынша үш тілде сұрақтар)
2-жүргізуші:

Тұлғаңа жарасыпты парасат бақ,

Атыңды жұрт барады болашаққа ап.

Өлмейтін өмір жырын сен жазыпсың,

Өлімнен өзіңді де аман сақтап.

Бұл – ардақты ұлына айтар халық сөзі, ел пікірі.


1-жүргізуші:

Өлімге жан екенсің қия алмайтын,

Өлеңнің құшағына сия алмайтын.

«Қазағың қане?» - десе, «мінеки!» деп,

Көрсетсе жер жүзіне ұялмайтын.

Қазақ халқының асыл перзенті, көрнекті ақыны, жазушы, драматург және ірі қоғам қайраткері Сәкен Сейфулиннің әндеріне байланысты келесі кезеңге кезек берейік.


IV кезең - «Сәкен – сазгер» (жазушының музыкалық шығармалары бойынша үш тілде сұрақтар)
2-жүргізуші: «Барлық халық пен барлық ұлт, барлық ұлы мен тамаша нәрселерді жасауға қабілетті. Әрбір азамат өз ұлтын сүюге тиіс және ұлтына деген терең сүйіспеншілігі мен мақтаныш сезімі арқылы басқа ұлттарды танып сүйе білуі тиіс», дейді Бауыржан Момышұлыү Осы керемет сөздер Сәкеннің тұла бойында толық бар.
1-жүргізуші:Сәкен ақынның адам жанын бірден баурап алатын нәзік сырлы, жүрек елжіретер өлеңдері кеудеңді күйсандық сазындай күйге толтырып, ой-санаңды дауылдай сапыратын сипатымен ерекшеленеді. Саңлақ ақынның жауһар жырларын бүкіл қазақ жаппай оқып, жаттап жүр десек, асырып айтқандық болар еді. Ал оның отты өлеңдері барша қазақтың жырын жырлап, мұңын мұңдауға арналғандығын айтсақ, әрине, қателеспейміз.
Келесі кезең – «Сыр сандық» зияткерлік ойынның шешуші кезеңі. V кезең – «Сәкен шығармаларынан көркемсөз оқу» (С.Сейфуллиннің бір өлеңін мәнерлеп оқу)
1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, дарынды да, талапты қатысушылар! Сәкендей дарыны дара тұлғаның туған күніне орай ұйымдастырылған қалалық «Сыр сандық» зияткерлік ойыны өз мәресіне жетті.
2-жүргізуші: Our conference has come to an end. Thank you for your attention.
1-жүргізуші: әділ қазы алқалары сіздерді ақылдасуға шығарып саламыз.
Ән айтылады.
Жеңімпаздарды және қатысушыларды марапаттау

1-жүргізуші:Құрметті қонақтар, көрермендер, қатысушылар! Бүгінгі байқауымыз өз мәресіне жетті. Байқаудың қорытындысын шығарып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі әділ-қазы алқаларында.
2-жүргізуші:Сөз кезегі


(Марапаттау рәсімі)
2-жүргізуші:Шығыста «Сау дене, азат ақыл, адам көңіл – үшеуімен бақытты болады өмір» деген нақыл сөз бар екен. Сол айтқандай, дені сау, құрыш білекті, батыл жүректі ұрпақ болып өсіңдер! Жеңістеріңіз құтты болсын! Келесі кездескенше қош сау болыңыздар! Амандықпен жүздесейік!
Каталог: wkeiaqko
wkeiaqko -> Сабақтың тақырыбы: Ұйықтағанда киетін көйлекті конструкциялау және модельдеу
wkeiaqko -> Тақырып: Енгізу, шығару және меншіктеу операторлары Мектеп
wkeiaqko -> Сабақтың тақырыбы: Тармақталған алгоритмдер. Тармақталған алгоритмдермен жұмыс Сабақтың мақсаты
wkeiaqko -> «ҚЫСҚы бақ» жобасы
wkeiaqko -> Сабақ жоспар Пәні : география, химия Сыныбы : 8
wkeiaqko -> Пәнді оқыту арқылы оқушылардың ақпараттық-коммуникативті құзіреттіліктерін арттыру
wkeiaqko -> «Көптілді оқытуды дамыту»
wkeiaqko -> Сабақ Сабақтың тақырыбы: Сутек, қышқылдар, тұздар 8 сынып


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет